Бескемпирова ж. Д. 2* Алаботаның биологиялық ерекшеліктері мен шаруашылықТАҒы маңызы



Дата06.07.2017
өлшемі78.95 Kb.
ӘӨЖ 541.64:547(823+391):539.2+678
АБДУҚАДЫРОВА Қ.А.1, БЕСКЕМПИРОВА Ж.Д.2*
АЛАБОТАНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ШАРУАШЫЛЫҚТАҒЫ МАҢЫЗЫ
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қаласы, Қазақстан

Баяндамашы e-mail: jalga-88@mail.ru


Алабұталар тұқымдасы (Chenopodiaceae) – тұзға төзімді шөптесін бұта немесе ағаш тәрізді (сексеуіл) өсімдіктер. Жер шарында кең тараған, 100 туысы, 1500-дей түрі белгілі. Қазақстанның шөл  және шөлейт аймақтарында жиі өседі. Елімізде 47 туысы, 218 түрі кездеседі. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктер негізінен шөлді және шөлейт жерлерде кездеседі.

Алабота тұқымдастар – кіндік тамырлы, көріксіз, өте кең таралған өсімдіктер. Бұлар бір үйлі, кейбіреулері қос үйлі, дара жынысты гүлді өсімдіктер. Көпшілігінде сабағы мен бұтағы бунақты (сексеуіл) болып келеді. Жапырақтары кезектесіп қарама-қарсы орналасқан. Қабыршаққа немесе тікенекке айналған да түрлері бар. Гүлдері ұсақ, көзге бірден байқалмайды, түсі жасыл немесе сары болып келеді. Гүлдері жеке-жеке немесе масақ, шашақ, сыпыртқы тәрізді гүлшоғырына жиналған. Қосжынысты, көпжатынды немесе дара жынысты, күлтесіз болып келеді.  Тостағанша жапырақшасы - 5, кейде - 3, кейде 4-еу болады. Жемісі құрғақ, қақырамайды. Тұқымы сақиналы болады. Желмен, бунақденелілермен айқас тозаңданады. Тұқымын жел немесе жануарлар таратады. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктердің көпшілігін мал жейді (изен, ебелек, сораң, т.б.), сондай-ақ отын (ақ және қара сексеуіл) ретінде пайдаланылады, қолдан да өсіріледі. Жас өскіндері аскөк ретінде тамаққа, ал тұқымын балықшылар балыққа жем ретінде пайдаланылады.

Ертеректе сабын жасау үшін оның күлін қайнатып сақар алған. Көптеген түрінен медицинада дәрі-дәрмек дайындайды. Алабота тұқымдастырының 4 түрі: Хива сораңы, жалпақжапырақты сораң, Регель тарбақайы, Торғай бұйырғыны – сирек кездесетін өсімдіктер қатарына жатады. Олар қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Алабота тұқымдастарға қызылша,  шпинат, көкпек, сораң, алабота, теріскен, сексеуіл, бұйырғындар жатады.

Хош иісті алабота – алабұталар тұқымдасына жататын, сарғыш жасыл түсті, хош иісті, биіктігі 15-60 см-дей бір жылдық шөптесін өсімдік. Сабағына кезектесіп орналасқан жапырақтары сағақты, ұзынша. Шілде айында гүлдейді, жемісі тамызда піседі.

Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында көбірек кездеседі. Таудың тасты бөктерлерінде, өзеннің аңғарларында, құмды жерлерде өсіп-өнеді. Дәрілік шикізат үшін бұл өсімдікті Орта Азия, Сібір және Батыс Еуропаның кейбір елдерінде мәдени түрде егіп өсіреді [1,2,3].                                

Ақ алабота [cурет - 1] - өте кең таралған алабота тұқымдас біржылдық өсімдік. Қосжарнықтылар класына жатады. Қазақстанның биік таулы жерлерінен басқа барлық аудандарда өседі. Топырақтағы қоректік заттарды, әсіресе азот, калий, фосфорды кіндік тамырымен бойына сіңіреді. Ұзын сағақты, жұмыртқа пішінді жапырақтары өркенге кезектесіп орналасады [4,5]. Гүлі – ірі гүлшоғырлы, күлтесі болмайды. Гүл формуласы – Т4А4Ж1. Ақ алабота жаз бойы гүлдейді. Өте көп тұқым береді, кейде бір өсімдіктер егілген жерде ақ алаботаның тұқымдары егісті жинап алғанға дейін шашылып үлгереді. Сөйтіп егістікті арамшөп басып, топырақты құнарсыздандырады және зиянды бунақденелілердің жасырынуына жағдай жасайды. Ақ алаботаның пайдалы жақтары да бар. Кейбір елдер оның жас жапырағын шпинат тәрізді көкөніске пайдаланады. Көшіп-қонып жүрген кездерде ата-бабаларымыз алаботаны өртеп, күлінен сақар алған және оны сабын жасауға пайдалана білген.



https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/b7/melganzenvoet_bloeiwijze_chenopodium_album.jpg/640px-melganzenvoet_bloeiwijze_chenopodium_album.jpg

Cурет 1 – Ақ алабота


Алаботаның шаруашылықтағы маңызы

Алаботаның адамға берер пайдасы зор. Бұрынғы заманда ерте көктемдегі жас өркендерін қатты етті жұмсартуға пайдаланып, салатқа да қосқан көрінеді. Ескі жазбаларда алаботаны көкөніс ретінде арнайы өсіргендігі жөнінде деректер де бар. Ал соғыс болған қиын-қыстау кездерде алаботадан сорпа жасаумен қатар қара нанға қосып пісіріпті.

Өткен ғасырда орыс шаруалары бұл өсімдіктің тұқымынан жарма жасаған көрінеді. Жазбаларға қарағанда ол тамақ ретінде пайдаланылыпты. Қабығынан ажыратылған тұқымдары жақсы тамақ. Бірақ кейін келе алаботадан даярланған тамақты басқа тамақ түрлерімен араластырмай үздіксіз пайдалануға болмайтындығы белгілі болды. Себебі үздіксіз пайдаланудан адам ағзасында азот азайып, жүдей бастайды.

Халықтық медицинада жас алаботаны жаныштап, сөлі шыққан соң денеге шыққан сыздауық пен шиқанның аузына тартса, ішіндегі ірің мен соқтасынды тартып алады. Бұдан жас алаботаның құрамындағы макроэлементтер мен биохимиялық қосылыстардың ерігіштік, сорғыштық қасиетінің бар екенін анықтауға болады.

Бұған қоса алабота бояулы өсімдік. Ертеде оның өркенінен қызыл бояу алған. Халық медицинасы алаботамен тұмауды және асқазан ауруын емдеген. 18 ғасырда белгілі дәрігер А. Болатов өзінің еңбектерінің бірінде алаботаны «Мейірімді Генрих шөбі» деп атап жас және іріңдеген ескі жараларды жазатындығын, теріні тазалайтын қасиетін, ауру бәсеңдететіндігін жазыпты [1,2].    

Алабота өсімдігінен сақар алу процесі

Қара сабынды жасаудың бірнеше кезеңі бар. Әуелі, сары күзде буыны пісіп, сабағы қатайған алаботаны немесе сексеуілді бір жерге жинап өртейді. Кейініректе күнбағысты соғып алған соң, оның қапағын кептіріп, соның да күлін пайдаланатын болды. Алаботаның күлін суытып, кендір қапқа салады. Әсіресе, кесек-кесек боп ұйыған күл қорытпасынан сақар көп шығады. Күлің қанша көп болса, сонша жақсы, себебі, төрт- бес қап (дағар) күлден, жарты қап сақар алынады. Қаптағы күлді шиден жасалған шыптаның үстіне жұқа мата жайып, айналасын кенеулеп, ойыққа төгіп, астына үлкен ыдыс қояды, күлдің үстінен сақылдап қайнаған суды құяды. Сол кезде күлдің сөлі, нәрі сумен бірге ағып, ыдысқа жиналады. Сол суды тұндырып, астындағы тұнбасына қоспастан майланған қазанға құйып қайнату керек. Нілі сорғыған күлді ауыстырып, жаңалап, астындағы жиналған суды тұндырып, майланған қазанға дер уақытында құйып алу керек. Қарағай, қайың, тораңғы секілді бір қалыпты маздап жанатын ағаштармен қайнаған күлдің суы құрғақ сақарға айналады. Төрт-бес қазан күлдің сөлді суынан жарты қазан сақар жинауға болатынын ескерсеңіз, қыруар еңбектің жемісі арқылы келетінін бағамдай беріңіз.

Мұнда ескеретін бір жайт, күнбағыстың немесе алаботаның күлі болса да, оның үстінен құйған сумен ағатын ащы нілі көбірек болғаны өте маңызды. Әдетте, ыдыстағы күл суының түсі қызылкүрең бояуға жуық. Оны қайнату барысында, алған сақарыңыз майда, уытты болады. Бұл өзара қоспалар арқылы ажырату әдісі. Бұрынғы апаларымыз күз келсе болды, алаботаны өртеп, неғұрлым көбірек сақар жинауға ұмтылатын. Себебі, алған сақары бір жыл бойы сабын жасауға жетуі керек.  Сақар – сабын құрамының негізгі қоспасы. Сақар алу барысы бір күннің шаруасы емес. Бір қазанмен қайнатар болсаңыз, үш-төрт күн қатарынан нілді суды қайнатқанда, үлкен бір әулеттің бір жылдық сабынына қажетті қоспаны даярлай аласыз. Мұны үш-төрт түтін бірігіп, бірге алабота өртеп, күлдің нілін ағызып, одан сақар жасап та жатады. Есесіне, үш-төрт жерошаққа қара қазан асып, сақарды да көбірек алуға тырысады.  Сақардың сабын жасаудан бөлек, өзіндік емдік істерге қолдануға тұрарлық қасиеттері де жетерлік. Соның бірі – әртүрлі ауруға шалдыққан малдарды емдеуге жарамдылығы. Әсіресе, бақана, аусылмен ауырған малдардың тілін, аша тұяғын осы сақармен емдеп, тұяқтарын сақарлы суға малып, жазып алатын бұрындары.

1. Тамыз айының аяғында қала сыртындағы егістіктен алабота жинап әкелінді. Әкелген алабота күн тимейтін көлеңке, таза жерде кептірілді. Алабота қызып шіріп кетпес үшін күнделікті екі уақыт аударыстырылды. Бір айдан кейін кептірілген алаботаны өртеп, күлі алынды, халықтық тәсіл бойынша сақар алудың әдіс-тәсілдері қарастырылды. Ол үшін сабын қайнатуға арналған ыдысқа белгілі мөлшерде су құйып, қайнаған су үстіне алаботаның күлін салып, күлдің нілі суға әбден шыққанша белгілі уақыт аралығында электр тоғының көмегімен қайнатылды. Қайнау барысында күл құрамындағы ерімтал тұздар еріді. Түзілген ерітіндіні ыдысқа құйып алып, күл түбіне шөккенше тұндырылды. Ерітіндінің бетіне шыққан жеңіл заттар сүзгімен сүзіп алынды. Ортасындағы нілді су түбіндегі тұнбадан сүзу арқылы бөліп алынды.

2. Сабын қайнатуға арналған ыдыс тазалап жуылып, ішін жақсылап күнбағыстың майымен және тоң маймен майланды. Сүзіп алынған нілді суды ыдысқа құйып әбден су алғанша қайнатылды. Су қоймалжыңдана бастағанда электр тоғының шамасын баяулатылып, ерітінді араластырылды. Су тартылғанда ерітінді сақарға айналды. Су мүлдем суалған кезде ыдыс түбінде пайда болатын ұнтақ – сақар деп аталады. Сақардың да емдік қасиеті бар. Жылқының ішіндегі паразит құрттарды түсіру үшін сақардың сықпасын жұтқызып, емдеуге болады.

3. Сабын қайнатуға арналған құрал-жабдықтар дайындалды. Арнайы ыдысқа белгілі мөлшерде есептеліп алынған сиыр майы салынып, ерігенше қыздырылды. Қызған майдың үстіне сақар салынып, белгілі уақыт аралығында электр тоғының шамасы азайтылып, ыдыстағы сақар мен майдың қоспасы үздіксіз аралыстыра отырып қайнатылды (электр тоғының шамасы көп болса сабын жалындап күйіп кетеді). Сабын үйіріліп, біріккен кезде ыдыс құрғақ, тегіс жерге түсіріліп, суытылғаннан кейін белгілі қалыпқа салып кептірілді. Нәтижесінде қара сабын алынды.

Кесте 1 – Алабота өсімдігінен алынған сабынның органолептикалық қасиеттері


Сутектік көрсеткіші (рН)

10-11, сілтілік орта

Түсі

Қара

Иісі

Сабынға тән иісі бар

Жуғыштық қасиеті

Жуғыштық қасиетке ие

Қолдан жасалған сабынның маңызы:

- бұл экологиялық таза өнім, оның негізі - табиғи  май, шөптер.

- тазартудан бөлек, ол косметикалық, медициналық  тұрғыдан да әсер етеді.

- бөртіп, қызарып шыққан денедегі жараны, теміреткіні қолдан жасалған сабынмен жуып, емдеуге болады.

- жарақаттардың тез жазылуына әсер етеді.

- суық тигенде сылау май ретінде қолдануға болады.

- ісікке, домбыққан жарақатқа тартса, бітеу жараның соқтасын сорып алады.

- мал ауруларына емдік қасиеті  бар.

- үнемді.

- киім-кешек тазартуға қажетті. 


Әдебиеттер

  1. Қуанбаева А.А. Алаботаның биологиялық ерекшеліктері мен шаруашылықтағы маңызы». – Қарағанды, 2010. - 3-6б.

  2. Есенғұлова Н. «Алабота – арамшөп емес». – Алматы: «Химия мектепте» №4, 2003.- 59-61б.

  3. Исамбаев Ә. Хош иісті алабұта – Марь душистая. – Алматы, «Денсаулық» №12, 2003.- 25б.

  4. Қажымұратов М. «Пайдалы өсімдіктер». – Алматы: «Қайнар», 1985. - 89-91б.

  5. Қажымұратов М. «Қазақстанда кездесетін пайдалы өсімдіктер». – Алматы: «Қайнар» 1975. - 11-13б.

Резюме

Рассмотрены распространение растения лебеды в природе и методы его сбора, очистки, сушки и обработки. Получено мыло из природного продукта и охарактеризовано его органолептические свойства.


Summary

Are considered distribution of plant quinoa in the nature and methods of its collection, cleaning, drying and handling. Are received soap from natural product and characterized its organoleptic properties.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет