Балқаш ойысындағы рай көлінің емдік-сауықтыру туризмін дамытудағы алатын орыны



Дата16.04.2017
өлшемі158.63 Kb.
#8489

БАЛҚАШ ОЙЫСЫНДАҒЫ РАЙ КӨЛІНІҢ ЕМДІК-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІН ДАМЫТУДАҒЫ АЛАТЫН ОРЫНЫ



Төлегенов Ж.К.

А.Байтұрсынов атындағы орте мектебінің директоры. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті дайындайтын 5В011600 –«Гегорафия» мамандығының 2 курс 231 топ студенті

Кәрімжан Ә.Т

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті дайындайтын 5В011600 –«Гегорафия» мамандығының 5 курс студенті
Ғылыми жетекші: Тоқпанов Е. А.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, жаратылыстану пәндері кафедрасының доценті г.ғ.к. Талдықорған қаласы tokpanov1960@mail.ru

Ғылыми зерттеулер мен ғылыми жобаларда аридті климат жағдайында Рай көлінің суы мен емдік балшықтарының түзілу жолдары мен қоректену режимін оқып-үйрену, сонымен қатар, емдік-сауықтыру туризмі мен демалысты дамыту мақсатта пайдалануды көздейтін бағалау мәселелері әлі де толық зерттелмеген.

Рай көлі суының құрамында алуан түрлі микроэлементтердің кездесуі, тұздылығының біршама жоғары болуы бальнеологиялық қасиеттерін мен емдік мақсатта пайдалануға жарамдылығын анықтау мәселелерін зерттеуге мүмкіндік береді. Зерттеу барысында көл суының физикалық-химиялық және органолептикалық (түсіз, иісіз, консистенциясы, құрылымы) құрамы анықталды. Зертханалық талдау нәтижелері көл суы мен пелойдтардың құрамында детергенттер, ауыр металлдар сыяқты ластаушы заттар болғанымен олар белгіленген шектен аспайтынын көрсетті. Сол көрсеткіштері бойынша балшық түзілетін су қоймасының жағдайын экологиялық таза деп сипаттауға болады. Осыған орай Рай көлінің суын емдік-сауықтыру туризмін дамытудағы маңызын зерттеу өзекті мәселенің бірі болып табылады.



Материалдар мен зерттеу әдістері

2010-2012 жылдар аралығында Ақсу өзенінің төменгі ағысында орналасқан Рай көлінің батыс және шығыс бөлігінен жағалаудан 3 метр қашықтықта бір-бірінен 80 метр қашықтықта орналасқан 8 қосыннан әр түрлі тереңдіктен суыны 12, құрғап қалған сордағы тұздың 6 сынамасы алынды. Талдау жұмыстары «Жер туралы ғылымдар, металлургия және кен байыту орталығы» акционерлік қоғамының Ұлттық ғылыми зертханасында жүргізілді. Сынамалардың талдамаларын алу үшін 180-50 үлгілі «Хитачи» атомдық-абсорбциялық спектрометр (Жапония); PFP7- жалынды фотометр (Ұлыбритания), жеке байланысты плазмасы бар Optima 2000 DV оптикалық эмиссионды спектрометр (АҚШ ) қолданылды.



Нәтижелер мен талқылаулар

Алматы облысы аумағындағы суының құрамында адам ағзасына пайдалы әсері бар алуан түрлі химиялық элементтерге бай, әрі қасиеттері теңіз суына жақын болғандықтан Рай көлі толассотерапиямен шұғылдануға мүмкіндік береді. Біз жүргізген ізденіс жұмыстары аталған көлдің минералдық және химиялық құрамының қалыптасуына саяздығы мен тұйықтығы, жазда буланудың қарқынды жүруі күшті әсер ететінін көрсетті. Осыған орай 2010 және 2012 жылдар аралығында Рай көлінде емдік-сауықтыру туризмі мен демалысты дамыту мүмкіндіктерін анықтауды көздейтін екі экспедициялық жорық ұйымдастырылып суының, пелойдтар мен тұздардың сынамалары алынды Зертханалық талдау нәтижелері көл суы мен пелойдтар құрамы жағынан сульфатты-хлорлы-натрилі сулардың қатарына жататынын көрсетті [1; 2]. Экспедициялық зерттеу барысында алынған су сынамаларының

физикалық-химиялық және бальнеологиялық қасиеттерін анықтау үшін «Жер туралы ғылымдар, металлургия және байыту орталығы» акционерлік қоғамының Ұлттық ғылыми зертханасында спектралік талдау жүргізілді. Зертханалық зерттеу барысында спектрлік талдауға камералық өңдеу жүргізілді. Рай көлінің суы мен емдік балшықтың өлшемдері ҚР Өкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысының санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкес келеді және емдік-сауықтыру мақсатында пайдалануға жарамды. Райдың суы мен табанындағы тұнбаларына жүргізілген спектрлік талдау қорытындыларына сәйкес 1 литр суда 43-44‰ дейін еріген минералды заттар болатын тұзды көлдердің тобына жататынын көрсетті [3]. Көл суының минералдануына жерасты еспе суралымен қоректенуі де ықпал етеді.

2010-2012 жылдар аралығында алынған сынамаларға жасалған химиялық талдау нәтижелері суы мөлдір, рН 8,95. Құрамында сульфаттар (7,68 г/л), хлоридтер (15,778 г/л), гидрокорбонаттар (4,42 г/л) бар екенін көрсетті. Қаттылығы 115 моль болғанымен кальциден магний басым (магний 1,35 г/л, кальций 0,08 г/л ). Катиондардан натрий мен калий басым олардың мөлшері 14, 062 г/л. Жалпы минералдануы 43,376 г/л. Құрамындағы фосфаттардың, нитрадтар мен нитридтердің және амони тұздарының мөлшері концентрацияның ұлықсат етілген шегіне сәйкес келеді [1-кесте].

1- кесте. Рай көлінің суының химиялық құрамына жүргізілген спектрлік талдаудың нәтижелері


Құрамындағы химиялық элементтердің түрлері

көл суларындағы еріген миералды заттардың мөлшері мг/л есебімен

нитрадтар

0,012

Амиак

0,36

хлорид

15,78

кальций

80

Фторидтер

3,38

Магний

13,34

Нитридтер

2,1

гидрокорбонаттар

44,22

Сульфаттар

76,80

фосфаттар

0,10

Темір

0,56

Қорғасын

1-13

Кальций мен натрий

14,062

Мөлдірлігі

30

Минералдануы

43,376

«Жер туралы ғылымдар, металлургия және байыту орталығы» акционерлік қоғамының Ұлттық ғылыми зертханасында жүргізілген спектрлік талдау нәтижесіне сай Рай көлінің суы мен табанындағы тұнбалардың құрамынада Менделеев кестесіндегі 9 элемент бар. Олардың ішінде көл табанындағы тұнбаларда әсіресе мыстың (76,31 мг/кг), мырыштың (73,12 мг/кг), стронцидің (67,51 мг/кг) хромның (49,062) үлесі басым.1, 2, 3 кестенің деректеріне жасалған талдау нәтижелерінен Рай көлі суының құрамында магнидің, кальцидің, калидің, мөлшері біршама жоғары, ал, марганецтің, кобальттің, молибденнің мыс пен иодтың, фтордың, бром мен бордың мөлшері біршама аз екенін, байқауға болады [3 және 4-кестелер]. Кестедегі деректерге жасалған талдаулар мен ғылыми жазба деректерге сәйкес натрий тұздың мөлшері көп болғандықтан фтордың, иодтың, сульфаттың сонымен қатар емдік маңызы металдардың концентрациясының арататыны айқын байқалады.

3-кесте Рай көлінің шығыс бөлігіндегі судың химиялық құрамына жасалған спектрлік талдаудың нәтижелері


Табылған катиондар

Табылған аниондар

құрамдас

бөліктер


мг/дм3

мг- экв дм3

мг- экв дм3/%

құрамдас

бөліктер


мг/дм3

мг- экв дм3

мг- экв дм3/%

натрий

54630,1

2375,22

98,0

карбонаттар

2640,0

88,0

3,6

калий

102,0

2,62

0,1

Гидрокарбо-

наттар


3575,7

58,6

2,4

кальций

16,0

0,80

0,0

хлоридтер

5631,2

1600,0

66,0

магний

559,4

46,00

1,9

сульфаттар

32537,0

677,43

27,9

аммоний

0,2

0,01

0,00

нитраттар

-

-

-

Темір (+2)

-

-

-

нитридтер

-

-

-

Темір (+3)

0,1

0,01

0,0

фторидтер

4,35

0,23

0,01













иодиттер

0,55

0,004

0,000













бромидтер

30,96

0,39

0,02













бор

9,00






Рай көлі суының химиялық құрамына жасалған талдау қорытындысына сүйенсек шығыс бөлігінде натридің мөлшері 0,4%; кальций 0,8 %; хлоридтер 5,2 %; артық. Ал калидің мөлшері 0,1 %; магний 0,3 %; сульфаттар 4,1 %; бромидтер 0,01 %; иодтар 0,37 % кем, темір, аммоний, бор иондарының мөлшері тең екенін көрсетті.


4-кесте. Рай көлінің батыс бөлігіндегі судың химиялық құрамына жасалған спектрлік талдаудың нәтижелері



Табылған катиондар

Табылған аниондар

құрамдас

бөліктер


мг/дм3

мг- экв дм3

мг- экв дм3/%

құрамдас

бөліктер


мг/дм3

мг- экв дм3

мг- экв дм3/%

натрий

47058,5

2046,02

97,6

карбонаттар

2652,0

88,4

4,2

калий

131,5

3,37

0,2

Гидрокарбо-

наттар


3563,5

58,4

2,8

кальций

8,0

0,40

0,0

хлоридтер

45207,7

1275,0

60,8

магний

554,5

45,60

2,2

сульфаттар

32318,8

672,89

32,1

аммоний

0,2

0,01

0,00

нитраттар

-

-

-

Темір (+2)

-

-

-

нитридтер

-

-

-

Темір (+3)

0,1

0,01

0,0

фторидтер

4,06

0,21

0,01













иодиттер

1,47

0,012

0,001













бромидтер

39,53

0,49

0,02













бор

9,00







.Рай көлінің батыс және шығыс бөліктері суының химмиялық құрамына жасалған спектрлік талдауды бір–бірімен салыстырсақ бір шама айырмашылықтың бар екені айқын байқалады. Оны 5 кестенің деректерінен

айқын байқауға болады [5-кесте].


5-кесте.Рай көлінің шығыс және батыс бөліктеріндегі химиялық элементтердің үлес салмағы



Табылған катиондардың үлесі % ес-н

Табылған аниондардың үлесі % есебі-н

құрамдас

бөліктер


шығыс

бөлігі


батыс

бөлігі


айырмасы %

құрамдас

бөліктер


шығыс

бөлігі


батыс

бөлігі


айырмасы %


натрий

98,0

97,6

0,4

карбонаттар

3,6

4,2

0,6

калий

0,1

0,2

0,1

Гидрокарбо-

наттар


2,4

2,8

0,4

кальций

0,0

0,0

0,0

хлоридтер

66,0

60,8

5,2

магний

1,9

2,2

0,3

сульфаттар

27,9

32,1

4,1

аммоний

0,2

0,01

0,00

нитраттар

-

-

-

Темір (+2)

-

-

-

нитридтер

-

-

-

Темір (+3)

0,1

0,01

0,0

фторидтер

0,01

0,01

0,01













иодиттер

0,004

0,001

0,003













бромидтер

0,39

0,02

0,37













бор

9,00







4-кестенің деректеріне сүйенсек Рай көлінің шығыс бөлігіндегі судың рН 8,95, мг/дм3 есбімен алғандағы жалпы минералдану дәрежесі 1508,38; мг/дм3 есбімен алғандағы- ½ НСО3 минералдану дәрежесі 1490, 50; мг/дм3 есбімен алғандағы су құрамындағы құрғақ заттар 1486,96; мг- экв дм3 есбімен алғандағы көл суының жалпы қаттылығы 46,00; мг/дм3 есбімен алғандағы пергаменттік тотығуы –



рН 8,95

5- кестенің деректеріне сүйенсек Рай көлінің батыс бөлігіндегі судың рН 8,95 мг/дм3 есбімен алғандағы минералдану дәрежесі 1315,52; мг/дм3 есбімен алғандағы- ½ НСО3 минералдану дәрежесі 1297,70; мг/дм3 есбімен алғандағы су құрамындағы құрғақ заттар 1233,24; мг- экв дм3 есбімен алғандағы көл суының жалпы қаттылығы 46,00; мг/дм3 есбімен алғандағы пергаменттік тотығуы –



рН 8,95

Көл суындағы адам ағзасының жұмысын, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігін реттеуде ерекше орын алатын емдік-сауықтыру туризмін дамытуға мүмкіндік беретін микроэлементтер мен судың химиялық құрамының арасында тығыз байланыс бар. Қоршаған ортадағы микроэлементтердің шоғыры мен тірі ағзалардың өсіп дамуының арасында тәуелділік бар. Олардың жетіспеуі мен артық болуы өсімдіктердің ауруына әкеп соқтырады. Өсімдік өнімінің құрамында микроэлементтердің мөлшерінің жетіспеуі мен олардың судың құрамындағы мөлшерінің ауытқуы жануарлар мен адам өміріне өз әсерін тигізеді [4].

2, 3, 4, 5 кестелердің деректеріне жасалған талдаулар Рай көлі суының құрамында магнидің, кальцидің, калидің, мөлшері біршама жоғары, ал, марганецтің, кобальттің, молибденнің мыс пен иодтың, фтордың, бром мен бордың мөлшері біршама аз екенін, байқауға болады. Кестедегі деректерге жасалған талдаулар мен ғылыми жазба деректерге сәйкес натрий тұздың мөлшері көп болғандықтан фордың, иодтың, сульфаттың сонымен қатар емдік маңызды металдардың концентрациясының арататыны айқын байқалады.

Көл табанында шөккен тұнбалардың құрамына жасалған талдауларға сәйкес Сu мөлшері 4,6 мг/кг; Ni 11,3 мг/кг; Pb 3,036 мг/кг; Cd 0,04 мг/кг; Mn15,98 мг/кг; Аs 8,12 мг/кг; Zn 9,7 мг/кг; Cr 0,02 мг/кг. Зертханалық талдау қорытындыларына сай тұнбалар мен тұз құрамында 11 металл басқада химиялық қосылыстар бар екенін көрсетті. Олар емделуге келген сырқаттардың жанына дауа болатынын көрсетеді. Рай көлінің тұнбасының құрамындағы күкірт пен магнидің абсорбенттік қасиеті буындағы тұз бен сарысуды сорып алуға мүмкіндік береді[3].

2, 3, 4, 5 кестелердің дерктеріне сәйкес Рай көлінің суы химиялық құрамына қарай хлорлы-натрилі суға жатады. Минералдануы 2-ден 35-40 г/л және одан да жоғары болады. Ғылыми әдебиеттердегі деректерге сәйкес Рай көлінің хлорлы-натриилі суларын қауыздар қабылдауға, тамақты шаюға жиы қолданылады. Негізінен жүйке аурулары, буынға сарысу, тұз байлану, тыныс-алу жүйесі, асқазан, ас қорыту мүшелерін емдеуге қолданылады [4].

Ғылыми деректерге сүйенсек су құрамындағы йод пен бром асқазанды тазалау, компресс жасаса сонымен қатар жүйке жүйесі, жүрек-қан тамырлар жүйесі, зат алмасудың бұзылуы, қалқанша без аурулары, тері аурулары, гинекологиялық ауруларды емдеуде маңызы зор.



Қорытындылар

Рай көлінің зерттелген суының физикалық-химиялық көрсеткіштері сульфидті-тұнбалы балшықтардың нормативтеріне сәйкес келеді және хлорлы-натриилі суларын топқа (8,95) жатады.

Алынған нәтижелер зерттелген сынама үлгісінің физикалық-химиялық қасиеттері шипажайлар мен физиоемдеуде қолданылатын емдік балшықтардың нормативті көрсеткіштеріне сәйкес келеді. Рай көлінің табанына шөккен емдік балшықтың химиялық құрамында магний, кальций, натрий, мыс, хром марганец иондарының және сульфаттың үлестері басым. Зерттеу нәтижелері бойынша ұсынылған үлгінің су мен тұнбалардың сапасын бағалауға қойылатын талаптарға сәйкес келетінін және емдік мақсатқа пайдалануға болатынын көрсетті.

ӘДЕБИЕТТЕР




  1. Филонец П.П., Омаров Т.Р. Содержание микроэлементов в поверхностных водах Талды-Курганской и Алма-Атинской областей.-Алма-Ата, «Наука» КазССР, 1970.

2. Холенок В.Ф. Природные и лечебные богатства Казахстана.- Алма-Ата: Ғылым, 1982.-С. 33-67.

3. Кусков А.С., Голубева В.Л., Одинцова Т.Н. Рекреационная география.-М.: Филита, 2005. – 460с.



4. Кусков А.С. Курортология и оздоровительный туризм / А.С.Кусков, Лысикова О.В. - Ростов н/Д: Феникс, 2004. – 317 с
Каталог: uploads -> files -> 2016-04
2016-04 -> ТалдықОРҒан қаласы бойынша жартылай дайын ет өнімдерінің сапасын анықтау
2016-04 -> ТҰТЫҚпаны түзету әдістері ерғалиева Гүлім Бексұлтанқызы
2016-04 -> Азаматтық ҚҰҚЫҚ Қатынастардағы заңды тұЛҒалар түсінігі имангалиев Самат Сайлаубекович
2016-04 -> РӨлдік ұстанымдардағы бейвербалды қарым қатынастың ерекшеліктері г.Ү. Түйебаева
2016-04 -> Символдың табиғаты ашимова Малика Гениевна
2016-04 -> Желтоқсан оқИҒасына қатысқан жастардың ерлік мұрасы арқылы жасөспірімдерге патриоттық ТӘрбие беру боранбай Қуат
2016-04 -> Стресске төзімділік психологиялық саулықТЫҢ кепілі б. Е. Күребай
2016-04 -> Тері ауруларына қолданатын негізгі дәрілік өсімдіктердің ТҮр ерекшеліктерін, химиялық ҚҰрамын зерттеу. Б. Б. Мұхамедярова
2016-04 -> Исследование степени загрязнения тяжелыми металлами поверхностных вод, почвы в районе расположения озера алаколь


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет