Бағдарламасы бойынша шығарылды



Pdf көрінісі
бет1/13
Дата03.08.2018
өлшемі8.5 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ûмµàëи
Í
ÀËИ
°
Ø û à м à ë à û
µ
3
ĸ Ĵ IJ
öŘī Řı ĩ Ĵ čı čŐ
Łĵ Ķĩ ĶĬ Į Ĥ ĵ Ŀ
ñ ij IJ ij Ĩ ĵ ĥ Ĺ ĭ Ĥ
I ďĸ Ħ ĵ
İ
ç ķĸ Ħ ij Ħ -2013

© Нұрғали Р., 2013
© «Фолиант» баспасы, 2013
УДК 821.512.122.0 
ББК 83.3(5 Қаз) 
ISBN 978-601-302-015-0  (T. 3) 
ISBN 978-9965-35-995-8 
УДК 821.512.122.0 
ББК 83.3(5 Қаз) 
   Н 86
Қазақстан Республикасының Мәдениет 
және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті 
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 
бағдарламасы бойынша шығарылды
Нұрғали Р.
Шығармалары. – Астана: Фолиант, 2013.
ISBN 978-9965-35-995-8
Т.3. Сөз өнерінің эстетикасы: монография. І кітап.  – 288 б.
ISBN 978-601-302-015-0
Қарымды қаламгер, көрнекті әдебиеттанушы ғалым, акаде мик 
Рымғали Нұрғалидың іргелі зерттеу еңбектері топтастырыл  ған 
8 томдық жинағының 3-томына «Сөз өнерінің эстетикасы» ат  ты 
монографиясының «Әдеби дәстүр», «Әдеби байланыс», «Әде  би 
шығарма» деп аталатын алғашқы тараулары беріліп отыр.
Н 86

3
АҢДАТУ
Алматы.
1968 жыл. 
Сары күз. 
Кеше өзім студент, аспирант болған Қазақ мемлекет тік уни-
верситетінде енді ұстаздық етпекпін. Доценттің міндетін ат-
қарушы. Оқытатын пәндерім: кеңес дәуірін де гі қазақ әдебиеті, 
әдебиет теориясы және драматургия дан арнаулы курс. 
20-40-жылдар әдебиетіне қатысты тарихи, мұрағат тық, бас-
пасөз материалдарын қарастырып, драматургия бойынша дис-
сертация жазғандықтан екі пәнді оқыту аса қиынға түспеді.
Қинаған сабақ – әдебиет теориясы. Қазақ тілінде уни вер-
си тетке арналған оқулық жоқ. Қ. Жұмалиевтің «Әде биет тео-
риясы» орта мектеп көлемінде мағлұмат бе реді, Е. Ысмайы лов-
тың «Әдебиет теориясының мәсе лелері» (1942 ж.) деген ат пен, 
Мұхтар Әуезов редакциясымен шық қан кітабы тыйым салын-
ған еңбектер қатарында темір торда жатыр.
Орыс тіліндегі В. Томашевский, Л. Тимофеев, Г. Пос пелов, 
Ю. Лотман, В. Жирмунский секілді авторларға сү йе несің. Аме-
рикан ғалымдары Р. Уэллек пен О. Уор ренн бар.
Іздене келе өзбек И. Сұлтанов, башқұрт К. Ахметзянов, та тар 
Ғ. Ибрагимов зерттеулерінің, оқулықтарының сора бына түс тік. 
Қиысатын тұстар мол. 
Ұстазым, профессор Бейсенбай Кенжебаевтың жасы рын сан -
дығында сақталған Ахмет Байтұрсыновтың «Әде биет таныт-
қыш» кітабымен танысқаннан кейін жаңа бір кеңіс тік ашы-

4
лып кеткендей болды. Әдебиеттануда, қа 
лып 
ты поэти 
када, 
сти  листикада  қолданылатын  негізгі  тер мин,  ұғым,  катего рия -
лардың қазақша дәл атауы ға жап дәлдікпен, анық, айқын бе-
рілген екен. Солардан алған тамаша сөздерді сыздықтатып 
еңбектерімізге кір гізе бастадық. Сол үшін қуғындалған күндер 
де болды. Ол – уақыты келгенде шертілетін ұзақ, қайғылы хал. 
Университеттің филология, журналистика факуль 
теттері 
сту денттеріне арналған «Әдебиет теориясы және эстетика» де-
ген жалпы курсты оқыту үшін көптеген еңбектерді қарастырып, 
ой қорытып, көктей жазып, дә ріске Мұхтар Әуезов романда-
рын кезінде қағазға түсір ген стенографияшы Данаш Байқада-
мова ны шақырдық. Сөйтіп, көп ізденістен кейін дүниеге кел-
ген зерттеудің бір бөлімі «Әдебиеттің даму сипаты» деген атпен 
«Кү ретамыр» (1973 ж.) монографиясына енді, «Өнер алды – қы-
зыл тіл» кітабы (1974 ж.) болып басылды.
Әдебиеттің теориялық проблемалары: дәстүр жал ғастығы, 
түрлі мектептер, бейнелілік табиғаты, аударма, жанр, стиль, 
ағым, әдіс бірлігі, шығармашылық сыры, суреткер даралығы се-
кілді сан алуан мәселелерді па йымдаған «Телағыс. Әдеби дәстүр 
мен әдеби даму» мо но графиясы 1986, 1991 жылдары екі рет 
басылды. Осы кітаптың өңдеп, түзетіп, толықтырып жасалған 
«Сөз өне рінің эстетикасы» деген жаңа нұсқасы оқырманға ұсы-
нылып отыр.
Рымғали Нұрғали,
1 маусым, 2002.
 Астана

Бірінші тарау
Ә Д Е Б И 
Д Ә С Т Ү Р

7
І
Көркемдік ойлаудың ұлттық ерекшеліктері негізінде қа-
лыптасқан әр халықтың әдеби дәстүрі – бір кезең, бір дәуір 
емес, ұзақ ғасырлар тудырған, ұрпақтан ұр 
паққа беріліп, 
үнемі өзгеріп, түлеп, байып, дамып оты ратын рухани игілік. 
Қашанда әдеби дәстүр мен әдеби даму – әдеби қозғалыстың 
өзара ажырамас, тығыз диа лектикалық байланыстағы құрамдас 
қайнарлары.
Жаңашылдық ізденістерінің арнасы ең алдымен жүйе 
лі 
дәстүрді игеруде жатыр, табанды қаламгер үйрену, үлгі алу, 
тәжірибе жинақтау кезеңдерінен өтіп алып барып, соныға 
тартады. Рас, Мұхтар Әуезов, Михаил Шо лохов, Шыңғыс Айт-
матов сынды жиырманың ішін де классикалық туындылар бер-
ген, жаңа көркемдік игі ліктермен әлем әдебиетін байытқан 
ше берлердің шы ғар машылық эволюциясында, тез толысуында 
құдіретті өнер пазға тән ерекше заңдылық бар.
Мәдени-көркем мұраны игеруде гуманизм, адам 
гер 
шілік, 
прогресс талаптарының маңызы зор. 
Революциялық төңкерістер дәуірінде ескі мен жаңа күресі 
әбден шиеленіседі, осы кезеңде әр түрлі әдеби ағым өкілдері 
«бұрынғының бәрін қиратып, жаңа өнер жасаймыз» деген әуре-
сарсаңға түсіп, дәстүр атаулыны мансұқ етпек болады, түптің 
түбінде тығырыққа тіреген шиырларға барады.
Әдеби-мәдени ауыс-түйіс, өзара ықпал-әсер хақында оқы-
мыстылар неше түрлі концепциялар ұсынады. Олар дың ішінде 
реакцияшыл, нәсілшілдік, таптық идео логияның отына май 

8
құятын тұжырымдар да бар. Батыс пен Шығыс арасында көр-
кемдік-рухани игіліктер ал 
масу мүмкіндіктерін жоққа шы-
ғаратын, оларды өзара қарсы қоятын әдеби шығармалық, ғы-
лы ми трактаттар жазылды, Р. Киплинг, А. Фет белгілі туын-
дыларында бол мақ емес деген ойларды ашық айтты. 
Неміс философы Освальд Шпенглер «Европаның құл 
ды-
рауы», ағылшын социологі Арнольд Тойнби «Тарихты зерттеу» 
деген еңбектерінде томаға-тұйық, тығырық шең бер өркениет-
тер теориясының негіздерін салды. Бұ лардың тұжырымы бо-
йынша тектес, тағдырлас, нәсілдес елдер мәдениетінің тұ йық-
талған (локальды) сипаты бар: мұндай цивилизациялар өз 
шеңберінің ішінде туып, өсіп, дамып барып құлдырайды: өзге 
мәдениеттерге терең әсер, зор ықпал жасай алмайды. Тіпті әр 
түрлі мәдениеттер қиысқан күннің өзінде дамыған мәдениет 
кенже мәде ниетті жұтып қояды, оның ұлттық ерекшеліктерін 
ірітіп жібереді, ассимиляция жасайды.
Бұл пікірлердің түпкі төркінінде кейбір халықтардың био-
логиялық жаратылыс табиғатын кемсіту, кейбір ұлт 
тардың 
сүйегінің асылдығын, қанының қасиеттілігін мо
  
йындауға апа-
ратын нәсілшілдік, рассалық кесепатты пікірлер жатыр.
Дәстүр мен жаңашылдық, ұлттық және интер на ционалдық 
сипаттардың тұтастығы туралы концепция қазіргі заман әде-
биетінің тәжірибесінде сан тілдегі нақты көркем шығармалар 
арқылы іске асты. Әлеуметтік си паты, тарихи мақсаты, негізгі 
қаһарманы тұрғысынан ал ғанда адамзат көркемдік дамуында 
жаңа құбылыс болып табылатын қазіргі әдебиет – көркемдік 
жүйелері нің байлығы жөнінен классикалық реализм, ілгері-
шіл романтизмнің жанды жалғасы – өмірді шыншылдық пен, 
реалистікпен, объективті бейнелейтін кең мүмкіндік тің, келе-
шек тің  әдебиеті.
Көп жанрлы, сан қырлы қазақ әдебиетінің төркіні, тарихы, 
қазіргі жағдайы өзара байланыстар, бағыттар, мектептер сабақ-
тастығы жөнінде аса қызықты, ерекше мәнді фактілер мен де -
ректерге бай. Мұндай материалдар ды салыстыра зерттеу ар-
қылы тарихи-төркіндестік (гене 
тикалық), тарихи-тектестік 

9
(типологиялық), тарихи-мә дени өзара байланыстар туралы ғы-
лыми жинақтаулар жасаған филологиялық іргелі еңбектер жа-
зылып келеді. 
Әдеби дамудағы жалғастық проблемаларының бірне ше ас-
пектісін, көп қырларын көрсете келіп, ұлтаралық әдеби бай-
ланыстардың сан алуан жолдарын айта отырып, әдебиет 
ші 
ғалымдар әр түрлі деңгейдегі дәстүрлер, мә дениеттер тоғы-
суынан үздік үлгілер туатынын нақты мысалдармен дәлелдеп 
берді. Жаңа дүниежүзілік та рихи кезең шындықтарын бей-
не лейтін, қаһарманның күн делікті тірлігін көрсететін, әлем 
картинасын кеңейт кен қазіргі әдебиет адамзатқа ортақ дәстүр-
лерді байыта келе, көркемдік жинақтаулар жасап, жаңа эс-
тетикалық игіліктер тудырады.
Үздік үлгілерден үйренуге құмарлық, адамзат дәс түрлеріне 
ден қою, туған топырақ байлығынан қол үз беу – әлемдегі бар-
ша талантты қаламгерге ортақ қасиет. Ұлттық дария, әлемдік 
телегей теңіз – осы телағыстың тоғысуынан арналы қазына – 
көркем әдебиет жасалады.
Эстетикалық кіндік проблемалардың бірі – халық тық мә-
селесін қарастырғанда, қазақтың ұлттық әдебиетін дегі көне 
нұсқаларға, бағзы замандардағы мұраларға назар аударамыз, 
бүгінгі үлгілерге зер саламыз.
Әдебиеттегі халықтық мәселесін зерттеудің тамыры ға сыр-
лар тереңінде жатыр. Философ, жазушы һәм ағар тушы Жан 
Жак Руссо бұл төңіректе кейін тұтас мектептерге азық болған 
пікірлер айтқан. Қым-қиғаш әлеуметтік тартысты қарым-қа-
тынастар өнер мен ха лық тың арасындағы байланыстың соң ғы 
дәнекерлерін сын дырды: халық бір төбе, өнер бір төбе болып 
кетті. Қо ғам мен адам арасы кереғар алшақтап, жатсыну бас-
талды. Сондықтан Жан Жак Руссоның қоятын талабы – өнердің 
халықтық формаларын, көне түрлерді іздеу. Тек солар ғана 
халықтық идеологияға жақын болмақ. Руссо жалғыз өнер емес, 
буржуазиялық қоғамның да ел үшін пайдасы жоқ деген тұ-
жырым ұстанды.

10
Әлеуметтік күреске ХХ ғасырдың басында қазақ то пы   ра-
ғында орыс мектептерінен оқып шыққан бір үлкен буын қа-
уырт араласты. Сол лектің өкілі М. Әуезов 1918 жылы жазған 
«Ғы лым тілі» мақаласында өзінің білім дә ре же сіне, эрудиция -
сы  на лайық шамада Руссо ның «ғылымда мән жоқ, пайда жоқ» 
де ген пікірінің сола қайлығын дәлелдеуге тырысады.
Немістің ұлы ақыны Шиллер халық пен өнерді та быстыру 
үшін қалың қауымды биік эстетикалық өреге көтеру шарт дейді. 
Бұл ретте ол Руссо концепциясына қо сылмайды. Ғылымда диа-
лектиканы қолданғанмен, идеа лизм арнасында қалған Ге гель 
көркем туындыны, шығармашылықты бағалауда басты кри-
терий – халықтық сипат деп біледі. Үркердей шағын, аз топтың 
мақсатын күйттеген өнер – өнер емес.
ХІХ ғасырдағы орыстың төңкерісшіл демократтары зерт-
теген, тиянақтаған мәселенің бірі – әдебиеттің азат тық күреспен 
байланысы.
Сыншы В. Белинский жазушы Н. Гоголь шығармала рын 
талдағанда Плюшкин, Манилов, Чичиковтарды орыс хал-
қының жарасы, дерті деп білді. Шынында да, хас суреткер же-
ңісті шақтардың, салтанатты күндердің жыршысы ғана емес, 
кінәраттардың сыншысы, аурудың емшісі.
Әдебиетке азаматтық үлкен талап қойған Добролюбов 
«Орыс әдебиетінің дамуында халықтың қатыс дәрежесі жай-
лы» дейтін еңбегінде өмір ешқашан теорияның сү релері, қағи-
да  лары ізімен жүрмейтіндігін, керісінше, әдебиет өмірге қа-
рап бой түзейтіндігін дәлелдейді. Доб 
ролюбов жазушы мен 
оқыр 
ман арасындағы байланысқа айрықша назар аударған. 
Асы лы, әдебиет төңірегіндегі дау-дамай, ұсақ таластарда қа-
лың қауымның шаруасы жоқ. «Біз халықтық деп атамекен сұ-
лулығын жыр етуде әсерлі, айшықты сөз қолдануды, тұрмыс 
салтанатын дәл бейнелеуді ғана түсінбейміз, шын мәнінде ха-
лықтың халықтық рухын түсіну. Халық кешкен өмір азап та-
рын кешу. Кітаби оқымыстылықты тастап, табаныңмен жер ба-
сып көру», – дейді Добролюбов.
Буржуазиялық қарым-қатынастардың даму бары сын да ро-
мантиктердің бір тобы бүгінгі күннен ат-тонды ала қашып, ес-

11
кілікке табынды, бір тобы көне грек әде биетіндегі формаларға 
жармасты.
Әдебиеттің халықтық сипатын анықтағанда бөліп ай 
та-
тын бір арна – елдің өз ішінен шыққан перзенттер қо лынан 
туған, халықтық идеологияны күйттейтін ұжым 
 
дық өнер 
туын дылары. Бұған фольклорлық шы ғармаларды жатқызуға 
болады. Ауыз әдебиеті сананың балаң кезінде жетекшілік қыз-
мет атқарса да, кейін қоғам тілегінің күрделі талабына ілесе 
алмай қалады. Бұл ретте есімізге К. Маркстің грек эпосы ту-
ралы айтқан сөзі түседі.
Екінші арна – дара шығармашылық тұлғалардың шы ғуы. 
Әрқашан суреткер ана тілі арқылы өз халқының өмірін, тұр-
мы сын, психологиясын, рухын бейнелемек. Әдебиеттің образ-
дық табиғаты, дара сипаты тілмен кін діктес, өйткені тіл халық-
тың қоршаған ортаға, болмысқа қарым-қатынасын білдіреді. 
Сондықтан халықтық сипат белгілі бір елдің әдеби тілі үшін 
күресінен басталатын кездері болатындығын да айту шарт.
Түркі тілдес әдебиеттердің араб, парсы кітәби тілінен, ша-
ғатай тілінен қашу себебі өнерді туған топыраққа жақындату, 
өмірді ана тілінде бейнелеу үшін күрестен шыққан еді. Бұған 
ұқсас құбылысты Германиядағы және Ресейдегі дворяндардың 
француз тілінің әсеріне түсіп кеткен шағынан көруге болады.
Суреткердің қай ұлттың ошағында туғаны бірден-бір фактор 
емес. Илья Эренбург – еврей, ол барлық шы ғармаларын орыс 
тілінде жазды. Американың белгілі жазушысы Ульям Сароян – 
бір кезде ата-бабасы жер ауып кеткен, Америкада тұрған армян.
Өнерпаз тағдыры қызық: Лермонтов жиырманың ішін 
де 
классикалық дүниелер берді, жап-жас Шолохов – «Ты  нық Дон-
ның» авторы. Ал кейбір жандар маңдайын тау ға, тасқа соғып, 
күрестің басқа түрлерінен қайтқан шақта ғана қа лам ұстайды. 
Осындай адамның бірі – Джо зеф Конрад. Ұлты – поляк, дүние-
нің төрт бұрышын аралаған кәрі тарлан, теңізші. Ағылшын ті-
лін жі гіт ша ғында үйреніп, шығармаларын сол тілде жазды. 
Джо зеф Конрад – ағылшын жазушысы. Татар Сабыр Шәрі -
пов  – өз шы ғармаларын үш тілде: қазақ, орыс, татар тіл де-
рінде жаз ған адам. Бірақ оның әдебиет тарихында қалған туын-

12
дылары, оқу шының назарын аударатын еңбек тері қазақ тілінде 
туған, ол – қазақ жазушысы.
Әдебиеттің халықтық сипаты – ана тілімен өзектес, ана тілі – 
ананың ақ сүті. Өйткені көркем образ, оның әр түрлі сәулелері, 
бояуы, ырғағы ана тілінде ғана айқын ашыла алады.
Шекспир туындыларына Ренессанс заманындағы ең қиын 
түйін проблемалар арқау болған. Лев Толстой эпо пеясындағы 
өзекті арна – орыс халқының тағдыры. Ха лықтық шығарма 
күрделі, көкейкесті мәселе көтеріп қана қоймайды, тартыстың 
барар жер, байсал табар ора йын эстетикалық идеал, авторлық 
мұрат тұрғысынан көркем, шебер шешіп береді.
Алдыңғы ұрпақтар басындағы қуаныш күйді, мұңлы сырды, 
қан қазаны кейінгі толқындарға тапсыратын елші – жазушы.
Әр тілді, сан сенімдегі халықтар бір-бірімен байланысы жоқ 
қайықсыз қалған аралдар сияқты әсер етуі мүмкін. Өркениет, 
әсіресе ХХ ғасырдағы әлеуметтік қозғалыс дү ние жүзі елдерін 
өзара қат-қабат, сан сала қарым-қа тынасқа түсірді. Бұрын бір 
мемлекетті бір мемлекет зең бірек оғымен, қарумен тізе бүктірсе, 
енді тұтас плане таларды шығарма жаулайтын болды.
Әдебиеттегі ықпал, әсер, байланыс мәселелері жада ғай қа-
растырылмауы шарт. Әуелгі кезде өрлеген, өскен әдебиет 
кенже әдебиетті көбіне еліктеу арнасына түсіретіні рас. Бұдан 
кейін сыртқы пішін ғана емес, ішкі мазмұнды игеру басталмақ. 
Халық жан-жағына қарайды, басқада бар мен өзінде барды 
салыстырады. Болашақ өткелдерін іздеу үшін өзінің өткеніне 
қарайды.
Сәкен Сейфуллин сынды төңкерісшілдің «Советстан», «Тар 
жол, тайғақ кешуден» кейін «Көкшетау», «Қызыл атты» жа-
зуы, Ілияс Жансүгіровтің «Даладан» кейін «Құ лагерді» жа зуы 
кездейсоқ нәрсе емес, бұлар туған халқы тарихының көр кем 
шежіресін жасауды, із-түзсіз ғайып болған беймезгіл заман-
дар перзенттерін қайта тірілтуді мақсат тұтқан. Коммунистік 
саясаттан көңілдері қалған.
Әлихан, Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жү сіпбек, 
Сәкен, Бейімбет, Ілиястардың, нар топтың қолы нан ұшып түс-

13
кен қаламды Әуезов көтеріп алып, қыран қанаты ғана талмай 
жететін асқар шыңға самғады. Қазақ өмірінің поэтикалық кар-
тинасын тудырып, тарихи ерлік жасады.
Қазіргі қазақ жазушыларының өткен күндерге, қа 
дым 
замандарға ерекше назар салуы – әлеуметтік, ұлттық сананың 
кемелденгенінің,  азаматтық  марқаю дың  бел гі сі.
Әдебиеттің халықтық сипаты және ұлттық тіл мә селесі тө-
ңірегінде бүгінгі әдебиеттану ғылымында бір қатар талас пікір-
лер бар. Әлеуметтік, қоғамдық жағдай лардың әсерінен Афри-
ка елдерінің кейбір өкілдері шы ғармаларын француз тілін де 
жазып жүр. Бірқыдыру үн ді жазушыларының шығармала ры 
ағылшын тілінде туған. Мұндай құбылыс біздің әдебиетте де 
төбе көрсетті. Кезінде Әуезов Бауыржан Момышұлы, Әнуар 
Әлімжа нов және кейбір Кавказ жазушыларының осы ерекше лі-
гін айтқан еді. Ешқашан ой мен тілді ажыратып, бөліп қарау ға 
болмайды.
Қысқасы, суреткер – елінің үні, жұртының ары. Ха лық 
батырға, патшаға, ойшылға сенбейтін сырларын тек жа 
зу-
шысына ғана сеніп тапсырады. Алыс өлке, қиыр шетке шық-
қанда суреткер туған жердің атынан сөйлемек, рас, Дан тестер, 
Мартыновтар, Батыраштар хас талантты атқанда қол 
дары 
дір етпес, ырысқа орай, әрбір жаңа буын алдыңғылар жа-
лауын жерге түсірмейді. ХХ ғасырда аз ғантай авардан шық-
қан Расул Ғамзатов әлемдік поэзияға тау әуенін әкелді. Ке-
ше саны аз норвегтер дүниежүзілік драматургияға әсер ет-
кен Ибсенді тудырса, бүгін ақ қалпақ қырғыз прозаның күр-
делі формаларында алдына жан салмай келе жатқан, әр шы-
ғармасында қоғамдық жаңа проблема көтеріп отырған Шың ғыс 
Айтматовты берді.
Империализмнің асқындауынан туған шовинистік идея 
-
лар, фашистік трактаттар халықтық категориясын мансұқ ете-
ді. Эстетикада халықтық мәселесі қоғамдағы қайшылық тар -
 мен диалектикалық байланыста қаралуға тиіс.
Рас, алғашқы қауымдық құрылыста өнерде таптық си пат 
болған жоқ. Тенденция – таптық қоғамдағы өнерге тән, жал-

14
пылық мәні бар категория. Бұл мәселені ал ғаш теориялық жа-
ғынан тиянақтаған – К. Маркс пен Ф. Энгельс.
Фридрих Энгельстің Каутскаяның «Көнелер мен жа ңалар» 
атты романына байланысты жазған хатында эс тетиканың ке-
йінгі тарихында үлкен мәнге ие болған пі кір бар. Жазушы-
ның саяси позициясы, яғни тенденция сы жағдайдан, әрекет-
тен та биғи тұрғыда шықсын деген ой айтылады. Мәселе тарихи 
аспектіде қаралады. Ерте дәуірдегі Эсхил мен Аристофан, 
орта ғасырдағы Данте мен Сервантес, ағартушылық заманда-
ғы Шиллер – осы сияқты әр кезеңдегі әр түрлі жазушылардың 
шығармаларын дағы негізгі сарын – тенденциялық екендігін 
көрсетеді. Бұл пікір Лассальға, оның «Франц фон Зикиген» 
трагедия сы туралы жазған хатында тереңдей түседі.
Маркс пен Энгельс өнердің бейнелілік табиғатына, дара-
лық ерекшелігіне айрықша мән беріп, қаһарман әлеуметтік 
идеялардың жалаң рупоры болып кетпеуін ерекше қаузаған. 
Олар бірталай ақындар мен жазушыларға қамқоршы болған, 
идеялық жағынан әсер еткен. Маркс Фрейгард дейтін ақынды 
теріс бағытынан айырып, нәр лі шығармалар жаздыру арна-
сына түсірсе, жазушы Веерт Энгельспен танысқаннан кейін 
про  летариат өмірін жыр лайды. Вейдемейерге 1852 жылы 16 қаң -
тарда жолдаған хатында Карл Маркс: «Ақын кім екендігіне 
қарамастан құптауды, еркелетуді сүйеді», – деп жазды. 
Әдебиеттегі таптық сипат В.И. Ленин шығармаларын да жаңа 
тұжырымға ие болды. Партиялық ұғымы Ленин еңбек терін де 
бірнеше мағынада қолданылған:
1. Белгілі бір адамның партияға мүше болуы;
2. Дүниетанымдағы, философиядағы партиялық, яғни мате-
риализм мен идеализм арасындағы күрес;
3. Жазушының, философтың, идеологтің әлеуметтік, қо ғам-
дық қозғалысқа өзінің шығармасымен саналы түр де қатысуы.
Әдебиеттің партиялық принципі Лениннің «Новая жизнь» 
газетінің 1905 жылғы 13 ноябрь күнгі 12-санында басылған 
«Партиялық ұйым және партиялық әдебиет» атты мақаласын-
да негізделген. Бұл туынды – коммунис тік партияның әде биет 
саласындағы саясатының арна сын жасаған еңбек.

15
Кейбір оқымыстылар «Партиялық ұйым және пар тиялық 
әдебиет» мақаласының өткінші, кезеңдік қана мәні бар деген 
концепция ұсынды.
Щербина «Ленин және әдебиет мәселелері» дейтін зертте-
уінде Махтың 1905 жылы Венада шыққан «Таным және адасу» 
кітабымен Лениннің айтысқа түскенін дә лелдейді.
Лениннің бұл мақаласындағы пікірлер тек партия мүше ле-
ріне, тек партиялық публицистерге арналмаған, олар жалпы 
әдебиет, жалпы өнер табиғатын қамтиды.
Ленин бір жағынан әдебиетті партияға бағындырады: «Әдеби 
іс – жалпы пролетарлық істің бір бөлігі, бү кіл жұ мысшы та-
бы ның саналы авангардының бәрін қоз ға лысқа келтіретін бір-
тұтас, ұлы социал-демо кратиялық механизм нің «тегершігі мен 
винті» болуға тиіс. Әдеби іс – ұйымдасқан, жоспарлы, бі рік кен 
социал-демократия 
лық партиялық жұмыстың негізгі бө 
лімі 
болуға тиіс» (В.И. Ленин. Шығармалары, 10-том. – 31-бет).
Екіншіден, басқа пікір айтады: «Талас жоқ, әдеби іс жай 
ғана теңгермешілікке, тігісін жатқызушылыққа, азшылыққа 
көпшіліктің үстемдік етуіне онша көп көне бермейді. Талас 
жоқ, бұл істе жеке бастың ынта-жігері не, жеке бастың әуес-
тенушілігіне үлкен кеңшілік болуын, пікір мен шарықтаған 
ойға, форма мен мазмұнға кеңшілік болуын сөзсіз қамтамасыз 
ету керек». Бірақ нақты өмірде бұл шарттар орындалмады. 
Ком партия әдебиетке, өнерге саяси талаптар қойды, оған көн-
бегендерді қуғындады, тіпті асты, атты.
Бүгінгі таңда, әлем жақсылық пен жауыздық май данда ры-
на бөлінген дәуірде, күңгірт бояулар сөніп, ақ пен қара ғана 
қал ған заманда, Хиросима мен Нагасаки қас қағымда опат 
бол ған заманда, бір елдің сүйікті ұлын үй төбесінен оп-оңай 
атып тас тап жатқан заманда, тасжүректер Ауғанстанды аямай 
бомба лап жатқан за манда суреткер принципі біреу-ақ, ол – 
адамгер шілік  прин цип. 
Бұл касталық, топтық ұғым емес, эстетиканың күре тамыры, 
объективті мәні бар ғылыми ұғым. Тұтас әде би құбылысты, 
жеке шығармашылықты, күрделі проб леманы қарастырғанда 
басшылыққа алар бірден-бір фи ло софиялық, көркемдік таразы.

16
Әрқашан әдебиет пен өнердің жан-жақты дамып, қо ғамдық 
жаңа талаптар, өмір тілектеріне орайлас өркен деуі үшін нақты 
шаралар қолданып, үнемі қамқорлық жасау керек.
Әдебиеттің қазіргі проблемаларын биік эстетика тұр ғысы-
нан талдап, анализ жасаудың үлгісін көрсету, әдеби-көркем 
сын ның негізгі, түбірлі кемшіліктерін ашып, оларды жою дың 
жолдарын белгілеу – зор мақсат.
Үлкен әдебиет қашанда халық өмірінің белді кезеңде рін, 
дәуір тудырған әлеуметтік тартыстарды, қоғамдағы саяси ағым-
дарды, психологиялық шытырмандарды ай 
налып өтіп кете 
алмайды. Ерте ме, кеш пе, әйтеуір ел басынан өткен оқиғалар 
өнер тілімен сөйлеп, ұрпақтар тал қысына түспек.
Тыйым салынған тақырып, суреткер аяғын баспас объекті, 
жазуға, айтуға болмайтын дүние жоқтығы өнер тарихымен 
аз-кем хабардар адамға айдай анық. Рухани дамудағы сабақ-
тастық, кәмелет талабы күн өткен сайын бұрын ақтаңдақ 
жат қан жерлерге зер салуға мәжбүр етеді. Әсіресе кезінде, за-
манында бар тіршілігі қағаз бетіне, әуез ырғағына, мүсін пі-
шініне, бояу жүзіне түспей қалған халықтар енді-енді өз қолы 
өз аузына жеткен шақта өнердегі әр түрлі ізденістер кең арналы 
тенденцияға айналуы – заңды құбылыс.
Қазіргі қазақ әдебиетінің даму бағдарына көз салғанда сан, 
сапа жөнінен өсуді, жанрлық формалардың баюын, нақты 
адам бейнесінің жасалуын, шеберлік мәдениеті нің көтерілуін 
айту шарт. Халықтың рухани есеюінің айқын көрсеткіші – 
ұлттық өнер эстетикалық жағы нан марқайып, философиялық 
жағынан салмақтанып, тамырын тереңге жайып келеді. Рас, 
өмір күресін, тірлік тартысын, адам психологиясын, ғылыми-
техникалық төңкеріс өтпелі заман, тәуелсіздік нәтижесінде 
туған жаңа қарым-қатынастарды бейнелеуде қазақ әдебиетінің 
алатын асулары әлі алда. Өмірлік шындық пен көркемдік шын-
дық, дүниетаным мен шығармашылық, факті мен қиял қа-
рым-қатынасын ашу, өнердегі әсер-ықпалдарды көрсету, даму 
заңдылықтарын, өсу тенденцияларын айқындау – бүгінгі таң-
дағы зерттеулердің берекелі ізденіс бағыттары.

17
Әлеуметтік мәнді тіршілік, қоғамдық қарым-қа 
тынастар, 
адам мен адам, адам мен қоғам, адам мен та би ғат арасындағы 
диалек тикалық байланыс өнердің қам титын аясы деген тұжы-
рымға көп оқымыстылар ден қояды.
Гегель өнердің дамуын үш үлкен кезеңге бөлген:
а) Символикалық кезең. Ол – шығыс халықтарының өнері-
не тән сипат;
ә) Классикалық кезең. Мұнда мазмұн мен форма бірлік та-
бады. Мысал ретінде ертедегі Греция өнері алынады;
б) Романтикалық кезең. Мұнда әдебиет ерекше да мыған.
Тұтас алғанда, диалектикалық элементтер болғаны мен, бұл 
саралауда идеалистік көзқарас жатыр.
Әлемдік эстетика өнер түрлерінің тууын қоғамдық дамумен 
сабақтас қарайды. Бұл тұрғыдан архитектура (сәулет өнері) 
техникамен, қоғамның экономикалық қа рым-қатынастарымен 
өте тығыз байланысып жатыр.
Архитектура – кеңістікке қатысты өнер, ол табиғат 
пен, 
таумен, аспанмен, жермен, халықтық, ұлттық ерек шеліктермен 
тамырлас өнер, онда замана әсері, тарих ізі сайрап тұрады. 
Қазақ топырағындағы ең әйгілі, көк күмбезінен жаратылғандай 
ғажап ғимарат бар емес пе, онда ақын Қожа Ахмет Яссауи сүйегі 
жатыр.
Бұл түркі тілдес әдебиеттер тарихында терең із қал дырған 
ақын, философ қазіргі Сайрам қаласы төңі ре гінде 1103 жылы 
туған. Әкесі көзі қарақты, сөз қадірін түсінген, білікті адам 
болыпты.
Жастайынан жетім қалып, тақсырет шеккен Ахмет еңсесі 
басылып, жүнжіп кетпей, қағылез, өткір, алғыр боп өседі. 
Оның балалық, бозбалалық шағы Яссы шаһарын да өткен. Кейін 
даңқы шартарапқа жайылған шақта осы қала атын өз есімімен 
қосарлап айтқан. Бұл – ертеректе кең тараған дәстүр. Көп 
оқып, мол білім алған, табиғаты нан сұңғыла Ахмет көп шәкірт 
ішінен суырылып шығып, өзі көш бастайды. Мұсылман дінінің 
ықпалымен белең алған софылық ағымды жырлайды.
Ахмет Яссауидың атышулы шығармасы – «Диуани хик мет» 
(«Даналық жайлы кітап»). Ол ХІХ ғасырда Стамбул, Қазан, 
2-0207

18
Ташкент қалаларында бірнеше рет басылып шыққан. 1901 жы -
лы Қазанда қазақтар үшін арнайы жарияланды. Ырғағы буын 
санына негізделген өлшеммен жазылған бұл туындыда Ахмет 
Яссауи бала күнінен қартайғанға дейінгі өмірін түгел баян 
етіп, тір лікте көрген азап, шеккен қайғы, татқан рақатты ай-
тады. Жұмыр басты пенделерді шенеп-мінеп, фәнидің жал-
ғандығын, бұл өмірдің өткіншілігін көрсетіп, аске тизмді, о дү-
ние мәңгілігін жырлайды.
«Диуани хикметтен» қазақ халқының ежелгі мә де ниетіне, 
әде биетіне, тарихына, этнографиясына қатыс ты бағалы фак ті-
лер табуға болады.
Жарық дүниені тәрк етіп, өмірінің соңын жер астындағы 
қылуетте өткізген Ахмет Яссауи 1166 жылы көз жұмған. ХІV ға -
сырдың аяғында қылышынан қан тамған қаһарлы Ақсақ Те-
мір өз даңқын асыру ниетімен мәшһүр ақын сүйегін Түркіс-
тан қаласына әкеп қойып, басына архитектуралық ғажап сұлу 
күмбезді мазар ор натты. Бұл ғимарат көп замандар қастерле-
ніп, қазақ хал қының әйгілі қайраткерлері, батырлары, шешен-
дері, ақындары жерленетін мавзолей болып келді.
Скульптурада (мүсін өнерінде) бедер, көлем, пішін, мүсін – 
негізгі элементтер. Лессинг көрсеткендей, мұн дағы өзекті нәр -
се – адамның рухани байлығын дене сұ лулығы арқылы бейне-
леу, адам характерін, әлеуметтік ойды көлем арқылы, пішін 
арқылы таныту.
Көрермен суретке қарағанда не болған, бұдан кейін не болмақ 
деген жауап іздейді. Бояу, сәуле, жарық, көлең ке – осылардың 
тоғысуы, шарпысуы картина, сом сурет жасайды. 
Қас-қабақтағы сәл қимыл, жүздегі титтей құбылыс, көздегі 
ұшқын – живопись (кескін өнері) стихиясы. Бір-ақ сурет әре-
кетті кезең-кезең қалпында бейнелей алмайды, живопись құді-
реті – бір сәт, бір көрініс. Ә. Қастеев, О. Таңсықбаев, Ә. Ыс-
майылов, Қ. Телжанов, С. Айтбаев, Н. Нұр мұхамедов, т.б. қазақ 
суретшілерінің еңбектері осыны дәлелдейді.
Музыкадағы басты құрал – ырғақ, саз, гармония, әуезділік. 
Өнердің басқа салаларына қарағанда мұнда нақтылық кемшін 

19
болса да, сезімге сәуле берер сыр мол, жүрекке әсер етер толқын 
көп. Музыкадағы ырғақтарды тудыратын – көне дәстүр, ғұрып-
салттар, елдің әлеуметтік өмірі, халықтың өз топырағы, тау-
тасы. Қорқыт, Құр ман ғазы, Тәттімбет күйлерін, Ақан, Абай, 
Біржан әнде рін, Мұқан, Нұрғиса музыкасын еске түсіріңіз.
Бетховеннің үшінші симфониясынан, Хачатурянның «Спар-
так» балетінен, Мұхаметжановтың «Шаттық ота ны» сим фо-
ниясынан әр түрлі әсер аласың. Қазақ күйле рінде ат тұяғы ның 
дүбірі, ақшам бояуы бар.
Театр – туысында синтетикалық құрама өнер. Мұнда әде-
биет, живопись, музыка құралдары қатар жүреді.
Драма – әдебиеттің дамыған кезіндегі жаңа сапалық сипат-
тың көрсеткіші, халық өнерінің кемелденгендігін айқындай-
тын өлшеуіш, критерийлердің бірі.
Зады, көшпелі тұрмыс кешкен ел баянды драма, тұ рақты 
театр тудыра алмағаны тарихтан жақсы аян.
Драма жанр ретінде халықтың азаматтық тарихымен, руха-
ни дамуымен әрқашан емшектес.
Драма үлкен қақтығыстар, әлеуметтік тартыстар, ала са пы-
рандар, революциялар, жаңғыру, төңкеріс за ман дарында ерек-
ше өрлеп өседі, шырқап дамиды. Көне грек драматургиясы, 
Шекспир драматургиясы – осы тұжырымның ақиқат дәлелі. 
Бұл жанрдың туып, қалып тасуына қала, шаһар тіршілігі, эко-
но мика, мәдениет дең гейі әр кез ықпал жасап отырмақ.
Драманың жанрлық табиғатын, бітім-сипатын таны 
ғанда 
әманда назар аударып, көңіл бөлетін үш буын бар. Олар:
1. Драмалық тартыс;
2. Драма композициясы;
3. Драма мен театр байланысы.
Жеке пьесаны талдағанда, тұтас кезеңге пікір айтқанда осы 
үш маңызды проблеманы ұмытуға болмайды. Зерт теуші дра-
маға әр түрлі қырынан келмек.
Драмалық конфликт, тартыс жанрдың объектісін, пә 
нін 
анықтайды, болмысын, мәнін, өзегін ашады. Қашан да кон-
фликт жоқ жерде – драма жоқ. Тартыс – драманың алпыс екі 

20
тамыры, жүрегі, өмірдегі қайшылықтардың көрінісі, кон фликт 
драманың формалық ерекшеліктерін де анықтайды. Драма-
лық конфликт – жанр шарттары, әдеби әдіс талаптары, автор-
лық идеал, мұрат тұрғысы нан екшелген, жазушы қиялында 
қайта балқып туған тартыс, өмірдің бір құбылысы шеңберінде 
тұйықтал ған, басы, ортасы, аяғы бар әрекет. Ол пьеса өзегінде 
негізінен бір үлкен арна – рельс тартпақ.
Пьесада сахналық әрекеттің маңызы зор. Бірін-бірі ауыс-
тыратын әр түрлі толқындар, ағымдар, көріністер, қимыл-
қоз ғалыстар, ой толғағы, сезім бұрқағы, көңіл жалқыны – 
драмалық шығарманың діңгегі. Түп-төр 
кінін қазған кезде 
драма дүниеге келгеннен театрмен бауырлас, телқоңыр, кін-
діктес. Пьеса сахнаға шыққанда ғана барлық сырын ашпақ. 
Ю. Айхенвальд «Театрды жоқ қа шығару» атты сенсациялық 
мақаласында кейін көп концепциялардың отына май құйған, 
әр түрлі пі кірлерге мұрындық болған «театр – ойын, театр – 
тек форма» деген тұжырым ұсынған. Ол сахнада әдеби мәтін 
негізінде жасалған спектакль емес, қуыршақтардың ойыны 
көрсетілуі керек деп түйді. Бұл – мүлде қосылуға болмайтын 
теріс азу, қисық, қыңыр пікір. Әрине, театр тарихында қызық 
фактілер бар.
Көне Грециядағы барлық драма театр үшін жазылған. 
Шекспир пьесаларының толық нұсқасы ол дүниеден көш кен-
нен кейін шыққан. Гете тегінде пьеса бастыруға қарсы бол ған. 
Чехов пьесаны сахнаға шыққан соң ғана жариялауға лайық деп 
санапты.
Көп суреткерлер тағдыры театр мен драматургиядан ажы-
рамастай болып кеткен. Классиктерден Шекспир, Гете, Мольер, 
Шиллер театрда жұмыс істесе, қазақ топы 
рағында Жұ 
мат 
Ша нин, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуе зов, Шахмет Хұса-
йынов әрі драматург, әрі режиссер, әрі театрдың әдеби бөлімін 
басқарушы болып еңбек еткен. Бүгінгі таңда театр драма маз-
мұнына, формасына айрықша ықпал жасап отыр.
Уақыт озған сайын театрды кино өнер ретінде мансұқ етіп, 
аренадан шығарып, жұтып қоюы мүмкін деген қауіпті ойлар 

21
да айтылып жүр. Зады, бұл екеуі де туыс, ағайынды өнер. 
Уақыт, география шектелісі жоқ кино ірі планды пайдаланып, 
бір детальдің, кішкентай бөлшектің өзін әр қырынан көрсете 
алады. Қазір Африкада жүрген адамды қас қағымда Америкаға 
апара береді. Кереғар, контраст көріністерді оқыстан қатар 
ұсынатын монтаж – кино тіліндегі ғажап көркемдік құрал.
Әрбір жаңа спектакльде режиссер ойынан қанаттанған ак-
терлер ансамблі көпшілік алдында қолма-қол соны, көркемдік 
дүние тудыратын театрдың өз ерекшелігі, өз қызығы, өз кереметі 
бар. Театр спектаклі камералық, интимдік, сыршылдық сипатқа 
ие. Көз алдында құбылып отырған талантты актердің қимылы, 
тынысы, әрекеті әрқашан мол эстетикалық әсер етпек. Бұл – 
жанды, киелі, сиқырлы өнер.
Тың сала – телевидение, экран шағындығы, бір ша ңырақты, 
бір үйдің адамдарын қамту секілді өзге ше ліктерін былай қой-
ғанда, негізгі сипаттары жөнінен, ірі план, монтаж секілді көр-
кемдік құралдары жағынан киномен аталас.
Сөйтіп,  синтетикалық  ерекшеліктерімен  айқын да ла тын 
өнер салалары – театр, кино, телевидение қазіргі за манда бі-
рін-бірі байытып, қатар, тез, егіз өсіп, байып келеді.
Карл Маркс көне грек өнерін кейінгі тарих үшін норма, үз-
дік үлгі деп бағалаған. Күні бүгінге дейін сақталған ғимараттар 
әлемдік архитектурадағы тұтас мектептерге, сан алуан ағым-
дарға негіз болған. Бағаналар үйлесімі, күмбездер жүйесі бар-
лық елдердің сәулет өнерінде терең із қалдырды.
Мүсін өнерінде гректер адам денесінің сұлулығын, қимыл 
үстіндегі әсемдікті ғажап келісіммен бейнелеп, сырлы тұл-
ғалар тудырды, мәрмәр тасқа жан бітірді. Бұл мүсіндерде сек-
суализмнің ешқандай ізі жоқ. Еркектің қалың қайраты, әйел-
дің шетін нәзіктігі реалистік, өмір ге лайық формалар тапқан. 
Алыс замандағы ісмерлер қо лынан жаратылған туындылар дың 
жақсы көшірме, тәуір баламасының өзі – кез келген маңдайал-
ды музейдің мақтанышы.
Кей халықтардың шығармашылық қуатына күмән кел ті-
ру салдарынан ұзақ уақыт бойы өнер тарихын зерттеуде еуро-

22
центризм теориясы орын алып келді. Бұл бағытты шын ғылым 
мансұқ етеді. Әсіресе соңғы ізде ністер, жаңа еңбектер әлемдік 
өнер тарихында Африка халықтары үлесін, Азия халықтары 
еншісін, Америка ның ежелгі тұрғындарының ен-таңбасын ай-
қындап бе ріп отыр. Театрдың төркінін, сыр-сипатын, бол мыс-
бі тімін тану үшін Шығыстың көне, ежелгі мәдениетіне зер 
са лып, пейіл қойып, тереңдеп бару шарт. Ал Еуропа театр ла-
рының туып, қалыптасып, өркендеуіне ұйытқы болған – грек 
өнері екендігінде ешқандай дау болмаса керек.
Грек театрының шығу тегі, генезисі жақсы мәлім. Афина 
қаласында қадым замандағы ежелгі театрдың жұрнақтары 
әлі бар. Рас, қазір қолданылатын сцена, оркестр, театр, траге-
дия, комедия, драма деген сөздердің түпкі мағынасы бүгін гіден 
алшақ. Көне грек әдебиеті шығармаларының арқауы – ми-
фология, құдайлар ара сындағы тартыс, патшалар қақты ғысы, 
адамдар  тағ дыры.
Ғұлама оқымыстылар грек театры, драма өнері шарап, же-
міс, молшылық құдайы – Дионис құрметіне құрбандық шалу 
салттарынан басталғанын айтады. Бұл орайда Мұхтар Әуезовтің 
«Жалпы театр өнері мен қазақ театры» еңбегінен бірқыдыру 
мағлұмат алуға болады.
Ежелгі театр құрылыс-бітімі, формасы жөнінен қазіргі ста-
диондарға ұқсаған. Қашап жасалған тас орындықтар бар. Сек-
торларға бөлінген. 10-20 мыңға дейін кісі сыйған.
Ортадағы ойын қоятын тұс – оркестр, көрермендер отыра тын 
жер – театр, киім шешетін орын – сцена деп аталған. Актер-
лер биік, ірі көріну үшін катурна ата латын өкшелі етік киген. 
Әр түрлі әлеуметтік топтың, түрлі психологиялық күйдің өз 
маскасы (пердесі) бол ған. Дауысты ұлғайту мақсатында, кө-
рермендерге үн түгел жету үшін рупор іспетті ауызға салатын 
құрал қол данылған. Неше түрлі дыбыстар – жел гуілі, найзағай 
жарқылы, соғыс сарынын бере алатын амалдар жасалған.
Спектакль халықтық мерекелер кезінде көрсетілген. Бұған 
азамат санатына қосылмаған құлдардан өзге үлкен-кіші, әйел-
еркек түгел қатысуға хақылы. Театрға кірерде әркімнің орны 
көрсетілген арнаулы жетон сатылады.

23
Ойын күндіз қойылады. Спектакль үстінде тамақ жеу, 
шарап ішу – әркімнің өз еркінде. Әуелі әр түрлі рәсімдер бо-
лады, салтанат өтеді, елшілер қабылданады. Бір күнде, әдетте, 
4 пьеса сарапқа түскен. Ұнаса қол шапалақтап, қошемет көр-
сету, ұнамаса тас лақтырып, мансұқ ету – дағдылы дәстүр. Кө-
рер мендер ішінен сайланған адамдар үздік туындыларға бәй ге 
береді. Бұдан грек театрының халықтық сипатының бір ерек-
шелігі көрінсе керек. Сол замандағы ең әйгілі драматургтер Эс-
хил, Софокл, Еврипид сан рет бас бәйге, жүлделі сыйлыққа ие 
болған.
Фридрих Энгельс Эсхилді трагедия атасы деп баға лай ды. 
Гете Софоклдай өз өнерін, сахна сырын білген драма тург жоқ 
дейді. Барлық көне грек трагедияларында ғы оқиғалар, негізгі 
қаһармандар мифология, аңыз, тарих пен байланысып жатыр. 
Бір фабула төңірегінде көпте ген шығармалар туған. Аталмыш 
дәуір туындыларында символдық мән, философиялық астар, 
мегзеу сарында ры ерекше мол. Грек драматургиясының қа һар-
манда ры – ғажап тағдырдың, ғаламат күштің иелері. Он дағы 
идеялық сарындар, мотивтер, образдар, тұлғалар әлем әде бие-
тіне зор ықпал жасады.
Эсхил, Софокл, Еврипид шығармаларын жақсы түсіну үшін 
ол кезеңдегі тарихты, философияны, жанрлық шарттарды, 
композициялық-архитектоникалық талап 
тарды білу ләзім. 
Біз  ге жеткен грек трагедияларында тау мен тау соғысқандай, 
теңіз бен теңіз қосылғандай, най  зағай мен найзағай шарпысқан-
дай ғаламат қуат, құ  діретті күш бар. Соның бірі «Бұғаулы 
Прометей» – тамаша шедевр, жауһар туынды. Шығармаға ар-
қау бол ған миф мынау: көп құдайлардың ішіндегі төбе құ дай 
Зевске заманында екінші бір қатардағы құдай Про метей қор-
қынышты күш иелері – Титандарды жеңуге көмектеседі. Бұ-
ған қоса Прометей адамдарға дәрі істеуді, тамақ дайындауды 
үйретіп, хайуанаттарды бағынды рып, Зевске бас имей, оның 
түбінде неден мерт боларын білсе де айтпаған Прометей, адамдар 
үшін қуат күші – от ұрла ған Прометей трагедия финалында төбе 
құдай қаһары нан апатқа ұшырайды.

24
Карл Маркс: «Прометей – философиялық кален дарь дағы ең 
ақ жүрек әулие һәм азапқор», – деп жазды.
Батыс Еуропада театр жеке өнер саласы ретінде орта ғасыр-
ларда туды. Бұл елдерде театрға өзек, арна болған – әр түрлі 
әдет-ғұрыптар, ойындар, христиан дініне дейінгі түйсіктер-тү-
сініктер.
Австралияны, Баварияны мекендеген жұрт бағзы замандар-
да қыс пен көктемнің, жаз бен күздің ауы са тын өлара шақта-
рын мереке, той етіп өткізген. Бұл сал танаттарда би биленіп, ән 
айтылып, ритуалдық, се німдік мәні бар ойындар көрсетілген-ді. 
Іргелі елдердің баршасында өз топырағына лайық өнерпаздар 
шығады. Олар сегіз қырлы, бір сырлы: әрі батыр, әрі сері, әрі 
ақын. Осындай сауықшыл, ел еркелеріне әр қилы ат беріледі: 
француздар – жонглер, немістер – шпильман, поляктар – 
франт, славяндар – скоморох дейді. Көп жердегі театр іргетасын 
қалаған сондай бесаспап өнерпаздар.
Белгілі мамандар Батыс Еуропада ұзақ жылдар бо йы дін 
театр мен драма өнерінің тізгінін өз қолында ұстағанын көрсе-
теді. Шіркеу кескін өнері, театр, музыка, архитектураны адам 
санасына ықпал ету үшін тәсілін тауып, тиімді пайдаланған. 
Литургиялық спектакль дер шіркеуде маңызды діни мерекелер 
кезінде көрсетіле ді. Оқиға пайғамбарлар, әулиелер, Христос 
ғұмырынан алынады. Литургиялық драматургияның көптеген 
жанр лық формалары бар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет