Бекітілген ғӘК отырысында № хаттама 5 25 желтоқсан 2012ж



Дата24.04.2018
өлшемі222.7 Kb.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Мемлекеттік басқару академиясы


БЕКІТІЛГЕН

ҒӘК отырысында

хаттама 5



25 желтоқсан 2012ж.

2013–2014 оқу жылы Академияға «6М020200- Халықаралық қатынастар» (Master of International Relations) магистратура мамандығына оқуға түсушілерге арналған қабылдау емтиханы бойынша бағдарламасы

Астана-2012
Оқуға түсуге арналған емтихан туралы жалпы ереже
«6М020200- Халықаралық қатынастар» (Master of International Relations) мамандығы бойынша оқуға түсуге арналған емтиханның бағдарламасы алдыңғы жоғарғы оқу орнындағы оқу бағдарламасы көлемінде жасалған.

Бағдарлама түсушілерден әлемдік кеңістіктегі өзгерістерді, мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар, халықаралық қатынастардағы басқа да қатысушылар арасындағы қатынастарды білуді, сонымен бірге теоретикалық тұжырымдамалар мен қазіргі саясаттағы негізгі ұғымдарды қолдана алуын талап етеді.

«6М020200 - Халықаралық қатынастар» (Master of International Relations) мамандығы бойынша емтихан «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» және «Қазіргі халықаралық қатынастар» пәндері бойынша өткізіледі.

Пәндер бойынша түсушілерге арналған емтихандарға қойылатын негізгі бағдарламалық талаптар:


  1. ТАРАУ.


1. Пән: Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты


  1. тақырып. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының генезисі.

2- тақырып. ҚР сыртқы саясатының басымдықтары.


3- тақырып. Көпжақты дипломатия.

4- тақырып. ҚР-ның Ресеймен және Орталық Азия, ТМД елдерімен қатынастарын дамыту.

5- тақырып. Қазақстан Республикасы және АҚШ: стратегиялық әріптестік.

6- тақырып. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы Қытай.

7- тақырып. ҚР-ның Батыс Еуропаның жетекші мемлекеттерімен қарым-қатынастары.

8- тақырып. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы Шығыс Еуропа.

9- тақырып. Қазақстан және мұсылман әлемі, Таяу және Орта Шығыс мемлекеттерімен ынтымақтастығы.

10- тақырып. Қазақстанның Азия – Тынық мұхит аймағы, Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азия мемлекеттерімен қарым-қатынастары.

11- тақырып. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының экономикалық сипаты.


  1. тақырып. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының генезисі.

Қазақстан және халықаралық қатынастардағы көпполюсті жүйенің

қалыптасуы. КСРО күйрегеннен кейінгі Қазақстанның геосаяси және геостратегиялық жағдайындағы өзгерістер. ҚР әлемдік қоғамдастыққа кіруі. Халықаралық қаржы институттарына кіруі. Қазақстанның сыртқы саясатын қалыптастырудағы ішкі және сыртқы факторлар. Оны әзірлеу және жүзеге асыру тетіктері.




2- тақырып. ҚР сыртқы саясатының басымдықтары.


Қазақстан Республикасының көпвекторлы сыртқы саясаты. ҚР сыртқы саясатының негізгі басымдықтары мен міндеттері. Қазақстанның дипломатиясының қазіргі кезеңдегі өзекті әлемдік мәселелерді − экономикалық, экологиялық, ядролық қаруды таратпау тәртiбін шешуге қатысуы. Аймақтық және әлемдік қауіпсіздік саласында Ресеймен, Қытаймен, АҚШ және ЕО-мен, мұсылман әлемі және Орталық Азиямен ынтымақтастығы. ҚР-ның жаңа бастамалары: G global, ядролық қауіпсіздік, энерго-экологиялық стратегия, жасыл технологияларды трансферттеуге бағытталған «Жасыл көпір» Астана бастамасы, «Келешек энергиясы» тақырыбында «ЭКСПО-2017» Әлемдік көрме өткізу.
3- тақырып. Көпжақты дипломатия.

Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясындағы БҰҰ-ның рөлі мен орны.


ҚР-ның БҰҰ-ның Бас ассамблеясы сессияларында қатысуы. Қазақстан және БҰҰ-да қарусыздану мәселелерінің талқылануы. Қазақстан реформалары және БҰҰ-ның арнайы мекемелері (Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы, Халықаралық еңбек ұйымы, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, ЮНЕП). Қазақстанның БҰҰ-ны реформалау мәселелеріндегі ұстанымы.

Қазақстан Республикасы мен ЕО ынтымақтастығы, «Еуропаға жол» бағдарламасы.

ЕҚЫҰ-дағы Қазақстан төрелігінің қорытындылары. ИЫҰ-да, ШЫҰ және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі мәжілісінде ҚР-ның төрелік ету басымдықтары. ҚР-ның түркітілдес мемлекеттермен ынтымақтастығы. Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі. НАТО-мен ынтымақтастық, «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасы. Терроризммен күрестің әскери-саяси аспектісі.
4- тақырып. ҚР-ның Ресеймен және Орталық Азия, ТМД елдерімен қатынастарын дамыту.

Қазақстан–Ресей қатынастары. Қазақстан мен Орталық Азия елдері ынтымақтастығының даму ерекшеліктері.

Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық процестер. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қалыптасуы мен дамуы.

ТМД мүшелерінің интеграциялану қарқыны мен деңгейіне әр түрлі тәсілдемесі. Қазақстанның Орталық Азиядағы және ТМД-дағы қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз етудегі рөлі (ШЫҰ, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары мәжілісі, Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымы).



5- тақырып. Қазақстан Республикасы және АҚШ: стратегиялық әріптестік

Қазіргі кезеңдегі ҚР мен АҚШ арасындағы қатынастардың негізгі даму факторлары. Ядролық, химиялық және басқа жаппай қырып жоятын қаруды жабу мәселелері. Әскери-саяси саладағы екіжақты қатынастарды дамыту, аймақтық жанжалдарды реттеудегі өзара әрекет, Орталық Азия аймағындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтудағы әріптестік. Қазақстандағы Американың инвестициялық саясатының ерекшеліктері. Мұнай-газ саласындағы қазақстан-америкалық ынтымақтастығы.


6- тақырып. Қазақстанның сыртқы саясатындағы Қытай

Қазақстан-қытайлық қатынастары дамуының негізгі кезеңдері. Келісімшарттар мен мәмілелер. Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасындағы әскери-саяси, шекаралық, экономикалық, аймақтық мәселелері. ҚР мен ҚХР-ның ШЫҰ-дағы өзара қарым-қатынастары. Қазіргі кездегі басты мәселелерді шешудегі әлемнің жетекші мемлекеттерімен стратегиялық өзара іс-әрекеті. Сауда, экономика, энергетика, көлік және қаржы салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету және дамыту.


7- тақырып. ҚР-ның Батыс Еуропаның жетекші мемлекеттерімен қарым-қатынастары.

Батыс Еуропаның халықаралық қатынастар жүйесіндегі орны. Батыс Еуропа мемлекеттерімен қатынастары – қазақстандық сыртқы саясаттың негізгі бағыттарының бірі.

КСРО-ның дезинтеграцияланғаннан және Германияның бірігуінен кейінгі Еуропадағы жаңа саяси, экономикалық және әскери-саяси жағдайы. Қазіргі жағдайда еуропалық қауіпсіздікті құру және оны жүзеге асыру жолдары.

Батыс Еуропаның жетекші мемлекеттерімен екіжақты қатынастары. Қазақстан–германдық, қазақстан–француздық, қазақстан–бельгиялық, қазақстан–британдық, қазақстан–итальяндық, қазақстан–испандық саяси және экономикалық қатынастардың жағдайы мен ерекшеліктері.


8- тақырып. Қазақстанның сыртқы саясатындағы Шығыс Еуропа.
Шығыс Еуропа елдеріне бағытталған белсенді және пәрменді саясаты – Қазақстан сыртқы саясатының бағыттарының бірі. 1989 жылдың күзінен бастап Шығыс Еуропа аймағындағы өзгерістер процестерінің дамуы. Қазақстан мен Шығыс Еуропа мемлекеттеріндегі реформаларды жүргізудегі әркелкілік, қарқындары мен салдарындағы өзгешеліктер.

Қазақстан Республикасы мен Шығыс Еуропа елдері арасындағы жаңа қатынастардың қалыптасуы. Сыртқы және ішкі факторлардың әсері. Шығыс Еуропа мемлекеттерінің батысқа бағытталған саясаты, олардың ЕО пен НАТО-ға кіру талпыныстары. Қазақстан мен Шығыс Еуропа мемлекеттері арасындағы қатынастардың дамуы.


9- тақырып. Қазақстан және мұсылман әлемі, Таяу және Орта Шығыс мемлекеттерімен ынтымақтастығы.

Қазақстанның сыртқы саясатындағы Азия векторы. Қазақстанның ИЫҰ-на төрелік етуінің басымдықтары.

Жетекші араб мемлекеттерімен қарым-қатынастары. ҚР-ның араб елдеріндегі қазіргі саяси жағдайлар бойынша ұстанымы. ҚР-ның Парсы шығанағы аймағындағы мемлекеттермен қарым-қатынастары.

Осы мәселе бойынша Таяу Шығыстағы жанжалдар және Қазақстанның ұстанымы.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы Иран, Түркия, Ауғаныстан. «Араб көктемі» және Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс елдеріндегі қазіргі ахуал: ҚР-ның ұстанымы. Сирия маңындағы жағдай. Иранның ядролық бағдарламасы. Ауғаныстанға көмек берудегі халықаралық талпыныстар және Қазақстанның рөлі.
10- тақырып. Қазақстанның Азия–Тынық мұхит аймағы, Оңтүстік–Шығыс және Оңтүстік Азия мемлекеттерімен қарым-қатынастары.

Қазақстанның Азия–Тынық мұхит аймағындағы мемлекеттермен қатынастарды орнату процесі және бұл процестегі геосаяси фактордың рөлі; Азия–Тынық мұхит аймағы территориясындағы интеграция процесінің негізгі кезеңдері. «Жұмсақ» аймақтану қағидаттары: ҚР және Азия–Тынық мұхит аймағы елдері (Жапония және Корея).

Қазақстан мен АСЕАН елдері (Сингапур, Малайзия). Қазақстанның Оңтүстік Азия елдерімен (Индия, Пәкістан) ынтымақтастығы.
11- тақырып. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының экономикалық сипаты

Қазақстанның әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы. Қазақстандық саясатты белсендендірудегі экономикалық міндеттер. ҚР инвестициялық стратегиясы. ҚР энергетикалық саясаты. Посткеңестік кеңістіктегі жоғары интеграцияланған қоғамдастық ретіндегі ЕурАзЭҚ. Кедендік одақтың қалыптасу процесі. Бiртұтас экономикалық кеңістіктің басымдықтары. Қазақстанның ДСҰ-на кіруі. «ЕХРО 2017»-нің Қазақстан экономикасын дамытудағы рөлі.



Ұсынылатын әдебиеттер


  1. Назарбаев Н.А. Первый день новой эпохи Казахстана// Казахстанская правда. – 2012. – 1 декабря.

  2. Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты».

  3. Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты».

  4. Назарбаев Н.А. Глобальный мир и ядерная безопасность// Казахстанская правда. – 2010. – 3 апреля.

  5. Назарбаев Н.А. Ключи от кризиса // Казахстанская правда. – 2009. –3 февраля.

  6. Назарбаев Н.А. Критическое десятилетие. – Алматы, 2003.

  7. Назарбаев Н.А. На пороге XXI века. Алматы, 1995.

  8. Назарбаев Н.А. Стратегия трансформации общества и возрождения Евразийской цивилизации. – М., 2000. – 544 с.

  9. Назарбаев Н.А. Казахстан 2030 – процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. – Алматы, 1998.

  10. Токаев К.К. Внешняя политика Республики Казахстан в условиях глобализации. – Алматы, 2000.

  11. Токаев К.К. Дипломатия Республики Казахстан. – Астана, 2001.

  12. Выступление Министра иностранных дел РК Казыханова Е.Х. «Внешнеполитические приоритеты Казахстана: задачи и перспективы» (Астана, 23 апреля 2012 г.).

  13. Выступление Министра иностранных дел РК Казыханова Е.Х. на заседании Совета министров иностранных дел государств-членов Совета сотрудничества тюркоязычных государств (Алматы, 20 октября 2011 г.)

  14. Дипломатическая служба Республики Казахстан // Учебное пособие.-под ред. К.К. Токаева.- Алматы, 2004.

  15. Сулейменов Т.С. Казахстан и страны Восточной Европы: основные направления и перспективы сотрудничества: Монография. – Астана: Академия государственного управления при Президенте РК, 2008.

  16. Евразийская стратегия суверенного Казахстана / Под ред. Б.К. Султанова. – Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2005.

  17. Шайхутдинов М.Е. Геополитика, глобалистика и теория национальной безопасности: методологические и прикладные аспекты.-Павлодар: ТОО НПФ «ЭКО», 2005. 528с.

  18. Шерьязданова К. Г. Современные интеграционные процессы: учебное пособие. – Астана: Академия гос. Упр. При Президенте РК, 2010. –107 с.

  19. К председательству Казахстана в ОБСЕ // Сборник документов и материалов. – Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2009.

  20. Казахстан и ОБСЕ: монография / Под общей редакцией Б.К.Султанова. – Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2009.

  21. Геополитика Каспийского региона.- М., 2003.

  22. Додонов В.Ю. Мировой кризис и тенденции экономического развития Казахстана. – А., 2011.

  23. Протопопов А.С., Козьменко В.М., Елманова Н.С. История международных отношений и внешней политики России.- М., 2001.

  24. Казахстан и мировое сообщество. Под ред. М. Жолдасбекова. – Алматы, 2000.

  25. Сотрудничество Республики Казахстан с Организацией по безопасности и сотрдуничеству в Европе. – Алматы: КазНУ им. Аль-Фараби, 2007.

  26. Братерский М.В. Мировая политика в условиях кризиса.- М., 2000.

  27. Сотрудничество и безопасность в Центральной Азии: состояние и перспективы. – Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2008.

  28. Казахстан в системе мировых экономических процессов. – Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2008. – 272 с.

  29. Президент Н.А. Назарбаев и современный Казахстан.

Том III. Н.А. Назарбаев и внешняя политика Казахстана: сборник

документов и материалов в трех томах / Отв. ред. Б.К. Султанов. — Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2010. — 340 с.

27. Казахстан: 20 лет независимости: Монография / Под общ. Ред. Б.К. Султанова. — Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2011. — 408 с.

28. Казахстан сегодня: монография / Под общ. Ред. Б.К. Султанова. – Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2009. – 416 с.

29. Перспективы сотрудничества Казахстана и России в новых геополитических условиях: материалы 4-й двусторонней международной научно-практической конференции КИСИ–ИМЭМО (г. Москва, 9 апреля 2009 г.) /Отв. ред. Б.К. Султанов. – Алматы: Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте РК, 2009. – 208 с.

30. Диалог Казахстана с мировым сообществом/ Отв. ред. Е.Х. Казыханов. – Астана: Информационно-издательский Совет МИД РК, 2012 г. – 282с.

31. Закон Республики Казахстан от 26 июня 1998г. N 233-1 О национальной безопасности Республики Казахстан (внесены изменения Законом РК от 28.04.00 г. N 45-II).

32. Бисенбаев А. Евразийский Союз и суверенный Казахстан // Казахстан и мировое сообщество, 1996. ?4 99-102.

33. . Внешняя политика Республики Казахстан. Хроника (1991-1999 гг.)/ Под общей редакцией Ж.О. Ибрашева. Алматы, 1999.

34. Казахстан - международные договоры с государствам - участниками СНГ (с декабря 1991 по декабрь 1996)/Мухамеджанов Э.Б., Межибовская И.В.-Алматы, 1997.


35. Казахстан и страны СНГ. Алматы, 1999.

36. Казахстан и Центральная Азия в мировом сообществе // Мысль, 1994, ? 3, с. 24-37. Моисеев Е.Г. Международно-правовое сотрудничество стран СНГ. Учебное пособие. – М., 1997. – 272с.

38. Современные международные отношения. Учебник. – М., 2000. – 581с.

39. Центральная Азия до и после 11 сентября: геополитика и безопасность. - Алматы, 2002. -209 с.



2-ТАРАУ
2. Пән: Қазіргі халықаралық қатынастар
Тема 1. Халықаралық қатынастар және қазіргі заман.

Тема 2. Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесі.

Тема 3. Халықаралық ұйымдар халықаралық қатынастарды реттеу механизмі ретінде.

Тема 4. Халықаралық қауіпсіздіктің қазіргі заманғы проблемалары.

Тема 5. Қазіргі дипломатия халықаралық қатынастарды реттеу құралы ретінде.

Тема 6. Халықаралық қатынастарды реттеудегі халықаралық құқықтың рөлі.

Тема 7. Қазіргі халықаралық қатынастардағы Қазақстан.
Тема 1. Халықаралық қатынастар және қазіргі заман.

«Қырғи қабақ соғысы» аяқталған соң Батыс және Шығыс арасындағы дипломатиялық қатынастар сипатының өзгеруі. Геосаяси өзгерістер және 90-шы жылдардағы халықаралық қатынастар. Жаһандану қазіргі халықаралық қатынастардың басты феномені ретінде. Демократизация үдерісінің дамуы. Германияның бірігуі. ҚСРО күйреуі. ТМД қалыптасуы мен дамуы. 1990-шы жылдардағы Югославиядағы жағдай. ЕО трансформациясы және НАТО-ның Шығысқа кеңеюі. Әлемдік саясаттағы АҚШ рөлінің күшею мәселесі.



Тема 2. Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесі.

Халықаралық қатынастардың түрлері мен деңгейлері. Халықаралық жүйенің теориялық моделі. Халықаралық қатынастардың құрылымдық жүйесі. «Қырғи қабақ соғыс» аяқталғаннан кейінгі халықаралық қатынастар жүйесінің эволюциясы. Әлемдік саясаттағы жаңа кейіпкерлер мен жаңа факторлары.


Тема 3. Халықаралық ұйымдар халықаралық қатынастарды реттеуші механизмі ретінде.

Халықаралық ұйымдар халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде. Халықаралық ұйымдар ұғымы және оларды классификациялау. Халықаралық ұйымдарды құру және олардың қызметін тоқтату тәртібі. Халықаралық ұйымдардың функциялары. Әмбебап және аймақтық ұйымдар. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі халықаралық ұйымдардың рөлі. Әлемдік саясаттағы көпұлттық корпорациялар мен трансұлттық мүдделер.

Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау саласындағы БҰҰ-ның негізгі бағыттары мен қызмет әдістері. БҰҰ-ның арнайы мекемелерінің (Халықаралық еңбек ұйымы, Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, ЮНЕП) рөлі мен маңызы. Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастығы (Халықаралық Валюта Қоры, Дүниежүзілік банк, Азиялық даму банкі, Еуропалық реконструкция дәне даму банкі).
Тема 4. Халықаралық қауіпсіздіктің қазіргі заманғы проблемалары.

Қазіргі заманғы қауіпсіздік мәселелері: ұлттық, аймақтық және халықаралық қауіпсіздік. Халықаралық қауіпсіздіктің негізгі аспектілері. Геосаясат және халықаралық қауіпсіздік. Қауіпсіздіктің жаңа қауіп-қатерлері мен халықаралық жанжалдар көздері. Әскери, экономикалық, ақпараттық, экологиялық және т.б. қауіпсіздік түрлерінің арақатынасы. Бүгінгі күн жанжалдарының ерекшеліктері: территориялық даулар, этникалық шиеленістер, діни шиеленістер.

Қазіргі халықаралық қатынастардағы халықаралық дауларды бейбіт жолмен реттеу принциптерінің орны мен рөлі. Қазіргі заманда терроризмге қарсы тұрудың проблемалары. Халықаралық саясат пен қауіпсіздік контекстісіндегі қарусыздандыру мәселелері. Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері (Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік тулары шарт ұйымы).
Тема 5. Қазіргі дипломатия халықаралық қатынастарды реттеу құралы ретінде

Дипломатия туралы ұғым. Халықаралық келіссөздердің маңызы, шиеленістерді реттеудегі олардың ерекше рөлі. Дипломатиялық келіссөздердің өрісін/қолданылуын кеңейту. Көпжақты дипломатияның негізгі формалары. Халықаралық қатынастарды реттеу құралы ретінде қазіргі дипломатияның даму тенденциясы. Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі байланыс құралдары.



Тема 6. Халықаралық қатынастарды реттеудегі халықаралық құқықтың рөлі.

Халықаралық құқық жүйесі мен құрылымы. Мораль, құқық және саясат халықаралық қатынастарды реттегіш ретінде. Халықаралық құқық нормалары: нормалар классификациясы, келісім және әдет-ғұрып, БҰҰ-ның принциптері. Ұлттардың өзінің мемлекеттік құрылысын өзі шешу құқығы және мемлекеттің тұтастығы мәселесі. Ғаламдық құқықтық кеңістіктің қалыптасуы. Халықаралық қатынастардың субъектілері. Қазіргі халықаралық қатынастардағы «гуманитарлық араласу» проблемасы. Халықаралық қатынастарды шарттық реттеу.



Тема 7. Қазіргі халықаралық қатынастардағы Қазақстан.

КСРО күйреуі және жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы. ҚР-ның сыртқы саясатының көпвекторлығы. ҚР-ның халықаралық қоғамдастыққа кіруі. Қазақстан Республикасының сыртқы саяси басымдықтары. Саяси реформалар және экономикалық даму. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сыртқы саяси бастамалары. ҚР-ның интеграциялық үдерістерге қатысуы. ҚР-ның энергетикалық дипломатиясы.



Қазақстан және ядролық қарусыздандыру және таратпау мәселелері. Қазақстанның ЕҚЫҰ, ОЫҰ, ШЫҰ төрағалықтарының нәтижесі.


Ұсынылатын әдебиеттер


  1. Назарбаев Н.А. Казахстан - 2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. – Алматы, 1998.

  2. Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты».

  3. Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты».

  4. Назарбаев Н.А. Послание Главы государства народу Казахстана от 27 января 2012 г. «Социально-экономическая модернизация – главный вектор развития Казахстана».

  5. Назарбаев Н.А. Первый день новой эпохи Казахстана//Казахстанская правда. – 2012. – 1 декабря.

  6. Назарбаев Н.А. Глобальный мир и ядерная безопасность// Казахстанская правда. – 2010. – 3 апреля.

  7. Выступление Министра иностранных дел РК Казыханова Е.Х. «Внешнеполитические приоритеты Казахстана: задачи и перспективы» (Астана, 23 апреля 2012 г.).

  8. Сулейменов Т.С. Казахстан и страны Восточной Европы: основные направления и перспективы сотрудничества: Монография. – Астана: Академия государственного управления при Президенте РК, 2008.

  9. Акимбеков С.М. Афганский узел и проблемы безопасности Центральной Азии. – М., 2003.

  10. Алесин В. ООН и региональные организации в эпоху глобализации. – Астана: Академия государственного управления при Президенте РК, 2005.

  11. Арыстанбекова А.Х. Современные международные отношения.- Алматы, 2011.

  12. Арыстанбекова А.Х. Глобализация. – Алматы, 2008.

  13. Диалог Казахстана с мировым сообществом.– Астана: АО «УПДК Астана», 2012. – 282 с.

  14. Евразийский проект Нурсултана Назарбаева, воплощенный в жизнь. – М.: Реал-Пресс, 2011. – 320 с.

  15. Исраэлян В.Л. Дипломаты лицом к лицу. – М., 1990.

  16. Ковалев А.Н. Азбука дипломатии. – М., 1984.

  17. Мастенбрук В. Переговоры. – Калуга, 1993.

  18. Никольсон Г. Искусство дипломатии. А.2005.

  19. Киссинджер Г. Дипломатия. М.1997

  20. Казахстан и ОБСЕ: монография/Под общей редакцией Б.К.Султанова. – Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2009.

  21. К председательству Казахстана в ОБСЕ // Сборник документов и материалов. – Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2009.

  22. Кулагин В.М. Современная международная безопасность.- М.,2012.

  23. Кулагин В.М. Международная безопасность: Учебное пособие. – М.: Аспект Пресс, 2007.

  24. Лаумулин М. Т. Центральная Азия в зарубежной политологии и мировой геополитике. Т. I: Центральная Азия и Казахстан в современной политологии. – Алматы: КИСИ, 2005. – Т.1. – 704 с.; Т.2, 2006.

  25. Лебедева М. М. Мировая политика. – М., 2007.

  26. Мажиденова Д.М. Дипломатическая служба в контексте эволюции мировой политики (с древнейших времен до Венского регламента). - Астана, «Күлтегін». 2005.

  27. Маринченко А.В. Геополитика.- М., 2010.

  28. Международное право. Учебник. Отв. ред. Колосов Ю. М., Кузнецов В.И. М.: Международные отношения, 1995.

  29. Сарсембаев М.А.Международное право. - Алматы: Данекер, 2002 г.

  30. Кулжабаева Ж.О. Международное право. - Алматы, Жеты Жаргы, 2002

  31. Мировая политика и международные отношения: Учебное пособие / Под ред. С.А. Ланцова, В.А. Ачкасова. – Спб: Питер, 2009. –448 с.

  32. Приоритеты казахстанской дипломатии на рубеже веков. – М. Русский раритет, 2000.

  33. Современные международные отношения и мировая политика / Под. ред. А. В.Торкунова. – М., 2004.

  34. Современные глобальные проблемы мировой политики/ Под ред. М.М. Лебедевой. – М.: Аспект Пресс, 2003.

  35. Современные международные отношения и мировая политика/Отв. Ред.

А.В. Торкунов. – М.: Просвещение: МГИМО, 2004. – 991 с. Улахович В.Е. Международные организации: Справочное пособие. – М.? АСТ; Мн.: Харвест, 2005. – 400с.

  1. Шайхутдинов М.Е. Геополитика, глобалистика и теория национальной безопасности: методологические и прикладные аспекты. - Павлодар: ТОО НПФ «ЭКО», 2005.- 528 с.

  2. Шерьязданова К.Г. Современные интеграционные процессы. – Астана: Академия государственного управления при Президенте РК, 2009.



«Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» пәні бойынша емтихан сұрақтарының үлгісі



  1. Н. Ә. Назарбаевтың «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» мақаласының негізгі мазмұны.

  2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына арналған «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауындағы сыртқы саясат мәселелері.

  3. Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық жобасы.

  4. Қазақстанның ЕЫҚҰ-на төрелік етуінің қорытындылары.

  5. Қазіргі халықаралық қатынастардағы жаһандану процесі.

  6. Әлемдік экономикалық дағдарыстың саяси салдары.

  7. Еуропалық Одақтың кеңею мәселелері.

  8. Азия – Тынық мұхит аймағындағы халықаралық қатынастар.

  9. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары мәжілісі: тарихы және даму басымдықтары.

  10. Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негізгі кезеңдері мен бағыттары.

  11. Тәуелсіз мемлекеттер Достастығының негізгі кезеңдері мен бағыттары.

  12. Энергетика саласындағы Қазақстан мен Америка ынтымақтастығы.

  13. Қазақстан мен Қытай қатынастарының мәселелері мен басымдықтары

  14. Демократиялық институттар дамуындағы ЕЫҚҰ-ның рөлі.

  15. ЕО -ның алғышарттары және дамуының негізгі кезеңдері.

  16. ҚХР-ның қазіргі әлемдік саясаттағы рөлі.

  17. Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Орталық Азия.

  18. Әскери-саяси интеграция қазіргі халықаралық қатынастар факторы ретінде.

  19. Ғасырлар тоғысындағы экологиялық және энергетикалық мәселелер.

  20. Қазақстан Республикасының Үндістанмен қарым-қатынастары.

  21. Қазақстан Республикасы мен БҰҰ: ынтымақтастық мәселелері.

  22. ШЫҰ-ның өзара әрекеттесу мәселелері және келешегі.

  23. Қазақстан Республикасы мен Иран: екіжақты ынтымақтастық мәселелері.

  24. Қазақстан Республикасы мен Түркия: екіжақты ынтымақтастық мәселелері.

  25. Балқан дағдарысы.

  26. АҚШ−тың әлемдік саясаттағы рөлі.

  27. ҚР мен Орталық Азия елдері арасындағы қатынастары: ынтымақтастық мәселелері.

  28. АҚШ – тың Таяу Шығыстағы саясаты.

  29. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға қатысуы.

  30. Халықаралық қатынастардағы ауғандық фактор.

  31. Қазақстан Республикасы және АҚШ: стратегиялық ынтымақтастық мәселелері мен келешегі.

  32. Қазақстан Республикасы және ЕО: ынтымақтастықтың негiзгi бағыттары.

  33. Қазақстан Республикасы және Ресей: стратегиялық әрiптестiк және одақтастық қатынастары.

  34. Қазақстан Республикасы және Шығыс Еуропа елдері.

  35. Қазақстан дипломатиясындағы Азия-тынық мұхит бағыты.

  36. Қазақстанның аймақтық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудегі үлесi.

  37. ҚР-ның ИЫҰ-да төрағалық етуінің қорытындылары.

  38. ҚР-ның ШЫҰ-на төрағалық етуінің басымдықтары.

  39. Түркiтiлдес мемлекеттердiң ынтымақтастық кеңесi шеңберінде негiзгi ынтымақтастық бағыттары.

  40. Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда ұйымына кiруiнiң келешегі.

  41. Орталық Азия аймағындағы ислам фундаментализм мәселесi. Пайда болу себептерi.

  42. Өзгермелі халықаралық қатынастардағы Таяу және Орта Шығыс. ҚР-ның өңірдегі мемлекеттермен қатынастары.

  43. БҰҰ құрылымдық реформасының өзекті мәселелерi. БҰҰ тиiмдiлiгін арттыру бойынша ҚР-ның ұстанымы.

  44. ҚР және АҚШ қатынастарының дамуы: стратегиялық әрiптестiктiң жолдары.

  45. Бұрынғы КСРО аумағындағы интеграциялық құрылымдар.

  46. Сыртқы саясаттың дәстүрлi мақсаттары: Қазақстандағы ауыспалы мерзiм шарттарында егемендiк, қауiпсiздiк және қоғамның әл-ауқатын қамтамасыз ету.

  47. 1992 – 2002 жылдар аралығында Қазақстан – Қытай арасындағы әр түрлі әріптестік бағыттары. Негізгі келісімшарттар мен мәмілелер.

  48. БҰҰ-ның негiзгi қызметі салалары ретінде бітімгершілік, демократияны дамытуға жәрдемдесу. БҰҰ және Қазақстанның дүниежүзілік қоғамдастыққа кiру мәселелері.

  49. Орталық Азия аймағындағы су қорлары мәселесі.

  50. Қазақстан және XXI ғасыр басындағы геосаяси күштердің жаңа балансы.


«Қазіргі халықаралық қатынастар» пәні бойынша

емтихан сұрақтарының үлгісі

  1. Н.А. Назарбаевтың «Глобальный мир и ядерная безопасность» мақаласының негізгі мазмұны.

  2. Н.А. Назабаев еңбектеріндегі Орталық Азиядағы терроризм, экстремизм, сепаратизм.

  3. ҚР-ның Израильмен және Таяу және Орта Шығыс мемлекеттрімен қатынастары.

  4. «Қазақстан - 2030» стратегиясындағы ұлттық қауіпсіздік ұзақмерзімді басымдық ретінде.

  5. Қазақстан және ОПЕК.

  6. Қазақстанның еуропалық елдермен өзара байланыстарының тарихи тәжірибесі.

  7. Қазақстанның шығыс-еуропа елдерімен екіжақты қарым-қатынастары.

  8. Қазақстан саясатының геосаяси, экономикалық, әскери және гуманитарлық мақсаттарындағы белсенуі.

  9. Қазақстанның көрші мемлекеттермен шекараны делимитациялау және демаркациялау мәселелері.

  10. Қазақстандық дипломатия және бүгінгі күннің өзекті мәселелерін шешу - экономикалық, экологиялық, азық-түліктік, демографиялық және т.б.

  11. Қазақстанның сыртқы саясатын әзірлеу және іске асыру мехнизмі.

  12. НАТО, ЕҚЫҰ. Олардың жанжалдарды реттеудегі, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі және ынтымақтастықты дамытудағы рөлі.

  13. ҚХР-ның ядролық және басқа қарулар, Азия-Тынық мұхит аймағында (АТР) қауіпсіздік жүйесін құру бойынша ұстанымы. Қазақстан-қытай қарым-қатынастарының одан әрі даму болашағы.

  14. Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан.

  15. Қазіргі заманғы жанжалдар және оларды реттеудегі проблемалар.

  16. Жаһандану қазіргі халықаралық қатынастардың маңызды феномені ретінде.

  17. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі дипломатия мен дипломатиялық механизмнің рөлі.

  18. АҚШ сыртқы саясатындағы «гуманитарлық интервенция» доктринасы.

  19. Қазіргі халықаралық қатынастардың гуманитарлық аспектілері.

  20. Халықаралық қатынастардың жаһандануындағы миграцияның рөлі.

  21. Регионализм және интеграция.

  22. ҚР-ның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша геосаяси қөзқарас.

  23. Сыртқы саясат мемлекеттік функция ретінде.

  24. Әлемдік саясаттағы БҰҰ-ның орны мен рөлі.

  25. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі халықаралық ұйымдардың рөлі.

  26. Қазіргі заманның ғаламдық проблемалары.

  27. Қазіргі заманғы экологиялық проблемалар.

  28. НАТО-ның кеңейюі: проблемалары мен перспективалары.

  29. Қазіргі заманғы этникалық қақтығыстар.

  30. Халықаралық қатынастардағы ядролық фактор.

  31. ТМД-гі интеграциялық үдерістер.

  32. ҚР-ның интеграциялық үдерістерге қатысуы.

  33. Кеден одағының проблемалары мен перспективалары.

  34. Араб-израиль жанжалының тарихы және қазіргі жағдайы.

  35. Халықаралық терроризмге қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастық.

  36. Ұлттық мүде және сыртқы саясат.

  37. Халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде: ұғымы, дерекнамалары, субъектілері.

  38. Халықаралық-құқықтық нормалар: ұғымы, классификациясы.

  39. БҰҰ принциптері және олардың маңызы.

  40. Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тәсілі және құралдары.

  41. Халықаралық қатынастардағы жанжалдар: пайда болуы, себептері.

  42. Жанжалдарды реттеудегі делдалдықтың және келіссөздердің рөлі.

  43. ҚР мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау проблемасы.

  44. Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздік.

  45. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау проблемасы.

  46. Каспий аймағының трансшекаралық проблемасы.

  47. ТРАСЕКА жобасының негізгі мазмұны.

  48. Ядролық қаруды тарату және қос қабат мақсатта пайдаланылатын жаңа технологиялар проблемасы.

  49. АСЕАН дамуының алғы шарттары мен негізгі кезеңдері.

  50. Әлемдік қаржы дағдарысы және одан шығу жолдары.


Енгізген:

Сыртқы саясат кафедрасының меңгерушісі

___________________  Д. Абдакимова         
Келісілген:

Дипломатия институтының директоры


___________________ С. Сайлауқызы     


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет