Бағдарламасы, «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы»



Дата07.07.2017
өлшемі42.69 Kb.
түріБағдарламасы
Қазақстан тарихы 7 сынып

Сабақ тақырыбы: Қасым хан (1511 - 1518 жж)

Сілтеме: Білім стандарты, пән бағдарламасы, «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» оқулығы - 7сынып, автор Жолдасбаева О. Интернет материалдары

Жалпы мақсаты:

Міндеттері: Қасым хан туралы және оның жүргізген саясатын, қазақ хандығының нығаюына қосқан зор үлесі туралы оқып – үйрену

Күтілетін нәтиже: Қасым хан және оның заңы туралы біледі
Қасым ханның жүргізген ішкі және сыртқы саясаты туралы деректерді талдайды.

Қасым хан туралы тарихи деректерге баға бере отырып, қорытындылайды.

Негізгі идеялар: Қасым ханның тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайымен, Қасым ханның заңдарымен оқушыларды жан - жақты танысады. Қасым ханның мемлекетті нығайтудағы іс - әрекетіне талдау жасап баға береді.

Тапсырмалар: /Wiki материал - дары/

Топтық жұмыс Жеке жұмыс кесте толтыру Жұптық жұмыс

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы іс – әрекеті )

І. Ұйымдастыру

1. 1. Сынып оқушыларына ынтымақтастық психологиялық жағымды ахуал қалыптастырып, зейінін сабаққа аудару. Сабақ мақсатын хабарлау. (2минут)

1. 2. Топқа бөліну. Түрік. Түргеш. Қарлұқ. Қарахан.( 2 минут). Сақ. Үйсін. Қаңлы. Ғұн.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (3 минут)

Дискуссиялық карта

  1. Керей мен Жәнібек Шудағы Қозыбасыға орда тікті ме? (иә)

  2. Жәнібек хан Барақ ханның ағасы Болат сұлтанның баласы ма?(жоқ)

  3. Темір әулеті Мұхаммед Шайбанимен күресте жеңіліс тапты ма?(иә)

  4. 1470 ж Жәнібек хан бастаған топ Түркістанға шабуыл жасады ма? (жоқ)

  5. Қазақ хандары Әмір Темір ұрпақтарымен бірлесе отырып, Шайбани ханға қарсы шабуылға шықты ма?(иә)

  6. Шу бойындағы Сығанақ, Сауран, Созақ Қазақ хандығының саяси беделін нығайтып, әлемге танытты ма?(иә)

  7. Сығанақ қаласын қазақтар қайтарып алған соң Шайбани хан Хиуаға қашты ма? (жоқ)

  8. Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалар үшін 40 жыл соғысты ма? (жоқ)

Стикердегі диалог. Жұптық жұмыс (3 минут)

1. Қазақ хандығының құрамына кімдер отыруға құқылы болды? (Шыңғысханның ұрпағы болғандықтан Керей мен Жәнібек отыруға құқылы болды).
2. Қазақ хандары 15ғ. 70 жылд. қай жерлерді басып алды? (Сырдария бойы мен Қаратау өңірін басып алды)
3. Қазақ хандарының Сыр бойындағы қалалар үшін кіммен соғысты және неше жылға созылды? (Әбілқайырдың немересі Мұхамед Шайбани ханмен соғысты және 30 жылға созылды)
4. Сыр бойындағы қалалардың қазақ хандығы үшін маңыздылығы қандай? (Қазақ хандығының күш - қуатын, саяси беделін нығайтып, әлемге танытты)
5. Қазақ хандығында халықтың саны кімдердің есебінен көбейді? (Дешті Қыпшық даласының көшпелі тайпалары)
6. Қазақтың алғашқы ханы кім?) (Керей)
7. Қазақ халқының қалыптасуының негізгі этникалық арқауы болған тайпаларды ата? (Ежелгі сақ, үйсін, қаңлыт. т. б.)
8. Неге Керей бірінші таққа отырды? (Мұрагерлікпен қатар жасының үлкендігі ескерілген)
9. Қазақ хандығы алдындағы тарихи міндеттері қандай?

1. Көшпелі шаруалардың жайылымдарды пайдаланудағы Дешті Қыпшық даласында бұрыннан қалыптасқан тәртібін қалпына келтіру
2. Шығыс пен Батыс арасында сауда керуен жолы үстінде орналасқан Сырдария бойындағы қалаларды Қазақ хандығына қарату
3. Тайпалардың басын қосып, қазақ этникалық аумағын біріктіру

10. Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызы қандай?

1. Ұлт болып қалыптасуы аяқталды.
2. Ұлттық саяси - әкімшілік жүйесі құрылды
3. Жер аумағын кеңейтті
4. Үлкенді - кішілі мемлекеттермен қарым - қатынас орнатты
5. Салт - дәстүрі мен әдет - ғұрпы, ділі, діні бар ел санатында даму жолына түскен азат, еркін елге айналды.

11. Жаңа құрылған хандықты басқару ісі қалай ұйымдастырылды?
12. Алғашқы кездегі Қазақ хандығының ішкі жағдайы қандай болды?
13. Қазақ хандығы Сырдария бойындағы қандай қалаларды өзіне қаратты?
14. Сырдария бойындағы қалалардың қазақтар үшін қандай тарихи маңызы болды?
15. 15 ғасырда Қазақ хандығы сыртқы саясатта қандай бағыт ұстанды?
ІІІ. Тұсау кесер
І. Қызығушылықты ояту ( 3 минут)
Сұрақтарға жауап бере отырып тұлғаны танып, жаңа тақырыпты ашу
1. Қазақ хандары ту тіккен құтты мекен
2. Қазақ хандығының құрылуы туралы жазған тарихшы
3. Қазақ хандығының тұңғыш ханы
4. Жәнібек хан қай ханның баласы?
Қасым хан туралы бейне таспадан дерек тыңдау (10 минут)
ІІ. Мағынаны тану мәтін мен жұмыс
«Үш нақты қадам» мәтіндегі маңызды оқиғаларды, деректерді анықтау Жеке оқиды, жұбымен бөліседі, топқа салады, постерге қорғайды
І - топ. Қасым ханның ішкі саясаты
ІІ - топ. Қасым ханның сыртқы саясаты
Бағалау: «Мадақтау сэндэвичі»
Сергіту сәті: Математикалық ойын ( 3минут)
(456*2)+602= 1514 ж Саид хан Қасым ханнан шайбанилерге қарсы күресте көмек беруін сұрайды
(988+455)+80 = 1523ж Орыс деректерінде Қасымның қайтыс болған жылы
(560+650)+301= 1511 ж Қасым сұлтан хандық билікті қолына алады
(951+500)+81= 1532ж Тахир хан Абд ар - Рашид ханмен шайқаста қаза табады
ІІІ. Маршруттық қарта деңгейлі тапсырма (7 минут)
І тапсырма Мәтіннің бірінші бөліміндегі негізгі идеяны анықта --------------
Мына сұрақтарға жауап ізде:
1. Қасым хан билік құрған кезде қазақ мемлекетінің өрлеуі қандай болды?----
2. Қасым хан туралы ұлы ойшылдар пікірі ---------------------------------------------
ІІ тапсырма Мәтіннің екінші бөліміндегі «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталатын заңдардағы ережелерді сәйкестендір
1. Әскери заң 
(А) кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық істеу)
2. Қылмыс заңы 
(Ә) жер дауы, мал - мүлік дауы)
3. Мүлік заңы 
(Б) аламан міндеті, қосын жасақтау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат)
4. Жұтшылық заңы 
(В) майталман шешендік, халықаралық қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық майталман шешендік, халықаралық қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық)
5. Елшілік заң 
(Г) шүлен тарту, ас, той, мереке, думан)
ІІІ тапсырма – Мәтіннің үшінші бөліміндегі Қасым ханның ішкі және сыртқы саясатындағы нақты дәлелдер.
Бекіту: ( 7 минут)
Қорытынды
Бағалау: бағалау парағы
Рефлексия: (2 минут)

Қасым хандығы қазақ мемлекетінің бастауы» тақырыбында эссе жазып келу.
Каталог: uploads -> doc -> 0adc
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0adc -> Қандай үлкен әскер!Өз солдаттарыныз туралы айтып беріңізші деді
0adc -> «Классный час «Здоровый образ жизни: Профилактика сахарного диабета»
0adc -> “Төрт түлігім ырысым ”
0adc -> Тақырыбы: “Жақсылық – жан шуағы” Дайындаған: Байқоныс ожббм


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет