Білім беру саласы: таным, қатынас. Бөлімі Тақырыбы: «Көжекті жасыр»



Дата26.10.2018
өлшемі27.63 Kb.
Білім беру саласы: таным, қатынас. Бөлімі Тақырыбы: «Көжекті жасыр». Мақсаты: төрт мүмкіндіктің ішінен екі берілген нысанды таңдауға үйрету; түстері бойынша нысандарды топтастыру дағдысын бекіту; қызғызлт сары, көк, жасыл, қызыл түстермен балаларды таныстыруды жалғастыру; саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалсын жетілдіру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: ойыншықтар: түлкі, қоян; қорап; ортасынан екіге бөлінген карточкалар («Алаңқайлар»); қызыл-көк, көк-қызғылт сары, қызғылт сары-жасыл, жасыл-қызыл (бір-бірден әр балаға, оқу іс-әрекеті барысында карточкалармен ауысуы мүмкін); көжектер: әр балаға 12 данадар (әр түстен 3 дана). Сөздік жұмыс: ұзын құлақ. Билингвальды компонент: көжек-зайчонок.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Ойындық жағдаят.

Есік қағылады, есіктің алдында қорап тұр.

-Балалар,қораптың ішінде бір нәрсе тықырлататын сияқты,кәне қарайықшы.

-Ой бұл не?

-Қараңдар, оның үсті су, көжекті иесі жаңбыр астында ұмытып кетіпті.

Билингвальды компонент: көжек-зайчонок.

-Ал ойыншықты жаңбыр астына қалдыруға бола ма? Кәне, көжегімізді еркелетіп, оған ол туралы тақпақ айтып берейік.

Тыңдаңдар:

Мен кішкентай көжекпін,

Қорқақ емес-өжетпін.

Маған зорға тигені-ай,

Үлкендерден кезектің.

Қ. МырзаӘли.



Қызығушылықтары туады.

Бұл көжек.

Балалар көжекке аяушылық білдіреді.

Тақпақты мұқият тыңдайды.



Ұйымдастырушылық ізденіс

Көжекке сәбилер тобында қонақта болғаны ұнағаны соншалық, ол тіпті өзінің достары-кішкентай көжектерді шақырады.

  • Балалар, сендердің көжектеріңнің түсі қандай?



  • Көжектің айтуы бойынша, осы маңда қу түлкі жүрген сияқты. Ол көжектерді ұстап алғысы келеді.



  • Кәнеки, біз оларды алаңқайға тығып қояйық (түрлі түсті қатты қағаз бетерін көрсетеді.)



  • Қараңдаршы, қандай алаңқайда түлкі қызыл көжегімізді байқамай қалады?-Қызыл алаңқайда ма, жасыл алаңқайда ма?



  • Демек, бізге көжекті дәл оның түсіндей алаңқайға жасырып қою керек.

-Тезірек өзи көжектеріңді тығып қойыңдар, ал түлкі оларды іздейтін болады.

Міне, қалай жақсы етіп көжектеріңді тығып қойғансыңдар, тіпті түлкі оларды таба алмай қалды. Ал қалған көжектер орманға қашып үлгереді, түлкі оларды таба алмай қалатын болды.



Сөздік жұмыс: ұзын құлақ.

Жеке жұмыс жүргізеді.





  • Сары, жасыл, қызыл, көк.

Қызылда.

Балалр төрт түстің ішінен тек керек екеуін таңдай отырып, көжектерді тығып қояды.

Қайталайды: ұзын құлақ.



Рефлексиялық түзетушілік

«Түлкі және көжектер» дидактикалық ойыны.

  • Ал енді ойын ойнайық, мен түлкі боламын, ал сеендер көжек боласыңдар. Түлкі сендерді қуу керек. Ал сендер

  • Көжектер, менен қашып, тығылып қалуларың керек.

Балалардың барлығы «Көжек» болып түлкіден тығылады.

Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: төрт мүмкіндіктің ішінен екі берілген түсті нысанды топтастыруды және салыстыруды;

Түсінеді: орман аңдары туралы түсінікті: түлкі қоян;

Қолданады: негізгі түстерді: қызыл көк, қызғылт сары, жасыл түстерді; педагогтің көрсетуі бойынша әрекет етуді.
Каталог: uploads -> doc -> 11f3
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
11f3 -> Золотистая соломка
11f3 -> Ящерицы, змеи, черепахи могут поворачивать голову, опускать ее вниз, поднимать вверх. В связи с чем они могут так вертеть головой?
11f3 -> Сабақтың тақырыбы Хиуа хандығының езгісіне қарсы және патша үкіметі отарлау саясатына қарсы қазақ халқының азаттық күресі


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет