Байгонова Анар Хажмукановна, Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы «№3



Дата05.02.2018
өлшемі48.85 Kb.
Байгонова Анар Хажмукановна,

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы

«№3 «Ертөстік» балабақшасы» МКҚК

Өсімдіктер патшалығы

Мақсаты. Табиғаттағы  өсімдіктердің  қалай жетіліп өсіп дамуы туралы түсніктерін      қалыптастырыу.   c:\documents and settings\admin\рабочий стол\фото коллектива\vik_2638.jpg


  • Білімділік. Өз жерінде өсетін өсімдіктермен таныстыру; өсімдіктерді емдеуге қолданудың қарапайым тәсілдерімен таныстыру.

  • Дамытушылық. Өсімдіктер туралы білімдерін әрі қарай дамыту; білім көкжиектерін кеңейту.

  • Тәрбиелік. Өсімдіктерді қорғауға деген тілектерін арттыру. Экологиялық  тәрбие беру.


Алдын-ала жұмысы: Ауладағы гүлдерді бақылау, өсімдіктер туралы әңгімелеу .

Сөздік жұмысы: жолжелкен, жалбыз, қалақай, түймедақ, гүлдер, өседі, өсімдіктер

Көрнекілік: өсімдіктерден жиналған гүлшоғы, Қазақстанда өсетін өсімдіктердің суреттері, тақырыптық суреттер

Билингвалды компонент: жолжелкен - подорожник, жалбыз - мята, қалақай -крапива, түймедағы – ромашка, өсімдіктер - растение.


Іс- әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялы–

қозғаушылық

Шаттық шеңбер

Қол ұстасып кәне біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге!
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап.
Жүрейікші жараса

Тәрбиеші өсімдіктерден құрастырылған гүлшоғын әкеледі.

Мына гүлшоғын көргенде не ойладыңдар?

Бұл гүлшоғын сыйлыққа беруге бола ма?


Шеңберге тұрады, өлеңнің сөздерін қайталайды.

Тамашалайды, мұқият тыңдайды.

Өз ойларын айтады, сұраққа жауап береді.


Ұйымдастырушылық-ізденістік

- Балалар, осы гүлшоғына жинақталған өсімдіктерді мұқият қараңдар. Осы өсімдіктерді тақтаға ілінген суреттердің ішінен тауып көрсетіңдер.

-Балалар, бұл жай ғана гүлшоғы емес, бұл сиқырлы – гүлшоғы. Бұл өсімдіктердің сиқырын адамдар ерте кезден –ақ білген. Оның ауруды емдейтін құдіретін байқаған. Біздің жерімізде дәрілік өсімдіктер көп өседі. Бүгін солардың біразымен танысамыз. Ал, сендер ауырып қалған кезде аналарың қалай емдейді? Қандай шөптерді пайдаланатынын білесіңдер ме?



Тәрбиеші гүлшоғын дәрілік өсімдіктерді шетінен шығарып, олардың қандай ауруды емдейтінін қысқаша түсіндіреді. Олардың суреттерін көрсетеді.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Гүлдерге су құяйық
Орнымыздан жылжиық
Басқа гүлге құяйық!

Билингвалды компонент

жолжелкен-подорожник, жалбыз-мята, қалақай-крапива, түймедағы –ромашка.



Жолжелкен. Біздің жерімізде көп өседі. Ол қан тоқтатады, микробтарды өлтіреді.

Жалбыз.Оның жапырақтарын қайнатып, суық тиген кезде ішеді.

Қалақай. Оны ұсақтап, жараға таңса, тез жазылады.

Өгейшөп.Гүлдерін қайнатып, суық тигенде ішеді.

Бақ-бақ. Оны ұйқысыздық ауруын емдеуге қолданады.

Түймедағы. Ол көп жерде өседі. Жапырағын жараға жапсырып қойсаң, тез жазылып кетеді. Оның гүлдерін суық тигенде қайнатып ішуге болады. Мына гүлшоғын бұдан да үлкен жинауға болады. Өйткені біздің жерімізде дәрілік өсімдіктер өте көп өседі. Біз тек негізгілерімен ғана таныстық

Жеке жұмыс жүргізу Мына бір шағын әңгімені тыңдап көрейік:

Әңгіме: «Бір қыз бір күні әжесіне қонаққа барды. Шалғынмен кетіп бара жатып, ол түрлі гүлдерді жинап алды. Ол үлкен гүлшоғын сыйлап, әжесін қуантпақ болды. Бірақ әжесі гүлшоғын көріп , қуана қойған жоқ: -Табиғаттағы гүлдер қалай болса солай жинап алу үшін өсіп тұрған жоқ. Гүл жинағанды жақсы көретін болсаң, алдымен оны өзің өсіруді үйрен»,- деді әжесі.

-Балалар, әжесі неге немересі сыйлаған гүлге қуанған жоқ.



Балалар гүлшоғын мұқият қарастырады. Танитын өсімдіктері болса, атауын атайды. Тақтаға ілінген суреттен тауып көрсетеді.

Балалар өздері білетін өсімдіктердің атын атайды. Үйлерінде емдеу үшін қандай шөптерді қолданатынын айтады.

Балалардың әңгімесін тәрбиеші қажет жерінде түзетіп, әңгімелерін толықтырып отырады.

c:\documents and settings\admin\рабочий стол\журнал білім айнасы\байгонова\img-20171223-wa0047.jpg

Тапсырмаларды орындайды.

Балалар өз пікірлерін айтады. Табиғатта өсіп тұрған гүлді қалай болса солай жұлуға болмайды, оларды күтіп, қорғау керек деген қорытынды жасайды.


Рефлексиялық-түзетушілік

- Балалар, біз бүгін қандай жыл мезгілдерімен кездестік. Не туралы әңгімелестік. Өсімдіктер қайда өседі екен? Оларға күннің қандай пайдасы бар, тағы не үйрендіңдер? Балаларға мадақтаулар айтып, еңбектерін бағалап, жұлдызша беру.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жарық,
Сау - саламат, болайық!

Өсімдіктер туралы өз ойларын айтуы.c:\documents and settings\admin\рабочий стол\журнал білім айнасы\байгонова\img-20171223-wa0052.jpg

Қоштасады




Күтілген нәтиже:

  • Біледі: білетін өсімдіктерін суреттен тауып көрсете алуды; өсімдіктерді қорғауды;

  • Игереді: өсімдіктердің қандай ауру түрлеріне қолданылатынын;

  • Меңгереді: өсімдіктермен, олардың атауы туралы білімді.



Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет