Білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің мжббс негізінде, ҚР Үкіметінің 23 тамыз 2012 жыл №1080



бет1/4
Дата24.04.2018
өлшемі0.99 Mb.
#71963
  1   2   3   4

5В071300 – Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің МЖББС негізінде, ҚР Үкіметінің 23 тамыз 2012 жыл № 1080 (өзгертулер мен толықтырулармен, 13 мамыр 2016 ж. №292) бұйрығымен, ҚР БжҒМ «Кредиттік жүйесі бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы» №152 20.04.2012ж. бұйрығымен (өзгертулер мен толықтырулармен, 28.01.2016 жыл №90.), №343 16.08.13 ж. (өзгертулер мен толықтырулармен, 05.07.2016 жыл №425.)ҚР БжҒМ бұйрығы негізінде 5В071300 – Көлік, көліктік техника және технологиялары» мамандығының типтік оқу жоспарына, типтік оқу бағдарламаларына сәйкес құрастарылған.


«5В071300 – Көлік, көліктік техника және технологиялар»

мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы

Теориялық оқытудың кредит саны – 133

1. Білім беру бағдарламасының паспорты

1.1 Біліктілік және лауазымдар тізбесі

1.2 Түлектің біліктілік сипаттамасы

1.2.1 Кәсіби қызметінің саласы

1.2.2 Кәсіби қызмет нысандары

1.2.3 Кәсіби қызмет пәні

1.2.4 Кәсіби қызмет түрлері

1.2.5 Кәсіби қызмет функциялары

1.2.6 Кәсіби қызметтің типтік міндеттері

2. Білім беру бағдарламасының мақсаты

3. Негізгі құзіреттіліктер

4. Білім беру бағдарламасының мазмұны

5. Модулдерді сипаттауға арналған формулярлар

Модуль 1. Қоғамды - коммуникативті

Модуль 2. Саяси-әлеуметтік

Модуль 3. Жаратылыстану және кәсіби тілдер

Модуль 4. Машинатану негіздері

Модуль 5. Инженерлік-графикалық

Модуль 6. Көліктік техниканың құрылымы және өзара байланысы

Модуль 7. Көліктік тасымалдауларды ұйымдастыру және көліктегі механикаландыру

Модуль 8. Қозғалыс қауіпсіздігі, сертификаттау және лицензиялау

Модуль 9. Автомобиль теориясы және көлік құралдарының қауіпсізідігі

Модуль 10. Ақпараттық-технологиялық

Модуль 11. Көліктік-пайдаланушылық

Модуль 12. Технологиялық процестер және көліктік техниканың жұмыс қабілетін қамтамасыз ету

Модуль 13. Көліктік техниканы пайдалану тиімділігін қамтамасыз ету

Модуль 14. Ұйымдастыру-басқарушылық

Модуль 15. Іс-қағаздарын жүргізу

Модуль 16. Тәжірибе

Модуль 17. Мемлекеттік аттестация

6. Білім беру бағдарламасындағы модульдер кесіндісінде меңгерілген кредитттер көлемін бейнелейтін жинақ кесте

Білім беру бағдарламасының паспорты

1.1 Біліктілік және лауазымдар тізбесі

Бакалавриат түлегіне «050713 – Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Біліктілік пен қызмет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 12 ақпан 2008 жылғы №61 бұйрығымен бекітілген «Педагог қызметкерлер мен соларға теңелетін қызметтердің Типтік біліктілік анықтамасына» сәйкес анықталады.



1.2 Түлектің біліктілік сипаттамасы

1.2.1 Кәсіби қызметінің саласы

Берілген профильдегі бакалавры көлік техникасын жобалаумен, пайдалану және жөндеумен, сондай-ақ көлікті пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған зерттеу қызметтерімен байланысты кешенді мәселелерді шешуге бағытталған адамзат қызметінің әдістері мен тәсілдерін, құралдарын қамтитын материалды өндіріс саласында қызмет ету тиімділігін арттыруға бағытталған зерттеу жұмыстары үшін дайындалады.



      1. Кәсіби қызмет нысандары

Көлік техникасы мен жабдықтарын жасайтын машина жасау зауыттары, көлік техникасын пайдаланатын мекемелер мен ұйымдар; құрылымдық, жобалау және технологиялық ұйымдар; машина жөндеу кәсіпорындары; машина жасау және жөндеу зауыттарының фирмалық және делдалдық орталықтары; мар-кетингтік және көліктік-экспедициялық қызметтері; көлікті басқару қызметтерінің материалдық-техникалық қамсыздандыру жүйелері бітірушілердің кәсіптік қызмет объектісі бола алады.

      1. Кәсіби қызмет пәні

Кәсіптік қызмет құралдары болып табылатындар:

- көлік техникасы мен жабдығы; жүріс жабдығы; жұмыс жабдығы; көлік техникасының жетек жүйесі; қозғалысты басқару жүйесі; тіршілік қауіпсіздігі жүйесі;

- көлік техникасын жасау, сынау және қайта өңдеу жабдықтары;

- көлік техникасын техникалық күту және жөндеу жабдықтары;

- көлік техникасын жасауға және пайдалануға арналған бақылау-өлшеу аспаптары;

- көлік техникасының жұмыс процестерін автоматтандыруға арналған жабдықтар.



1.2.4 Кәсіби қызмет түрлері

5В071300 – Көлік, көліктік техника және технологиялар мамандығы бойынша бакалаврлар мынандай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

- Ұйымдастыру-технологиялық қызметі;

- Өндірістік-басқару қызметі;

- Жобалау қызметі;

1.2.5 Кәсіби қызмет функциялары

Бакалавр өзінің кәсіптік қызметінде төмендегі функцияларды орындайды:

- бекітілген үлгі бойынша техникалық құжаттар жасау мен белгіленген есеп беру бойынша жұмыстар жүргізу;

- техника қауіпсіздігі, еңбек және қоршаған ортаны қорғау бойынша оқытуды және нұсқаулықты жүргізу;

- көлік техникасының сапасын басқару бойынша құжаттарды дайындау талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру.

1.2.6 Кәсіби қызметтің типтік міндеттері

Бакалавр төмендегі типтік мәселелерді шешуге дайын болуы керек:

- көлік техникасының тораптары мен бөлшектерін техникалық және жұмыстың жобалауға;

- көлік техникасының, оның элементтерінің типтік әдістері бойынша сенімділігіне және сынақтар жүргізуге;

- көлік техникасының дайындамасын, бөлшектерін дайындаудың, түйіндерін жинаудың типтік технологиялық процестерін әзірлеуге;

- көлік кәсіпорындарының өндірістік учаскелер деңгейінде өндірісті басқаруға;

- іс жүзіндегі өндірісті технологиялық жабдықтауға;

- типтік шешімдер негізінде жабдықтау және автоматтық басқару құралдарын құрастыруға;

- типтік әдістер бойынша автоматтандыру құралдарын сынауға;

- көлік техникасын шудан оқшаулау және қорғау жүйесін әзірлеуге;



- көлік техникасының сенімділігін және ұзақ мерзімділігін талдауға.

2. Білім беру бағдарламасының мақсаты: көліктегі қозғалысты ұйымдастырумен байланысты көлік саласындағы, материалдық өндіріс саласындағы мамандарды даярлау үшін, сондай-ақ нарық экономикасындағы шарттарға байланысты көлікті нәтижелі қолдануға бағытталған зерттеу шығармашылығын қалыптастыру.

3. Негізгі құзыреттіліктер:

- ана тілі, шет тілдері саласында: дамыған және сауатты тілдерді игеру үшін, ана тілін және шетел тілдерін, қарым-қатынас технологиясы саласында білім, коммуникация стратегияларын, диалог құрудың дағдылары мен іскерліктерін, полимәдениетті, полиэтникалық және көпконфессиялы қоғамда қарым-қатынас жасауды иегруге жағдай жасау;

- фундаменталды математикалық, табиғи-ғылыми және техникалық даярлау саласында: дүниетанымы және ойлау мәдениеті кең жоғары білімді тұлға қалыптастыруға сәйкес фундаменталды математикалық, табиғи-ғылыми және техникалық пәндер бойынша базалық білімдерді меңгеру;

- компьютерлік технология саласында: кәсіби қызметінде ақпараттық технологияларды қолдану іскерлігі, қазіргі құрал-жабдықтарды қолдана отырып, бағдарламалау дағдыларын меңгеру;

- әлеуметтік-мәдени қызмет саласында: этикалық, рухани, мәдени құндылық, әлеуметтік мінез құлықты реттеу формалары мен негізгі заңдылықтарды, тұлғаға деген әлеуметтік ұстаным жайында түсініктерді білу, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлерін, қоғам дамуының тенденцияларын білу, әр түрлі әлеуметтік жағдаяттарды бағдарлай білу, креативті ойлау іскерлігі, басқа ұлттың мәдениетіне, салт дәстүрлеріне шыдамдылық таныту, белсенді өмір позициясын ұстану;

- оқу қызметі саласында: шығармашылық әлеуетін, жаңашылдығын, бастамасын дамыту үшін жағдай жасау, техника ғылымының негізін қалайтын пәндер бойынша білім алу, техника менеджеріне қажетті практикалық дағдылардың болуы, оқу және өндірістік іс-тәжірибеден өту барысында теориялық білімді тиімді бекіту, мамандыққа сәйкес сонымен қатар, жоғары білімнің келесі сатысында оқуды жалғастыруға байланысты пәндерді саналы таңдау, туризм саласында мамандық бойынша жұмысқа орналасуға болатын мүмкіндіктерге сәйкес жұмыс күштері рыногында бітіруші түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру; ЖОО ерекшелігін, тұлғаның қажеттілігін ескере отырып, кәсіби құзыреттілікпен білім беру саласында студенттердің жеке бағдарламаларын таңдау;

- кәсіпкерлік, экономикалық қызмет саласында: экономикалық білімінің негізін меңгеру, микро және макроэкономикалық құбылыстар, қаржы, маркетинг, менеджмент жайында ғылыми білімдерді игеру, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін, экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерін білу және түсіну.

4. Білім беру бағдарламасының мазмұны

Модульдің атауы

Цикл және компонент

Пәннің коды

Пән атауы

Бақылау түрі

семестр

Кредит көлемі

Қалыптастырылатын құзыреттіліктер (оқыту нәтижелері)

KZ

ESTS

Жалпы міндетті модульдер

Қоғамды- коммуникативті

ЖББ/МК

KKZT1101


Қазақстанның қазіргі заман тарихы

Емтихан

2

3

5

Білік: Әлемдік тарихи үдерісі бөлігі ретінде Қазақстандағы адам қоғамының даму тарихы, отандық тарихтың даму динамикасы (қозғау күштері, механизімдері, тенденциясы, даму тарихының заңдылықтары). Танымның философиялық әдістерімен, ойлаудық категориялық аппаратымен әлемнің бейнесі құрылатын және сипатталатын негізгі көзқарастық ұғымдарды игеру. Коммуникативтік және кәсіби қызметте тіл құралдарын тіл нормасына сай қолдану. Ақпараттық және телекоммуникативтік технологияларды игеру.

Білім: Қазақстан тарихының себеп-салдарлы байланысы қалыптасқан, салыстырмалы талдау негізінде тарихы құбылыстар мен жағдайды түсінеді, тәжірибеде тарихи білімін шығармашылықпен қолданады. Философия және оның тарихы, әлемді философиялық тұрғыда түсіну, адамның іскерлік әрекетінің маңызын білу. Оқып-үйренетін тілдің фонологиялық, лексикалық, грамматикалық құбылыстарын білу. Микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан - жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық - аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды білу.

Дағды: Тарихи жағдайды талдау. Қазіргі заманғы мәселелерді шешуде философиялық тәсілдің дағдыларын пайдалану. Сөйлеу, дыбыстау (аудирования), оқу және жазу. Тиімді ақпараттық- телекоммуникативтік технологияларды меңгеру.

Құзыреттілігі: Тарихи жағдайдың болжамын дайындау, әлем халықтардың мәдениетіне дәстүріне толерантты, кәсіби қызмет барысында жағашылдық ойлау тәсілдерін қолдану, мәдениетаралық қарым-қатынас саласында тіл құбылыстарының ұлттық-мәдени ерекшеліктерін және шетел тілін пайдаланатындардың мінез-құлқын есепке алу. Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану.

Fil2102

Философия

Емтихан

3

3

5

ShT 1103

Шетел тілі

Емтихан

1, 2

6

11

ОТ 1104

Орыс тілі

Емтихан

1, 2

6

11

AKT1105

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)


Емтихан

2

3

5

Жалпы модуль бойынша
















21

37




Саяси-әлеуметтік

ЖББ/ТК


Saya 1106

Ale 1106


ZhS1106

Саясаттану

Әлеуметтану



Жастар саясаты

Емтихан

1

3

5

Білік: Халықаралық саясатты түсіну, алған білімін іс жүзінде қолдана алу. Қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы түсінігінің болуы. Тірі ағза мен өлі табиғат компоненттерінің өзара қарым-қатынастарын, жеке ағзалық, популяциялық, экожүйелік және биосфералық ұйымдасу деңгейлері мен қағидаларын, қоршаған орта мәселелері, ластануы мен табиғатты қорғау негіздерін игеру. Қазақ тілі деңгейлеріндегі фонетикалық, лексика-грамматикалық заңдылықтарды теориямен ұштастыру.. Құқық пен мемлекеттің дамуы және жетілдірілуі құқықтық мемлекеттің дамуы және қызмет етуінің үздіксіз үрдісін игеру. Қазіргі нарықтық экономиканың қызмет істеу және даму заңдылықтарын оқытуда білім алу.

Білімі: Жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен халықаралық саясатты талдау және бағалау; қоғам мен адамның беймәлім қырлары, құпия жақтары, яғни олардың арасындағы қатынастар, байланыс механизмі мен құрылымы, әлеуметтік ұйымдар, әлеуметтік институттар, әлеуметтік іс-әрекет пен адамдардың мінез-құлықтары, мүдделері мен мұқтаждықтары, құндылықтары, бұлардың өмірде байқалуы мен өзгеріске ұшырауын қалыптастырған себептер және олардың нәтижелері; жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар; адамзат қоғамы мен табиғаттың өзара үйлесімді қарым-қатынасын қалыптастыруға деген ұмтылыс пен жауаптылықты қамтитын, экологиялық сауаттылық және экологиялық дүниетаным көз-қарастары; Латын графикасы негізіндегі қазақ тілінің орфографиялық ережелерін меңгеру; заманауи құқықтың негізгі салаларында бағдар алу, Қазақстан Республикасы заңнамасының негізгі жүйесін түсіну, заңдарды және заңға бағынышты актілерді тиімді пайдалану; арнайы экономикалық терминалогияны білу; нарықтық экономиканың негізгі субъектілерінің (үй шаруашылығы, фирма, мемлекет) ерекше тәртібін түсініп білу.

Дағды: Қазіргі заманғы халықаралық саясаттағы өзгерістерді дұрыс түсіну қабілеттілігі; әлеуметтік мәселелерді шешу шараларын тағайындау қабілеті; адамзат қоғамы мен табиғаттың өзара сауаттылық және экологиялық дүниетаным көз-қарастарын қалыптастыру; қазақ орфографиясының ережелерін меңгеріп, орфографиялық принциптерді түсіну; микроэкономикалық көріністегі ұтымды шаруашылықта шығынның төменділігін және пайданың жоғарылату мақсатындағы өзіндік бағалау білімдерін қалыптастыру.

Құзыреттілігі: Саясат туралы білімдерін ұжымда қолдана алу қабілеті; әлеуметтік іс-әрекетті жүзеге асыру; тіршілік қауіпсіздігінің негіздері пәні бойынша кәсіби әрекеттерге бағытталған тіршілік қауіпсіздігі саласындағы төтенше жағдайлар кезінде адамдарға әртүрлі факторлардың әсерлеріне дайын болу; Латын графикасы негізіндегі қазақ тілінің мемлекеттік ережелеріне қатысты алған білімдерін тәжірибе кезінде, кәсіби қызметінде қолдана алу; Қазақстан Республикасында адам құқығын қорғау бағытында әлеуметтік шараларды жүзеге асыру; нақты қалыптасқан жағдайлардың себептерін егжей-тегжейлі талдауда экономикалық сипаттағы мәселелерді көрсете білу, күтілетін нәтижені бағалау және оларды шешу тәсілдерін ұсыну

ETD1107
TKN1107
LG1107


Экология және тұрақты даму

Тіршілік қауіпсіздігі негіздері

Латын графикасы


Емтихан

1

2

4

KN1108

EN1108


Құқық негіздері

Экономика негіздері



Емтихан

2

2

4

Жалпы модуль бойынша
















7

13

Мамандық бойынша міндетті модульдер

Жаратылыстану және кәсіби пәндер


БП/МК

KOT2201

Кәсіби орыс тілі


Емтихан

3

2

4

Білік: Коммуникативтік және кәсіби қызметте тіл құралдарын тіл нормасына сай қолдануға бейімділік; берілген модуль математиканың фундаментальды аппаратын игеруіне; практикалық және қолданбалы есептерді шешу; физикалық ойларды дұрыс айта білу, физикалық есептердің шешімін сан жағынан өрнектеу және шешу, физикалық шамалардың реттерін бағалау.

Білім: Оқып-үйренетін тілдің фонологиялық, лексикалық, грамматикалық құбылыстарын білу; математиканың және физиканың негіздерін білу, есеп шығаруға қажетті теориялық және практикалық мәліметтер.

Дағды: Сөйлеу, дыбыстау (аудирования), оқу және жазу әдістеріне ие болу; математикалық есептерді шешу жолдарын білу; физикалық құбылыстарды бақылау әдістерін меңгеру.

Құзыреттілігі: Мәдениетаралық қарым-қатынас саласында тіл құбылыстарының ұлттық-мәдени ерекшеліктерін және шетел тілін пайдаланатындардың мінез-құлқын есепке алу; есеп шығаруға қажетті теориялық және практикалық мәліметтерді игеру, техниканың қолданбалы сұрақтарын математикалық және физикалық тұрғыда зерттей білу, іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.

KBShT2202

Кәсіби бағытталған шет тілі


Емтихан

4

2

4

ZhM1203


Жоғары математика I


Емтихан

1

3

5

ZhM(II)1204


Жоғары математика II


Емтихан

2

3

5

F1205


Физика I


Емтихан

1

2

4

F(II)1206


Физика II


Емтихан

2

2

4

Жалпы модуль бойынша
















14

26




Машинатану негіздері

БП/МК

EEN2207

Электротехника және электроника-ның негіздері

Емтихан

3

3

5

Білік: Қарапайым электр тізбетерін талдай алу. Қарапайым электр тізбектерін есептеу. Тұрақты және айнымалы тоқтың электр тізбектерін есептеу әдістерін пайдалана білу. Негізгі электро-техникалық құралдар мен құрылғыларды пайдалана алу. Тораптардың жүктелу сұлбаларын құра білу; машина бөлшектеріне әсер ететің күштерді, моменттерді, кернеуді және орын ауыстыру шамалырын анықтай білу; машиналардың типтік элементтерін жобалау, құрастыру және олардың жұмысқа қабілеттілігін беріктік, қаттылық және басқа да критерийлер бойынша бағалай білу.

Білім: Тұрақты және айнымалы тоқтың электр тізбектерін есептеу әдістерін білу. Үшфазалы айнымалы тоқтың электр тізбегінің бір фазалы айнымалы тоқтың электр тізбегінен артықшылығын білу керек. Электр машинелерінің жұмыс істеу ұстанымдарын білу. Машина бөлшектері қосылыстарының негізгі түрлерін, механикалық берілістердің түрлері мен сипаттамаларын, домалау және сырғанау подшипниктерінің негізгі түрлерін және қолдану саласын; жалпы тағайындалған машиналар торабтарын есептеу және жобалау әдістерін, жобалау - конструкторлық жұмыстардың ретін игеру.

Дағды: Өмірде кездесетін мәселелерді шешу үшін қажетті электр тізбектерін құрастыра алу әдеттері Өмірде кездесетін мәселелерді шешуге қажет болатын электротехника және электроника құралдарын оңтайлы таңдап алуды әдеттену. Материалдарды таңдауға; жобалық және конструкторлық құжаттарды стандарт талаптарына сәй ресімдеуге; машина тораптарының эскиздік, техникалық және жұмыстық жобалауға дағдылану.

Құзыреттілігі: Электротехника және электроника заңдарын өмірде кездесетін мәселелерді шешу үшін қолдана білу. Техникалық тапсырмаларына сәйкес машиналардың жалпы тағайындалған бөлшектері мен торабтарын есептеу және жобалау жұмыстарын білу; жұмыстық, жобалық және техникалық құжаттама әзірлей білу

MB2208

Машина бөлшектері


Емтихан

4

3

5

Жалпы модуль бойынша
















6

10




Мамандық бойынша таңдау модульдері

Инженерлік-графикалық

БП/ТК

MAS2209
ММТ2209

Механизмдердің анализі және синтезі
Машиналар мен механизмдер теориясы


Емтихан

3

3

5

Білік: Жазық механизмдерді құрылымдық, кинематикалық және кинетостатикалық талдай және синтездей білу. Технологиялық жабдықтарды тиімді түрде таңдаудың жолдарын игеру. Геометриялық фигуралардың сызбаларын меңгеру.

Білім: Механизмдердің структурасын, кинематикалық және динамикалық параметрлерін зерттеу негіздерімен таныстырып оқыту; механизмдердің негізгі түрлерін, олардың кинематикалық және динамикалық сипаттамаларын білуге оқыту, машинадағы жеке механизмдердің жүмыстарының принциптерін және олардың өзара әсерлерін түсіндіру, механизмдерді жобалаудағы кинематикалық және динамикалық сипаттамаларын анықтауда жаңа технологияларды пайдалану негіздерін бекіту. Денелердің тыныштық күйінің шарты, денелердің қозғалысы, денелердің қозғалыстарын өзара әсерлері; дененің немесе конструкциялар мен оның элементтерінің беріктігі, қатаңдығы, орнықтылығы. Жазық және кеңістіктік геометриялық фигуралардың сызбалары мен көрнекі аксонометриялық және перспективалық кескіндерді құрамдауды білу.

Дағды: Жазық механизмдерді жобалау, олардың кинематикалық және динамикалық көрсеткіштерін анықтау. Заманауи механизмдер, машиналар, құрылғылар мен ғимараттардың элементтерін беріктікке, қатаңдыққа және орнықтылыққа есептеу. Аксонометриялық және перспективалық кескіндердін құрамдау және орындау туралы теориялық білімдер мен практикалық дағдылар және іскерліктерді игеру.

Құзыреттілігі: Жаңа механизмдерді жобалағанда механиканың негізгі принциптерін қолдану. Материалдық денелер қозғалысының жалпы заңдылықтарын заманауи техника және технологиялық ілімдердің дамуына қолдану. Сызбаның ғылыми-практикалық дамуының қазіргі замандық бағыттары мен оның заңдылықтарын оқытылатын мамандық бойынша аралас пәндерде қолдану

TM2210
TMMK2210


Техникалық механика
Теориялық механика және материалдар кедергісі


Емтихан

3

4

7

MZhS1211
SGIG1211


Машина жасау сызбасы
Сызба геометриясы және инженерлік графика


Емтихан

1

3

5

Жалпы модуль бойынша
















10

17




Көліктік техниканың құрылымы және өзара байланысы

БП/ТК

BSh2212
KTS2212


Базалық шасси
Көлік техникасының сенімділігі


Емтихан

4

3

5

Білік: Әр түрлі көлік түрлерінің базалық шассиін ажырата алу. Пайдалану жағдайларын есепке ала отырып сенімділік көрсеткіштерін талдай білу; көліктерді пайдалану және жобалау кезінде сенімділікті жоғарлатуға бағытталған шараларды бағалай білу. Сұйық пен газ механикасының, гидравликаның және пневматиканың теориялық негізін – гидростатиканы, гидродинамиканы және пнеамвтиканы білу. Біртұтас көлік жүйесінің құрылымын, тасымалдау процесінде көлік түрлерінің өзара әрекеттесу жолдарын зерделеу.

Білім: Жеңіл және жүк автомобильдерінің базалық шассилері элементтерінің құрылысын білу. Сенімділіктін негізгі көрсеткіштерін игеру; көліктік техника сенімділігінің қажет деңгейін қамтамасыз ету мәселелері шешу әдістемесін игеру; техникалық жүйелердің сапасының өзгеру себептерін игеру; көлік техникасындағы сенімділікті басқаруды игеру. Әр түрлі машиналардағы гидравликалық және пневматикалық құрылғылардың жұмыс істеу принциптерін игеру. Көлік түрлері, жүктер мен жолаушылар тасымалдауын көлікпен қамтамасыз ету және көлікті басқару жүйесі, көлік түрлерінің өзара әрекеттесу түрлері, көлік жүйелерінің өзара байланыстарының ерекшіліктері және оларды басқару тәсілдері; техникалық құралдардың дамуының жалпы заңдылықтары және көліктің әр түрлі түрлерін пайдалану әдістері.

Дағды: Автокөлік құралдарының базалық шассиінің артықшылықтарын білу. Тозығы жеткенге дейінгі жұмыс көрсеткішін анықтауды меңгеру; көлік техникасындағы сенімділікті басқаруды меңгеру; автокөліктерді техникалық баптау және жөндеу кезендерін ықтималдық әдістерімен шешуді меңгеру. Гидравликалық және пневматикалық құрығыларды инженерлік есептеу. Тасымалдау барысында әр түрлі көлік түрлерінің өзара байланыс схемаларын тасымалдау түріне қарай құру.

Құзыреттілігі: Базалық шассилердің айырмашылықтарын ажырата алу. Көліктердін жұмыс істеу мерзімін және тозығы жеткенге дейін уақытын бағалау әдістерін білу; техникалық жүйелердің сенімділігіне қойылатын талаптарды негіздеу және қамтамасыз ету арқылы тиісті есептерді шешу әдістерін білу. Көліктегі гидро және пневможетектер, берілістер, гидравликалық процестерді қолдана білу. Тасымалдау барысында әр түрлі көлік түрлерінің өзара байланыс барысында көлік түрлерінің техникалық жабдықталуын, ерекшеліктерін меңгеру, қолдану.

SPGMGP2213
KTOA2213


Сұйықтық пен газ механикасы, гидро-және пневможетек
Көлік түрлерінің өзара әрекеттесуі


Емтихан

3

3

5

Жалпы модуль бойынша
















6

10




Көліктік тасымалдауларды ұйымдастыру және көліктегі механикаландыру

БП/ТК

KB3214
BEOKKE3214


Қолданбалы бизнес
Бизнес экономикасы және оны құқықтық қамтамасыз ету


Емтихан

5

2

4

Білік: Қаржы ресурстары және оларды қалыптастыру көздерін білу. Көліктік техникаға техникалық қызмет көрсету түрлерін білу, көлікті жалпы түрде материалдық және материалдық емес қорлардың қозғалыс құрамы ретінде түсіндіреді, сонымен қатар экономикалық маңызды негізгі құрама бөліктерінің бірі. Жалпы пайдаланудағы көлік, жалпы пайдалануда жоқ көлік, жеке меншіктегі көлік туралы түсініктер. Көліктік техникаға жүктердің түрлері бойынша тиеу-түсіру жұмыстарының түрлерін білу.

Білім: Бизнес барысын қаржыландыру нысандарының, әдістерінің және принциптерінің жиынтығын білу.  Техникалық қызмет көрсету және диагностикалаудың техникалық талаптарын білу. Көліктік техникаға жүктердің түрлері бойынша тиеу-түсіру жұмыстарының технологиялары мен механикаландыру талаптарын білу.

Дағды: Бизнес-жоспар жасай білу. Көлік құралдары, сала экономикасы, қалаларды көліктік жоспарлау, жүк және коммерциялық жұмыстардың негіздерін меңгеру. Көліктік техникаға жүктердің түрлері бойынша тиеу-түсіру жұмыстарының технологияларын практикада қолдануды үйреніп дағдылану.

Құзыреттілігі: Қаржы ресурстарын кәсіпорынның өндірістік, инвестициялық және қаржылық қызметтері барысында қолдану. Қазіргі кезеңгі отандық және шет елдік автомобильдердің жағдайымен, олардың конструкциясымен және техникалық-экономикалық көрсеткіштерімен таныстыру. Теориялық білімді нығайту мен тереңдету және автомобильмен жұмыс жасаудың және оны пайдаланудың практикалық дағдыларын үйрену. Көліктік техникаға жүктердің түрлері бойынша тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру.

ATU2215
KL2215


Автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру
Көліктік логистика


Емтихан

4

3

5

TTZhTM3216
TTZhAKM3216


Тиеу-түсіру жұмыстарының технологиясы және механикаландырылуы
Тиеу-түсіру жұмыстарын автоматтандыру және кешенді механикаландыру





Емтихан

5

3

5

Жалпы модуль бойынша
















8

14




Қозғалыс қауіпсіздігі, сертификаттау және лицензиялау

БП/ТК

ZhKUK3217
KTDK3217


Жол қозғалысының ұйымдастырылуы және қауіпсіздігі

Көлікті техникалық диагностикалау құралдары




Емтихан

5

3

5

Білік: Жол қозғалысын тиімді ұйымдастыру. Көліктік техникаға диагностикалық қызмет көрсету құралдарымен жұмыс істей білу. Сапаны басқару және сертификаттау, стандарттаудағы нормативті базамен жұмыс жасау. Көліктік пайдалану материалдарын кәсіби деңгейде қолдана білу. Металдардың атом құрылысы, металдардың қасиеттері, химия түсті металдар, бейметаллдарын меңгеру қажет.

Білім: Жол қозғалысын тиімді ұйымдастыру шараларын білу. Диагностикалық қызмет көрсетудің техникалық талаптарын білу. Нормативті-техникалық құжаттарды, сапа менеджменті және метрология, стандарттау саласындағы стандарттарын білу. Отын мен майлау материалдары, техника-пайдалану материалдары, оларды тиімді қолдана білу жолдары, жанар жағар май материалдарын қолдану қауіпсіздігі. Зат құрылымы, материалдардың қасиеттері, және олардын мақсатты түрде өзгерістері; метал және метал емес конструкциялы-технологиялық материалдар; металды пісіру; материал кесу негіздері; қорытпалардың теория негіздері және олардың фазалық өзгерістері.

Дағды: Жол қозғалысын қауіпсіз ұйымдастыру шараларын меңгеру. Стандарттау ережелері мен нормаларды тәжірибеде қолдану, метрологиялық өлшеу құралдарын пайдалану. Пайдалану материалдарын тасымалдау, сақтау және тарату үшін техникалық құралдарды қолдануды меңгеру. Қазіргі кезеңгі отандық және шет елдік автомобильдердің жағдайымен, олардың конструкциясымен және техникалық-экономикалық көрсеткіштерімен таныстыру. Теориялық білімді нығайту мен тереңдету және автомобильмен жұмыс жасаудың және оны пайдаланудың практикалық дағдыларын үйрену.

Құзыреттілігі: Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру. Агрегаттардың түрлері бойынша оларға диагностикалық қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру. Сапаны басқару және сертификаттау, стандарттаудағы нормативті базаны іс жүзінде қолдану. Көліктік пайдалану материалдарын қолдану, тасымалдау, сақтауды ұйымдастыру. Өндіріс жағдайында өзара қарым-қатынасы, құрал жабдықтармен танысу.

SSL2218
MSS2218


Стандарттау, сертификаттау және лицензиялау
Метрология, стандарттау және сертификаттау


Емтихан

4

3

5

APM3219
KPM3219


Автокөліктік пайдалану материалдары
Көліктік пайдалану материалдары


Емтихан

5

3

5

Mat2220
KM2220


Материалтану
Конструкциялық материалдар


Емтихан

4

2

4

Жалпы модуль бойынша
















11

19




Автомобиль теориясы және көлік құралдарының қауіпсізідігі

БП/ТК

Avt3221
AASh3221


Автомобильдер
Автомобиль және автомобиль шаруашылығы


Емтихан

5

3

5

Білік: Автокөліктегі механизмдер мен жүйелерін меңгеру. Автомобильдің, көліктік-көтеру машиналарының конструктивтік қауіпсіздігі түрлері, олардың жол-көлік оқиғаларына тигізетін әсері және қозғалыс қауіпсіздігін арттыру шаралары туралы білімдерді игеру. Моральдық, мәдени, интеллектуалдық тұрғыда бәсекеге қабілетті, барлық ақпараттардан хабары бар, өзінің ғылыми, мәдени, білім ақпараттарын еркін тарататын әлеуеті бар қоғам мүшесі болу. Автомобиль бөлшектеріне әсер ететің күштерді, моменттерді, кернеуді және орын ауыстыру шамалырын анықтай білу; машиналардың типтік элементтерін жобалау, құрастыру және олардың жұмысқа қабілеттілігін беріктік, қаттылық және басқа да критерийлер бойынша бағалай білу.

Білім: Автокөліктегі басқару жүйелері мен механизмдер, олардың құрылымы туралы білу. Автомобильдің активтік, пассивтік, апаттан кейінгі және экологиялық қауіпсіздігі. Материалдық, рухани және көркем мәдениет. Автомобиль бөлшектері қосылыстарының негізгі түрлерін, механикалық берілістердің түрлері мен сипаттамаларын, домалау және сырғанау подшипниктерінің негізгі түрлерін және қолдану саласын; жалпы тағайындалған машиналар торабтарын есептеу және жобалау әдістерін, жобалау - конструкторлық жұмыстардың ретін игеру.

Дағды: Автокөліктегі механизмдер мен жүйелерін реттеу. Автомобильдің активтік, пассивтік, апаттан кейінгі және экологиялық қауіпсіздігіне жауап беретін элементтердің көрсеткіштерін есептеу алу. Интеллектуалды потенциалды қоғамды қалыптастыру. Жобалық және конструкторлық құжаттарды стандарт талаптарына сәй ресімдеуге; машина тораптарының эскиздік, техникалық және жұмыстық жобалауға дағдылану.

Құзыреттілігі: Автокөлік құралдарының құрылысы, іштен жану моторы механизмдері мен жүйелерінің жұмыс істеу принциптері, жүріс бөлігі туралы білімдерді қалыптастыру. Автомобильдің және көліктік-көтеру машиналарының конструктивтік қауіпсіздігіне жауап беретін элементтерді жетілдіру. Рухани модернизацияның нәтижесі ретінде өз Отанына керектігін, оған пайдасын тигізетініне сену. Автомобильдің бөлшектері мен торабтарын есептеу және жобалау жұмыстарын білу; жұмыстық, жобалық және техникалық құжаттама әзірлей білу

KKMKK3222
KKK3222


Көліктік-көтеру машиналарының құрылымдық қауіпсіздігі
Көлік құралдарының қауіпсіздігі


Емтихан

6

3

5

KRM3223
AKBTZh3223


Қазақстанның рухани модернизациясы
Автомобиль көлігінің бөлшектері мен тораптарын жобалау


Емтихан

6

2

4

Жалпы модуль бойынша
















8

14




Ақпараттық-технологиялық


БП/ТК

ABTN4224
KABZh4224


Автоматтық басқару теориясының негіздері
Көліктегі автоматтандырылған басқару жүйелері


Емтихан

7

3

5

Білік: Басқару теориясын негіздерін, басқару объектілері, басқару теориясының мәселелерін шешетін міндеттерін зерттеу. Көлікте басқару, ұйымдастыру және жоспарлау аясында АТ қолданудын теориялық және тәжірибелік негіздерін зерделеу.

Білім: Басқару және әсер ету объектілері, адам іс-әрекеті, жұмыс операциялары, басқару операциялары, механизациялау, автоматизациялау. Көліктік саланы ақпараттандыру; көліктегі байланыс жүйелері мен құралдары; көліктегі желілік технологиялар; көліктік жүйелердегі ақпараттық ағындар.

Дағды: Студенттерді көліктік өндірістік процестерді автоматтандыру жүйелерін жобалау принциптерін үйрету. Студент түрлі нысандағы ақпаратпен АБЖ мен ауқымды компьютерлік жүйелерде жұмыс істеуге дағдылану.

Құзыреттілігі: Автоматикалық реттеу және басқару жүйелерін тәжірибелік есептеу әдістерін меңгеру. Көліктік кешенді басқаруда АТ оңтайландыру құралы ретінде қолдануды меңгеру.

KZhATP4225
KAB4225


Көлікте жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану
Көліктегі ақпараттандыру және байланыс


Емтихан

7

3

5

Жалпы модуль бойынша
















6

10




Мамандық бойынша міндетті модульдер

Көліктік-пайдаланушылық


ПП/МК

KTTPN3301

Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері


Емтихан

6

2

4

Білік: Көлік техникасына ТҚ көрсету және жөндеу жүргізу жұмысының технологиясы мен оны ұйымдастыру ісіне ғылыми тұрғыдағы көзқарас, көлік техникасының жұмыс қабілетін қамсыздандыру әдісін білуі. Көлік техникасының энергетикалық қондырғыларының түрлерінің жұмысын білу.

Білім: Көлік техникасын техникалық пайдалану нормативін белгілеудің ғылымға сүйенген әдісін, қызмет көрсету құралының жұмыс өнімділігі мен өткізу қабілетінің түзілу заңдылығы туралы түсінік, көлік техникасына ТҚ көрсету және оны жөндеу сапасына кешендік баға беру. Көлік техникасының энергетикалық қондырғыладың түрлері бойынша құрылысын меңгеру.

Дағды: Автокөлікті жөндеудегі тексеру жабдықтарымен практикалық жұмыс істеу дағдылары. Көлік техникасының энергетикалық қондырғыларының түрлерінің жұмысын практика жүзінде қолдануды үйреніп дағдылану.

Құзыреттілігі: Автокөлік құралдарын техникалық баптау және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру. Көлік техникасының энергетикалық қондырғыларының жұмыстарын ұйымдастыру.

KTEK3302

Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары


Емтихан

5

3

5

Жалпы модуль бойынша
















5

9




Мамандық бойынша таңдау модульдері

Технологиялық процестер және көліктік техниканың жұмыс қабілетін қамтамасыз ету


ПП/ТК

KTSTN4303
ATBZh4303


Көлік техникасы сенімділігі теориясының негіздері
Автомобильді техникалық баптау және жөндеу


Емтихан

7

4

7

Білік: Пайдалану жағдайларын есепке ала отырып сенімділік көрсеткіштерін талдай білу; көліктерді пайдалану және жобалау кезінде сенімділікті жоғарлатуға бағытталған шараларды бағалай білу. Автомобильді техникалық баптау және жөндеу жұмыстарын атқару принциптері және оларды басқару тәсілдерін білу. Көлік техникасының тораптары мен бөлшектерін жөндеу және дайындаудың қазіргі заманға сай технологиялық үрдістер облыстарында өз орындарын табу. Көлік құралдарының электро-жабдықтарының негізгі схемаларын білу. Динамикалық есептеулерді, теориялық және эксперименттік сынақтарды, беріктікті, жүрудің жайлылығын, көлік машинасының комфортабельділігін өздігінен өткізуге қажетті білімдердің болуы.

Білім: Көліктік техника сенімділігінің қажет деңгейін қамтамасыз ету мәселелері шешу әдістемесін игеру; техникалық жүйелердің сапасының өзгеру себептерін игеру; көлік техникасындағы сенімділікті басқаруды игеру. Автомобильді техникалық баптау және жөндеу жұмыстарының техникалық сипаттамаларын білу. Көлік техникасын жөндеу әдістері мен өндірістік оптималды нұсқау таңдау технико- экономикалық сараптауды жүргізу. Көлік құралдарының электр жабдықтарын практикалық тұрғыда білуі. Тербелу теориясының негізін, осы саладағы орта мен көлік техникасының өзара байланысы динамикасының негіздерін, оның технологиялық, технико-экономикалық және соңғы жалпы техникалық сапаға тигізетін әсерін білу.

Дағды: Автомобильді техникалық баптау және жөндеу

түрлерін практикада қалыптастыру. Көлік техникасындағы сенімділікті басқаруды меңгеру; автокөліктерді техникалық баптау және жөндеу кезендерін ықтималдық әдістерімен шешуді меңгеру. Автокөлікті жөндеу технологиясын меңгеру. Көлік құралдарының электр жабдықтарын іс жүзінде жүзеге асыруға дағдылануы. Көлік құралдарының динамикалық сипаттамаларын бағалай білуі.



Құзыреттілігі: Автомобильді техникалық баптау және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру. Техникалық жүйелердің сенімділігіне қойылатын талаптарды негіздеу және қамтамасыз ету арқылы тиісті есептерді шешу әдістерін білу. Көлік техникасының беріктігі мен сапасын жоғарлату мақсатында жинақтау үрдістерінің технология негіздері мен көлік техникасын сынау. Техникалық талаптарға сәйкес электр жабдықтарын өздігінен пайдалана білуі. Көлік құралдарын динамикалық сынақтан өткізу.

KTZhOTN4304
ATBZhKKU4304


Көлік техникасын жөндеудің және өндіріс технологиясының негіздері
Автомобильді техникалық баптау және жөндеу кезіндегі қорды үнемдеу


Емтихан

7

4

7

AE4305
KTD4305


Автомобильдің электржабдықтары
Көлік техникасының динамикасы


Емтихан

7

4

7

Жалпы модуль бойынша
















12

21




Көліктік техниканы пайдалану тиімділігін қамтамасыз ету

ПП/ТК

KKM3306
MZhK3306


Көтеру-көліктік машиналары
Мамандандырылған жылжымалы құрам


Емтихан

6

4

7

Білік: Көтеру-көліктік машиналардың түрлерін, олардың техникалық сипаттамаларын білу. Мамандандырылған жылжымалы құрамның түрлерін, олардың техникалық сипаттамаларын білу. Автокөлік кәсіпорындардың және автокөліктерді баптау станцияларының технологиялық жобалауын білу; автокөліктерді техникалық баптау және ағымдық жөндеу бекеттері мен аймақтарын өзара орналастыру сұлбасын білу; әр түрлі тәсілдерді пайдаланып автокөліктердің техникалық жарамдылығын соза білу.

Білім: Көтеру-көліктік машиналардың құрылысын және олардың агрегаттары мен механизмдерінің жұмыс істеу үрдісін білу. Мамандандырылған жылжымалы құрамның құрылысын және олардың тораптары мен жүйелерінің жұмыс істеу үрдісін білу. Автокөлік кәсіпорындарының жіктелуін игеру; өндірістік-техникалық базаның құрамы мен құрылымын игеру; кәсіпорындарды жобалау және қайта жарақтандыру әдістері мен кезендерін игеру; заңнамалық және нормативтік қамтамасыз етуді білу; кәсіпорындардың қуаты және тағайындалуы бойынша жоспарлау шешімдерін игеру.

Дағды: Көтеру-көліктік машиналарды техникалық баптау және жөндеу дағдыларына ие болу. Мамандандырылған жылжымалы құрамды техникалық баптау және жөндеу дағдыларына ие болу. Автокөлік кәсіпорындарының технологиялық есебін меңгеру; автокөліктерді техникалық баптау және ағымдағы жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруды меңгеру; техникалық баптау және жөндеу бекеттері мен желілерінің санын таңдауды меңгеру.

Құзыреттілігі: Көтеру-көліктік машиналарды өздігінен реттеу. Мамандандырылған жылжымалы құрамды арнауына байланысты пайдалану. Автокөлік кәсіпорындарын есептеу және жобалау жұмыстарын білу; автокөліктерді жарамды күйде сақтау стратегиялар мен әдістерін таңдай білу.

TKTPE3307
KKOTB3307


Технологиялық көліктерді техникалық пайдалану ерекшеліктері
Көліктік кешендердің өндірістік-техникалық базасы


Емтихан

6

4

7

Жалпы модуль бойынша
















8

14




Ұйымдастыру-басқарушылық

ПП/ТК

AEK3308
KEKE3308


Автомобильдердің экологиялық қауіпсіздігі
Көліктегі еңбекті қорғау және эргономика


Емтихан

5

3

5

Білік: Автомобильдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін элементтерді білу. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нормативті-техникалық құжаттармен жұмыс істей білу. Техника-экономикалық талдау, олардың нұсқаларының негізінде тиімді инженерлік шешімдерді қабылдау; өндірістік процестердің тиімді көрсеткіштерін анықтау; еңбекті ұйымдастырудың әдістері мен формаларын талдау; белгілі жағдайларда дұрыс басқару шешімдерін қабылдау.

Білім: Автомобильдің экологиялық қауіпсіздігі тетіктерін, мотордан шығатын зиянды газдардың улылығын білу. Көлік саласында еңбекті қорғау мен эргономиканың негізгі бағыттарын білу. Жобалау негіздерін, көліктік өндірістік процестердің негіздерін, кәсіпорындарды басқару әдістері мен принциптерін, автокөліктік кәсіпорынының негізгі бөлімдерінің жұмыстарын ұйымдастыру және менеджмент негіздерін білу.

Дағды: Мотордан шығатын зиянды газдардың улылығын төмендету әдістерін білу. Жұмыс орындарының микроклиматтық көрсеткіштерін зерттеу, еңбек ауырлығы бағасының көрсеткіштерін анықтау. Техникалық және нормативтік құжаттармен жұмыс істей білу.

Құзыреттілігі: Автомобильдің экологиялық қауіпсіздігін қалпында ұстау шараларын жүргізу. Еңбектің қолайлы шарттарын құру, басқарудың ыңғайлылығы, қажудың төмендеуі және басқа да маңызды әлеуметтік, эргономикалық мәселелерді шешуде құзыретті болу. Кәсіпорындарды жобалау, ұйымдастыру және басқару.

OUKM3309
KUOK3309


Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті
Көліктің ұйымдастырушылық-өндірістік құрылымы


Емтихан

6

4

7

Жалпы модуль бойынша
















7

12




Қосымша модульдер

Іс-қағаздарын жүргізу

ҚМ/ТК

Kuzh2301
MTIKZh2301


Құжаттану
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу


Емтихан


4

2

4

Білік: мамандығына байланысты терминологияны меңгеріп, кәсіби сөйлеу жағдаяттары бойынша сөйлеу деңгейлерін кеңейтіп, сөздерді еркін пайдалана отыра іс-қағаздарды сауатты толтыра білу. Азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық   көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу және ашу. Адам құқығын қорғап, бостандығын ардақтау азаматтардың лайықты өмір сүріп, байрақатты тұрмыс кешуіне жағдайды қалыптастыру.

Білім: өз мамандығына қатысты құжаттарды қазақ тілінде сауатты толтыруға машықтану және дұрыс аударма жасай білу. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы» Заңының негізгі баптарын білу. Адам құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау механизміне нормативті құқықтық   актілерді білу. 

Дағды: Сөйлеу әрекетінің 4 түрін толық меңгеріп, оны кәсіби қарым-қатынаста пайдалана білу, сауатты түрде аударма жасай білу және мемлекеттік тілде іс-қағаздарымен жұмыс жасай білу, әр түрлі кәсіби қарым-қатынас жағдайында аударма жасай білу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерін қалыптастыру.

Құзыреттілігі: коммуникативтік, лингвистикалық, грамматикалық, кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру; кәсіби қызмет саласында коммуникативтік құзыреттілігін тиімді пайдалана білу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу. Адам құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қанағаттандыру жолындағы кедергілерді жою, адам құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кедергісіз бағыт алуын қамтамасыз ету.

SZhKMN1302
KZAK1302

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Қазіргі замандағы адам құқығы

Емтихан

2

2

4

Жалпы модуль бойынша
















4

8




Қосымша оқу түрлері

Тәжірибе







Оқу

Диф сынақ

2

4

2

Білік: көлік, көлік техникасы және технологиялары бойынша өндірістік процестерді ұйымдастыру, мамандық бойынша алған теориялық білімдерін бекіту

Білім: көліктік кәсіпорындағы өндірістік процестер технологиясы, көліктік техника және олардың көліктің түрлері бойынша ерекшеліктері, механикаландыру мен автоматтандыру деңгейлері

Дағды: көліктік жұмыстардлың технологиялық процестерін құру негізінде алған теориялық және практикалық білімдерін бекіту

Құзыреттілігі: қазіргі өндіріс талаптарына сәйкес көліктік жұмысты ұйымдастыра білу, технологиялық процестерді механикаландыруды, көлік техникасындағы механикалық жабдықты жасау және пайдалануды тереңдетіп зерттеу және талдау.




Өндірістік

Диф сынақ

4,6,8

6

15




Диплом алды

Диф сынақ

8

2

4

Жалпы модуль бойынша
















12

21




Мемлекеттік қорытынды аттестаттау

Мемлекеттік аттестация







Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан

емтихан

8

1

2

Білік: көлік техникасының тораптары мен бөлшектерін техникалық және жұмыстың жобалауға; көлік техникасының, оның элементтерінің типтік әдістері бойынша сенімділігіне және сынақтар жүргізуге

Білім: көлік техникасының механизмдері, тораптары мен бөлшектерінің технологиялық процестерін жобалау негәіздері, көлік техникасын сынақтау, оның сенімділігі мен жұмысқа қабілеттілік қасиеттерін арттыру жолдары, көліктік процестерді автоматтандыру құралдары

Дағды: көлік техникасының дайындамасын, бөлшектерін дайындаудың, түйіндерін жинаудың типтік технологиялық процестерін әзірлеу; іс жүзіндегі өндірісті технологиялық жабдықтау көлік техникасын шудан оқшаулау және қорғау жүйесін әзірлеу, типтік әдістер бойынша автоматтандыру құралдарын сынау

Құзыреттілігі: көлік кәсіпорындарының өндірістік учаскелер деңгейінде өндірісті басқару, көлік техникасының сенімділігін талдау




Дипломдық жобаны жазу және қорғау

емтихан

8

2

4

Жалпы модуль бойынша
















3

6






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет