Бағдарламасы бойынша шығарылды Ерахмет Г. Е 64 Наурыз айы туғанда: Өлеңдер / Гүлайша Ерахмет



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата16.07.2018
өлшемі6.51 Kb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5

Қазақстан Республикасының 
Мəдениет жəне ақпарат министрлігі 
Ақпарат жəне мұрағат комитеті 
«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 
бағдарламасы бойынша шығарылды
  Ерахмет Г. 
Е 64  Наурыз айы туғанда: Өлеңдер / Гүлайша Ерахмет.    
– Алматы: Жазушы, 2013. – 112 бет. – «Жас толқын» сериясы.
ISBN 978-601-200-428-1
Ақын қыздың өлеңдерінде  жастыққа тəн албырт сезім, өмірге 
деген ессіз құштарлық, туып-өскен елге, жерге деген іңкəр махаб-
бат өрнектелген.
Сондай-ақ, өмірде кездесіп жататын ірілі-ұсақты тіршілік түйт-
кіл де рі де ақын қыздың қаламынан тыс қалмай, жыр тілінде шы-
найы көрініс тапқан.
УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз 7-5
© Ерахмет Г., 2013
ISBN 978-601-200-428-1  
© «Жазушы» баспасы, 2013
УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз 7-5
Е 64

Гүлайша  Ерахмет
3
Гүлайша  Ерахмет
АПАМ 
Өз ақылым өзіме еш жақпады.
Сен ұрып тұрдың тағы кеш қақпаны.
Жақтырмай бір қарады дала жаққа, 
Күйбеңдеп жүрген шешем пеш жақтағы.
Аспанда ай күледі, түнге емініп, 
Қабаған қара ит жатты іргеде үріп.
Қызын біреу көтеріп ап кетердей, 
Жатарда жатты шешем ілгек іліп.
Өзің жайлы ол бөлек өзектегі от, 
Ал, анама айта алам не деп себеп.
«Анаңды алдай салсаң болмас па еді?» 
Деп содан тілдеспедің сен өкпелеп.
Анамды алдау емес пе – Заманды алдау? 
Өзімді алдау, елді алдау, даламды алдау!
Арадағы əдемі бір іңкəрлік, 
Қаталдықтан сол күнгі қараң қалды-ау.
Кінəлауға сені де бармай тілім, 
Айтылатын болды ақыр таудай шыным.
Білсең етті анасын алдаған қыз, 
Күні ертең-ақ сені де алдайтынын.

4
Наурыз айы туғанда
ЕР 
Көңілімде аға дейтін ұғым жоқ, 
Ешкімге де елп етпедім інім деп.
Жалғыз ұғым, ол ұғымның аты ер, 
Жауға шапса санаспайтын бəсімен.
Сондықтан да ерлер жүрсе маңымда, 
Аға-іні деп жасамаймын, айырма.
Ақын болсын, əкім болсын, бəрібір, 
Ер екен деп білемін тек қадірін.
Үлкен болса сый-құрметім дап-дайын, 
Кіші болса сипап қоям маңдайын.
Берген серттен айнымаса болғаны, 
Биік ерден болғаны ол сонда ары.
Отыратын патшаны да тақтада, 
Ер екен деп айтсаң болды, мақтама.
Сақтаулы тұр туған жердің картасы, 
Соның бəрі сол ерлердің арқасы.
Еркектерге ер дейтұғын ат қымбат.
Осы сөзбен жігер күшін тасқындат, 
Ер ғой десең екі жастағы бала да, 
Бесігінен басын жұлып алады, ə?!
АУЫЛЫМА СЕН КЕЛДІҢ НАУРЫЗДА 
Жиырма қысын өткізіп, жиырма жазын, 
Жиырма көктем ұзатты тырна-қазын.
Жиырма жылдың ең соңғы минутында, 
Саған арнап тағы да жыр жазамын.
Қыр астында қалғасын қыршын қызық, 
Біржолата кетіп ем үмітімді үзіп.

Гүлайша  Ерахмет
5
Ауылыма сен келдің наурызда, 
Көңілімнің тып-тыныш шырқын бұзып.
Мазаланам, біресе қуанамын, 
Қайтсем тыныш орнымда тұра аламын.
Бала көңіл тұрғанын байыз таппай, 
Көже ішкен сезбейді мына қауым.
Аппақ тұнға оранған мына ғалам, 
Сыншыл көзбен қарайды сірə маған.
Тілеу тілеп жатқан ел тірлігіне, 
Сені де құр қойған жоқ сыбағадан.
Шаттық лебі ұялап қабағыма, 
Көңілімнің күн түсіп алабына.
Дір-дір еткен қолыммен көже ұсынып, 
Жаутаң-жаутаң қарадым жанарыңа.
Зар боламыз сезімге жас күнгі əлі, 
Таңдайыңнан кетпесін астың дəмі.
Қош деуге де үлгірмей кете бердің, 
Жирен атың ойнақтап астыңдағы.
Қайта-қайта бұрылып көп қарадың, 
Қайтем мен де бір түрлі боп барамын.
Үлкендерден ұялып тұрдың білем, 
Бара жаттың таусылып жоққа амалың.
Жиып əрең жүргенде есімді енді, 
Несін келді деймін-ау, несін келді.
Аласұрған астыңда жирен атың, 
Аласұрған жүрегім секілденді.

6
Наурыз айы туғанда
Гүлі семіп манағы қуаныштың, 
Болғаны боп қалғаны-ай сірə түсім.
Саған деген сақтаулы сыбағамды, 
Ел көзінен жасырып жылап іштім.
Тағы қағып кеудемде қанатын мұң, 
Қамалынан аса алмай қара түннің.
Өзің жайлы ойлармен арпалысып, 
Мен сол күні əреңге таң атырдым.
Терген күнді еске алып бірге гүлді, 
Қайдан білсін мына жұрт жүргенімді.
Сен аттанған түбінен мама ағаштың, 
Тұра сала іздедім іздеріңді.
Ешкім сезе қоймасын бұл қылықты, 
Салды жүрек сені іздеп қиғылықты.
Таңғы жауған наурыздың ақша қары, 
Жасырып та ізіңді үлгеріпті.
Таң бозынан мен тұрмын мұңға оранып, 
Еске түсіп езілтіп тұр балалық.
Өзің кеше шақырған ауылыңа, 
Кетіп жатты үлкендер мұнда барлық.
Барғым келіп тұрғаны-ай тайпалтып бір, 
Торжорғасын көршінің сұрап алып.

Гүлайша  Ерахмет
7
ГҮЛМЕН СЫРЛАСУ 
Сен деген далада өскен қырдың гүлі, 
Мен деген тауда туған қырдың қызы.
Маған ана мейірі түсіп өстім, 
Саған көктен төгілсе күннің нұры.
Жайқаласың далада сен де мезет, 
Қыз боп ғұмыр сүрермін мен де мезет.
Күнге қарап күрсініп көрген жоқсың, 
Мен де елжіреп көргем жоқ пендеге көп.
Саған біреу қызықса сені үзеді, 
Маған біреу қызықса мені үзеді.
Үзіледі бір күні сабағымыз, 
Өзгермейді бірақ та өмір өңі.
Сен разы етерсің бір көңілді, 
Мен разы етермін сүйгенімді.
Сен де, мен де тəкаппар ғұмыр сүрдік, 
Намыс көріп батпаққа иленуді.
Сен де гүлсің сол күнге жеткеніңше, 
Мен де қызбын ерге еріп кеткенімше.
Мен қорқамын əлде бір жанарлардан, 
Сен қорқасың қорадан ешкі өрілсе.
Қорқыныш пен күн кешіп алаңдаумен, 
Саған дəурен аз сынды, маған дəурен.
Тағдырымыз ұп-ұқсас екеуіміздің, 
Мен қыз болып, сен гүл боп жаралғанмен.

8
Наурыз айы туғанда
ҚАР ҚЫЗЫ 
Қапалақтап жауып жатыр қар аппақ, 
Мен отырмын қатирамды парақтап.
Қара жерге жазып жатыр қар жырын, 
Табыс етіп жүрегі мен тағдырын.
Ала жаздай жүрген еді ұят деп, 
Құшты ақыры қара жерді құлап кеп.
Қар қызының нəзік жыры еді бұл, 
Қара жерге білдіруі көңілін.
Құлағына жете бере сөз басы, 
Ағып жатты қара жердің көз жасы.
Жырды естіп жылап кетті еңіреп, 
Оған еріп жылады бар төңірек.
Жапырақтың жанарлары мөлтілдеп, 
Дəу ағаштың иықтары селкілдеп.
Тас екеш тастар да естіп, бусанып, 
Жанарлардан тамшылары тұр тамып.
Қунанғаннан құшағына ап қар қызын, 
Сүйіп жатты оның жазған əр жырын.
Рухына тəнті болып жігерлі, 
Бу етті де көкке ұшырып жіберді! 
Қардың жырын тыңдайды екен жер жылап, 
Тыңдап алып мазақтарсың сен, бірақ.
Əлдекімге айтарсың-ау мақтанып, 
Айыпты ғып, əлдеқандай ат тағып.
Қарсы алмассың қара жердей қайысып, 
Біліп алып қашқақтарсың, қарысып.
Көкке ұшырып жібермессің бу қылып, 
Мен ойымды білдіргенде жыр қылып.
Қар қызы емес, қазақ қызы екенмін, 
Көңілімді білдіре алмай өтермін.

Гүлайша  Ерахмет
9
ГҮЛДЕР 
Ара ұшып кеткеннен соң, 
Гүл біткен жылайды екен, 
Себебі, көңіліне сол ара ұнайды екен.
Сол үшін азап шегіп, сол үшін мұңаяды, 
Қайтадан үнін естіп қалсам деп қылаяғы.
Ара ұшып кеткеннен соң, 
Гүл біткен күрсінеді, 
Қалады өкініште, сол болып шын сүйері.
Қадірін білгізуге 
ара алыс ұшар мүмкін, 
Гүл көп қой бірінен соң 
Біреуін құшар мүмкін.
Ара ұшып кеткеннен соң, 
Гүл қайта жайқалады, 
Араны жолатпа деп əлемге жар салады.
Ол сөзді тыңдайтұғын құлақ жоқ жас гүлдерде, 
Аралар айналсоқтап жүр əне, ақ гүлдерде.
ƏДЕМІ МҰҢ 
Болар мүмкін жастық шақтың толқыны.
Кездесуге неге асықтық сол күні.
Кездеспесем жаным шығып кетердей, 
Ширықтым-ау салмағы ауыр кеселдей.
Арманым-ау арты өкініш, басы үміт, 
Кездесіп ек, кездесіп ек асығып.
Кездестік те көзімізде от жанды, 
Үзіп кете жаздап тұрдың ноқтаңды.

10
Наурыз айы туғанда
Алақаннан шыққан жылу жанды өртеп, 
Аулақ кетіп тепкіміз кеп əткеншек.
Айтқымыз кеп əлде бір əн шарықтап, 
Қиялдармен отырдық біз қалықтап.
Неғып ертіп шығып едім досымды, 
Көп сөзіміз солар болып тосылды.
Сенің де ертіп шыққан əлгі ұл досың, 
Екеуімізден бір жақындық білгесін.
Жаныңа əкеп отырғызды мені еппен, 
Одан кейін биге шықтық кезекпен.
Билеп жүрдім дірілімді баса алмай.
Құлагерін тірі көрген Ақандай, 
Шаттығыңды айтып тұрдың көзіңмен, 
Мен сол күні би билеппін сезіммен.
Қос жанарың жанымды үнсіз аймалап, 
Кеудем жаққа кетіп тұрды тайғанап.
Саусақтарың саусағымды сүйіп көп, 
Мұрныма тым жағымды бір иіс кеп.
Əрбір айтқан сөздеріңе балбырап, 
Бір жылы сөз айта да алмай ал, бірақ.
Əн де тоқтап, би де бітіп, тарадық, 
Қоштасарда қимастықпен қарадық.
...Одан кейін талай биде болдым мен, 
Оның бəрі аспай қалды сол биден.
Əсерінен қалып кеткен бір бидің, 
Менде əдемі бір мұң жүр.
О, МУЗА! 
Сен едің Тəңірден соң табынғаным, 
Сені іздеп он төртімнен жалындадым.
Көкте күн қолға түспес, жерде гүл бар, 
Керек десең сыйлайын бəрін-бəрін.

Гүлайша  Ерахмет
11
Сол күннен соң ақынға еліктеген, 
Мен сенің айтқаныңа көніп келем.
Жымиып көз алдыма келе қалсаң, 
Түн бойы ұйқымды да бөліп берем.
Көзімше көрсетпеші бөтен қылық, 
Кеудем кеңіп қалады келсең күліп.
Өлкемдегі əдемі қыздың бəрін, 
Саған қосып берейін нөкер қылып.
Сен алыстап кетпеші қорқам, көкем, 
Онда мұңға толады-ау ортам бөтен.
Сөз салып жүрген маған жігіттерді, 
Қолыңа су құйдырып қойсам ба екен?!?
Жастықтың базарында шаттанбай қап, 
Мен едім сені іздеп тапқан бейбақ.
Алтыннан сарай соғып берер едім, 
Тамағымнан аспай жүр тапқан жармақ.
Сен келіп сипағалы маңдайымнан, 
Жып-жылы жыр төгілді таңдайымнан.
Төсек сап берейін бе төріме əкеп, 
Өрген бұлтты ұстап-ап тауларымнан.
Он төртте саған берге уəдем үшін, 
Кешікті тірліктегі дəмелі ісім.
Қызықсаң алқама, иə, жүзігіме, 
Сыйлайын одан да өткен əдемісін.
Үлбіресең алдыма күліп келіп, 
Іргемді қалады ылғи ырыс көміп.
Көркіңе көз тұндырып отырамын, 
Жырымнан жібек көйлек тігіп беріп.

12
Наурыз айы туғанда
Алғалы жас басымды сен дуалап, 
Бір бұлақ кеудемдегі толқып ағад.
Шаһарда сені ертіп жүрмін міне, 
Шашыңа сағыныштан шолпы қадап.
Жаздырды өз тағдырым өзіме өлең, 
Гүл болсын күлкілерім жолыңа егер.
Сені іздеп кетті десін мына халық, 
Жетелеп кетсе мені өлім егер.
Болмайды жиырмам мынау жырламасам, 
Оның өзі бақыт қой бізге орасан.
Ақындар арасына келгеніңде, 
Жетеді оң көзіңмен бір қарасаң.
ЖЫЛАТПАСЫН ҚҰДАЙЫМ 
Сəби жылар қарны ашқанда емем деп, 
Кəрі жылар ажал жетсе өлем деп.
Сен жылайсың маған жетпей келем деп, 
Мен жылаймын ақ қағазда өлең боп.
Су жылайды барар жерім құрдым деп, 
Хайуан жылар тіршілігі бір мұң боп.
Сен жылайсың бір сен үшін тудым деп, 
Мен жылаймын өтіп кетер бұл күн деп.
Шындық жылар жалғандықтар еріп ап, 
Сұмдық жылар ақиқаттан безіп ап.
Сен жылайсың телефонды беріп ап, 
Мен жылаймын жатағыма келіп ап.

Гүлайша  Ерахмет
13
Гүл жылайды күз келгенде бақтағы, 
Əн жылайды əуелемей аспаны.
Сен жылайсың сүймеймін деп басқаны, 
Мен жылаймын бекітіп ап қақпаны.
Көл жылайды аққу-қазы кеткенде, 
Жер жылайды қуаныштан көктемде.
Сен жылайсың мендей болмай еш пенде, 
Мен жылаймын оңаша қап кештерде.
Аққу жылар адастырса сыңарын, 
Орман жылар өрт жалмаса шынарын.
Басымыздан үміт қалсын мына мұң, 
Жыламайық, жылатпасын Құдайым.
БАҚЫТ СЫЙЛАҒЫҢ КЕЛСЕ 
Жеткізбей-ақ қой жер бетіндегі қымбатым, 
Алдыма келсең айни саларым мұнда тұр.
Сондықтан, жаным, жеткізбей маған биік ұш, 
Басылмай өтсін өзіңе деген сүйініс.
Маздатқың келсе жүректе жанған отымды, 
Өтінем сенен, бүркей көрме əсте бетіңді.
Аясаң мені, сағынышым боп бебеулет, 
Бебеулеген соң төгіліп жатам өлең боп.
Өлеңімді оқып жіби қалсаң да, аяма, 
Тартып қой солай үнсіз бір перде араға.
Кездесіп қалсаң сауық кештерде мүбада, 
Қарасаң болды, халымды əсте сұрама?!
Сөзіңнің бəрін көзіңмен жеткіз амал бар, 
Достасып алып қоштасып жатыр адамдар.
Достасқым да жоқ, қоштасқым да жоқ сенімен, 

14
Наурыз айы туғанда
Менде адаммын ғой жетіп алған соң жерінем.
Махаббатың да табысқаннан соң түк те емес, 
Ғашықтығыңды сақтау үшін де күш керек.
Өзіңді сақтап қалуың үшін өкпелет, 
Өзімді сақтап қалуым үшін от керек.
Ол отты сенің алыстағаның жағады, 
Аралық қана əдемі етер араны.
Шынында маған бақыт сыйлағың келсе егер, 
Отағасы емес, отым бола біл өртенер.
СЕН ТЕЛЕФОН БЕРМЕСЕҢ 
Жайнап тұрған өмірдің сұрқы қашып, 
Құлын мұңым кеудемде шұрқырасып.
Тəңірді де, таңды да қарғай алмай, 
Басқа қызық жанымды алдай алмай.
Еліте алмай көше де, бақша-бау да, 
Жетпей, құрғыр дəрменім аңсамауға.
Елден бұғып жатақта жалғыз қалып, 
Өз отыма отырам жалғыз жанып.
Ойлай-ойлай жек көріп қалам бірде, 
Тіл қатпауға бекініп саған мүлде.
Енді сені көрмеуге бекемденіп, 
Ант етемін ішімнен сосын келіп.
Еске алмауға тырысып сөздеріңді, 
Артық ете қоймақ боп өзге кімді.

Гүлайша  Ерахмет
15
Көз алдымда көп жігіт сабылысып, 
Өз отыма отырам жанып, ысып.
Осы ойларым ары қарай бармай жатып.
Сенің телефон бергенің қандай бақыт.
АЗАМАТҚА ƏЗІЛ СӨЗ 
Сорымыз ба, кім білсін, бағымыз ба, 
Жанашыр жан тым аз ғой жанымызда.
Мықты ұлдардың барлығы үйлі боп ап, 
Момын ұлдар қалған ба маңымызда?
Жету үшін көздеген тауымызға, 
Шаң тигізбей келеміз арымызға.
Жанашырлар шетінен жар тауып ап, 
Қатыгездер қалған ба бағымызға?
Біз бармаған тосып тұр бақтар əлі, 
Жасқа жеттік айырар ақ-қараны.
Əдепті ұлдың барлығы бас құрып ап, 
Əдепсіз боп барама басқалары.
Қалмау үшін тозып ар, арман дағы, 
Қайрылмадық қызыққа қайраңдағы.
Сүйкімді ұлдың барлығы той жасап ап, 
Сүйкімсіз боп барама қалғандары.

16
Наурыз айы туғанда
МЕН ƏЛІ ҰЙЫҚТАҒАМ ЖОҚ 
Біле алмадым, 
Қызық сенің алдыңда ұялғаным, 
Ноқталаған желіге жас құлындай, 
Алдыңда тұрам, жаным.
Ары менен ұятын бойға иман ғып, 
Бақыт үшін Тəңірге қолын жайып, 
Қиялға матайды екен қыз арманын.
Кеудем менің, 
Білемін керемет мұң өңгергенін, 
Сайрап тұрған көмейдің бұлбұлы ұшып, 
Тілдің де келтіре алмаймын сөйлеуге ебін.
Сен де түнде түрлі түс көресің бе?
Мен сені ойлай берем неге күнде, 
Сені де бір тентектеу тербей ме мұң?!
Арман-азық, 
Заман шығар бұл да бір алмағайып, 
Керім балаң кербез түн құшағында, 
Арман құшса ағайын барма айып, 
Қамшыңды алып адамдар, жүгіріспе, 
Қызғалдақтай құлпырған гүл үмітке, 
Талсын білек тəтті өлең таңға жазып.
Бірақ, күнім, 
Қалғандаймын саған да ұнап бүгін, 
Бабасының дастүрін ұмытпаған, 
Қыз едім шынар бойлы, бұлақ бұрым.
Аралына арманның аман қалдыр, 
Баспа бетін байыздап қарайлай жүр, 
Шөліңді бір қандырсын шұбат жырым.

Гүлайша  Ерахмет
17
Ұқпаған боп, 
Сен жайлы мұң, сен жайлы ой құшпаған боп, 
Алдыңда айтар ешбір сөз таппағанмен, 
Былай шыға сөйлеймін мықты адам боп.
Мылқау түнде мұңайып отырмысың, 
Денем дел-сал, дегенмен, есім бүтін, 
Мен əлі ұйықтағам жоқ.
ЖОҒАЛҒАН ЖҮРЕК 
Махаббат, əй махаббат, көз жоқ сенде, 
Кездестің неге анау бір бойжеткенге.
Қуантып кеудесіне мың гүл қадап, 
Құшақтатып үлгердің бір күнде азап.
Жігітін кеше сүйген суындырып, 
Кеттің ғой жас көңілдің туын жығып.
Жүрегін кеттің солай ұрлап алып, 
Өткенін жырлап жүрді ол мұң-нала ғып.
Жоғалып қалған жүрек табылмады, 
Достары тұрмыс құрды жанындағы.
Бір жігіт қойып еді көңіл бөліп, 
Ауылына түсті оның келін болып.
Махаббат, енді келсең болмас па еді, 
Өзіңсіз сылаң қақты ол жас келін.
Жүрегі жоғалғанның алдыменен, 
Алдыменен рухани байлығы өлер.
Салтын да, ғұрыпын да таптай салар, 
Ала жіп кездессе де аттай салар.
Сені де жоқ дейді ол онан кейін, 
Сыйлайды нəрестеге обалды өлім.
Бұ дүниенің батсам деп қызығына.
Жаратқанның шет болар сызуына, 

18
Наурыз айы туғанда
Сен болсаң сəлем салар еді елге, 
Именіп жүрер еді ерінен де.
Қастерлеп бабасының дəстүрлерін, 
Аталатын еді ғой жақсы келін.
Жүрегі жоқ қайтеді мына келін, 
Бола ала ма?
Əй қиын, бір əдемі үй. 
Жүрегін қайтадан таба ала ма, 
Мына тұрмыс жарасын жаза ала ма?
Махаббат, ес жиятын кезің келді, 
Ақымақ ете берме көрінгенді.
Қыздарды əкетесің желіктіріп, 
Адасады өзіңе сеніп сүйіп.
Жүректі кеуделерден ұрлап алып, 
Өмір сүріп келесің мырзаланып.
Кездескен жастарыңа опалы бол, 
Сүйгенді бірге қартайт қосағымен.
Жоғалып қалды қанша сүйген жүрек, 
Болмашы басы бар да, аяғы жоқ.
ҚАЗАҒЫМА ТІЛЕК 
Баптайын десең қыраның болайын, 
Айтайын десең жыр-əнің болайын.
Шырағың болайын, шуағың болайын, 
Төсіңнен аққан бұлағың болайын.
Бəйгеге салсаң тұлпарың болайын, 
Биікке ұшқан сұңқарың болайын.
Қиқарың болайын, сұлтаның болайын, 
Ұяты мол ұрпағың болайын.

Гүлайша  Ерахмет
19
Дарқан да дарқан далаң болайын, 
Гүліңе құмар араң болайын, 
Сау болайын, сараң болайын, 
Тек сенің ғана балаң болайын.
Баурайыңда аққан өзен болайын, 
Өмірде қалар өлең болайын.
Төмен болайын, төрең болайын, 
Өзіңде туған өрен болайын.
Жайқала өскен майсаң болайын, 
Əлемді көтерген арқаң болайын.
Алшаң болайын, жайсаң болайын, 
Құшағыңда өскен қалқаң болайын.
Құлпырып тұрған құндызың болайын, 
Қырыңда өскен қырмызың болайын.
Айың болайын, жұлдызың болайын, 
Жүрегі отты бір қызың болайын.
Жанары жəудір елігің болайын, 
Сен туған ердің серігі болайын.
Сенімің болайын, керімің болайын, 
Айналып келіп келінің болайын.
Атадан қалған асылың болайын, 
Көліңде ұшқан лашының болайын.
Пақырың болайын, батырың болайын, 
Арманы асқақ ақының болайын.

20
Наурыз айы туғанда
МЕНІҢ БІР ОҚЫРМАНЫМ БАР 
Менің бір оқырманым бар 
Абай сөзін ақылына аспан еткен.
Өр Қасымның жырларын жаттап өскен, 
Қазақ рухы өлең деп танитұғын, 
Жырмен ғана жігерін жанитұғын.
Менің бір оқырманым бар 
Мен ол үшін бір өлең жазбасам да, 
Қамымды жеп жүретін қай-қашан да.
Қыз жырынан қыз исі аңқиды деп, 
Əрбір шумақ жырыма балқиды кеп.
Менің бір оқырманым бар 
Дəмеленген аңшыдай орманда аңнан, 
Газеттерден іздейді, журналдардан.
Жырларыма өлмейтін ғұмыр тілеп, 
Құттықтайды əрдайым бірінші боп.
Менің бір оқырманым бар 
Жырым түгіл үтірін сүйетұғын, 
Өлеңді өнер, кие деп білетұғын, 
Өлеңіме жай көзбен қарамайтын, 
Мықты ақын болар деп бағалайтын.
Менің бір оқырманым бар.
КЕТЕМІН 
«Махаббаттың құпиясы бар мың түрлі» 
Сезім үшін кетірмеймін шырқымды, 

Гүлайша  Ерахмет
21
Өтіп кеткен күндерді ойлап былтырғы, 
Сен де мендей ұмытып көр күлкіңді, 
Қош, саған да қоштасатын күн туды.
Разы ғып өту үшін бұл көпті, 
Ақыны боп жасау үшін құрметті, 
Менің жаным сілкінуге міндетті.
Сүйіп те көр жаның, тəнің сүйместі, 
Сонда ғана, біле аласың білместі.
Жетелі боп жасау үшін жерде енді, 
Білімменен құрыштаймын зердемді.
Дүниеге күле қарап шеңберлі, 
Өзімді-өзім алдай бергім келмейді.
Қош, саған да қоштасатын кез келді.
Жазып-жазып арман менен тəтті ойды, 
Өлең қылып тастап кеткен дəптерді.
Мен кеткен соң мұңға батып жатта енді, 
Адамбыз ғой көп айтатын əттең-ді, 
Қош, саған да қоштасатын шақ келді.
АЛАҢДАМА, АНАШЫМ 
Қиялдарым сүйрелеп қаламымды, 
Ақ қағазға қадасам жанарымды.
Кейде өкпелеп қаласың қарғашыңа, 
Салмадың деп сөзіме назарыңды.
Жазып-жазып алайын жазарымды, 
Жырлап-жырлап алайын бала күнді, 
Түймеші ана, қызыңа қабағыңды.

22
Наурыз айы туғанда
Ұмыт етсем қазақи дəстүрімді, 
Қастерлеуді білмесем жастығымды.
Шашу қылып əркімге шаттығымды, 
Намысты ұқпай көрсетсем настығымды.
Өз қолыңмен жағымнан тартып жібер, 
Əлімді ұқпай көрсетсем асқынуды.
Көмген жерді сүймесем кіндігімді, 
Ұғынбасам қымбат деп қыз ғұмырды.
Тиянақтандыра алмай тірлігімді, 
Арнамасам адамға бірлігімді.
Сонда ғана қабағың керек маған, 
Үнсіз тартып қоятын тізгінімді.
Қатар өскен көршінің қызын көріп, 
Қиналасың тұрғандай гүлің кеміп.
Мен мектептен оралсам құзыр болып, 
Қуанасың жатқандай қызыр қонып.
Əкем мəз боп жүргенде жырын көріп, 
Қызыңнан алаңдайсың бүгін неғып.
Шаш ағартып көбейтіп сырқаттарын, 
Ана болмас ойламас ұрпақ қамын.
Қыз тапқаның жан ана ұлтың үшін, 
Ұрпақ үшін болса да ұл тапқаның.
Құмай болмай ойлайтын құрсақ қамын, 
Жастығымның жазамын жыр-тақпағын.
Қасындасың жан ана əр ісімнің, 
Өмір екен бұл да бір жарысы мың.
Ақылы бар қыздардың бəрі əпке, 
Ұяты мол қыздардың бəрі сіңлім.

Гүлайша  Ерахмет
23
Мен жалғыз емеспін ғой, жаным ана, 
Қыз болсам да халқымның арысымын.
Жырлап жатса жігітті жырым кейде, 
Қиналасың қиялмай гүліңді елге.
Құшағыңда еркелеп өсіп келем, 
Гүлің болып жайқалып жұмыр белде.
Асыға ма шапқанға, жүйткігенге, 
Кісінейді менде де құлын кеуде.
Ақ сүтіңмен дарыған қайрат маған, 
Сен аман бол аяулы, ардақты анам.
Білем мені өзгеге қимасаң да, 
Тағы сырмақ тігесің арнап маған.
Сенің арман гүліңмін шаң баспаған, 
Өрісіңмін жан ана жан баспаған.
Шуақ бол деп өсірдің елге нұрлы, 
Айта беріп қайтемін елге мұңды.
Қарбаластық қажытып қарғашыңды, 
Қиял деп аталатын көлде жүзді.
Өтеп бере алмадым еңбегіңді, 
Жуып бере алмадым көйлегіңді.
Ақындардың есіңе ап кешірмесін, 
Күрсінесің жан ана несін, несін.
«Ақын қыз» деп атап жүр халық мені, 
Мені өзің батыл ғып өсіргесін.
Қиянды шарлайды ғой қырандар да, 
Қанаты мен тырнағы жетілгесін.
Бойжеткені болған соң замананың, 
Бақытымды басқаша бағаладым.

24
Наурыз айы туғанда
Мен төріңнің он күндік қонағымын, 
Он бесінде ойлантқан ағаларын.
Тілейтін Тəңірінен бала бағын, 
Тəлейіме аман бол ана жаным, 
Түймеші тек қызыңа қабағыңды.
 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет