Бейнелеу өнері саласындағы кескіндеме өнерінің даму тарихы



Дата02.07.2017
өлшемі77.33 Kb.
#19943

Авторы: Әлімбетов Қанат Сағындықұлы 


Қ
ызылорда облысы, Шиелі ауданы №45 «Ақ Орда» мектеп гимназиясы 
Бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі 

Бейнелеу өнері саласындағы кескіндеме өнерінің даму

тарихы.

Жалпы бейнелеу өнері сонау қола заманынан басталып, кәсіби деңгейлікке жеткенше қаншама стильдер мен бағыттар пайда болды бүгінде еліміз, жеріміз, тәуелсіз болды, яғни демократия деп өнерімізді экспресстік жағдайға апарып соғып жатқанымыз ешкімге де құпия емес. Бәрімізге белгілі қай өнер саласы болмасынын өнер иелерінінің талғамын, дарындылығын және де өз өнерінің қас шебері екендігін көрермен қауым бағалайды. Сол үшін суретшілер өз ісіне жауапкершілікпен қарау керек деп ойлаймын. Сонда ғана еліміздің өнер — мәдениетті өрге басады. Неше ғасыр бойы өз ырқымен жалғасын тапқан өнердің мәнісін жоғалтып алмауға тырысу керек. Бүгінде, бейнелеу өнерінің үлесіндегі көкейкесті мәселелердің бірі-тек қазақ жеріне ғана емес, шет елдерге де танылып жатқан қас шеберлерімізді айтарлықтай тани бермейміз, сонымен қатар Қазақстан суретшілері туралы айтылған, зерттелінген материалдар жоқтың қасы. Сол өнер иелерінің шығармаларын кеңінен зерттеп, олардың нағыз өнер тарландары екенін өнер жолында жүрген шәкірттер мен өнер сүйер қауымның баршасына кеңінен таныстыру жолын қарастыруымыз керек.


Бір айтып кетер жәйіт, кешегі ХХ ғасырда қазақ кескіндеме өнерінің дамып, қалыптасуына және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуына өз үлестерін қосқан өнер тарландары аз болған жоқ. Арнайы білім алмаса да, өнерін тамашалаған халықтарды әлде де болсада тамсандыруда. Ал, бүгінде әрбір өнер саласында арнайы білім алар мекемелер жеткілікті. Сол білім ордаларында болашақ маман иелері мәнді дәріс алуға күш салу керек. Сонымен қатар суретшілер мен өнер зерттеушілер, мұғалімдер мен шәкірттер арасында қарым — қатынасты және түсіністікті маңызды жолға қою өнер – мәденитіміз үшін абзал болар еді. Осындай салалардың бірі бейнелеу өнерінің де төрт керегесі түзу жағдайы сақадай сай деп айтуымызға ертерек секілді. Көбінесе білім беру шараларында болашақ мамандарымызға өнердің тұғырығы ретінде батыс пен шығыстан көз ашқызбай, өзіміздің тұнып тұрған рухани мәдениетімізбен этнографиялық құндылықтарымызды шамадан аз қолдану барысында қалықтаудамыз. Кез - келген қоғамның тарихи дамуы мен өркендеуі сол елдің өнері мен мәдениетіне тікелей байланысты. Оған дүниежүзілік деңгейге кеңінен танымал біртуар туындамалармен өз Отандарын әлемге паш еткен Леонардо да Винчи, Микеланджело, Пабло Пикассо, сынды тағы басқа құдіретті өнер иелерінің қас шеберліктері мен атақ даңқтары дәлел. Сондықтан да өз халқының өмір тарихын, салт-дәстүр, әдеп-ғұрпын нақтырақ зерттеп білу үшін, оның сан-салалы өнерін оқып үйренудің маңызы зор. “Ел болам десең, бегіңді түзе” деген нақыл сөзді Мұхтар Омарханұлы Әуезовтей ғұлама текке айтпаса керек.
Бір сөзбен айтқанда халқымыз жүріп өткен өнер мен мәдениетке деген көзқарас жайлы тарихи-философиялық еңбектерді оқып-үйреніп, меңгермейінше, білімді де білікті, жоғарғы мәдениетті, дүниетанымы кең ұрпақ тәрбиелеу мүмкін емес. Кескіндеме — өнер әлеміндегі орасан зор, өзіне еліктіріп әкететін, сиқырлы аймақ. Ол адамзат дамуының таң шапағында, біздің тарих-тан бұрынғы ата-бабаларымыздың үңгірлерінде дуниеге келді. Сан ғасырлар бойына суретшілердің басшылыққа алған идеялары, олардың ұмтылыстары өзгеріп отырды, бір стильдің орнын екінші стиль басты, бірақ бәрібір кескіндеме өнері жасап, дами берді. Живопись дегеніміз — әр түрлі бояу түрлерімен жазықтык, бетінде орындалатын көркем шығарма. Живопись атауы орыстың «живой писать» деген сөзінен алынған, яғни көріністер мен нәрселерді өмірдің өзіндегідей жанды етіп жазу деген мағынаны білдіреді. Живопись бейнелеу өнерінің аса дамыған түрі болып табылады. Живопись суреттері қағазға, картонға, тақтайға, кенепке, т. б. салынады. Негізіңен қолданылатын бояу түрлері: акварель, гуашь, темпера, майлы бояу, пастель, сангина және т. б. Живопись — бұл майлы бояулармен жасалган және багет рамага салынған, біз музейлерде қызықтайтын картиналар ғана емес. Кескіндеме ұғымы кең әрі мейлінше сан алуан техниканы қамтиды, мысалы, түрлі сулы бояулармен — темперамен, гуашьпен, акварельмен салынган ЖИВОПИСЬ болады. Тіпті аздап боялған суретке (пастель) ауысатын КЕСКІНДЕМЕ бар, жартылай гравюра КЕСКІНДЕМЕ (МОНОТИПИЯ) бар. «Живопись ,сурет, мүсін және сәулет өнерідің биік шыңы, барлық ғылымның түп тамыры және живопись түрлерінің жанрлары руханилықтың қайнар көзі» (Микеланджело) «Бояулы нәрсенің түрін, түсін, кескін-келбетін суреттеп көрсету – кескіндеме өнері» (А. Байтұрсынов)
Кескіндеме, кескіндеу өнері (живопись) — бейнелеу өнерінің аса көркем бір түрі. Ол белгілі бір заттың бетіне бояу арқылы салынатын көркем шығарма өнердің барлық басқа түрлері сияқты кескіндеме идеологиялық және танымдық қызмет атқарады, адамға эстетикалық ляззат беретін құнды да әсем шығармалар тудырады. Кескіндеме дәуірінің рухани мазмұны мен әлемнің негізінде оларға береді. Кескіндеме туындысы көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы бейнеленген шындықтан тәлім алып, өзінше қорытынды жасауына себепкер болады. Сондықтан да кескіндеменің қоғамдық – тәрбиелік мәні зор және ол деректемелік мағлұмат береді. Кескіндеме – бұл нақтылы көрсетілетіндіктен де оның көрерменге әсері күшті. Сондықтан да Н.Г.Чернышевский өнерді «өнер мектебі» деп бағалаған. Көркемдік бейне тудыруда кескіндеменің пайдаланатын құралы – сәуле, бояу, рең. Сәулені бояу реңімен нәзік астастыру арқылы өмір құбылыстарын айқын да шынайы көріністер жасайды. Суреткер шеберлігінің көрінер жері де осында. Заттың сыр сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен көлеңкенің құлпырымын, қысқасы кең дүниенің барлық жарасымымен тауып, бейнелеуде кескіндеменің тілінен нәзік те, өткір тіл жоқ. Ол көрерменді бірден баурайды. Кескіндеменің данышпандық туындыларына адамзаттың мәңгі мақсаттанатыны да содан. Кескіндеме туындысы бір жасалған қалпында қалатындықтан назарға да сол қалпында бірден шалынады. Бірақ суреттердің қылқаламына ілінген сол бір мезеттік көрініс, заманның, дәуірдің, ортаның сан алуан сырларын шертеді, сезім құбылыстарынан, жан тебіреністерінен дерек береді көрермен үнсіз тілдеседі. Кескіндеме туындылары кейбір тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай күрделі сюжетке, сабақты оқиғаларды да бейнелеп, олардың мәнін ашады. Кескіндеме өнер әлеміндегі орасан зор, өзіне еліктіріп әкететін, сиқырлы аймақ. Ол адамзат дамуының таң шапағында, біздің тарихтан бұрынғы ата-бабаларымыздың үңгірлерінде дүниеге келді. Сан ғасырлар бойынша суретшілердің басшылыққа алған идеялары, олардың ұмтылыстары өзгеріп отырады, бір стильдің орнын екінші стиль басты, бірақ бәрібір кескіндеме жасап дами берді. Басқа өнерлердің арасында кескіндеме суретшінің қырағы көзі шалғанның бәрін мейілінше толық бере алса керек. Сан жүздеген жылдар бойы ол табиғаттан үйреніп, дүниені қызғылықты ететіннің бәрін бейнелеудің таңдай қақтыратын жаңа әдістерін ойлап тапты. Оның бейнелеу құралдары шексіз бай бола бастады. Сызықтардың өте батыл жүргізілуі, бояулардың бай үндестігі, жарық пен көлеңкенің батыл, күтпеген контрастары, бейнеленіп отырған нәрсені орналастырудағы ойлы мөлшерлестік және айқын логика, қиялдың қызықты құбылмалылығы, осының бәрі кескіндемеге өз міндеттерін шешу үшін берілген. Батырлардың сауыттарының жылтырын, жібек маталардың асқан әдемілерін, көз жанарының дымқылдануын, жас қыз денесінің нәзіктігін және ағаштардың дөрекі қабығын көзге түсетіндей етіп беру тіс қаққан кескіншілер қиындық келтіре қоймайды. Кең жайылған емендердің қуатын, көктемгі қайыңдардың жан жадыратар жасыл жапырақтарын, қаһарлы да асқақ аспанды, мөлдір – сұр тұманды және айлы түндердің тылсым, жұмбақ әлемін, буырқанған көк теңізді сендерге қызықты, сан қырлы кескіндеме өнері көрсетіп бере алады. Ал ең ғажабы бұл емес! Бар ықыласымен берілген суретші шапшаң, батыл да нәзік қимылмен, келіп керілген кенеп бетіне қылқаламмен бояу жағады – міне одан өзімізге тірі адам көз тастайды! Суретші оның жүзіндегі көзге алына       қоймайтын ой нышандары мен құштарлықтары таң   ғажайып   қырағылықпен   кенеп   бетіне   түсірген   және   бір   мезгілде сендерге оның  жан — дүниесін ашып берген. Кескіндеменің ұлылығы менімше мынада — ол сансыз жүректерді бір мәнді ойды, бір күшті сезімде бірге соғуға мәжбүр етеді. Ол шапшаң, бірден әсер етеді, оның тілі халықаралық тіл. Оған аудармашылар қажет емес. Оның алдында уақыттың өзі кейін шегінеді. Аса көрнекті Кеңес кескіншілерінің бірі — А.Пластов кескіндеме туралы осылай шабыттана айтады. Кескіндеме — бұл майлы бояулармен жасалған және пакет рамаға салынған, біз музейлерде қызықтайтын картиналар ғана емес. Кескіндеме ұғымы кең әрі мейілінше сан алуан техниканы қамтиды, мысалы түрлі сулы бояулармен,  темперамен, гуашьпен, акварельмен салынған кескіндеме болады. Тіпті аздап боялған суретке (пастель) ауысатын кескіндеме бар. Мұның бәрі станоктік, яғни станок та (мольбертте ) жасалатын кескіндеме. Монументтік кескіндеме де болады. Оның үлгілерін біз ғимараттардың қабырғаларынан көреміз. Мұндай кескіндеме арнайы техникада  әк суына араластырылган бояулар және жаңа сылақ бетіне жиі жасалады. Мүлдем бояусыз — ақ жасалатын өзінше ерекшелігі бар монументтік кескіндеме де бар. Бейне түрлі материалдардың алуан түсті кесектерінен жасалады (мозайка). Сондай — ақ «жарықтанатын» кескіндеме — шыныдан жасалған картинадан өтіп түрлі — түсті жарық түсіретін кескіндеме де болады (витраж).

Кескіндеме шығармаларын орындаудың алуан түрлі техникаларын қарастыруға көшпестен бұрын түс танудың кейбір меселелерімен танысайық.



Кескіндеменің түсі. Гравюраға арналған өткен тарауда біз түс, бояулар туралы біршама сөз еттік. Бірақ онда түс әлі де тапшы, оның ролі шектеулі де шартты болатын. Кескіндемеге түс бәрін айқындайды, мұнда ол жетекші орынға ие болады  және барлық күш-қуатымен өркен жаяды. Түс — кескіндеменің жаны. Шынында да реалистік кескіндеменің көркемдік қүралдарының негізінен суретпен және жарықпен көлеңкемен бірлікте түс құрайды. Бірақ кескіндемедегі «түс» деп нені түсеміз. Бәлкім, бізге тәжірибеден белгілі заттардың боялғандығы болар. Бақсақ, олай емес, басқаша, неғұрлым күрделі нәрсе екен. Кескіндеме — біздің қайсы бір заттар туралы білімдеріміз жөніндегі протоколдық есеп емес, осы білімдерге сәйкес суретті боямалау емес, түстік жағдайды оны нақты жағдайларда біз қабылдағанымыздай етіп, көркем бере білу. Біз шөптің жасыл, гүлдің қызыл, ал қардың ақ екенін тәжірибеден білеміз. Біз картинада оларды осындай бояулармен бояй аламыз ба? Бұл сұраққа «ия» деп те, «жоқ» деп те жауап беруге болар еді. Жасыл шөпті кескіндеменің шығармаларды іс жүзінде сұрғылт немесе көк дерлік, немесе тіпті қызыл дерлік ( мысалы, батып бара жатқан күн сәулесінде) болып шығуы мүмкін. Егер картинада қарды бір ғана ақ бояумен боясақ, қар сияқты әсер қалдырмай, жай ақ дақ болып шығады. Мұның болатын себебі, ақ қарда мыңдаған — қызғылт, алтын түстес, көгілдір және күлгін реңктер болады. Мысалы: В. Суриковтың «Бояр әйел Морозова» атты картинасында қардың суреті қалай салынғанына назар аударып, мұқият қарап көріңдер. Егер заттардың «дәл өзіндей» түстерді көшірмесек, табиғаттың түстік сан құбылмалылығын қалай нанымды беруге болады. Бәрін де картинада дұрыс табылған түстердің өзара қатынастары шешеді. Заттың түсімен сәйкес келетін бояуды таңдап алуға ұмтылу тіпті де керек емес. Суретшіге қолына қылқалам ұстап затқа жақын келіп, таңдап алынған түсті, ол дәлме – дәл сәйкес келуі үшін затпен салыстырып жатудың қажеті жоқ. Картинада, басқа түстердің барлық бояулық үйлестірімдері бірыңғай, тұтас, жарасымды реттілікке және өмірлік шынайылыққа    ұмтылған    кезде,    оның    мұндай   жалпы түстік кейпі кескіндемеде колорит деп атайды. Профессионал кескіндеменің басты белгілерінің бірі жалпы және суық реңктердің бірлігімен күресі. Белгілі бір заттың жарық түсіп тұрған және көлеңкеленген бөліктері жарықтанумен ғана емес, сонымен бірге жылы немесе суық түстік реңктерімен де міндетті түрде ерекшеленеді — егер жарық жылы болса, керісінше, онда көлеңке жылы реңкте болады. Бірақ осы жалпы түстік дақтарда оларға қарама — қарсы реңктер  кейде қылаң береді. Әрбір жағылған бояу көрші бояуға ұқсамайтын, оған контрасты болуы тиіс. Жылы    және       суық    түстерді    қатарлас    тұруы    кескіндемеге интенсивті әуен береді. Кескіндемешінің міндеті — картинаның жақын және  алыс  нүктелеріндегі  түстердің  айырмашылығын  аңғарымпаздықпен ұстай білуінде.

 


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет