Балық ресурстарына келтiрiлетiн және келтiрiлген, оның iшiнде болмай қоймайтын



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата26.11.2018
өлшемі0.65 Mb.
#97168
  1   2   3   4   5   6   7

Балық ресурстарына келтiрiлетiн және 

келтiрiлген, оның iшiнде болмай қоймайтын 

зиянды өтеудiң орнын толтыру әдiстемесiн 

бекiту туралы 

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрiнiң 2013 жылғы 31 

мамырдағы № 154-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 

2013 жылы 01 шiлдеде № 8532 тiркелдi. 

 

"Егемен Қазақстан" 09.10.2013 ж. № 229 (28168) 



 

 

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 



Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 17-бабы 3-тармағының 

2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 

      1. Қоса берiлiп отырған балық ресурстарына келтiрiлетiн және 

келтiрiлген, оның iшiнде болмай қоймайтын зиянды өтеудiң орнын толтыру 

әдiстемесi бекiтiлсiн. 

      2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Балық 

шаруашылығы комитетi (Қ.Ш. Мұсабаев) заңнамада белгiленген тәртiпте осы 

бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн 

және ресми жариялануын қамтамасыз етсiн. 

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған 

ортаны қорғау Вице-министрi Е.Н. Нысанбаевқа жүктелсiн. 

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он 

күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. 

Министр


 

Н. Қаппаров

 

       


 

 

Қазақстан 



Республикасы 

Қоршаған ортаны 

қорғау министрiнiң 

2013 жылғы 31 

мамырдағы 

№ 154-ө бұйрығымен 

бекiтiлген

 

Балық ресурстарына келтiрiлетiн және келтiрiлген, оның iшiнде 



болмай қоймайтын зиянды өтеудiң орнын толтыру 

әдiстемесi

 

      Ескерту. Әдiстеменiң орыс тiлiндегi тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi, 



мемлекеттiк тiлдегi мәтiн өзгертiлмейдi – ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары – 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 11.05.2017 № 197 (алғашқы ресми жарияланған 

күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

 

1. Жалпы ережелер



 

      1. Балық ресурстарына келтiрiлетiн және келтiрiлген, оның iшiнде болмай 

қоймайтын зиянды өтеудiң орнын толтыру Әдiстемесi (бұдан әрi – Әдiстеме) 

"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан 

Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 17-бабы 3-тармағының 2) 

тармақшасына сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу 

нәтижесiнде, оның iшiнде, табиғи және техногендi апатты жағдайлардың 

салдарынан, сондай-ақ, тұрмыстық және басқа да iс-әрекеттердi жобалау 

барысында балыққа және олардың тiршiлiк ортасына тигiзетiн зиянды анықтау 

негiзiнде жасалынды. 

      Ескерту. 1-тармақтың орыс тiлiндегi мәтiнге өзгерiс енгiзiлдi, 

мемлекеттiк тiлдегi мәтiн өзгертiлмейдi – ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары – 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 11.05.2017 № 197 (алғашқы ресми жарияланған 


күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

 

      2. Балық ресурстарына келтiрiлген шығын мөлшерiн есептеу балық 



ресурстарының жағдайына жан-жақты терiс факторлары әсерiнiң салдарына сүйене 

отырып, заттай көрiнiсте (килограмм, тонна) және жiберiлiп алған пайданы 

ескере отырып, балық ресурстарының бұзылған жағдайын қалпына келтiрудегi, 

ақша көрiнiсiнде (теңге) анықталады. 

      3. Әдiстеме сандық есепке алынатын шығынның бөлiгiн есептеу үшiн 

әзiрлендi. 

      4. Осы Әдiстемеде балық қоры мен басқа да су жануарларына келтiрiлген 

зиян мөлшерiн анықтау мен есептеу төмендегiдей қарастырылады: 

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу нәтижесiнде, сондай-ақ 

техногендi сипаттағы апатты жағдайлардың салдарынан балық ресурстары мен 

басқа да су жануарларына келтiрiлген шығынды есептеу; 

      2) Омыртқасыздар, балықтар мен теңiз аңдарының өлiм-жiтiмi нәтижесiнде 

балық шаруашылығына тигiзiлген зиян; 

      3) Балық шаруашылық суқоймада қоректiк организмдердiң жойылуы 

жағдайында балық ресурстарының өсiмiн жоғалтуы салдарынан болатын шығын 

(нұсқан) мөлшерi; 

      4) Балық қорының үздiксiз өсуi (ұдайы өндiрiсi) мен тiршiлiк ортасының 

нашарлауы салдарынан болатын балық қорына тиетiн шығыны; 

      5) Көмiрсутегi шикiзатының апатты жағдайлардан төгiлуi салдарынан балық 

қоры мен басқа да су жануарларына әкелетiн шығынды анықтау; 

      6) Балық ресурстарына және олардың тiршiлiк ортасына әсер ететiн 

шаруашылық және басқа қызмет атқарудан, жобалау кезiндегi балық ресурсы мен 

басқа да су жануарларына әсер ететiн шарасыз шығынның мөлшерiн есептеу; 

      7) Шаруашылық және басқа да iс-әрекеттердi жоспарлау мен жүзеге асыру 

барысында балық ресурстары мен басқа да су жануарларына тигiзген, тигiзетiн 

шарасыз шығынды өтеу бойынша қаржылай салымдарды есептеу. 

      5. Осы Әдiстемеде келесi ұғымдар пайдаланылады: 

      1) арнайы мамандандырылған балық өндiрушi объектiлер – балық өндiрушi 

зауыттар, балық питомниктерi, уылдырық шайқап шабақ өсiрушi балық шаруашылық, 

инкубациялық цехтар; 

      2) балық қорғау құрылғыларының тиiмдiлiк коэффициентi – бiрден бiр 

жобаның сипаттамасы балық қорғау құрылғылары арқылы болатын өлiм-жiтiмi, су 

жинау құрылғыларда өлген балық саны, балық санының (уылдырық, дернәсiл, 

шабақ) пайыздық қатынасы арқылы көрiнiс табады. Балық қорғаушы құрылғы 

түрлерi мен су жинау құрылысына байланысты әртүрлi әдiстермен анықталады; 

      3) балық өнiмдiлiгi – су айдынның бiр жылда балықтар биомассасының 

белгiлi бiр мөлшерiн өсiп–өндiру қасиетi. Балық өнiмдiлiгi биологиялық (су 

айдындарының биологиялық өнiмдiлiгiн зерттеулердегi – ағзалардың бiрлiк 

уақытта бiрлiк көлемде өндiретiн биомасса салмағы) және кәсiпшiлiк болып 

бөлiнедi. Ауданға жатқызылған салмақтық бiрлiктермен анықталады, әдетте 

кг/га; 

      4) балық өсiру мелиорациялық шаралар – құнды балықтардың шабақтарын 



өсiрiп шығару, балықтардың көбеюi және тiршiлiк ету жағдайын жақсарту 

мақсатында жасанды уылдырық шашатын орындарды құру, гидротехникалық құрылыс 

жүргiзу, артық су өсiмдiктерiн шабу, бұлақ көздерiн ашу, жайылмалық уылдырық 

шашатын жерлерге балықтардың өтуiне арналған тармақтарды тереңдету мен 

тазарту және басқалары; 

      5) балық өсiру мелиорациялық шаралардан кәсiпшiлiк қайтарым – жыл сайын 

шабақтарды жiберуден немесе басқа балық жiберу материалынан алынатын, немесе 

басқа да балық өсiру мелиорациялық шараларымен қамтамасыз етiлетiн 

балықтардың аулану мөлшерi; 

      6) балық өткiзушi имараттар – су тораптары кешенiнде қарастырылған 

(балық өткiзгiштер, балық көтергiштер, жинауыштар), көбею үшiн көтерiлiп бара 

жатқан өрiстегiш балықтардың аталық пен аналықтарын өткiзуге немесе жоғарғы 

бъефке қоныстандыруға, сондай–ақ балық шабақтарының еңiске көтерiлуге 

арналған имараттар; 

      7) бентос – су айдынның су түбi топырағының үстiнде және iшiнде 

тiршiлiк ететiн организмдер жиынтығы; 

      8) биомасса – су айдынның көлемi немесе аудан бiрлiгiне шаққандағы тiрi 

организмдерiнiң салмағы; 

      9) гидробионттар – суда тiршiлiк ететiн организмдер (планктон, бентос, 

балықтар); 



      10) жалпы балық қоры – су айдындағы балықтардың барлық түрiнiң жалпы 

саны мен салмағы және жастық құрамы (ұғым су айдынның биологиялық өнiмдiлiк 

заңдылықтары мен балық санының динамикасын қарастыруда пайдаланады); 

      11) жануарлар дүниесiнiң биологиялық алуантүрлiлiгi – жануарлар дүниесi 

объектiлерiнiң бiр түр шегiндегi алуантүрлiлiгi, түрлер арасындағы және 

экологиялық жүйенiң алуантүрлiлiгi; 

      12) жартылай өрiстегiш балықтар – теңiздiң үнемi тұздылығы орташа 

аудандарында тiршiлiк ететiн, бiрақ уылдырық шашуға тұщыланған өзендердiң 

сағалық учаскелерiне, сағасына және төменгi ағыстарына кiретiн балықтар; 

      13) интерполяция әдiсi – берiлген деректердi кесте бойынша анықтау үшiн 

(немесе атқарым бойынша есептеу) қандай да бiр параметрдiң белгiлi деректерi 

бойынша кесте (атқарым) құру; 

      14) кәсiпшiлiк балық өнiмдiлiгi – су айдынның ауданына жатқызылған, 

балық қорларының жағдайы мүмкiндiк ететiн балықтың жылдық аулану мөлшерi. 

Нақты кәсiпшiлiк балық өнiмдiлiгi, балық қорларының жағдайынан басқа, сондай–

ақ балық аулануының қарқындылығы мен құрылымына байланысты және 

есептелiнгеннен төмен немесе жоғары болуы ықтимал; 

      15) өнiмдiлiк – су айдың көлемi немесе аудан бiрлiгiнде белгiлi уақыт 

аралығында сақталған немесе элиминирленген дарақтардың өсiмiнен құрылған 

организмдердiң биомассасының артуы; 

      16) өрiстегiш балықтар – ұдайы теңiзде тiршiлiк етiп, бiрақ уылдырық 

шашуға өзенге кiретiн балықтар. Бұл балықтардың жыныс өнiмдерiнiң дамуы, 

уылдырық шашуы, уылдырық инкубациясы және шабақтардың алғашқы даму кезеңдерi 

тек қана тұщы суда, ал ересек балықтардың жайылымы – тұзды теңiз суында 

өтедi; 

      17) өтемақы iс-шаралары – балық ресурстары мен басқа да су жануарлар 



санын, келтiрiлетiн және келтiрiлген, оның iшiнде болмай қоймайтын зиянның 

орнын толтыруды жүзеге асыратын тiршiлiк орталарын қайта қалпына келтiруге 

арналған iс-шаралар; 

      18) планктон – қашық жерлерге дербес қозғалуға қабiлетсiз, су қабатында 

пассивтi жүзетiн ағзалар жиынтығы; 

      19) тиесiлi саны - суқойманың көлемi мен аудан бiрлiгiне шаққандағы 

тiрi организмдердiң дана бойынша саны; 

      20) ұсақ балықтар – әр түрлi тұқымдастарға және экологиялық топтарға 

жататын балықтарды бiрiктiретiн шартты кәсiпшiлiк санат. Терминнiң 

этимологиясы "шағын" (яғни ұсақ тор көздi) ау деген сөздерден шыққан, осы 

балықтар бұрын сондай аумен ауланған. Қазiргi уақытта "iрi балықтар" санаты 

тыранның, сазанның, шортанның, көксеркенiң, ақмарқаның, жайынның және басқа 

да iрiлеу балықтардың аулану мөлшерiн бiрiктiредi. "Ұсақ шағын балық" санаты 

- алабұғаның, тортаның, тұрпан, мөңкенiң, қылыш балықтың және басқалардың 

аулану мөлшерiн қамтиды. Бекiрелер, албырттар, ақсахалар, майшабақтар, 

сондай-ақ қаракөз, тыран және көп таралған ұсақ балықтар – снеток, шаншар 

балық, тюлька майшабағы, шабақ балық және басқалары "шағын балық" санатына 

жатпайды; 

      21) табиғатты қорғау iс-шаралары – табиғи орта жағдайындағы балық қоры 

мен басқа да су жануарларының қауымдастығының тұтастығын және биологиялық 

алуантүрлiлiгiн, сонымен қатар, жасанды көбейтудi қоса отырып, оның iшiнде 

сирек және жоғалып кету қаупi бар балық қоры мен басқа да су жануарларының 

ұдайы өндiрiсiн сақтау, кейiн оларды тiршiлiк ету ортасына жiберу бойынша iс-

шаралар; 

      22) булану – көмiрсутегiнiң ауаға көтерiлуi. Әрi қарай бұл балық қоры 

мен басқа да су жануарларына ешқандай әсерiн тигiзбейдi және шығынды 

есептеуде есепке алынбайды; 

      23) еру мен эмульсификация – көмiрсутегiнiң сулы ортаға өтуi. Бұл бөлiк 

әсер етудiң негiзгi факторы болып табылады; 

      24) сорбция – көмiрсутегiнiң немесе басқа да улы заттардың су түбiне 

шөгуi. Бұл әсер етудiң қосымша факторы болып табылады; 

      25) k

1

 – кәсiптiк шығынның орнын толтыру коэффициентi – бұл бақылаудағы 



организмдердiң (уылдырықтардың, дернәсiлдердiң, шабақтардың) кәсiпшiлiкке 

жарамды өлшемге немесе жыныстық жетiлуге дейiн жететiндерiнiң пайызбен 

алғандағы бөлiгi; 

      26) k

2

 – қоректiк коэффициент – қоректiк биомассаның қоректенушiнiң 



биомассасына ауысу үлесi; 

      27) k

3

 – қоректiк базаны шектi пайдалану мүмкiндiгiнiң көрсеткiшi – бұл 



қоректенушiнiң орташа қоректiк белсендiлiгi кезiндегi қоректi табу мен жеу 

мүмкiндiгiнiң ең жоғарғы үлесi; 

      28) K

i

 – өмiршеңдiк коэффициентi – бақыланатындардың жалпы санына 



шаққанда тiрi қалған организмдердiң пайыздық қатынасы ретiнде анықталады, 

демек 100-Кi – өлiм–жiтiм коэффициентi

      29) Р/В – коэффициентi – түрiшiлiк өсiп–өну процестерiнiң (көбеюi, 

өсуi) нәтижесiнде биомассаның ұлғаю көрсеткiшi. 

2. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу нәтижесiнде, 

сондай-ақ техногендi сипаттағы апатты жағдайлардың салдарынан 

балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтiрiлген шығынды есептеу

 

      6. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу нәтижесiнде, сондай-ақ 



техногендi сипатағы апатты жағдайлардың салдарынан балық ресурстары (қоры) 

мен басқа да су жануарларына келтiрген зиянды есептеу балықтардың, 

омыртқасыздардың және теңiз аңының өлiмiнде, су айдында балық өнiмдiлiгiнiң 

(жалпы немесе кәсiптiк) азаюы, гидробионттар мен теңiз сүтқоректiлерiнiң 

ұдайы өндiрiсiнiң және тiршiлiк ету ортасы жағдайының нашарлауы, көбею, 

қыстау мен жайылым жасау және өрiстеу орындарының толықтай немесе жекелеп 

жойылуына тiкелей байланысты: 

      1) шаруашылық және басқа тұрғыдан Қазақстан Республикасының заңнамасын 

талаптарын бұзу әдiстерi (пайдалану, құрылыс, реконструкция, мекеменi, балық 

шаруашылық маңызы бар су айдындарынан су алу құрылғыларына балық 

ресурстарының түсiп кетуiнiң алдын алуда ешқандай шара қолданбау балық 

шаруашылық маңызы бар су айдындарында, су объектiлерiнiң су қорғау аймағы 

және олардың белдеулерiнде жұмыстардың заңдылықтардың бұзылуымен жүргiзiлуi); 

      2) апатты жағдайлар, балық ресурсы мен басқа да су жануарларының 

тiршiлiк ортасының зиянды заттармен және көмiртегi шикiзатымен, сонымен 

қатар, мұнай құйылу, жағар май, қышқыл, сiлтi және басқа да заттармен 

ластануы, балық шаруашылық суқоймаларға қалдық заттарды тастау балық 

шаруашылық су айдындарында белгiленбеген шектеулi мүмкiншiлiк 

концентрациясының болуы, балық қорына тiршiлiк ету ортасына тән емес. 

      7. Тұрмыстық және басқа iс-әрекеттердiң (эксплуатация, құрылыс, 

реконструкция, кәсiпорынның, құрылғы мен өзге де нысандарының жөндеу 

жұмыстары, су жинақтаушы құрылғыларда балық қорының түсуiн болдырмау бойынша 

шара қолданылмайтын балық шаруашылық маңызы бар су нысандарының жинақталған 

сулары, балық шаруашылық суқоймаларда немесе аймақтарында жұмыстың 

жүргiзiлуi, су нысандарының қорғаушы аймақтарында және олардың алаптарында 

заңдылықтарды бұзу) салдарынан Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу 

нәтижесiнде балық қоры мен басқа да су жануарларына тигiзетiн шығын (зиян) 

төмендегiдей көрсетiлуi мүмкiн: 

      1) балықтың (кәсiпшiлiк, уылдырықтар, дернәсiлдер мен шабақтардың), 

теңiз аңының (баласы мен жынысқа жетiлген) және омыртқасыздардың (барлық даму 

сатысында) өлiм жiтiмiнде, сондай-ақ су айдындардан осы нысандарды заңсыз 

алуда; 


      2) балық ресурстарының өмiршеңдiгi мен өсуiн қамтамасыз ететiн қоректiк 

организмдердiң (планктон, бентос) жойылуы салдарынан балық ресурстарының 

өсуiн жоғалтуда; 

      3) балық ресурстары мен басқа да су жануарларының ұдайы өндiрiсi мен 

тiршiлiк ету жағдайының нашарлауында (уылдырық шашу, көбею, қыстау, жайылым 

аудандарының жойылуы, өрiстеу жолдарының, су нысанының гидрологиялық және 

гидрохимиялық режимiнiң бұзылуы). 

      Балық қоры мен басқа да су жануарларына келтiрген нұсқанының (шығын) 

мөлшерi және де әкелген шығыны ақша көрiнiсiнде (теңгемен), оның iшiнде балық 

қорының жағдайын қайта қалыптастырудағы кеткен шығыны есептеледi. 

      Шығын (зиян) игерiлген (бекiтiлген) және игерiлмеген (резервтi) балық 

шаруашылық суқоймаларда бiрдей анықталады. 

      Заңнаманы бұзушылық салдарынан балық қоры мен басқа да су жануарларына 

әкелетiн толықтай шығынның, балық қоры мен басқа да су жануарларына жағымсыз 

факторларының әсерiнiң ақшалай құны мен санын анықтау, сонымен қатар 

қайталанып (iлеспелi) және қиын болжалуы салдарынан қиындық тудырады. 

      Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуды қайталаудағы шығын тiкелей 

шығынға әкеледi, яғни су кәсiбiндегi тiкелей шығын елеулi түрде өсуi мүмкiн, 



себебi кәсiптiк объектiлердiң қоры өзiн-өзi қалпына келтiру жүйесi болып 

табылады, өсуiне шектелмеген уақытта қоғамды азықтық және шикiзат қорымен 

шығынсыз қамтамасыз ететiн нысан қоры өзiн өзi толықтырушы жүйе болып 

табылады. 

      8. Қазақстан Республикасының заңнаманың бұзудағы балық шаруашылығына 

зиянды есептеудегi негiзгi деректерге актiлер, рапорттар, қызмет бабындағы 

хат, суреттер мен бейнетүсiрiлiмдер және басқа да құжаттар, сенiмдi сол 

қызметтегi тұлғалар жасаған бақылаудағы, ғылыми-зерттеу барысында ауланған 

нәтижелер, сондай-ақ арнайы мәлiметтер жатады. 

      9. Балық қоры мен басқа да су жануарларына әкелген зиянды есептеуде 

сапалы мәлiмет болып келесiдей көрсеткiштер саналады: 

      1) уылдырықтардың, дернәсiлдердiң, шабақтардың және ересек дарақтардың 

өлiм-жiтiм саны; 

      2) ықпал етушi аймақтарда ересек дарақтардың орташа өлшемдiк–салмақтық 

көрсеткiштерi; 

      3) жағымсыз әсер етушi аудандар (көлемi) (уылдырық шашу, көбею, қыстау, 

жайылым аудандары, өрiстеу жолдарының бұзылуы); 

      4) жағымсыз әсерлерден соң су айдынның гидрологиялық және гидрохимиялық 

режимiнiң бұзылуы; 

      5) жағымсыз әсерлерге дейiнгi және одан кейiнгi балық ресурстарының 

сандық және сапалық құрамы; 

      6) өлiм-жiтiмге ұшыраған балық қорының уылдырық, дернәсiл, шабақтан 

кәсiптiк қайтарымның коэффициентi; 

      7) планктон мен бентосты организмдердiң қоректiк коэффициентi; 

      8) су айдынның немесе оның кейбiр участкелерiнiң балық өнiмдiлiгi 

(жалпы немесе кәсiпшiлiк балық биоресурстарының түрлерi бойынша); 

      9) популяциядағы аналықтарының үлесi, олардың орташа тұқымдылығы, 

балықтардың еселеп уылдырық шашуы немесе жынысқа жетiлген сәттегi 

сүтқоректiлердiң балалары; 

      10) зиянның орнын толтыру мөлшерi "Қазақстан Республикасының жануарлар 

дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен 

келтiрiлген зиянның орнын толтыру мөлшерiн бекiту туралы" Қазақстан 

Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 

ақпандағы № 18-03/158 бұйрығы (бұдан әрi - Бұйрық) (Нормативтiк құқықтық 

актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10929 болып тiркелген) негiзiнде 

айқындалады. 

      Ескерту. 9-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi – ҚР Премьер-Министрiнiң 

орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 11.05.2017 № 197 (алғашқы ресми 

жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) 

бұйрығымен.

 

      10. Зиянды есептеуге пайдаланылатын бастапқы деректер алудың көздерi 



балық ресурстары мен басқа да су жануарларының өлiм-жiтiмге ұшырау фактiлерi 

және олардың тiршiлiк ету ортасының ластануы, балық ресурстарын бақылау және 

қадағалау, олардың мемлекеттiк мониторингi жөнiндегi iс-шаралар шеңберiнде 

жүргiзiлетiн ғылыми зерттеулердiң, зертханалық талдаулар мен сараптамалардың, 

өндiрiстiк экологиялық бақылаудың нәтижелерi, Қазақстан Республикасының балық 

ресурстарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органының ғылыми-зерттеу, 

экологиялық жобалау ұйымдары мен бөлiмшелерiнiң деректерi, сондай-ақ 1-

қосымшаға сәйкес балық шаруашылығы су айдындарында кәсiпшiлiк балықтардың 

уылдырығынан, дернәсiлдерiнен және шабақтарынан алынатын кәсiпшiлiк қайтарым 

коэффициенттерiнiң, 2-қосымшаға сәйкес балықтардың қоректiк базасының 

коэффициенттерiнiң, 3-қосымшаға сәйкес негiзгi балық түрлерi мен теңiз аңының 

биологиялық сипаттамаларының деректерi, 4-қосымшаға сәйкес әртүрлi объектiлер 

үшiн төгiлген көмiрсутектiлердiң (мұнай және мұнай өнiмдерi) барынша ықтимал 

көлемдерi және Бұйрыққа сәйкес жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және 

пайдалану туралы заңнаманы бұзу келтiрген шығынды өтеу мөлшерi бойынша 

деректер болып табылады. 

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары 

– ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 11.05.2017 № 197 (алғашқы ресми жарияланған 

күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

 

3. Омыртқасыздар, балықтар мен теңiз аңдарының өлiм-жiтiмi 



нәтижесiнде балық шаруашылығына тигiзiлген зиян

 


      11. Бiрiншi кезеңде балықтың (жынысы жетiлген, шабақтар, дернәсiлдер 

және уылдырық), омыртқасыз жануарлардың, теңiз аңының (жынысы жетiлген және 

төлi) өлiм-жiтiмiнiң салдарынан балық ресурстарына келтiрiлген зиян (нұқсан) 

былайша айқындалады: 

      1) балықтар үшiн мына формула бойынша: 

      N


1

 = Z x n


0

 x P (1), мұнда: 

      N

1

 – дарақтардың өлуi келтiретiн ақшалай түрдегi зиянның (нұқсанның) 



шамасы;  

      Z – 1 (бiр) килограмм (бұдан әрi - кг) балық үшiн төлемақы мөлшерi 

Бұйрық негiзiнде, зиян келтiру сәтiнде айқындалады; 

      Р – кәсiпшiлiк (жынысы жетiлген) дарақтың орташа салмағы, кг; 

      n

0

 – кәсiпшiлiк (жынысы жетiлген) дарақтарға теңестiрiлген өлген 



дарақтардың жалпы саны, дана; 

      n


0

 = n + (n

1

 x k


1

)/100 + (n

2

 x k


2

)/100; 


      n – кәсiпшiлiк (жынысы жетiлген) дарақтар саны, дана; 

      n


1

 – өлген дернәсiлдер саны, дана; 

      n

2

 – өлген уылдырықтар саны, дана; 



      k

1

 – дернәсiлдерден кәсiпшiлiк қайтарым коэффициентi, %; 



      k

2

 – уылдырықтан кәсiпшiлiк қайтарым коэффициентi, %; 



      2) теңiз аңы үшiн мына формула бойынша: 

      N


1

 = n x Z (2), мұнда: 

      N

1

 – аңдардың өлiм-жiтiмiнен келтiрiлген зиянның (нұқсанның) шамасы; 



      n – өлген аңдар саны, дана; 

      Z – 1 дарақ үшiн төлемақы мөлшерi Бұйрық негiзiнде, зиян келтiру 

сәтiнде айқындалады; 

      3) омыртқасыздар үшiн мына формула бойынша: 

      N

1

 = P x Z, (3), мұнда: 



      N

1

 – омыртқасыздардың өлiм-жiтiмiнен келтiрiлген зиянның (нұқсанның) 



шамасы;  

      Р – өлген омыртқасыздардың жалпы салмағы, кг; 

      Z – 1 (бiр) кг үшiн төлемақы мөлшерi Бұйрық негiзiнде, зиян келтiру 

сәтiнде айқындалады; 

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет