Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының стратегиялық жоспары



бет1/2
Дата18.06.2018
өлшемі0.59 Mb.
#74982
  1   2



Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының

стратегиялық жоспары

(мемлекеттік органның атауы)


2011-2015 жылдарға арналған

(жоспарлы кезең)

1 бөлім. Міндеті мен міндетті орындау жолдары
Міндеті – Батыс Қазақстан облысында тұратын халықтар тілдерін дамыту мен мемлекеттік тілге басымдық бере отырып мемлекеттік тіл саясатын тиімді жүзеге асыру.
Міндетті орындау жолы – өз құзыреті шегінде мемлекеттік тілдің әлеуметтік – коммуникативтік қызметі нығайтылған төзімді тілдік орта қалыптастыру.

2 бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және сәйкесті сала қызметін дамыту тенденциялары
Облыста қазіргі кезде тұтастай алғанда тілдердің функционалдық дамуын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажетті құқықтық негіз қалыптасты деп айтуға болады. Тіл саясаты қоғамда түсінушілік пен қолдауға ие болуда. Мемлекеттік органдар жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылу қажеттілігінің арту үрдісі байқалып отыр.

Бірақ жеткен жетістіктерге қарамастан, мемлекеттік органдардың жұмысында әлі күнге дейін мемлекеттік тілдің қолданылу мүмкіндігі толық пайдаланылмай отырғанын атап өткен жөн. Облыстың мемлекеттік қызметкерлерінің арасында мемлекеттік тілді өздерінің қызметтік міндеттерін атқаруға қажетті деңгейде меңгермеген мамандар бар. Сондықтан Стратегиялық жоспарды іске асыру барысының негізгі міндеттерінің бірі білікті кадрларды даярлау болып табылады. Тарихи атауларды ретке келтіру мен қалпына келтіру және облыс аймағындағы топонимикалық және басқа атауларды қолданылып жүрген заңдылықта көрсетілген фонетикалық, графикалық және лексикалық қағидаларға сәйкестендіру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.

Осыған байланысты басқарма қызметі алдағы жылдарда бірнеше басым бағыттармен негізделетін болады. Саланың ағымдағы және болашақтағы мәселелері арасында төмендегілер ерекше бөлінеді:

Біріншіден, қоғамдық өмірдің барлық саласындағы мемлекеттік тілдің қолданылу деңгейінің жеткіліксіздігі.

Екіншіден, шетелдерде тұратын отандастармен байланысты әрі қарай кеңейту қажеттілігі.

Үшіншіден, халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтудің қажеттілігі.

Төртіншіден, ономастикалық және терминологиялық комиссиялардың жұмысын жаңарту қажеттілігі.

Бесіншіден, орта, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілді оқыту сапасын арттыру.



Алтыншыдан, мемлекеттік емес ұйымдарда мемлекеттік тілді енгізу бойынша жұмыстарды дамыту қажеттілігі.
1-стратегиялық бағыт. Қазақстан халқын біріктіру факторы ретінде төзімді тілдік ортаны қалыптастыру


    1. Басқарылатын сала қызметін дамытудың негізгі параметрлері

Ұлттық тұтастық қалыптастыру, мемлекеттік тіл саясатын тиімді ақпараттық сүйемелдеу, ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты нығайту міндеттері жергілікті атқарушы органдар жүйесіндегі идеологиялық басқару саласы ретінде басқару мәртебесін айқындайды. Тәуелсіз Қазақстанда оңтайлы социолингвистикалық кеңістік тіл саясатын кезеңмен іске асыру жолымен құрылады. 1997-2000 жылдары – 1997 жылы ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы мен Тілдерді қолдану мен дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қабылдануымен негізгі қоғамдық өмір салаларындағы тілдік құрылымның құқықтық негіздері қалыптаса бастады. 2001-2010 жылдары – Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысындағы онжылдық кезеңге арналған тілдік құрылым стратегиясы үш бағытпен ерекшеленеді: мемлекеттік тілдің әлеуметтік – коммуникативтік қызметін ұлғайту және нығайту, орыс тілінің жалпымәдени қызметін сақтау, Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту. Сондай – ақ, Мемлекет Басшысының бастамасымен «Тілдердің үштұғырлығы» ұлттық мәдени жобасы жүзеге асырыла бастады.

Жергілікті атқарушы органдарда іс жүргізуді кезеңмен мемлекеттік тілге көшіру жүзеге асырылды: облыстың 12 ауданында және Орал қаласында, 22 жергілікті мемлекеттік органда іс жүргізу мемлекеттік тілге көшті. язык.

Әзірленді және бекітілді: Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Облыстық мемлекеттік органдарда іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру туралы» Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі №125 Қаулысы қабылданды. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының «Ағартушы» мемлекеттік тілді оқыту орталығы (шаруашылық жүргізу құқығындағы) жұмыс жасайды. Тыңдаушыларды мемлекеттік тілге оқытуға бағытталған мультимедиялық кабинет бар. Қазақ тілін меңгермеген азаматтарға арнайы мемлекеттік тіл үйрету курстары ұйымдастырылады. Сондай-ақ ағылшын тілін оқыту үшін де жағдайлар жасалуда.

Сала инфрақұрылымының жағдайы. Облыстық ономастикалық және терминологиялық комиссия жұмыс жасайды. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы тілдердің қолданылуы мен дамуы бағдарламаларын және тілдер туралы заңның орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды. «Ағартушы» мемлекеттік тілді оқыту Орталығы өкілдіктерінің желісі дамытылуда: 2007 жылы 2 ауданда, 2008 жылы 3 ауданда, 2009 жылы 2 ауданда орталық өкілдіктері ашылды.


    1. Негізгі мәселелерге талдау

Тіл мәселесін оңтайлы шешу ұлтаралық қатынастар тұрақтылығының, адамдардың тұтастығынын нығайтудың және аймақта қоғамдық келісімді сақтаудың басты факторы болып табылады. Басқарманың негізгі стратегиялық бағыты - Қазақстан халқы бірлігі факторы ретінде төзімді тілдік ортаны қалыптастыру.

Облыстағы тілдік жағдайға жүргізілген талдаулар 1997 жылы ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы қабылданғалы және Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында облысымызда мемлекеттік тіл саясатын жүргізуде үлкен жұмыстар атқарылғанын көрсетті. Қоғам өмірінің барлық салаларында тілдік орта құру процестерін дамыту мен кеңейтудің алғышарттары жасалды. Батыс Қазақстан облысындағы тіл саясаты тұрғындар тарапынан жан жақты түсінушілік пен қолдауға ие болуда.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес 2006 жылдан бастап облыстық мемлекеттік органдарда іс жүргізу мемлекеттік тілге көшірілді. Облыстың мемлекеттік органдарына жүргізілген сараптама нәтижесі құжаттардың мемлекеттік тілде даярлануы деңгейін 2010 жылы 99,2 % деп көрсетті.

Мемлекеттік тілдің мемлекетті басқару тілі ретіндегі қызметін қамтамасыз етуіміз қажет. Бұл бағытта іс жүргізудің мемлекеттік тілде жүзеге асырылу сапасына бақылау жүргізу, сондай-ақ қажетті әдістемелік көмек көрсету жоспарланды.

Мемлекеттік тілдің мәдениет, халыққа қызмет көрсету, денсаулық салаларында, бұқаралық ақпарат құралдарында дамуын қамтамасыз ету қажет.

Халыққа қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік тілдің қолданысын қамтамасыз ету әлі де болса күрделі сала болып отыр. Мемлекеттік тілдің көлік, сауда, байланыс, денсаулық, халыққа қызмет көрсету салаларында және анықтамалық – ақпараттық жүйелерде қолданылуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Облыс тұрғындарына тіл саясатын насихаттау бағытында әртүрлі мәдени – көпшілік шаралар, жергілікті БАҚ-тан телерадиобағдарламалар өткізу жоспарланды.

Қажетті құқықтық базаның жетіспеушілігінен мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту тиісті деңгейде жүзеге асырылмай отыр. Сондықтан мемлекеттік емес құрылымдарда мемлекеттік тілдің қолданысын іске асыру, тәжірибеде кең тараған ресми тілде дайындалған құжаттарды мемлекеттік тілге аудару үрдісін бұзу – бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселе болып қалуда.

Мемлекеттік тілдің мектеп және мектепке дейінгі мекемелердегі қолданыс аясын кеңейту қажет. Егер 2004 жылы облыстағы 83 балабақшаның 25-інде ғана білім мен тәрбие жұмысы қазақ тілінде жүргізілген болса, 2010 жылы балабақшалардың саны 164-ке өсті, олардың 125-і қазақ, 39 аралас тілде білім мен тәрбие береді. Аралас балабақшалардағы қазақ тілінің оқытылуы мен меңгерілуі тиісті деңгейде емес. Бүгінгі таңда негізгі ұлт өкілдері ғана емес, өзге ұлыстар тарапынан да қажеттіліктің күрт өсуіне байланысты, қазақ тілінде білім мен тәрбие беретін жаңа балабақша ашу да өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік тілдің ролі біртіндеп өсіп келеді. 2009-2010 оқу жылында облысымызда 428 мектеп бар, олардың 279 қазақ, 108 қазақ және орыс тілдерінде білім береді.

Жоғары білімді қазақ тілінде алатын студенттердің санын өсіру ісі де қадағалануда. Қазақ тілінде білім беретін бөлімдердің көбеюіне қарамастан, сол тілде білім алатын мамандықтардың ауқымын кеңейтуге көп көңіл бөлуіміз керек.

«Тілдердің үштұғырлығы» жобасы аясында мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық байланыс тілі ретінде орыс тілін және әлемдік экономикадағы жетістікке жету тілі ретінде ағылшын тілін дамыту бағытында жұмыстар жүргізуіміз қажет. Мұны мемлекеттік тіл саясатының басты басымдық бағыттарының бірі деп қарауымыз керек. Қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту өзекті мәселелердің бірі, сондықтан Қазақстан Республикасы азаматтарына ағылшын тілін оқытуға барлық жағдайларды жасауымыз қажет.

Батыс Қазақстан облысындағы тілдік жағдайға тілдерді дамыту мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізу жұмыстары жалғасын таба береді. Көрнекі ақпараттардың мәтіндерін ресімдеуде тіл туралы заңнама талаптарының сақталмау фактілері орын алуда.

Облыстағы, қала көшелеріндегі бильбордтар мен стендтердің, көрнекі ақпараттардың мәтіндерін 1997 жылғы 11 шілдедегі ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңына сәйкестендіру үшін кешенді іс – шараларды жүзеге асыруымыз қажет. Жеке және заңды тұлғаларға көрнекі ақпараттардың мәтіндерін ресімдеуде кеңестер беріледі. Бұл бағытта рейдтік тексерістер ұйымдастырып, нәтижесінде белгілі бір шаралар қолдану жоспарлануда.

Орал қаласы мен аудандардағы тарихи атауларды қалпына келтіру, елді мекен, жер-су атауларын, әсіресе кеңес өкіметі кезінде өзгертілген жерлердегі атауларды тілдік нормаларға сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізу қажет. Осыған байланысты басты ономастикалық саясат болып табылатын жер су атауларының антологиясы мен олардың тарихи атаулары жүйесі құрылуы керек.

Жергілікті басқару органдарындағы, мемлекеттік ұйымдардағы ресми тіл ретінде орыс тілінің ғылым, білім, мәдениет салаларында, бұқаралық ақпарат құралдарындағы қызметін жүзеге асыруымыз қажет.

Сондай-ақ, аймағымызда тұратын өзге ұлыс тілдерінің дамуына жағдай туғызу, этникалық топ өкілдерінің өз ана тілдерін оқуына мемлекеттік қолдау көрсетудің маңызы зор. Осыған байланысты облысымызда тұратын барлық диаспоралардың тілдерін дамытуға көмектер көрсетіледі. Облысымызда тұратын халықтардың салт-дәстүрлерін, тілін, мәдениетін сақтауы мен дамытуда, достықты нығайтуда, мемлекеттік тіл саясатын насихаттауда облыстағы Қазақстан халқы Ассамблеясы маңызды рөл атқарады. Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп мәдениет пен тіл бірлігін құптайтын фестивалдар мен өзге іс шаралар өткізеді.
1.3) Негізгі ішкі және сыртқы факторларға баға
Басқарма стратегияларын тиімді жүзеге асыру үшін сала мен саланың сәйкес тілдік кеңестік құруды оңтайландыру бойынша келесідей бағыттардағы қызметіне әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды бағалау қажет.

Біріншіден, тілдік кеңістіктің дамуында атқарушылық қызметті атқара алатын тілдік ортаның тиімді инфрақұрылымын қалыптастыру. Ол үшін басқарманың инфрақұрылымдармен жұмысының тиімділігін арттыру үшін ішкі қызмет бөлінісін қайта бөлу, іс шаралар ұйымдастырудың, кіріс-шығыс құжаттарын қарау және ресімдеу тәртібі, басқарманың жұмысын БАҚ-та жарыққа шығару сияқты шаралар жүзеге асырылады.

Екіншіден, басқармадағы менеджмент жүйесін жаңғырту.

Осы бағытта келесі шаралар жүзеге асатын болады:

1) адами ресурстардың тиімді жүйесін құру және қолдануды қамтамасыз ету:

сапалы және тиімді жұмысқа кадр әлеуетінің кеңейтілген қозғамдама механизмдерін енгізу мәселелерін қарастыратын кадр әлеуетін құру, дамыту және сақтау, сондай-ақ, кадр ауысымын төмендетуге және басқарма қызметкерлерінің кәсіби және әлеуметтік көңіл – күйлерінің жоғарылауына бағытталған бірлескен мәдени шараларды ендіру бойынша шаралар қабылданады.

ұжым қызметкерлерінің рухы мен салауатты өмір салтын қолдау мақсатында спорттық және корпоративтік шаралар ұйымдастырылады.

2) басқарма қызметкерлерінің ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктері мен сапасын көтеру;

ақпараттарды қолдану мен жинақтау жүйесіндегі көп еңбек сіңіруді жеңілдету мен реттеуге, қызметкерлердің интернетпен, дерекқормен, ақпараттық қормен 100% қамтуға, қызметкерлерді ақпараттық ресуртармен тиімді жұмыс жасауға және оларды күнделікті жұмыста қолдануға дағдыландыру бағытында шаралар қолдану;

3) қоғаммен байланыстың тиімділігін арттыруға бағытталған қосымша механизмдерді жасақтау және ендіру;

басқарманың веб – сайтын жетілдіру, жаңарту, сондай-ақ онда азаматтардың басқарма бастығымен «еркін сөйлесуіне», «кері байланыс» жасауына мүмкіндік беретін арнайы веб-беттер ашу бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастыру;

халықаралық ISO 9000 стандартымен тұрақты байланысты қолдау.

4) қоғамның мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға жұмылуы консолидациясы:

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру;

ұлттық – мәдени орталықтармен, қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен, жастар ұйымдарымен, саяси партиялармен шаралар өткізуді ұйымдастыру;

ономастика бойынша «Мекен жай регистрі» дерекқорын құру.


3 – бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен міндеттер, мақсатты индикаторлар, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері
3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен міндеттер, мақсатты индикаторлар, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері
1-стратегиялық бағыт. Қазақстан халқын біріктіру факторы ретінде төзімді тілдік ортаны қалыптастыру
1.1. мақсат. Мемлекеттік тілді және тұрғындардың лингвистикалық капиталын дамыту.

Бұл мақсатқа жетуге арналған бюджеттік бағдарламаның коды 001, 002, 007


Мақсатты индикаторлар

(нәтижеге жетудің соңғы мерзімі көрсетіледі)



Ақпарат көзі

өлшем бірлігі

Соның ішінде аралық мәнінің көрсетілуі

есепті кезеңде

жоспарлы кезеңде

2009 жыл

(есеп)


2010 жыл

(ағымдағы жоспар)



2011 жыл

2012

жыл


2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Облыс бойынша мемлекеттік тілді білетін тұрғындардың үлесі (2009 ж. 64%) 2013 жылға қарай 68%, 2015 жылға қарай 70%-ды құрайды.

ҚР территориясындағы тілдік жағдайды талдау және мониторинг жүйесі

%

64

65

66

67

68

69

70

Облыс бойынша мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін білетін тұрғындардың үлесі (2009 ж.1%), 2013 жылға қарай 5%, 2015 жылға қарай 7%-ды құрайды.

ҚР территориясындағы тілдік жағдайды талдау және мониторинг жүйесі

%

1

2

3

4

5

6

7

Мақсатты индикаторға жету жолдары мен әдістері:

1.1.1. міндет. Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және топтастырушы функцияларын кеңейту



Тура нәтиже көрсеткіштері

Ақпарат көзі

өлшем бірлік

Соның ішінде аралық мәнінің көрсетілуі

есепті кезеңде

жоспарлы кезеңде

2009 жыл

(есеп)


2010 жыл

(ағымдағы жоспар)



2011 жыл

2012

жыл


2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. Қоғамдық өмірдің негізгі салаларында мемлекеттік тілдің қажеттілік деңгейі (2009 ж. - 45%)

ҚР территориясындағы тілдік жағдайды талдау және мониторинг жүйесі

%

45

50

55

60

65

70

75

2. Мемлекеттік органдардағы құжат айналымының жалпы көлеміндегі мемлекеттік тілде іс жүргізудің үлестік мөлшері (2009 ж. - 95%)

ҚР территориясындағы тілдік жағдайды талдау және мониторинг жүйесі

%

95

99,2

100

100

100

100

100

3.Көрнекі ақпараттар мен реквизиттерді ҚР Тіл туралы заңына сай безендіру деңгейі

ҚР территориясындағы тілдік жағдайды талдау және мониторинг жүйесі

%

40,0

45,0

50,0

50,0

50,0

50,0

50,0


4. Облыс бойынша мемлекеттік тілді білетін тұрғындардың үлесі

ҚР территориясындағы тілдік жағдайды талдау және мониторинг жүйесі





%

72,0


75,0


78,0


82,0


85,0


90,0


97,0


5. Мемлекеттік тілді оқыту курстарына қамтылған мемлекеттік қызметшілердің үлесі

ҚР территориясындағы тілдік жағдайды талдау және мониторинг жүйесі

%

17,0

20,0

23,0

25,0

27,0

30,0

32,0

6. Мемлекеттік тілді оқыту курстарына қамтылған ересек тұрғындардың үлесі

ҚР территориясындағы тілдік жағдайды талдау және мониторинг жүйесі

%

1,8

2,0

2,3

2,7

3,3

4,0

4,7




Тура нәтиже көрсеткіштеріне жету шаралары


Жоспарлы кезеңде жүзеге асыру мерзімі

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

1. Баспалық БАҚ-тан мемлекеттік тіл саясатының жүргізілу барысын орыс тілінде насихаттау *

х

х

х

х

х

2. Мемлекеттік тіл саясатын насихаттайтын телероликтер дайындау


х

х

х

х

х

3.Жергілікті радио арналардан, БАҚ-тан мемлекеттік тіл саясатын насихаттайтын жарнамалық ақпараттар беру


х

х

х

х

х

4. Аудандық мекемелер мамандарымен мемлекеттік тілді іс жүргізуге енгізу бойынша семинарлар ұйымдастыру және облыстағы тілдік ахуалға талдау жүргізу

х

х

х

х

х

5. Ұлттық рухты, мемлекеттік тілді насихаттайтын билбордтар, баннерлер дайындау және орнату







х







6. Мемлекеттік тіл саясатын, ономастика, ұлттық тәрбие мәселелерін орыс тілінде насихаттайтын, жергілікті телеарналардан жұртшылық назарына тұрақты ұсынылатын арнайы телебағдарламалар ұйымдастыру

х

х

х

х

х

7. Мәдени-лингвистикалық бейімдеу арқылы мемлекеттік тілді қорғау механизмдерін жасақтау.




х










8. «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» облыстық байқауы




х










9. «Тілашар» жинақтарын (жазба және электронды нұсқалары) сатып алу

х

х

х

х

х

10. Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді оқыту курсын ұйымдастыру

х

х

х

х

х

11. «Әдеби әлем» электронды порталының жұмысына жағдай жасау

х

х

х

х

х

12. БҚО тілдік ортаны дамыту бойынша қоғамдық инспекцияның қызметі арқылы мемлекеттік басқару органдары, тұрғындар мен ҮЕҰ өзара қарым - қатынасы бойынша шаралар ұйымдастыру

х

х

х

х

х

13. БҚО проза және поэзия жанрларын дамыту мақсатында "Ақжайық ақын - жазушыларының кітапханасы" рубрикасымен жергілікті авторлармен дайындалған оқу-әдістемелік құралдарды, жинақтар мен көмекші құралдарды баспалық әдіспен шығару

х

х

х

х

х

14. Бөрлі, Теректі, Зеленов, Шыңғырлау, Тасқала аудандары мен Орал қаласы тұрғындарымен ономастика мәселелері бойынша мониторинг өткізу

х

х

х

х

х

15. Жергілікті электронды ақпарат құралдарында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған мемлекеттік тілде бағдарламалар ұйымдастыру

х

х

х

х

х

16. Жергілікті электронды ақпарат құралдарында балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік тілдегі арнайы танымдық-тағылымдық бағдарламалар ұйымдастыру

х

х

х

х

х

17. Облыстағы елді мекендердің, географиялық объектілердің, мәдени мекемелер мен оқу орындарының, көшелердің атауларына және көрнекі ақпараттардың мазмұнына мониторинг жүргізу, сараптамалық материал дайындау

х

х

х

х

х

18. «БҚО ауылдық округтерінің, кенттері мен басқа да елді мекендері атауларының және олардың орыс тіліндегі транскрипциясының Анықтамалығын» дайындап шығару




х







х

19. Ономастика және көрнекі ақпаратты бақылау мәселелері бойынша «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыру

х

х

х

х

х

20. Облыстың ономастикалық картасын дайындап шығару










х

х

21. Облыстағы елді мекен, жер-су атауларының тарихына зерттеу жұмыстарын жүргізу










х

х

22. Облыстағы мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерінде ұлттық тәрбие мен мемлекеттік тілдің оқытылуына зерттеу жұмыстарын жүргізіп, мониторинг жасау және осы қызметтің сапасын көтеру мақсатында ұсыныстар енгізу

х

х

х

х

х

23. Балалар үйінің балабақша бүлдіршіндері арасында мемлекеттік тілді, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған іс-шаралар өткізу

х

х

х

х

х

24.Тіл саласындағы заң талаптарының сақталуына тексерістер жүргізу


х

х

х

х

х




Мақсатты индикаторға жету жолдары мен әдістері:

1.1.2. міндет. Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын сақтау




Тура нәтиже көрсеткіштері

Ақпарат көзі

өлшем бірлік

Соның ішінде аралық мәнінің көрсетілуі

есепті кезеңде

жоспарлы кезеңде

2009 жыл

(есеп)


2010 жыл

(ағымдағы жоспар)



2011 жыл

2012

жыл


2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. Орыс тілін меңгерген облыс тұрғындарының үлесі (2009 ж. - 76%)

ҚР территориясындағы тілдік жағдайды талдау және мониторинг жүйесі

%

76

78

80

82

84

86

88

2. Ағылшын тілін меңгерген облыс тұрғындарының үлесі (2009 ж. - 3%)

ҚР территориясындағы тілдік жағдайды талдау және мониторинг жүйесі

%

3

5

7

9

11

13

15

3. Ұлттық-мәдени бірлестіктер жанындағы ана тілін үйрету курстарымен қамтылған өзге халық өкілдерінің үлесі (2009 ж. - 38%)

ҚР территориясындағы тілдік жағдайды талдау және мониторинг жүйесі

%

38

40

42

44

46

48

50




Тура нәтиже көрсеткіштеріне жету шаралары


Жоспарлы кезеңде жүзеге асыру мерзімі

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

1. Сегіз мультимедиялық кабинет жабдықтарын сатып алу




х

х

х

х

2. Қазақстан Республикасы азаматтарына ағылшын тілі курстарын ұйымдастыру

х

х

х

х

х

3. Мемлекеттік тілді оқытуға қажетті оқу-әдістемелік құралдарының электрондық нұсқаларын дайындап шығару

х

х

х

х

х

4. Батыс Қазақстан облысында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын қазақ тілін үйрету курстарында оқыту

х

х

х

х

х

5. Тіл Фестивалін ұйымдастырып, оның шеңберінде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған түрлі байқаулар мен конкурстар өткізу

х

х

х

х

х

6. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аймақаралық мәжілісін өткізу *




х










7. IV - халықаралық ғылыми - практикалық конференция ұйымдастыру




х










8. Ұлттық-мәдени орталықтарда “Тілдер мерекесін” ұйымдастыру

х

х

х

х

х

9. "Тілдер үйін" сатып алу немесе салу

х













10. Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының қаржыландырылуын ұлғайту













х

11. Өзге ұлыс өкілдері арасында "Абай оқуларын" өткізу

х

х

х

х

х

12. М.Мақатаев атындағы облыстық көркемсөз оқу байқауын өткізу

х

х

х

х

х

13. Оқушылар арасында "Жұбан оқуларын" өткізу







х

х

х

14. «Тазша бала» облыстық байқауы










х

х

15.Облыстағы орыс және аралас тілде білім мен тәрбие беретін мектептерде қазақ тілінің оқытылуына зерттеу жұмыстарын жүргізіп, мониторинг жасау және осы қызметтің сапасын көтеру мақсатында ұсыныстар енгізу

х

х

х

х

х

16. Өзге ұлыстардың ана тілдерін оқыту бойынша жексенбілік сыныптар ұйымдастыру

х

х

х

х

х

17. Он-лайн режимі арқылы қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін пайдалана отырып ұйымдастырылған қазақ тілін оқыту орталықтары оқытушыларының біліктілігін арттыру




х

х







18. Мемлекеттік тілді оқыту орталықтары жанындағы деңгейлі білім бойынша тегін курстарды ұйымдастыру мәселесін пысықтау және қазақ тілін оқитындар санының өсуіне мониторинг жасау




х

х







19. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өткізіліп жатқан қоғамдық қозғалыстар, бірлескен акциялар мен жобаларды ұйымдастыруда қазақ тілін насихаттай отырып, мемлекеттік тілді көпшілікке таныту




х

х







20. Электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді ұсынуда мемлекеттік тілді қолдануды қамтамасыз ету

х

х

х







21. Мәдениет мекемелерінің репертуарларын қазақ тіліндегі жаңа контентпен, оның ішінде балалар және жасөспірім көрермендер аудиториясын назарға ала отырып жаңа шығармалармен толықтыруды жандандыру

х

х

х







22. Бұқаралық мәдени, спорт және басқа да қоғамдық шараларды өткізу кезінде мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды қамтамасыз ету

х

х

х









Мақсатты индикаторға жету жолдары мен әдістері:

1.1.3. міндет. Шетелде тұратын отандастармен мәдени байланысты дамыту және нығайту



Тура нәтиже көрсеткіштері

Ақпарат көзі

өлшем бірлік

Соның ішінде аралық мәнінің көрсетілуі

есепті кезеңде

жоспарлы кезеңде

2009 жыл

(есеп)


2010 жыл

(ағымдағы жоспар)



2011 жыл

2012

жыл


2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. Ұйымдастыру-әдістемелік іс-шаралармен қамтылған қазақ диаспорасы тұратын елдер саны

ҚР территориясындағы тілдік жағдайды талдау және мониторинг жүйесі

%

4

6

8

9

10

15

20



Тура нәтиже көрсеткіштеріне жету шаралары


Жоспарлы кезеңде жүзеге асыру мерзімі

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

1. РФ шектес облыстарында тұратын қазақ диаспорасымен мәдени-идеялық байланыстарды нығайту іс-шараларын ұйымдастыру

х

х

х

х

х

2. Жастарды шешендік, айтыс өнеріне баулу, халықтың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін, жергілікті жазушылар, ақындар мен сазгерлердің шығармашылығын насихаттау

х

х

х

х

х

3. Қазақ тілінде сөйлейтін, оның ішінде ұлты қазақ емес танымал отбасыларын және шетел диаспорасы өкілдерін PR-жұмыстарына тарта отырып, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік әдісі арқылы бірлескен акцияларды жүзеге асыру тәсілімен мемлекеттік тілді танымал ету жұмыстарын ұйымдастыру

х

х

х









Мақсатты индикаторға жету жолдары мен әдістері:

1.1.4. міндет. Тіл саласындағы заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету



Тура нәтиже көрсеткіштері

Ақпарат көзі

өлшем бірлік

Соның ішінде аралық мәнінің көрсетілуі

есепті кезеңде

жоспарлы кезеңде

2009 жыл

(есеп)


2010 жыл

(ағымдағы жоспар)



2011 жыл

2012

жыл


2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. Тіл туралы заң талаптарының бұзылу үлесі

ҚР территориясындағы тілдік жағдайды талдау және мониторинг жүйесі

%

25,0

22,0

21,0

17,0

14,0

10,0

5,0

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар


Жоспарлы кезеңде жүзеге асыру мерзімі

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

1. «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңын, басқа нормативтік-құқықтық актілерді жүзеге асыру бойынша әлеуметтік зерттеулер мен сауалнамалар жүргізу, тілдік жағдай туралы аналитикалық материалдарды жинақтау

х

х

х

х

х

2. Тіл заңдылығы талаптарын сақтауға бағытталған рейдтік тексерістерді жүргізу

х

х

х

х

х

3. «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының 18 бабы талаптарының жергілікті БАҚ-да сақталуын қамтамасыз ету

х

х

х

х

х

4. Қазіргі заманғы қазақ тілінің грамматикалық нормаларының сақталуын қамтамасыз ету

х

х

х

х

х

5. Өңірлерді көрнекі ақпараттың қолданылуын бақылаумен қамту дәрежесіне мониторинг жүргізу

х

х

х







6. Аккредиттелген қазақ тілін оқыту орталықтарына мониторинг жасау

х

х

х









Каталог: images -> stories
stories -> Родителям о прививках
stories -> Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы
stories -> Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №859 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
stories -> Топқа еліктеу
stories -> Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан
stories -> «Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын құжаттар нысандарын мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы»
stories -> Иісті газбен улану Қазақстан Республикасы іім тжк «амо» мм-нің


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет