Білім бөлімі: Көркем әдебиет Мақсаты: Білімділік



Дата13.01.2019
өлшемі66.47 Kb.


Айтенова Нұргүл Оралбайқызы,

ОҚО, Кентау қаласы,

«Жұлдыз» бөбекжай-балабақшасы

ІІ санатты тәрбиешісі




Ертегілер еліне саяхат

Білім саласы: «Коммуникация»

Білім бөлімі: Көркем әдебиет

Мақсаты:

Білімділік: Балаларға ертегілер әлеміне еніп, жақсы көңіл күй сыйлау, ертегі аттарын атауға, кейіпкерлерін атай білуге үйрету.

Дамытушылық: Қызықты тапсырмаларды орындата отырып, тақпақтар, жұмбақтарды шешуге, ертегіні сахналауға, сөйлеу тілдерін дамыту.

Тәрбиелік: Жақсылық жасай білуге, жағымды қарым-қатынаста бола білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, жұмбақ, қимылды ойын, тосын сый көрсету, сахналау.

Билингвальды компонент: шалқан - репка, ата – дедушка, әже – бабушка, немере қыз – внучка, ит – собака, мысық – кошка, тышқан – мышь, қызыл –қрасный, сары – желтый, көк – синий, қара – черный, ақ – белый, жасыл – зеленый.

Қажетті құрал-жабдықтар: видеопроектор, үнтаспа, суреттер, киілмелі қуыршақтар, ширма.

Көрнекілігі: Топ іші тақырыпқа сай безендіру


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушы

Іздену ұйымдастырушы

Сергіту сәті

Жетекші жөндеуші

Балалар сендерді көргеніме өте қуаныштымын, бүгінгі күніміз көңілді өту үшін бәріміз қол ұстасып, шаттық шеңберін құрайық. Келген қонақтарға жылы лебізімізді білдірейік.

«Жұлдыз» атты бақшаның

Тәрбиелі баласы

Алдыменен үлкенмен

Амандасып алады,

Қайырлы таң, қонақтар!

Қайырлы таң, достарым!

Жарайсыңдар балалар!



  • Балалар бір сәтке көңілімізді көгілдір экранға аударып әуенді тыңдайық.

«Ертегілер» әні қойылады.

  • Балалар бұл әуенде не туралы айтылған?

  • Балалар сендер ертегіні ұнатасыңдар ма?

Олай болса бүгін біз көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу қызметінде «Ертегілер еліне саяхат» жасаймыз.

Балалар мен балабақшаға келе жатып мына қорапшаны тауып алдым. Қане барлығымыз бірге ішін ашып көрейікші, балалар ішінде таяқша бар екен, бұл жай таяқша емес жасырған жұмбақтарын орындасақ сиқырлы таяқшаға айналады екен. Біз бұл сиқырлы таяқшаның көмегімен ертегілер еліне саяхат жасай аламыз. Мұқият жұмбақты тыңдап шешуін табыңдар, шешуін дұрыс тапсаңдар экраннан суреті шығады.

-Үйін жинап ертеңмен,

Мейіз тауып алыпты,

Мысығы келген соң

Ол өкпелеп қалыпты.

Бұл қай ертегі?

- Атасынан қашып кетті,

Апасынан қашып кетті,

Кездестіріп біраз аңды,

Біраз жолдан асып кетті.

Бұл қай ертегі?

-Атай өзі салғанын,

Көрді өсіп қалғанын.

Ары тартты, бері тартты,

Жалғыз өзі тарта алмады.

Бұл қай ертегі? Жарайсыңдар балалар! Балалар қараңдаршы таяқша сиқырға енді жанып тұр. Ал енді бір – біріміздің қолдарымызды ұстап, көзімізді жұмып елестетейік, аспанда нұрын шашқан күн, барлық тіршілікке жылуын, жарығын сыйлап тұр, астында сарқыраған өзен, көлдер, тіршілік көзіне нәр беріп тұр, жаймен соғып тұрған самал желді сезіп тұрсыңдар ма?

Ал енді көзімізді ашайық, міне балалар ертегілер еліне де жеттік.

Ертегілер елінде ешкі жылап отырады.


  • Ешкі, ешкі сен неге жылап отырсың?

  • Менің лақтарымды қасқыр әкетіп қалды, лақтарың үшін тапсырмамды орында, сонда лақтарыңды босатамын дейді. Ал мен тапсырмаларды орныдай алмай лақтарымды уайымдап отырмын. Ал сендер мұнда қайдан жүрсіңдер?

  • Біз ертегілер еліне саяхаттап келдік.

  • Балалар ешкінің жағдайы мәз емес екен, тапсырманы орындап ешкіге көмектесеміз бе?

Пештің ішінен бір лақ маңырап шығады.

Ешкі: Менің кішкентай кенже лағым, шұнақ лағым, сен аман қалыпсың ғой.

Лақ: Анашым қасқыр келіп, менің аға-әпкелерімді өзімен алып кетті. Мен қорыққанымнан пеш түбіне тығылып қалдым.

Ешкі: Қорықпа лағым, саяхаттап келген балалар қасқырдың тапсырмаларын орындап, сенің бауырларыңды құтқаруға көмектеседі.



  1. тапсырма

Ертегі кейіпкерлерін орнымен қойып, ертегінің атын ата? Орыс тілінде кейіпкерлерді кім атап береді?

1-лақ маңырап шығады, ешкі алғыс білдіреді.

2-тапсырма

Жұлдыз құртты құрастырып, түстерін екі тілде атау. 2-лақ секіріп, секіріп шығады, ешкі қуанады.

3-тапсырма

Экраннан қандай аңның бейнесі шықса, сол аң туралы тақпақ айтып, қимылын көрсет деді. Қоян, аю, қасқыр, түлкі, құрбақа, тиін, кірпі, арыстан 3-лақ шығады, ешкі алғысын білдіреді.

4-тапсырма

Мнемокесте арқылы ертегіні әңгімелеп бер деді?

4-лақ шығады, ешкі қуанып мәз болады.

5-тапсырма

Қуыршақ театры арқылы «Бауырсақ» ертегісін сахналау.

2-лақ секіре-секіре шығады.

Қасқыр: О-о ешкі сен тапқыр балалардың көмегімен тапсыпмаларды орындап лақтарыңды құтқарып алдың. Ей-ей ешкі-ай, ешкі-ай менің қарным шұрқырып баратыр.Қой мен орманнан жейтін қорек іздеп табайын у-у-у шығып кетеді.
Балалар сендер шаршаған боларсыңдар, менің лақтарыммен бой сергітіп мына жаттығуларды түстеріне қарай өзі түстес ағаштарға жинауларың керек.

Балалар сендерге көп – көп рахмет, лақтарым-шұнақтарым сендер есікті ашпаңдар. Тапқыр, білімді балалар келмегенде сендерді қасқырдан құтқарып ала алмас едім.


Тәрбиеші: Балалар, біздің балабақшаға қайтар уақытымыз болды. Сиқырлы таяқшамыз өз күшін жоймай тұрып, балабақшамызға оралайық.

Ешкі: Балалар сендерге көп рақмет, мына жемістерді балабақшаға барып жуып жерсіңдер.Қош сау болыңдар.

Ал, балалар көзімізді жұмайық бүгінгі ертегілер еліне саяхаттан алған дұрыс әрекет, сүйіспеншілік, мейірімділік, біреуге қиянат жасамауды жүрегімізге сақтайық.Жаймен көзімізді ашайық.

Балалар, бүгінгі «Ертегілер еліне саяхат» сендерге ұнады ма? Біз неге көмектестік? Бөтен адамға есікті ашуға болады ма? Сендер бүгін өте тапқыр, білімді қамқоршыл болдыңдар сендерге көп рақмет. Саяхаттан алған көңіл-күйімізді көрсетейікші.

Қонақтармен қоштасу.


Балалар шеңбер бойына тұрып, бірге қонақтарға жылы лебіздерін білдіреді.

Балалар әуен тыңдайды.

Ертегілер

Иә


Балалар жұмбақты мұқият тыңдайды.

«Мақта қыз бен мысық» ертегісі

«Бауырсақ» ертегісі

«Шалқан» ертегісі


Балалар көздерін жұмып тыңдайды.

Таңырқап ешкіге қарайды.

Мұқият ешкіні тыңдайды.

Иә, көмектесеміз.

Шалқан ертегісін ретімен қойып, кейіпкерлерін екі тілде айтады.

Қызыл-красный

Сары-желтый

Көк-синий

Жасыл-зеленый

Қара-черный

Ақ-белый


Балалар әр аңның жүрісін салып, тақпақ айтып береді.

Ертегіні әңгімелеп береді.

Ертегіні сахналайды.

Қасқырды мұқият тыңдайды.

.
Балалар музыка әуенімен жапырақтарды түстеріне қарай бөліп жинайды.

Балалар ешкіні тыңдайды


Балалар мұқият тыңдайды
Балалар көздерін жұмып, мұқият тыңдайды.

Балалар жауабы

Қонақтармен қоштасу.



Күтілетін нәтиже:

Білу қажет: Ертегілердің аталуын, қимыл-қозғалысын ойнап келтіруді,

кейіпкерлерін, берілген тапсырмаларды орындауды.



Істей алады: Сөздерді анық айтып, ертегіні түсіндіреді, кейіпкерлерді біледі,

Ойындарға белсене қатысады, сұрақтарға толық жауап береді.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет