Білім беруде инновациялық зерттеу нәтижелерін қолдануДЫҢ тиімділігі



Дата02.07.2017
өлшемі46.07 Kb.
#19349
Білім беруде инновациялық зерттеу нәтижелерін қолдануДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
А.Н.Калиева - PhD, қауымд.проф. м.а.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті,

Биология кафедрасы, Қазақстан, Алматы қаласы
Мақалада инновациялық техникамен, әдіс-тәсілдермен жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін оқу үдерісінде қолданудың білімгерлердің кәсіби құзіреттіліктерін, ғылымға қызығушылықтарын арттырудағы тиімділігі берілген.
Бүгінгі күні болашақ маман қоғамның негізгі талабына сай білім алып, іскерлік, жеке тұлғалық, кәсіби сапалық қасиеттерді меңгеруі қажет. Осы қасиеттерді бойына сіңірген, жоғары білімді педагог маман қоғамның, экономиканың және еліміздің өркендеуіне үлес қоса алатын ұрпақ тәрбиелей алады.

ҚР білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Жоғары білімді дамытудың негізгі үдерісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысы, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» - деп көрсетілген.

Жоғары мектептің алдына қойған ең бірінші мақсаты - қоғамға қажетті, бәсекеге қабілетті жоғары білімді мамандарды даярлау. Қазіргі уақытта оқу үдерісінде кәсіби педагог мамандарды даярлау тұрғысында білім мазмұнына жаңа талаптар қойылды. Болашақ мұғалім білім алушылардың ұжымдық және жеке белсенділік қызметтерін ұйымдастыруы, сонымен қатар инновациялық педагогикалық технологияларды кәсіби педагогикалық қызметте жүзеге асыруы керек. Білім беруде білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолдану тиімді болып табылады.

Қазіргі таңда дамыған елдердің ғылыми жұмыстарының көпшілігі жаңа технологиямен дәрілік өсімдіктерден препараттар алуға бағытталған. Дәрілік өсімдіктерді зерттеуде дәстүрлі салыстырмалы морфологиялық, анатомиялық әдістермен қатар қазіргі кездегі жаңа технологияға негізделген биохимиялық, молекулярлық-генетикалық әдістер де қолданылады. Зерттеу жұмысының нәтижелері жоғары оқу орындарының оқу үдерісінде теориялық тұрғыдан негізделіп тиімді пайдаланылса, болашақ биолог мамандарының ғылыми білім мен дағдыларды меңгеруде белсенділігін арттырады.

Биологияны оқытуда тірі өсімдік объектілерін пайдаланудың түрлі аспектілері қамтылады. Өсімдіктің жер беті және жер асты мүшелерінің анатомиялық, биохимиялық, молекулярлық-генетикалық ерекшеліктерін зерттеулерде инновациялық құралдар мен әдістер қолданылады. Біздің зерттеулерімізде өсімдік кесінділері электрондық микротом арқылы жасалды (МЗП-01 «Техном», Екатеринбург). Өсімдіктің анатомиялық құрылысын зерттеуде қосымша мүмкіндіктері бар, Microvisible бағдарламасымен қамтамасыз етілген бинокулярлы биологиялық MCX100 Micros микроскопы (Австрия) пайдаланылды.

Өсімдіктегі пероксидаза, эстераза ферменттерінің белсенділігін және цитоплазмалық белокты анықтау электрофорез әдісімен жүзеге асырылды.

Молекулярлық, генетикалық зерттеулерінде дәрілік өсімдіктің генетикалық полиморфизмы және гендік маркирлеуді айқындауда RAPD – талдаулары, өсімдіктен ДНҚ-ны бөліп алу CTAB (сetyl trimethylammonium bromide) әдісімен жүргізіліп, ПТР режимінде орындалды.

Өсімдік жапырағынан GAPDH (глицеральдегид-3-фосфатдегидрогеназа) генін бөліп алу және анықтауда ДНК сегментінің бірнеше көшірмелерін жасау үшін полимеразды тізбекті реакция (ПТР) жүргізілді. Өсімдіктің GAPDH генін pJET векторында клонданып, секвенирлеу жасалынды. Алынған көрсеткіштерді GenBank NCBI (АҚШ) халықаралық деректер базасына жіберіліп, талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде өсімдіктегі GAPDH генін кодтайтын нуклеотид тізбектері анықталды.

Жоғарыда жүргізілген дәрілік өсімдіктің биологиялық ерекшеліктерінің зерттеу әдістері мен нәтижелерін биолог мамандар дайындауда оқу үдерісінде пайдалануға мақсатында элективті пәннің оқу бағдарламасы және оқу-әдістемелік нұсқаулық дайындалды.

Дайындалған әдістеме мақсаты білімгерлерге дәріс және зертханалық сабақтар барысында дәрілік өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін зерттеу әдістері мен инновациялық техниканы қолдану тәсілдерін меңгерту және инновациялық әдістерді қолдана отырып биологиялық білімді дамыту.

Элективті пәнді оқуда біліп үйренген әдіс, тәсілдерін ғылыми жұмыс жүргізгенде дұрыс пайдалана білуді практикада дағдыға айналдыру керек.

Болашақ биолог мамандарын даярлау үшін оқыту үдерісінде компьютерлік бағдарламаларды қолдану тиімді болып саналады. Жаңа инновациялық техника көмегімен студенттердің білімді өз бетінше меңгеруі, қазіргі заманғы әдістерді игеруі, оқу іс-әрекетін зерделеуі жоғарылайды. Педагогикалық жоғары оқу орындарында оқыту үдерісінде болашақ биолог мамандарын ғылымға баулуда, жаңа инновациялық техникаларды пайдалану арқылы эксперименттік жұмыстардың сапасы артып, жоғары деңгейде жүзеге асырылады. Білімгерлердің зертханалық сабақта инновациялық техникалық құралдардың құрылысымен және оқу үрдісінде пайдалануды игереді. Бұл білімгерлердің өзіндік-іс-әрекет жасауларына көмегін тигізеді.

Қорыта айтқанда, болашақ биолог мамандарын дайындауда ғылыми-зерттеу нәтижелерін қолданудың білім беру әдістемесі дәрілік өсімдіктің биологиялық ерекшеліктерін зерттеу мақсатында, теориялық білім қалыптастыру; дәрілік өсімдіктермен жұмыс істеу барысында танымдық, тұлғалық, іскерлік қабілеттерін дамытып, жауапкершілігін арттыру, дәрілік өсімдіктерді зерттеудің инновациялық әдістері және әдістемесін меңгеруін сипаттайды. Элективті пәнінің бағдарламасы мен оқу-әдістемелік нұсқаулық биолог мамандарын дайындауда биологиялық білім берудің формалары мен әдістерін дамытуға және білімгерлердің оқу үдерісіндегі және өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыруға, пәндік және кәсіби құзіреттіліктерін арттыруға мүмкіндік береді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты // Егемен Қазақстан, 14 желтоқсан, 2012.

  2. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. – М.: ИНТОР, 1996. – 544 с.

  3. Айдосова З. Дамыта оқыту технологиясының мәселелері. – Алматы: Ана тілі, 2004. – 93 б.

4 Калиева А.Н. Биолог мамандарын дайындауда Аgrimonia L. туысы дәрілік түрлерінің биологиялық ерекшеліктерін білім беру жүйесінде пайдалану: дис. ... PhD: 5D011300 – биология. – Алматы, 2015. – 131б.

5. Daniel Long, Dr. David Carlson. Mind the map: How Thinking Maps Affect Student Achievement.-Networks.



6. Bershadskaya E.A. Application of mind maps to generate the cognitive activity of students // Pedagogical technology. - 2009. - № 3. - С. 17-21.

7. Bershadski M.E. The use of technology “Concept maps” and “Mind maps” to increase the level of information competence of students // Pedagogical technology. - 2009. - № 2. - С. 20-53.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет