Бағыты: Ахуал тәрбиелік Секция: Тыйым сөздерінің мағынасын түсіндіру Жетекші: Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Алдабергенова Асима Гинаятовна
• Материалдарды жинақтау • Материалдарды жинақтау • Жинаған материалдардың анализі • Зерттеудің жаңалығы
«Тыйым сөздер- адамға деген адамгершілік қасиеттерін бойыңа сіңіру, жақсылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу» «Тыйым сөздер- адамға деген адамгершілік қасиеттерін бойыңа сіңіру, жақсылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу» C.Кенжеахметов
Тыйым сөз
Имандылық Имандылық Имандылық ұғымы өте кең. Адамгершілік, тәртіптілік, сыпайыгершілік ұғымдарының бәрін де қамтиды. Адамгершілік Адамгершілік - адамды сыйлау, қайырымды болу, өтірік айтпау, еңбекті бағалау, т.б. тәрбиелік ұғымдар қамтылған. Экологиялық Тәрбие – қоршаған ортаға қамқорлық, залал тигізбеу, тылсым құдіретті бағалауға арналған сөздер жатады. Олар – көкті жұлма, ұяны бұзба, суға түкірме, ағын суға кір шайма, малды теппе, аққуды атпа, бұлақты бітеме, жәндікті өлтірме, суға зәр сындырма, құмырсқаның илеуін баспа, қара суды сапырма, бұлақты былғама, ағашты кеспе, т.б. Әдептілік Ол адамгершілікпен, имандылықпен қанаттас жүретін ұғым. Біздің мұны ерекше бөліп көрсетуіміз бүгінгі қоғам үшін орны мен маңызы ерекше. Эстетикалық тәрбиеге қатысты адамның сыртқы көрінісінің жарасымдылығы мен жүріп-тұру әдебіне байланысты бір алуан сөздер бар. Олар: шашыңды жайма, тақымыңды көрсетпе, езуіңді керме, талтайып отырма, шаш-тырнағыңды өсірме, бөркіңді теріс киме, кіндігінді ашпа.
«Құстың қарғысына ұшырайсың» деп құстардың ұясын бұздырмаған, «Құстың қарғысына ұшырайсың» деп құстардың ұясын бұздырмаған, «Бетіңе шұбар түседі» деп жұмыртқасын жарғызбаған. Халқымыз қыран құсты атқызбаған, «Аққу құс киелі» деп оған құс салуға, оны атуға тиым салған. Сондай-ақ қарлығашты киелі деп ұққан. Егер қарлығаш киіз үйдің шаңырағының шандуында ұя салса, балапандары ұшып кеткенше көшпей отырған.
«Қойдың сүті қорғасын, қойды тепкен оңбайды» деген, «Қойдың сүті қорғасын, қойды тепкен оңбайды» деген, «Сиыр мен қойдың желіні ісіп кетеді» деп төгілген сүтті аяққа басқызбаған.
Нан мен тұздың қатарынан орын алатын сүт тағамдары, қазақтың ақты қатты қадірлейтіні жайлы не білеміз? «Су – тіршіліктің көзі» деп жатамыз. Десе де, «суға түкірме», «қоқыс тастама» деген сияқты тыйым сөздерге мән береміз бе? Нан мен тұздың қатарынан орын алатын сүт тағамдары, қазақтың ақты қатты қадірлейтіні жайлы не білеміз? «Су – тіршіліктің көзі» деп жатамыз. Десе де, «суға түкірме», «қоқыс тастама» деген сияқты тыйым сөздерге мән береміз бе? «Отты аттама» деген сөз нені білдіреді
Адамға қарап керілмейді, әдепсіздік болып саналады. Тырнақ тістесе, ырыс-несібе кетеді. Жатқан кісінің үстінен аттамайды. Бетті басуға болмайды. Қайғыдан қажыған адам ғана бетін басады. Тізені, табанды тартуға болмайды. Ауырған кісі тартады. Жуған қолды сілкісе ырыс-несібе кетеді
Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. - Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді.
- Тозбаған киімді тастауға болмайды.
- Киімді сілкіп киген жөн, өйткені киімге жабысқан улы жәндіктер болса, ұшып түседі.
- Қыздарға ер баланың киімін киюге болмайды. Жаман ырым.
- Киімнің жағасын басуға болмайды.
- Бас киімді теріс киюге, лақтыруға болмайды. Бас киімді әрқашанда таза, ұқыпты ұстап, босағаға емес, төрге ілу керек.
- Қыз бала басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгісі болып саналады.
- Садақаға кім берсе, оның түймесін қиып алады
Үйге кіргізілген отынның артығын шығарып тастамайды. - Үйге кіргізілген отынның артығын шығарып тастамайды.
- Үйді айналып жүруге, жүгіруге болмайды. Бұл жамандықты шақырма дегенді білдіреді.
- Шәугім, аққұманның шүмегін есікке қаратып қойса, ырыс-несібе кемиді.
- Сыпырғышты төрге қоймайды. Бұл үй ішіндегі жаманшылық, ауру-сырқау сыпырғышпен босағадан шықсын, төрге жоламасын деген.
Мал қораның сыртында, болмасы ішінде ысқырмайды. - Мал қораның сыртында, болмасы ішінде ысқырмайды.
- Жас мал төлдегенде үйге қарыз сұрап келгендерге ештеңе бермейді.
- Малдың алдынан бос ыдыспен шықса, сүт азаяды.
- Малға дауыс көтеріп ұрсуға, ал атты ауыздықпен ұруға болмайды.
Отты шашуға, атуға, басуға болмайды. Отбасының берекесі кетеді. - Отты шашуға, атуға, басуға болмайды. Отбасының берекесі кетеді.
- Отқа түкірмейді.
- Отты су құйып өшірмейді, өйткені қайта тұтатуға қиын болады.
- Түнде күл шығармайды.
- Күл төгілген жерді баспайды. Себебі барлық жаманшылық күлмен кетеді, оны басу сол жаманшылықты үйіне әкелгенмен бірдей.
Тойға қымыз әкелген сабаны біржолата сарқып босатпайды, түбінде міндетті түрде бір ожау қымыз қалуы керек. - Тойға қымыз әкелген сабаны біржолата сарқып босатпайды, түбінде міндетті түрде бір ожау қымыз қалуы керек.
- Сайылған сүтті ашып қоюға болмайды.
Сүтті үрлеп ішпейді, майлылығы азаяды. Сүт сауатын шелекті су басына апармайды, құты кетіп қалады
- Сейсенбі күні алыс жолға шықпайды.
- Жүрер жолдың уақытын кесіп айтуға болмайды.
- Жол жүретін адам «Алла жазса», «Құдай қаласа» деп тілегенде, жол бойындаға кедергілердің бәрі алыстатылады.
Қазақи ырымнан қорқып керегі жоқ, тек "жаңа ырымдардан" сақтану керек. Қазақи ырымнан қорқып керегі жоқ, тек "жаңа ырымдардан" сақтану керек. Мысалы, қара мысық жолды кесті деп, айналып өту ақымақтық. Мұсылмандар мысықты жақсы көрген, Пайғамбарымыз шапанында ұйықтап жатқан мысықты мазаламау үшін, шапанының етегін кесіп тұрып кетеді екен. Яғни, біздің салтымызда мысықтан қорқу болмаган. Ал "қара мысық" орыстан келген көп "әдеттердің" бірі.
Тыйым сөздің мәні зор. Қазақтың тыйым сөзі – ұлттық тәрбие көзі, яғни қазақ кішкентай кезінен жақсылыққа үйір, жаман әдеттерден аулақ болсын деп тыйым арқылы баласын тәрбиелеп отырғанын біз жақсы білеміз. Тыйым сөздің мәні зор. Қазақтың тыйым сөзі – ұлттық тәрбие көзі, яғни қазақ кішкентай кезінен жақсылыққа үйір, жаман әдеттерден аулақ болсын деп тыйым арқылы баласын тәрбиелеп отырғанын біз жақсы білеміз. Халқымыздың қанына сіңген тектілігі, адамгершілігінің жоғары болуы, әртүрлі келеңсіз көріністерден, әбес қылықтардан аулақ болғаны – осы қазақтың тыйымының арқасы, сондықтан оларды ешқашан ұмытпай, әрдайым есте сақтап жүрейік!
- Назарларыңызға үлкен рахмет!
-
Достарыңызбен бөлісу: |