БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ
ҚЫРЫҚ БІРІНШІ СЕССИЯ
Балалар саудасы, балалар жезөкшелігі және балалар порнографиясына қатысты бабалар құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманың 12 (1) бабына сәйкес қатысушы мемлекеттер ұсынған баяндамаларды қарау
Қорытынды ескертулер: Қазақстан
1. Комитет 2006 жылғы 11 қаңтарда болған өзінің 1084 отырысында және 2006 жылғы 27 қаңтарда болған өзінің 1120 отырысында Қазақстанның бастапқы баяндамасын қарап, мынадай қорытынды ескертулер қабылдады.
А. КІРІСПЕ
2. Комитет қатысушы мемлекеттің бастапқы баяндаманы ұсынғандығын қоштайды, бірақ алайда баяндамаларды дайындауға қатысты қабылданған жетекшілік етуші қағидаттарға сәйкес келмейтіндігіне өкінішін білдіреді. Комитет делегациямен болған конструктивтік сипатын ризалықпен атап өтеді және диалогтың тікелей жалғасы ретінде жазбаша түрде ұсынылған қосымша ақпаратты қанағаттанлықпен назарына алады.
3. Комитет берілген қорытынды ескертулерді CRC/C/15/Add.213 құжатында қамтылған 2003 жылғы 6 маусымдағы қатысушы мемлекеттің бастапқы бандамасы бойынша қабылданған оның алдында берілген қорытынды ережелермен үйлестіре отырып қарау керектігін қатысушы мемлекеттің есіне салады.
В. ТЕРІС АСПЕКТІЛЕР
4. Комитет қанағаттанарлықпен мыналарды атап өтеді:
а) 2004 жылғы 29 ақпанда Балалар саудасына қарсы күрес жөніндегі ұлттық жоспарды және кейінгі 2006-2008 жылдарға арналған жоспарды қабылдау;
b) балалар саудасына қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру;
с) ішкі заңнамалық актілердің үстінен факультативтік хаттаманы тікелей қолдану және басымдығы.
С. АЛАҢДАУШЫЛЫҚ ТУДЫРАТЫН НЕГІЗГІ ПРОБЛЕМАЛАР ЖӘНЕ ҰСЫНЫМДАР
С.1. ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ЖАЛПЫ ІС ШАРАЛАР
Хаттаманың жүзеге асырылуын үйлестіру және бағалау
5. Комитет Факультативтік хаттаманы жүзеге асыруға қатысы бар түрлі министрліктер мен үкіметтік органдар туралы ұсынылған ақпаратты назарға алады, бірақ бұрынғысынша Факультативтік хаттамамен көзделген құқықтарды қорғау мақсатында орталықта да, жергілікті жерлерде де бәрін қамтитын сектораралық саясатты жүргізуді қамтамасыз етуге бағытталған осы органдардың қызметінің жеткіліксіз үйлестірілуіне байланысты алаңдаушылық білдіреді. Комитет Хаттаманы жүзеге асыруды мезгіл мезгіл бағалау тетіктерінің жоқтығына байланысты да өкінішін білдіреді.
6. Комитет қатысушы мемлекетке орталықта да, жергілікті жерлерде де Факультативтік хаттамамен қамтылған салаларда қызметті үйлестіруді және Хаттаманы жүзеге асыруды мерзімдік бағалау тетіктерін құруды ұсынады.
Конвенция туралы ақпаратты тарату және үйрету
7. Комитет Хаттамамен реттелетін мәселелер бойынша тиісті кәсіптік топтар мен қоғамдастықтың ақпараттандырылу деңгейін арттыру бойынша күш-жігер бұрынғысынша жеткіліксіз болып қала беретіндігіне алаңдаушылық білдіреді.
8. Комитет Конвенция туралы жұртшылықтың хабардар болуын арттыру мақсатында нақты бағытталған және тиімді науқандардың өткізілуіне жеткілікті және пәрменді ресурстар бөлуді және Факультативтік протоколды жүзеге асыруға қатысы бар құқық қорғау органдарының қызметкерлері, прокурорлар, судьялар, медицина қызметкерлері және басқа да мамандарды қоса алғанда, кәсіби топтардың барлығына сәйкес келетін курстар мен оқу материалдарын әзірлеуді ұсынады. Сонымен бірге Комитет қатысушы мемлекетке Факультативтік хаттаманың ережелерімен жұртшылықтың, әсіресе балалардың, кең түрде танысуы үшін шаралар қабылдауды ұсынады, атап айтқанда мектептегі оқу бағдарламалары арқылы.
Кемсітпеу
9. Комитет адам саудасының немесе жезөкшеліктің құрбаны болып, АИТВ жұқтыру салдарынан ЖИТСпен ауырған балалардың стигматизациясына алаңдаулы.
10. Комитет қатысушы мемлекетке 7-тармақта айтылған бойынша балаларды кемсітудің жолын кесу мен ескерту үшін халықтың хабардар болуын арттыру мақсатында шаралар қабылдауды және заңды және басқа да кәсіби топтардың АИТВ/ЖИТСнің әсерінен есі дұрыс емес балаларға көңіл бөлуді күшейтуді және мұндай балалардың білім алу, денсаулық сақтау және басқа да әлеуметтік қызметтерге теңдей құқық алуын қамтамасыз етуін ұсынады.
Деректердің жиыны
11. Комитет жасының, жынысының белгілері бойынша және деректердің аздығынан ақпараттың жоқтығына байланысты, сондай-ақ ішкі және трансшекаралық балаларды саудалауға, балалар зинақорлығына және балалар порнографиясының таралу мәселелері бойынша зерттеулердің жоқтығына өкініш білдіреді.
12. Комитет қатысушы мемлекетке Протокол қамтыған мәселелер бойынша терең зерттеулерді өткізуді қамтамасыз етуді, сондай-ақ жүйелі жинақтау мен ақпараттық талдау, атап айтқанда жасының, жынысының белгілері бойынша және деректердің аздығына жататын сондай шамада саясатты іске асырудың бағасы үшін маңызды құралы болатындай олар қаншалықты қызмет етеді.
Бюджеттік қаржы бөлу
13. Комитет Факультативтік хаттаманы іске асыру үшін бюджеттен бөлінген қаржы туралы ақпараттың жоқтығына байланысты өкініш білдіреді.
14. Комитет қатысушы мемлекетті Факультативтік хаттаманы және балаларды саудалаумен күрес жөніндегі іс-қимылдың Ұлттық жоспарын жүзеге асыру үшін бюджеттік қаржының бөлінуі туралы толық ақпаратты ұсынуды сұрайды.
С.2 БАЛАЛАРДЫ САУДАЛАУҒА, БАЛАЛАР ПОРНОГРАФИЯСЫНА ЖӘНЕ БАЛАЛАР ЗИНАҚОРЛЫҒЫНА ТЫЙЫМ САЛУ
Қолданыстағы криминалдық немесе қылмыстық заңдар және ережелер
15. Комитет балаларды саудалау, балалар зинақорлығы және балалар порнографиясына тыйым салу жағдайлары Қазақстанның Қылмыстық кодексіне енгізілгенін құптайды. Алайда Комитет ұлттық нормативтік құқықтық базаға Хаттаманың 2 және 3-баптарында қарастырылғандардың барлық элементтері түгел енгізілмегендігіне алаңдаулы:
а) Қылмыстық кодекстің 133-бабында балаларды мәжбүрлеп жұмысқа пайдалану үшін балаларды саудалау жеткілікті дәрежеде қамтылмайды (Факультативтік хаттаманың 3-бабы) 1 а) і) тармақ );
b) Қылмыстық кодекстің 270-бабында жезөкшелікпен айналысуға тартуға қатысты осындай тартудың нақты әдістері қарастырылған, бірақ қолданылған әдіске қарамастан балаларды жезөкшелікпен айналысуға тартуға байланысты жаза көзделмеген;
c) Қылмыстық кодекстің 273-бабы балалар порнографиясын сақтауға айқын анықталған тыйым көздемеген (Факультативтік хаттаманың 3-бабы) 1 с) тармақ);
d) Факультативтік хаттама бойынша заңды тұлғалардың қылмысы үшін жауапкершілік қарастырылмаған;
e) халықаралық стандарттарды сақтау мен орталық реттеуші органды құру есебінен бала асырап алуға қатысты заң ережелерін күшейтуді қажет етеді.
16. Комитет қатысушы мемлекетке:
а) Қылмыстық кодекстің қолданыстағы қаулысын қайта қарау қажет, оны Факультативтік хаттамамен толық сәйкестікке келтіру үшін (өзгерістер енгізу немесе жаңа ережені қабылдау болса да);
b) балалар порнографиясын немесе сексуалдық қанаудың (мысалы, жезөкшелікпен айналысуға тарту) басқа да түрлерін тарату үшін интернетті қолдану мәселесін тиянақты түрде зерделеу және осындай жағдайлармен күрес жүргізу мақсатында нақты құқықтық ережелерді қарастыру, атап айтқанда осыған қатысты Интернет желісінде қызмет көрсетуді жеткізуші жағынан жан-жақты міндетті ынтымақтастыққа қатысты;
с) ратификациялау арқылы норативтік құқықтық базаны күшейту: балаларды қорғау мен халықаралық бала асырап алу мәселелеріндегі ынтымақтастық туралы №33 Гаага конвенциясы (1993 жыл); трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы Біріккен Ұлттар Ұйымының конвенциясын толықтырушы, адамдарды садалауды, әсіресе әйелдер мен балаларды, ескерту және жолын кесу туралы туралы Хаттама және ол үшін жазалау (2000 жыл); компьютерлік қылмыс туралы Еуропа кеңесінің Конвенциясы (2001 жыл); адамдарды саудалауға қарсы әрекет туралы Еуропа кеңесінің Конвенциясы (2005 жыл).
С.3. ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ
Заңдық құзыр (юрисдикция) және экстрадиция
17. Комитет шетелде жасалуы мүмкін не экстрадицияға, не қылмыстық ішкі қудалауға байланысты қос қылмыстық жауапкершілік туралы талап Факультативтік хаттаманың 1,2 және 3-баптарында аталған құқық бұзушылық үшін жазалауға кедергі келтіретіндігіне алаңдаулы.
18. Комитет қатысушы мемлекетке шетелдерде жасалған құқық бұзушылық үшін қудалауға және/немесе экстрадицияға байланысты қос қылмыстық жауапкершілік туралы талаптың күшін жою үшін өзінің заңнамасына түзетулер енгізуді ұсынады.
С.4. ЗАРДАП ШЕГУШІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ
Факультативтік хаттама бойынша тыйым салынған құқық бұзушылық нәтижесінде зардап шегуші балалардың құқығын және мүдделерін қорғау үшін қабылданған шаралар
19. Комитет Факультативтік хаттаманың 8-бабының ережелерінің қатысушы мемлекеттің тиісті заңдарымен бірлестіріліп жүйеленбеуіне алаңдаулы.
20. Комитет қатысушы мемлекетке ұлттық заңнаманы Факультативтік хаттаманың 8-бабына толық сәйкес келтіру үшін зардап шегуші балалар құқығына ерекше назар бөле отырып өз көзқарастарын ұсынуды, тұлғалардың құқық бұзушылық жасағандығы анық емес істер бойынша сот ісін жүргізудің қажеттіліктері мен проблемалары, сот ісін жүргізудің барлық кезеңдерінде тиісті қолдауларды пайдалану және өзінің жеке өмірі мен тұлғасын толық қадірлеу мен қорғауға еркі болу сияқты қажетті заңнамалық өзгерістер енгізуді ұсынады. Комитет сондай-ақ қатысушы мемлекет аталмыш қатынаста Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған қылмыстың куәгерлері мен құрбан-балалар қатысуына байланысты сот төрелігіне қатысты мәселелердегі Басты қағидаттарын басшылыққа алуды ұсынады (ЭКОСОС 2005/20 қарары).
21. Комитет балалар саудасы, балалар зинақорлығы мен балалар порнографиясының құрбан-балаларының құқығы мен мүдделерін қорғау мақсатында қабылданған заңгерлік, медициналық және психоәлеуметтік көмек көрсету сияқты арнайы шаралар туралы ақпарат жоқтығына өкініш білдіреді.
22. Комитет қатысушы мемлекетті балалар саудасы, балалар зинақорлығы мен балалар порнографиясының құрбан-балаларын қорғау үшін тиісті шаралар қабылдауды талап етеді, атап айтқанда:
-
жәбірленушінің қылмыстандырудан бас тартуы;
-
ақысыз заңгерлік көмек;
-
медициналық және психоәлеуметтік көмек;
-
телефон байланысындағы «қызу желіні» ақысыз пайдалану;
-
ашық кризистік орталықтарды құру;
-
зардап шеккен балалар үшін әлеуметтік қалпына келтіру бағдарламалары;
-
баспанаға рұқсат алу және тергеу жасаған кезде шетелдік-балалар саудасының құрбандары үшін тұруға уақытша рұқсат.
С.5. БАЛАЛАР САУДАСЫ, БАЛАЛАР ЗИНАҚОРЛЫҒЫ МЕН БАЛАЛАР ПОРНОГРАФИЯСЫН ЕСКЕРТУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР
Факультативтік хаттамада көрсетілген құқық бұзушылықты ескерту мақсатында қабылданған шаралар
23. Комитет соңғы кезде балалар саудасы мен балалар зинақорлығы оқиғаларына байланысты кінәлілерге тергеу жасау мен жауапкершілікке тарту үшін қолданған амалдар туралы мағлұматтар қабылдайды. Алайда Комитет баяғыша басталған тергеу мен қылмыстық қудалаудың саны проблеманың көлемімен салыстырғанда онша көп еместігіне алаңдаулы. Атап айтқанда, Комитет баяғыша мемлекеттік лауазымды тұлғалардың балалар саудасына қатысы туралы және қабылданған сақтық шаралардың сыбайлас жемқорлық нәтижесінде тиімділігі азаюда деген пікірге алаңдаулы.
24. Осы жағдайға байланысты сот төрелігін іске асыру сенімділігі тиімді сақтық шаралар қабылдау үшін ең маңызды мағынаға ие, Комитет қатысушы мемлекетті мемлекеттік лауазымды тұлғалардың қатысы туралы кез келген сезіктер бойынша тергеу жүргізіліп және жазалау тағайындалуын қамтамасыз етуге шақырады. Сонымен бірге Комитет қатысушы мемлекетке сақтық шараларды жүзеге асыру бойынша жергілікті билік органдары мен ҮЕҰ, сот төрелігін іске асыру үшін жауапты билік қызметінің тығыз үйлестірілуін ынталандыруды ұсынады.
25. Комитет көше балаларының, шетел азаматтарының балаларының немесе этникалық азшылыққа жататын топтың балаларының осал жағдайларына алаңдаулы.
26. Комитет қатысушы мемлекетке балалардың осал топтарының жағдайына, әсіресе қанау мен қатал қарауға душар болатындай қауіп төніп тұрғандарға ерекше көңіл бөлуді ұсынады. Осыған байланысты Комитет қатысушы мемлекетке осал балалар құқығын қорғау мақсатында, олардың білімі мен денсаулығын сақтауға ерекше көңіл бөле отырып, бағдарламаларды жүзеге асыру үшін жеткілікті түрде адами және қаржылық ресурстар бөлуді талап етеді. Балалардың өз құқықтары туралы хабардарлығын арттыруға көп көңіл бөлу қажет.
27. Комитет Ұлттық іс-әрекеттің жоспары шеңберінде, мысалы радио арқылы ақпараттылықты арттыру бойынша өткізілетін науқанның жұртшылыққа бағытталғанын және мысалы мектептерде тікелей балаларға арналғанын құптайды. Алайда Комитет арнайы бағытталған сақтық шаралары әлі де жеткіліксіз қабылдануына алаңдаулы.
28. Комитет қатысушы мемлекетке әрі қарай арнайы бағытталған сақтық шараларын қабылдауды және хабардарлықты арттыру бойынша науқан өткізуге қатысты үкіметтік емес ұйымдармен байланыста болуды ұсынады. Атап айтқанда Комитет қатысушы мемлекетке балаларды коммерциялық сексуалдық қанаудың сипаты мен көлемі туралы мәселелер бойынша зерттеу жүргізуді ұсынады, жезөкшелік пен порнографияны қоса, проблеманың себебі мен көлемін анықтау мақсатында.
С.6. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘРДЕМДЕСУ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Құқық қорғау қызметі
29. Комитет қатысушы мемлекетке халықаралық заң, құқық қорғау саласындағы және зәбірленушілерді қорғауға бағытталған ынтымақтастықты балаларды сату мен заңсыз тасымалының, балалар зинақорлығына және балалар порнографиясын ескерту мен жолын кесу мақсатында өзінің қызметін жалғастыру мен дамытуды және осыған қатысты толық ақпаратты кезекті баяндамасында беруді ұсынады.
С.7. КЕЙІНГІ ШАРАЛАР МЕН АҚПАРАТТАРДЫ ТАРАТУ
Кейінгі шаралар
30. Комитет қатысушы мемлекетке осы ұсыныстарды толық жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды, атап айтқанда тиісті министрліктер, парламент пен басқарудың провинциалды органдарына тиісінше қарау үшін және одан әрі шаралар қабылдау үшін қайта жіберуді ұсынады.
Ақпараттарды тарату
31. Комитет қатысушы мемлекет ұсынған, сондай-ақ Комитет қабылдаған тиісті ұсынымдарды (қорытынды ескерпелерді) сонымен бірге (бірақ тек қана ол емес) Интернет арқылы халықтың кең тараған топтарының арасында, азаматтық қоғамдық ұйымдарда, жастардың топтарында, кәсіби топтар мен балаларда Конвенция туралы талқылауды ынталандыру және хабардарлықтың деңгейін арттыруды, оны іске асыру мен сақтауды бақылау мақсатында баяндаманы және жазбаша жауаптарды таратуды қамтамасыз етуді ұсынады.
С.8. КЕЛЕСІ БАЯНДАМА
32. Комитет қатысушы мемлекеттен Факультативтік хаттаманың 12-бабы 2-тармағына сәйкес Факультативтік хаттаманы жүзеге асыруға қатысты, 2006 жылғы 10 қыркүйектегі Конвенцияның 44-бабына сәйкес ұсынуға жататын балалар құқығы туралы Конвенция бойынша өзінің кезекті мерзімді баяндамасына қосымша ақпарат кіргізуді сұрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |