БАҒдарламасы қостанай, 2018 Негізгі бөлім 1 Қазақстанның ежелгі тарихы



Дата28.07.2018
өлшемі256.18 Kb.
#80773
түріБағдарламасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

6М020300-ТАРИХ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША

ПРЕРЕКВИЗИТТЕР

БАҒДАРЛАМАСЫ


Қостанай, 2018

Негізгі бөлім

1 Қазақстанның ежелгі тарихы
1 МодульҚазақстан тарихының тарихқа дейінгі кезеңі. Сақ-сармат дәуіріндегі Ұлы Дала (б.з. б. VII – IV ғ.ғ.). Ұлы Дала аумағындағы түркі тілдес тайпалардың алғашқы мемлекеттік құрылымдары (б.з.б. III ғ. – б.з. II ғ.).

    1. Қазақстанның көне тарихы. Палеолит, мезолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері. Қазақстан территориясындағы неолит және энеолит дәуірінің археологиялық мәдениеті. Х.Алпысбаев, А.Медоев, Ж.Таймағамбетов, В.Зайберт, В.Логвин зерттеулері. Тарихқа дейінгі кезең адамдарының мәдениеті. Ерте палеолиттегі діни ұғымдар мен өнер. Мезолит, неолит, энеолит дәуіріндегі діни ұғымдар, тілдің дамуы, рационалды білім. Петроглифтер.

Ұлы Даладағы қола ғасыры (б.з.б. II – I ғ.ғ.). Қола дәуірі ескерткіштерінің хронологиясы мен кезеңдері. Қола дәуірі мәдениетінің пайда болу мәселесі және таралу ауқымы. Қималы мәдениет. Андронов мәдениеті. Беғазы-Дәндібай мәдениеті. Қазақстанның көне тұрғындарының антропологиялық түрі. Ә.Марғұлан зерттулері. Петроглифтер. Егін және мал шаруашылығы, аңшылық. Металлургия. Жерлеу және оның салттары. Жерлеу тәсілдері және ғұрыптары. Қоныстар мен тұрғын үйлер. Қоғмадық құрылысы мен рухани мәдениеті. Қазақстанның көне тұрғындарының тілдік белгілері. Далалық өркениет. Протоқалалар.

Көшпелілік генезисі. Көшпеліліктің қалыптасуының алғы шарттары: табиғи-географиялық фактор, әлеуметтік-мәдени фактор. Мал шаруашылығының рөлінің өсуі және маңызы: үй маңы мал шаруашылығы, бақташылық, көшпелі, т.б. Салт аттылық. Құдықтар. Ат әбзелдері. Далалық, жартылай далалық және шөлейтті жерлерді игеру. Көшпелілердің көші-қоны. Көшу тәсілдері мен түрлері. Малдың құрамы.



    1. Ерте темір дәуірі археологиялық мәдениеттерінің таралу ауқымы және олардың пайда болу мәселесі. Сақ дәуірі археологиялық ескрткіштерінің хронологиясы мен кезеңдері. Ежелгі тайпалардың қоныстануы туралы жазба деректер: антикалық деректер, көне парсы сына жазбалары, Авеста. Қазақстанда ерте темір дәуірінің зерттелуі. Тасмола мәдениеті: мерзімі, таралу аймағы, қорғандар мен заттай мәдениетінің ерекшеліктері. Пазарық қорғаны. Берел қорымдары. З.Самашевтің зерттеулері. Сармат археологиялық мәдениеті. Сарматтардың шаруашылығы және оның эволюциясы. Сарматтардың жерлеу дәстүрі, ғұрыптық құрылыстары. Сараматтардың қару-жарағы, ат әбзелдері, ыдысы, қол өнері.

Ерте темір дәуіріндегі тайпалардың этносаяси және әлеуметтік тарихы (сақтар, массагеттер, сарматтар, исседондар). Сақ-массагет мәдениеті мерзімі, таралу аймағы, ескерткіштері. Арал маңы сақтары (Оңтүстік Түгіскен мен Ұйғарақ қорымдарының материалдары бойынша): хронология, жерлеу ғұрпы, қару-жарақ, ат әбзелдері, аңдық стиль өнері. Бесшатыр қорымы. «Есік» патша қорғаны. Шілікті қорғандары. К.Ақышевтің зерттеулері. Сақтар мен сарматтардың саяси құрылымдары. Сақтар тайпалар бірлестігінің қалыптасуы. Ахеменидтермен қарым-қатынастар. Грек-парсы соғыстарына қатысулары. Ескендір Зұлқарнайымен күрес. Сармат-алан әскери одағы. Аорстар мен роксаландар. Яньцай мемлекеті. Ғұн, қаңлылармен қарым-қатынастар.

    1. Қазақстан территориясындағы ғұндар миграциясының кезеңдері. Сюнну туралы қытай деректеріндегі мәліметтер. Археологиялық зерттеулердің мәліметтері. Ғұндердың шежіресі мен этникалық тарихының мәселелері. Ғұн империясының саяси тарихы. «Халықтардың ұлы қоныс аударуы». Сюннулар шаруашылығы. Көшпелі тұрмыс салты. Қоғамдық құрылымы. Әскери-патестарлық жүйе. Ғұндардың материалдық және рухани мәдениеті.

Жетісу мен Тянь-Шаньдағы ежелгі Үйсіндердің этносаяси бірлестіктері. Қазақстан аймағындағы қаңлылар. Үйсіндер туралы қытай жазба деректерінің мәліметтері. Үйсіндердің саяси-әлеуметтік тарихы. Үйсіндердің материалдық мәдениеті: қоныстары, тұрғын үйлері, киімі, тағамдары, қару-жарағы. Рухани мәдениеті мен діни нанымдары. Қаңлы (Кангюй) жайлы қытай деректерінің мәліметтері. Қаңлылардың шығу тегі және этникалық тарихы. Қаңлылардың территориясы және көші-қон жерлері. Материалдық және рухани мәдениеті.

2 Модуль Қазақстан аймағы түркі мемлекеттері құрамында. VI – IХ ғ.ғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер. IХ – ХII ғ.ғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер. Түркілердің материалдық және рухани мәдениеті.

2.1 Көне түркілер. Жазба және археологиялық деректер мәліметтері. Шығу тегі мәселесі. Түрік, Ашина. Түрік қағанатының саяси тарихы. Византия, сасанидтік Иран, Эфталит мемлекеттерімен қарым-қатынастар. Түрік қағанатының ыдырауы.

Батыс Түрік қағанаты. Территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы. Жетісу және Оңтүстік Қазақстан аймағындағы Түркеш қағанаты. Түркештер туралы жазба деректер. Түркештердің этногенезі. Түркештердің саяси тарихы. Қарлұқтар қағанаты. Жазба деректердің мәліметтері. Этногенез мәселесі. Қарлұқтардың орналасуы мен тайпалық құрамы. Қоғамдық құрылысы. Исламның енуі.



2.2 Оғыз қағанаты. Жазба деректердегі мәліметтер. Оғыздардың этникалық тарихының мәселелері. Оғыздардың тайпалық құрамы және орналасу территориясы. Оғыздардың қарлұқтармен, кангар-печенгілермен, шығыс-иран, фин-угор және түркі-моңғол тайпаларымен қарым-қатынасы. Оғыздар Сырдарияда, батыс және орталық Қазақстанда. Хазарлармен одақ жасау және печенгтерді талқандау. Оғыздардың хазарлармен күресі. Хазарлар мен бұлғарлардың талқандалуы. Орта Азиядағы саяси үстемдік үшін оғыздардың селжұқтармен күресі. Оғыздар және қыпшақтар.

2.3 Орта ғасырлық Қазақстандағы Қарахан хандығы. «Қарахан» атауына түсінік. Араб және парсы деректеріндегі карахандар жәйлі мәліметтер. Қарахандар мемлекетінің құрылуы. Биліктің саяси құрылымы. Жер иелену түрі. Икта институты. Ислам дінін қабылдауы. Қарахандардың Мәуереннахрға жорығы. Саманилердің талқандалуы. Орта Азиядағы билік үшін ғазнауиліктермен және селжұқтармен күресі. Шығыс және Батыс қағанаттары. ХI ғасырдың ортасында ыдырау процестерінің күшеюі. Қидандардың келуі. Қидандардың қарахандар мен селжұқтарды талқандауы.

2.4 Орта ғасырлардағы Орталық және Шығыс Қазақстандағы Қимақ қағанаты. Қимақтар жайлы ортағасырлық араб тарихшылары мен саяхатшыларының мәліметтері. Қимақтар тарихының этникалық мәселелері. Қимақтардың шаруашылығы және көшпелі өмір салты. Қоғамдық және әскери-патестарлық құрылыстары. Қимақтардың материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктері.

2.5 Орта ғасырлардағы қыпшақтар. Қыпшақтар туралы жазба деректер мен шежірелердегі мәліметтер. Қыпшақтардың шығу тегі мен этникалық тарихының мәселелері. Үштік этносаяси бірлестік: Қимақ, Қыпшақ, Құман. Дешті-Қыпшақ – қыпшақ тайпаларының ораласу аймағы. Қыпшақ хандығының көтерілуі. Қыпшақтардың қимақтармен, қидандармен, оғыздармен, печенгілермен және т.б. қарым-қатынасы. Қыпшақтардың хорезмшахтармен және орыс княздерімен байланысы.

2.6 Қарақидандардың Қазақстан аумағына енуі. Қидандар мен қарақытайлар туралы шығыс деректерінің мәліметтері. Қидандардың шығуы мен этникалық тарихы мәселелері. Тілдік белгісі. Қидандардың орналасу территориясы. Қидандардың оңтүстік-шығыс Қазақстан жеріндегі миграциясы. Қара-қытайлардың Мәуереннахрға жорығы. Хорезмшахтар және қарлұқтармен күрестің шиеленісуі. Қара-қытай саяси билігінің жойылуы.

2.7 Шығыс түріктердің Қазақстан аумағына қоныс аударуы. Наймандар, керейлер, меркіттер, жалайырлар ұлыстары және бұлар жөнінде ортағасырлық деректер. Этникалық тарихы мен тілдік құрылым мәселелері (моңғолдық және түріктік шығу тегі туралы концепциялар). Найман, керей, меркіт және жалайыр тайпаларының Қазақстан аумағына қоныстануы.

2.8 Түркілердің материалдық және рухани мәдениеті. Түрік өркениеті және Ұлы Жібек Жолы. Отырықшы және көшпелі («қала-дала жүйесі») шаруашылықтық-мәдени түрлердің өзара байланысы. Қалалар мен қоныстардың әскери-әкімшілік өмірдің, мәдениеттің, сауда мен қолөнердің орталықтары ретіндегі рөлі. Ортағасырлық Қазақстандағы түркі кезеңінің архитектуралық ескерткіштері. Ұлы Жібек жолының қазақстандық бағыттары. Ақша айналымы. Алғашқы түркі билеушілеріне арналған көне түркі руна жазулары (Бумын-қаған, Естеми-қаған, Күлтегін және т.б.). Түркілердің діни сенімі (Тәңіршілдік, Ұмай, Жер-Су, т.б.). Зороастризмнің, буддизмнің және христиандықтың әсері. Түркі тайпаларының исламға бет бұруы. Түркі-иран-араб мәдени синтезі. Түрік, парсы, араб мәдениетінің синтезі және Х – Х ғ.ғ. ұлы ғұламалар. Әл-Фарабидің, Жүсіп Баласағұнидің, Махмұт Қашқаридің, Ахмет Яссауидің творчестволық мұраларының әлемдік мәдениеттегі маңызы.
Емтихандық сұрақтар

  1. Қазақстан тас дәуірінде: адамның эволюциясы, әлеуметтік эволюция, кезеңдерге жіктелуі.

  2. Қазақстан қола дәуірінде: андронов мәдени қоғамы.

  3. Темір дәуірі: сақ тайпаларының саяси-әлеуметтік тарихы.

  4. Сарматтар: сарматтар жөнінде тарихи деректер, қоныстанулары, қоғамдық құрылымдары.

  5. Ғұндардың алғашқы тарихы: Мөде-шаньюй және мемлекеттің құрылуы.

  6. Ежелгі адамдардың діни наным-сенімдері:анимизм, фетишизм, тотемизм, магия.

  7. Қаңлылардың саяси тарихы, шаруашылықтары.

  8. Үйсіндердің саяси тарихы, шаруашылықтары.

  9. Арқайым - қола дәуірінің таңдаулы ескерткіші ретінде.

  10. Төменгі палеолит (2,6 млн жыл б.д.д. – 40 мың жыл б.д.д.): археологиялық ескерткіштер; еңбек құралдары. Палеолиттің мустье кезеңі (140 – 40 мың жыл б.д.д.).

  11. Кейінгі палеолит (40-12 мың жыл б.д.д.): рухани мәдениет; еңбек құралдары; өнертабыстар.

  12. Мезолит (12 – 5 мың жыл б.д.д.): табиғи-климаттық өзгерістер; археологиялық ескерткіштер; өнертабыстар; адамдардың тұрмысы.

  13. Қазақстандағы неолит (5 – 3 мың жыл б.д.д.): табиғи-климаттық ахуал. Неолиттік революция.

  14. Қазақстанның энеолиті (3000 – 1800 жыл б.д.д.): мыс құралдарының артықшылығы; қоғамдық еңбек бөлінісі.

  15. Ботай мәдениеті және оның ерекшеліктері.

  16. Орталық Қазақстанның қола дәуірі – Беғазы-Дәндібай мәдениеті: мәдениеттің еркшеліктері – көшпелі мал шаруашылығы, қорғандар.

  17. Қола дәуіріндегі қоғам құрылымы: ру-тайпалық қатынастар, жеке меншік, мүлік теңсіздігі.

  18. Сақ мәдениетінің археологиялық ескерткіштері: Арал маңындағы Тагискен және Ұйғарақ, Шірік-Рабат, Бәбіш-Молда, Бесшатыр қорымдары.

  19. Ыссық қорғаны, Шілікті даласының патша қорғандары, Берел қорғаны, Орталық Қазақстанның ескерткіштері.

  20. Түрік қағанатының саяси тарихы. Этникалық құрамы. «Түрік» термині.

  21. Батыс-Түрік қағанаты және оның саяси тарихы.

  22. Түркеш қағанатының саяси тарихы. Соғдылықтар Жетісуда.

  23. Қарлұқ қағанаты: этникалық құрамы, қарлұқтардың ерте тарихы, саяси тарихы.

  24. Оғыз мемлекеті (IХ ғ. соңы – ХI ғ. ортасы): «оғыз» этнонимі, тайпалық құрамы, қоғамдық құрылымы, саяси тарихы.

  25. Қимақ қағанаты (IХ ғ. соңы – ХI ғ. басы): территориясы, тайпалық құрамы, қоғамдық құрылымы, саяси тарихы.

  26. VI – IХ ғ.ғ. түріктердің материалдық мәдениеті: жартылай көшпелі мәдениеті, қала мәдениеті, қыш жасау ісі, металл өңдеу, сада-саттық және ақша айналымы.

  27. VI – IХ ғ.ғ. түріктердің рухани мәдениеті: ежелгі түріктердің жазба мәдениеті, діни наным-сенімдері.

  28. Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызы.

  29. Қарақан мемлекетінің құрылуы, оның қоғамдық құрылымы және саяси тарихы.

  30. Наймандар мемлекеті: ерте тарихы, «найман» термині. Саяси тарихы.

  31. Жалайырлардың саяси-әлеуметтік тарихы.

  32. Керейіттер мемлекеті: «керей» этнонимі және керейіттердің ерте тарихы. Керейіттердің саяси тарихы және саяси құрылымы.

  33. Қара-қытайлар: Жетісуға көшіп қонулары, қоғамдық-саяси құрылымдары, сыртқы саяси жағдайлары, салық жинау жүйелері.

  34. Қыпшақ хандығы (ХI ғ. – ХIII ғ. басы): орналасуы, этникалық құрылымы, қоғамдық құрылымы, саяси тарихы.

  35. IХ ғ.– ХIII ғ. басында қалалық мәдениеттің дамуы. Қала құрылысындағы өзгерістер, моншалардың және тұрғын үйлердің салынуы.

  36. IХ – ХII ғ.ғ. қолөнердің, сауданың, егін шаруашылығының дамуы: ұсталық, зергерлік, сүйек өңдеу, сауда және ақша айналымы.

  37. IХ – ХII ғ.ғ. сәулет өнері мен құрылыстың дамуы: сәндік-қолданбалы өнер, мешіттер, кесенелер (Бабаджа-хатун, Айша-бибі, Арыстан-Баб).

  38. Дін: ислам дініне дейінгі наным-сенімдер, буддалық, зороастризм, отқа табыну. Ислам, оның тұрақтануы және мәдениеттің дамуына көрсеткен ықпалы.

  39. IХ ғ. – ХIII ғ.басында ғылымның дамуы: әл-Фараби, әл-Бируни, Махмұд Кашғари.

Білім және жазба әдебиеті: Жүсіп Баласағұни, Ахмет Иугнеки, Қожа Ахмед Йасауи, Сүлеймен Бақырғани.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан тарихы ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін. – Төрт томдық. – алматы, 2010. 1-2т.

  2. Исмагулов О., Исмагулова А.Тюрки северо-центрального Казахстана и их этноантропологические связи с древними предками казахов и мадьяр. // Отан тарихы. – 2008. - №3. – с.65-68.

  3. Крадин Н.Н. Кочевники Евразии. – Алматы, 2007.

  4. История Казахстана в арабских источниках. Арабские географы и путешественники IХ – ХII в.в./ Вступительная статья, перевод с арабского, комментарии, тексты и факсимиле Б.Е.Кумеков, Р.Б.Кумекова. – Алматы, - 2010, Т.2.

  5. Байпаков К.М. Древняя и средневековая урбанизация Казахстана. – Кн. 1. – Алматы, 2012.


2 Орта ғасырлар тарихы
1 Модуль. Кіріспе. Ортағасырлар тарихы пәні. Ерте ортағасырлар.
    1. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Ортағасы мен феодализм терминінің тарихи ғылымындағы мазмұны. Қысқа және ұзын ортағасырлық. Антикалық пен ортағасырлықтын шекарасындагы Европа. “Орта ғасырлар”түсініктеме. Орта ғасырлар тарихын кезенге бөлу. Феодалдық кұрылыстың мәңділігі. Феодалдық өндіріс әдісінің адамзаттық тарихындағы орны. Феодалдық қоғамдағы мемлекет, құқық, шіркеу.Орта ғасырлар тарихы жэне казіргі заман. Батыс Рим империясының құлауы және варварлық корольдіктердің пайда болуы.

    2. Франк мемлекетінде феодализмнің дамуы. Галлияны франктардың жаулап алуы. Меровингтер мемлекеті. «Салий заңдары». Франк қоғамындағы әлеуметтік жіктелу. Хлодвиг және оның мирасқолары түсындағы Франк мемлекеті. Каролингтер монархиясы. Бенефициалдық реформа. Король титулының Пипин Қысқаға өтуі. Папалық мемлекеттің кұрылуы.

    3. IV-XII ғғ. Византия. Византия империясының кұрылуы. 4 - 6 ғғ. агралық құрылыс. Қалалар, қолөнер, сауда. Мемлекет. Христиандық шіркеу және күпірлер қозғалысы. Юстинианның басқаруы. 7-8ғғ. Византиядағы әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер. Халық қозғалыстары. Х-ХІ ғғ. Екінші жартысындағы Византия. Византияның уақытша күшейуі.


2 Модуль. ХІ ғ. Соныңдағы Батыс Европадағы феодалдық құрылыстың негізгі сипаты.

2.1 Феодалдық құрылыстың нығаюы және қоғамның құрылымы. Сатылы бағыныстылық. Феодалдардың тұрмысы және әдет-ғұрыпы. Шаруалардың тұрмысы және күнделікті өмірі

Ортағасырлық қалалардың пайда болуы. Қолөнердің ауыл шаруашылығынаң болінуі.Феодализм кезіндегі тауар шаруашылыгы. Қала тұрғындары. Қалалардың феодалдық сеньорлармен күресуі және қала өзін-өзі басқарудың қалыптасуы. Қала сословиенің қалыптасуы және өсуі. Сауда мен несие ісінің дамуы. Тауар-акша қатынастарының дамуы және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер.



2.2 Франция ІХ-ХІғғ, Германия ІХ-ХІғ. Басында. Ерте орта ғасырдағы Италия, Скандинавия. ХІ ғ. Ортасындағы Англия, Ү-ХІғ. Ортасындағы Испания. Саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдайы. Діни дамуы. Француз корольдіғінің пайда болуы. Шығыс-франк корольдігі.
3 Модуль. Дамыған орта ғасырлар

3.1 Ортағасырлық қалалардын пайда болуы мен дамуы. Ерте ортағасыр қалалардын өмірі. Византия полистері. Қала демографиясы. Крест жорықтары. Крест жорықтары кезіндегі Батыс пен Шығыс. Капиталистік қатынастардың дамуы.

Ортағасырлық мәдениеттің қалыптасуы. Дүниетаным. Теология и философия. Білім. Ортағасырлық дүниетанымда тарихтың орны. Серілер мәдениеті. Қала мәдениеті. Халық мәдениеті. Ғылымның дамуы.



3.2 ХІ-ХҮ ғғ. Франция Париж қол өнер кітабі. Орталықтандыру процессінің дамуы. Бас Штатарының пайда болуы. Жүз жылдық соғыс. Жакерия.

Англия ХІ-ХҮ ғғ. Норман жаулаушылығы. ІІ Генрих саясаты. Қорқынышты сот кітабі. Инраландияны жаулап алу соғысы. Уот Тайлер көтерілісі.

Германия ХІ-ХҮ ғғ. Инвеститура үшін күрес. Неміс халқының қалыптасуы.

Италия ХІ-ХҮ ғғ. Испания мен Португалия ХІ-ХҮ ғғ. Кезеннің жалпы сипаттамасы. Саяси-әлеуметтік дамудың ерекшеліктері. Орталықтандыру процесі. Сословиелік өкілдік. Феодалдық қоғамның құрылымы. Аграрлық қатынастардың эволюциясы. Шаруалардың жағдайы. Қалалар. Таптық күрес.



4 Модуль. Кейінгі орта ғасырлар.

4.1 Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте өндіргіш күштердің дамуы. Тауар өндірістің дамуы. Бастапкы корлану процесі. Капиталистік мануфактура. Капитализмнің ауыл шаруашылығында дамуы. Буржуазия табы мен пролетариат табының қалыптаса басталуы. Идеологияның жаңа формылары. Абсолюттік монархия. Ұлттардың қалыптаса бастауы. Бірінші буржуазиалық революциялар.

4.2 Ұлы жағрафиялық ашулар және отарлық жүйенің пайда болуы.Ұлы жағрафиялық ашулардың себептері. Американың ашылуы. Үндістанға теніз жолының ашылуы. Отарлау. Португалдықтардың отарлық басып алулары және тонаушылық саудасы. Испанияның Мексика мен Перуді басып алуы. 1550-1650гг. географиялық ашулар. Батыс Европа державаларының отарлау саясаты. Ұлы географиялық ашулардың салдары. «Баға революциясы» және оның әлеуметтік салдары.

4.3 XVI-XVIIғғ. Германия. Реформация дәуірі және Ұлы шаруалар соғысы. Германияның саяси-экономикалық дамуының ерекшеліктері. Әлеуметтік карама-қайшылыктардың шиеленісуі. Реформация алдындағы католик шіркеуі. Неміс Реформациясы. Мартин Лютер. Томас Мюнцер. Ұлы шаруалар соғысы. XVIғғ. екінші жартысындағы экономикалық құлдырау. Шаруалардың жағдайы және басыбайлылықтың күшеуі. Герман империясында Австрияның жағдайы. Швейцариядағы реформация. Кальвиндік ілім және шіркеу.
4.4 ХҮІ-ХҮІІғғ бірінші жартысындағы Испания, Италия, Англия, Франция. Саяси экономикалық және рухани ерекшеліктері. Реформациялар. Гуманизм, Қайта өркендеу дәуірі.
4.4 XVI - XVII ғ. бірінші жартысындағы халықаралық қатынастар. Отыз жылдық соғыс Халықаралық қатынастардың сипаты. Итальяндық соғыстар. Отыз жылдық соғыс.XVIIғ. басында Европадағы халықаралық қайшылықтардың шиеленісуі. Екі лагердің арасындағы күрестің жандана түсуі. Чехиядағы оқиғалар және олардың манызы. Соғыстың алғашқы (чехфальцкілік) кезеңі (1618-1624). Екінші(даниялық) кезеңі (1625-1629). Үшінші (шведтік) кезеңі (1630-1635). Төртінші (франция-швециялық) кезеңі (1635-1648). Вестфаль бітімі.
Емтихандық сұрақтар

  1. Батыс еуропа тарихының орта ғасырдағы кезеңдік шеңбері. Орта ғасыр терминінің анықтамасы.

  2. Феодалдық қоғам негізі. Феодалдық қоғамының өнім- өндіру күштері.

  3. Мемлекеттік құрылымдар ерекшелігі. Орта ғасырдағы шіркеу.

  4. Франк мемлекеті.

  5. «Салли ақиқаты» Француз мемлекетінің тарихын білудегі дерек көзі

  6. Хлодвиг және оның қабылдаушыларының кезіндегі Француз мемлекеті

  7. Ұлы Карл және оның жаулау саясаты

  8. Каролинг әулетінің билеу кезеңіндегі Франктер, бенефициалды реформасы

  9. Қортық Пипин саясаты және Папалық мемлекеттің бітімі

  10. Батыс Европаның ерте ортағасырдың соңындағы феодалдық құрылысың негізгі белгілері

  11. Ортағасырда қалалардың пайда болуы және олардың тәуелсіздік үшін күресі

  12. Классикалық орта ғасыр кезеңіндегі Европа, сословиелік өкілдік, Феодалдық қоғамның қалыптасуы

  13. Батыс Европаның орта ғасырдағы мәдениеті – білім, рыцарлық мәдениет

  14. Орта ғасырдағы теология мен философия

  15. Орта ғасырда ғылымның дамуы

  16. Батыс Европа орта ғасыр соңында, ауылщаруашылық өндіргіш күштерінің дамуы және өнеркәсіб

  17. Алғашқы қор жинау барысы. Капиталды мануфактура, ауылшаруашылығында капиталдың дамуы

  18. Буржуазия мен жалдамалы жұмысшы табының қалыптасуы. Идеологияның жаңа түрлері

  19. Алғашқы буржуазиялық революция. Нидерланд буржуазиялық революциясы

  20. Ұлы географиялық ашылулар (себептері, кезеңдері, нәтижесі).

  21. Америка, Үндістан ашылуы

  22. Германиядағы М. Лютердің реформациясы (себептері, ерекшеліктері, нәтижесі).

  23. ХVI ғ Германиядағы Ұлы крестьян соғысы. Томас Мюнцер. Крестьяндықтың соғыстан кейінгі жағдайы.

  24. XVI ғасыр мен XVII ғасырдың алғашқы жартысындағы халықаралық қатынастар. Отызжылдық соғыс.

  25. XVI –XVII ғасырдың алғашқы жартысындағы Батыс Европада ғылым мен мәдениеттің дамуының негізгі бағыттары. Гуманитарлық жетістіктер. Кітап баспасы. Ғарыш.

  26. IX – XI ғасырдағы Англия. Англо – сакстердің әлеуметтік – экономикалық дамуы

  27. XI – XV ғ. Франция. Людовика XI реформасы. Сословиелік монархия.

  28. Жакерия.

  29. Нормандықтардың Англияны жаулауы. «Қатал сот кітабі».

  30. XIII ғ. Англиядағы азаматтық соғыс. Англия парламенті.

  31. Англиядағы алқызыл мен ақ раушандар соғысы .

  32. XI – XV ғ. Қасиетті Рим империясының білімі. Германияның өсуі.

  33. Крест жорықтары мен оның нәтижесі.

  34. Қайта өрлеу дәуірі

  35. XVI – XVII ғ. басындағы Англия.

  36. Орта ғасырдағы христиан шіркеуі. Европаның христиандануы

  37. Папалық мемлекет, шіркеудің бөлінуі, инквизиция, монахтық өмір.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1.Орта ғасырлар тарихы . 2 том З.В.Удальцовой, С.П.Карпова.ЖОО арналған оқулық. М., 1990-1991.

2.История средних веков. В 2-х томах под реакцией С.П.Карпова. Учебник для вузов. М., 2003.

3.История средних веков.Европа. Минск.,2000.

4.История средних веков. В 2-х томах под ред. Н.Ф.Колесницкого.

5.Всемирная история. М.,1957.т.III

3 Қазақстанның жаңа заман тарихы

1 Модуль. Қазақстан XVIII – XIX ғасырдың бірінші жартысында:жоңғарларға қарсы күрес және Ресей империясының бодандығы.

1.1 XVIII ғасырдың бірінші үштігіндегі Қазақстанның саяси жағдайы.

Қазақ хандығының сыртқы саясаты. Қазақ хандығының саяси дамуы. Қазақ-жоңғар соғыстары. Қазақстанның Ресейге қосылуы: мәселесі, тарихнамасы мен мәнісі.



1.2 XVIII ғасырдың ортасы – XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси жағдайы

Осы кезеңдегі Ресейдің Қазақстанда өткізген саясаты. Мемлекеттегі өзгерістер.Қазақ хандығы билігіні ерекшелігі мен саясаты.



2 Модуль. Қазақстан тәуелсіздік жолында: отарлық империяғы қарсы күрес

2.1 Қазақстандағы XIX ғ. 60-90 жж. әкімшілік–саяси жағдайы.

Қазақстандағы XIX ғ. 60-90 жж. әкімшілік-саяси реформалары және өзгерістер. Қазақ жерлерінің статусы. XIX ғ. екінші жартысындағы Қазақстанның соттық жүйесіндегі өзгерістер. Әлеуметтік-экономикалық жағдайы.



2.2. ХІХ ғ. екінші жартысы мен XX ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық жағдайы.

Осы кезеңдегі Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық дамуы.Сауданың дамуы. Өнеркәсіптің дамуы және халықтың жағдайы. Жерді пайдалану жүйесі және аграрлық мәселенің күшеюі. Столыпинның аграрлық реформаларының салдары.



2.3 XXғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік – саяси дамуы.

XXғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік – саяси дамуы. 1905-1907 жж. революция. 1916 ж. көтеріліс. Ұлт-азаттық қозғалыс. «Алаш» партиясы және басқалары.


Емтихандық сұрақтар

  1. XVII ғ. соңы мен XVIII ғ. басындағы қазақ-жоңғар соғыстары

  2. Әбілқайр ханның мемлекеттік қайраткерлігі

  3. XVII ғ. соңы мен XVIII ғ. басындағы қазақ-орыс қатынастары

  4. XVIII ғ. басындағы қазақ халқының жоңғар агрессиясына қарсы

Отан соғысы

  1. XVIII ғ.басында жоңғар шапқыншылығына жалпыхалықтық

қарсылықты ұйымдастыру

  1. Ресей империясының құрамына қазақ жерлерінің қосылуының

басталуы

  1. Абылай ханның саяси және мемелекеттік қайраткерлігі

  2. Казахстанда патша үкіметінің әскери-отарлау шараларының

басталуы

  1. XVIII ғ. мен XIX ғ. бірінші жартысындағы қазақтардың материалдық

мәдениеті

  1. XVIII ғ. мен XIX ғ. бірінші жартысындағы қазақ қоғамының

әлеуметтік құрылымы

  1. XVIII ғ. мен XIX ғ. бірінші жартысындағы қазақтардың рухани

мәдениеті

  1. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қазақтардың қатынасуы.

Көктемір қозғалысы.

  1. Кіші жүздегі хан билігінің дағдарысы

  2. XIX ғ. екінші жартысындағы өлкетану және ғылыми-зерттеу

ұйымдарының қызметі

  1. Бөкей Ордасының құрылу себептері

  2. XIX ғ. бірінші ширігіндегі Орта және Кіші жүздерді басқару

жөніндегі патша үкіметінің шаралары

  1. «Шаңды жорық» - екі жүз жылдық жоңғарлармен соғыстың соңы

  2. XIX ғ. бірінші жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық

қозғалысының басталуы

  1. Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі

  2. Кенесары Касымұлы басқарған Ұлт-азаттық қозғалыс

  3. Кенесары ханның Жетісуға келуі. Кеңесары Қасымұлының қаза

болуы

  1. Кенесары ханның әкімшілік өзгерістері

  2. Ресей әскерлерінің Қазақстанның оңтүстігін жаулап алуы

  3. Хиуа хандығы мен Ресейге қарсы XIX ғасырда Арал аймағындағы

қазақтардың ұлт-азаттық күресі

  1. XIX ғ. II жартысындағы қазақтардың әлеуметтік-экономикалық және

мәдени өміріндегі өзгерістер

  1. 1867-1868 жж. Қазақстандағы әкімшілік реформалар

  2. 1868-1869 жж. Орал, Торғай облыстарындағы және 1870 ж.

Маңқыстаудағы қазақтардың көтерілісі

  1. 1886-1891 жж. Қазақстандағы патша үкіметінің реформалары.

  2. Казахстанға патша үкіметінің қоныс аудару саясатының басталуы.

  3. XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басындағы Қазақстанда өндірістік-

өнеркәсіптің өсуі

  1. Сауданың, ақша қатынастарының дамуы. Жәрмеңкелер (XIX ғ.)

  2. XIX ғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы білім беру жүйесінің

дамуы Н.И.Ильминскийдің көзқарастары

  1. Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі

  2. Қазақ жазба әдебиетінің жаңа түрі. Абай Құнанбаев

  3. Қазақстанда 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың басталуы

  4. ХХ ғ. басындағы қоныс аудару саясатының екінші кезеңі

  5. «Зар Заман» әдеби бағыт

  6. XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы әншілік және саз өнерінің дамуы

  7. XIX ғ. екінші жартысындағы өлкетану және ғылыми-зерттеу

ұйымдарының қызметі

  1. ХХ ғ. басында қазақ зиялыларының қалыптасуы

  2. А.Байтурсынов – ағартушы, ақын, саяси қайраткер

  3. Қазақ әдебиетінің тарихындағы жаңа кезең. М.Дулатов,

М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов

  1. XIX ғ. бірінші жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық

қозғалысының басталуы

  1. Қазақ саяси баспасөз

  2. ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы саяси топтардың қалыптасуы

  3. XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басындағы демократиялық бағыттағы орыс

авторларының Қазақстан тарихы бойынша еңбектерін зерттеу

  1. Ресейдегі ақпан буржуазиялық –демократиялық революциясы

Қазақстандағы оқиғалар

  1. Ш.Уәлиханов ағартушы ғалым

  2. XVIII- XIX ғғ. Қазақ қоғамындағы билердің ролі

  3. Торғай облысындағы 1916 жылғы көтеріліс

  4. Тарихи әдебиеттегі Қазақстанның Ресейге қосылу тарихнамасы

  5. Орал-казактардың отарлау мәселесінің тарихнамасы

  6. XIX ғ. қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық және

демографиялық тарихының мәселелерін зерттеу

  1. Отарлау саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысын

зерттеу

  1. Казахстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың тарихнамасы.

  2. XVIIIғ.-XX ғғ. Басындағы Қазақстан тарихы мәселелері батыс

тарихнамасында

  1. XVIII – XIX ғғ. тарихи деректері

  2. XVIII ғ. басындағы Қазақстанның ішкі саяси жағдайы

  3. XVIIғ.соңы мен XVIII ғ. басындағы қазақ-орыс қатынастары.

  4. XVIII ғ. басындағы қазақ-башқұрт қатынастары.

  5. Қазақ қоғамындағы батырлық фенонемі. Жоңғарлармен

жалпыхалықтық күрестегі батырлардың бастап шығуы.

  1. XVIII ғ. 40-шы жылдарындағы қазақ-ойрат қатынастары. Патша

үкіметінің саясаты.

  1. VIII ғ. мен XIX ғ. бірінші жартысындағы қазақтардың

шаруашылығы.

  1. Бөкей Ордасындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен саяси

құрылымы.

  1. Кіші жүздегі Игельстром реформалары.

  2. Жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының күресінің

жеңісінің тарихи маңызы.

  1. XVIIIғ. соңы мен XIX ғ. басындағы Орта жүздегі Ресей саясаты.Уәли

хан.

  1. XVIII ғ. 80-ші жылдарындағы және XIX ғ. бірінші жартысындағы

қазақтардың Қоқан шапқыншылығына қарсы азаттық күресті

басталуы.



  1. Қазақстанда 1822-1824 жж. Патша әкімшілігінің реформалары.

  2. Ресей мен Англияның ортаңғы Шығыстағы сыртқы саяси

стратегиясындағы Оңтүстік Қазақстан..

  1. XVIII ғ. мен XIX ғ. I жартысындағы қазақтардың тұрмыстық және

ғұрыптық мәдениетінің дәстүрлері.

  1. XVIII ғ. алғашқы үштігіндегі қазақ әдебиеті.

  2. XVIII ғ. мен XIX ғ. I жартысындағы қазақтардың саз-әуен және

әкімшілік өнері.

  1. А.Букейханов, А.Байтурсынов, М.Дулатовтардың саяси

қайраткерлігі.

  1. XVIII ғ. 50-60 жылдарындағы қазақ-жоңғар және қазақ-қытай

қатынастары.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1.Қазақ ССР тарихы. - Алма-Ата, 1977, т.3.

2.Қазақстан тарихы. 4- тт.. Алматы, 2000, т.3.

3.Абдакимов А. История Казахстана / с древнейших времен до наших дней/. А., 2002.

4. Абдакимов А. История Казахстана / с древнейших времен до наших дней/.А., 1994.

5. История государства и права Казахской ССР. А., 1988.

6. История Казахстана. Очерк. А., 1993.

7. История Казахстана: белые пятна. Сб.ст. А., 1991.

8. История Казахстана: народы и культуры. Учебное пособие. Кол. Авт.

А., 2001.



9. Кузембаев А. История Казахстана. Санкт – Петербург, 2004.
Каталог: images -> folder
folder -> БАҒдарламасы қостанай, 2018 ж Негізгі бөлім 1 Электротехниканың теориялық негіздері I
folder -> 6D060700- биология мамандығы бойынша қабылдау емтиханның бағдарламасы
folder -> Пререквизиттер
folder -> БАҒдарламасы бағыты: ғылыми және педагогикалық, бейіндік
folder -> БАҒдарламасы бағыты: ғылыми және педагогикалық, бейіндік
folder -> БАҒдарламасы қостанай, 2018 Негізгі бөлім 1 Модуль 1 Жалпы психологияға кіріспе
folder -> Пререквизиттер
folder -> БАҒдарламасы қостанай, 2018 Негізгі бөлім 1 Өсімдік шаруашылығы
folder -> БАҒдарламасы бағыты: ғылыми және педагогикалық, бейіндік


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет