Биология пәні бойынша аудандық олимпиадасының теоретикалық туры 10 сынып



Дата08.04.2017
өлшемі105.51 Kb.
Биология пәні бойынша аудандық олимпиадасының теоретикалық туры 10 сынып

(Әрбір дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады)
1.Кайсысы полимерлер тобына жатпайды?

А) Фруктоза

Б) Крахмал

В) Целлюлоза

Г) Хитин

Д) ДНҚ
2. Глюкозаның молекулярлық формуласы мынау- С6Н12О6. Егер 3 глюкоза молекуласы дегидратация реакциясы арқылы қосылса, нәтижеде пайда болатын молекуланы табыңыз.

А) С18Н36О18

Б) С18Н30О15

В) С6Н10О5

Г) С18Н10О15

Д) С3Н6О3
3. Қай жасушалар ДНҚ транскрипция қабілетін жоғалтқан?

А) Ксилема жасушалары

Б) Елек тәрізді түтікше

В) Серіктес жасушалары

Г) А және Б

Д) А, Б және В


4. Қайсысында мейоз байқалмайды?

A) Жатын


Б) Аналық мойыны

В) Мегаспорангийде

Г) Аталық

Д) Тозаңқап


5. Жеміс жайында төмендегілердін қайсысы дұрыс емес?

A) Жемістер микроспорангия мен интегументтен дамиды

Б) Әдетте кез келген жеміс ішінде тұқымы бар

В) Бидай, кияр, алма- барлығы жемістер

Г) Жемістер тұқымның жайылуына жәрдем береді

Д) Даму барысында жатын қабығы перикарп болады


6. Асқазанда табылатын қорытқыш фермент қайсысы?

A) Трипсин

Б) Секретин

В) Пепсин

Г) Гастрин

Д) Өт
7.Төмендегілердін қайсысы қанның глюкоза деңгейінің реттелуінде рол атқармайды?

A) глюкагон

Б) инсулин

В) бауыр

Г) мелатонин

Д) ұйқы безі
8. Қайсы екеуі бір-бірімен ұйқаспайды?

A) Цитокиндер – жергілікті реттеуіш

Б) Эстроген-стероидты гормон

В) Простагландин-пептидты гормон

Г) Экдизон-стероидты гормон

Д) Нейромедиаторлар - жергілікті реттеуіш


9. Жүрек бұлшық етіне қатысты қайсысы дұрыс?

A) Көлденең белдеуленген және бұтақтанған

Б) Көлденең белдеуленгенжәне бұтақтанбаған

В) Тегіс and ерікті

Г) Көлденең белдеуленген and ерікті

Д) Тегіс and еріксіз


10. Жылу реттеу орталығы омыртқалы жануарларда қай жерінде орналасқан?

A) Сопақша ми

Б) Қалқанша без

В) Гипоталамус

Г) Терінің майшел қабаты

Д) Бауыр


11. Төмендегілерден қайсысы витамин-функциясы қарым қатынасы дұрыс?

A) Витамин C- рахит емі

Б) Витамин A- көз пигментіне қажет

В) Витамин D-сүйіктен кальцийды жуып шығарады

Г) Витамин E- теріні қатерлі ісіктен қорғайды

Д) Витамин K-лейкоциттерді шығарады

12. Төмендегілерден қайсысы қанда тасымалдана алады?

A) Сахароза

Б) Мальтоза

В) Май қышқылы

Г) Дипептид

Д) Тринуклеотид


13. Шөп жейтін сүтқоректілерде молярлі тістері не үшін бейімделінген

A) Кесуге

Б) Жыртуға

В) Ұсақтауға

Г) Уатуға

Д) Тесуге


14. Адам ағзасынаэнергия керек жағдайда қандай гормондар белсендетіледі?

A) Инсулин деңгейі көбейеді

Б) Глюкагон деңгейі көбейеді

В) Инсулин мен глюкагон деңгейілері көбейеді

Г) Инсулин мен глюкагон деңгейілері азаяды

Д) Қалқанша без деңгейі көбейеді

15. Қайсыcы(лары) плазмада табылатын ақуыз(дар)?

I. фибриноген

II. гемоглобин

III. иммуноглобулин

A) I

Б) II


В) I және III

Г) II және III

Д) I, II, және III
16. Тұрсынбек, өзеннен алған су үлгісінде өзгеше біржасушалы ағзаны табады. Бұл ағзаның екі талшығы, екі бірдей пішінді ядросы және кішіреңкі митохондриялары (митосомалары) бар екенін көрді. Бұл табылған ағзаны төмендегі топтардың қайсысына жатқызуға болады?

A) Монера

Б) Дипломонадтар

В) Кірпікшелілер

Г) Рротиста

Д) Талшықтылар

17. Эволюция теориясы бойынша хлоропласт дамуының реттілігін көрсетіңіз

A) цианобактерия → жасыл балдырлар → құрлық өсімдіктері

Б) цианобактерия → жасыл балдырлар → саңырауқұлақтар → құрлық өсімдіктері

В) қызыл балдырлар → қоңыр балдырлар → жасыл балдырлар → құрлық өсімдіктері

Г) қызыл балдырлар → цианобактерия → құрлық өсімдіктері

Д) цианобактерия → қызыл балдырлар → жасыл балдырлар → құрлық өсімдіктері


18. Төмендегі қай сипаттама ашық және жабықтұқымдыларға ортақ болып саналады?

A) Өсімдік аналық ауызы

Б) Аналық

В) Дән ұрығы

Г) Түйін

Д) Тозаң
19. Төмендегі эволюциялық ағзаларының бір-бірінен шығу тегінің ең ықтимал сатысын көрсетіңіз

1. төрт аяқтылар

2. омыртқалылар

3. екінші ауыздылар

4. амниоттар

5. билатеральді симметриясы бар ағзалар

A) 5 → 3 → 2 → 4 → 1

Б) 5 → 3 → 2 → 1 → 4

В) 5 → 3 → 4 → 2 → 1

Г) 3 → 5 → 4 → 2 → 1

Д) 3 → 5 → 2 → 1 → 4


20. Құйрықшалары бар аталықтар арқылы көбейетін өсімдіктер класстырын анықтаңыз.

1. Lycophyta

2. Bryophyta

3. Angiosperms

4. Chlorophyta

5. Pterophyta

А) 1, 2, 3

Б) 1, 2, 4, 5

В) 1, 3, 4, 5

Г) 2, 3, 5

Д) 2, 3, 4, 5
21. Төмендегі сипаттамалардың қайсысы алғашқы ауыздыларға тән?

A) Спиральды және детерминациядан өтпеген бөліну, бластопор ауызға түрленеді

Б) Спиральды және детерминациядан өткен бөліну, бластопор ауызға түрленеді

В) Спиральды және детерминациядан өткен бөліну, бластопор анусқа түрленеді

Г) Радиалды және детерминациядан өткен бөліну, бластопор анусқа түрленеді

Д) Радиалды және детерминациядан өткен бөліну, бластопор ауызға түрленеді


22. Адам ағзасына зардап келтіретін таспа құрттарының дернәсілдерінің өмір сүретін жері

A) циста күйінде, тұшы су ұлуында

Б) доңыз немесе сиыр бұлшық еттерінде, цистада

В) доңыз немесе сиыр дене қан тамырларында

Г) циста күйінде, адамның миында

Д) доңыз немесе сиыр ішектерінде

23. Ағза дамуының алғаш қай сатысында екі қабатты (диплобластты) эмбрионды үш қабатты (триплобластты) эмбрионнан айыруға болады?

A) ұрықтандыру

Б) алғашқы бөліну кезеңінде

В) гаструляция

Г) целомның пайда болу кезеңінде

Д) метаморфоз кезеңінде


24. Төмендегі сипаттамалардың қайсысы сүтқоректілер мен құстарға тән емес

A) Жылықандылық.

Б) Ортақ амниоттық тектен тарағандылық.

В) Арқада орналасқан, іші қуыс, жүйке түтігі.

Г) Ортақ тек, архозаврдан тарағандылық .

Д) Амниоттық жұмыртқа.


25. Төмендегі қай паразит организм өзінің мембранасының белоктарын өзгерте отырып адам ағзасының иммунитетінен аулақ тіршілік етеді?

1. Plasmodium

2. Trichomonas

3. Paramecium

4. Trypanosoma

5. Entamoeba

A) 1 and 2

Б) 1 and 4

В) 2 and 3

Г) 2 and 4

Д) 4 and 5
26.РНҚ полимераза ДНҚ тізбегі бойымен қай бағытта жүреді?

A) 3ʹ→5ʹ матрицалық тізбегі бойымен

Б) 3ʹ→5ʹ кодтаушы тізбегі бойымен

В) 5ʹ→3ʹ матрицалық тізбегі бойымен

Г) 3ʹ→5ʹ кодтаушы тізбегі бойымен

Д) А+Г
27. ХХУ еркекте қанша барр денешіктері бар?

A) 0

Б) 1


В) 2

Г) 4


Д) ХХУ-еркек болмайды
28. Бүкіл төрт доминантті гендері қандай иқтималдықпен бір кісіде кездесе алады (AaBbCCDd x aabbccdd)? A B C D гендер әр-тұрлы хромосомаларда.

A) 0.75


Б) 0.625

В) 0.50


Г) 0.25

Д) 0.125
29. Агароза гел- электрофорез жайында қайсы тұжырым бұрыс?

A) Электрофорез жүрісінде ДНҚ позитивті электродқа жылжыйды

Б) ДНҚ-ның жылжу жылдамдығы тоқ күшіне байланысты

В) Электрофорезден кейін ДНҚ сызықтары көрінетін жарық спектрінде байқалады.

Г) Осы методпен ДНҚ молекулярды массаларын аңықтауға болады

Д) Электрофорезден кейін ДНҚ сызықтары филтер қағазына жабыстыра алынады
30. Қай заттардың құрамында аденин бар?

A) Ақуыз, майлар, тестостерон

Б) Ақуыз, АТФ, ДНҚ

В) АТФ, ДНҚ, РНҚ

Г) Глюкозаның, АТФ, ДНҚ

Д) Ақуыз,көмірсу,АТФ


31. Экология ғылымы ағзалардың қай деңгейін қамтымайды?

A) Популяциялық.

Б) Жасушалық.

В) Организмдік.

Г) Экосистемалық.

Д) Қауымдастық.


32. Көбелектердің тығыздығын өлшеу мақсатында Алматы қаласының орталық саябағында 100 көбелек ұсталынды. Содан соң әр көбелекке таңба қойылып оларды қайта жіберді. Келесі күні сол саябақ ішінде 100 кездейсоқ көбелек ұсталынған кезде олардың тек 20 сында ғана таңба болды. Осыған орай көбелек популяциясының саны шамамен _____ тең.

A) 200.


Б) 500.

В) 1,000.

Г) 10,000.

Д) 900,000.


33. Қорғаныштық пішін, қорғаныштық бояу және қорғаныштық тәлім (поведение) жапырақ жегіш жәндіктерді қандай биологиялық қарым-қатынасқа дайындайды?

А) Мутуализм

Б) Түр арасы бәсекейлестігіне

В) Комменсализм

Г) Жыртқыштық

Д) Түр іші бәсекейлестігіне


34. Биология ғалымы белгілі балық популяциясын бақылап жүріп, ұрғашы балықтардың сұр ал еркек балықтарының ашық қызыл және көк дақтары бар екендігін аңғарды. Осыған қоса, сұр балықтардың қызыл және көк дақтары бар балықтарға қарағанда жыртқыштарға азырақ ұсталатындығын көрді. Осы мәліметке қарап, эволюцияның осы түр балықтарына қалай әсер еткендігін табыңыз.

А) Жыныстық селекция арқылы

Б) Табиғи сұрыптау арқылы

В) Мутация

Г) Генетикалық дрифт

Д) Коэволюция


35. Уақыт өте келе адамның жер беті бойынша жылжуы жиылап кетті. Осы себеппен төмендегі қай ұғымның ұлғаюы адам эволюциясына әсерін тигізді?

A) кездейсоқ емес будандасу.

Б) географиялық изоляция.

В) генетикалық дрифт.



Г) мутациялар.

Д) гендер ағымы.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Программы вступительных испытаний, проводимых консерваторией самостоятельно Вступительные испытания творческой и (или) профессиональной направленности бакалавриат
2015 -> «Альтерация. Патология обмена веществ. Дистрофия. Некроз»
2015 -> Балаларға адам денсаулығының қым-баттылығын, өмір сүру үшін қажетті-лігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Балаларымызды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болуы үшін денені шынықтыру
2015 -> Сабақтың тақырыбы: 7 саны мен цифры тақырыбын қайталау
2015 -> Карантинге жатқызылған өнімнің тізбесін бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет