Баянбек Д. С., магистр, Ремеле В. В., б.ғ. к. «Қазақ ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институты»



Дата05.07.2017
өлшемі59.33 Kb.
#24213
576.8521.667.622
Баянбек Д.С., магистр, Ремеле В.В., б.ғ.к.
«Қазақ ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, микробиология және биотехнология зертханасы
Talaromyces purpurogenus штамы – қызыл пигмент продуценті

Кіріспе

Тағамдық бояғыштар – тағамдық өнімдерге өң беретін, түсін арттыратын немесе қалпына келтіретін тағамдық қоспа болып табылады. Тағамдық өнімдердің түсі тауар айналымында және олардың бәсекеге қабілеттілігінде басты орын алады, себебі тұтынушы өнім түсін қолданысқа өнімнің әзірлік дәрежесімен, оның дәмдік құндылығымен және басқа да сапа көрсеткіштерімен байланыстырады. Тағамдық өнімдердің түсін нығайтатын заттар табиғи (өсімдік, жануар, минераль, микробиология) немесе синтетикалық текті болады.

Табиғи тағамдық бояғыштарды өсімдік, жануар және микроорганизмдер сияқты табиғи заттардан алады. Соңғы уақытта табиғи тағамдық пигменттерге қызығушылық жылдан жылға артуда, себебі дайын өнімдерге жағымды түрмен бірге табиғи дәм, хош иіс және басқа да қосымша тағамдық құндылықпен байытатын биологиялық белсенді, дәмдік және хош иісті заттектер құрамында кездеседі.

Синтетикалық бояғыштарды жасанды әдіспен алады, бірақ соңғы уақытта олар мүлдем қолданылмайды. Осы шешімнің жаршысы ретінде канцерогенділігі мен генотоксинділігіне байланысты 2G Қызыл (Е128) синетикалық бояғышты қолдануға тиым салу туралы 2007 жылдың шілде айында жарияланған қауылы болды.

Биотехнология саласының дамуымен соңғы уақытта биологиялық белсенді заттардың продуценті болып табылатын микроорганизмдерге, соның ішінде пигменттерді продуцирлейтін бактерия мен микроскопиялық саңырауқұлақтарға деген қызығушылық арта түсуде [1].

Көптеген бактерия мен микроскопиялық саңырауқұлақтар ашық реңмен ерекшеленеді, сонымен бірге қоректік ортаға боялған затты бөлумен шартталады. Пигмент түзу қабілеттілігі генетикалық тұрғыда негізделген, сондықтан оны диагностикалық ерекшелік ретінде қолдануға болады. Боялған пішіндер оңай сәйкестендіріледі, бұл өз кезегінде материалдардың биологиялық деструкция (биозақымдану) процесін анықтау кезінде зор мағынаға ие болады [2].

Саңырауқұлақтан бөлінген пигменттерді қолдану өнеркәсіпте пайдаланылатын бояғыштардың орнын басатын, экологиялық таза алмастырушысы болып табылады [3]. Саңыруқұлақтардың дамуы үшін тиімді жағдайларды бөліп алу мен зерттеу саласы қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Пигменттерді алу кезінде қызыл тағамдық бояғыштарды алу үшін Шығыс елдерінде ежелден пайдаланатын, Monascus түріне жататын микроскопиялық саңырауқұлақтары аса жиі қолданылады. Тағамдық пигменттерді продуцирлейтін микроскопиялық саңырауқұлақтарға Penicillium rubrum, Penicillium pinophillium, Aspergillus orixzae, Blakeslea trispora жатады.



Материалдар мен әдістер

Зерттеу материалы ретінде 221 штамдар енген микроорганизмдер коллекциясы, сонын ішінде мицелиалды микроскопиялық саңырауқұлақтар болып табылады. Зерттеу жұмыстары «Қазақ ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институты» ЖШС микробиология және биотехнология зертханасында жүргізілді. ҚазАШӨҚҒЗИ институт коллекциясы қазіргі таңда жаңа штамдармен толықтырылуда, сонымен бірге тағамдық және қайта өңдеу өнеркәсібі үшін белсенді продуценттерді алу бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Зерттеу объектісі ретінде бидай дәнінің беткі микрофлорасынан бөлініп алынған Talaromyces purpurogenus №162 штамы пайдаланылды. Бөліп алынған штамм депонирленген және институт коллекциясына биологиялық заттардың белсенді продуценті ретінде енген.

Talaromyces purpurogenus штамына тегіс, киіз тәріздес, күңгірт-қызыл колония, сары-сарғылт қыры тән. Колонияның өсімі 28 ºС температурада жылдам, өлшемдері 3-4 см құрайды, дөңгелек пішінді, қоректік ортаға қызыл пигмент бөліп шығарады.

Нәтижелері мен оның талқылаулары

Penicillium rubrum штамы – раушан гүл реңдік аналогы – пигментінің продуценті (КСРО авт.кәулігінің № 988846, кл. С 09 В 61/00, 1981ж.) белгілі. Белгілі саңырауқұлақ штамының кемшілігі культура өсімінің өте баяу болуы (5-6 тәулік). Қызыл тағамдық бояғыш өндіруде Streptoverticillum hiroshimense ВКПМ S-804 актиномицет штамы да қолданылады (КСРО авт.кәулігінің N 1701717 МКИ5 C 09 B 61/00 БИ N 48 1991ж.). Бұл актиномицет кемшілігі – бай қымбат қоректік ортада өте баяу өседі, еріткішпен пигментті экстракциялаған кезде субстраттық боялған мицелий өте қиын бөлініп алынады. Техникалық шешім мен өндірістік көрсеткіштер бойынша ең жақыны, тағам және медициналық өнеркәсіпте қолданылатын β-каротин және ликопин продуенті - Blakeslea trispora патогенді емес саңырауқұлақ штамы болып табылады [4]. Саңырауқұлақ штамының кемшілігіне қымбат қосымшаларды қажет етуі мен олардың тапшылығы.

Talaromyces purpurogenus штамымен пигмент бөлу белсенділігін анықтау бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді (спектрофотометр). Қоректік орта ретінде сұйық Чапека (NaNO3 – 3,0г, MgSO4 -0,5 г, K2HPO4 – 1,0 г, KCl - 0,5 г, сахароза – 30,0 г) қолданылды. Штамды колба ыдысында, үстіртін әдіспен, 28 ºС температура аралығында 14 тәулік бойы өсіреді. Әрбір екі күн сайын пигменттік белсенділігі анықталады. Бояғыш затты 10 мл ортадан 20 мл 96%-дық спиртпен араластырып, 1 мл пигмент-спирттік ерітіндіні 20 мл дейін жеткізеді де, КФК-2-де 490 нм шамасында ерітіндінің оптикалық тығыздығын анықтайды. Стандарт титр ретінде дистилденген су алынды.

Нәтижесінде коллекциялық штамм (сурет) тағамдық қызыл пигментін бөлуде жоғары белсенділікті көрсетті. 14 күндік Talaromyces purpurogenus культурасының 20 мл пигмент-спирттік ерітіндісінің оптикалық тығыздығы 8,0 шамасын құрады (кесте).


Сурет – Тағамдық қызыл пигмент продуценті – Talaromyces purpurogenus


Кесте –Talaromyces purpurogenus штамының оптикалық тығыздығы


Культура өсімі, сут

Оптикалық тығыздығы, меже бойынша бірлігі

2

2,1

4

3,8

6

4,3

8

5,0

10

5,6

12

6,8

14

8,0

Кестеде көрсетілгендей, ұсынылып отырған Talaromyces purpurogenus штамы алдынғы басқа продуценттермен салыстырғанда, бояғыш затты көп мөлшерде бөліп шығарады, сонымен бірге тәжірбие кезеңінде (1 ай) пигменттік белсенділіктің төмендеуі байқалмады.



Қорытынды

Сонымен, коллекциялық Talaromyces purpurogenus штамы тағамдық қызыл пигментін белсенді бөліп шығаратын продуценттердің бірі болып табылады. Штамм өзінің прототиптерімен салыстырғанда аз уақыт аралығында (155 сағатпен салыстырғанда 18-20 сағат аралығында), пиридин, имидазол, никотин және басқа да қымбат тапшы қоспаларды енгізуді қажет етпей көп мөлшерде пигмент бөледі. Зертханалық жағдайда тағамдық қызыл пигментті Talaromyces purpurogenus штамынан алғанда аз шығын кетеді. Пигменттің соңғы концентрациясы прототиптерімен салыстырғанда 50% жоғары болып келеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:


  1. Лещинская И.Б. Современная промышленная микробиология // Соросовский образовательный журнал. – 2000. – Т.6. – №4. – 14-18 б.

  2. Барчева А.В. Пигментообразование у плесневых грибов. Меланиновые пигменты // Симбиоз Россия 2009: материалы II Всерос. с международным участием конгресса студентов и аспирантов-биологов (25-29 мая 2009 г., Пермь) / Перм. гос. ун-т. – Пермь, 2009. – 5-6 б.

  3. Билай, В.И. Биологически активные вещества микроскопических грибов и их применение [Текст] : В.И. Билай – Киев: Изд-во «Наукова Думка», 1965. – 267 б.; – 25 см – 1500 экз.

  4. Терешина В.М., Меморская А.С., Феофилова Е.П. Экспресс – метод определение содержания ликопина и β-каротина // Микробиология. – 1994. – Т.63. – №6. – 111-116 б.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет