Бегалиева С. А. Төрегелдиева З. А. Сусамыр ауруының адам ағзасына әсері



Дата30.03.2017
өлшемі162.84 Kb.
Бегалиева С.А.

Төрегелдиева З.А.

Сусамыр ауруының адам ағзасына әсері.

Аурудың алдын алу, емдеуден жеңіл.



Грек-латын мәтелдерінен

Адам баласы бос уақытының көбін, демалысын табиғат аясында өткізуге тырысады. Әсіресе, жаз айларында қайда қадам бассаң да, ең алдымен таңғажайып өсімдіктер әлемі көз тартады. Жайқала өскен, әр алуан бояулармен көз тартатын гүлдерді көріп, шаттық сезіміне бөленесің, олардың хош иісін рахаттана жұтасың. Ал, жасыл орманның көлеңкелі саясы жазғы ыстық күндерде жанды жадыратып, көңілді сергіте түсері сөзсіз.

Күнделікті өмірде көптеген өсімдіктердің өзіндік құпиясын, тіршілігі мен дамуындағы ерекшеліктерді, құрылысын және олардың қоршаған ортамен қарым-қатынасын, адамға тигізер пайдасын толық біле бермейміз.Бұл мәселелерді жеткілікті білу үшін жер бетінде өсетін өсімдіктердің түрін жеке-жеке бақылап шығу қажет болар еді. Өсімдіктердің сыр-сипатын зерттеп білу үшін ұзақ мерзім, қыруар еңбек қажет. Мен, ұсынып отырған жоба кейбір өсімдіктердің тіршілігінен аз да болса мағлұмат береді.Мұнда сусамыр ауруына қолданылатын жералмұртының тіршілігі мен даму ерекшеліктері, сонымен қатар оны халық медицинасында ем ретінде қолдану жолдары айтылады.

Қазақ халқы - тарихқа бай халық. Ғасырлар бойы жасаған өмірінде алтын сақадай сақтаған мәдени мұралары да мол. Сол мұралардың үлкен бір саласы - халық медицинасы. Халқымыздың емдеу - сауықтыру тәсілдері оның өзімен бірге жасап келеді деуге болады. Бұрын зерттелмей келген мәселені сөз ету, әрине, оңай жұмыс емес. Әйтсе де, қолымыздағы жобада халық емінің күңгірт және күңгей беттерін біраз қарастыруға тырыстық. Халық медицинасы беті ашылмаған тың мәселе. Алда ну орман – тоғайы, бау-бақшасы тұр. Оны игеру келесі ұрпақтар үлесі деп білемін. Халықтық медицина да адамдардың денсаулығына қызмет етіп, олардың өмір сүруіне жағдай жасағанымен, ол әлі ғылыми медицина емес, көбі алғашқы, ғылым, білімге қолдары жете қоймаған адамдардың күнделікті өмір тәжірибесіне негізделген медицина еді. Халық емін зерттегенде алға қойған мақсатымыз – халық медицинасының бүгінгі ғылымға қайшы, денсаулыққа зиянды емдік әдіс-тәсілдерін атап көрсетіп, ал ғылыми емдік қасиеті бар түрлерін мүмкіндігінше кәдеге асыру. Халықтық медицина өкілдерінің әртүрлі емдік әдіс-тәсілдері ғылыми медицинаның дамуына жол ашты. Мысалы, қазіргі дәрігерлік практикада пайдаланып жүрген дәрі-дәрмектердің 3/1 сол халық медицинасының қолынан келген.

Өсімдік медициналық препараттың сарқылмас көзі. Емдік қасиеті бар шөптерді айыра білу, олардың шипалық ұрығы гүлінде, сабағында немесе тамырында болатынын, шөптің жинау мерзімін, дайындау әдісін білу- қиынның қиыны. Бірақ мұны білу керек. Мұны білмейінше шипалық дәрі жасауға болмайды. Ол үшін арнайы білім керек. Шөптердің құрамында организмге пайдалы немесе зиянды, тіпті улы заттардың бар-жоғын айыруда да осы тәжірибеге сүйенеді. Қазақтың халық медицинасында емдік қызмет атқарған өсімдіктердің бірі – жералмұрты.

Сусамыр ауруының басты белгілері.

Диабет – бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Әсіресе, жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста сусамырмен ауырғандарға арнаулы дәрі ( инсулин ) қолдану ұсынылады. Әйтсе де, бұл ауру 40-тан асқан, тамақты шектен тыс ішіп, толыса бастаған адамдарға тән болып келеді .

Қант сусамыры – көмірсутек, май, ақуыздың зат алмасуының созылмалы бұзылуы, яғни қанға көп мөлшерде қант түйіршігінің бөлінуі болып табылады. Сусамыр – инсулиннің асқазан асты безінен жеткілікті мөлшерде бөлінбеуі

салдарынан басталады. Инсулинсіз ағза қант түйіршігін емдей алмайды. Соның салдарынан қанның құрамында қант мөлшері көбейеді.

Диабеттің алғашқы кезеңдегі белгілері :

* Үнемі сусап тұруы;

* Кіші дәреттің жиілеп, көп болуы;

* Үнемі шаршауды сезіну;

* Аяқ – қолдың ұйып жансыздануы;

* Үнемі қарын аштығынан арылмау.

Өршіп бара жатқан диабет белгілері :

* Терінің қышуы;

* Көздің көру қабілетінің айырылуы ( тұман көлегейлегендей );

* Жыныс қынабының жиі инфекциямен ауруы;

* Аяққа жазылмайтын созылмалы жара шығуы;

* Естен тану ( қысылтаяң жағдайларда ).

Осы аталған белгілер басқа ауруларға тән. Диабетпен ауыратыныңызға көзіңізді жеткізу үшін кіші дәретіңіздің құрамындағы қанттың көп – аздығын тексеріңіз .

Ескету : СПИД – пен ауыратын адамның кіші дәретін үзілді – кесілді байқауға болмайды. Кіші дәреттің қанттылығын арнайы қағаз жолақтар (мысалы, уристикс) арқылы тексеруге болады. Егер кіші дәретке салғанда қағаз жолақтары түсін өзгертсе, онда мұнда қанттың болғаны .

Диабет белгілері балаларда , жасөспірімдерде біліне бастағаннан – ақ міндетті түрде тәжірибелі дәрігер маманға көрсетіңіз. 40 жастан кейін диабетті дәрі – дәрмексіз - ақ, тамақтануды дұрыс жолға қою арқылы емдеуге болады. Диабетпен ауыратындар диетаны өмір бойы сақтауы керек , бұл жағдайда дұрыс диета сақтаудың мәні зор .

Қантты диабетте берілетін тағам.

Біздің тамағымыз көміртегі, май, белок, витаминдер мен минералдық заттардан тұрады. Көміртегі мен май организм үшін қуат көзі. Май, сондай-ақ

А, Д, Е және К секілді витаминдердің қоры.

Ал, белоктар- құрылыс материалдары іспетті. Белок негізінен ет, балық, сүзбе, ірімшік, жұмырқада көп болады. Көміртегілер кондитерлік заттарда, нан, дәнді дақыл, жеміс жидек, сүттен жасалған өнімдерде мол . Дені сау адамда көміртегінің мол болуына асқазан асты безі жасайтын инсулиннің ықпалы зор. Қант диабетімен сырқаттанған жағдайда көміртегінің организмде бір қалыпты деңгейде болғанын қадағалау шарт. Тәулігіне қаншама тамақ жеу қажеттігін адамның энергияға тәуліктік сұранысымен тікелей байланыстырған дұрыс. Ересек адамдарда бұл дененің көлеміне, істейтін жұмысының ерекшелігіне байланысты. Салмағы артық адамадар одан құтылуға тырысқаны жөн. Олардың энергияға күнделікті сұранысы 1200 ккалдан аспағаны дұрыс.

Салмағыңыздың артық екенін қалай білуге болады?

Дене массасының индексін табу керек . Ол үшін кг-мен есептелген салмағыңызды бойыңыздың квадратына бөлсеңіз болғаны. Мысалы, бойы 170 см, салмағы 100 кг адамның ДМИ 34-ке тең. Ер адамда (ДМИ) 25-тен, әйел адамда 24- тен аспағаны абзал. Көміртегісі мол жеміс жидектерді (жүзім, інжір, банан, қауын, құрма т.б.) мол пайдалану да осындай келеңсіздіктерге ұрандырады. Ақ нан,макарон өнімдерін барынша аз, ал қияр, қызанақ, баклажан,қарбыз, қырыққабат, редис, шалқан көкөністерін барынша мол жеуге тырысқан жөн. Бұршақ, фасоль, лобияда қан құрамындағы қанттың молаюына еш әсерін тигізбейді. Майлар А, Е, Д сияқты витаминдердің қоры. Олар адамға өте қажет. Майды сүт, ет өнімдері, өсімдік майы, маргарин, жаңғақтар арқылы алуға болады. Жануарлар майының да пайдасы бар, бірақ оны организмнің қорытуы өте ауыр. Майдың өте көп болуы да зиян, оның қалыптан артық болуы организде инсулиннің бөлінуіне кедергі жасайды. Майды тәулігіне 30 грамнан артық пайдаланбаған дұрыс. Қантты диабетпен ауырған науқасқа берілетін ем-дәм құрамында майлар мен қарапайым көмірсулар мөлшері шектеледі, С және В тобы витаминдерінің мөлшері едәуір көбейтіледі. Тамақ ішу режімі күніне 5-6 рет, әр 3 сағат сайын аз-аздан, бөліп-бөліп тамақтану ұйқы безі мен инсулиннің организмде қалыпты жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Сондай-ақ тамақты әрдайым бір мезгілде жеуді де әдетке айналдырған жөн.Тұзға да абай болған дұрыс. Өйткені, оның молаюы организмде ылғалдың көбеюіне, артериалдық қысымның жоғарылауына соқтырады. Дұрыс тамақтану және режимді сақтау қантты диабетпен сырқат адамды емдеудің басты, негізгі түрі. Науқастың ғұмыр бойы ем-дәм тәртібін сақтауы шарт.Диетатерапияның қантты диабеттің жеңіл түрінде ғана емдік фактор бола алатындығын назарда ұстаған дұрыс. Ал, орташа және ауыр түрлерінде диетатерапия инсулинмен немесе кантты азайтатын пероральдық заттармен емдеуге қосымша ретінде пайдаланылады. Қант диабетінің асқынған түрлері ауруды мүгедектікке әкеліп соқтырады.

Диабетпен ауыратындардың диетасы

Диабетпен ауыратын толық адамдар алдымен артық салмақтан арылуы керек . Диабетшілер қант , кәмпит және басқа да тәтті тағамдарды ішпеулері қажет. Олардың ірі ұнтақты ұннан пісірілген нан , сондай –ақ крахмал қоспалы асбұршақ, күріш, картоп және басқа да құрамында протеин нәруызы бар тағамдармен тамақтанғаны жөн болады. Диабет ауруымен зардап шегетін ересек адамдардың алмұрт тектес тікенекті кактустің сөлін ішкені дұрыс. Бұл үшін кактусты ұсақтап турап, езіп, сөлін сығып алып күніге тамақ алдында 3 рет кеседен қабылдау керек. Тіс қызыл етін таңдай қуысын инфекциядан сақтау үшін, тісті тамақтан соң жуып, тазалаған дұрыс болады. Аяқты таза ұстау қажет, жаралап алмау үшін ыңғайлы аяқкиім киген жөн. Аяқ қан тамырлары қызметін жақсартып, қан айналысын ретке келтіру үшін ( аяқта қара дақтар болып немесе ұйыған жағдайда ) дем алған кезде аяқты жоғары көтеріп қойып жату керек.

Ал, қан тамырлары кеңейгенде де, осы кеңеске ден қойған дұрыс. Көмірсулары алмасуларының бұзылыстары :



  • Көмірсуларының ішек – қарында ыдырауы мен сіңірілуі бұзылыстарынан ;

  • Гликогеннің түзілуі мен ыдырауы өзгерістерінен ;

  • Көмірсуларының аралық алмасуы бұзылыстарынан – байқалады .

Көмірсуларының ішек – қарында ыдырауы мен сіңірілуінің бұзылуы ас қорыту жолдарының амилолиздік ферменттері әртүрлі себептерден (панкреатит, энтренит т.б.) жеткіліксіз болғанда байқалады.

Сонымен бірге ішектер қабынғанда глюкозаны фосфорлайтын фермент гексокиназаның әсерсізденуінен немесе жеткіліксіз өндірілуінен глюкозаның сіңірілуі бұзылады . Гексокиназа глюкоза сіңірілуі үшін оны фосфорлайтын фермент . Бұндай бұзылыстар жас балаларда жиі кездеседі .

Гликогеннің түзілуі мен ыдырауының бұзылыстары . Орталық жүйке жүйесі мен симпатикалық жүйке жүйесі қозғанда , гипофиздің , бүйрек үсті бездерінің қызметтері артқанда, ауыр қол жұмысын атқарғанда, организмде гликогеннің ыдырауы күшейеді. Гликогеннің түзілуі бауыр қабынғанда азаяды. Керісінше, оның түзуі тұқым қуатын гликогеноздар деп талатын ауру кездеріде көбейеді. Бұл аурулар тектік ақаулардың нәтижесінде гликогенді ыдырататын ферменттердің ( глюкоза- 6 – фосфатаза, а – 1,4 – глюкозида т.с.с. ) түзілуімен дамиды. Осыдан гликоген бауыр, бүйре, жүрек жасушаларының ішінде көптеп жиналып қалуынан олардың қызметтері бұзылады.

Көмірсуларының аралық алмасуының бұзылыстары гипоксия, бауыр аурулары және организмде В1 витамині жеткіліксіздігі кезінде аэробты тотығу процесі әлсірейді де, анаэробты гликолиз артады. В1 витамині пирожүзім қышқылының тотығуына қажетті фермент болып есептеледі.

Көмірсулары алмасуының бұзылыстары гипергликемия, глюкозурия және гипогликемия түрлерінде байқалады. Гипергликемия қанда қант мөшерінің жоғары көтерілуі. Оның пайда болу себептеріне қарай :

ауқаттық;

эмоциялық;

гормондық;

инсулиннің жткіліксіздігінен болатын – гипергликемиялар деп ажыратылады.

Гипергликемия инсулин жеткіліксіздігінде қарқынды және тұрақты болады. Инсулиннің жеткіліксіздігі ұйқыбездік( панкреатикалық ) және ұйқыбездік емес ,салыстырмалы( безден тыс )болуы мүмкін.

Бездік инсулиннің жеткіліксіздігі ұйқы безінің біріншілік бүлінуінен болады. Ол туа біткен және жүре пайда болауы мүмкін. Біріншісі тектік ақаулардың болуынан ұұйқы безінің в – жасушаларында инсулинннің мүлде түзілиеуі немесе тым аз түзілуінен дамиды. Жүре пайда болған инсулиннің аз түзілуі көптеген себептерден болады.оларға

- ұйқы безінде өспе өсуі;

- жұқпалар ( туберкулез, мерез бактериялары, қызамық, паротит т.с.с. вирустары ) мен қабыну кездеріндегі ұйқыбезідің бүліністері;

- Лангерганс аралшықтарында қан тамырларының тарылуы ( птеросклерозы ), тромбозы немесе олардың қатты жиырылуы нәтижелерінде гипоксия жамуы;

- Организмде пуриндер алмасуларының бұзылыстарынан аллоксан көп өндірілуі;

- Организмде цинк иондарының жетіспеушілігі;

- Ұзақ мерзім тым артық қызмет атқарудан в – жасушаларының қалжырауы т.с.с. жатады.

Инсулиннің салыстырмалы жеткіліксіздігі кезіңде ұйқы безі инсулинді тіпті қалыпты деңгейде өңдірілуі мүмкін. Бірақ организм тіндерінің инсулинге мұқтаждығы көтерілуіне немесе олардың сезімталдығы азаюына байланысты оның безден тыс, салыстырмалы жеткіліксіздігі дамиды. Ол:

- инсулинді қабылдайтын рецепторлардың саны азаюынан немесе олардың физикалық – химиялық қасиеті өзгеруінен; 9


  • инсулиннің нәруыздармен артық байланысып қалуынан әсерлілігі төменденуінен;

  • организмде протеолиздік ферменттердің (инсулиназа ) көптігінен инсулиннің артық ыдырауынын;

  • инсулинге қарсы имумндық глобулиндермен байланысып қалуынан;

  • белсенділігі төмен проинсулиннің әсерлі инсулинге ауысуы бұзылуынан болуы ықтимал.

Инсулиннің бездік немесе безден тыс жеткіліксіздіктеріне қантты диабет дамиды. Ол организмде инсулиннің толық немесе салыстырмалы жеткіліксіздіктерінен дамитын зат алмасуларының бұзылыстарымен, қан тамырларының, жүйкелердің және әртүрлі ағзалар мен тіндердің дерттік әдістерімен сипатталатын ауру.

Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының ( БДҰ ) жіктеуі ( 1981 ж.) бойынша қантты диабеттің ең көп тараған екі түрі бар : инсулинге тәуелді

(І – түрі ) және инсулинге тәуелсіз (ІІ - түрі).

І – түрі - 25 жасқа дейінгі жастарда және балаларда кездесетін диабет инсулиннің бездік жеткіліксіздігінен оның толық болмауынан дамиды. Ол сырқат адамның қатты арып – азымен ауыр түрде өтеді және инсулинмен емдемесе тез кетоацидоз дамуына,адамның өліміне әкеледі.

ІІ – түрі – ұлғайған адамдарда кездесетін диабет және ол инсулиннің салыстырмалы жеткіліксіздігінен дамиды. Бұл түрі диабеттің барлық түрлерінің 70 % - на жуығы. Қанда инсулинннің мөлшері аздап қана төмендеген немесе тіпті қалыпты деңгейде болады. Бұл диабетпен ауыратын сырқаттардың арасында дененің толып кетуі жиі байқалады және әдетте кетоацидоз дамиды. Көпшілік жағдайда бұндай ауруларды тіпті дұрыс емдәммен емдеу жеткілікті болады.

Диабеттің гені тін үйлесімділік HLA – кешенінің локусына имундық реактивтіліктің гені мен бірге орналасқан.

Инсулинге тәуелсіз диабет кезінде тұқым қуалаушылыққа бейімділік көптеген гендермен ұрпақтан ұрпаққа ауысуы ықтимал. Оның дамуына қолайлы ықпалдар болып, жеңіл қорытылатын көмірсулары көп тағамды артық пайдалану және қимыл – қозғалыстың азаюы, гиподинамия есептеледі. Бұл екі жағдайда организмнің семіруіне әкеледі, ал диабеттің бұл түрімен ауыратын науқастардың көпшілігі тым толық болып келеді. Семіру кезінде организмнің инсулинге мұқтаждығы көтеріледі. Өйткені май жасушаларының сырттарындағы инсулинді қабылдайтын рецепторлар азайып бір – бірінен алшақтап кетеді. Сондықтан ұйқы безінің бета – жасушалары ұзақ мерзім артық қызмет атқарудан олардың пайдаланылмаған мүмкіншіліктері тез қалжырауға ұшырайды. Семіру кезінде организмнің глюкозаағ төзімділігі (сырттан енгізілген глюкозаны пайдалану қабілеті) жиі төмендеген. Бұл көтеген тіндерде, соның ішінде бауыр мен май тіндерінде, инсулинді қабылдайтын рецепторлардың саны азаюымен байланысты болады. Сондықтан семіру кезінде организмнің зат алмасуға мұқтаждығын қамтамасыз ете алмайтын гиперинсулинемия дамиды. Осыдан артынан бета – жасушаларының қызметі, артық қызмет атқарудан, тез қалжырауы мүмкін.

Қантты диабеттің патогенезі және клиникалық көріністері.

Инсулин жеткіліксіздігінде амин қышқылдарынан, глицериннен, сүт, пирожүзім, кетоглютар қышқылдарынан глюкозаның түзілуіі көбейеді.

Сайып келгенде, қантты диабет кезінде инсулиннің жеткіліксіздігінен:



  • гексозакиназа, глюкокиназа ферменттерінің белсенділігі тежелуден глюкозаның жасуша қабықтары арқылы өтуі және оның тіндермен пайдаланылуының төмендеуі;

  • бауырда, бұлшықеттерде гликоген түзілуі азайып, оның ыдырауының көтерілуі;

  • глюкоза – 6 – фосфатаза ферментінің әсерленуінен глюкозаның фосфорсыздануның немесе фосфор қышқыылнан ажырауының артуы;

  • пентоздық– фосфаттық тотығу ижолдарының бұзылыстарыана көмірсулары өнімдерінің майларға ауысуының азаюы;

  • гликонеогнездің артуы сияқты құбылыстар жинақталып келіп гипергликемия дамуына әкелді.

Инсулин жеткіліксіздігінің алғашқы көрінісі болып, организмнің глюкозаға төзімділігі (толеранттығы) төмендеуі есептеледі. Аш қарынға 1,75 г\кг глюкоза ішкізгеннен кейін сау адамдардың қанаында глюкозаның деңгейі 7,8 ммоль\л (140 мг%) – ден аспайды және 2 сағаттан кейін қалыпты деңгейіне қайта оралады. Ал, инсулинннің жеткіліксіздігі кезінде гипергликемия 11,3 ммоль\ л – ден жоғары көтеріледі де, глюкоза ішкеннен 3 сағат өткен соң жоғары деңгейде сақталып қала береді.

Глюкозаның қандағы жоғары деңгейі глюкозурияға әкеледі. Бұл кезде бастапқы несепте глюкозаның деңгейі 8,0 – 10,0 мМ\ л – дейін болса, онда ол бүйрек өзекешелерінде толығынан кері сіңіріледі.Бұл бүйрек өзекшелерінің ең жоғары кері сіңіру мүмкіншілігі немесе «бүйрек межесі» деп аталады.

Қантты диабет кезінде нәруыздардың алмасуы бұзылуынан амин қышқылдарының жасуша қабықтары арқылы тіндерге өтуі төмендейді, олардың ыдырауы артады. Амин қышқылдарынан амин топтары бөлініп, зәрнәсілге айналуы көбейеді. Сондықтан қан мен несепте оның деңгейі артады. Әдетте,

ол 3-7 мМ\л (немесе 20-40 мкг %) болады.

Инсулинннің жеткіліксіздігі кезінде майлардың алмасуы бұзылады. Бұл кезде майлардың ыдырауы күшейеді, май тінінен май қышқылдары мен глицерин босап шығады.

3

Бегалиева С.А.



Балалар теміртапшылық анемиясы

Қазіргі денсаулық сақтау саласында маңызды мәселелердің алдыңғы қатарында теміртапшылық анемиясы тұр.

Теміртапшылық анемиясын әлемде 3 млрд адам зардап шегетіні әйелдерде және бала емізуші әйелдерде,сондай-ақ туу жасындағы әйелдерге тиеді.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша, анемия 15-44 жас аралығындағы әйелдердің еңбекке жарамсыз болып қалуына әкелетін 3 негізгі себепке жатады.

Балалар анемиясы-балалар ауруларының ішінде ең көп тараған потологиясының бірі.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ мәліметі бойынша планетадағы халықтың 20пайызында теміржетіспеушілігінің түрлі дәрежелері кездеседі.Теміржетіспеушілігінің таралуы мектеп жасындағы балаларда 17,5 пайыз, ал ерте жастағы балаларда 50 пайызды құрайды.

Анемия барысында қауіпті патологиялық жағдайлар дамиды. Анемия жалпы денсаулық жағдайының төмендеуіне,анакологиялық және жұқпалы сырқаттарының жоғары дәрежеде пайда болуына ,ағза тұрақтылығың қоршаған ортаның зиянды факторларының ықпалының тәмендеуіне,асқазан потологиясымен,әсіресе ішек,қарын жолы мүшелерінің шырышты қабығының бұзылысына,семуіне алып келеді.Гипосиямен қатар жүретін анемия дерлік барлық сырқаттардың әсіресе тыныс алу жолдары мен жүрек қан тамыр жүйесінің созылмалы патологиясының ағымын асқындырады.

Анемия эротроциттер мөлшерімен оның құрамындағыгемоглабин концентрациясының төменделуімен сипатталатын жағдай.Анемия темір фоли қышқылы,В12 витамині,мыс және басқада заттектердің жетіспеуінен болады.Темір-қызыл қан жасушалары гемоглабиннің түзілуі үшін қажет маңызды микроэлемент.

Адам ағзасында темір 3негізгі қор ретінде болады:

1.Эротроциттер құрамындағы гемоглобин.

2.Бұлшық ет гемоглобині.

3.Бауыр және ретикулэндетольды жүйке жасушалары

Организмде темірдің маңызы өте зор.Темір алмасуының физиологиясы мен патологиясынзерттеулер нәтижесі темірдің барлық биологиялық жүйенің қалыпты жұмысына ең қажетті биометал болып табылатынын дәләлдеді.Темір отегімен гемменглобин арқылы байланысады.Темір глобиннің құрамына кіріп,тіндер мен жасушаларға оттегі тасымалдап,тыныс алуға белсене қатысады.Ондағы ферменттердің құрамына кіріп ондағы тотықты қосылыстардың бұзылуында электрондарды оттегіні тасуға жұмылдырыды.Сондықтан темірдің құрамы төмендесе гемоглобин мен эротроциттің саны азайып,анемияға әкеледі.

Ерлер ағзасындағы темір қорының орташа құрамы 600-1200мг болса,әйелдерде 100-400мг құрайды.

Егер ағзадағы темір қоры азайса,гемоглобин деңгейіде қарқынды түрде төмендейді,гемоглобиннің қалыпты деңгейі іштегі нәрестенің толық дамуы үшін жүктілік кезінде ауадай қажет.

Организмде темір жетіспеушілігі баланың жиі ауруына, көптеген зат алмасуына,тіптен болашақ өсіп,жетілуіне теріс әсер етеді.Бір жасқа дейінгі балаларда анемия анасының денсаулығымен тамақтану жағдайына қоршаған ортаның ластану деңгейіне байланысты.

Тағамдық өнімдер құрамында темір сіңірілуі әр түрлі механизмдер арқылы жүзеге асатын екі гемді және гемсіз түрде болады.

Гемді темір жануар текті тағам өнімдерінің құрамында оның гемсіз темірге қарағанда сіңімділігі жақсырақ.Орташа есеппен алғанда, гемді темірдің 25% сіңіріледі, және бұл процеске басқа тағамдық заттектермен ағзадағы темір қоры айтарлықтай әсер етпейді. Алайда тағаммен түсетін темірдің негізгі бөлігі сіңімділігі төмен гемсіз болып саналады және ол ағзаның темірмен қамтамасыз етіуіне, ішекткгі темір құрылымдарының еруіне микроэлемент сіңірілімін арттыратын немесе тежейтін бірқатар тағамдық факторлардың болуына тәуелді.

Ағза өте жиі ,бірақ аз мөлшерде теиірді жоғалтып отырады. Бұл үдеріс негізінен ішек-қарын және тыныс алу жолдарының шырышты қабығының, сондай ақ тері жасушалары жаңарған кезеңдерде болады. Ағзаның тағамдық темірге деген қажеттілігі жас,жыныс және физиологиялық жағынан анықталады.

Нәрестенің алғашқы алты айында темір қажеттілігі бала ағзасындағы темір қорының микроэлемент құрамы есебінен қамтамасыз етіліп,кейін темірдің негізгі әрі жалғыз көзі тағам болады.Темірді 6 айлыққа жеткен балалар, нәрестелердің алғашқы 3жасында,жүкті және туу жасындағы әйелдер ерекше қажет етеді



Жас/физиологиялық жағдай

Мкг/кг дене массасы/тәулік

Мг/тәулік

4-12 ай

120

0,96

13-24ай

56

0,61

2-5жас

44у

0,31

Анемияның клиникалық белгілері-жалпы әлсіреу,тез шаршау,ентігу, денеге ауыртпалық түсу кезіндегі жүрек қағысы, бас айналу, құлақтың шулауы,көздің қарауытуы, көру қабілетінің нашарлауы,гипоксия немесе тұншығу нәтижесінде бастың ауруы,ұйқысыздық.

Денедегі белгілері-терінің бозаруы және шырышты қабық пен тырнақ бетінің қабынуы,ауыр жағдайларда балтыр-жіліншек ісінуі және өкпенің негізгі бөлігінде сырылдың пайда болуы.

Теміртапшылық анемисының негізгі себептері:

-темірдің тағам өнімдерімен ағзаға жеткілікті түрде түспеуі. Бұл себептің үлесіне кездесетін жағдайлардың көбісі жатады.

-төменгі биосіңімділік немесе тағамдық темір сіңімділіктің бұзылуы.

-қан кету,туберкулез,безгек немесе ішек құрттары жұқпалар әсерінен эротроциттердің жоғалуы немесе бұзылуы.

-эротроциттердің генетикалық кемістіктері.

Емдеу

Емдеу комплексі жүргізілуі тиіс.Анемияның себебін анықтап,оны жою үшін барлық жағдайларды жасау маңызды.Барлық тамақ ингриденттері бойынша теңестірілген, дұрыс тамақтандырылуды ұйымдастырудың ерекше маңызы бар. Алалардың жас шамасына қарай оларға шырындар,алма және жұмыртқаның сары уызын, бауыр,ет,сиыр тілі,яғни құрамында темір бар тағамдар беру керек.Қолдан тамақтандырған жағдайда ашытылған қоспалар тағайындаған жөн. Биалаға гигиеналық күтім жасау-сауығуға жәрдемдесетін маңызды шаралар, массаж бен гимнастика ағзадағы алмасу процесін күшейтеді.

Анемияның жеңіл формаларының өзінде темір препараттарын тағайындау керек.Мұндай препараттар көп.Бұрын көп қолданылып, қалпына келтірілген темір ішектерде нашат сіңіріледі,сондықттан оны тағайындамау керек.<<Феррокаль>> таблеткаларының жақсы әсері болады.Ол күніне үш рет тамақ ішкеннен кей3н бір таблеткадан тағайындалады.Ферамия,фероспен тағайындау пайдалы.Бала үшін жас шамасына сәйкес ең көп молшерін айқындапалу керек,бірақ бастапқыда ½ мөлшерін ,содан соң 2/3 ал кейінірек толық мөлшерін береді.14-18 күннен кейін ғана әсер етеді.Емдеу 2-3 айға созылады.Құрамында темір лактаты,мыс сульфаты бар <<Гемостимулин>>таблеткасын,глюкоза және құрғақ тамақтанған, емшектегі балаларға -0,5грамнан ,ересектеу жастағы балаларға -0,2-0,25 грамнан күніне үш рет береді.

Ұтымды тамақтану мен күн режимі жағдайында темір препараттарын жүйелі түрде қолдану қандай болса да басқа бір шипалы дәрі-дәрмектер қабылдама-ақ жақсы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.Анемияның өмірлік көрсеткіштері бойынша өте ауыр формалары жағдайында ғана қан құюға болады.



Анемияның жеңіл формаларымен ауырытын балалар үй жағдайында емделеді.Анемия ауыр өткен жағдайда емдеу стациянарда жүргізііледі.

Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде !!!
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет