Білім беру технологиялары кафедрасының академиялық доцент



бет1/11
Дата03.12.2017
өлшемі2.53 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Автор: МукутоваЖ.К.

білім беру технологиялары кафедрасының академиялық доцент

 

 

 

 



 

 

 



 

Құрастырушы : Бимендина А.Б.

Педагогика және психология

мамандығының 1 курс магистранты

                                                         Кіріспе

 

Әдістемелік нұскау жоғары педагогикалық оқу орындарының студенттері үшін «Отбасынтану» элективтік курсын меңгеруге арналған.      Әдістемелік нұсқаудың мақсаты – отбасы, отбасылық тәрбие  тұлға болып қалыптасуындағы ең маңызды  тәрбиелік институт болғандықтан бұл құрал



болашақ педагог-психологтарды тек теориялық білімдермен ғана емес, практикалық қабілеттермен қаруландыруды  көздейді.

 Болашақ педагог-психологтар  теориялық білімдерін отбасының  құқықтық, психологиялық-педагогикалық негіздерінен жетілдіріп,  отбасының даму тарихы , отбасының типтері мен функциялары, тәрбиелеу әдістері, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру мәселелері бойынша,  т.б.  білімдерді  қамтиды.

       Практикалық қабілеттерін жетілдіре отырып, отбасымен тиімді өзара әрекеттесудің әдістерімен танысып, отбасы тәрбиесінің негізгі бағыттары, қазіргі отбасы құрылымы, отбасындағы өзара қарым-қатынас жасау түрлерімен, отбасында жағымды қарым-қатынас орнату жолдарын  меңгереді.

   «Отбасынтану» курсы бойынша әдістемелік нұсқауды студенттердің қолдануы оларға білімдерін толықтыруға, практикалық қабілеттер мен дағдыларды игеруге, отбасының түрлі мәселелері бойынша кеңес беру, ата-ана жиналысын өткізу, жұмыс әдісі мен тиімді формаларын таңдау, ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасын орнату, жеке тұлға ретінде  өзін-өзі тәрбиелеу, білімін жетілдірумен айналысуға жағдай тудырады.

Бұл пән бойынша алған білімдер студентің тек жалпы құзырлылығын жоғарылатып қана қоймай,  барлық жақсы қабілеттері мен сапаларын толық ашуға, шығармашылық потенциялы мен ұмтылыстарын жүзеге асыруға, өзінің отбасылық қарым-қатынасын жақсартуға, берік бақытты отбасын құруға  мүмкіндік береді.

Оқу құралы глоссарийден, әдебиеттер тізімінен, оқылатын тақырыптар тізімі мен практикалық тапсырмалар жоспарынан, ОБСӨЖ,  СӨЖ –ден құралады. Әрбір тақырып әдістемелік нұсқаулармен ұштасады, әрбір  тақырыптар  әдебиеттер тізімімен аяқталады.

Оқу құралының соңында әрбір тақырып бойынша тесттік тапсырмалар , кестелер берілген.

 

 



 1  Тақырып : Отбасынтану пәні және оның міндеттері.               

2 Тақырып:  Отбасы тарихы

 

3  Тақырып:  Отбасының функциялары.



4 Тақырып:  Отбасының типтері

5 Тақырып:  Отбасының әлеуметтік, құқықтық негіздері.

6 Тақырып:  Отбасының тәрбие әдістері, тәрбие принциптері.

7 Тақырып:  Отбасы тәрбиесінің мазмұны.

8 Тақырып:  Отбасы тәрбиесіндегі ата- ананың рөлі.

9 Тақырып: Отбасында бала тәрбиесіне әсер ететін факторлар.

10 Тақырып: Ата -аналар беделі.

11 Тақырып: Отбасындағы қарым-қатынас түрлері.

12 Тақырып: Отбасындағы дау-дамайлар, олардың бала тәрбиесіне тигізетін теріс әсері.

13 Тақырып: Ажырасудың бала психикасына тигізетін кері әсері.

14 Тақырып: Отбасын зерттеу әдістері.

15 Тақырып: Ата – аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру жолдары.

16 Тақырып: Психологтың отбасымен жұмыс жүргізу моделдері.

17 Тақырып: Болашақ отбасылық өміргі даярлау мәселелері.

18 Тақырып: Жұбай таңдауда жастарға ерлі-зайыптылықтың үйлесімділк заңдылықтарын білу қажеттілігі

 

19 Тақырып: Махаббат отбасының моральдық негізі


 № 1  Тақырып : Отбасынтану пәні және оның міндеттері.               

1.Отбасынтану пәнінің зертеу пәні, объектісі.Отбасының адам өміріндегі алатын орны.

2.Негізгі ұғымдарына сипаттама, пәнді оқыту міндеттері.

3.Отбасын зерттеген ғалымдар.

        Отбасында адам өмірге келеді, тәй - тәйлап басады, бірінші қуанышы

мен қиындығын кездестіреді, өседі, өнеді, одан  үлкен өмірге аттанады.

Олай болса  отбасы деген не? Оның мәні неде? Қоғамда қандай рөл атқарады?

Әр адамға не береді?Осы сұрақтарды  жан - жақты қарастырып, шешуге

көптеген ойшылдар, ғалымдар ат салысқан.  

 «Неке» және «отбасы» ұғымдары арасында тығыз байланыс бар.

Өткен кезеңдердегі және қазіргі заманғы әдебиеттерде «неке», «отбасы» сөздері синоним ретінде қолданылады, алайда бұл ұғымдардың ортақ жалпы мәні де, өздеріне ғана тән жеке мәндері де бар. Ғалымдардың дәлелдеуінше, неке мен отбасы әр түрлі тарихи кезеңде пайда болған.

 Социологтардың беретін анықтамасы бойынша, неке дегеніміз- әйел мен еркек арасындағы тарихи өзгеріп тұратын қарым-қатынастардың әлеуметтік нысаны. Осы нысана  арқылы олардың жыныстық өмірі тәртіпке келтіріледі және оған рұқсат беріліп, олардың ерлі-зайыптылық  құқықтары мен міндеттері белгіленеді.

Отбасы дегеніміз – некеге қарағанда күрделірек қарым-қатынастар жүйесі, ол тек жұбайларды ғана емес, онымен қатар балаларды, туыстарды, жұбайларға жақын адамдарды да біріктіреді. Отбасы – бұл әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топ белгілерін иеленетін әлеуметтік жүйе.       Отбасы әлеуметтік институт ретінде жұбайлардың, ата-аналардың балалар мен басқа туыстардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін әлеуметтік нормалардың, санкциялардың және мінез-құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады. Отбасы – некеге немесе қандас туыстыққа негізделген шағын топ, оның мүшелері тұрмысының ортақтығымен, өзара моральдық жауапкершілікпен және өзара көмекпен байланысады.

       Отбасы туралы түрлі анықтамаларды кездестіруге болады. Ең алдымен «отбасы» деген ұғымға тоқталсақ: отбасы-бұл мемлекеттің ең негізгі іргетасы, негізі. Мемлекеттің мықты болуы отбасының берік, бақытты, мерейі үстем болуымен тікелей байланысты. Отбасының беріктігі қоғамның жағдайымен, даму қарқындылығымен тығыз байланысты.

     "Отбасы" - өзін - өзі сақтап жалғастыру және әрбір мүшенің өзін-өзі таныту мақсатында біріккен әлеуметтік - педагогикалық адамдар тобы »-Л.Д.Столяренко.

    «Отбасы өзін-өзі сақтап, жалғастыру және әрбір мүшесінің өзін-өзі таныту мақсатында біріккен әлеуметтік адамдар тобы, бір-бірімен некелік, туыстық байланыс арқылы бірігіп және бір-бірінің алдында моральдық, материалдық, тұрмыстық жауапкершілігі бар» -Т.А.Куликова.

      Ғалымдар тұжырымдамалары бойынша жанұя- адамдардың, яғни некелік жүзінде  қосылған еркек пен әйелдің,  олардың туған  немесе тумаған балаларының, кей кездерде басқа да бірге тұратын жақын адамдарының

2б.  қарым - қатынастық, бірлестік формасы.

Отбасы жас ұрпақтарды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың қайнар бастауы. Бала үшін отбасы бір жағынан - тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан - тәрбиелік  орта.

Отбасында  төмендегідей негізгі міндеттер шешіледі :

-отбасында адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және әлеуметтік бағыт-бағдар беріледі;

-қоғамның азамат мүшесі отбасында тәрбие алады;

 - салт-дәстүрлер  жалғастығы іске асады;

 -отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері азаматты, патриотты тәрбиелеу,  қалыптастыру,

-болашақ жанұя иегерін кемелдендіру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам  мүшесі  жетіледі;

   -өзіндік сана-сезім, пікір, «Мен» позициясы қалыптасады;

   - өмірде кездесетін қиындықтарды жеңе білуге тәрбиеленеді;  

   -отбасының кәсіп таңдауға да тигізетін ықпалы орасан.

Отбасындағы басты мәселелердің бірі-баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.

       «Отбасы тәрбиесі -нақты отбасының жағдайларына байланысты өтеді. Ол отбасында ата- аналардың және басқа да мүшелерінің балаға тәрбиелік ықпал ету жолдары».

      «Неке - тарихи жағдайдайларға байланысты  еркек пен әйел арасында   жыныстық қатынастарды реттеуге бағытталған, отбасын құру мақсатында біріккен еркек пен әйелдің  еркін одағы».

      Әлеуметтендіру  жеке адамның  қоғамда қалыптасқан  нормаларды, ережелерді игеруі арқылы, қоғамдық өмірге  белсенді  араласуы.

Отбасынтану пәнінің зерттеу объектісі- отбасының тәрбие институты ретіндегі даму барысындағы  негізгі тенденциялары.



Зерттеу пәні-  отбасының мәні, баланың жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ету әдістері, формалары т.б.

Отбасының қазіргі кездегі проблемалары: әлеуметтік жағдайлар, жұмыссыздық, ажырасудың көбеюі, ішімдікке салыну, нашақорлық, тастанды балалардың көбеюі, толық емес отбасылардың санының артуы, жезөкшелік, түрлі ауруларға шалдығу, қаңғырып кету, халықтың жақсы тәрбиесінде дәстүрдің азаюы - бұлардың барлығы тек отбасының ғана емес, қоғамның, мемлекетіміздің толғандыратын мәселелері.

Отбасынтану пәнінің міндеттеріне төмендегілер жатады :

    -  Отбасы тәрбиесінің теориялық мәселелерін қарастыру,

    -  Отбасы тәрбиесінің тәжірибесін зерттеу,

    -  Ғылыми жетістіктерді тәжірибеге еңгізу,

     -Студенттердің, ата-аналардың педагогикалық-психологиялық мәдениетін жетілдіру жолдарын карастыру,

       -Отбасына, балаларға педагогикалық-психологиялық көмек көрсету.

   Сонымен, отбасы не үшін қажет:                                                  2б



3б.-Біреуге арқа сүйеу  үшін;

-Ақылдаса алатындай біреу болу үшін;

-Пікірін құрмет тұта алатын біреу болу үшін;

-Қиын жағдайда қалдырмайтындай біреу болу үшін;

-Шынайы түрде жақсы сезімде болатын біреу болу үшін;

-Сондай-да құндылықтарды бағалай білетін біреу болу үшін;

-Қызғанбайтын біреу болу үшін,

-Табысқа бірге қуана алатын біреу болу үшін;

-Сенімділік таныта алатындай біреу болу үшін;

-Қиын уақытта қайғысына ортақтаса алатын және қорғай білетін біреу болу үшін;

-Заттар мен оқиғаларға ұқсас пікірмен қарай алатындай біреу болу үшін;

        -Әлсіз жақтарын теңдейтіндей біреу болу үшін.

Отбасы  мәселелері әлі толық зерттелмеген, себебі жабық институттар қатарына кіреді.

Түрлі мамандық иелерінің отбасы тақырыбына деген қызығушылығы, ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, әлеуметтік ортада отбасының өмір сүруінің көп функциялы сипатына байланысты.

      Ертеде отбасы  туралы еңбек жазғандар Платон, Аристотель, шығыс зиялыларының ішінде Қоркыт ата, Ж,Баласағұни т.б.атауға болады. 18-19 ғасырда Ресейде А.Н.Радищев, Н.И.Новиков, кейін К.Д. Ушинский, П.Ф.Лесгафт, П.Ф. Каптерев, В.Н.Сорока- Росинский т.б. Соңғы  жылғы ғалымдарға С. Зверева,Т. А. Куликова т.б. жатқызуға болады.

        Солардың ішінде Ю.П.Азаров пен В.Сатир жағдайсыз  отбасыларға ерекше көңіл бөліп зерттеген. Шетел ғалымдары ішінде жағдайсыз отбасыларды терең зерттегендер: Хоментаускас, В.В Юстицкий, Р. Спиваковская т.б.   

     Қазақстанда отбасы  мәселелерін зерттегендер: Х.Арғынбаев, Ж.Б.Қоянбаев, К.Бейсенбаева, М.Тажин, Б.Аяғанова, М.Т.Баймұқанова секілді ғалымдардың еңбектерін атауға болады.

      Жалпы алғанда, отбасын зерттеу бірнеше бағытта жүргізілді:

-отбасы мен некенің туындауын және қоғамда дамуын зерттеу Дж.Ф.Мак-Ленанд, Л.Морган, Г.И.Бахофен, Ф.Энгельс, Ю.И.Семенов М.Мид және басқалары;

-отбасы мен некенің типтері мен түрлерінің дамуын зерттеу И.В.Гребенников, С.В.Ковалев, В.П.Меньшутин және басқалары;

               -отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы психологиясының    мәселелеріС.В.Ковалев,Л.В.Ковалева,А.И.Кочетов,В.Сатир,А.Я.Варга,И.В.Гребенников, Ю.И.Семенов, С.Д.Лаптенюк,  А.М.Нечаева т.б.;

-отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін анықтау, отбасылық тәрбиенің әдіс-тәсілдерін жасау Ю.П.Азаров, П.Ф.Лестгафт, А.С.Макаренко,В.А.Сухомлинский және басқалары;

                   

 
 

               №2 Тақырып:Отбасы тарихы

         1.Алғашқы  қауымдық құрылыстағы қатынас түрі.

         2.Жұп отбасының өмірге келуі.

         3.Отбасының дамуы қоғам дамуымен тығыз байланыста болуы.

         4.Қазіргі кездегі  отбасындағы проблемалар.

                         Кез-келген халықтың жаңа буын жас өркені – шаңырақ көтеріп, отбасын құрудан басталатындығы табиғи шындық. Халқымыз осынау бір аса жауапты кезеңді тіршіліктің ішкі мәнімен тереңдете түсіп: «адам ұрпағымен мың жасайды», - деп тұжырымдаған екен. Сөз жоқ, бұл тұжырымда өміршең ұрпақ жайында айтылып отырғандығы күмән тудырмаса  керек.

     Отбасы- әлеуметтік институттардың ішінде ең ежелгісі. Отбасының  табиғаты мен мәнін анықтауға ғалымдар түрлі тұрғыдан қарастырды.

     Отбасы – қоғамның ең маңызды тобы, бірлестігі. Ежелгі грек философы Платонның  «Мұрат тұтатын мемлекет» деген  жобаларында  қоғамды нығайту мақсатында әйелдердің, балалар мен мүліктердің бәріне ортақ болун ұсынды. Оның пікірінше отбасы дегеніміз -  өзгермейтін бастапқы қоғамдық ұяшық: отбасылардың бірігуі нәтижесінде мемлекет пайда болады  деген пікір айтқан.

      Ал Аристотель болса «Жанұя –адамдардың қарым – қатынастарының ең бірінші түрі және ол мемлекеттің бірінші кішігірім бөлігі», - деп санады.

    Француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо: «Барлық қоғамдардың ішіндегі ең ежелгі әрі жалғыз табиғи қоғам – бұл отбасы. Сонымен, отбасы – бұл, керек болса, саяси қоғамдардың бейнесі, үкімет - әке тәрізді, халық – балалары іспеттес», - деп жазды. Антика, орта ғасыр философтары  отбасылық қарым – қатынастан қоғамдық қарым – қатынас шығады деп түсіндірді, отбасының ерекше әлеуметтік институт ретінде сипаттамасына емес, мемлекетке деген  көзқарастары басым болды.

        Қоғамдық экономикалық формациясының қайсысы  болмасын әр қилы  отбасы түрлерімен тығыз байланысты болған.

      Қазіргі XXI ғасырдағы қазақ отбасының негізгі міндеті – қоғамдық, топтық және жеке қажеттілікті қанағаттандыру. Бұл ғасырда тәуелсіз болып атаған Қазақстан мемлекетінің әлеуметтік ұясы болғандықтан, отбасы бірнеше маңызды талаптарды орындауды мойнына алады. Сондай-ақ, отбасының әрбір мүшелерінің ортақ мүддесін басты міндет етеді.

         Патриархалды отбасы алғашында ежелгі гректер отбасында, соңынан римдік отбасы түрінде қалыптасты. Римше отбасы – familia, «семья рабов –  құлдар отбасы» деген мағынаға ие. Сондықтан болар, гендерлік саясатты насихаттаушылар арасында отбасын басқарушы әкеден басқасы (әйел 5б.

 6б. жағдайы) құл ретінде саналды деген түсінік болған. Алайда оны басқашада түсінуге болады. Адам баласы өздерін жаратушының құлымыз деп түсінгендіктен де осындай атауды лайық көруі мүмкін. Сондықтан да бұл атау отбасының патриархалды немесе матриархалды екендігіне қатысты емес деген пікір қосуға болады.

   Отбасының  туындауы мен дамуы туралы ғылыми тұрғыда   диалектикалық материалистік көзқарасты  негіздеп берген Ф.Энгельс.

      Неке мен отбасына деген тарихи көзқарасты  бекітудің  басында «Ана құқығы» деген еңбектің авторы , швейцар ғалымы  И. Баховен тұр.

   Америка этнографы  Л. Морган « Көне қоғам»   атты еңбегінде алғашқы қауымдық құрлыста отбасы түрілерінің даму жолын бүкіл әлемге материалдық тұрғыда түсіндіріп, топты некеге  негізделгенін мәлімдейді..     Ондағы некелер тобы рулар ішіндегі бірімен  бірі жыныстық қатынаста бола берген. Ұрпақ  бір-біріне аға-қарындас бола тұра некелес болған. «Алғашкы заманда,-  дейді  К.Маркс,-қарындасы ағасының әйелі болған, мұның өзі әдептілікке жататын болған... . К.Маркс: «Отбасы қоғамның дамуына байланысты дамуы керек және қоғамның  өзгеруіне қарай  өзгеруі керек», -деп атап өтті.

     Ретсіз жыныстық қатынас - экзогамия деп аталған,кейін оған тыйым салынған ( табу) .

       Қауымдық қоғамдағы өндіруші күштердің дамып, еңбек бөлініп шығуына байланысты қауымдық жеке меншік орнына жеке меншіктің пайда болуы  моногамиялық отбасының пайда  болуына себеп болды. Моногамиялық отбасы  варварлық дәуірдің соңғы кезеңінде басталды да,  оның жұпты  некеге айналып, цивилизация дәуірінің басында еркектер үстемдігінің орнауымен байланысты болды. Некелесу не ажырасу тек еркектер үлесіне тиді. Ф.Энгельстің айтуы бойынша, топты неке жабайылық дәуірге тән болса,жұпты отбасы  варварлық,ал моногамиялық отбасы цивилизация дәуіріне тән болған. Х1Х ғасырдың ортасына дейн адамдардың санасында неке мен отбасына деген діни пікір басым болды.

    Х1Х мен ХХ   ғасырдың аралығында негізінен дара шағын отбасы үстем болған. Дара шағын отбасында үлкен патриархал отбасылардың сипаттары сақталып келген.

   Үлкен патриархал отбасы Орта Азия мен Қазақстанда қашан пайда болған  туралы А.Ю.Якубовский, А.Н.Бернштан, Н.А. Кисляковскидің еңбектерінен көруге болады. Ол туралы этнограф С.М. Абрамзон еңбек жазды. Ү.П. О. қалдығы ХХ ғасырдың   аяғына  дейн созылды.

    Отбасы жеке тұлғаның әлеуметтік бағдар алуында басты рөл атқаратынын Ю.В. Сычев «Микросреда  и личность» деген еңбегінде атап өткен.

     Жеке тұлғаның әлеуметтену  барысында отбасындағы әдеттердің, дәстүрлердің, ғұрыптардың мәнін зерттегендер қазақстандық  философтар  Қ.Нұрланова,Ж.К.Қаракөзова ,Р.М. Мұстафина, .М.Ш.Хасанова т.б. 

    Шығыстағы халықтардың  тарихында моногамдық  отбасымен қатар  көп 7б. әйел алу салты болған ол полигиния деп аталған, көп  рет некелесу -полигамия,ал  үнді-тибеттік халықтарында  әйелдің көп күйеуге шығуы –

7б. полиандрия деп аталған. Қазақтарда жеңге алу және балдыз алу салттары болған ,олар левират және сорорат деп аталған.    

      Қазіргі заманның отбасына әлеуметтік талдау жасағандар Н.А.Аитов, У.Ауталипова, У. Бекжанов, К.Г.Габдуллина, З.Ж. Жаназарова және т.б.

    Қазіргі кезде шағын кішігірім нуклеарлық отбасылар кең тараған. Өкінішке қарай, толық емес отбасылардың саны да көбейіп келеді. Негізінде тең  құқықты эгалитарлы отбасыларының болуымен сипатталады.

     Қоғамдағы  проблемалар  экономиканың тұрақсыздығы, денсаулық сақтау, білім берудегі дағдарыстар көптеген отбасының  тұрмыс деңгейінің  төмендеуіне  әсерін  тигізіп отыр. Тұтыну тауарларының бағасы  күрт өскендіктен,  отбасылардың көп бөлігі  нашар тұрмыс кешуде.         Психологиялық  ахуалы нашар, тұлғааралық  қарым - қатынасқа түспейтін, балаларын  ұрып - соғатын  отбасылардың саны өсуде. Тұрғындардың  көбі  кедейліктің күйін кешуде, денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет салаларының әлсіреуі  баланың  қоғамдағы орнын анықтауға, жұмыссыздық  деңгейінің артуы - әлеуметтік-экономикалық  потенциалының төмендеуіне  әсер етеді. Көптеген  отбасыларға балаларды  тәрбиелеп, жетілдіру үшін  уақыт пен қаражат  жетіспейді.

    Шындығында, бұл күнде өркениеттен жаһандануға бет бұрған тұста кез – келген қазақ отбасының әлеуметтік – мәртебелік қызметі белсенділік танытуда. Себебі, нарықтық экономика талабына сай отбасы өзінің әрбір мүшесінің қоғамда әлеуметтік жағдайының төмен болмауын қатты қадағалайды. Кейде отбасының барлық мүмкіндігін шектей отырып, осыған күш салады. Отбасында бала санының көбеюінен гөрі олардың сапасына көңіл көбірек бөлінеді. Оларға білім беру мен тәрбиелеуде, әлуметтендіруде өмірдегі мәртебелік бейнесінің жоғары болуына басымдылық береді. Мықты маман болуы, әлуметтік жағдайының жақсы болуы, қоғамның белсенді мүшесі болуы - әлеуметтік – мәртебелік қызметтің басты мақсаты.

            
3  Тақырып:  Отбасының функциялары.

1.     Отбасы функцияларының зерттелу жәйі.

2.     Отбасының спецификалық және спецификалық емес функциялары,оларға сипаттама.        

         3.   Қазіргі кездегі отбасы функциялары.

            

       Отбасы мүшелерінің белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандырумен тығыз байланысты отбасының өмір сүру салты «отбасы функциясы » -деп аталады.

     Отбасының бірнеше функиялары болады. Зерттеушілер А. Г. Харчев, И.В.Гребенников, А.И.Кочетов келесі функцияларды бөліп   көрсетеді: репродуктивті,  экономикалық, тәрбиелік, демалыс пен сауықты  ұйымдастыру.Уақыт өткен сайын  отбасы функцияларында да өзгерістер пайда  болып отырады. Жоғарыда айтып кеткендей отбасының функциялары қажеттіліктермен тығыз  байланыста болатынын сөз етіп кеттік.

      Қажеттіліктер – бұл субьект пен оның қалыпты өмір сүруі мүмкін емес жағдайлар арасындағы обьективті байланыс.

  Американ психологі А.Маслоудың , болгар социологі С. Михайлов  адам қажеттіліктерінің әлеуметтік мәніне байланысты бірнеше түрлерін көрсеткен.

  Ал, орыс ғалымы И.В.Гребенников отбасының қызмет түрін: өмірге адам әкелушілік, экономикалық, тәрбиелік, қарым – қатынастық және демалыс пен бос уақытты ұйымдастырушылық деп толықтыра, аясын кеңейте түсті. Отбасын әлеуметтік педагогика тұрғысынан қарастырған орыс ғалымдары  Ю.В.Василькова мен Т.А.Василькова.

    Н.Я.Соловьеваның айтуы бойынша "отбасылық қажеттіліктердің саны қанша болса, отбасының функцияларының саны да сонша". Г.Навайтис отбасы қажеттіліктерінің келесі топтарын бөліп көрсеткен:

- отбасының тіршілік әрекетіне қажетті материалдық шарттарды құру және сақтау;

- анаға байланысты құрметтеу, сыйлау, жақсы көру қажеттіліктері;

- психологиялық және физиологиялық жақындықты қажетсіну;

- отбасылық  қарым - қатынасты қажетсіну.

      А.Г. Харчева функциялардың ішінде репродуктивті функцияны ерекше бөліп көрсеткен.

 Сонымен қатар одан да басқа әлеуметтік функцияларды атап көрсетейік:    8б.

9б.- тәрбиелік;

- регенеративтік - статус пен билік - мүліктің берілуі;

- шаруашылық - тұрмыстық - балаларға, отбасының қарт адамдарына күтім.

- экономикалық - экономикалық қолдау.

- рухани қарым - қатынас;

- эмоционалдық - психологиялық қорғауды алу;

    Белгілі ресейлік ғалым Г.М.Коджаспирова отбасы қызметінің психологиялық жағын кеңірек  қарап, қызмет санын 9-ға жеткізген: репродуктивті, шаруашылық – экономикалық, тәрбиелік, әлеуметтендірушілік, психотерапевтикалық, қалыпқа түсірушілік, реттеушілік, қарым – қатынастық және әр отбасы мүшесінің бақытты болуына жағдай жасаушылық (фелицитологиялық).   Отбасы жеке адамның,топтың, қоғамның талаптарын қанағаттандырумен маңызды.

       Адам баласының қалауынша отбасын құрып ұрпақ таратуы, бірлесіп қалыптасқан өмір салтымен ғұмыр кешуі, ғасырдан – ғасырға мирас болған – этномәдениет негізі. Адамзатқа этномәдени құндылық болып саналған отбасылық өмірдің қазақ  ұлты үшін де мақсат – мүддесі ерекше.

Отбасын құрудың әлеуметтік негіздері бар, яғни, әлеуметтік қажеттіліктер тұрмыс құрып – үйленуге, отбасын құруға итермелейді. Бұл қажеттіліктер:

1        ұрпақ тарату үшін;

2        ата – анаңды бағу үшін;

3        махаббат пен сүйіспеншілік;

4        бөлек өмір сүру үшін;

5        мұрагерлікке ие болу үшін;

6         мүдде көздеп немесе арнайы есеппен;

7        Басқалардың ықпалымен;

8        өзара түсінісу, ұнату;

9        құмарлық, нәпсі жетегінде;

10   кездейсоқтық;

11   тәуелділік.

     Отбасындағы қажеттіліктерге байланысты отбасының қызметтері жүзеге асырылады.

         Отбасы мүшелерінің белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандырумен    тығыз байланысты  отбасының өмір сүру салтын "Отбасы функциясы"  ұжымымен байланыстырады. Отбасы қанша қажеттіліктерді  тұрақты қанағаттандырса, сонша функциясы болады. Дәстүрлі түрде зерттеушілер келесі функцияларды  бөліп көрсетеді; репродуктивті, экономикалық, тәрбиелік, демалыс пен сауықты ұйымдастыру. Мұндай жіктеуді А.Г.Хорчев, И.В.Гребенников, А.И.Кочетовтар  жақтайды.

    Л.М.Панкова  отбасының  қызметтерін: бала туу, тәрбиелік,  шаруашылық -  экономикалық, тіл табысушылық деп төртке бөліп көрсетті.

     Ал орыс ғалымы И.В.Гребенников отбасының қызмет  түрін:  өмірге  адам әкелушілік,  экономикалық,  тәрбиелік,  қарым - қатынастық және демалыс  пен бос уақытты ұйымдастырушылық деп толықтыра, аясын  кеңейте түсті.

       Отбасы жеке адамның, топтың, қоғамның талаптарын 10б.қанағаттандыруымен маңызды. Қоғамның  іргетасы  болғандығынан  да оның  қоғам мүшелерімен  үздіксіз  толықтырып отыратын, адамзат ұрпағын  өмірге әкелетін  өнімпаздық қызметін  басқа ешқандай  орталық бөліп атқара алмайды. Сондықтан отбасы - өзінің  атқаратын  ауқымды  қызметі  бар әлеуметтік  институт. Қазақ  отбасы қазақ халқының, Қазақстан Республикасының  маңызды  талаптарын орындауға, оның ішінде халықтың  санын өсіруге  тиісті қоғамның әлеуметтік ошағы бола тұра, жалпы отбасылық  мүдде  мен  жеке мүшелерінің де талабын орындайды.

          Қазіргідей білім  мен ғылым, техника қарыштап дамыған заманда қазақ отбасның жан - жақты қызметі:

өмірге ұрпақ әкелу;

- тәрбиелеу және әлеуметтендіру;

- қарым - қатынастық  және  психологиялық реттеушілік;

-  экономикалық және шаруашылық;

- әлеуметтік - мәртебелік;

- бос уақытты ұйымдастырушылық.

Отбасының  бұл қызметтері бірі -бірімен тығыз байланысты, бірін - бірі толықтырады, өзара жете түсініседі.

         Бала туу, өмірге адам әкелу - отбасының негізгі қызметі. Оны ешқандай мемлекеттік мекеме немесе басқа әлеуметтік  институттар атқара  алмайды. Адамның биологиялық мүмкіндігін  іске асыру  ерлі  -зайыптыларға  телінген  басты міндет болмақ. Ол неке  арқылы бекіп,  отбасы  жағдайында  жүзеге асқанда ғана  қалыпты  жағдай болып саналмақ. Бұл үлкен  жауапкершілікті , рухани  қарым - қатынасты  қажет етеді.  Ерлі - зайыптылардың  махаббатының  жеміс беруі, өсіп - өркендеуі, өмірде ата - ананың  орнын басатын  ұрпақпен жалғасуы және олардың саны - әке мен шешесінің қалауымен  болатын іс. Бұл бір жағынан, саяси демографиялық мәселе  болғандықтан  да ұлтжандылық пен адамгершілікті талап етеді.

           Шындығында, бұл күнде өркениеттен  жаһандануға  бет бұрған  тұста  кез келген  қазақ отбасының  әлеуметтік  - мәртебелік қызметі белсенділік танытуда. Себебі, нарықтық экономика талабына сай отбасы өзінің  әрбір мүшесінің  қоғамда әлеуметтік  жағдайының  төмен болмауын  қатты қадағалайды. Кейде отбасының барлық мүмкіндігін  шектей отырып,  осыған күш салады.  Отбасында  бала санының  көбеюінен  гөрі олардың сапасына  көңіл көбірек  бөлінеді. Оларға білім  беру мен тәрбиелеуде, әлеуметендіруде өмірдегі  мәртебелік  бейнесінің жоғары  болуына  басымдылық береді. Мықты маман болуы, әлеуметтік жағдайының жақсы  болуы,  қоғамның белсенді  мүшесі  болуы - әлеуметтік- мәртебелік қызметтің  басты мақсаты.

        Шынайы махаббат пен адамгершілікке  негізделген  жақсы отау құруды кім армандамайды? Өйткені, адамның  біреуді  сүюге, некеге  отыруға  қабілеті  жеткеннен кейінгі  барлық өмірінің  бақыты, өсіп - өркендеуі осы мақсаттың  қалай шешілуіне   байланысты  екені рас. Бұл арнайы  сөз етуге  тұрарлық мәселе, оған баласының  бақытын  ойлаған  жандардың  көпшілігі  -  толғануы тиіс. Шынында да махаббатты оның негізінде  құрылған  отбасын қастерлеп  сақтай білу үшін ерлі - зайыптылардың  бір - біріне беріктегі, 11б.құрметі,  сыйласымдылығы, моральдық жауапкершілігі аса қажет. Айталық, үйленген соң ер адам үйдің  барлық тауқыметін әйелдің   үлесіне тастап, өзі дайын тамақ ішіп, таза үйде  тұрып,  жуылған, үтіктілген киім киіп, жұбайының  көңіл - күйіне, рухани өсуіне,  қоғамдық пайдалы еңбекке араласуына, ерлі - зайыптылардың  жарына деген қамқорлығы мен ілтипатына көңіл бөлмесе, олардың ортақ мүдделері  жойылып, достығы мен махаббаты бәсеңдейді.

       Функцияларды өзара спецификалық және спецификалық емес деп 

бөлуге болады.

Спецификалық функцияларға репродуктивті функциясы(бала туу),  экзистенциалды функцияны (баланы күту және тәрбиелеу)жатқызамыз.

 Бұл функциялар  қоғамның өзгеруіне тәуелді емес.

  Спецификалық емес функциялар бұл-статустың, шаруашылықтың берілуі, денсаулыққа күтім, отбасы мүшелерінің жағдайы т.б.

    Отбасының репродуктивті функциясы. Бұл функцияның екі міндеті болады: қоғамдық - халықтың биологиялық қайта жаңғыруы, жеке - балаларға деген  қажеттілікті  қанағаттандыру. Э.Дюрнгеймнің пікірінше, жыныстардың қарама - қарсылығы неке одағының  негізі ғана емес, отбасындағы  ізгілікті жақындықтың  негізгі себебі. Ол отбасы - неке қарым - қатынастарының  тұрақтылығына әсер етуші  күші жағынан  қандас туыстық тәрізді  фактордан да басымырақ. Бұдан отбасының келесідей  маңызды функциясы шығады.

     Бұл - жеке  тұлғаны әлеуметтендіру, жаңа  ұрпаққа  мәдени мұраны беру, адамның балаға, оны тәрбиелеуге  және әлеуметтендіруге қажетті адамның  өміріне мән береді. Жеке тұлғаны  әлеуметтендірудің  басты нысаны  ретінде  отбасының басымдығы табиғи  - биологиялық себептерге байланысты екені анық. Басқа топтарға қарағанда  өзінің ерекше ізгілікті - эмоционалды психологиялық махаббат, қамқорлық, құрметтеу, мейірімділік атмосферасының арқасында отбасының жеке тұлғаны әлеуметтендіруде  үлкен басымдығы бар.

      Баланың өміріндегі алғашқы бес жылдың маңызы зор, себебі осы кезеңде  баланың дамуында әсерлі өрлеу болады, жеке тұлғаның келесідей негіздері қалыптаса бастайды - ес, зейін, сөз, ойлау, сөйлеу, эмоциялар, т.б.

      Отбасының келесі маңызды функциясы   экзистенциалды функция  - өз мүшелерін әлеуметтік  және эмоционалды қорғау функциясы. Кез - келген құбылыстың мәні қатерлі жағдайда айқындалатыны  белгілі. Қауіп төнген  сәтте  адамдардың көпшілігі  өз отбасымен  болуға тырысады. Өмірі мен денсаулығына   қауіп төнгенде, адам ең жақын туыс адамын көмекке шақырады.  Отбасында адам өз өмірінің  құндылығын сезінеді, риясыз берілуді, жақын адамдардың өмірі үшін  құрбандыққа  баруға әзірлігін көреді.

      Отбасының келесі маңызды функциясы экономикалық және шаруашылық - тұрмыстық функция. Қоғамдық тұрғыдан алғанда бұл функцияның  мәні қоғамның кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз мүшелеріне қолдау жасауда, отбасының бір мүшелерінің басқа мүшелерінен материалдық қаражат пен шаруашылық - тұрмыстық  қызмет түрлерін алуда.


Каталог: Книги -> 213
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы
213 -> Технологиясы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет