Баяндама Психикалық құбылыстар Психология – психикалық құбылыстардың «жан қуаттарының»



Дата25.10.2018
өлшемі27.1 Kb.
#94017
Баяндама

Психикалық құбылыстар

Психология – психикалық құбылыстардың («жан қуаттарының») пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б.) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жақсы кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ, психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды – сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатырған білім салаларының бірі. Оның дүниеге ең тұңғыш келген жері ежелгі Греция. «Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі – «псюхе» (жан), екіншісі - «логос» (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді. Бірақ, психологияны «жан туралы ілім» демей, психика туралы ғылым деп түсінген

Біздердің әрқайсысымыз күнбе-күн адамдармен кездесе отырып, олармен қарым-қатынас жасаймыз, олардың айтқан сөздеріне көңіл күйіміз қобалжу, не орнықты жағдайда жауап береміз, адамдар кейде бізге сүйкімді көрінеді, ұнатамыз, ал кейбіреулерін жақтырмаймыз.

Қоршаған дүниеде белгілі бір заттар немесе құбылыстар туралы біздер ойланамыз, ой елегінен өткіземіз, көңіл-күйімізге әсер етеді немесе ол құбылыстарға қалай болса, солай қараймыз, демек, бір жағдайлар біздерді қызықтырады, басқалары бізге бәрібір сияқты көрінеді.

Әрқайсысымызды жақсы кітап, әсем әуен, бейнелеу өнері шығармалары қанағаттанғандық сезімге бөлейді. Біз адамның жағымсыз іс-әрекеттері мен мінез-құлқын көре отырып, қынжыламыз, оны сынаймыз, жағымсыз сезім пайда болады, ал жағымды іс-әрекет пен қасиеттер бізді қуантады, көтеріңкі көңіл-күйде боламыз.

Адам психикасының жануарлар психикасынан сапалық айырмашылығы бар. Адам психиканың ең жоғарғы түрі -сананың болуымен ерекшеленеді. Адам саналы құбылыс болып табылады. Сана адамның мақсатты еңбек қызметінде, іс-әрекеті мен мінез-құлқында аңғарылады. Адам белгілі бір іс-әрекетті орындамастан бұрын, оны ой елегінен өткізеді, алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен тәсілдерін жоспарлайды.

Психикалық өмірдің құбылыстары жан-жақты, бірақ олар бір-бірінен томаға тұйық өмір сүрмейді, бір-бірімен байланысты.



Психология ғылымының ең негізгі міндеттерінің бірі -барлық психикалық құбылыстарды зерттеу және түсіндіру болып табылады, демек, олардың пайда болу, қалыптасу және даму негізіне жататын объективтік заңдылықтарды ашып көрсету. Психикалық өмірдің заңдылықтарын білу, оны оқыту және тәрбие тәжірибесінде пайдалану үшін қажет. Тек қана психикалық үрдістер мен құбылыстардың заңдылықтарын білу және оларға арқа сүйеу, белгілі-бір шәкірттің дара психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту және тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыруға болады.

Психикалық құбылыстарды 3 үлкен топқа жіктеуге болады:

Психикалык үрдістер - бұл объективтік шындықты субъективтік бейнелеудің әртүрлі формасы. Психикалық үрдістерді сонымен қатар психикалық функциялар деп атайды. Психикалық үрдістердің көмегімен қоршаған ортаны тану іске асады, білім мен дағдыны, оқыту мен іс-әрекетті меңгереді. Төмендегідей психикалық үрдістердің негізгі түрлері қарастырылады: түйсіктер, қабылдау, ес, елес, қиял, ойлау,.

Психикалық қасиеттер - бұл адамдардың бір-бірінен айырмашылығын білдіретін жеке тұлғаның дара психологиялық ерекшеліктері. Психикалық қасиеттерге темперамент, мінез, қабілеттілік жатады.

Психикалық жағдайлар (қалып) психикалық іс-әрекеттің уақытша дамуын сипаттайды. Оқыту мен іс-әрекеттің жемісті орындалуына ерекше ықпал ететін адамның ішкі дүниесінің негізгі саласы болып табылады. Мәселен, сезім және эмоция, белсенділік немесе енжарлық, шаршау, стресс т.б. психикалық жағдайлар. Барлық психикалық құбылыстар бір-бірімен өзара байланысты. Сонымен, психикалық құбылыстардың жіктелуін төмендегіше кесте түрінде беруге болады:
Каталог: uploads -> 2018 -> post02
post02 -> Сабақтың тақырыбы Бөліп шығарудың маңызы
post02 -> Сабақтың тақырыбы: «Тұрақты электр тоғы»
post02 -> Тобы: Еркетай Білім беру саласы: Әлеумет Бөлімі: Экология Тақырыбы
post02 -> Сабақтың тақырыбы: Жабайы андар
post02 -> Сабақтың тақырыбы : §39. Шөл және шөлейт зонасы Мұғалімнің аты-жөні
post02 -> 2 бөлім Гидросфера
post02 -> Дене тәрбиесі (баяндама)
post02 -> 1-нұсқа Генетикалық психология адамның несін зерттейді?
post02 -> Рухани жаңғырту- ұрпақ санасының дамуы


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет