Балаларға арналған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы. Топ: Естияр тобы Білім беру саласы: «Таным» Бөлім: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы: «Заттар тобын салыстыру»



Дата05.04.2018
өлшемі34.45 Kb.
Балаларға арналған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Топ: Естияр тобы

Білім беру саласы:_ «Таным»

Бөлім: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: « Заттар тобын салыстыру»

Мақсаты: Заттар тобын салыстыру теңдігімен теңсіздігін орнатуға үйретуді жалғастыру.

Міндеттері: 1.білімділік: салыстыру туралы түсінік

2.дамытушылық: _ Логикалығ дағдыларын дамыту;


3.тәрбиелік:-_ Алғырлыққа, тапқырлыққа және дұрыс есептеуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс : Заттарды сипаттау туралы түсінік
Қажетті көрнекілік: Сиқырлы қалташа,карточкалар,геометриялық пішіндер, Цифрлар,алуан түрлі суреттер.

Әрекеттердің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Шаттық шеңбер:

Қолды көкке созайық,

Азайтайық, қосайық.

Сан есептің сарайын,

Кәне бірге ашайық.

Балалар қимылмен орындайды,



Ұйымдастырушылық

ізденістік

-Балалар бізге Дымбілмес келіпқапты, қолында сиқырлы қалташасы бар екен.



Ендеше қазір біз сиқырлы қалтаны ашып көреміз.

  • Жасұлан келе ғой, енді сен көзіңді жұмып сиқырлы қалтадан қолыңа түскен заттың не екенін қолыңмен сипап біліп бізге айтасың. Сиқырлы қалтадағы қалған геометриялық пішіндерді басқа балалар да алады да, бір қатарға орналастырады. Ал енді балалар, біз геометриялық пішіндерді санап шығайық.

Балалар біз геометриялық пішіндерді қалай санадық?

Енді қалай санауға болады?

1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау.

Енді мына геометриялық пішіндерден не құруға болады?



Ойын «Пішінді салыстыр»

Шарты: Үлкен тіктөрбұрыш пішінге, кішкентай тіктөртбұрышты салыстырады

4.Сергіту сәті:

Ал ,балалар тұрайық

Алақанды ұрайық

Оңға қарай бұрылып

Солға қарай бұрылып

Бір отырып ,бір тұрып

Бой сергітіп алайық.

Д/ойын: Шеңберге ұқсас заттарды білесіңдер ме?

Біздің тобымыздың ішінде шеңберге ұқсас заттарды атаңдар.

Шеңбердің бұрышы барма?

Ендеше балалар орнымызға отырып, достарымызға шеңберді қалай сызу керектігін көрсетейік. Бізге шеңберді сызу үшін көмекке қалам келіпті:

Қаламды қайсы қолға ұстау керек?

Ал енді балалар алдарыңдағы қағазды сол қолдарыңмен басып, қағаздың сол жақ бөлігіндегі салынған затты санап, оң жақ бөлігіне сонша шеңбер саламыз. Балалардың жұмысы. Тәрбиеші қиналған балаға жеке көмек көрсетеді. Енді жанымызда отырған достарымыздың жұмысын тексеріп шығамыз.

Міне Дымбілмес енді көрдің бе, сенің сиқырлы қалташаңда не бар екендігін.

Иә балалар рахмет сендерге көмектескендеріңе, енді қайтайын, қош сау болыңдар!




Балалардың назарын қоындағы сиқырлы қалтаға аударып
Иә келеді

Балалар мұқият болып тыңдайды.


Балалар бір бірден қолдарын салып ғеометриялық пішіндерді алып шығады, қатарлап үстел үстіне қояды.

Бірден беске дейін санап шығады

Үй құрастырады, аласа , үлкен үй.


Рефлексиялық

түзетушілік

Бүгін біз не үйрендік, достарына айтып беру.

Сабақта не үйренгенін өз бетінше айту. Ерекше көзге түскен балаларды марапаттау.



Өз ойын жеткізіп айта алды.

Балалардың жауаптары.

Күтілетін нәтиже

Білу керек: Геометриялық пішіндерді дұрыс атауды

Игеру: Геометриялық пішіндердің орналасуын өз бетінше ажыратуды

Меңгеру: Геометриялық пішіндерге ұқсас заттарды дұрыс атауды
Тәрбиеші: Тургунбаева Жанар Жомартовна
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет