Балаға қамқорлық – баршаға ортақ



Дата24.10.2018
өлшемі24.8 Kb.
#92804
Балаға қамқорлық – баршаға ортақ
2011 жылғы 10 ақпан күні №45 мектеп-гимназияның акт залында кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған отырыс өтті. Оған аудан прокуроры, кіші әділет кеңесшісі И.Төлегенов, аудан әкімінің орынбасары Б.Есенбаев, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы С.Қарынбаев, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшенің қызметкерлері, мектеп инспекторы, ауыл әкімдері, учаскелік полиция қызметкерлері, мектеп директорлары, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ата-аналар комитетінің төрағалары, БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібінде аудан әкімінің орынбасары Б.Есенбаевтың кіріспе сөзінен кейін аудандық білім бөлімінің бастығы Қ.Оңғаровтың «Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылық әрекеттердің алдын алудағы жұмыстар жайлы» хабарламасы, аудандық ІІБ-нің КТІЖБ-нің бастығы Б.Абсаттаровтың «Жасөспірім және құқық бұзушылық» атты хабарламасы таңдалды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің бастығы Қ.К.Оңғаров атқарылған жұмыстарға тоқтала келіп «Жасөспірімдердің өмір қауіпсіздігі мен олардың бос уақытын ұйымдастыру, құқық бұзушылық әрекеттерінің алдын алу бағытында» білім қызметкерлері, ата-аналармен бірлесіп жұмыстарды күшейтуді және жас ұрпақтың бейбіт, жарқын болашағын қалыптастыруда кешенді жұмыстар жасап, енжарлық пен немқұрайлылықтан арылуға, өзара іс-қимылды жандандырып, нәтижелі жұмыс жасауға шақырды. Сонымен қатар білім беру ұйымдарында қылмыс пен құқық бұзушылыққа бейім балалардың есебін жүргізу, суицидтің алдын-алу бағытында жұмыстарды ұйымдастыру, жасөспірімдер арасындағы қылмыс және құқық бұзушылық жұмыстарын күшейту, «Полицияның жас көмекшілері» жасақтарының жұмыстарын және ата-аналар тәрбие жұмыстарының барысы мен нәтижесін зерттеп, бақылап және бірлесе талқылап отыру, сонымен қатар жіберілген кемшіліктердің себептерін анықтай отырып, оларды жоюдың, болдырмаудың шараларын бірлесіп жүзеге асыруға шақырды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз алған АІІБ-нің КТІЖБ-нің бастығы, полиция майоры Б.Әбсаттаров ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға толық талдау жасап өтті. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық көбінесе түнгі мезгілде бей-берекет жүру салдарынан орын алатындығы, еліктеушілік және басқа да ақпараттық факторлардың әсері де бар. Бөлімшеге қадағалау есебіне алынған жасөспірім қазіргі заң бойынша 18 жасқа дейін тұрады, яғни, қадағалап, есептен шығаруға белгілі бір уақыт аралығы берілмейді. Ал бұндай жағдайлардың келешек жасөспірімнің өміріне кері әсерін тигізетіндігін айтып, ата-аналарға осы мәселеде ерекше сақ болулары қажеттігін, түнгі мезгілде себепсіз баласының жүрмеуіне мақсатты әрі қатаң бақылау орнатуларының қажеттігін айтып өтті.

Қорытынды сөзді аудан прокуроры, кіші әділет кеңесшісі И.Төлегенов алып, жасөспірімдердің қатысуымен болған кез-келген құқықбұзушылық фактілері бойынша жауапкершілік 14 жастан басталатындығын атап өтті және бұл мәселенің аудан прокуратурасының қатаң бақылауында екендігін, алдын-алу мен жүргізіліп жатқан түзету шараларының уәкілетті органдардан сұралатындығын жеткізді.



Сөз алған №46 А.С.Пушкин атындағы орта мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы Қ.Баймағанбетов мектепте оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында пәндік үйірмелер, сыныптан тыс үйірмелер және спорттық секциялар жұмыс істейтінін және сыныптан тыс жұмыстардың дұрыс жүргізілуі қатаң ата-аналар комитеті тарапынан қадағаланып, бақылауға алынғанын жеткізді.

Жиын соңында алдағы уақытта ел болашағы – жастарымызды отбасында және қоғамда бөтен қылықтардан аулақ болып, салауатты өмiр салтын ұстанып тәрбиеленуi үшiн жүргiзiлетiн жұмыстарды назардан тыс қалдырмай, аталған сын-ескертпелер мен кемшiлiктердi жою жолында бiрлескен тиiмдi iс атқару өзектi күйiнде қалып отырғандығы айтылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет