БАҒдарламасы ғылыми-педагогикалық бағыт СҰРАҚтар тізімі 1 «Туризмология негіздері» пәні 1 Курс бағдарламасы



Дата24.10.2018
өлшемі129.87 Kb.
#92572
түріБағдарламасы


6М090200 «Туризм»
мамандығы бойынша қабылдау емтихандарының
БАҒДАРЛАМАСЫ
Ғылыми-педагогикалық бағыт
СҰРАҚТАР ТІЗІМІ
1 «Туризмология негіздері» пәні
1.1 Курс бағдарламасы

1. Рекреациялық географияның теориялық негіздері.

1.1. Рекреациялық географияның негізге алынатыт ұғымдары.

Рекреациялық қызмет туралы ұғым. Демалысты адам қызметінің бір бөлігі ретінде қарастыру. Туризмді рекреацияның бір бөлігі ретінде қарастыру. Демалушы, рекреант, турист ұғымдарының өз-ара қатысы (соотношение понятий). Экскурсия туралы ұғым. Демалу-рекреация-туризм-экскурсия ұғымдарының өз-ара қатысы (соотношение понятий). Рекреацияның негізгі функциялары мен әлеуметтік-экономикалық мәні.



1.2. Рекреациялық қажетттіліктерді рекреациялық қызметті кеңістік пен уақытта ұйымдастыру ретінде қарастыру

Рекреациялық қажеттіліктерді ұғым ретінде қарастыру. Қоғамдық, топтық және индивидаулдық рекреациялық қажеттіліктердің өзара. Қажеттіліктерді зерттеудің әлеуметтік әдістері.



1.3. Рекреациялық қызмететті әлеуметтік-экономикалық құбылыс және салауатты өмір салты ретінде қарастыру.

Мәні, құрылымы, классификациясы. Рекреациялық қызметті психоэмоционалды құбылыс ретінде қарастыру.



2. Туризм географиясының теориялық негіздері.

2.1. Рекреациялық география және туризм географиясы – қоғамдық (әлеуметтік-экономикалық) географияның салалық пәндері.

Демалыс географиясы туралы түсінік. «Туризм» және «турист» терминдердің шығу тегі. Туризмнің жұмыс және концептуалдық дефенициялары. Туристік инфрақұрылым және туристік шаруашылық.



2.2. Қазіргі туризмнің классификациясы.

Қазіргі туризмнің классификациясы және оның қиындығы мен жалпыға ортақ қөзқарастардың жоқтың қасы.Рекреациялық, іскерлік және этникалық туризм.



3. Туристік аудандар қалыптасуының негізгі алғышарттары, олардың классификациясы.

3.1. Аумақтың рекреациялық бағасы.

Табиғи және әлеуметтік-экономикалық туристік-рекреациялық ресурстар. Табиғи рекреациялық ресурстардың үш негізгі бағалары: медициналық-биологиялық, психологиялық-эстетикалық, технологиялық.



3.2. Туристік аумақтарды аудандастыру.

Демалыс пен туризм мақсатында Қазақстан аумағын аудандастыру әрекеттері. Туристік аудандастырудың әдістері. Туристік аудандардың таксономиясы. Туризмнің дамуы және табиғатты қорғау.


1.2 Емтихан сұрақтары

  1. Рекреацияның негізгі қалыптасу кезендері.

  2. Рекреациялық қызметті бұқаралық құбылысқа айналдырудың объективті алғышарттары.

  3. Рекреациялық қызметтің тенденциялары мен эволюциялары.

  4. Рекреациялық саланың өзіне тән ерекшеліктері.

  5. Элиталық, бұқаралық, коммерциялық, ұйымдасқан, әуесқой, белсенді және пассивті, көліктік және экологиялық туризм.

  6. Табиғи рекреациялық ресурстардың үш негізгі бағалары: медициналық-биологиялық, психологиялық- эстетикалық, технологиялық.

  7. Туристік аудандастырудың әдістері

  8. Рационалды рекреациялық табиғатты пайдаланудың технологиясы, оның әдістері және механизмдері.

  9. Табиғи рекреациялық ресурстардың үш негізгі типтері: медициналық-биологиялық, психологиялық- эстетикалық, технологиялық

  10. Туристік-рекреациялық ресурстардың негізгі сипаттамалары.

  11. Азаматтық авиация халықаралық ұйымы (ICAO). ICAO-ның мақсаты.

  12. Қазақстанда туризмнің дамуына әсер ететін факторлар.

  13. Туристік индустрияны кадрмен қамтамасыз ету.

  14. Туризмнің халық шаруашылығының өзге салаларымен байланысы.

  15. Туризмнің экономика саласындағы өзінің спецификасы.

  16. Халықаралық туристік ұйым. ЮНВТО-ның мақсаты.

  17. Қазақстан Республикасында туристік қызметтердің стандартталуы мен сертификатталуы.

  18. Туристік қызмет көрсетудің сапасын бағалау әдістері.

  19. Туризмнің материалдық-техникалық базасының мәселелері мен даму перспетивалары.

  20. Туризмнің нормативті-құқықтық қамтамасыз етілуі.

  21. Туристік саяхаттың қауіпсіздігі.

  22. Рационалды рекреациялық табиғатты пайдаланудың негіздері мен технологиясын құрастыру.

  23. Туризмнің халық шаруашылығының өзге салаларымен байланысы

  24. Туризмнің экономика саласындағы өзінің спецификасы.

  25. Рекреациялық аудан туралы ұғым және оның өзене тән тұстары.


1.3 Әдебиеттер

  1. Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы. Алматы: Атамура, 2000. – 336 с.

  2. Гезгала Я. Туризм в народном хозяйстве.- М.: Прогресс, 1975.- 212 с.

  3. Ердавлетов С.Р. Основы географии туризма: Учебное пособие. – Алма-Ата:КазГУ, 1991.

  4. Биржаков М.Б. Введение в туризм: Учебник - 9-е изд., перераб. и доп. М.: Герда, 2007. - 576 с.

  5. Кусков А.С., Джаладян Ю.А. Основы туризма. Учебник для ВУЗов, М.: Кнорус, 2008. - 388 с.


2 «Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы негіздері» пәні
2.1 Курс бағдарламасы

1. Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы туралы негізгі ұғымдар. Ұғымдардың негізгі белгілердің сипаттамасы. Негізгі тактикалық ұғымдардың сипаттамасы: мақсаты, мықты тұстары, құралдары, ұақыты, маршруттардың қосалқы және төтенше жағдайдағы варианттары, туристік саяхаттың қауіпсіздігі.

2. Белсенді туристік саяхаттардың отандық және шетелдік классификациясы. Туристік саяхаттар классификациясы туралы білімнің туристік құрылымдағы ұйымдастырушыларды дайындаудағы ролі. Туризмнің белсенді түрлерінде тактикалық зертемелердің (такические разработки) мазмұны және методикасы. Белседі туристік саяхаты бағытындағы маршрут тандауың талдау.

3. Белседі туристік саяхатында тамақтануды ұйымдастыру. Белседі туристік қызметтегі физикалық дайындық. Туристік саяхаттың белсенді түрлеріндегі жабдықтаудың сипаттамасы. Жалпы және арнайы физикалық дайындық туралы ұғым. Гигиена ережелері және денсаулықты сақтау. Физикалық жүктеме жағдайындағы адам ағзасындағы энергетикалық шығындар.

4. Туризммен шұғылданғанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Жеке және топтық жабдықтаулар. Жабдақтауларды саяхатқа дайындау, иемдену, тексеру, пысықтау, тасымалдау, жөндеу, күту және мауысымаралық кезде сақтау. Белседі туристік саяхаттарды медициналық тұрғыда қамтамасыз ету және профилактика шаралары.

5. Күрделігі бойынша әртүрлі санаттағы саяхаттарды ұйымдастыру және жүргізу ерекшеліктері. Күрделігі бойынша 1-2 санаттағы таулы саяхаттардың ұйымдастыру және жүргізу ерекшеліктері. Күрделігі бойынша 1-2 санаттағы су саяхаттарының ұйымдастыру және жүргізу ерекшеліктері. Күрделігі бойынша 1-2 санаттағы жаяу, шаңғы және велосипед саяхаттарының ұйымдастыру және жүргізу ерекшеліктері.

Күрделігі бойынша 1-2 санаттағы белсенді туристік саяхаттардағы қозғалыстарға ілесіп жүретін бригадалардын дйындығы мен қалыптасуы және кедергілерден өту тәсілдері. Күрделігі бойынша 3-6 санаттағы белсенді туристік саяхаттарды ұйымдастыру ерекшеліктері және тау бастарына шығу. Ілесіп жүретін бригаданың коммерциялық турда қызмет көрсетуді ұйымдастыру. Акклиматизация және оның таулы жорықтағы түрлері.


2.2 Емтихан сұрақтары

  1. Спорттық туризмді спорттың әмбебап түрі ретінде қарастыру.

  2. Туризмнің белсенді түрлері және оның ерекшеліктері.

  3. Туризм бойынша спорттық классификацияның принциптері.

  4. Туристік топтың жинақтау (комплектования) принциптері.

  5. Маршруттың қосалқы және төтенше жағдайдағы варианттары.

  6. Акклиматизация және оның таулы жорықтағы түрлері.

  7. Туристік тактика және оның түрлері.

  8. Маршруттың тактикалық зерттемелердің (разработки) құрылым.

  9. Туристік саяхатта тамақтануды ұйымдастыру.

  10. Туризмдегі және таудағы қауіптердің классификациясы.

  11. «Жайяу туризм», «тау туризм», «шаңғы туризм», «су туризм», «велосипедтік туризм» ұғымдарының негізгі белгілері.

  12. Спорттық туризмнің функциялары

  13. Маршруттың техникалық қиындығы.

  14. «Туристік маршрутардың күрделігі бойынша санаттар» ұғымы.

  15. «Туристік маршруттағы табиғи кеделгілердің күрделігі бойынша санаттар», «жергілікті кедергілер» және «ұзақ кеделгілер» туралы ұғымдар және олардың техникалық қиындығы.

  16. Қазақстан Республикасында туристік-спорттық жорықтарды өткізу ережелері.

  17. Турды ұйымдастырудағы және өткізудегі енбектің бөлінісі.

  18. Гид-жолсеріктің жұмыс істеу ерекшеліктері.

  19. Турларда халықаралық топтармен жұмыс істеу ерекшеліктері.

  20. Спорттық турлардың стратегия ерекшеліктері.

  21. Туризмнің белсенді түрлеріндегі тактикалық зертемелердің (разработки) мазмұны мен құрастыру әдісі.

  22. Туристік саяхаттың белсенді түрлеріндегі жабдықтаудың сипаттамасы.

  23. Физикалық жүктеме жағдайындағы адам ағзасындағы энергетикалық шығындар.

  24. Белседі туристік саяхаттарды медициналық тұрғыда қамтамасыз ету және профилактика шаралары.

  25. Күрделігі бойынша 1-2 санаттағы жаяу, шаңғы және велосипед саяхаттарының ұйымдастыру және жүргізу ерекшеліктері.


2.3 Әдебиеттер

  1. Волков Н.Н. Спортивные походы в горах. – М.. ФиС, 1974. – 160 с.

  2. Вуколов В.Н. Основы техники и тактики активных видов туризма: учеб. пос. – Алматы, университет «Туран», 1996. – 244 с.

  3. Иванов И.С., Кораблев В.А. Водный туризм в Семиречье. – Алматы: университет «Туран». Серия «Библиотека туриста», 2004. – 140 с.

  4. Лукоянов П.И. Зимние спортивные походы. – М., ФиС, 1979. – 151 с.

  5. Федотов Ю.Н., Востоков И.Е. Спортивно-оздоровительный туризм: учебник/Под общ. ред. Ю.Н. Федотова. – М.: Советский спорт, 2002. – 364 с.



3 «Халықаралық туризм географиясы» пәні
3.1 Курс бағдарламасы

1. Халықаралық туризм: анықтамасы, негізгі ұғымдар және терминологиясы. Туризмнің анықтамасын күрделі кеңістік және әлеуметтік-экономикалық үрдіс ретінде қарастыру. Саяхаттаушы және уақытша келуші туралы ұғым.

2. Халықаралық туристік нарықты тауар-ақша қатынастар ретінде қарастыру. Халықаралық туризмді сырқы экономикалық байланыстардың көп түрінің бірі ретінде қарастыру. Халықаралық туризмнің ерекшеліктері. Халықаралық туризмнің спецификалық (өзіне тән) түстары. Халықаралық туризмдегі экспорт, импорт және реэкспорт.

3. Халықаралық туризм дамуындағы статикалық және динамикалық факторлар. Туристік сұраныс және оған тән тұстары. Туристік сұраныстың мәні (сущность). Туристік сұраныстың икемділігі туралы ұғым. Бұқаралық туристік ағындардың (потоки) сипаттамасы. Халықаралық туризмнің әлем нарығы.

4. Рекреациялық туризм географиясы. Рекреациялық туризм географиясының ерекшеліктері. Еуропадағы рекреациялық туризм. Америкадағы рекреациялық туризм. Азия-Тынық мұхит аймағының рекреациялық туризмі. Африка, Таяу шығыс және Оңтүстік Азияның рекреациялық туризмі.

5. Іскерлік туризм географиясы. Діни туризм географиясы. Тәуіп ету (қажылықтың) тарихы. Діни тақырыптағы экскурсиялық туризм географиясы. Дңнтану мақстатындағы ғылыми туризмнің географиясы. Емдік туризмнің географиясы.

6. Туризмдегі сандық көрсеткіштер. Халықаралық туризм статистикасы және оның даму тарихы. Халықаралық туризм дамуының қазіргі беталысы (тенденциясы). Халықаралық туристік ұйымдар және олардың туризмнің дамуындағы атқаратын маңызы (ролі).
3.2 Емтихан сұрақтары

  1. Халықаралық туризм: анықтамасы, негізгі ұғымдар және терминологиясы.

  2. Халықаралық туризм классификациясы.

  3. Халықаралық туризмнің даму жағдайлары мен негізгі факторлары.

  4. Туристік формальдылықтар (құжаттық ресмиліктер): төл құжаттық, визалық, валюталық, кедендік, медециналық бақылау.

  5. Халықаралық туризмдегі экспорт, импорт және реэкспорт.

  6. Туристік сұраныстың негізгі тұстары: динамизм, гетерогендік пен кешенділік, икемділік (эластичность), уақыт пен кеңістікте шоғырлануы (концентрациясы).

  7. Демалу мен ойын-сауық мақстанындағы туризм географиясы.

  8. Рекреациялық туризм географиясының ерекшеліктері.

  9. Іскерлік туризм географиясы

  10. Діни туризм географиясы

  11. Емдеу-сауықтыру туризмнің географиясы.

  12. Діни тақырыптағы экскурсиялық туризм географиясы.

  13. Дңнтану мақстатындағы ғылыми туризмнің географиясы.

  14. Халықаралық туристік ұйымдар.

  15. Бұқаралық туристік ағындардың (потоки) сипаттамасы.

  16. «Халықаралық туризм географиясы» оқу пәнінің пәні және мазмұны. Өзге ғылымдармен байланысы.

  17. Халықаралық туризмнің дамуындағы физикалық-географиялық факторлары мен ресурстардың ролі мен маңызы.

  18. Халықаралық туризмнің дамуындағы экономикалық-географиялық факторлары мен ресурстардың ролі мен маңызы.

  19. Халықаралық туризмнің дамуындағы этникалық және мәдени-тарихи факторлары мен ресурстардың ролі мен маңызы.

  20. Халықаралық туризмнің әлеуметтік-экономикалық маңызы.

  21. Жол жүру сапар мақсатында, қозғалыптұру тәсілі бойынша, көлік түрлерін пайдалану бойынша туризм түрлерінің классификациясы.

  22. Халықаралық туризмнің ерекшеліктері мен аудандастыру принциптері.

  23. Шығыс Европа елдеріндегі туризм

  24. Батыс Европа елдерінің біреуінің кешендік туристік сипаттамасы (өз қалауыңыз бойынша).

  25. Қазақстанның туристік аудандар географиясы.


3.3 Әдебиеттер

  1. Александрова А.Ю. Экономика и территориальная организация международного туризма. –М.: МШГУ, 1996.- 105 с.

  2. Александрова А.Ю. Международный туризм. Учебное пособие для вузов. - М.: Аспект-Пресс, 2001. – 464 с.

  3. Александрова А.Ю. Структура туристского рынка. – М.: Пресс-Соло, 2002. – 384 с.

  4. Дмитриевский Ю.Д. Туристские районы мира. Учебное пособие. Смоленск. 2000г.

  5. Дурович А.П., Копанев А.С. Маркетинг в туризме. Учебное пособие. Минск, 1998г.

  6. Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы, практика. – Алматы, 2000.-336 с.


4 «Туризмдегі кәсіпкерлік қызметтің негіздері және бухгалтерлік есеп» пәні
4.1 Курс бағдарламасы

  1. Туризм саласындағы кәсіпкерлік қызметтің экономикалық мәні мен функциялары. Сервис саласындағы кәсіпкерлік қызметтің типтері мен ұйымдық-құқықтық формалары. Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуі және туристік қызметті мемлекеттік бақылау.

  2. Кәсіпкерлік ойлар және оларды жүзеге асыру. Туризм кәсіпорындағы және қонақжай индустриясындағы бизнес-жоспарлау. Сыртқы және ішкі кәсіпкерлік орта. Сыртқы кәсіпкерлік орта және сыртқы кәсіпкерлік ортасы факторларының классификациясы. Кәсіпкерліктегі бәсекелестік Кәсіпкерлік тәуекелдер: түсінігі, типтері, себебтері. Кәсіпкерлік тәуекелдер: оларды залалсыздандырудың негізгі механизмдері. Кәсіпкерлік құпия және оны қорғау түрлері

  3. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау, талдау, бағалау. Сервис мекемесіндегі кәсіпкерлік қызметінің баға тиімділігі.

  4. Кәсіпкерлік қызметтің салыстырмалы экономикалық тиімділігі. Шаруашылық міндетті шешудің ұтымды вариантын таңдау методикасы.

  5. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың экономикалық, әлеуметтік және құқықтық шарттары. Бизнестің ұйымдық-құқықтық формасының артықшылықтары мен кемшіліктері.


4.2 Емтихан сұрақтары

1. Кәсіпкерлік қызметтің объктілері мен субъектілері ұғымы.

2. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі белгілері.

3. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың экономикалық, әлеуметтік және құқықтық шарттары.

4. Кәсіпкерлік қызметтің функциялары мен түрлері.

5. Кәсіпкерлік қызметтің міндеттері мен принциптері.

6. Бизнестің ұйымдық-құқықтық формаларының артықшылықтары мен кемшіліктері.

7. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің сипаттамасы.

8. Экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеттері мен әдістері.

9. Бизнес-жоспар ұғымы.

10. Бизнес-жоспарды әзірлеудің мақсаттары мен міндеттері.


11. Бизнес-жоспардың құрылымы мен мазмұны.


12. Кәсіпкерлік ортаның мәні.

13. Сыртқы кәсіпкерлік орта және сыртқы кәсіпкерлік орта факторларының классификациясы.

14. Ішкі кәсіпкерлік орта.

15. Кәсіпкерліктегі бәсекелестік ұғымы.

16. Бәсекелістік стратегиялары.

17. Бәсекелестік мінез-құлықтың типі мен әдістері.

18. Тәуекел туралы ұғым, оның негізгі элементтері мен тұстары.

19. Тәуекел классификациясының жалпы принциптері.

20. Туристік кәсіпорын қызыметінің қаржылық нәтижелері.

21. Кәсіпкерлік идеялардың анализі.


  1. Кәсіпкерлік идея – бизнес негізі

  2. Туризм дамуының көрсеткіштері.

  3. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау, талдау, бағалау.

  4. Сервис мекемесіндегі кәсіпкерлік қызметтің баға тиімділігі.


4.3 Әдебиеттер

1. Гарина Е.П., Медведева О.В., Шпилевская Е.В. Основы предпринимательской деятельности [Текст]: Учебник. М.: Феникс, 2010. - 352 с.

2. Дмитриев М.Н., Забаева М.Н. Экономика и предпринимательство в социально-культурном сервисе и туризме [Текст]: Учебник. М.: Юнити-Дана, 2009. - 400 с.

3. Крутик А.Б. Решетова М.В. Экономика и предпринимательство в .социально-культурном сервисе и туризме [Текст]: Учебник. М.: Академия, 2010. - 224 с.

4.Морозов, М.А. Экономика и предпринимательство в социально-культурном сервисе и туризме: Учебник. / М.А. Морозов; 2-е изд., испр., доп.- М.: Академия, 2006.- 288 с.- (Высшее профессиональное образование

5.Таспенова Г.А. Организация бизнеса: Учебное пособие. Алматы.: Экономика,2013.-365с

Дайындалды:

«Туризм және сервис» кафедра меңг.

____________


б.ғ.к. Ерубаева Г.К.





Келісілді:











Гуманитарлы- заң факультеттің деканы


__________


з.ғ.д., профессор Сулейменова С.Ж.




















Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет