Балық атауларының сөздіктерде берілуі туралы



Дата02.07.2017
өлшемі62.12 Kb.
Балық атауларының сөздіктерде берілуі туралы

Сембиева Гүлмира

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Қазақ тілінің сөздік құрамы тек қана әдеби тілде кездесетін немесе сөйлеу тілі мен диалектік лексикада қолданылатын сөздерден құралмайтындығы белгілі. Қоғамдағы әртүрлі шаруашылық салалары сөздері де ұлттық тілдің сөздік құрамына кіреді. Жергілікті халық тілінде кездесетін кәсіби лексиканы(кәсіби сөздер, профессионалдық лексика) зерттеу мәселесінің ғылыми-теориялық та, практикалық та маңызы зор.

Қазақ тілінде кәсіби сөздердің түрі мол. Зерттеушілер оларды кәсіптік және өндірістік сипатына, қолданылу жағдайларына қарай екі үлкен салаға бөліп жүр. Олардың бір саласы әр түрлі шағын кәсіпке, ұсақ мамандыққа байланысты (ұсталық, зергерлік, тоқымашылық, т.б.) болса, екінші саласы ірі кәсіпшілік өндіріске (егіншілік, диқаншылық, аңшылық, балықшылық, мал шаруашылығы) байланысты болады.Кәсіби сөздердің басым көпшілігі, шынында да халық тілінің жергілікті жерлердегі қолданыстарында кездесетіндіктен олар говорлық диалектілік ерекшеліктермен тығыз байланыста қарастырылады.

Говорларда кездесетін лексикалық ерекшеліктер, біріншіден, жергілікті қолданыста бұрынғы дәуірлердегі сөзқолданымнан қалған реликтілік лексиканың кездесуімен, екіншіден, көршілес тілдерден ауысқан кірме лексиканың болуымен, үшіншіден, жергілікті шаруашылықтың ерекшеліктері болуымен, жергілікті кәсіп түрлерінің болуымен тығыз байланыста қалыптасып, дамып отырады. Белгілі бір кәсіп түрімен басқа жерлерде де айналысуы мүмкін. Сондықтан, кәсіби атауларда жалпытілдік ортақтық та, жергілікті айырмашылықтар да ұшырасып отырады. Яғни бір кәсіпке байланысты туған сөздер бірыңғай болып келе бермейді.

Кәсіби лексиканың ішінен біздің арнайы сөз еткелі отырғанымыз балық атауларының кейбір лексикалық ерекшеліктері, олардың қазақ тілінің жалпылама қолданымға арналған түсіндірме сөздіктерінде қамтылу жағдайы. Дүние жүзінде жиырма мыңға жуық балық түрлері мен атауларының бар екендігі белгілі. Кәсіптің бұл түрі қазақ жерінде де бар. Мәселен, балық шаруашылығымен шұғылданушылар Арал, Каспий теңіздері мен Балқаш, Қорғалжын, Алакөл, Зайсан, Құсмұрын сияқты көлдердің маңында, Іле, Жайық, Ертіс, Сырдария, Торғай, Ырғыз өздерінің бойларында шоғырлана орналасқан.

Балық шаруашылығына қатысты атаулар мен оларға берілген анықтамалар қазақ тіліндегі бірқатар ғылыми еңбектерде жақсы ашылған. Солардың бірі – балық шаруашылығының орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.Осы еңбектегі балық атауларына келтірілген анықтамалар мен түсіндірмелерде, түсініктемелерде өте маңызды ақпарат берілген. Оларда балықтың түрлері,

Дене құрылысы, таралу аймағы, өмір сүру ерекшеліктері, кәсіби маңызы – бәрі де айқын-анық сөз болады. Қазақ тілінің екі томдық және он томдық түсіндірме сөздіктеріндегі жайын, шортан, сазан, бекіре, қортпа, ақмарқа, қаяз, алабұға, көксерке, аққайран, шоқыр, мөңке, тұқытәрізді балық атаулары туралы деректерді жоғарыда аталған еңбектегі деректермен салыстырған кезде түсіндірме сөздіктердің бұл мәселеде өте жұтаңдығы көзге түседі. Солардан бірқатарын мысалға келтірелік.

Екі томдықта: жайын – басы жалпақ, ұсақ тісті, мұрты бар үлкен балық; шортан – денесі ұзыншақ, басы сопақша келген азулы үлкен балық; сазан – балықтың бір түрі. Осы атаулардың он томдықтағы көрінісі мынадай: жайын – аузының айналасында үш жұп мұртшасы бар, дене тұрқы құйрығына қарай жіңішкеріп бітетін, басы үлкен, ірі, жыртқыш балық;шортан – тұрқы ұзын, басы сопақша келген, аузы үлкен, жыртқыш балық; сазан – ұзындығы метрге жуық, салмағы – 16-20 килограмм болып келетін өте бағалы балық.

Он томдықтағы бұлардан басқа, жоғарыда аталған балық атауларының берілісінен де мысал келтірсек: тұқы – сазан балықтың тоған суларда өсірілетін қабыршақты не қабыршақсыз түрі; бекіре – еті мен уылдырығы өте бағалы шеміршекті ірі балық; табан– Каспий, Азов және Арал теңіздеріндегі негізгі кәсіптік маңызы бар балық; мөңке – сазанның кішкене түрі; қортпа – кәсіптік маңызы зор, бекіре тұқымдас ірі балық; қаяз – теңізде өсетін, еті тәтті балық; көксерке – биол. Алабұға тұқымдасына жататын жартқыш балық; шоқыр – еті мен уылдырығы бағалы, тұмсығы семсер тәрізді балық; алабұға – жоны күңгірт жасыл, екі жақ бүйірі көлденең қара жолақты, бауыр жағы ақшыл сары, түсі айналадағы ортаға байланысты өзгеріп отыратын балық; аққайран – зоол. Басы кішкентай, сүйегі аз, тағамдық маңызы өте жоғары етті балық; ақмарқа – зоол. Ірісінің дене тұрқы 80 см, орташа салмағы 2-4 кг, еті майлы, уылдырығы құнды, кәсіптік мәні бар жыртқыш балық – төменгі жақ сүйегі үстінгісінен асыңқырап біткен, дене тұрқы ұзын, тұқы тұқымдасына жататын балық.

Келтірілген мысалдардың ішінде әсіресе қылышбалықтың анықтамасы сәтті шыққандығы байқалады. Екі томдықта жайын мен шортанның дене құрылысы, жыртқыш балық екендігі айтылады. Он томдықта сол дерек сәл өзгертілген түрде қайталанады. Он томдықта тұқы мен мөңкенің сазанның бір түрі екендігі, қортпаның бекіре тұқымдас екендігі сөз болады. Бекіре мен шоқырдыңбалықтың тұқы тұқымдас екендігі сөз болады. Бекіре мен шоқырдың бағалылығы, табан мен қортпаның, аққайранның, ақмарқаның кәсіптік маңызы айтылады.

Яғни айтаулардың анықтамаларында тек-түрлік жіктеме бірен-саран сөздік мақалада, балықтың түрлері, дене құрылысы, таралу аймағы, өмір сүру ерекшеліктері, кәсіби маңызы, т.б. ерекшеліктері мен сапалық қасиеттерінің бірнешеуі ғана сөз болады. Үш атауда ғана салалық белгі қойылған.

Кәсіби әдебиетте бұларға қосымша: бекіренің өзі аттас балық тұқымдасының (бекіре тұқымдасы) бір туысы екендігі, ауызы кіші, тұсығы сүйір болып, дене тұрқы 125-300 см, кейбір түрлерінің салмағы 200 кг-ға жететіндігі, Қазақстанда негізінен Каспий теңізі мен Жайық өзенінде өсетіндігі; қортпаның бекіре тұқымдас балықтардың арасындағы ең ірісі екендігі, тұмсығы қысқа, көзі кішкене, иек астында орналасқан аузы өте үлкен болатындығы, Қазақстанда негізінен Каспий теңізінде өсетіні; ақмарқаның өзі аттас тұқымдас (ақмарқа тұқымдасы) екендігі, нағыз сүйекті балықтар тобына жататындығы , Қазақстандағы негізгі мекені Каспий теңізі екендігі; қаяздың тұқы тұқымдасына жататындығы, Қазақстанда негізінен Каспийде, Аралда, Арал теңізіне құятын Сырдарияда өсетіні, етінің майлы болатыны; алабұғаның алабұғалар тұқымдасына жататыны, Қазақстанның негізгі өзен, көлдерінің бәрінде болатындығы, әсіресе Балқашта, Алакөлде көп өсетіні; жайынның тұқы тұқымдастарға кіретіндігі; шортанның ақмарқа тұқымдас екендігі, Қазақстанның басты өзен-көлдерінің бәрінде өсетіндігі; көксеркенің кәсіби маңызы туралы, аққайранның тұқы тұқымдасына жататындығы туралы, табанның тұқы тұқымдасына жататыны, жасанды толғандарда өсірілсе беретіндігі, сазанның тұқы тұқымдас, азу тістері өткір, ұзын мұртты болатынын; тұқының өзі аттас тұқымға жататын балық екендігі, олардың екі тобының болатыны: бір тобының (табан, тарақ, торта, қызылкөз, қаракөз, т.б.) азу тістері топал, мұртсыз болатыны, екінші тобының (ақмарқа, сазан, мөңке, қаяз, қылышбалық, т.б.) азу тістері өткір, ұзын мұртты болатыны; мөңкенің тұқы тұқымдас, негізінен тұщы суда өсетін балық екендігі, оның екі негізгі түрі (сарғыш және бозша немесе күміс мөңке) болатыны, бозша мөңкенің Сыр өзенінде, Аралда кездесетіні, сарғыш мөңкенің таяз суларда тіршілік ететіні, көбінесе жасанды тоғандарда өсірілетіні; қылыш балықтың жылтыр майда қабыршақты, бауыры ақшыл, жоны қоңыр, ұзындығы 20-60 см, салмағы 250-300 грамнан 1 килограмға жететін кішкене балық екендігі балық екендігі, Қазақстанда көбінесе Арал, Каспий теңіздерінде, Сырдарияда болатындығы сөз болады.

Аталған деректердің барлығы болмаса да, көпшілігі жалпылама қолданымға арналып жасалған түсіндірме сөздіктерінде ескертуді қажет ететіндігі анық.

Қазақ тілі түсіндірме сөздіктерінде, сондай-ақ, тұқы, алабұға, ақмарқа, бекіре тәрізді тұқымдастар туралы, оларға қандай балық топтары мен түрлерінің кіретіндігі туралы топтама деректер келтірілмейді. Олардың да қажеттілігі дау тудырмайды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР




  1. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Екі томдық.Алматы, 1959-61.

  2. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Он томдық. Алматы, 1974-86.

  3. Айтазин Қ. Кәсіби лексика мәселелері. Алматы, 2000.

  4. Куленов К., Куленова С. Балық шаруашылыңғының орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы, 1980., т.б.

Резюме


В статье рассматривается названия рыб в толковых словарях для использования в данной отрасли.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет