Білім және ғылым министрлігі



бет1/8
Дата12.07.2017
өлшемі1.49 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙқаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ

МСЖ құжат 3 деңгейлі

ОӘК


ПОӘК 042-18.2.1.017/3-201

«Білім беру жүйесіндегі менеджмент» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен


Баспа №

жыл


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
«Білім беру жүйесіндегі менеджмент» пәні бойынша

мамандығы үшін
ОҚУ -ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Семей 2015


МАЗМҰНЫ
1.Глоссарий

2.Дәрістер

3. Тәжірибелік-лабораториялық сабақтар

4. Студенттердің өздік жұмысы



1.ГЛОССАРИЙ
ГЛОССАРИЙ.

Арнайы бақылау — бұл зерттелетін құбылыс суретін талдамалы түрде қарастыруға әкелетін әдіс.

Ашық бақылау — зерттеушіге оны қызықтыратын барлық құбылыстар тараптарын қамтуға үлкен мүмкіндік береді, сонымен бірге зерттеуші қатысуының теріс әрекеттеріне көп ұшырайды.

Ашық сауал — мұнда жауаптар сипаты мен саны, олардың түрлері мен формалары алдын ала қарастырылмаған.

Әдістемелік зерттеулер — зерттеу нәтижелері эмпириялық деңгейде тәжірибені жинақтаумен, ережелерді қалыптастырумен, педагогикалық қызмет нормаларын айқындаумен, деректер алумен, оны талдау және жүйелеумен айқындалады.

Әлеуметтік өлшем — топтағы тұлға аралық қатынастардың сандық және графикалық құрылымын, оның мүшелерін өзара таңдау саны мен ерекшелігіне қарай айқындауға мүмкіндік беретін әлеуметтік психология әдісі.

Бақылау — зерттеушінің материалдарға ие болу үшін кейбір педагогикалық құбылыстарды мақсатты түрде қадағалауы.

Ғылыми болжам (гипотеза) — құбылыстың байланысы немесе себептері негізінде қорытынды жасалынады, бірақ бұл қорытындыларды толық дәлелді деп есептеуге келмейді.

Ғылыми жаңалық — бұрын басқалар зерттемеген және енгізбеген тың қорытынды, нәтижелер.

Деректі талдау — кез келген шама мен бағыттарды түзете жалдауға негізделген процедура немесе математикалық статистика әдісі.

Дидактикалық бақылау — бақылау нысаны ретінде оқыту процесі тұтас енеді.

Дисперсионалды талдау — математикалық статистикалық талдау әдістерінің жиынтығы, зерттелетін нысанына кездейсоқ шама дисперсиясын анықтау жатады. Шекті бақылау үшін тест материалдары бойынша өз-өзін бақылауға арналған.

Дөңгелек үстелдер — белігіленген мәселе бойынша пікір алмасуды қарастыратын педагогикалық тәжірибені зерттеу түрі.

Жабық бақылау — жасырын немесе бақылаудың жасырын үдерісі.

Жеке әдістемелік бақылау — ғылыми қабылдау нысаны ретінде белгіленген пән бойынша нақты оқу үдерісі болуы мүмкін.



Жетекші идея — зерттеудің белгіленген позициясы мен тұжырымды негізі.

Жобалы әдістеме — жобалау нәтижелері психологиялық мағына беруде негізделген жеке тұлғаны тұтас зерттеу әдістерінің жиынтығы.



Зерттеу нысаны — мәселелік жағдай тудыратын үдеріс немесе құбылыс.

Кадрларды басқару. әлеуметтік басқару түрінде кең тараған маманданған кадрларды дайындау еңбекті ынталандыру жұмысшылар жұмысшылардың еңбегінің жағдайларын жақсарту еңбектік дауларды шеше білу.

Менеджмент ұғымы - өндірісті басқару, өндірісті басқару принциптерінің әдістерінің құралдары формаларының жиынтығы.

Менеджер - өндірісті, өткізу және қызмет көрсету саласындағы босқару жөніндегі кәсіптелген маман, оның қолында белгілі бір әкімшілік, шаруашылық, дербестік болады.  

Мониторинг— латын тiлiнен аударғанда ( еске түсiрушi, қадағалаушы) қоршаған ортаны адам қызметiмен байланысты бақылау, бағалау, болжамдау деген мағынаны бiлдiредi.

Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу — мұғалімнің педагогикалық қызметі айқындауға мүмкіндік беретін оның кәсіби шеберлік жиынтығы деңгейін анықтайтын әдіс.

Педагогикалық менеджмент

Сауалдар — толтыратын адам туралы кейбір мәліметтерді алуға арналған сұрақ парағы.

Сауалнама — сауал арқылы көпшілік материал жинастыру әдісі.

Сұхбат — ауызша сұрау арқылы ақпарат алу тәсілі.

Сұхбаттасу — әңгіменің бір түрі; зерттеуші белгілі тәртіппен берілетін, алдын ала дайындалған сұрақтарға сүйенеді.

Ұйымдастырушылық басқару оның негізгі объектілері, ұйымды құру процестері, ұйымды басқару жүйесін және құрылымын қалыптастыру, инструкцияларды құрастыру нәтижесінде ұйымды қалыптастыру қалыпты жағдайлары құрылады.

2.ДӘРІСТЕР
«Білім беру жүйесіндегі менеджмент» куpсы бойынша дәрістер тезистері.
1.ДӘРІС.

Тақырып 1. Педагогикалық менеджменттің білім беру жүйесіндегі элементтерінің негізгі сипаттамасы және мәні.

ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ:

1. Менеджмент туралы жалпы түсінік

2. Білім берудегі менеджмент –ғылым ретінде.

3. Білім үдерісіндегі мониторинг.
1. Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің « Манус » сөзінен шығып « қол, күш » деген мағынаны білдіреді. Алғашында мал бағу саласында оны ұстау, меңгеру шеберлігін білдіреді. Ол адам қызмет саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми практикалық мәнін білдіретін болды.


  • Менеджмент ынтымақтаса қызмет атқаратын адамдар тобы өздерінің күш-жігерін ортақ мақсаттарға жетуге бағыттайтын үдеріс ретінде;

  • Менеджмент қарым-қатынас тәсілі, сонымен қатар, әкімшілік қарым-қатынас дағдылары ретінде;

  • Менеджмент айрықша басқару түрі ретінде;

  • Менеджмент – қажетті нәтижеге немесе алға қойылған мақсаттарға басқа адамдардың күш-жігері арқылы қол жеткізу өнері немесе әдіс-тәсілдердің, қағидаттардың және басқару нысандарының жиынтығы, яғни басқару өнері.

Менеджер деген сөздің өзі ағылшын тілінен шыққан ол бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. Менеджер ең кең тараған түрі. Ол басқару түрі экономикамен шұғылданатын заң және басқада мәселелерді жақсы білетін адам. Әр елде менеджерлерге түрліше анықтама беріледі. Американдықтардың түсінігінше мұндай адамдардың, міндетіне өзіне бағынатын белгілі қызметтердің нақты жұмыстарын ұйымдастыру жатады.

Еуропалықтардың түсінігінше менеджер қазіргі тәсілдерді басшылыққа ала отырып нақты жұмысты ұйымдастыратын адам.

Экономикалық ғылым аясында дүниеге келген (Ф.Тейлор, Г.Черч, А.Файоль, Г.Эмерсон, Г.Форд, Х.П.Циммерман) менеджмент жедел дамып, сан алуан аспектілері бар пәнаралық теорияға айналды.

Бұл ғылыми-практикалық бағыт ПСИХОЛОГИЯДА белсенді қарастырылуда (Э.Мэйо, Д.Рена, Г.С.Никифоров, Ю.Н.Сливкин және т.б.).

және ПЕДАГОГИКАДА (Т.М. Баймолдаев, В.Д.Белиловский, К.П.Вазина, Ю.А.Конаржевский, Н.В.Кухарев, Н.А.Лебедева, Ю.Н.Петров, А.А.Семченко және т.б.) зерттелуде.

Қазіргі білім берудің жаңашыл бағытының өзгеруі, қоғамга жоғары білімді, рухани-адамгершілігі мол, өздігінен шешім қабылдай алатын, ынтымактастыққа кабілетті, бейімділігі мен жауапкершілік сезімі биік адам кажет.

Бұған жету үшін баскаруды дамытуға бағытталған жаңа үлгі керек. Осы жерде өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі дамыту үрдісі ретінде педагогикалык менеджменттің ықпалын көруге болады. Педагогикалық менеджмент адамдардың өзін-өзі дамыту, еркіндік және шығармашылығын дамыту болып табылады.

2. Білім берушілік үдеріс деп үш құрамдас бөліктер: оқу-тәрбие, оқу-танымдық және өз бетімен білім алу үдерістерінің жиынтығы түсіндіріледі.

Білім берушілік үдеріс – бұл тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамыту бойынша мақсатты қызмет.

В.П.Симоновтың еңбектерінде педагогикалық менеджмент оқыту процесін нәтижелі басқарудың теориясы, әдістемесі және технологиясы ретінде сипатталады. Ғалым оқыту процесінің өзара байланысты үш үлкен құрылымын бөліп көрсетеді: оқу-тәрбие, оқу-танымдық және өздігінен білім алу процестері.Педагогикалық менеджмент философиялық, педагогикалық, әлеуметтік,психологиялық, экономикалық ұғымдар мен заңдылықтарға негізделеді.

В.П. Симонов педагогикалық менеджментті оқу-тәрбиелеу және оқу танымдық үдерісін басқарудағы қағидаттар, әдістер, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық амалдар кешені ретінде анықтайды. Педагогикалық менеджменттің (білім берушілік үдерісті тиімді басқару теориясы, әдістемесі және технологиясы) өзіне тән заңдылықтары мен ерекшелігі бар. Бұл ерекшелік ең алдымен өзіндік құралынан, қажеттілігінен, қаруынан және менеджер еңбегінің нәтижесінен көрінеді.

Білім берушілік үдеріс менеджер еңбегінің пәні болып басқарылатын субъект қызметі табылады, еңбек өнімі – ақпарат, ал еңбек құралы сөз, тіл, баян.

Оқу-танымдық үдеріс және оқу-тәрбиелік үдеріс менеджері еңбектерінің нәтижесі болып менеджмент объектісі білім алушының (екінші субъект) білім , тәрбие және даму дәрежесі табылады.

В.П.Симонов педагогикалық менеджменттің төрт құрылымдық-функционалдық компоненттерін немесе жүйеқұраушы факторларын бөліп көрсетеді:
1. Жобалаушы компонент, немесе іс-әрекеттің мақсаты (жоспарланған, күтілетін нәтиже)

2. Коммуникативтік компонент, іс-әрекет субъектісі (директор, оның орынбасарлары, оқытушылар, оқушылар) және объектісі немесе екінші субъект(басқарушылық шешімдерді орындаушы)

3. Ұйымдастырушылық-мазмұндық компонент, іс-әрекет мазмұны (оқу-тәрбие жөніндегі, басқару туралы ақпарат) және тәсілдері (субъектілердің өзара қатынасында басшылыққа алынатын принциптер және қолданылатын әдістер).

4. Талдау-нәтижелік компонент, іс-әрекет нәтижесі (басқарушылық шешім)

К.В. Дрязгунов мынадай анықтаманы ұсынады: оқытудағы педагогикалық менеджмент – мұғалімнің оқыту процесін басқарудың нәтижелі жүйесін қалыптастыруға бағытталған мақсатты педагогикалық іс-әрекеті. Оның негізгі компонентері:



- мотивация құру;

- коммуникативтік байланыс орнату;

- меңгерілген білімді үнемі бақылау;

- кез келген педагогикалық жағдайда педагогикалық шешім қабылдау.

Дәріс №1.Өзін-өзі тексеру сұрақтары



  1. « Білім беру жүйесіндегі менеджмент» куpсының пәні.



Тақырып 2. Педагогикалық менеджменттің мақсаты мен міндеттері
1.Педагогикалық менеджмент субъектері қызметінің мақсаты.

2.Педагогикалық менеджмент міндеттері .

3.Білім берудің ұлттық жүйесі: түсінік және құрылым .Білім беру жүйесінің міндеттері



  1. Педагогикалық менеджмент субъектері қызметінің мақсаты.

Өндірісті шоғырландыру мен жаратылыстану техникалық білімдері жетістіктері нәтижесінде басқаруға ғылыми жүйе ретінде қызығып көңіл бөлу 20 ғасырдың басынан орын алды. 1911 жылы жарияланған Фредерик У. Тейлордың «Ғылыми басқару қағидалары» атты еңбегі осы үлкен ғылыми бастаманың ұйытқысы еді. Тейлордың пікірінше тиімді ғылыми басқару ұдайы бақылау, тәжірибе жасау және ой- саналық, топшылау арқылы анықталған көрсеткіштер көмегімен бизенсті жпандандыратын қызмет саласы болып саналады. Тейлор өз теориясын тұжырымдай келе, мынадай тоқтамға келеді: «дәстүрлі әдістің орнына – ғылым, қарама- қарсылықтың орнына – үйлесімділік, дербес жұмыстың орнына ынтымақтастық, еңбек өнімділігін арттыру, өте қажетті барынша қолайлы жағдай жасау...»

Басқару ол біздің айналамыздағы дүние элементтерінің бірі болып табылады. Бірақ басқару процестерін тарихтан тыс және басқаруды жүзеге асыру саласынан қол үзген деп қарастыруға болмайды.

Басқарудың анықтамалары көп. Олардың кейбіреулері мынандай:



  • Басқару дегеніміз жүйенің жаңа сол жүйеге арналған күйге көшуі (академик Берг);

  • Басқару – не істеуге тура келетінін және мұны қайткенде, мейлінше жақсы және арзан істеуге болатынын білу өнері (Тейлор).

Басқарудың екі жағы бар. Бірінші жағы еңбек бөлінісінің қажеттігіне байланысты. Екінші жағы басқару қашанда билігі бар өкілеттікпен (әлеуметтік экономикалық аспект), белгілі бір мақсатты іске асырумен байланысты.

Барлық қоғамдық жүйелер ішінен зерттеу үшін басқару ғылымы қоғамдық өндірісті басқаруды таңдап алады. Ол мынандай буындардан: жалпы қоғамдық өндірісті басқару, материалдық игіліктер өндіруді басқару, рухани игіліктер өндіруді басқару және қызмет көрсетуді басқару буындарынан тұрады.

Бұл арада олардың арасында көлбеу байланыстар бар екені әбден айқын көрінеді. Материалдық игіліктер өндіру басым болады, өйткені басқарудың басты объектісі сол. Ол материалдық негіз ретінде рухани игіліктер өндіру мен қызмет көрсетуді алдын – ала анықтайды, ал сонымен қатар, олар материалдық игіліктер өндіруге ықпал жасайды.

Басқарудың бастапқы негізі басқарудың қалыптастырылуы мен мақсатын таңдап алу болып табылады. Адамның кез- келген қызметінің басты белгісі – нысаналы қызмет. Сондықтан да ерекше әлеуметтік қызмет ретінде басқаруға нысаналық тән.

Әлеуметтік басқарудың айырмашылығы мынада: басқару субъектісі басқару объектісіне қызметтің мақсатын анықтау жолымен ықпал жасайды.

Кең мағынасында алғанда, басқару дегеніміз- қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру. Басқару табиғаттың барлық құбылыстарына тән. Бүкіл айналадағы дүниеден оның үш компонентін: өлі табиғаттағы тірі табиғатты және адам қоғамын бөліп көрсетуге болады. Мұның өзі басқару процестерін былайша ірі көлемде саралауға мүмкіндік береді: өлі табиғаттағы басқару процестері техникалық жүйелер (техникалық жүйелерді басқару), Ф. Энгельс еңбек құралдарын басқаруға «заттарды басқару» деген анықтама берген:



  • тірі организмдерді (биологиялық жүйелердегі) басқару процестері;

  • қоғамдағы (әлеуметтік жүйедегі) басқару процестері

Кәсіби педагогикалық іс-әрекет педагогикалық жүйелерді басқару мәнін, принциптерін, мазмұнын толық білуді қажет етеді.

Педагогикалық үрдісті басқару – қойылған мақсатқа сәйкес шешім қабылдау, ұйымдастыру, бақылау, басқару объектісін зерттеу, алынған ақпараттарды талдау және қорытындылау іс-әрекеті болып табылады.

Басқару объектісі биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер бола алады. Білім беру әлеуметтік жүйеге жатады және елдің, өлкенің, облыстың, қаланың және ауданның аумағында қызмет етеді. Сондықтан басқару субъектілері министрлік, облыстық, қалалық, аудандық білім беру басқармалары болып бөлінеді.

Жалпы білім беретін мектептер күрделі динамикалық жүйе ретінде мектепішілік басқару объектісі болып табылады.

Мектепішілік басқару – тиімді нәтижелерге қол жеткізу мақсатында тұтас педагогикалық үдерістің объективтік заңдылықтарын тануға негізделген оған қатысушылардың мақсатты, саналы өзара әсерлесуі.

Білім беру ұйымының тиімді қызмет атқаруы менеджментті ішкі басқару жүйесінің тұжырымдамалық негізі ретінде пайдалануға негізделеді, соның нәтижесінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда адамға бағдарланған тәсіл іске асырылып, ұйым қызметінің күтілетін нәтижелеріне қол жеткізуде барлық ресурстар жұмылдырылады.

Педагогикалық менеджменттің бірінші жүйе құраушы факторы – оның мақсаты мен міндеттері. Оны мақсат белгілеуші немесе жобалаушы деп атауға болады.Басқару ісінде ең негізгі мәселе – мақсатты көре білу. Мақсат оның орындалуын дұрыс жоспарлауға және тиімді ұйымдастыруға жол ашады.Ұйымның мақсаттары оның қызмет ету және даму тұжырымдамасын көрсете отырып, мынадай қызметтер атқарады: ағымдағы қызметтің белгісіздігіне (екі ұштылығына) жол бермейді; қызмет нәтижелерін бақылаудың және бағалаудың өлшемдерін айқындайды; анықтауда нақты белгіленген мақсаттар педагогикалық процесс субъектілерінің жұмылып бірлікте жұмыс жасауына ықпал жасайды.Педагогикалық жүйенiң үнемi қозғалыста, үнемi даму үстiнде болуы оқу-тәрбие жұмысында мақсат қою мен жоспарлауды жетiлдiрiп отыруды қажет етедi. Әрине, тәрбиеленушiлердiң бойында белгiлi бiр қасиеттiң қалыптасуын дәл белгiлеу, жоспарлау мүмкiн емес. Ал жоспарлау жеке тұлғаның барынша және жан жақты дамуына қолайлы объективтi жағдай туғызуы тиiс.Сондықтан педагогтардың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттер қоғамның алдындағы жалпы мiндеттер мен мақсаттардың кӛрiнiсi болып табылады. Мақсат жоспардың өзегi болғандықтан ол педагогтiң де, оқушының да әрекеттiн қамтуы керек. Басқару қызметiнiң мақсаты – жұмыс түрлерi мен тәсiлдерiн, оның жалпы бағыттарын айқындайтын бастау.Сапалы түрде мақсат белгiлегенде директормен бiрге мұғалiмдер,оқушылардың да осы жұмысқа тартылуы, оладың әрқайсысыныңпедагогикалық процесте белгiлi бiр құқық, мiндет, жауапкершiлiк арқалауынажағдай жасайды.Мақсат қоюды осылай түсiну кешендi мақсатты бағдарламаны iске асыратын жоспарластыруға мүмкiндiк бередi. Кешендi мақсатты бағдарлама мектепжұмысы жоспарының қысқартылған моделi емес, ол мектептiң жалпыжоспарынан бөлiп алынған барынша маңызды 3-4 мәселенi нақтылана түскен бөлiгi.

Қызмет мақсаты- жоспарланатын, болжанатын , күтілетін нәтиже;

Сабақ мақсаты - оқытушы мен білім алушының біріккен әрекетінің нәтижесі, оқу сабағы барысында білім алушылардың басым көпшілігін шығаруға жоспарлайтын білім дәрежесі.

Сабаққа қатысу мақсаты- кез келген оқытушының әр сабағында бақыланатын және ауызша, сандық бағаланатын оқытушы мен білім алушының әрекетінің нәтижесі мен түрі.


  1. Педагогикалық менеджмент міндеттері .

Педагог келесілерді жүзеге асырады:

  • Басқаратын объектінің қалпын өзгерту бойынша шешім қабылдау үшін ақпаратты түрлендіру;

  • Оқыту мен тәрбиелеу үдерісін қағидаттар, әдістер, құралдар мен нысандардың өзара байланысты жүйесіндей басқару;

  • Оқушылардың еңбегін, уәждері мен қажеттіліктерін пайдалана отырып, қойған мақсаттарға жету;

  • Білім беру тұжырымдамалары негізінде қабылданатын, жүзеге асырылатын және адам факторын есепке ала отырып, оқу тәрбиелеу мақсаттарының жүйесін оқушылардың жету үдерістерін ұйымдастыру және т.б.


3. Білім беру жүйесінің міндеттері:

1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.

2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;

3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;

6) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;

7) білім беру ұйымдарының еріктілігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру;

8) қоғам мен экономиканың қажеттеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;

9) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану;

10) жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың және еңбек нарығының қажеттері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге өзінің білімге негізделген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін өмір бойы дамыту;

11) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциясы;

12) білім алушылардың кәсіптік бағдарлануын қамтамасыз ету;

13) жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен белсенді өзара іс-қимыл арқылы техникалық және кәсіптік білім берудің озық қарқынмен дамытылуын қамтамасыз ету болып табылады.


Білім беру министрлігі : міндеттері мен қызметтері. Білім берушілік мекемелердің түрлері .

 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім, ғылым, балалардың құқықтарын қорғау және жастар саясаты салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.     

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мынадай ведомстволары бар:


  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті;

  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті;

  3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті;     

  4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитеті.   

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.     

4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.     

5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.    

  6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.     

7. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің миссиясы:      ұлттың зияткерлік әлеуетін дамыту, бәсекеге қабілеттілікті және орнықты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.

     Міндеттері:


      1) білім, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
     2) мемлекеттік жастар саясаты саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
     3) білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;     

4) ғылыми зерттеулер ұйымдастыруды жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;     

5) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.     

Функциялары:      :      1) білім беру саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету;      2) білім беру сапасын басқаруды жүзеге асыру, білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасын әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз ету;      3) мемлекеттік жастар саясатын жүргізу;      4) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу;      5) ғылым және жастар саясаты саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету;      6) баланың негізгі құқықтарын іске асыру жөніндегі әртүрлі бағдарламаларды әзірлеу;      7) шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізу және білім, сондай-ақ ғылыми қызмет саласындағы халықаралық шарттар (келісімдер) мен бағдарламаларға қол қою;      8) аккредиттеу органдарына, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және оларды танудың тәртібін белгілеу, танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беретін оқу бағдарламаларының тізілімін қалыптастыру;      9) тиісті білім беру деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеуді ұйымдастыру, барлық білім беру деңгейлерінің үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын бекіту;      10) медициналық, фармацевтикалық және әскери білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын келісу;


    т.б. 

Қазақстандық білім беруді жаңғыртуды жалғастыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан кейін – Бағдарлама) Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын жүзеге асырудың ұйымдастырушылық негізі болуы тиіс.

Бағдарлама білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың ұйымдастырушы негізі ретінде білім берудің, басқару жүйесінің, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтық-ұйымдастырушылық формаларының және экономикалық-қаржылық механизмдерінің құрылымындағы, мазмұны мен технологияларындағы өзгерістерді құрайтын ресурстары мен мерзімі бойынша бір-бірімен байланыстағы шаралар кешені болып табылады.

Аталған элементтердің әрқайсысының автономды дамуы білім беру жүйесінің мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі кезеңдегі деңгейіне көтерілуіне мүмкіндік бермейді.

Одан басқа, Бағдарлама шараларын жүзеге асыру салааралық мазмұнға ие және бірыңғай білім беру саясатын жүргізуге мүмкіндік беретін, бірыңғай білім беру және ақпараттық кеңістікті қалыптастыруды, білім беру жүйесінің өңірлік дамуындағы сәйкессіздік мәселелерін қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің барлық субъектілеріне бағытталған.

Бағдарлама мақсаттары:

қаржыландыруды жетілдіру

білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдауды күшейту және педагогикалық жұмыскерлердің еңбегін ынталандыру

білім беру саясатының барлық субъектілерінің рөлін және олардың өзара байланысын арттыру

үздік білім беру ресурстары мен технологияларына оқушылардың, мұғалімдердің бірдей қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету, білім сапасын жақсарту мен басқару тиімділігін арттыру үшін оқу процесін автоматтандыру 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі сапалытәрбие және оқытументолық қамтамасыз ету, олардың мектепке даярлығы үшін әр түрлі мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бағдарламаларына балалардың теңдей қолжетімділігі

12-жылдық мектепте интеллектуалдылықты, Қазақстан Республикасының рухани және дене жағынан дамыған азаматын қалыптастыру, жылдам өзгеретін өмірде жетістікті қамтамасыз ететін оның білім алу қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін адамзат бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту

индустриалды-инновациялық даму талаптарына сәйкес ТжКБ жүйесін жетілдіру

тұлғалық қажеттілік пен елдің индустриалды-инновациялық даму міндеті, еңбек нарығының қажеттілігін қанағаттандыратын жоғары білім сапасының деңгейін жетілдіру

Дәріс №2.Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. « Білім беру жүйесіндегі менеджмент» куpсының міндеттері.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет