БАЛАНЫҢ ӨЗІНДІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ, ОНЫ ҚАЛАЙ
ҚАЛЫПТАСТЫРУЫМЫЗ КЕРЕК?
Психологтардың деректеріне сүйенсек, бала бойындағы ызақорлық, ашушаңдық, қобалжу, күйзелістер көбінесе, өзін-өзі шектен тыс төмен бағалаудан туындайды екен. Кез келген қиындық пен кедергілер бала үшін сынаққа айналады. Өзін-езі бағалау баланың өзіндік құндылықтары туралы жеке пікірі. Ең бастысы баланың өзіндік "МЕНІ" дұрыс қалыптасуында. Өзіндік "МЕНІ" жоғары бала әр қадамын сенімді басады, іс-әрекетіне көңілі толады, өзін айналасындағаларға қажетті сезінеді. Бала өзіне-өзі сенімді болғаннан кейін барлық іс-әрекетін ойлы түрде жүйелейтін болады, жеке шешім қабылдай алады, қиындықтардан өзі жол табуға тырысады, кейде тіпті жасқанбай-ақ айналысында
ғылардан көмек сұрайтын болады. Бала ең бірінші, өзін бағалай білуі керек, сонда ғана өзгелерді бағалап үйренеді. Өзіңді бағалау- өзгені бағалаудың алтын өзегі.
Тіршіліктегі баға жетпейтін бақыттың бірі - баланың дүниеге келуі. Пәк нәресте жарық дүниеге есігін ашқаннан -ақ, махаббаттың аясында болуы керек, Туғанда жылылык көрмеген бала тас бауыр болып өседі. Ұмытпаңыз, ,балаңың санасы жетіліп, мектепке барғанға дейін өзін-езі бағалауы көбінесе, үйдегілердің оған берген бағасының негізінде болады. Өзін-өзі бағалауы негізінен мектепте оқу кезінде басталады. Бала табиғаты - тылсым табиғат. Кейде тіпті тіктеп қараған көзқарасың, қимылыңыз, дауыс ырғағыңыз да балаға айтарлықтай әсер етіп жатады. Бала осы әрекеттер арқылы өзін-өзі бағалап та жатады. Ересектер баланы жақсы көрсе, ол әрбір әрекетінен сезіліп тұратындай болса, бала соған неғұрлым, сенетін болады, айтқандарын қабылдайды, кеңестеріне құлақ асады, ішкі толқыныстарымен бөліседі. Ата-аналарының махаббатына бөленіп, жан жылуын сезінбеген бала мектепке өте ауыр бейімделеді, өз-өзіне сенбейді, өзге балалардан жасқанып тұрады. Ересектердің айтқандарын тек қорыққанынан ғана орындайды. Қиындыққа тап болған жағдайда өз-өзін жинақтай алмайды. Ересектерден қорқатын бала өз-өзімен бола алмайды, өзін қорғай да алмайды. Сондықтан да құрметті ата-ана балаңызды бағалай біліңіз. Балаңыздың үнемі бала күткен межеден шықпауы, тіпті оның коршаған ортасындағы орнына да айтарлықтай әсерін тигізеді. Балаңызды жасқап отыру арқылы сіз оны өз құрбы-қатарларының алдында да өзін төмен сезінуіне жол бересіз. Кішкентай кезінде бала өте елгезек болады. Айналасындағылардың айтқандарына құлақ асады, адамдарға жаны ашығыш келеді.
Балаңыз табиғатынан әлсіз, жасқаншақ болса, міндетті түрде оны өз күшіне сендіріп үйретіңіз, бала өз жетістіктерін көріп үйренсін.
Жұпар Хамитқызы Байболова,
Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары.
Достарыңызбен бөлісу: |