Баймолда Д. Б 20 Еуропадағы қазақтар



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата20.07.2018
өлшемі28.72 Kb.
#79881
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ISBN 978-601-7023-96-6
©  Баймолда Д., 2015
©  Дүниежүзі қазақтары 
  қауымдастығының «Атажұрт» 
  баспа орталығы, 2015
 
Баймолда Д.
Б 20  Еуропадағы қазақтар (тарихы және бүгінгі жағдайы). 
 
Публицистикалық зерттеу/ Досан Баймолда. – 
 
Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 
 
«Атажұрт» баспа орталығы, 2015. – 192 бет
ISBN 978-601-7023-96-6
Бұл зерттеу кітапта қазақтардың Еуропа елдеріне қоныстану тарихы, 
сондағы қазақ диаспорасының қалыптасу кезеңдері және бүгінгі тұрмыс 
тіршіліктері, кездесіп отырған кейбір рухани-әлеуметтік қиындықтар 
жайы сөз болады. Кітап автордың «Азаттық» радиосында қызмет істеген 
жылдардағы жинаған мұрағат құжаттары және Еуропада тұрып жатқан 
қазақтар арасында өткізген сауалнама мен көптеген сұхбат материалдары 
негізінде жазылған. Кітап диаспора тарихына қызығушылар мен оны 
зерттеушілерге арналған.
ӘОЖ 325 (4)
КБЖ 60.54 
Б 20
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 
бағдарламасы бойынша жарық көрді
ӘОЖ 325 (4)
КБЖ 60.54

3
Алғысөз
 
Д
осан өмір көрген жігіт. Некен-саяқ жан-
дардың ғана батылы барып, қалам ізін салатын 
диаспорология тақырыбына ден қоюы 
ның 
да негізгі себебі осы, оның өмір көргендігімен аста сып 
жатыр... Балалық шағы қазақы ортада, Баян-Өлгейде 
өтті. Қаршадайынан өнер-білім, ғылым қуып, Еуропа 
елде рінде өмір сүрді. Азамат атанған шағында Моңғолия 
астанасы – Ұланбатырда қызмет атқарды. Сырғып өтіп 
жатқан уақыт көңілге қат-қат ойлар әкеліп, көкіректегі 
уайым мен алаңдаушылық қалыңдай түсті. Көңіл 
атажұртқа ауды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарының 
өзінде-ақ, тарихи Отанына көшіп келді. Мұндағы қызметі 
де көп ретте Еуропа елдерімен байланысты болды. Досан, 
ұзын-ырғасы, Еуропада өмірінің 20 жылын өткізіпті. 
Оқырман қолындағы осынау кітаптың атауына айналған 
«Еуропа қазақтары» туралы толық мағлұмат алуға, терең 
тануға жететіндей уақыт, бұл. 
 Еуропа қазақтарының арғы-бергі тарихы жөнінде ай-
тылатын әңгіме көп. Бұл жайт кешегі өткен абы зы мыз 
Халифа Алтайдың «Алтайдан ауған ел» кітабынан бастап, 
Қытай мен Моңғолиядағы қазақ жазушыларының он-
даған кітаптарына арқау болды. Шыңжаң қазақтарының 
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан, қуғын-сүргінге толы өмірін 
көрсетуге осы екі елдегі қаламы қарымды, қабырғалы қа-
зақ жазушыларының біразы еңбек арнады. Шың Шы Сай 

4
әскерінің қанды қырғынынан қашып, дүнгендердің оғы 
астында қалған, сөйтіп, күнәсіз сәбилердің өмірі қиылған 
«Алпыс бесік» оқиғасына тап келіп, зор шығынмен, 
орасан қиындықпен Тибет, Гималай асқан, Пәкістан, 
Ауғанстан, Үндістанға, одан әрі Түркияға жеткен Алтай 
қазақтарының азапты өмірі көркем әдебиетте де, деректі 
шығармаларда да жиі көрініс береді. Әрі ол оқиғалардың 
бәрі де түрлі шығармаларда бір-бірімен желілес, сабақтас 
баяндалады. Яғни, өткен ғасырдың алпысыншы жылда-
ры еңбек миграциясы арқылы Түркиядан Еуропаға қо-
ныстанған қазақтардың түп тарихы туралы бізде толық 
мағлұмат, бояуы қанық сурет бар, деуге болады. Ал, зерт-
теуші-ғалым Досан Баймолданың «Еуропа қазақтары» 
кітабы о баста Алтайдан ауған ел өмірінің жаңа кезеңін, 
кәрі құрылыққа қоныстану жағдайын жан-жақты зерттеп 
көрсетуге арналған алғашқы еңбектердің бірі болып та-
былады. 
Бұл кітап Досанның сонау 1980-2000 жылдары Еуро-
паның Польша, Чехия секілді елдерінде жоғары білім 
алып, ғылыммен және журналистік қызметтермен айна-
лысқан кезінде Еуропа қазақтары өмір сүріп жатқан қала-
ларға әдейі барып, жүргізген сұхбаттары мен жина қ таған 
мол материалдары негізінде жазылды. Әсіресе, автордың 
1996-2002 жылдары Прагада орналасқан «Азаттық» ра-
диосында қызмет етіп, сондағы қазақ редакциясының 
«Шетелдегі қазақтар» бағдарламасын жүргізген кезеңдері 
айрықша жемісті болды. Досан Еуропада қоныстанған 
қазақтармен жиі кездесіп, олар туралы хабарлар дайын-
дау ісімен тікелей айналысты. 
2013-2014 жылдары ҚР Президентінің «Болашақ» 
бағдарламасы және Германия академиясының «DAAD» 
бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт Еуропа елдерінде 
ғылыми жұмыстармен айналысқан кезінде де Досан Еу-

5
ропадағы қазақ диаспорасын зерттеу жұмысын терең-
дете түсті. Мұның бәрі бұрынғы жылдары Дүниежүзі 
қазақ тары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталы-
ғынан «Шетелдегі қазақтар» сериясымен жарық көрген 
«Моңғолиядағы қазақтар», «Қытайдағы қазақтар», «Өз-
бекстандағы қазақтар», «Ирандағы қазақтар» атты кітап-
тардың соңынан осы «Еуропадағы қазақтар» кітабының 
жазылуына себепші болды. Қазақ хандығы құрылуының 
550 жылдығы қарсаңында ұсынылып отырған «Еуропа 
қазақтары» атты бұл еңбек оқырман қауымның көңілінен 
шығады деген сенімдеміз. 
Талғат Мамашев,
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы 
Төрағасының бірінші орынбасары
 

Досан Баймолда
6
КІРІсПЕ
С
ан ғасырларға жалғасқан әр түрлі тарихи 
жағдайлардың себептерінен қазақ халқының 
үштен бірі атажұртынан сырт қалып қойды. 
Бүгінгі күні әлемнің 40-тай мемлекетінде шамамен 5 
миллион 
ға жуық қазақ өмір сүріп жатыр. Тағдыр 
дың 
тауқыметімен Қазақстаннан тысқары өмір кешіп жат-
қан қазақ ағайындарды ирреденттер және диаспора 
құраушы азаматтар деп бөліп қарауға болады. Диаспора 
(Diaspora) сөзі ескі грек тілінен аударғанда «шашырау» 
деген мән-мағына береді. Демек, туған жерінде емін-
еркін өмір сүре алмай, түрлі қудалауларға ұшырап, күш 
қолданылуы салдарынан басқа елдерге мәжбүрлі түрде 
қоныс аударуды меңзейді. Әрине, кәсіби мамандық және 
еңбек тұрғысынан да басқа елдерге қоныс аударған дарды 
осы диаспораға жатқызуға болады.
Ал, ирредент сөзі латынша Irredenta – азаттығы 
жоқ деген мән-мағына береді. Қысқасы қоғамдық-
саяси өзгерістерге байланысты шекара бөлінісі бойын-
ша өзге мемлекет иелігінде қалып қойған, бірақ та  ата-
баба ларының тарихи отаны  саналатын  аймақтарда   өмір 
сүріп тұрып жатқан азаматтар дегенді білдіреді. Олай 
болса, Қытай, Моңғолия, Ресей және Орталық Азияның 
Өзбекстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан, Түркіменстан 
елдеріндегі қазақтардың басым бөлігі ирредент 
тер 
санатына саяды. Ал, Ауғанстан, Иран, Түркия және 

Еуропадағы қазақтар 
7
Еуропа елдері секілді алыс шетелдерде тұратын қазақтар 
диаспора болып саналады. 
Қазақтардың атамекенін тастап шетелдерге қоныс 
аударуы патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясаты 
және Кеңес Одағы кезінде жүрілген солақай саясат 
(жаппай ұжымдастыру, мал-мүлкін тәркілеу, ашаршы-
лық және ұлт өкілдерін қуғындау) жылдары зардапты 
болғанын атап айтқан жөн. Ал, Қытайдағы қазақтар болса 
гоминданшыл Қытай үкіметінен қысым көргендік 
тен 
және билікке келген коммунисшіл қызыл Қытайға қар-
сы болғандықтан ел-жерін тастап Үндістанға, Түркияға 
қоныс аударуға мәжбүр жағдайға душар болды. Бүінгі 
күні Еуропада өмір сүріп жатқан қазақ диаспорасы ның 
ба 
сым көпшілігі осы Қытайдан кеткен қазақтардың 
 
ұрпақ тары  болмақ.
Еуропадағы қазақ диаспорасына келер болсақ, ол 
соншалықты үлкен емес. Еуропа тұрғындарының өздері 
қазақ диаспорасы туралы жарытып ешнәрсе білмейді 
десек те болады. Көп жағдайда Еуропа елдеріндегі қазақ 
диаспорасы неше мыңдаған немесе жүздеген қазақ 
отбасыларынан құралады. Ал олардың байланыстары 
тек өз іштерінде ағайындық, туысқандық жолмен 
жүрілетіндіктен бұл солар өмір сүріп жатқан қоғамда 
сонша маңызды топ болып есептелмейді. Бұған дейін 
Қазақстанда Еуропадағы қазақ диаспорасы туралы сирек 
айтылып келді. Тек соңғы жылдары жылына бір рет 
өтетін Еуропа қазақтарының кіші құрылтайына қатысты 
сол жиын туралы, оның мақсаты жайында Қазақстандық 
БАҚ-тарда көбірек айтылатын болды. 
Қазақ даласынан Батыс Еуропаға алғаш Алаш 
көсемдерінің бірі, ұлт қайраткері Мұстафа Шоқай өткен 
ғасырдың 1920-сыншы жылдары саяси себептермен 
бар 
ған болса, 1940-ыншы жылдары Кеңес армиясы 

Досан Баймолда
8
құра мында соғысқа қатысып, немістер қолына тұтқын 
болып түскен қазақтардың қайсы бірі Еуропада біржола 
қалуды жөн санады. Бұдан кейін қазақтар 1960-1970 
жылдары түрік жұмысшыларымен бірге Түркиядан 
жұмыс күші ретінде Батыс Еуропаға келе бастады. Сол 
кезден қазақ диаспорасының алғаш қалыптасу кезеңі 
басталды деуге болады. Бүгінде Еуропаның оншақты 
елінде өмір сүріп жатқан Қазақ диаспорасы мәдени 
және әлеуметтік жағынан алып қарағанда ынтымақтары 
жарасқан өзара тату қауым ретінде көзге түседі. Олар жыл 
сайын Еуропаның бір қаласында Еуропа қазақтарының 
кіші құрылтайын өткізуді әдетке айналдырған. Себебі 
өз араларындағы рухани байланысты күшейту арқылы 
қазақи лығын сақтау және жастарды бір-бірімен жақын-
дастыру құрылтайдың басты бір мақсаты болып табылады.
Париж, Кельн, Вена, Амстердам, Лондон, Стокгольм 
секілді Еуропаның үлкен қалаларынан келген қазақ 
жастары құрылтай кезінде бір-бірімен танысады, бәлкім, 
болашақ өмірлік серіктерін сол жолы тауып қайтады. 
Біздің есебіміз бойынша, Еуропадағы ең үлкен қазақ 
қауымы Францияда тұрады. Шамасы 400-дей отбасы. 
Ал, Германиядағы жалпы қазақ отбасының саны 260-тай. 
Өздерін қазақпыз деген әр отбасында орташа 5 адамнан 
деп есептесек, Францияда 2000-дай қазақ, Германияда 
1500-дей қазақ бар. Сан жағынан бұдан азырақ 100-500 
аралығындағы қазақтары бар елдерге Ұлыбритания, 
Швеция, Австрия, Нидерландия жатады. 
Бұл санға 1990-ыншы жылдардың басынан Қазақ-
станнан Германияға этникалық немістермен бірге 
көшкен аралас некедегі ұлты қазақ азаматтар мен азамат-
шалардың және түрлі кәсіп не оқу-білім іздеп, Еуропа 
қалаларына барып, сонда тұрып қалған қазақтардың 
кірмегенін айту керек. Себебі олардың дәл санын 
анықтау мүмкін болмады. Қазақтар көбірек тұратын әр 

Еуропадағы қазақтар 
9
қалада қазақ мәдени қоғамдары жұмыс істейді. Бұның 
бәрі орталығы Мюнхен қаласындағы Еуропа Қазақтары 
қауымдастығының федерациясы – ФEKA-ның құрамы-
на кіреді.
ФEKA – Еуропаның Австрия, Германия, Франция, 
Швеция, Нидерландия, Ұлыбритания, Дания, Норвегияда 
тұратын қазақтардың қазақ мәдени қоғамдарының ба-
сын біріктіретін негізгі орталық болып табылады. Сон-
дық тан жыл сайын болатын Еуропа қазақтарының кіші 
құрылтайын ұйымдастыру жұмысында ФEKA, Дүние-
жүзі қазақтары қауымдастығымен және қазақтар тұр-
ған сол елдегі қазақ мәдени қоғамымен және Қазақстан 
елшілігімен тығыз, бірлесіп жұмыс істейді. 
Еуропада жүрген қазақтар Еуропаға келгенге дейін аса 
қиын да, ауыр жолды бастарынан кешіпті. Бүгінгі Еуропа 
елдерінде тұрып жатқан қазақ диаспорасы мүшеле 
рі-
нің көбі өздерін кезінде коммунистік Қытайдан қашып 
Түркияға келген «Алтай қазақтарымыз» дейді. Олар дың 
көбі 1949 жылы Қытайда коммунистер билік басына 
келген кезде елін, жерін тастап, Такламакан шөлін басып, 
Гималайдың мұзды тауларын асып, Үндістанға, одан 
соң Пәкістанға өткен. Тағдыры ауыр осы көште болған  
18 мыңдай қазақтың көбі жолда шәйіт болып тек бір 
жарым мыңдайы ғана талай бейнетті бастан кешіп 1953 
жылы Түркияға келіпті. 
1960-жылдары Германия үкіметі мен Түркия үкіметі 
арасындағы түрік жұмысшыларын Германияға жұмысқа 
жіберу жөніндегі еңбек келісіміне сай Түркия азаматы 
ретінде қазақтар да түріктермен бірге алғаш 1963 жылдары 
Германияға жұмыс іздеп бара бастайды. Сол кезден Батыс 
Еуропаға қазақтардың қоныстану тарихы басталады.
Бұл тақырыпты мен сонау АҚШ-тың «Азаттық» 
радиосында қызмет еткен жылдары (1996-2008 ж.ж.) 

Досан Баймолда
10
«Шетелдегі қазақтар» айдарымен әр апта сайын бағдар-
ламалар дайындаған кезімнен қызықтап зерттей бастаған 
едім. 2014 жылы Қазақстан Президентінің халық аралық 
«Болашақ» бағдарламасының стипендиаты ретінде 
бір жыл Польша елінің Познань қаласындағы Адам 
Мицкиевич университетінде және 2015 жылы Германия-
ның ғылым саласындағы халықаралық «DAAD» бағдар-
ламасы бойынша Берлин қаласындағы Гумбольдт уни-
верситетінде 3 ай ғылыми тағылымдамалардан өткен 
кезімде Еуропаның Берлин, Гамбург, Кельн, Мюнхен, 
Амстердам, Стокгольм, Весторос, Париж, Вена секілді 
бірқатар қалаларына әдейі барып сондағы қазақтармен 
кездесіп, Еуропадағы қазақтардың әлеуметтік жағдай-
ларына қатысты сауалнамалар өткізіп, көптеген сұхбат-
әңгімелер жасаған едім. Бұл зерттеу кітабым соның нәти-
жесінде оқырман қолына жолдама алып отыр.

Еуропадағы қазақтар 
11
Бірінші бөлім.
ЕуРоПАдА қАзАқ диАсПоРАсының 
қАлыПтАсу тАРихы 
 
Еуропаға шапқыншылық жасаған  
көшпенділер кімдер?
Т
арих шежірелеріне үңілсек, Еуропаға қазіргі 
қазақтардың ата-бабалары (бүгінгі қазақ халқын 
құрайтын керейлер, наймандар, меркіттер, 
қоңырат, жалайыр, арғын, алшын тағы басқалар) осыдан 8 
ғасырдай уақыт бұрын (1240-1242 ж.ж.) Шыңғыс ханның 
сарбаздары ретінде Еуропаға жасаған шапқыншылық 
кезінде келген. Тарихшылардың айтуы бойынша, Днепр 
мен Еділ өзенінің арасындағы Алтын орда мемлекетін 
басқарған Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының баласы 
Бату ханның әскерилері Еуропа жеріне бірнеше рет әскери 
жорық жасаған. Сол жорықтардың ең есте қалатыны, 
1241 жылы сәуірдің 9-ы күні Польша мен Германияның 
шекарасындағы Легница маңайында Польша королі 
Генрих II Побожный басқарған 20 мыңдық әскерилерден 
құралған Пруссия мен Польшаның біріккен армиясын 
Бату ханның ағасы Орда Еженнің бір түмен әсерилері 
ойсырата жеңгені мәлім. Бұл жеңіліс олардың тарихында 
қара әріппен жазылып қалды. Ал, осы кезде Алтын орда 
сарбаздарының Бату ханның өзі басқарған негізгі бөлігі 

Досан Баймолда
12
Чехияны жартылай, Венгрияны тұтастай иеленіп, Адриат 
теңізіне дейін барғаны тарихтан мәлім. Алайда Азиялық 
көшпенділер тарапынан жасалған бұл шапқыншылық 
Еуропаны басып алу, бағындыру мақсатында болған 
әскери жорықтар еді. Еуропа жұртшылығын қатты 
шошындырған осы моңғол-татар шапқыншылығынан 
кейін еуропалықтар Ұлы Даладан келген бұл шақырусыз 
қонақтар туралы зерттей бастады. Ұлы далада мекен ететін 
көшпенділер туралы, олардың салт-дәстүрі, діні, әдет-
ғұрып ерекшеліктері жайында еуропа жұртшылығына 
алғаш Ватикан елшілері Карпини мен Бенедикт Полак 
таныстырған еді. 1245-1247 жылдары олардың қазақ 
даласына жасаған саяхаты жайында ұлты поляк, тақуа 
Бенедиктінің «Қазақ даласы арқылы Еуропадан Азияға 
дейін» кітабынан оқуға болады. Бұл кітап бүгінгі күні 
Париж және Вена қалаларындағы ұлттық кітапхана ларда 
жақсы сақталған. 
Бұдан кейін қазақтар 1812 жылғы Наполеон соғысы 
кезінде Орыс армиясының құрамында соғысқа қатысып
Еуропа жеріне келген. Тарихи деректер сол кезде 
Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бір бөлігі – Орынбор 
губерниясында 40-тай атты әскер полкінің құрыл-
ғанын айтады. Қазақ сарбаздары Ресей үшін қанды 
майданда бастарын бәйгеге тігіп, Орыс шекарасынан 
Франция жеріне дейін барып соғысты. Соғыста ерлік 
көрсеткен қазақ әсерилері Парижде өткен жеңіс шеруіне 
қатысқандығы тарихтан мәлім. 1812 жылғы соғыс кезінде 
Орынбор, башқұрт, татар полктарының көзсіз ерлігіне 
қайран қалған француз армиясының полковнигі Роберт 
әріптесіне былай деп жазыпты: «Орыстар бізге қарсы 
моңғол-татар ордаларын айдап салды. Бүкіл дәуір бізге 
тап бергендей болды. Тері жамылған бұл адамдар қорқу 
мен үркудің не екенін білмейді екен. Соғысу әдістері 

Еуропадағы қазақтар 
13
де қызық. Үрейіңді ұшыратын ұранмен айғай салып, 
топталып келіп тиеді. Зеңбіректің ядросы қынадай қырып 
жатса да, қарамайды ғой. Айтсам, таңғаласың. Олар 
садақ-жебемен ғана қаруланған. Бірақ сонысымен-ақ 
біздің канонирлерді баудай түсірді. Мұндай экзотикалық 
жауынгерлерді бұған дейін көрмеген біздің солдаттар 
олардың ұрандатқан дауысын ести сала, алды-артына 
қарамай ұрыс даласынан жаппай қашып жатыр. Адам 
сенетін нәрсе емес. Шыңғыс ханның ордалары қайта 
тіріліп келіп, бізге тұтқиылдан тиіп жатқан сияқты...» 
Соғыстан кейінгі бейбіт жылдары Еуропа төрінде 
қазақтың атын әлемге танытқан тұңғыш қазақ палуаны 
Қажымұқан Мұңайтпасов та талай күш иелерімен 
белдесіп чемпион атанды. Қажымұқан атамыз 1909-1910 
жылдары Еуропаның Берлин, Кельн, Гетеборг және Рига 
қалаларында өткен біріншіліктерде дүниежүзінің 3 мәрте 
чемпионы болған. Яғни сол кезде бүкіл Еуропаға қазақ 
атын алғаш шығарған бұл Қажымұқан атамыз болмақ.
Еуропаға қазақ диаспорасы өкілдерінің  
алғаш келуі және орналасуы  
(1921-1930)
Еуропаға тұрақты тұрып, өмір сүру үшін келген 
алғашқы қазақ бұл большевиктік қызыл саясатқа қарсы 
күрескені үшін туған елін- жерін тастап кетуге мәжбүр 
болған ұлт көсемдерінің бірі, Қоқан аутономиялық 
республикасының басшысы болған Мұстафа Шоқай 
еді. Ол Франция астанасы Парижде 1921-1941 жылдары 
әйелі Мария Шоқаймен бірге саяси эмигрант ретінде 
өмір сүріп тұрды. М.Шоқай 1941 жылдың соңына дейін 
Франция астанасында 20 жылдай өмір сүрген алғашқы 

Досан Баймолда
14
қазақ. М.Шоқай большевиктік Ресей билігінің кіші 
ұлттарға қарсы жүргізіп жатқан шовинистік үстемшіл 
саясатын қатаң сынға алған көптеген мақалаларын Батыс 
Еуропа баспасөзінде жариялап отырды. Сонымен бірге 
ол Парижде «Яш Түркістан» журналын шығарып тұрды. 
Ол 1941 жылы күзде Польшадағы Түркістан легиондарын 
аралап, сондағы қазақ, қырғыз, өзбек, түркімен ұлтынан 
құрылған соғыс тұтқындарының жағдайымен танысып, 
қайтар жолда кенет ауырып, 1941 жылы 12-айдың 28-і 
күні Берлинде қайтыс болды. Ол Берлин қаласындағы 
түрік зиратына жерленді. М.Шоқай «Францияны – 
екінші отаным, ал француздарды – екінші халқым» дегені 
бар. Франциядағы «М.Шоқай француз-қазақ достық» 
қоғамының араласуымен Шоқайдың 120 жылдығына 
орай өзі мекендеген Париждің Ножан Сүр Марне ауданы 
аумағында Мұстафа Шоқай мүсіні сомдалған ескерткіш 
қойылды. Мұстафа Шоқайдан соң, Кеңес елінен Еуропа 
топырағын басқан қазақ, ол – атақты әнші, сазгер Әміре 
Қашаубаев. Ол 1925 жылы Парижде өткен Дүниежүзілік 
сән өнері көрмесінің этнографиялық концертінде 
«Қараторғай» әнін әуелетіп, Париж жұртшылығын 
тамсандырған еді.
Ал, қазақ даласында туған тағы бір алашшыл азамат 
Ғазымбек Бірімжанов 1922 жылы күзде ортаазиялық бір 
топ жастармен бірге Германияға алғаш оқуға барған қазақ 
жастарының бірі болмақ. 

Еуропадағы қазақтар 
15
Қазақ диаспорасы қалыптасуының  
алғашқы кезеңі 
(1941-1950) 
 
Бұдан кейін Еуропа топырағына аяқ басқан қазақтар 
олар Кеңес армиясы құрамында соғысқа қатысып, 
немістер қолына түскен, екінші дүниежүзілік соғыстың 
тұтқындары еді. Сол тұтқындардың көбі концлагерлердегі 
адам айтқысыз ауыр жағдай салдарынан көз жұмды, ал 
қайсыбірі М.Шоқайдың көмегімен неміс тұтқынынан 
босанып, Вермахт тарапынан құрылған «Түркістан 
легионы» құрамында соғыс операцияларына қатысты. 
Соғыс біткен соң әскери тұтқын ретінде Германияға 
апарылған қазақтардың қайсыбірі елге қайтты, ал қайсы-
бірі елдегі саяси жағдайға байланысты Германияда қалу-
ды жөн көрді. Олар Германиядағы қазақтардың алғаш қы 
толқынын түзеді. Олардың белгілі өкілдері: «Түркістан 
ұлт-азаттық» комитетін құрған Қарыс Қанатбай, «Милли 
Түркістан» журналының редакциясында қызмет істе-
ген ақын, жазушы әрі аудармашы Мәулікеш Қайбалды 
(Асан Қайғы), ақын, жазушы Мәжит Айтбаев (Қобызшы 
Қорқыт), ақын Хамза Абдуллин, Мюнхен қаласынан 
хабар тарата бастаған «Азаттық» радиосының алғашқы 
қызметкерлері Дәулеткерей Тағыберлі, Абдулла Жүсіп, 
Жәке Бапыш тағы басқалары. «Алаш» қайраткері 
Мұстафа Шоқайдың Берлинде қайтыс болғанына 
 
10 жыл толуына орай 1952 жылы оны еске алу шарасын 
Мюнхендегі қазақтар өткізеді. Сол іс-шараға Парижден 
келіп қатысқан М.Шоқайдың зайыбы Мария Шоқай 
өзінің естелігінде «М. Шоқайды еске алу рәсімін 
ұйымдастырушы Қарыс Қанатбай бастаған ұлтын сүйген 
қазақтар болды. Осы адамдар Мюнхен қаласының 
шетіндегі ескі бір барақта тұрады екен. Көбісінің әйелдері 

Досан Баймолда
16
неміс екен. Балаларының тілі де қызық, немісше де емес, 
қазақша да емес, тіпті арасында орысша сөздерді де қосып 
сөйлейді екен» деп еске алады. Елге қайтпай Германияда 
біржола қалуды жөн санаған саны көп емес бұрынғы кеңес 
тұтқыны – қазақтардың Германияда қоныстана бастауы 
осы кезден басталады. Бұл қазақтардың Германия жеріне 
қоныстана бастауының алғашқы кезеңі болатын. Екінші 
дүниежүзілік соғыс аяқталар тұста Вермахт шешімімен 
Францияға апарылған «Түркістан легионы» құрамын-
дағы қазақ сарбаздары француз партизандарына қосы-
лып, неміс терге қарсы соғыс операцияларына қатысты, 
қайсы бірі соғыс аяқталған соң Франция, Италия жерінде 
қалып қойды. Олардың кейінгі тағдыры белгісіз болып 
қалды.
Қазақ диаспорасы қалыптасуының  
екінші кезеңі 
(1962-1980)
Бұдан кейінгі Еуропаға келген қазақтар 1960 
жылдардан бастап Түркия мен Еуропа елдері арасында 
жұмысшы алмасу келісімі негізінде келген қазақтар. 
Еуропадағы қазақ диаспорасы тақырыбына көшпес бұрын 
Еуропаға Түркиядан келген қазақтар тарихына да аз-кем 
тоқталар болсақ, Түркиялық қазақтардың атажұрты – 
Алтай. Нақтырақ айтқанда, бұлар 1936 жылы Қытайдың 
саяси қысымына бағынбай, қытайландыру саясатына 
көнбей Алтай, Баркөл өңірінен (Шыңжаңның шығыс 
бөлігі) көшіп, адам аяғы баспаған Гималай тауын асып, 
Үндістанға өткендер. Осы Баркөлден аттанған көштің 
басы-қасында болған марқұм Халифа Алтай атамыз 
өзінің естелігінде, «Құмыл аймағы Баркөл ауданынан 

Еуропадағы қазақтар 
17
1936 жылы ауа көшіп Гансу, Шинхай жерін басып өтіп, 
18 мың адамнан 5 мың адам ғана 1940 жылдың аяғында 
Тибет арқылы Үндістан шекарасына аман келдік. 1941 
жылдың басында осылардан тірі қалған 3 мың адам 
Үнді еліне аман жетті. Үндістанға келген соң да ауа райы 
жақпай індетке шалдығып, қырыла-қырыла 1952 жылы 
тірі қалған 1500 адам Кашмирге қоныстандық. Бізге 1951 
жылы Қытайдан ауа көшкен 350 адам келіп қосылып, 
барлығы 1850 адам 1954-60 жылдары Түркияға келіп 
тұрақтадық» дейді. («Естеліктерім» Астана-2000 ж. 5-бет). 
Қазақ көшінің тағдыр -тауқыметі жайлы оның басы-
қасында болған екінші бір қазақ қайраткері Дәлелхан 
Жаналтай ақсақал өзінің естелігінде: «Тауға таяғанда 
алай-дүлей боран басталды. Аттар жүре алмай ыс тие 
бастады. Сол жерде бір әйел өліп кетті. Көмуге шама 
келмеді. Мүрдесін түйеге артып жүрдік. Әр күні кемінде 
үш жаназа шығарылып отырды. Ыс тиген атқа көк 
шүберекті тұтатып иіскетсе жазылады екен. Ашыққан 
түйе мен жылқыға қой сойып етін жегізіп алға қарай 
жылжып отырдық…» («Қилы заман – қиын күндер» 
 
Алматы-2000 ж. 104-бет), депті. 
Түркия үкіметі қазақтарды жатсынбай бауырына 
басып, ата-бабасынан бері мал шаруашылығымен 
айналысқан оларды сауда саттыққа және тері киімдерін 
тігетін кәсіби өнерге баулып, үй салып алуға тегін жер 
беріп, материалдық көмек көрсетіпті. Ал «мал бағамын» 
дейтін қазақтарға Түркияның Кония қаласы маңынан 
жаңадан «Алтайкөй» ауылын құрып, қораларына онды-
бесті мал салып беріпті. Көшпенді өмірдің ауыр бейнетін 
көріп өскен осы қазақтар аз ғана жылдың ішінде адам 
қатарына қосылып, тіптен қайсыбірі ақшалы, жақсы 
жұмыстар іздеп, Түркияның Стамбұл секілді үлкен 
қалаларына бара бастайды. 

Досан Баймолда
18
1960 жылы Түркия мен Еуропа елдері арасында 
жұмысшы алмасу келісімі жасалған еді. Осыған орай еңбек 
күшіне зәру Еуропалық елдер Түркиядан жұмысшылар 
ала бастады. Көптеген түрікпен бірге қазақтар да Еуропа 
елдеріне аттанды. 
 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет