БАҒдарламасы семей 2015 Алғы сөз Әзірлеген



Дата30.06.2017
өлшемі210.9 Kb.
түріБағдарламасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжат

ПОӘК

ПОӨК 042-18-22-1.203/02 -2015


ПОӘК

Студенттерге арналған «Адам және жануарлар анатомиясы» пәнінің бағдарламасы



Басылым № 1

«__»____20__ж






ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


«Адам және жануарлар анатомиясы»
5В060700– «Биология» мамандығы үшін

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘНІҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2015




Алғы сөз





  1. ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы: _______________ «____»___________20____ ж

К.Сатиева, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, «Мал шаруашылығы және аңшылықтану» кафедрасының профессор м.а.




  1. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1.«Мал шаруашылығы және аңшылықтану морфология негіздерімен» кафедрасының отырысында

Хаттама №__ «____»_____20___ж


Кафедра меңгерушісі ___________ Б. Ахметова
2.2. Аграрлық факультеттің оқу - әдістемелік бюро отырысында

Хаттама №___ «____»_____20___ж


Төрайымы ____________ Г. Джаманова
3. бекітілді

Университеттің оқу - әдістемелік кеңесінің отырысында қаралып, баспаға ұсынылды

Хаттама №___ «____»_____20___ж
ОӘК төрайымы_____________ Г.Искакова

4. БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН






Мазмұны
1 Жалпы ережелер

2 Пәндердің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу

3 Пәндерді оқып-білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

4 Курс форматы

5 Курс саясаты

6 Баға қоюдың саясаты

7 Әдебиеттер

1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Оқытушы және пән туралы мәліметтер:

Сатиева Калия Рамазановна а/ш.ғ.к., доцент

«Мал шаруашылығы және аңшылықтану морфология негіздерімен» кафедрасы

Байланыс ақпараты – телефоны 531970, № 7 оқу ғимараты

Сабақ өтетін бөлмелер - № 204 дәрісхана

Пән бойынша кредит саны –3 (үш)
1.2 Пән мазмұнын қысқаша сипаттамасы.

Адам және жануарлар морфологиясы – адам және жануарлар организімнің құрылысын, оның даму сатылары мен қызметің байланыстыра зерттейді. Бұл ілім зоология, физиология, генетика және тағы басқа да биологиялық пәндерді өтеуге керек ғылыми негізін жасауға қатысады.

1.3 Аталмыш курстың мақсаты студенттерге дене мүшелерінің, жүйелерінің құрылысын, дамуын онто-филогенездік дамуына байланысты зерттеу алу болып табылады.

1.4 Пәнді зерделеудің негізгі міндеті:

- организмнің негізгі мүшелерінің атқаратын қызметтеріне сәйкес макроскопиялық, анатомиялық құрылысын, филогенез үрдісінде күрделену белгілері мен ерекшеліктерін, сонымен қатар аталмыш пәнге тән анатомиялық терминдер мен ұғымдарды білуі қажет.

1.5 Оқып-білудің нәтижесінде студент мыналарды түсінуі тиіс:

- дене мүшелерінің құрылысын материалдық көзқарасымен олардың дамуын, жетілуін зерттеу;

- организмдердің құрылыс негіздерін жақсы игере отырып, мүшелер мен дене аумақтарының орналасу орындарын жете білуді үйрену;

- тәжирібелік сабақтарда студенттер препараттармен жұмыс жасау әдістерін меңгеру;

- дене мүшелерінің, жүйелерінің құрылысын, дамуын онто-филогенездік дамуына байланысты зерттеу;

1.6 Курстың пререквизиті:

1.6.1 цитология, гистология, эмбриология

1.7 Курс постреквизиті:

2. ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ

1 кесте


р/п


Тақырыптың атауы

Сағаттар саны

Д

ЗС

СОӨЖ

СӨЖ

Әдебиеттер

1

2

3

4

5

6

7

Модуль 1 Жануардың тірек қимыл аппараты

Блок 1 Сүйектердің құрылысы мен байлынысы

1

Кіріспе.Организм құрылысындағы жалпы зандылықтар. Анатомиялық терминдер және жазықтықтар.Типті омыртқаның құрылысы.

1

1

1

3

7.1.1

7.1.2


7.1.3

7.2.1


2

Білікті қанқаның құрылысы. Омыртқа бағанасының құрылысы.

1

1

1

3

7.1.1

7.1.2


7.1.3

7.2.1


3,4

Бас қанқасының құрылысы.




2

1

3

7.1.1

7.1.2


7.1.3

7.2.1


5

Шеткі қанқаның құрылысы. Алдыңғы аяқ сүйектерінің

1

1

1

3

7.1.1

7.1.2


7.1.3

7.2.1


6

Артқы аяқ сүйектерінің құрылысы




1

1

2

7.1.1

7.1.2


7.1.3

7.2.1


7

Синдесмология

1

1

1

2

-//-

Блок 2 Бұлшық ет тұралы ілім

8

Бас, мойын және тулға бұлшық еттері

1

1

1

2

-//-

9

Көкірек және құрсақ бұлшық еттері




1




2

-//-

10

Аяқ бұлшық еттері




1




2

-//-

Модуль 2 Спланхнология

Блок 1 Тері. Ас қорыту және тыныс алу мұшелерінің құрылысы

11

Ішкі мұшелер тұралы түсінік. Тері және оның туындылары.

1

1




3

7.1.1

7.1.2


7.1.3

7.2.1


12

Ауыз қуыс мұшелерінің құрылысы. Жұтқыншақ. Өнеш. Қарын.

1

1

1

3

-//-

13

Ішектер. Бауыр. Ұйқы безі.




1

1

2

-//-

14

Тыныс алу мұшелерінің құрылысы

1

1

1

2

-//-

Блок 2 Зәр шығару және жыныс мұшелернің құрылысы.




15

Бүйректің, несепағардың, қуықтын және несеп шығару каналының құрылысы.

1

1

1

3

-//-

16

Аталық жыныс мұшелерінің құрлысы.

1

1

1

3

-//-

17

Аналық жыныс мұшелерінің құрылысы.




1

1

3

-//-

Модуль 3 Жүрек қан тамырлар жүйесі

Блок 1 Журек. Қан тамырлары. Лимфа. Қан жасау мұшелері. Ішкі секрециябездері.

18

Жүректің құрылысы және топогафиясы. Қан тамырларының түрлері және құрылысы.

1

1

1

3

-//-

19

Үлкен және кіші қан айналу шенберлері.




1

1

3

-//-

20

Лимфатикалық жүйе.

1

1

1

3

-//-

21

Қан жасау мұшелерінің құрылысы мен қызметтері.

1

1

1

3

-//-

22

Ішкі секреция бездерінің құрылысы мен қызметтері.

1

1

1

3

-//-

Модуль 4 Жүйке жүйесі

Блок 1 Орталық жүйке жүйесі. Шеткі жүйке жүйесі. Анализаторлар.

23

Жұлын

1

1




0,5




24,25

Бас ми




2

1

2

-//-

26

Ромб тәрізді ми




1

1

2

-//-

27

Жұлындық жүйкелер




1

1

2




28

Бастық жүйкелер




1

0,5

1




29,30

Сезім мұшелері




2

1

2

-//-

Барлығы

15

30

22,5

67,5

-//-



3. Пәңді оқып-білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

Зертханалық сабақтарды өткізуге толық нұсқаулар, ұсынылған әдебиеттерде толық берілген. Жұмысты бастамас бұрын сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтап алып, ұсынылған әдебиеттерден теориялық материалдармен танысу қажет. Жұмысты жасаған соң міндетті түрде қорытынды жазып, суретін салу керек. Оқулықтағы тақырып соңында берілген сұрақтарға жауап беру керек.


Зертханалық сабақтардың қысқаша мазмұны

1 Тақырып. Анатомиялық терминдер, жазықтықтар. Типті омыртқаның құрылысы (1сағ).

Кесте арқылы жануар денесінің аумақтарың, бөліктерің зерттеп оқу. Сүйек сегментінің элементерімен танысу/ омыртқа, екі қабырға, төс . Арқа омыртқасының құрылысы. Типті арқа омыртқа құрылысымен танысып болғаннан кейін, оның ерекшеліктерін зерттеп, дәптерге сүретің салу керек.
2 Тақырып. Омыртқа бағанасысың құрылысы (1сағ)

Мойын омыртқаларының құрылысын зерттеу. Мойын омыртқаларының санына, құрылысына, пішініне назар аударыныздар. Бірінші және екінші мойын омыртқаларының құрылысың дәптерге салып белгіленіздер.

Омыртқа жотасының құрылысымен танысып болғаннан кейін, оның әрбір бөлігінде жатқан омыртқалылардың ерекшеліктердін зерттеп ажырату білу. Бел, сегіз көз, қүйрық омыртқалыларың құрылысың зерттеп оқу. Омыртқа жотасының малдың түріне байланысты ерекшеліктерің оқыныздар.
3Тақырып. Бас қанқасының құрылысы (1сағ)

Бас қаңқасы бір-бірімен тұтаса байланысқан жалпақ сүйектерден құралған. Бұл сүйектер тіршілік үшін өте қажетті, көптеген мүшелерді қорғап, қоршап тұрады. Бас сүйектері негізінен ми сауыты мен бет бөлімі болып екіге бөлінеді. Ми сауытының іші қуысты, онда нерв жүйесінің негізгі бөлімі - ми жатады. Ми сауытының сүйектеріне шүйде, төбе, маңдай, самай, сына және тор сауыттары жатады. Ми сауты сүйектерінің құрылыс ерекшелігімен танысып, оларды анатомиялық препарат арқылы зерттеп оқу.


4 Тақырып. Алдыңғы аяқ сүйектерінің құрылысы (1сағ)

Аяқ қаңқасы: Иық белдеуі мен еркін сүйектерінен тұрады. Иық белдеуі мен еркін қозғалатын сүйектердің жалпы құрылыс схемасын зерттеп оқу. Өз кезегінде иық белдеуі жаурынаң, ал еркін қозғалатын бөлім тоқпан жілік, білек және аяқ басы сүйектерінен құралған.

Препарат арқылы тоқпан жіліктің және білек сүйектерінің құрылысын зерттеп оқу. Дәптерге бул сүйектерінің құрылысын салып белгілеу керек. Білезік, алдыңғы жіліншік және бақай сүйектерінің құрылысы мен ерекшеліктерің зерттеп оқу керек.
5 Тақырып. Артқы аяқ сүйектерінің құрылысы (1сағ)

Аяқ қаңқасы: жамбас белдеуі мен еркін сүйектерінен тұрады. Жамбас белдеуі мен еркін қозғалатын сүйектердің жалпы құрылыс схемасын зерттеп оқу. Өз кезегінде жамбас белдеуі жамбастан, ал еркін қозғалатын бөлім ортан жілік, сирақ және аяқ басы сүйектерінен құралған.

Препарат арқылы ортан жілітің және сирақ сүйектерінің құрылысын зерттеп оқу. Дәптерге бул сүйектерінің құрылысын салып белгілеу керек. Тілерсек, артқы жіліншік және бақай сүйектерінің құрылысы мен ерекшеліктерің зерттеп оқу керек.
6 Тақырып. Сүйектердің байланысы (1сағ)

Түтаса байланыстың түрлерің анықтаныздар. Сүйектердің байланысы қаңқа сүйектерінің бір-бірімен өзара белгілі бір заңдылықпен байланысуын қамтамасыз етеді. Жануарлар қаңқаларындағы сүйектер байланысы екі түрге бөлінеді: тұтаса (үздіксіз) байланыс, буындық (үздікті) байланыс. Тұтаса байланыстарға: синостоз (сүйек ұлпасы арқылы байланыс), синсаркоз ( ет ұлпасы арқылы байланыс), синхондроз(шеміршек ұлпасы арқылы байланыс), синдесмоз (дәнекер ұлпасы арқылы байланыс), синэластоз (эластикалық талшықтар арқылы байланыс) жатады. Буындар қозғалыс түріне қарай: бір білікті, қос білікті және көп білікті болып бөлінеді, құрылысына қарай қарапайым буындар және күрделі буындар болып бөлінеді.

Буының жалпы құрылысын оқып, оны дәптерге салып белгіленіздер / буын капсуласы, синовий, буын шеміршегі, буын қуысы, буын беттері/.
7 Тақырып. Бас, мойын бұлшық еттері (1сағ)

Мойынның бұлшық еттерінің құрылысы мен жұмысын зерттеу. Үй жануарлар қанқалары, омыртқа бағанасының бұлшық еттерінің препаратарын пайдалану керек. Омыртқа бағанасының бұлшық еттері екі топқа бөлінеді: дорсальдік /жазылдырғыш/ және вентральдік /бүгілдіргіш/.

Бастын ымдау және шайнау еттерінің құрылысы мен қызметің зерттеп оқу керек. Әрбір еттің басталатын және бекитін жағдайын білгеннен кейін, олардын қызметін анықтау керек.
8 Тақырып. Көкірек және құрсақ бұлшық еттері (1сағ)

Көкірек бұлшық еттері теріасты және меншікті еттер болып екіге бөлінеді. Беткей еттері жиырылған кезде қол сүйектерін қимылға келтіріп отырады. Бұл еттерге көкіректі үлкен және кіші еттері, бұғанаасты және алдыңғы тісті еттер жатады. Әр бір еттің басталатын және бекитін білгеннен кейін, олардың қызметін анықтау керек.

Құрсақ бөлігі төменгі қабырғалар жиегінен басталып, жамбас сүйегінің мықын қырына дейін созылады. Құрсақ еттері орналасқан жерілеріне қарай алдыңғы, екі бүйір және артқы құрсақ еттері болып бөлінеді. Алдыңғы құрсақ еттеріне тік және пирамидалық еттер, бүйір бетіне сыртқы, ішкі қиғаш еттері мен көлденең құрсақ еті, ал сыртқы еттерге белдің шаршы еті жатады.
9 Тақырып. Аяқ бұлшық еттері (1сағ)

Жамбастық аяқ бұлшық еттерінің орналасу тәртібі мен атқаратын қызметтерімен танысу керек.Жамбас белдеуінің бұлшық еттері ішкі және сыртқы топқа бөлінеді. Сыртқы еттерге жамбас сүйегін сыртқы жағынан қоршап жатқан бұлшық еттер кіреді. Бұл еттер жамбас буынының жан-жағынан өтіп, оны түрлі қозғалыстарға келтіреді. Жамбастың ішкі жағында жатқан бұлшық еттерге: бел-мықын еті, алмұрт тәрізді ет, ішкі қолсұғар еті, құймышақ еті жатады. Ал жамбастың сыртқы жағында жатқан еттеріне үлкен, ортаңғы кіші бөкесе еттері, санның жалпақ шандырын керетін ет, егіз еттер, санның шаршы және сыртқы қолсұғар еттері жатады. Аяқтың еркін қозғалып тұратын бөлігінің бұлшық еттері немесе аяқтың өз еттері аяқ сүйектерініің бөлінуіне сәйкес бұл да сан, сирақ және аяқ басының бұлшық еттері болып бөлінеді.


10 Тақырып. Тері және оның туындылары (1сағ)

Тері құрылысын түрлі түсті атластар мен таблицалардан қарап оқу. Көрген білгенін қысқаша түрде сипаттап жазып, суретін салу керек.Тері жалпы дененің сыртын жауып жатады. Онда сезімтал нерв рецепторлары, тері, май бездері, ет тканьдері орналасады. Тері организмді сыртқы ортамен тікелей байланыстырып тұрғандықтан қорғаныш, сезім, зат алмасу, тер шығару және тағы да басқа маңызды қызметтер атқарады.

Тұяқтын құрылысын зерттеп оқу. Тұяқ төрт бөлімнен тұрады: 1/ тұяқ төбесі, 2/ тұяқжұлығы, 3/ тұяқ қабырғасы, 4/ тұяқ ұлтаны. Суретін дәптерге салып белгілеу керек.
11,12 Тақырып. Ас қорыту мұшелерінің анатомиялық құрылысы (2сағ)

Ауыз қуысының, жұтқыншақ, өңеш, асқазанның, құрылысы және қызметтерімен танысу.

Ауыз қуысының құрылысын зерттеп оқу керек. Ауыз қуысы ас қорыту жүйесінің алдыңғы мүшесі. Ауыз жұтқыншақпен жалғасады да, ас қорыту жүйесінің бас бөлімін құрайды. Тістін суретің салып белгілеу керек.

Тілдің анатомиялық құрылысымен танысу. Тілдің дәм емікзікшелерінің түрлерін, орналасуын анықтау керек. Тілдің суретін салу.


13 Тақырып. Тыныс алу ұшнлнрінің анатомиялық құрылысы (1сағ)

Тыныс алу мүшелерінің құрылысына жалпы анықтама беру керек. Тыныс алу мүшелері организмде газ алмасу қызметін атқарады. Мұнымен қатар тыныс алу жүйесінде иіс сезу, дыбыс мүшелері де орналасады. Қызметтеріне қарай тыныс алу аппараттары тыныс жолдары және газ алмасу мүшесі болып бөлінеді. Тыныс жолдарына мұрын, аңқа (жұтқыншақтың ауа жүретін бөлігі), көмекей, кеңірдек, бронхтар жатады. Газ алмасу қызметін өкпе атқарады.


14 Тақырып. Зәршығару мұшелерінің құрылысы (1сағ)

Несеп түзуші мүшелер мен несеп шығару жолдарының құрылысын зерттеу және олардың құрылыс ерекшеліктерін білу.

Зәр шығару мүшелерінің құрылысына жалпы анықтама беру керек. Зәр шығару мүшелері екі бөлімге бөлінеді. Олар: негізгі зәр түзуші мүшелер- жүп бүйрек және зәр шығарушы жолдар- несепағар, қуық, несепшығар.
15 Тақырып. Аталық жыныс мұшелерінің құрылысы (1сағ)

Аталық жыныс мүшелерінің құрылысын, манызын зерттеп оқу. Аталық жыныс мұшелеріне ен, ен қосымшасы, шәуеттік жол, ен қабы, несеп-жыныс өзегі, қосалқы жыныстық бездер, атлық жыныс мүшесі жатады. Ен құрылысын, топографиясан, манызын зерттеп оқу. Дәптерге ен, ен қосымшасын суретін салы керек.

Шәует жолынын, несеп- жыныс өзегінің, ен баудың құрылысымен, топографиясын зерттеп оқу керек.

Қосалқы жыныс бездерінің және аталық жыныс мүшесінің құрысын оқып зертте, қызметерін білу қажет.


16 Тақырып. Аналық жыныс мұшелерінің құрылысы (1сағ)

Аналық жыныс мүшелерінің құрылысымен, атқаратын қызметтерімен танысу.

Аналық жыныс мүшелер – сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Оның ішкі мүшелеріне аналық жыныс безі, жатыр, жатыр түтіктері, қынап, ал сыртқысына үлкен және кіші жыныс еріндері, қынаптың кіреберісі және несеп каналы жатады. Аналық жыныс безі – жұп орган. Кіші жамбас ішінде жатырдың екі жағын ала орналасқан. Аналық бездің функциясы өте күрделі, яғни жұмыртқа клеталарының өсіп-дамуымен бірге, қанға жыныстық гормондарды бөліп отырады. Аналық жыныс безінің құрысын дәптерге салып, оны белгілеу керек.
17,18 Тақырып. Жүрек-қан тамырлар жүйесі (2сағ)

Жүректің құрылысы және қызметі. Қан тамырлар, қан айналу шеңберлері.

Жүректің құрылысын, топографиясын, қызметің зерттеп оқу. Жүрек тұйықталған қан тамырларымен үздіксіз қамтамасыз етіп отыратын, қан айналу жүйесінің қуысты-етті мүшесі.

Артерия және вена тамырлардың құрысымен танысу. Кіші қан айналу шеңберінің негізгі артериалар мен веналарының тарамдалуын зерттеу.Үлкен қан айналу шеңбері деп қанның жүректің сол қарыншасынан оның оң жүрекшесіне дейінгі аралық жүріп өткен жолын айтады. Тамырлар жүйесі организмдегі зат алмасу процесінің үздіксіз жүруін, дененің біртұтастығын қамтамасыз етеді. Организмнің негізгі вена тамырларымен танысу. Капиллярдың құрылысын мен қызметің зерттеп оқу.


19 Тақырып. Лимфа айналым жүйесінің құрылысы (1сағ)

Лимфа жүйесінің қызметтерімен, лимфа тамырлары және түйіндерімен танысып, зерттеу.

Лимфа жүйесіне жатады: лимфа саңылаулары, лимфа капиллярлары, лимфа тамырлары, лимфа бездері. Лимфа жүйесінің құрылысын атластар мен түсті таблицалар арқылы сипаттап қысқаша жазу.
20 Тақырып. Қан жасау мүшелері (1сағ)

Айырша бездің құрылысы, жасқа байланысты өзгерістері. Иммунитетке қатысуы.

Шеттік қан жасау мүшелерінің морфологиясын талқылау. Шеттік мүшелерде Т- және В- зоналары қай жерде орналасады.

Көк бауырдын қанмен қамтамасуы.


21 Тақырып. Ішкі секреция бездері (1сағ)

Эндокринді жүйе жіктелуін үғып алу. Эндокринді мүшелерге тән құрылыс белгілерін меңгеріп алып, не себепті гипофиз эндокринді жүйенің басты орталық безі есептелетінің анықтау.

Қалқанша безінің құрылысын зерттеп оқу. Суретін салып, белгілеу кажет.
22 Тақырып. Жұлынның құрылысы мен қызметі(1сағ)

Жұлынның құрылысы, топографиясын, атқаратын қызметімен маңызын зерттеп оқу.

Жүйке ұлпасының құрамын, олардың даму көздері неде екенін ұгып алу. Нейроциттердің құрылым белгілеріне және олардың рефлекторлық доғадағы орналасуына қарай жіктелуін ұғып алу. Жйке жасушаларының құрылысын салу керек.
23,24,25 Тақырып. Бас мидың құрылысы (3сағ)

Препарат арқылы мидын бәрлық бөлімдерің зерттеп оқу. Ми – жануарлар организмінде үздіксіз жүретін барлық процестерді реттеуші жүйкелік қызметтерді іске асыратын жүйке жүйесінің орталық мүшесі. Ми бас сүйегінің ми сауытында орналасады. Ми сырт жағынан қатты, торлы және тамырлы үш қабықшалармен қапталған. Ми терең көлденең саңылау арқылы екі бөлімге бөлінеді: үлкен және ромб тәріздес ми. Үлкен ми 1) соңғы ми; 2) аралық ми; 3) ортаңғы мидан тұрады. Ромб тәріздес ми: 1) артқы ми және 2) сопақша мидан тұрады. Мишық, үлкен ми сынарлары құрылыс ерекшеліктерін зерттеу. Оларды бір-бірінен ажырата білу.

Ромб тәрізді мидың құрылысын зерттеп оқу.

Сонғы мидын құрылысын зерттеп оқу.


26 Тақырып. Жұлындық жүйкелер (1сағ)

Жұлындық жүйкелердің түзілуін, олардың тарамдалуын білу.Жүйкелер қызметіне қарай үш топқа бөлінеді: сезімтал, қозғалтқыш және аралас. Сезімтал жүйкелер орталыққа тебетін, ал қозғалтқыш орталықтан тебетін тітіркеністерді өткізеді. Аралас жүйкелердің құрамына екеуі де; яғни қозғалтқыш және сезімтал талышқатры енеді. Тітіркеніс қарама-қарсы екі бағытта өтеді. Жұлындық жүйкелер топографиясына қарай мойындық, кеуделік, белдік, құймышақтық және құйрықтық болып бөлінеді.

Мойындық жүйкелер жұлынның төрт жоғарғы мойын жүйкесінің алдыңғы тармақтарынан пайда болады. Олардың әрқайсысы 3 тармаққа бөлінеді. Мойындық және арқалық жұлындық жүйкелердің түзілуін және тарамдалуын білу керек.
27 Тақырып. Бастық жүйкелер (1сағ)

Жұп бастық жүйкелердің тарамдануын зерттеп оқу.

Бастық жүйкелер барлығы 12 жұп болып, ми бағынынан басталады. Олар атқаратын қызметтеріне қарай сезімтал, қозғалтқыш және аралас жүйкелерге бөлінеді.
28 Тақырып. Вегетативті жүйке жүйесі (1сағ)

Жүйке жүйесінің вегетативті бөлігінің соматикалық бөлігінен айырмашылығы ішкі органдарды, қан және лимфа тамырларын, жүректі, бездерді жүйкелендіреді. Вегетативтік жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері болады. Орталық бөлігіне ми мен жұлын жатса, шеткі бөлігіне нерв түйіндері, нерв талшықтары, нерв өрімдері жатады. Вегетативтік жүйке жүйесі құрылысына және атқаратын қызметтеріне байланысты симпатикалық және парасимпатикалық бөліктерден тұрады. Дәптерге вегетативті жүйке жүйесінің схемасын салыныздар.


29,30 Тақырып. Сезім мұшелері (2сағ)

Көру және есту мүшелерінің құрылысы мен қызметтері.

Анализаторлар түралы ұғым. Организмге әсер ететін түрлі тітіркендіргіштер, сезімтал нерв талшықтарының ұштары – рецепторлар арқылы қабылданады. Олар арнаулы сезім органдарында және денеде орналасқан. Омыртқалыларда нерв жүйесі күрделеніп тіршілікке қажетті иіс, дәм, есту, көру, тепе-теңдік органдарының рецепторлары шоғырланады. Рецепторлар арқылы қабылданған қозу ми қыртыстарына жеткізіліп отырылады, онда талдау, талқылау процесі жүріп, сезім ажыратылады. Сондықтан да организм дүниедегі бар затты сезім арқылы қабыдап, анализаторлары арқылы түсінік алады.
4. Курс форматы

Қатынасу: дәрiс, зертханалық сабақтарға мiндеттi түрде қатынасу керек. Егерде қандайда болмасын себептермен сiз оларға қатынаса алмасаңыз, онда барлық меңгере алмаған материалға жауапкер боласыз. Мiнез – құлық: Студент ар кодексiн: мiнез-құлық этикасын сақтауы керек. Сабаққа кешiгу кешiрiлмейтiн қылық. Сабақ үстiнде оқу тәртiбiн жиi бұзушылар дәрiсханадан шығарылып жiберiледi, немесе бүкiл курс бойынша «қанағаттанарлықсыз» бағамен жазаланады. Бақылау тапсырмалары. Олар сөзсiз орындалып, белгiленген мерзiмде тапсырылуы қажет. Кешiгiп орындалған жұмыстардың бағасы өзiнен - өзi төмен болады. Межелiк бағалау: Межелiк бағалаудың қортындысы сабақ қатысуы мен үлгерiмiне, студенттердiң белгiленген мерзiмге өз бетiмен жұмыс орындауына, сабақта ауызша немесе жазбаша түрде берген жауабына, межелiк бақылау қортындысына байланысты қойылады. Көшiрiп алу және бiреудiң шығармасын толық немесе жарым-жартылай өз атымен ұрлап пайдалану: Қандай да болмасын көшiрiп алу немесе бiреудiң шығармасын толық, не жарым-жартылай өз атымен ұрлап пайдалану (басқа студенттерден дайын тапсырма және шешiмдер көшiрмесiн пайдалану) дәрiсханадан шығарумен тоқтатылады немесе «қанағаттанарлықсыз» бағамен жазаланады. Ұрлап пайдалану мен алдауды болғызбау керек. Ұялы телофон: Сабақ үстiнде оны үзiп тастау, немесе ұялы телефонмен байланысты болғызбау керек.

Емтихан: Қортынды емтихан барлық студенттер емтихан беруге рұқсат етiлгеннен кейiн емтихан сұрақтары жазылған ауызша, не тест арқылы өткiзiледi.
5. Курс саясаты

Бірігіп жұмыс істеу барысында біз келесідей тәртітердә ұстанамыз:



  • Оқытушымен студент бір-біріне сыйластықпен қарау керек.

  • Кез келген тәртіп бұзушылықтар жазаланады, ал белсенді жұмыс керісінше мадақталады.

  • Сабаққа кешікпеу және сабақты босатпау.

Білімді бағалау баллды-рейтингті жүйе бойынша жүргізіледі
6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
«Адам және жануарлар анатомиясы» пәні бойынша баға қою

2 кесте


Апта

Бақылау түрі

Балл саны

Ескерту

1

2

3

4




1-мен 7 апта аралығындағы барлық сабақ түрлеріне қатысуы

30




1

Ағымдағы бақылау

-




2

Ағымдағы бақылау 20 балл

20




3

Ағымдағы бақылау 20 балл

20




4

Ағымдағы бақылау 20 балл

20




5

Ағымдағы бақылау 20 балл МӨЖ 57 балл

77




6

Ағымдағы бақылау 16 балл. МӨЖ 57 балл

73




7

1 аралық бақылау

60




1-мен 7 апта аралығындағы оқу нәтижелері бойынша қорытынды баллдар

300







8-бен 15 апта аралығындағы барлық сабақ түрлеріне қатысуы

30




8

Ағымдағы бақылау 14 балл

14




9

Ағымдағы бақылау 14 балл

14




10

Ағымдағы бақылау 14 балл

14




11

Ағымдағы бақылау 14 балл

14




12

Ағымдағы бақылау 14 балл. МӨЖ 55 балл

69




13

Ағымдағы бақылау 14 балл

14




14

Ағымдағы бақылау 14 балл. МӨЖ 57 балл

71




15

2 аралық бақылау

60




8-бен 15 апта аралығындағы оқу нәтижелері бойынша қорытынды баллдар

300




Емтихан бойынша қорытынды баллдар

400




Академиялық мезгіл бойынша қорытынды баллдар

1000




7. ӘДЕБИЕТТЕР


7.1.Негізгі әдебиеттер

7.1.1Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы, Білім 1996

7.1.2. К.Базымов, К.Есенгалиев, Е.Дурткаримов Мал анатомиясы, «Формат» баспасы Астана-2011

7.1.3. Рақышев А.А. «Адам анатомиясы»Алматы, Білім1-2 том, 1994

7.1.4 Керімбеков Е. «Адам анатомиясы» Алматы, Мектеп, 1998
7.2.Қосымша әдебиеттер

7.2.1. Кузенбаева А. «Адам анатомиясы» Алматы, 2001



7.2.2. Дайырбекова М.М. Адам анатомиясының практикумы Алматы, 1992
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет