Бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар, оқу-әдістемелiк кешендер, электронды оқулықтар және қосымша оқу әдебиеттерiн шығару жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлік талаптарын бекiту туралы



Дата11.04.2018
өлшемі27.66 Kb.





Бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар, оқу-әдістемелiк кешендер, электронды оқулықтар және қосымша оқу әдебиеттерiн шығару жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлік талаптарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 19 ақпан N 171




      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:







      1. Қоса беріліп отырған бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер, электронды оқулықтар және қосымша оқу әдебиеттерiн шығару жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.







      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.





      Қазақстан Республикасының



      Премьер-Министрі





Қазақстан Республикасы   



Yкіметінің         


2003 жылғы 19 ақпандағы   


N 171 қаулысымен     


бекiтiлген     






Бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер, электронды оқулықтар және қосымша оқу әдебиетiн шығару жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары





      1. Бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер және қосымша оқу әдебиетiн шығару жөнiндегi қызметке қойылатын біліктілік талаптары:



      1) заңды тұлға үшiн - редакциялық-баспа қызметiн көрсету рыногында кемiнде 2 жыл жұмыс тәжiрибесiнiң болуын;



      жеке тұлға үшiн - редакциялық-баспа қызметiн көрсетуге мамандандырылған ұйымның басшысы немесе редакторы лауазымында кемiнде 2 жыл жұмыс тәжiрибесiнiң болуын;


      2) ұлттық стандарттарға сәйкес келетiн полиграфиялық орындалған кiтап өнiмдерiн шығаруға мамандандырылған полиграфиялық базаның болуын;



      3) бiлiктi кадрлардың:



      білім беру ұйымдары үшiн оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер, қосымша оқу әдебиетiн дайындау бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс стажы бар редакторлардың;


      пәндiк бiлiмдер саласындағы мамандардың (ғылым докторы немесе кандидаты немесе кемiнде 3 жыл педагогикалық стажы бар жоғары санат мұғалiмiнiң);


      пәндердi оқыту әдiсi саласындағы мамандардың (педагогикалық ғылымның докторы немесе кандидаты немесе кемiнде 3 жылдық педагогикалық стажы бар жоғары санат мұғалiмiнiң) болуын қамтиды.


      
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.

      2. Бiлiм беру ұйымдары үшiн электрондық оқулықтар шығару жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктілік талаптары:



      1) заңды тұлға үшiн - электронды басылымдар жасау бойынша қызмет көрсету рыногында кемiнде 2 жыл жұмыс тәжiрибесiнiң болуын;



      жеке тұлға үшiн - электронды басылымдар жасау бойынша қызмет көрсетуге мамандандырылған ұйымның басшысы, программист немесе редакторы лауазымында кемiнде 2 жыл жұмыс тәжiрибесiнiң болуын;


      2) ұлттық стандарттарға сәйкес келетін электрондық оқулықтардың шығарылуын қамтамасыз ететiн компьютерлiк және ұйымдастыру техникасының болуын;



      3) бiлiктi кадрлардың:



      пәндердi оқыту әдiсi саласындағы мамандардың (педагогикалық ғылым докторы немесе кандидаты немесе кемiнде 3 жыл педагогикалық стажы бар жоғары санат мұғалiмiнiң);


      пәндiк бiлiмдер саласындағы мамандардың (ғылым докторы немесе кандидаты немесе кемiнде 3 жыл педагогикалық стажы бар жоғары санат мұғалiмiнiң);


      жоғары білiмдi программистердің;


      электронды оқулық дайындау бағытында кемiнде 1 жыл жұмыс стажы бар редакторлардың болуын қамтиды.


      
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.









© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Каталог: upload -> Files -> dokumenty
dokumenty -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрінің
dokumenty -> Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы
dokumenty -> Міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
dokumenty -> Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидаларын бекіту туралы
dokumenty -> Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидаларын және оны төлеу мөлшерін бекіту туралы
dokumenty -> Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелерін бекіту туралы
dokumenty -> Бала құқықтары туралы конвенцияға балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына қатысты Факультативтiк хаттаманың ережелерiн жүзеге асыру жөнiнде Қазақстан Республикасы қабылдаған шаралар туралы баяндаманы бекiту туралы
dokumenty -> Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесiн бекiту туралы
dokumenty -> "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет