Басшысы басшысы Б. Бексеитова г. Шугабаева



Дата11.04.2018
өлшемі90.3 Kb.
#66849
«Келісілді» «Бекітемін»

Павлодар облысы «Павлодар сервис және

Білім беру басқармасының тамақтандыру» колледжі» КМҚК

басшысы басшысы __________ Б.БЕКСЕИТОВА _________ Г.ШУГАБАЕВА

2017 жылғы «___»___________ 2017 жылғы «___»__________

«Павлодар сервис және тамақтандыру колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына 2017-2018 оқу жылына арналған қабылдау

ҚАҒИДАСЫ

1.Жалпы ережелер

1. Осы техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын «Павлодар сервис және тамақтандыру колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына 2017-2018 оқу жылына арналған оқуға қабылдаудың қағидасы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27шілдедегі Заңына сәйкес (2011 жылғы 24 қазандағы жағдай бойынша өзгертулер мен толықтырулармен), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 қаулысымен бекітілген техникалық және кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары, Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 153/5 қаулысымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрларды даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»,мемлекеттік қызмет көрсету регламенті, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы №35 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру қағидалары», ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының» негізінде оқуға қабылдаудың тәртібін белгілейді.

2. «Павлодар сервис және тамақтандыру колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар қабылданады.

3. «Павлодар сервис және тамақтандыру колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына оқуға түсу кезінде Заңның 26-бабының 8-тармағына сәйкес айқындалған тұлғаларды қабылдауға квота көзделеді:

1) І және ІІ топтағы мүгедектер, тума мүгедектер, мүгедеке-балалар (техникалық емес мамандықтар үшін және медициналық көрсетілім бойынша) – 1%

2) соғысқа қатысқандар мен соғыс мүгедектеріне кепілдіктер мен жеңілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар – 0,5%

3) ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға ауылдық (селолық) жастар санынан азаматтар – 30%

4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын, ұлты қазақ тұлғалар – 20%

5) жетім-балалар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар – 1%.
2. Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың тәртібі.

Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу
4. «Павлодар сервис және тамақтандыру колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін колледж басшысы 2017 жылғы 1 маусымнан бастап өз жұмысын бастайтын қабылдау комиссиясын құрды (2017 жылғы 03 сәуірдегі № 1-03/57 бұйрық).

Қабылдау комиссиясының құрамына комиссия төрағасы, жауапты хатшы және комиссия мүшелері кіреді.

5. Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша «Павлодар сервис және тамақтандыру колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына оқуға түсуге берліген азаматтардың өтініштерін қабылдау келесі мамандықтар бойынша 20 маусым мен 20 тамыз аралығында жүзеге асырылады:



Код, мамандық атауы

Біліктілік атауы

Барлығы

9сынып базасында

11сынып базасында

Оқу мерзімі

барлығы

оның ішінде мем.тілде

1

0508000 Тамақтандыруды ұйымдастыру

«Аспаз-калькулятор»

25

25







1 жыл 10 ай

«Аспаз-даяршы»

25




25




1 жыл 10 ай

«Аспаз-даяршы-бармен»

20







20

1 жыл 10 ай







«Кондитер-калькулятор»

50

50







1 жыл 10 ай

2

Қорытынды




120



6. Колледжге оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш;

2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;

3) 3х4 көлемдегі 4 сурет;

4) флюросуреті қоса берілген № 086-У нысанындағы медициналық анықтама (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы);

5) ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты (бар болса);

6) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін).

Жеке басын куәландыратын құжаттарды оқуға түсушінің өзі, ата-аналары немесе заңды өкілдері ұсынады.

Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:



  1. шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;

  2. азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

  3. босқын - босқынның куәлігі;

  4. пана іздеуші тұлға - пана іздеуші тұлғаның куәлігі;

  5. оралман - оралман куәлігі.

Оқуға түсушілерден түскен өтініштер білім беру ұйымының тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.

7. Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған емтихандары әңгімелесу түрінде өткізіледі. ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификатын ұсынған тұлғалар емтихандардан босатылады.

8. Әңгімелесу 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында өткізіледі.

9. Бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер емтихандары кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында «Павлодар сервис және тамақтандыру коледжі» КМҚК-да апелляциялық комиссия құрылады.

Апелляциялық комиссия құрамына апелляция комиссиясының төрағасы, хатшысы және мүшелері кіреді.

Әңгімелесу нәтижесімен келіспейтін тұлға апелляцияға шағым білдіруіне болады. Апелляцияға өтініш әңгімелесу нәтижелері хабарланғаннан кейін апелляциялық комиссияға келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін беріледі және бір тәулік ішінде өтініш берушінің қатысуымен апелляциялық комиссияда қаралады.

Апелляциялық комиссия шешімі комиссия құрамы тізіміндегі тұлғалардың көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасы шешуші дауыс беруге құқылы. Комиссия жұмысы төрағаның және барлық комиссия мүшелерінің қолдары қойылатын хаттамамен ресімделеді.

10. Оқуға түсушілерді қабылдау нәтижесі туралы ақпарат 30 тамызға дейін ақпараттық стендіге жариялау немесе колледж сайты арқылы таныстырылады.


3. Білім алушылар құрамына қабылдау
11. «Павлодар сервис және тамақтандыру колледжі» КМҚК-ға білім алуға азаматтарды қабылдау конкурстық негізде азаматтардың өтінігтері бойынша жүзеге асырылады. Конкурстың шарттары мен білім алу құқықтарын сақтауға кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және тиісті деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етеді.

12. Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесулер нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында өткізіледі. Іріктеу шарттарын «Павлодар сервис және тамақтандыру колледжі» КМҚК айқындайды.



13. Колледжге қабылдауды қабылдау комиссиясы кәсіптер, мамандықтар бойынша жеке ашық отырыстарда жүргізеді.
4. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша оқуға қабылдаудың тәртібі

14. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына» (одан әрі –Бағдарлама)қатысушылар өмірлік қиын жағдайға тап болған және тұрмысы төмен отбасылардың мүшелері қатарындағы 9-11 сыныптарды бітірушілер, оқу орындарына түспеген, жұмыс іздеп жүрген адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген азаматтардың өзге де санаттары болып табылады.

15. Бағдарлама қатысушылары жұмысшы біліктілігін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 65 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13149 болып тіркелген) бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім үшін оқыту мерзімдері және білім беру деңгейлері бойынша кәсіптер мен мамандықтардың тізбесіне сәйкес ақысыз негізде, орта буын маманының біліктілігін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 қаулысымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес конкурстық негізде оқиды.

16. Бағдарламаның 5.1.1-тармағына сәйкес құрылған мобильдік топтар ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлер іздеуді жүзеге асырады және тізімін қалыптастырады.

17. Құжаттар ауданық (қалалық) деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар берген жолдамалар негізінде қабылданады.

18. Бағдарлама бойынша «Павлодар сервис және тамақтандыру колледжі» КМҚК-ға оқуға түсуге үміткерлердің өтінішін қабылдау келесі мамандық бойынша жүзеге асырылады:



Код, мамандық атауы

Біліктілік атауы

НЖҚБ (Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы)

9 сынып базасында

Оқу мерзімі

1

«Тамақтандыруды ұйымдастыру»

«Аспаз-калькулятор»

25

1 жыл 10 ай

2

Қорытынды




25

19. Оқу орнына өтініш берген кезде үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) білім туралы құжат (аттестат, куәлік, диплом);

       3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының № 086-У бастапқы медициналық құжаттама нысанына сәйкес денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      4) әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтар санатын растайтын анықтама (бар болған жағдайда);

      5) жолдама.

Жеке басын куәландыратын құжаттарды үміткерлердің өзі, ата-аналары немесе заңды өкілдері ұсынады.



20. Топтарды жасақтау жылына бір рет 20 маусымнан 30 тамызға дейін жүргізіледі.

21. Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлар даярлау бойынша Бағдарлама қатысушыларын оқуға қабылдауды оқу орнының басшысы жүзеге асырады.



22. Оқу орны Бағдарлама қатысушыларын:

1) білім беру ұйымының ішкі тәртібіне сәйкес сабақтан себепсіз қалған

2) үлгерімі нашар немесе аралық №125 бұйрыққа сәйкес аттестаттаудан қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда оқудан шығарады.

23. Оқыту тегін.



Қабылдау комиссиясының

хатшысы В.А.Темірболат


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет