БАЛАГА
МЕЙIPIМДI
KАЛА
Бастаманы Казакстан Республикасында
ж зеге асыру дiстемесi
Астана, 2015
БАЛАГА
МЕЙIPIМДI
KАЛА
Бастаманы Казакстан Республикасында
ж зеге асыру дiстемесi
3
Балаға мейірімді қала Бастаманы Қазақстан Республикасында жүзеге асыру әдістемесі
Қысқартулар тізімі
Кіріспе
«Балаға мейірімді қала» түсінігі нені білдіреді?
«Балаға мейірімді қала» бастамасының әлемдегі және Қазақстандағы тарихы
«Балаға мейірімді қала» бастамасына қатысу маңыздылығы
«Балаларға мейірімді қала (аудан)» болудың жолдары:
кезең-кезеңмен болатын үдеріc
Қазақстан үшін таңдалған индикаторлар негіздемесі және балалардың жағдайын
бағалау үдерісі
1. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бала құқықтарын іске асырудағы
қызметін бағалау
2. Салалық бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарларының нәтижелерін бағалау
3. Қаланың немесе ауданның балаларға мейірімділігіне қатысты балалардың
өз пікірлерін бағалау
Қосымшалар
І қосымша: «Балаға мейірімді қала» бастамасын жүзеге асыруға қажетті жағдайлар-
дың болуына байланысты әкімдіктер мен мүдделі аумақтық органдарға арналған
бағалау парағы
ІІ қосымша: Қалалардың (аудандардың) балаларға мейірімділік индикаторлары
ІІІ қосымша: Қалалардың балаларға мейірімділік индикаторлары үшін деректер жинау
бойынша нұсқаулық
IV қосымша: Қаланың балаларға мейірімділігі бойынша 8–12 жастағы балаларға ар-
налған сауалнама
V қосымша: Қаланың балаларға мейірімділігі бойынша 13–17 жастағы балаларға ар-
налған сауалнама
VI қосымша: «Қаладағы (аудандағы) балалардың жағдайы» есебін дайындау бойынша
нұсқаулық
Библиография
Мазмұны
4
5
7
8
9
10
11
12
12
17
19
25
29
45
53
63
67
Балаға мейірімді қала.
Бастаманы Қазақстан Республикасында жүзеге асыру әдістемесі.
68 бет. Астана қ., 2015 ж.
ISBN 978-601-7523-26-8
Аталмыш басылымда «Балаға мейірімді қала» бастамасын Қазақстан Республикасында кезең-ке-
зеңмен жүзеге асыру үдерісі сипатталған, сонымен қатар, қалаларда және аудандарда балалардың
хал-ахуалын қадағалаудың және бағалаудың сарамандық құралдары қамтылған.
Әдістеме Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қолдауымен әзірленген. Осы басылымда
келтірілген пікірлер авторларға тиесілі және міндетті түрде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің және Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының
(ЮНИСЕФ) ресми көзқарасын білдірмейді.
Бұл басылым тегін таратылады. Шолудан алынған ақпаратты қайта басқан, одан дәйексөз келтірген
немесе пайдаланған жағдайларда аталмыш басылымға сілтеме жасау міндетті болып табылады.
Әрлеу, беттеу: Даниил Здоров.
Мұқабадағы сурет: Асыл Барақов, Астана қ.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті
Қазақстан Республикасы, 010000
Астана қаласы, Сол жағалау
Министрліктер үйі, 11-ші кіреберіс
Тел.: +7 7172 74 23 42, +7 7172 74 19 94
www.bala-kkk.kz
Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ)
Қазақстан Республикасы, 010000
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10А
Тел.: +7 7172 32 17 97, +7 7172 32 29 69, +7 7172 32 28 78
www.unicef.kz, www.unicef.org
ISBN 978-601-7523-26-8
Б 22
УДК 347.61/64
ББК 67.404.4
УДК 347.61/64
ББК 67.404.4
Б 22
Балаға мейірімді қала Бастаманы Қазақстан Республикасында жүзеге асыру әдістемесі
Балаға мейірімді қала Бастаманы Қазақстан Республикасында жүзеге асыру әдістемесі
5
4
Кіріспе
Балаға мейіріміді қала – бұл балалар мен жастардың
жан-жақты дамуына және қоғамдық өмірге шынайы
араласуына жағдай жасалған қала.
Балаға мейірімді қалалар құру қағидасы үдеме-
лі қалалану және әр азаматтың, соның ішінде,
балалар мен жастардың жергілікті билікпен
қабылданатын шешімдерге және жүзеге
асырылатын бағдарламаларға ықпал етудегі
маңызының артуы тұрғысынан айрықша өзекті.
Аталмыш әдістеме «Балаға мейірімді қала»
бастамасының маңыздылығын, Қазақстан
Республикасындағы бастамаға қосылу кезең-
дерін және ресми дерек көздерінен сандық
мәліметтер жинау және әртүрлі жас санатын-
дағы балалар арасында сауалнама жүргізу
сияқты балалар хал-ахуалын қадағалаудың
және бағалаудың көпшілік мойындаған әдісте-
мелерін түсіндіреді.
Бұл әдістемені «Балаға мейірімді қала» баста-
масын жүзеге асырудың халықаралық тәжіри-
бесін зерттеу негізінде Италияның Триест
қаласындағы «Еуропалық ана, сәби, бала және
жасөспірім денсаулығы мектебінің» сарапшы-
лары профессор Джорджио Тамбурлини, Рафа-
ела Скиро және Ильхом Гафуров әзірледі.
Әдістемені әзірлеуге Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі Балалардың
құқықтарын қорғау комитетінің қызметкерлері
Аяш Мәкенова, Гүлнаш Қошқарова және Клара
Сейдахметова, сондай-ақ, өз елді мекендерінде
«Балаға мейірімді қала» бастамасын іске асы-
руға жауапты 17 қала мен 4 ауданның өкілдері
қолдау көрсетті. Сонымен қатар, ЮНИСЕФ
өкілдері Дамир Қожанбаев пен Анна Статив-
кина үйлестіру, кеңес беру және ұйымдастыру
тұрғысынан көмек көрсетті.
Қысқартулар тізімі
БАБЖ
БМҚ
БҰҰ
ДДСҰ
МДМ
ЮНИСЕФ
ЮНФПА
IQ
Балалардың ауруларын біріктіріп жүргізу
Балаға мейірімді қала
Біріккен Ұлттар Ұйымы
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
Мыңжылдық Даму Мақсаттары
БҰҰ Балалар қоры
БҰҰ Халық саласындағы қоры
Зияткерлілік коэффициенті
Балаға мейірімді қала Бастаманы Қазақстан Республикасында жүзеге асыру әдістемесі
7
«Балаға мейірімді қала»
түсінігі нені білдіреді?
Балаға мейірімді қалада жергілікті атқарушы
органдар, мекемелер, балалар мен жастар-
дың бірлестіктері, барлық тұрғындар Бала
құқықтары туралы конвенцияда мазмұндалған
балалардың құқықтарын іске асыру үшін
барлық күш-жігерін жұмсайды. Мұндай қалада
балалардың пікірлеріне құлақ асады және
оларды жергілікті даму бағдарламаларын
әзірлеу барысында ескереді.
Бастаманың мақсаты балалар мен жастардың
өмірлерін жақсарту болып табылады және ол
жас тұрғындардың мынадай құқықтарын іске
асыру арқылы жүзеге асырылады:
• өздері тұрып жатқан қаланы қалай көргісі
келетіні туралы өз пікірлерін білдіру;
• өздері тұрып жатқан қалаға қатысты
шешім қабылдауға ықпал ету;
• отбасы мен қоғам өміріне араласу;
• медициналық қызмет, білім беру және
тұрғын үй жағдайларын қоса алғанда, негізгі
қызметтерге қол жеткізу;
• қауіпсіз ауызсуды пайдалану және қажетті
санитарлық-гигиеналық жағдайларға қол
жеткізу;
• қанаудан, зорлық-зомбылықтан және
ұрып-соғудан қорғалу;
• өсімдік және жануарлар әлеміне қол
1
Балаларға мейірімді қалаларды құру: іс-қимылдар жасау негізі, ЮНИСЕФ Зерттеу орталығы, наурыз 2004
жеткізу;
• көшеде өміріне қауіп төнбейтіндей
жағдайда өз бетімен жүріп-тұру;
• достарымен кездесіп, ойнау;
• ластанбаған қоршаған ортада өмір сүру;
• қаланың мәдени және әлеуметтік өміріне
қатысу;
• өз қаласының (ауданының) тең құқылы
азаматы болу, этникалық шығу тегіне, дініне,
отбасының табысына, жынысына және дене
бітімінің даму ерекшеліктеріне қарамастан,
қызметтерге қол жеткізу
1
.
Балаға мейірімді қала дегеніміз (бұдан әрі – БМҚ) – балалар мен жастар-
дың жан-жақты және толыққанды дамуға, қоғам өміріне белсенді және
шынайы қатысуға, өздерінің мүдделерін қозғайтын мәселелерге қатысты
шешімдер қабылдауға мүмкіндіктері бар қала; бұл жынысына, денсау-
лығының жай-күйіне, әлеуметтік жағдайына, ұлтқа тиістілігі және діни
сеніміне қарай кемсітушілікке орын жоқ қала.
Балаға мейірімді қала Бастаманы Қазақстан Республикасында жүзеге асыру әдістемесі
9
8
Балаға мейірімді қала Бастаманы Қазақстан Республикасында жүзеге асыру әдістемесі
«Балаға мейірімді қала»
бастамасының әлемдегі
және Қазақстандағы тарихы
Төрт жыл өткен соң (1996 ж.), Түркияның
Ыстамбұл қаласында БҰҰ-ның елді мекендер
бойынша Екінші конференциясының қара-
рына жауап ретінде «Балаға мейірімді қала»
бастамасы ресми түрде басталды. Осы конфе-
ренцияда балалардың әл-ауқаты саламатты
өмір сүру ортасының, демократиялық қоғам-
ның және мемлекеттік билік органдарының
жауапты жұмысының негізгі көрсеткіші болып
табылатыны танылды.
Бастапқыда «Балаға мейірімді қала» баста-
масы ірі қалаларға арнап әзірленсе де, бірақ
келе-келе бастамаға деген қызығушылық
артып, оған басқа шағын елді мекендер де
қосыла бастады.
2000 жылы Флоренцияда (Италия) бастаманы
іске асыру бойынша сараптамалық көмек
көрсету үшін «Балаға мейірімді қала» баста-
масының Халықаралық хатшылығы мен оның
интернет-ресурсы www.childfriendlycities.org
құрылды. 2010 жылдан бастап ресурстық-әді-
стемелік қызмет Флоренциядағы Хатшылықтан
Нью-Йорктегі БҰҰ Балалар қорының (ЮНИ-
СЕФ) штаб-пәтеріне ауысты.
Жергілікті атқарушы органдардың
балалардың құқықтарын іске асы-
рудағы маңызды рөлі тұңғыш рет
ресми түрде 1992 жылы Дакар (Се-
негал) қаласында жария етіліп, онда
БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ)
«Мэрлер – балаларды қорғаушы-
лар» бастамасы бастау алған еді.
Бастама көптеген серіктестерді – орталық және
жергілікті билік органдарын, үкіметтік емес
және қоғамдық бірлестіктерді, ұлттық және
халықаралық ұйымдарды, сарапшылар мен
ғылыми мекемелерді, бизнес-құрылымдар
мен бұқаралық ақпарат құралдарын, ең басты-
сы, балалар мен жастар ұйымдарын тартты.
Қазақстанда «Балаға мейірімді қала» халықа-
ралық бастамасын Қазақстандағы БҰҰ Балалар
қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым министр-
лігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Пре-
зидентінің жанындағы Әйелдер істері және
отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі
ұлттық комиссия іске асыруда.
2008–2009 жж. өзінде-ақ бастамаға қосылған
алғашқы қалалар Сәтпаев, Саран, Семей, Өске-
мен, Ақсу, Павлодар және Алматы қаласының
Алмалы ауданы болды.
Қазіргі кезде бастамаға Астана, Қараған-
ды, Шымкент, Екібастұз, Ақсай, Петропавл,
Қызылорда, Балқаш, Ақтөбе, Қостанай, Ақтау
қалаларын, сонымен қатар Қарағанды облы-
сының Абай, Осакарка және Нұра аудандарын
қоса алғанда, еліміздің 21 қаласы мен ауданы
қатысуда.
Бастамаға қатысушы қалалардың бірінде
мерзімді түрде балаға мейірімді қалалардың
ұлттық форумы өткізіліп тұрады. Бұл фо-
румда қалалар мен аудандар бастаманы іске
асыру аясында қол жеткізген нәтижелерімен
бөліседі.
Орталық және жергілікті мемлекеттік орган-
дармен жүргізілген консультациялар негізінде
және халықаралық озық тәжірибелерге сүйене
отырып, Қазақстанға арналған балаларға мей-
ірімді қалаларды тану жүйесі әзірленді.
Барлық кезеңдерден жақсы нәтижелерге ие
болғаны және қаланың (ауданның) ілгеріле-
ушілікке жеткені туралы дәлелдер ұсынғаны
үшін балаға мейірімді қала (аудан) атағы
беріледі.
«Балаға мейірімді қала»
бастамасына қатысу
маңыздылығы
Бастама қалалардың, аудандардың және ауыл-
дардың жергілікті өзін-өзі басқару органдары-
на балалардың құқықтарын жергілікті страте-
гиялар мен даму бағдарламаларының негізгі
компоненті ретінде енгізуіне көмектеседі.
2
Бастама бірнеше маңызды үрдістерді; ауыл
халқының жедел қарқынмен қалаға шоғыр-
лануын (урбанизация); билік органдарының
мемлекеттік басқаруды орталықтың иелігінен
алу контексінде тұрғындардың алдында өсіп
келе жатқан міндеттерін; еліміздің саяси және
экономикалық жүйелеріндегі қалалар мен елді
мекендердің өсіп келе жатқан мәнін ескере
отырып туындағандықтан оның маңызы зор.
Бастама Бала құқықтары туралы конвенцияны
балалардың өміріне неғұрлым тікелей әсер
ететін деңгейде жүзеге асыруға ықпал етеді.
«Балаға мейірімді қала» бастамасының бұл
әдістемесі қалаға (ауданға) олардың жергілікті
басқару, инфрақұрылым және қызмет көрсету
жүйелеріне қатысты барлық аспектілерде ба-
лаларға неғұрлым мейірімді болуы үшін көмек
ретінде бағытталған. Бастама жергілікті билік
органдарының құрылымы мен қызметі бойын-
ша балалардың құқықтары тұрғысынан тиісті
шешімдер қабылдау үдерісіне балалардың
белсенді қатысуын қамтамасыз ету, сондай-ақ
негізгі қызметтерге қол жеткізуге тең құқықты
қамтамасыз ету үшін қажетті тоғыз элементтен
тұрады. Олар мыналар:
1 Балалардың қатысуы
Балалар мен жастардың өз мүдделеріне
қатысты шешім қабылдау үдерісіне қатысуы;
балалар мәселелері бойынша шешім қабыл-
даған кезде олардың пікірлерін тыңдау және
назарға алу.
2 Балаларға мейірімді заңнамалық база
Барлық балалардың құқықтарын біртіндеп
ілгері жылжытатын және қорғайтын норма-
тивтік-құқықтық базаны қамтамасыз ету.
3 Балалардың құқықтары жөніндегі стра-
тегия
БҰҰ Бала құқықтары конвенциясына сүйене
отырып, балаға мейірімді қаланы құру бойын-
ша егжей – тегжейлі және кешенді стратегия
әзірлеу.
4 Бала құқықтары бойынша үйлестіру тетігі
Бала мәселелерінің басымдылығын қамта-
масыз ету үшін жергілікті өзін-өзі басқару
органдарында тұрақты құрылым құру.
5 Заңнамалардың балаларға әсерін бағалау
Бастаманың жүзеге асырудың барлық кезең-
дерінде заңнамалар мен нақты бағдарлама-
лардың балаларға тигізетін әсерін бағалау
бойынша жүйелі үдерістің болуын қамтама-
сыз ету.
6 Балалардың мүддесін көздейтін бюджет
Балалардың мүддесі үшін қажетті ресурстар-
мен қамтамасыз ету және бюджет қаражатына
талдау жасау.
7 «Қаладағы балалардың жағдайлары тура-
2
«Балаға мейірімді қала» халықаралық бастамасы, http://childfriendlycities.org/overview/the-cfc-initiative
Балаға мейірімді қала Бастаманы Қазақстан Республикасында жүзеге асыру әдістемесі
10
Балаға мейірімді қала Бастаманы Қазақстан Республикасында жүзеге асыру әдістемесі
11
лы» тұрақты баяндама
Балалардың жағдайлары және олардың
құқықтарының сақталуы туралы деректерді
жинау және оларға мониторинг жүргізу.
8 Балалардың құқықтары туралы хабар-
дар ету
Ересектер мен балалар, сондай-ақ билік ор-
гандары арасында балалар құқықтары туралы
беру туралы шешім шығаратын Ведомствоара-
лық жұмыс тобына жіберіледі.
1 «Балаға мейірімді қала» бастамасы туралы
ақпаратты зерттеу:
• бастаманың әлемдегі және Қазақстандағы
тарихы;
• балаға мейірімді қаланың негізгі элементтері;
• қалалардың балаға мейірімділігінің индика-
торлары;
• «Қаладағы балалардың жағдайы» баяндама-
сын жазу бойынша ұсыныстар.
2 ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалар-
дың құқықтарын қорғау комитеті мен қала
(аудан) әкімдігі арасында жасалатын ынты-
мақтастық туралы меморандумға қол қою
арқылы бастамаға қосылу.
3 Қосылғаннан кейін бастаманы жергілікті
деңгейде іске асыруға жауапты бөлім мен
лауазымды тұлғаларды белгілеу және оларға
қажетті қолдау көрсету.
4 Қала (аудан) әкімдігінің жанынан бастаманы
іске асыру бойынша Үйлестіру кеңесін құру
немесе жергілікті деңгейде сектораралық ор-
ган үшін аталған бастаманы іске асыру мәсе-
лелерін бекіту (Кәмелетке толмағандар істері
және олардың құқықтарын қорғау комиссиясы
немесе Гендерлік саясат жөніндегі комиссия
және т.б.). Үйлестіруші орган жергілікті орган-
дар, балалар мен жастар ұйымдары, сондай-ақ
үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерінен
хабардарлықты қамтамасыз ету.
9 Балалардың құқықтарын ілгері жылжыту-
дың тәуелсіз тетігі
Балалардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін
үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсету және
адам құқықтарын қорғау жөніндегі тәуелсіз
институттарды, яғни бала құқықтары жөніндегі
Уәкіл институтын дамыту.
құралуы тиіс.
5 Балалармен консультациялар өткізу арқылы
қалалардың мейірімділік индикаторларын
пайдалана отырып, қаладағы (аудандағы)
балалардың қазіргі жағдайын зерттеу.
6 Қаланың (ауданның) даму бағдарлама-
сын және іс-шаралар жоспарын әзірлеу. Бұл
құжаттарда орын алған қиындықтарды шешу
бойынша қадамдар жазылуы тиіс.
7 Бағдарламаны және іс-шаралар жоспарын
ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың
құқықтарын қорғау комитетінің жанындағы
«Балаға мейірімді қала» бастамасын іске асыру
жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобына
ұсыныстар алу үшін жіберу.
8 Ұсыныстарды алғаннан кейін, бағдарлама
мен іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға кірі-
су (жүзеге асыру кезеңі орта шамамен 1,5–2
жылды құрайды).
9 Ведомствоаралық жұмыс тобы тағайын-
даған кезеңде бастама аясындағы ілгеріле-
ушілікті анықтау үшін, қалада (ауданда)
балалардың жағдайына қайтадан мониторинг
жүргізу. Мониторинг нәтижелері балалармен
және тұрғындармен талқыланып, қалаға (ау-
данға) «балаға мейірімді қала (аудан)» атағын
«Балаларға мейірімді қала
(аудан)» болудың жолдары:
кезең-кезеңмен болатын үдеріс
Қазақстан үшін таңдалған ин-
дикаторлар негіздемесі және
балалардың жағдайын баға-
лау үдерісі
Түрлі елдерде бала құқығы саласында бірік-
тірілген әкімшілік индикаторларды, қоғам мен
балалардың қатысу құралдарын және жиын-
тық индекстерді әзірлеу мен сынақтан өткізуге
қатысты әрекеттер жасалды. Мұндай әрекет-
тер балалардың жағдайы туралы деректердің
сапасын және қолданылу аясын кеңейтуге ғана
емес, сондай-ақ қалалардың балалар жағдайын
бағалау мен оған мониторинг жүргізу мүмкін-
діктерін жетілдіруге де ықпал етті. Қазіргі таңда
балалардың жағдайын бағалаудың стандартты
әдістемесі мен жалпыға бірдей көрсеткіштері
(және құралдары) жоқ. Қолданыстағы әдістер
мен құралдар мемлекеттерді өздерінің нақты
жағдайға бейімделуі үшін, жалпы негіз және
жетекші қағидаттармен қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде «Балаға мейірімді қала» бастамасы
аясында жүргізілетін мониторинг сауалнама-
ларға (Испания), домендерге топтастырылған
әкімшілік индикаторларға (Филиппин аралда-
ры), домендерге бөлінбеген индикаторларға
(Нидерланды), жалпы және нақты бағытталған
индикаторларға (Бразилия), сауалнамалар мен
индикаторлардың араласып келуіне (Франция),
әкімшілік және субъективті индикаторларды
біріктіру негізінде есептелетін жиынтық индек-
ске (Беларусь) негізделеді.
4
Қазақстан үшін ұсынылып отырған жүйде Инно-
ченти зерттеу орталығы, ЮНИСЕФ, Балалардың
өмір сүру ортасын зерттеу тобы мен Childwatch
International желісі жүргізген зерттеулердің нәти-
желері, сондай-ақ баға мен мониторингке қаты-
сты түрлі әдіс-тәсілдерді практикалық тұрғыдан
қолдану барысындағы халықаралық тәжірибе
пайдаланылады. Балаға мейірімді қалаларға мо-
ниторинг жүргізу мен оларды бағалау жүйесінің
жалпы мақсаты жергілікті билік органдарының
балалардың жағдайына кешенді мониторинг
жүргізу және бағалау жүйесін қамтамасыз ете
отырып, жоспарлау үдерісінің сапасын балалар-
дың мүддесіне қарай жақсарту болып табылады.
«Балаға мейірімді қала» бастамасын енгізу басталған сәттен бастап-ақ
зерттеушілер мен практик мамандар бастамаға балалардың өздерін
тартты. Нәтижесінде жағдайды жақсарту барысындағы ілгерілеушілікті
бағалай отырып, жағдайды жан-жақты әрі жүйелі түрде бағалауға мүм-
кіндік беретін қаражат пен құралдарды қоса алғанда, қалалардың дәлелді
бағалауға қажеттіліктерінің артқанын мойындады.
3
3
Балаларға мейірімді қоғамдастықтар мен қалаларды бағалау және оларға мониторинг жүргізу: бастаманы ілгері жылжыту және жергілікті өзін-өзі
басқару органдарының әлеуетін арттыру, Балалардың өмір сүру ортасын зерттеу тобы мен ЮНИСЕФ Инноченти зерттеу орталығы, желтоқсан 2009.
4
«Балаға мейірімді қала» бастамасы бойынша елдік мониторинг жүргізу құралдары: http://childfriendlycities.org/building-a-cfc/indicatorscriteria-for-cfc/
Балаға мейірімді қала Бастаманы Қазақстан Республикасында жүзеге асыру әдістемесі
12
Балаға мейірімді қала Бастаманы Қазақстан Республикасында жүзеге асыру әдістемесі
13
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына ар-
налған бағалау парағы балалар мен олардың
отбасыларының құқықтарын қамтамасыз
етудің жергілікті үдерістері мен жүйесіне
талдау жасауға арналған. Бағалаудың негізгі
компоненті болып қалалар мен аудандардың
статистикалық мәліметтерді жинау, талдау жа-
сау және басшылықтың шешімдерін қабылдау-
да аналитикалық ақпаратты қолдану бойынша
қабылетін нығайту табылады. Сонымен қатар,
бағалау келесідей басымдықтарды анықтауға
көмек береді: жаңа іс-шаралар жоспарын
әзірлеу және балалардың мүдделерін көздей
отырып, қазіргі жүргізіліп жатқан нұсқаулыққа
түзетулер енгізу; құрылымдағы және балалар-
дың мұқтаждықтары мен құқықтарына жауап
беретін үдерістегі өзгерістер; жергілікті өзін-
өзі басқару органдары мен қоғам арасында
балалардың құқықтары туралы хабардарлық
деңгейін арттыру. Бағалаудың маңызды мәні
нұсқаулықты әзірлеу үдерісінде бала құқықта-
рын өзекті ету мақсатында, сондай-ақ бала
құқықтарының іске асырылуын үйлестіруді
қамтамасыз ету үшін, жергілікті билік органда-
Аталмыш бағалау «Балаға мейірімді қала» ба-
стамасы аясында халықаралық деңгейде пай-
даланылатын индикаторлар тізімінен таңдалып
алынған және жүйелі түрде жинақталатын
әкімшілік индикаторларға негізделген.
Индикаторлар жүйесі жергілікті деңгейде
шешім қабылдау, деректерді салыстыру, талдау
және жергілікті жұмыс жоспарларын әзірлеу
арқылы жоспарлау үдерісін қамтамасыз ету
мақсатында мәліметтерді талдау, түсіндіру,
тарату, сондай-ақ пайдалануды жақсартуға
арналған. Деректерді жинау жүйесі 17 негізгі
индикатормен шектеледі (II қосымшаны қа-
раңыз). Ол жұмыс жүктемесіне, сол сияқты
деректерді жинауға, талдауға және есеп беру-
ге қатысатын қызметкерлердің жүктемелерін
Қалалардағы (аудандардағы) Қазақстан үшін
әзірленген балалардың жағдайына мониторинг
жүргізу мен бағалау жүйесі мынадай өзара бай-
ланысты және өзара бірін-бірі толықтыратын
компоненттерден тұрады:
Достарыңызбен бөлісу: |