БАҒдарламасы «Омыртқалы жануарлардың салыстырмалы анатомиясы»



Дата30.06.2017
өлшемі124.69 Kb.
түріБағдарламасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



СМЖ 3 дәрежелі құжаты

ТК ОБ

ТК ОБ

042-18-22.1.12./02 – 2016

Таңдау компонентінің

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Омыртқалы жануарлардың салыстырмалы анатомиясы»


№ 1 басылым

08.09.2016 ж.



Таңдау компонентінің

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ



Омыртқалы жануарлардың салыстырмалы анатомиясы

«5В0060700 – Биология»

Кафедра Мал шаруашылығы және аңшылықтану

Курс _______3________________________________

Кредиттер саны ______3___________________

Барлық сағат ________135__________________________

Дәрістер ____15_________________________________

Семинар (тәжірибелік) сабақтар ____30________

Зертханалық сабақтар________-_________________

БӨЖ______90_________________________________

Курстық жұмыс (жоба) _____-______семестр

Емтихан ____1______ семестр-


Семей 2016

Алғысөз
1 КЕЛІСІЛДІ
Құрастырушы

Сатиева Калия Рамазановна а.ш.ғ.к., доцент _______ «_______» 20___ г.

Аты-жөні, тегі, қолы



ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ


2.1 Кафедра отырысында « Мал шаруашылығы және аңшылықтану»

Хаттама «____» __________ 20__ года, № __.


Кафедра меңгерушісі Нуржанова К.Х.______________
2.2 Факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында _____________

Хаттама «____» __________ 20___ жыл, № __.

Төраға Тлеубаева А.В.______________
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлдандыжәнебаспаға ұсынылды

Хаттама «____» __________ 20___ жыл, № __.
ОӘК төрағасы, оқу-әдістемелік істері жөніндегі проректор
Искакова Г.К.______________
АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ

Мазмұны


  1. Түсіндірме жазба

2. Кіріспе

3. Пәннің негізгі бөлімдері

4. Зертхана (тәжірибелік), семинар сабақтарды тақырыбыны тізімі

5. Білім алушылардың өзіндік жұмысының тақырыптарының тізімі

6. Ұсынылған әдебиеттер тізімі

1.Түсіндірме жазба:
Пәннің мақсаты: Жануарлар дене мүшелерінің, жүйелерінің құрылысын, дамуын онто-филогенездік дамуына байланысты зерттеу.

Жанауарлар организмнің құрлысын зерттеу, олардың дене мұшелері мен мұшелер жұйелерінің бір-бірімен өзара байланыстығына, тіршілік ортасына азықтану түрлеріне тығыз байланысты қарастыралады.

Пәннің міндеттері: Жануар организмнің негізгі мүшелерінің атқаратын қызметтеріне сәйкес морфологиялық құрылысын, филогенез үрдісінде күрделену белгілері мен ерекшеліктерін, сонымен қатар аталмыш пәнге терминдер мен ұғымдарды білуі қажет

Құзыреттіліктер (оқыту нәтижелері):

Пәнді оқу нәтижесінде білімалушы білуі қажет:

білу:

-жануарлар организмдердің құрылыс негіздерін жақсы игере отырып, мүшелер мен дене аумақтарының орналасу орындарын жете білуді үйрену;



орындай алу:

-сабақтарда студенттер анатомиялык препараттармен жұмыс жасау әдістерін меңгеру;



дағдысының болуы:

- дене мүшелерінің, жүйелерінің анатомиялық құрылысын, дамуын онто-филогенездік дамуына байланысты зерттеу

құзыретті болу:

- анатомиянің теориялық негіздерін меңгеру, биологиялық ғылымдардың жетістіктерін табу;

- болашақтағы кәсіптік іс-әрекетке қажетті білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру


  1. Кіріспе

Омыртқалы жануарлардың салыстырмалы анатомиясы - жануарлар организмдерінің сыртқы дене пішіні мен көзге көрінетін ірі (макро) қүрылысын зерттейтін биологияның ірі саласы. Ол биология ғылымдарының негізгі салаларының бірі ретінде зоология, физиология және генетика ғылымдарымен тығыз байланыста дамиды.

Анатомия ілімі жануарлар организмі мүшелері мен мүшелер жүйелерінің құрылысын, олардың қалыптасуы мен дамуына байланысты зерттей отырып, медицина, ветеринария және әр түрлі биология салалары маман- дарының практикалық мақсаттарына сәйкес үлкен көмегін тигізеді. Атап айтканда, морфологиялық зерттеу нәтижесінде алынған гьшыми мәліметтер жоғарьща аталған мамандықгар мамандарына организмнің қүрылымдық бөліктері қызметгеріне багытты әсер етудің мүмкіндіктері мен жолдарын көрсетеді. Анатомия ілімі құстар мен жануарлар организмі мүшелері мен мүшелер жүйелерінің құрылыс заңдылықтарын зерттейді. Анатомия жануарлар организмі мүшелері мен мүшелер жүйелерінің үлкейткіш аспапсыз жәй көзге көрінетін кұрылысын зерттейді.


  1. Пәннің негізгі бөлімдері


3.1 Модуль 1. Тірек-қимыл аппараты

3.1.1 Блок 1. Сүйектердің құрылысы және байланысуы.

Жануар қозғалысын қамтамасыз ететін қаңқа құрылысы мен мүшелері: сүйектер байланысы, бұлшық еттер, шандыр және т.б. көмекші мүшелерге морфо-функционалдық сипаттама. Жануардың тіршілік әрекеттері мен дене бітімі сипатын /экстерьерін/ қамтамасыз ететін еркін қозғалыс мүшелерінің маңызы. Қаңқа. Қаңқа құрылысына және оның бөлімдеріне жалпы сипаттама. Жануар организмі тіршілікі үшін қаңқаның маңызы. Қаңқа филогенезі және онтогенезі, остеогенезі. Құрылысына, қызметіне және қаңқадағы орналасу орнына қарай сүйектің жіктелуі. Қаңқадағы құрылыс ерекшеліктері. Қызметі мен сыртқы орта әсеріна байланысты сүйек құрылысынң өзгеруі.

Тұлға қаңқасы және оның бөлімдеріне, құрылысы мен дамуына морфо-функционалдық сипаттама. Омыртқа бағанасы мен көкірек керегесінің құрылысы. Толық сүйек сегментінің құрылысы мен маңызы. Сүйек редукциясы. Мойын, тұлға және құйрық қаңқаларының салыстырмалы анатомиясы.

Бас қаңқасының морфо-функционалдық сипаттамасы. Мұрын маңы қойнаулары мен өзектерінің құрылысы, қызметі. Бас қаңқасының салыстырмалы анатомиясы.

Аяқтар қаңқасы, олардың белдеу және бөліктерге бөлінуі. Аяқтардың шығу тегі, қозғалуға және тіршілік жағдайына байланысты өзгеруі /табансаусақ, саусақ және тұяқ ұшымен жүретіндер/. Жануар түрі мен жасына байланысты аяқтар қаңқасы құрылысында байқалатын ерекшеліктер.

Қаңқа сүйктерінің байланысы. Сүйектер байланысының түрлері және әр түрлілігі. Сүйектер байланысының филогенезі және онтогенезі. Сүйектердің тұтаса байланысу түрлері. Буындардың морфо-функционалдық сипаттамасы, олардың жіктелуі. Әр түрлі сүйек байланыстарының қимыл-қозғалыстағы маңызы.



3.1.2 Блок 2. Бұлшық еттер туралы ілім

Бұлшықет жүйесі – қозғалыс аппаратының белсенді бөлігі. Бұлшықет жүйесінің құрылысы мен қызметіндегі жалпы принциптер. Бұлшықет етінің филогенезі және онтогенезі. Мүше ретінде бұлшықеттің анатомиялық құрылысы. Шығу тегіне, қызметіне, пішініне, орналасу орнына және ішкі құрылысына байланысты еттің жіктелуі. Бас, омыртқа бағанасы, көкірек және құрсақ қабырғасы, аяқ бұлшықеттеріндегі олардың орналасу орнына және аңдар түрі мен жасына байланысты байқалатын құрылымдық заңдылықтар. Жануар статистикасы мен динамикасындағы бұлшықет маңызы. Жануарлардың жасына, қоректенуіне және күтіп бағылуына байланысты бұлшықеттер құрылысында жүретін өзгерістер. Бұлшықеттердің көмекші мүшелері, шандырлар, тиек сүйектер, шығырлар, қапшықтар, синовиальды қынаптар, олардың құрылысы мен қызметі.


3.2 Модуль 2. Спланхнология

3.2.1 Блок 1. Тері. Ас қорыту, тыныс алу мүшелерінің құрылысы.

Тері жабының маңызы және морфо-функционалдық сипаттамасы. Тері жабыны, оның туындыларының филогенезі және онтогенезі. Терінің құрылысы. Тер, май, сүт бездері, түк, тұяқ және басқа тері туындыларының құрылысы.

Ішкі мүшелер құрылысы мен қызметіндегі жалпы заңдылықтар. Организмнің дамуы мен тіршілігінде ішкі мүшелердің атқаратын ролі. Қызметі мен экологияға байланысты ішкі мүшелердің дамуы. Ішкі мүшелер жүйелерінің жалпы сипаттамасы. Түтікше және паренхималы мүшелердің құрлысы. Дене қуыстарының морфо-функционалдық сипаттамасы және дамуы. Сірілі қабықтар және олардың туындылары. Дене қуыстарының бөлімдерге бөлінуі. Ішкі мүшелердің организмдегі басқа жүйелермен байланыстылығы.

Азық қорыту мүшелерінің морфо-функионалдық сипаттамасы. Азық қорыту аппараты мүшелерінің филогенез және онтогенездегі қалыптасуы мен өзгеруі. Азық қорыту түтікшесінің бөлімдерге бөлінуі. Қоректенуі мен тіршілік ортасы әсеріне байланысты азық қорыту мүшелері құрылысында байқалатын ерекшеліктер.

Бас ішек /ауыз қуысы және жұтқыншақ/. Кіреберіс пен өзіндік ауыз қуысы мүшелерінің құрылысы, дамуы және қызметі. Жұтқыншақтың құрылысы және қызметі. Бұл мүшелердің азық қорытудағы маңызы.

Алдыңғы ішек /өңеш және қарын/. Аңдардың өңештері мен қарыны, олардың дамуы, құрылысы қызметі және орналасу орны. Әр түрлі қарындардың морфо-функционалдық сипаттамасы. Түріне және жасына байланысты алдыңғы ішек құрылысындағы ерекшеліктер.

Ортаңғы ішек /аш ішек/. Аш ішектің дамуы, құрылысы, қызметі және орналасу орны. Қабырғалық және қабырғадан тыс орналасқан ас қорыту бездері, олардың құрылысы мен қызметіне сипаттама. Түрі мен жасына байланысты аш ішек құрылысындағы және орналасу орындарындағы ерекшеліктері.

Артқы ішек /тоқ ішек/. Тоқ ішек құрылысына, дамуына және қызметіне жалпы сипаттама. Тоқ ішек құрылысындағы ерекшеліктер.

Қызметіна байланысты тыныс алу мүшелері құрылысындағы және дамуындағы жалпы заңдылықтар. Тыныс алу мүшелері филогенезі мен онтогенезі. Тыныс алу мүшелерінің организмдегі басқа мүше жүйелерімен байланыстылығы. Тыныс жолдары құрылысындағы ерекшеліктер, өкпе морфологиясы.Бронхиальды және альвеолярлы тарам. Плевральды қуыстар, көкірек ортасының құрылысы. Түрі мен жасына байланысты тыныс алу мүшелері құрылысындағы ерекшеліктер.

3.2.2 Блок 2. Несеп және жыныс мүшелерінің құрылысы.

Несеп-жыныс жүйелері мүшелерінің анатомиялық құрамы және функционалдық сипаттамасы. Несеп-жыныс мүшелері организм тіршілік әрекетіндегі және түр сақтаудағы маңызы.

Несеп шығару мүшелерінің морфолгиялық сипаттамасы, маңызы, филогенезі мен онтогенезі. Бүйрек құрылысы және түрлері. Нефрон бөліктерінің морфо-функционалдық сипаттамасы, несептің тізілу механизмі. Несеп жолдары мүшелерінің құрылысы мен қызметі.

Ұрғашы және еркек жыныс мүшелерінің анатомиялық құрамы және функционалдық сипаттамасы, филогенезі және онтогенезі. Ұрғашы жыныс мүшелерінің құрылысы. Овогенез үрдісі кезінде жұмыртқалық құрылысындағы жүретін өзгерістер. Овуляция. Жыныстық қызметтің әртүрлі кезеңдеріне сәйкес ұрғашы жыныс жолдарында байқалатын құрылымдық өзгерістерге морфо-функционалдық сипаттама. Еркек жыныс мүшелерінің құрылысы мен қызметі. Жыныс бездерінің эндокриндік қызметтері.


3.3 Модуль 3. Жүрек-тамыр жүйесі

3.3.1 Блок 1. Жүрек. Қан тамырлары. Лимфа. Қан жасаушы мүшелер. Ішкі секреция бездері.

Қан және лимфа айналым, қан жасаушы мүшелердің жалпы сипаттамасы, құрылысы, қызметі және олардың дененің басқа жүйелерімен байланыстылығы. Тамырлар жүйесінің филогенезі және онтогенезі.

Қан айналым жүйесінің морфо-функционалдық сипаттамасы және қызметі. Аңдар жүрегінің анатомиялық және гистологиялық құрылысы, қанмен қамтамасыз етілуі, мңызы және орналасу орны. Артерия, вена және капилляр тамырларының құрылысы. Үлкен және кіші қан айналым шеңберлері тамырларының құрылысындағы, тарамдалуындағы ерекшеліктер.

Магистраль, коллатераль, анастомоз, коллектор, тамырлар доғалары мен топтары, ғажап торлар, артериялар тарамдалуының түрлері туралы түсінік.

Лимфа жүйесінің морфо-функционалдық сипаттамасы. Лимфа түйіндері, өзектері, тамырлары дамуындағы, құрылысындағы, орналасу орындарындағы негізгі заңдылықтар.

Қан жасаушы мүшелер құрылысы және маңызы. Қан жасаушы мүшелердің фило және онтогенезі. Көкбауыр, лимфа түйіндер, сүйектің қызыл кемік майы, тимус (айырша без), бадамшаның (миндалина), лимфоэпителиальды мүшелердің анатомиялық және гистологиялық құрлысы, орналасу орны, аңның түріне және жасына байланысты ерекшеліктері, азықтандырудың әсеріне, аң өнімдерін арттыруда технологиялық әдістер қоодануға сәйкес өзгеруі.

Ішкі секреция бездерінің жалпы сипаттамасы. Эндокринді мүшелер фило және онтогенезі. Шығу тегіне және қызметіне сәйкес ішкі секреция бездерінің жіктелуі. Жасқа байланысты ішкі секреция бездерінің (гипофиз, эпифиз, қалқаншабезі, қалқаншамаңыбезі, бүрекүстібезі, ұйқыбезіжәне т.б.) құрылысындағыжәнеор,наласуындағыерекшеліктері. Гипофункция, гиперфункция кезіндіжәнесыртқы орта әсерлерінебайланыстыішкі секреция бездері құрылысының өзгеруі.
3.4 Модуль 4. Жүйке жүйесі

3.4.1 Блок 1. Орталық жүйке жүйесі. Шеткі жүйке жүйесі. Анализаторлар.

Жүйке құрылысындағы жалпы заңдылықтар.жүйке жүйесініе маңызы. Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері, олардың өзара байланыстылығы. Жүйке жүйесі оталық бөлімінің морфо-функционалдық сипаттамасы, филогенезі және онтогенезі.

Жұлын мен мидың құрылысы және оның дамуы. Жұлынның ми мен және жүйке жүйесінің шеткі бөлімдермен байланысы. Ми бөлімдерінің маңызы. Ми мен жұлынның өткізгіш жолдары, абықтары және тамырлары.

Жүйке жүйесінің шеткі бөлімдерінің жалпы сипаттамасы. Ми мен жұлын жүйкелерінің қалыптасуы, құрылысы, таралу аймақтары. Жүйке жүйесі вегетативті бөлімі, симпатикалық және парасимпатикалық бөліктерінің морфо-функционалдық сипаттамасы.

Анализаторлар туралы жалпы мәліметтер. Экстерорецепторлар, проприрецепторлар және интерорецепторлар туралы түсінік. Сезім мүшелерінің фило және онтогенезі.

Көру мүшесі, көз алмасы, көздің қорғаныш және қосымша мүшелері, олардың құрылысы. Есту және тепе-теңдік сақтау мүшесі. Сыртқы, ортаңғы, ішкі құлақ, олардың морфологиясы және қызметі. Ұлу және жартылай иірім. Кортиев мүшесі. Иіс сезу (иіс сезу эпителий), дәм сезу (дәм сезу бүртіктері), сипап-сезу-түйсіну (терідегі жүйке ұштары) мүшелерінің құрылысы.


  1. Тәжірибелік сабақтардың тақырыбының тізімі

1.Анатомиялық терминдер, жазықтықтар

2. Дене бөліктері мен аумақтары

3. Омыртқа бағанасының құрылысы

4. Әр түрлі жануарлардың бас қаңқасының құрылысы.

5.Сүйектердің байланысуы

6. Алдыңғы аяқтарының құрылысы.

7. Артқы аяқтарының құрылысы.

8. Бас мойын бұлшық еттері

9. Тұлға бұлшық еттері

10.Аяқ бұлшық еттері

11.Ішкі мүшелер туралы түсінік. Тері және оның туындылары

12. Ас қорыту аппаратының құрылысы.

13. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы.

14. Несеп шығару мүшелерінің құрылысы.

15. Еркек және ұрғашы жануарлардың көбею мүшелерінің құрылысы

16. Жүрек-қан тамырлар жүйесі.

17. Лимфа жүйесі.

18. Қан жасаушы мүшелер

19. Орталық жүйке жүйесі

20. Шеткі жүйке жүйесі

21. Вегетативті жүйке жүйесі.

22. Сезім мүшелері.Анализаторлар.



  1. Білім алушылардың өзіндік жұмысының тақырыптарының тізімі

1. Жануар организмнің құрлысындағы жалпы зандылықтар

2. Білікті қанқаның дамуы туралы қысқаша мәллеметтер

3. Шеттік қанқаның онтогенезі

4. Аяқ буындарының байламдары

5. Бұлшықеттердің жалпы сипаттамасы және олардың жіктелуі

6. Тері және оның туындыларының дамуы

7. Ішкі мүшелер, дене және серозды қуыстар туралы түсінік

9. Сүйектердің пішініне, құрылысына және орналысуына қарай жіктелуі

10. Буынның байламдары, қуыстары, шеміршектері және синовий суйығы

11. Бұлшықет жүйесінің жалпы сипаттамасы және оның денеде орналысуы

12. Тері жабының фило- және онтогенезі

13. Ас қорыту түтігінің дамуы және оның даму сатысында өзгеруі

14. Бронхиальды және альвеолярлы бутағы

15. Плевралық қуыстар
6. Ұсынылған әдебиеттер тізімі

6.1 Негізгі әдебиет


6.1.1Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы, Білім 2006

6.1.2 К.Базымов, К.Есенгалиев, Е.Дурткаримов Мал анатомиясы, «Формат» баспасы Астана-2011

6.1.3 Жаңабеков К., Жаңабекова Г.К. «Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы». Оқулық.- Алматы. «Сөздік – Словарь», 2005.

6.2 Қосымша әдебиет


6.2.1Жаңабеков К., Жаңабекова Г.К. «Биоморфологиялық түсіндірме сөздік» Алматы. «Сөздік – Словарь». 2009. 465б.

6.2.2 Жаңабеков К.,Исембергенова С.К., Джанабекова Г.К. т.б. «Тамырлар жүйесі». 2011



6.3 Интернет-ресурстар


6.3.1 vet-academi.ru

6.3.2 anatomiya-domashnix



6.3.3 zoovet.infovet/ anatomiya-zhivotnykh
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет