Білім беру министрлігі жауапты редакторы М. Б



бет2/10
Дата18.03.2018
өлшемі1.75 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2. Дыбыстардың жіктелуі

ДАУЫСТЫЛАР МЕН ДАУЫССЫЗДАР

Акустикалық, артикуляциялық және басқа белгі-қасиеттеріне карай тіл дыбыстары алдымен дауыстылар және дауыссыздар деп екі үлкен топқа топтастырылады. Бұлардың әрқайсысына тән негізгі айырым-белгі, ерекшеліктер мынадай болып келеді.

1. Дауыстылар дауыстан (тоннан) жасалады да, салдырдың қатысы елеусіз болады. Ал дауыссыздар, керісінше, салдырдан жасалады. Тон қатысуы да, қатыспауы да мүмкін.

2. Дауыстыларды айтқан кезде ауа кедергісіз, қарқынсыз шығады да дыбыстау мүшелерінің барлығы дерлік қатысады. Мәселен, а дегенде дауыс шымылдығы дірілдейді, тіл сәл артқа тартылады, жақ (ауыз) кең ашылып, ерін екі жаққа қарай тартылып (езулік болып) айтылады. Ал, дауыссыздарды айтқанда, ауа кедергіге ұшырап, қарқынды шығады да, бірер ғана дыбыстау мүшелері қатысады. Мәселен, п дыбысын айтқанда, екі ерін ғана қозғалысқа түседі.

14

3. Дауыстылар буын құрайды, дауыссыздар құрамайды. Мұның өзі — дыбыстарды жіктеудегі басты айырым белгі.



4. Дауыстыларға екпін түседі. Дауыссыздарда мұндай қасиет болмайды.

5. Дауыстылар дауыстап, созып айтуға келеді. Ән (вокаль) дауыстылардың; осы қасиетіне негізделеді.

6. Дауыстылардың дауыссыздарға ықпалы күшті болады. Жоғарыда ат, ет, от, өт сездерінің құрамындағы т фонемасының дауыстылардың әсерінен төрт түрлі реңге ие болатыны айтылды. Сондай-ақ дауыстылар қатаңдарды ұяңдатып тұрады. Мәселен: қабы (қап-ы), қарағой (қара қой) ағ ешкі (ақ ешкі), т. б.

Орыс тілінде керісінше, дауыстыларға дауыссыздардың ықпалы күшті болады.

ДАУЫСТЫЛАР (ВОКАЛИЗМДЕР)

Қазіргі қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың саны, сапасы жөнінде әлі күнге бірізділік болмай келеді. Мұның өзі дауыстыларды оқытуда, оларды танып-білуде ала-қүлалық тудырып, көп қиындық келтіріп жүр. Тіліміздегі әр түрлі фонетикалық заңдылықтарды (сингармонизм, буын екпін т. б.) дүрыс меңгеру алдымен дауысты дыбыстарды нақты білумен байланысты.

А. Байтұрсынов: “Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Дыбыстар дауысты, дауыссыз болады. Соған қарай таңбалары да дауысты, дауыссыз болып бөлінеді” [6, 11] — дейді де, олардың бесеуі дауыстылардың таңбасы деп көрсетеді. Мұның езі сол кездегі араб графикасының мүмкіндігіне негізделген..

Жалпы ертелі-кеш жарық көрген оқулықтар мен зерттеулерде қазақ тіліндегі дауіыстылардың саны жеті [13, 172], сегіз [46, 2], тоғыз [58, 11; 48, 15; 42—45; 35, 17], он бір [19, 103; 3, 225; 36, 82; 39, 37; 9, 18; 11, 13], он екі [29, 30; 37, 34; 4, 4], он үш [52, 3], он төрт [1], он бес [14, 97; 10, 10; 5, 11; 23, 6] болып келеді.

Қазақ тілінің байырғы төл сөздерінің құрамында тоғыз (а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і) дауысты дыбыс барлығы (мұның өзі жоғарыдағы пікірлердің бәріне ортақ) ешқандай дау тудырмайды. Бұл дауыстылар әсіресе тіліміздің кешегі В. В. Радлов, П. М. Мелиоранский сипаттайтын тұсына толық сай келеді.

15

Алайда қазіргі қалпын таныта алмайды.



Бүгінде тіліміздің сөздік құрамы күрт дамыды. “Қазақ тілінің орфографиялық сөздігіне” (1978) енген сөздердің 20 процентке жуығы орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген халықаралық сөздер. Оларды біз орыс тіліндегідей жазып, айтып жүрміз. Бұл сөздерді айтуда біздің әлгі тоғыз дауыстымыз кейде әжетке жарағанмен, көбіне дәрменсіз болып қалары аян. Олай болса, қазіргі қазақ тіліндегі дауыстылар туралы айтқанда, осы тоғызбен шектелуге әсте болмайды.

Қазіргі.тілімізде он бір, он екі дауысты бар деушілер щындыққа жақын тұр. Бұлардың біріншісіне екіншісшің қосқаны — тек э дыбысы. Қалған жағдайда іштей жіктеу, сипаттауға келгенде бір-бірімен үндесіп жатады. Екі топқа да тән үлкен жаңсақтық — қазақтың байырғы сөздерінің құрамында и, у (мысалы: бу, су, ки, қи, т. б.) дауысты дыбыстары кездеседі деп қарауы. Бір қызығы, зерттеушілер мен оқулық авторларының көбісі бұл екі әріптің әрқайсысы екі дыбыстың ұу, үу.ыу, іу, ый, ій, қосындысы екенін біле отырып, дауыстыға жатқызып жүр. Жатқызып қана қоймай, оларды ( и, у әріптерін) дифтонг, дифтонгоид деп дәлелдеуге тырысады [19, 111— 112; 3,223].

Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды эксперименттік жолмен зерттеп жүрген Ә. Жүнісбеков және басқа ғалымдар байырғы сөздеріміздің құрамында кездесетін осы екі (и, у) әріпті дауысты дыбыстар деп қарамайды [42-45; 24-25; 35].

Мұндай дауыстылар бар десек, басқаны айтпағанда тіліміздің екі үлкен заңының түп-тамырына балта шапқан болар едік. Біріншіден, сөздердің құрамында екі дауысты қатар тұра беретін болады: суы, буын, келуі, миы, тиын, тиін. Екіншіден, сөз ішінде буын дауыстыдан басталып (бару-ым, келу-ін, оқи-ын, су-ық) және дауысты жеке буын құрайтын (су-ы, бару-ы, келу-і, қи-ы.) болады. Мұның екеуі де тіліміздің табиғатына қайшы екенін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. И, у байырғы сөздеріміздің құрамында дыбыс бола алмайтыны Ә. Жүнісбеков еңбектерінде әбден дәлелденген.

Ал қазақ тілінде 15 дауысты бар дейтін пікір тіпті де сын көтермейді. Бұл дыбыс пен әріпті шатастырудын нәтижесі ғана.

Қысқасы, қазіргі қазақ тіліндегі дауыстылардын саны, сапасы

16

дейтін мәселеге қолда бар оқулықтар мен зерттеулердің бірде-біреуі толық жауап бере алмаса керек. Сондықтан алдымен тіліміздегі дауыстыларды сан жағынан айқындап алу керек болады.



Біріншіден, қазақ тілінің байырғы сөздерінің құрамында тоғыз дауысты дыбыс бар екені рас.

Екіншіден, орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген сөздердің дыбыстық құрамын ескеру қажет, Ескеріп қана қоймай, олардың табиғатын терең танып, төл дыбыстарымызбен бірдей қарауымыз керек.

Қазіргі орыс тілінің дауыссыздары төл дыбыстарымызға айналды. Тіпті байырғы сөздеріміздің өзін в, ф, х дыбыстарымен (орфоэпиялық сөздіктерді қараңыз) айтып жүрміз.

Ал орыс тілінін. дауыстыларын танып игеруде онша бір ауыздылық жоқ. Дауыстыларымыздың санындағы ала-қүлалықтың өзі алдымен осымен байланысты. Егер саусакпен санарлық сөздердің құрамында (қаһар, гауһар, жаһан) үшырайтын һ өз алдына дербес дыбыс деп танытатын болса, тіліміздегі мыңдаған сөздердің қүрамында кездесетін орыс тілі дауыстыларынын әрқайсысы фонетикамыздан өз паспорттарын алатын уақыт жетті. Сондықтан да қазіргі қазақ тілінің дыбыс жүйесі сөз болған кезде оларға да лайықты орын берілуге тиіс.

Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала: “Дауысты дыбыстар мыналар: а, ә, е, ё, и, о, в, у, ү, ұ, ы, і, э, ю,я [5, 11] —деп үйренеді. “Бұлардың ішінде орыс тілінен енген дауысты дыбыстар мыналар; ё, э, ю, я” [23, 6] Сонда орыс тілінде қанша дауысты фонема болғаны?

Орыс тілінің академиялық грамматикасының айтуынша, негізгі дауысты фонемалар: и, у, е, о, а [51, 76]. Рас, бірсыпыра оқулық, зерттеулерде бұларға ы дыбысында қосады [47.] Әлгі аталған грамматикада мүның өз алдына фонема бола алмайтындығы, тек и фонемасынын бір (жуан) түрі ғана екені айтылған (51, 70).

Орыс тіліндегі дауыстылар сан жағынан аз болғанмен, сапа жағынан аса күрделі. Қазақ тілінің байырғы дауыстыларынан ерекшелігі — олардың дауыссыз дыбыстарға тәуелді болып, солардың жетегінде кететіндігі, бір дауыстының бірнеше сапаға ие болатындығы. Мәселен, бір ғана а фонемасы екпіннің түсуіне, екпінді буыннан ара қашықтығына, дауыссыздардың жуан және жіңішке түрлерімен қатар тұруына қарай он шақты түрлі сапаға ие болады (38; 49;51; 47). Егер орыс тілі арқылы еңген сөздердің

айтылуын дұрыс меңгереміз десек, дауыстылардың осы қасиетін танып, білуіміз керек-ақ.

Орыс тіліндегі екпін түсіп тұрған а, о, э дыбыстарының қазақ тіліндегі а, о, е дыбыстарына азды-көпті ұқсастығы бар, сондықтан да оларды қосып қарауға болады десек, ал и, у дыбыстарының табиғаты бөлектеу, орыс тіліне ғана тән дауыстылар деп білген жөн.

И— қысаң, езулік монофтонг. Ол тек жіңішке айтылады. Қазіргі кезде жастардың (әсіресе мектеп оқушыларының) байырғы сөздерімізде кездесетін и әрпін орынсыз жіңішке айту тенденциясы байқалып жүр: мійіміз ашійді, жійна, қійна, қійын, қійсық, бійіл, сійа, сійақты т. б. Мұның өзі осы орыс тіліндегі и-дің әсері болса керек. Қазақ тілінде ол ій-ге жуық (мыс, ійністійтут) айтылатын сияқты болғанмен, дұрысы, оның өз қалпын сақтауға тырысқан жөн.

У дыбысы да қысаң монофтонг, бірақ еркіндік, жуан, Мұны меңгеру қиындық келтірмейді. Қазақ тілінде ол ұу-ға жуықтайды. Орыс тілінде қазақ тіліндегідей е дыбысы және осыған жуық дыбысталатын э бар. Ерекшелігі е-нің алдынан әнтек й (йе) айтылады, э-де ол жок. Оның үстіне э аздап ашықтау.

Бірақ оларда фонематикалық (сөз мағынасын ажырататын) қасиет жоқ, сондықтан бір-ақ фонема деп танылады [49, 93].

Қазіргі кезде ерін үндестігіне мән бермеудің салдарынан екінші буында ө айтылатын жерде э дыбысының қалыптасып келе жатқанын аңғару қиын емес. Бұл — әсіресе жастардың тілінде көбірек байқалатын құбылыс, Мысалы өлэң, өзэн, өнэр, үлкэн, бөлэк, түлэк, күрэк т. б. Бүлай болатыны, еріндік буыннан кейін езулік, қы-саң е дыбысын анық айту өте қиын. Ал э өзінің жартылай ашықтығының арқасында айтуды жеңілдетеді.

Орыс тілінде ы фонема ретінде толық танылып болған жок дедік. Оны и-дің жуан түрі ғана деп қарау бар. Екіншіден, қазақ тілінде бұл кездесетін сөздер әзірге өте аз. Мәселен, орфографиялық сөздікте музыка, монастырь, цыган деген сияқты бірер сөз ғана кездеседі. Үшіншіден, қазақ тіліндегі ы және й дыбыстары бірігіп (ый) осы ы-ға жуық дыбысталады. (51,8). Салыстырыңыз: мы (біз) — мый (жазылуы ми), ты (сен)—тый.

Сонымен қазіргі қазақ тілінде он бір дауысты фонема бар. Олар дыбыстау мүшелерінің қызметіне қарай іштей үш топқа жіктеледі.

18


1. Тілдің қатысына карай:

а) Жуан (гуттураль) дауыстылар: а, о, ұ, ы, у;

ә) Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә, ө, ү, і, е, и.

Жуан дауыстыларды айтқанда, жіңішкелерімен салыстырғанда, тіл сәл артқа қарай тартылады (ортасы көтеріліңкірейді), жіңішкелерді айтқанда тіл сәл ілгері жылжиды. Бүған көз жеткізу үшін дауыстылардың жуан және жіңішке сыңарларын (а//ә, о//ө, ұ//ү, ы///і) қатар айтып көруге болады. Дауыстылардың бұлайша (тіл қатысына) жіктелуін дұрыс білмейінше, тіліміздегі ең, күшті фонетикалық заң — сингармонизмді (оның ішінде тіл үндестігін) түсіну мүмкін емес. Тіліміздегі сөздердің бірыңғай жуан, не жіңішке буынды болып келуі тілдің қалпымен байланысты.

2. Еріннің қатысына қарай:

а) Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;

ә) Езуліқ дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.

Еріндік дауыстыларды айтқан кезде ерін дөңгеленіп, сүйірленеді де, езуліктерді айтқанда ерін екі жаққа қарай тартылып, езу жиырылады. Еріндік дауыстылардың да тіліміздің байырғы заңы сингармонизмді (оның ішінде ерін үндестігін) танып білуде мәні зор.

Көрші буындардың бірыңғай жуан не жіңішке, еріндік не езулік болып келуі (яғни сингармонизм заңы) тіл мен еріннің неғұрлым үнемді қызметіне негізделген,

3. Жақтың қатысына қарай:

а) ашық дауыстылар: а, э;

ә) жартылай ашық дауыстылар: о, ө, е;

б) қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.

Ашық дауыстыларды айтқанда астыңғы жақ (үстінгі жақ қозғалмайды) барынша тәмен түседі де, қысаңдарды айтқанда жоғары көтеріледі, Басқаша айтқанда, ашықтарды айтқанда екі жақ бір-бірінен қашықтай (ауыз ашыла) түседі де, қысаңдарды айтқанда бір-біріне жуықтай түседі. Алайда ауаның еркін шығуына кедергі жасамайды. Ал жартылай ашықтар осы екеуінің аралығында айтылады.

Дауыстылардың жақтың қатысына қарай жіктелуін тілдің тік (вертикаль) бағытта қозғалуы түрінде де тануға болады. Өйткені тіл жақтың қалпына қарай жоғары, төмен қозғалатынын аңғару қиын емес. Орыс тілінде дауыстылар тілдің көлбеу (по горизонтали) және тік (по вертикали) бағытта қозғалуына қарай жіктеледі.

Қазақ тілінде, сондай-ак барлық түркі тілдерінде осы

19

уақытқа дейін дауыстыларды ашықтар (а, ө, о, ө, і) және қысаңдар деп екіге бөліп келді.



Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды арнайы зерттеп жүрген Ә. Жүнісбеков байырғы сөздеріміздің кұрамында алты (а, ә, ұ, ү, ы, і) монофтонг (жалаң дауысты), үи (о, ө, е) дифтонг бар дейді. Сонда біздің о, ө, е дыбыс тарымыздың әрқайсысы екі (дауыссыз және дауысты) дыбыстың қосындысы түрінде келеді. Атап айтқанда /о=у+ұ/уұ/, ө=у-ү/уү/, е-й-і/йі/ [43, 17—21]. Егер мүны объективті шындық деп танысақ, онда бұл (о, ө,ә) дауыстыларды ашықтан гөрі қысаң деп қараған жөн болар. Алайда бүлардың нағыз қысаңдардан (ұ, ү, ы, і) өзгешелеу өзіндік ерекшеліктерін де ескеру керек. Атап айтқанда:

1. Қейбір екі буынды сөздердің екінші буынындағы (дауыссыздар қоршауында тұрған) қысаңдар дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда түсіп қалады. Мысалы: қорұқ, қорқ-а, қорқ-ақ, қорқ-ып, қорқ-ыңқыра, қорқ-ыт, қорқ-у; үрүк: үрк-е, үрк-ек, үрк-іп, үрк-іңкіре, үрк-іт, үрк-у; қырық: қырқ-а, қырқ-ыл, қырқ-ын, қырқ-ып, қырқ-у; ірік; ірк-е, ірк-іл, ірк-іңкіре, ірк-іс, ірк-іп, ірк-у.

Ал ө, е дыбыстары екінші буында ешқашанда түспейді. О дыбысы байырғы сөздерде тек бірінші буында ғана айтылады, қалған буындарда кездеспейді.

2. Қысаң дыбыстар кірме сөздерге жамалып (протеза жасап) айтылуға бейім. Мысалы ұ-рұқсат, ү-рүстем, ы-рақмет, і-рәсім, ы-рас, (рас), ү-стел (стол), танк-і-лер т. б. Сондай-ақ бұлар сөздердің екінші буынында кейде көмескіленіп (редукцияға ұшырап), әлсіз айтылады. Мектеп оқушылары жазуда оларды аңғармай қалатыны да содан. Мысалы жұд' рық, құм' ра, көк' рек, қүд' рет, аз' рақ, қат'- нас, ад' раңдау, тәж' рибе, қас' ірет, қаб' лет т. б. Мұндай қасиет ө, е дыбыстарында жоқ дерлік, Рас о дыбысы да бірер сөзде протеза түрде кездеседі: орыс (русс, орамал (румал), ораза (руза).

3. Дауыстыларды жақтың қатысына қарай жіктегенде елеулі белгі ретінде ұйқастың жасалуын ескеру керек болады. Өлең ұйқастарын жасауда буын құрамындағы дауыстылардың жақ катысы жағынан деңгейлес болып келуі өте маңызды. Сонда ұйқасатын сөздердің буындары бірыңғай не ашықтардан (а, ә), не қысаңдардан {ұ, ү, ы, і) тұрады екен. Ал е, о, ө, дыбыстары әлгілердің ешқайсысымен де ұйқаса алмайды, тек өзімен-өзі

20

(мәселен, о дыбысы: даңғой, жан ғой, байқалған ғой (Абай) түрінде немесе өзара мыс, өлең, денең, елең-селең (Абай) түрінде ғана ұйқасады. Мұның өзі бұларды жартылай ашық дауыстылар деп қарауды қажет етеді. Түркі тілдері фонетикасын салыстырмалы-тарихи түрғыдан қарастыратын соңғы бір іргелі еңбекте де бұлар жартылай ашық түрінде танылған [53].

4. Дауыстылардың жіктелу таблицасы

Жақтың қатысына

Ашық

Жартылай ашык

Қысаң

Тілдің

қатысына


Жуан Жіңішке

а

ә


е

о

е


ұ

ү


у

ы

і и


























Еріннің қатысына

езулік

еріндік

езулік

 

ДАУЫСТЫЛАРДЫҢ АЙТЫЛУЫ МЕН



ЖАЗЫЛУЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Дауысты фонемаларға тән басты ерекшелік, белгі-қасиеттердің, олардың фонемалық мәнінің айқын, тұрақты көрінетін орны — бір буынды түбір. Ал көп буынды сөздерде дыбыстардың бір-біріне азды-көпті әсері болады да, дауыстылардың фонемалық қасиеті әлсірей түседі. Мүны еріндік дауыстылардың тек бірінші буында ғана жазылуынан керуге болады: өлең, өнер, ұры, ұзын, оқы, осы, үкі, үсі сияқты. Сөздерді жазылуындай (екінші буындағы езуліктерді сақтап) айту естіген құлаққа ерсілеу болғанмен, мағынасын түсінуге кедергі бола алмайды. Сөздің бас буынында тұрған дауыстылардың таңбасы (и, у, я, ю-дан басқалары) әр уақытта сол дауысты фонемаға сәйкес келеді.

1. Қазақ тілінің байырғы сөздерінің құрамында кездесетін а фонемасы барынша ашық, жуан. Ал езулік қасиеті ы, і фонемала-рына қарағанда әлсіздеу. Бұл фонема сөздің барлық буындарында айтыла да, жазыла береді. Жеке тұрып сөз (одағай), қосымша да (ат-а; сан-а, ойн-а, балам-а, бар-а, бас-а) болады. Сөз ішінде тек жуан дауыстылармен қатар тұрады. Алғашқы буынның бірі жіңішке болып, екіншісі а әрпі болса (кітап, ділда, ләззат, қазір, қадір, қажет, қасиет, кабілет) айтуда ол не ә не а мен ә-нің аралығынан

21

айтылады (бұлай айту кейінгі кезде өріс алып келеді). Дұрысы, әрине ә.



А фонемасы —еріндіктерден кейін жазылып қана, қоймай, айтыла да беретін (буаз, буғақ, болат, құла, қора, құра, қола, доға, дода, дұға, ора, ұра, ұна) бірден бір езулік дыбыс. Бұған оның барынша ашықтығы (жақтың кең ашылуы) мүмкіндік береді. Дегенмен, алғашқы буындағы еріндіктің әнтек әсері болады. Бұл әсер, әсіресе екі еріндік дыбыстың арасында айтылғанда айқынырақ байқалады: бұзау, бұлау, бұрау, құрау, құлау, тұсау, орау, сұрау, ұнау, ұзау) сөздердің соңындағы у — дауыссыз).

Орыс тілінің а фонемасы екпін түсіп тұрған кезде қазақ тіліндегі а-ға жуық айтылады: бал, бар, зал, класс квас, май, стаж, старт, шар, штаб, штамп. Ал акт, адрес, армия, бак, базис, газ, галстук, кадр, катер, рак, ранк, танк, трактор, факт, фактор, факел, шкаф сияқты сөздерде (кейбір к, г, е, и) дыбыстардың әсерінен) ауызекі айтуда ә-ге жуықтап кететіні байқалады. Дұрысы а фонемасын анық айтуға тырысу керек. Қалған жағдайда екпінсіз а әлсіреп (ә, е, и, ы дыбыстарына жуықтап) он шақты түрде (аллофон) айтылады. Мұны тілімізге ертеректе енген барқыт (бархат), бәтеңке (ботинка), облыс (область), самаурын (самовар), кәрзеңке (корзинка) сияқты сөздер де аңғартады. Қазіргі қазақ тілінде норма болып саналатын анкет, газет, контор, координат, минут, секунд, пар, фанер, цифр сияқты сөздердің сонындағы а-ның түсіп қалуының бір себебі осы екпінсіз а-ның әлсіреп айтылуынан деуге болады.

Қазақ тіліндегі шын мәніндегі ашық фонемалар — а және ә. Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы — біріншісі жуан, екіншісі жіңішке, яғни а тілдің кейін шегінуінен, ә ілгері жылжуынан жасалады. Ал еріннің қатысы жағынан да бүл екеуі бір-біріне жуық.

“Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерінде” [16, 7]: ә, о, ө, ұ, ү әріптері жалаң сездердің бірінші буындарында жазылады делінген. Қазақтың байырғы сөздерінде бұл әріптер әрқашан өздері таңбалап тұрған фонеманы бейнелейтіні жоғарыда ескертілді.

Ә фонемасының қазақ тілінде сирек кездесуінің (онда да, көбіне бірінші буында кездесуінің) басты себебі — оның қазақ тіліне басқа күншығыс тілдерінен келген сөздермен байланысты болуы керек. Проф. Н. В. Юшманов, проф. Е. Д. Поливанов т. б. мамандардың

22

пікірі бойынша ә фонемасы сол күншығыс тілдерінің әсерінен пайда болса керек. Бұл пікірдің жаны бар. Өйткені һар, һаріф т. б. сөздердегі һ фонемасы біздің тілімізде нольге айналады. Осынын, салдарынан һа тізбегі ә фонемасын тудырған болу керек” [19, 107]. Осындай көзқарас қазақ тіл білімінде әбден қалыптасқан. Алайда түркі тілдерінің дыбыс жүйесін тыңғылықты қарастырған соңғы бір сүбелі монографияда алдымен осы ә фонемасынын. көнеден келе жатқаны дәлелденген [53, 18—23]. Ал “қазақ тілінде сирек кездеседі” деу де жазуға негізделген біржақты пікір. Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігінде көген (реестр) көрген 67 мың сөз бар десек, соның 19 проценті дауыстылардан басталады. Сонын, ішінде ә әрпінен басталатын сөздердің саны — 870.Бұл жағынан а (4440 сөз) е (2249) болмаса, қалған дауыстылар бір-біріне қарайлас (18, 21). Орфографияға сәйкес ә әрпі барлығы 2,5 мыңдай сөздің бірінші буынында кездеседі. Осының өзі-ақ оның кірме еместігін

байқатады.

“Қазақ тілінін орфографиялық сөздігінің” соңғы 3-басылуында (1988) екінші буынында ә жазылатын сөздердін, қатары молая түскен: әзәзіл, дүбәра, дүдәмал, дімкәс, еммәт (кіт), көкнәр, күләбі, кәләпара, күләпсан, күлдәрі, күмән, күнә, кінә, кінәз, мәмпәси, мүкәммал, мүләйім, мүсәпір, мәрмәр, мүһәзин (діни), мүшәйра, нәмәрт, пірәдар, сірә, тәбәрік, тәнәпіс (кіт.), іңгә, іңкәл (диал.) іңкәр т. б. Екі сездің үшінші буынында кездеседі. Бісміллә (пісміллә) және кәнизәк. Бұл, әрине, жазуда. Халық тілінде ә-нің өрісі әлдеқайда кең. “Әдеби тіліміздің, тұңғыш кескін-кейпін нұсқалаған шебер де, оның жаңа дәуір талабына лайық биік бел-белестерге көтерілуіне қозғау салған пәрменді күш те — халық тілі” [27, 3]. Халық тілі халықтың ауызекі тілі (орысша народный язык, народная речь) “әр өлкенің жергілікті қазағының тіліне тән диалектілік белгілер мен құбылыстардың жиынтығын, баскаша айтқанда, халық диалектілері мен говорларын білдіретін, ауызекі тілді білдіретін, бірақ ауызекі тіл болғанда да оның тек жергілікті нұсқасын, жергілікті формасын ғана білдіретін үғым деп түсінген дүрыс” [27, 4].

Бұл дәйексөздер (цитаталар) С. Омарбеков пен Н. Жүнісовтін, “Ауызекі тіліміздін, дыбыс жүйесі” деп аталатын оқу құралынан алынып отыр. Қазіргі қазақ тілінің дыбыс жүйесін, әдеби айту нормаларын дұрыс

23

пайымдау үшін бұл еңбектің маңызы зор. Алда біз мұ-|

ны АТДЖ деп қолданамыз.

АТДЖ: “Әсіресе а мен ә дауыстыларының бірінің

орнына бірінің қолданылуы — говорларымызға тамы-

рын кең жайған құбылыс. Мұндай дыбыстық құбылыс-

тың ең жиі байқалатын жері —қазақ топырағының

оңтүстік өңірі. Әсіресе оны біз Орта Азия республикала-

рының ішкі қоныстары мен соған іргелес жатқан аты-

раптың қазағының тілінен молынан ұшыратамыз”. [27,

32—33],— дейді де, отыз тоғыз сөз алып, онын аталған

өңірде, онымен керші өзбек, қарақалпақ тілдерінде,

сондай-ақ қазақтың кепшілік говорында және әдеби ті-

лінде айту нұсқаларымен салыстырады. М ә с е л е н:



тәләп тәләп тэләп талап талап; қәйт қақ

қәйт қайт, қайт; кәйер қаёркәйерқайер

(кай қай жер; іләж илож-иләж ылаж ылаж;

әсілі асли асыл асыл; кәте хато қәте қа-

та (қате қате, кәуіп хавф қәуип қауып қа-

уып (орф, қауіп), кәтер хатар кәтер қатер — қа-)

тер т. б.

Әдеби тілде жуан айтылатын сөздер оңтүстік өңірде жіңішкере түсетіні басы ашық мәселе. Неге олай дегенге берер жауабымыз: “Жіңішке ә-нің оңтүстік говорларымызда да, сондай-ақ өзбек, қарақалпақ тілінде де көбіне-көп араб-парсы кірмелерінің бойына тән дыбыс екендігінен” [27, 34]. Ә дыбысының кірмелігін мойында-масақ та, араб-парсы тілдерінің ықпалын елемеуге болмас. Оның үстіне жіңішкеліктің нәзіктікпен астасып жататынын да ескерген жөн болар. (Жалпы қазак тілінде жуан буынды сөздердің үлесі басым). АТДЖ: “оңтустік өңірден тыс қазақ елі тараған өзге территорияның әр жерінен жазылып алынған дыбыс құрамына ә дауыстысы тән деген сөздердің” [27, 35] тағы да қырық шақтысын атайды. Олардың ішінде әбіржі (абыржы), жән (жан), жәуінгер (жауынгер), тіләзәр (тілазар), кәтер (қатер), кәйер (қай жер) т. б. бар.

“Бұл жағдайлардан жуан а-ның ә-мен алмасуы байқалған жердің бәрінде оны өзге тіл ықпалы деп қарай беруге болмайтыны оңай үғынылады. Кей сөздердегі ә-нің төркіні бөгде тілдік ықпалдан бөлегірек сияқты. Мұндайлардың кейбіреуі — тілімізде әріден келе жатқан көне белгі, енді біреулері дыбыстардың позициялық өзгерістерінен тіліміздің өз ішінде бертін келе туған белгілер болуы да мүмкін. Олардың географиясындағы шашырандылык бізді


Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет