Сабақтың түрі: Өзгерген сабақ.
Уақыты
|
Сабақты ұйымдастыру.
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс әрекеті
|
3-4мин
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Оқушылармен амандасу,оқушыларды түгендеу.Оқушыларды өкпе,мұрын қуысы, оттегі, бронхылар сөздері бойынша топқа бөлу.
|
Оқушылар топқа бөлініп,орындарына барып отырады.
|
5мин
|
Үй тапсырмасын сұрау.
|
«Аcсоциация» әдісін пайдалану:
|
Оқушылар кубиктерді қағып ала отырып,берілген сұрақ бойынша жауап береді.
|
1 мин
|
Бас қатырғыш
|
есеп. Қалыпты жағдайда жүрек 1 минут ішінде орта есеппен 6л. Қанды тамырларға айдаса, 1 сағатта және 1 тәулікте қанша мөлшерде қан айдайды?
Жауабы: 60*6=360рет, яғни 1сағатта 360рет
360*24сағ.=8640литр, яғни 1тәулікте 8640литр қан айдайды.
|
Оқушылар есепті дәптерлеріне жазып шығарады. Бірінші және дұрыс шығарған топ бағаланады.
|
3 мин
|
Сергіту сәті.
|
Тақтадан сергіту сәтіне музыка жіберіледі. Сергіту сәтін тырыс алу гимнастикасын пайдалана отыра өткіземіз.
|
Оқушылар бойларын сергітеді. Қимыл қозғалысқа келеді.
|
7 мин
|
Жаңа тақырыпты ашу.
|
Қанеки оқушылар жаңа біз гимнастика жасадық ол сәтте нені байқадық? Олай болса бүгінгі сабақтың тақырыбы: Тыныс алудың маңызы. Өкпенің құрылысы және қызметі. Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу. Интербелсенді тақтадан бейне жазба көрсете отырып,жаңа тақырыпты ашу.
|
Оқушылар тақтадан өкпенің құрылысы және қызметі, өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу туралы материалдарды қарай отырып,түсініктерін айтады.
|
8 мин
|
Ой толғау
|
4 топқа әртүрлі тапсырмалар берілу арқылы жаңа тақырыпты меңгеру.
1 топ: Постер қорғау (Тыныс алу мүшелері).
2 топ: Слайд жасау (Өкпенің құрылысы мен қызметі).
3 топ: Алдарына қойылған заттардан тыныс алу жолдарына қатысты нәрсе құрастыру (Тыныс алу жолдары).
4 топ: «Синкуейн» әдісін пайдалана отырып бес жолдық өлең құрастыру (Өкпе).
|
Оқушылар постер, слайд, «Синкуейн» әдісі, құрастыру арқылы тақырыпты қорғайды.
|
5 мин
|
Криптограмма
|
Оқушыларға парақшада криптограмма беріледі ондағы сөздерді ойлап табу керек.
|
Оқушылар парақшадағы криптограмманың жауаптарын тауып,жазады да түсіндіріп айтады.
|
9 мин
|
Бекіту.
|
Ақылдың алты қалпағы әдісі.
Өтілген тақырыпты толық ашу үшін Эдвард де Бононың "Ойлаудың алты қалпағы" әдісін қолданамыз.
Оқушыларға тапсырмалар берілгеннен, топтасып дайындалуға 5 мин уақыт берілді. Әр топ өзіне берілген тапсырмаға орай өзара ақылдасып, топтық жұмыс жасайды.
Топтық қорғау.
Топтар дайындалып болғасын, топтар өз жұмыстарын қорғауға көшті.
|
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін бетшеге жазып береді.
|
2 мин
|
Бағалау
|
Таратылып берілген бағалау бетшелері жиналып алынады.
|
Әрбір топ өздерінің бір-бірін қалай бағалағандарын айтып түсіндіреді.
|
1мин
|
Үй жұмысы.
|
§39-40 оқып келу.
«Өкпені зиянды заттардан қорғайық» атты тақырыпта тірек сөздерді пайдалынып шағын әңгіме жазыңдар. Тірек сөздер: туберкулез, өкпе, никотин, суық.
|
Оқушылар ізденіс жұмыстарын жүргізеді.
|