5
Бейнелеу өнері сабағына қажетті
құрал-жабдықтар мен материалдар
Қағаз, қатырмақағаз,
кенеп, қарындаштар,
өшіргіш, палитра, моль-
берт
Гуашь, акварель, майлы,
акрилді, темперлік бояулар
12
Түстер шеңбері
Сары, қызыл, көк – негізгі түстер.
Кемпірқосақ түсте-
рінің шеңбер бойын-
да орналасуы түстер
шеңбері деп аталады.
Қара, сұр және ақ түстер ахроматикалық түстер
деп аталады.
Кемпірқосақта болатын барлық түстер хрома-
тикалық түстер деп аталады.
13
Сары
Қызғылт-сары
Қызыл
Жасыл
Сия көк
Көк
Қоңыр
Негізгі түстерді
араластырған кезде қандай
қосымша түске қол жеткізуге болатынын есіңе
сақта.
Негізгі түстерді араластыра отырып, жаңадан
қосымша түстерді аламыз.
16
Композиция
Композиция – бұл
туындының негізгі бөлікте-
рінің белгілі бір жүйеде орналасуы. Композиция
картинадағы суреттің мейлінше мәнерлі шығуы
және оның көркемдік бейнесін
ашу үшін қажет.
Картина композициясы тік-
төртбұрышта тігінен немесе көл-
денеңінен орналасады. Сонымен
бірге шаршыда, шеңберде орын-
далуы мүмкін.
Дұрыс орналасуы
(Сурет дұрыс құрастырылған.)
Дұрыс орналаспауы
(Суреттер дұрыс құрастырылмаған.)
17
2 3
4
1
Алманы бейнелеу кезеңдерінің сызбасы
Алма
Көкөністер мен же-
містердің суретін салу
өте қызықты. Бүгін түрлі
түсті қарындаштармен
алманың суретін сала-
мыз.
36
Өсімдік пішінді өрнектерден жасалған
аппликация үлгілері
Гүл сыйлаймыз
Аппликация
Аппликация – бұл алдын
ала дайындалған сурет (ком-
позиция) бойынша қағазға,
қатырмақағазға мата, қамыс,
қағаз қиындыларын желім-
деу тәсілімен картина жа-
сау.
37
Сыйлық жасау үшін бізге түрлі түсті қатырма-
қағаз, түрлі түсті қағаз, жай қарындаш, қайшы,
желім қажет.
Түрлі түсті қағаздан гүлдің элементтерін қиып
аламыз. Содан соң түрлі түсті қатырма қағазға
аппликация элементтерін желімдейміз.
Түймедағын орындау сызбасы
56
Ою-өрнек элемент-
те р і қ а й та л а у ж ә н е
кезектестіру арқылы жа-
салады. Ою-өрнекте нақты
пішіндер – жапырақтар,
жәндіктер, құстар бейне-
ленеді.
Сондай-ақ абстрактілі
пішіндер, атап айтқанда,
тіктөртбұрыш, үшбұрыш, ромб және өзге де фи-
гуралар бейнеленуі мүмкін.
Ою-өрнектің пайда болуының негізгі қайнар
көзі – табиғат. Жылан, құрт, жануарлардың
терілерінен, көбелектердің қана-
тынан, өсімдіктерден өрнектердің
алуан түрін кездестіруге болады.
Адам осыларға қарап, ою-өрнектің
сан мыңдаған түрін жасап үйренді.
Ою-өрнек түрлері
57
Ырғақ – ою-өрнек элементтерінің белгілі бір
ретпен нақты қашықтықта қайталануы.
Шаршыдағы өрнек Шеңбердегі өрнек
Жолақтағы өрнек
Ырғақ жиі немесе сирек қайталанады.