Бағдарламасы бойынша қоғамдық тыңдау хаттамасы 16 сәуір 2015 жыл



Дата22.06.2018
өлшемі59.2 Kb.
«Гидромаш –Орион-МЖБК» ЖШС-нің 2015-2024 жж арналған қоршаған ортаны қорғау шараларының(жоспар) бағдарламасы бойынша қоғамдық тыңдау хаттамасы

16 сәуір 2015 жыл



Өтетін орны: БҚО, Орал қ.,Урдинская 1А.

Өтетін уақыты: 16 сәуір 2015 жыл

Қоғамдық тыңдауды ашқан: Мамаев А.Қ.

Қоғамдық тыңдау хатшысы: Айтжанова Б.

Төрағасы: Мамаев А.Қ.

Тапсырыс беруші: «Гидромаш –Орион-МЖБК» ЖШС

Дайындаған: «ҒӨО «ЭКО БАСТАУ» ЖШС-і.

Тапсырыс беруші өкілі: «Гидромаш –Орион-МЖБК» ЖШС директор орынбасары -Мамаев А.К.«Гидромаш-Орион-МЖБК» ЖШС СГП меңгерушісі - Ахметов Е.К., «Гидромаш-Орион-МЖБК» ЖШС бетон араластырғыш тораптың меңгерушісі- Бижанов А.Ж., Нуралиева А.С. –ОТК меңгерушісі, Ахметов С. –арматура цехы мен БИХ меңгерушісі, Давлетов Г. –«Гидромаш-Орион-МЖБК» ЕҚ инженері, Кумысбаев А.К. –«Гидромаш-Орион-МЖБК»ЖШС экономисті, Ахметов Ж.М.- №1 цех жетекшісі, Есказиев М.А.- инженер-технолог «Гидромаш-Орион-МЖБК»ЖШС, Айдынов Ж.П. – «Гидромаш-Орион-МЖБК»ЖШС инженер-энергетигі;

Жоспарды дайындаушы өкілдері: «ЭКО БАСТАУ» Ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС директоры Жумин С. М., «ЭКО БАСТАУ» Ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің жетекші маманы, эколог Сатыбалдиева Х., «ЭКО БАСТАУ» Ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің жетекші маманы, эколог Айтжанова Б. Т.

Қоғамдық тыңдау қатысушылары:


  1. Камбетов О.М. – БҚО экология департаментінің экологиялық сараптама бөлімі меңгерушісі.

  2. Сарсенова Л. –БҚО бойыша Табиғи ресурстар және Табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының маманы.

  3. Жумин С.М. - «ҒӨО «ЭКО БАСТАУ» ЖШС директоры

  4. Сатыбалдиева Х.Е. – ҒӨО «ЭКО БАСТАУ» ЖШС экологы

  5. Айтжанова Б.Т.- ҒӨО «ЭКО БАСТАУ» ЖШС экологы

  6. Мамаев А.К.- «Гидромаш –Орион-МЖБК» ЖШС өндіріс бойынша директор орынбасары

  7. Давлетов Г. – «Гидромаш –Орион-МЖБК» ЖШС ЕҚ инженері

  8. Ахметов Е.К. - «Гидромаш-Орион-МЖБК» ЖШС СГП меңгерушісі

  9. Бижанов А.Ж«Гидромаш-Орион-МЖБК» ЖШС бетон араластырғыш тораптың меңгерушісі,

  10. Ахметов Ж.М.- №1 цех жетекшісі

  11. Нуралиева А.С. – ОТК меңгерушісі

  12. Ахметов С. – арматура цехы мен БИХ меңгерушісі

  13. Кумысбаев А.К. – экономист «Гидромаш-Орион-МЖБК»ЖШС

  14. Есказиев М.А.- инженер-технолог «Гидромаш-Орион-МЖБК»ЖШС

  15. Айдынов Ж.П. – инженер-энергетик «Гидромаш-Орион-МЖБК»ЖШС

  16. Қоғамдық тыңдау өкілдері

Қоғамдық тыңдауды ашқан «Гидромаш –Орион-МЖБК» ЖШС өндіріс бойынша директор орынбасары Мамаев А.К. :


Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылады:

2015-2024 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау шаралары (жоспар) бағдарламасының қоғамдық тыңдауы.

Қоғамдық тыңдауды ҚР экологиялық кодексінің 57 бабының талабы бойынша қоғам пікірін айқындау мақсатында өткізіліп отыр. Тыңдауды өткізу тәртібі «Қоғамдық тыңдауды өткізу ережесіне» сәйкес. Қоғамдық тыңдау өтетіндігі туралы хабарлама жергілікті баспасөз құралдары(«Мой город», №12 (194), 25 наурыз 2015ж. )мен жергілікті атқарушы органдардың интернет ресурстарына (www.bko.gov.kz) орналастырылды. Қоғамдық тыңдаудың ережесіне сәйкес тыңдаудың төрағасы мен хатшысын сайлауды ұсынамын:

Қоғамдық тыңдау төрағасы болып Мамаев А.К.сайланды.

Хатшысы болып Айтжанова Б. тағайындалды.

Мамаев А.К. мекеме туралы жалпы мәлімет беріп, қысқаша таныстырып өтті:

- Негізгі қызмет түрі– Темір бетон бұйымдарын шығару.

Қазақстан Республикасының 2012 ж 17 қаңтардағы №93 қаулысында бекітілген «Санитарлы-қорғау аймағындағы өндірістік объектілердің санитарлы-эпидемиологиялық талаптары» ережесіне сәйкес «Гидромаш –Орион-МЖБК» ЖШС-і СҚА 500м және одан жоғары, ІІ қауіптілік сыныбына жатады.

Тексеру жұмыстарынан кейін мекемеде атмосфераға жылына 102.21399656 тоннаны құрайтын 42 шығарынды көзі, соның ішінде 10 ұйымдастырылған және 32 ұйымдастырылмаған ластаушы заттары кездесетіні анықталды.


Мамаев А.К. сөз кезегін жобаны дайындаушы «ЭКОБАСТАУ» ЖШС-нің өкілі Х. Сатыбалдиеваға берді.

Жоба дайындаушы Сатыбалдиева Х.Е. :

Сіздердің назарларыңызға «Гидромаш –Орион-МЖБК» ЖШС-не арналған 2015-2024 жж арналған қоршаған ортаны қорғау шаралары бағдарламасы ұсынылады. «Қазақстан Республикасының ҚОҚМ бұйрығына қосымша «Қоршаған ортаны қорғау шараларының типтік тізімі» 12 маусым 2013 ж, №162-ө талаптарына сәйкестендіріліп, «ЭКО БАСТАУ» Ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-мен дайындалған.

Әрі қарай баяндаушы табиғатты қорғау шаралары жоспарымен таныстырды. Бағдарлама 6 бөлімнен тұрады:

1.Ауа бассейнін қорғау

келесі табиғат қорғау шараларының жүзеге асуын қарастырады

а)Атмосфералық ауаға өндірістік экологиялық мониторинг жүргізу;

ә) Технологиялық жабдықтардан шығатын зиянды заттарды ұстау, зарарсыздандыру үшін арналған шаңтазалау құрылғысын жыл сайын профилактикалық жөндеуден өткізу;

б) Шаңды басу шараларын өткізу;

в) Автотранспорттарды улы зиянды шығарындыларға зерртеу;

Аталған іс-шаралар атмосфералық ауаны қорғауға бағытталған, шаралардың орындалуына 5400,0 мың тенге көлемінде қаражат бөлу қарастырылған.
2. Келесі бөлім - Су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау. Шараның мақсаты- су ресурстарын тиімді пайдалану. Аталған шараға 300,0 мың теңге көлемінде қаражат бөлу қарастырылған.
3. Жер ресурстарын қорғау. Аталған бөлім санитарлық қорғау аймағында көшеттер отырғызу, территорияны абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізуді қадағалайды, осы шараға 250,0 мың теңге көлемінде қаражат бөлу қарастырылған.
4. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын зарарсыздандыру шаралары келесі шараларды қамтиды:

а) Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинап полигонға тапсыру;

б) Өндіріс қалдықтарын (автошина, аккумулятор, істен шыққан май т.б.) арнайы лицензиясы бар мекемелерге тапсыру;

в) Істен шыққан сынап шамдарын Қауіпті қалдықтарды бөлек жинап, лицензиясы бар мекемелерге тапсыру;

Жоғарыда көрсетілген шаралар өндіріс және тұтыну қалдықтарын зарарсыздандыруға, есепке алу, инвентаризациялауға, сонымен қатар мекеме орналасқан аймақтың экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған.

Осы іс-шараларды жүзеге асыруға 1700,0 мың теңге қаражат бөлу қарастырылған.


6. Экологиялық ағарту және насихаттау бөлімі.

Экология саласындағы жаңалықтардан хабардар болу, экологиялық газет-журналдарға жазылу шараларын қамтиды. Мекеме бұл бағытта 40,0 мың теңге қаражат бөлінеді
.
Қорытынды: Қоршаған ортаны қорғау бағдарламаы бойынша қоғамдық тыңдау барысында ескертулер мен ұсыныстар түскен жоқ.

Шешім: 2015-2024 жж. арналған «Гидромаш –Орион-МЖБК» ЖШС-нің қоршаған ортаны қорғау шаралары бағдарламасын бекіту.

Қоғамдық тыңдау төрағасы: Мамаев А.К.

Хатшы: Айтжанова Б.
Каталог: assets -> old -> fileadmin -> user upload -> docs -> Obshest.slush
docs -> Жоба батыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларында ауыл шаруашылығы жануарларын бағу және ұстау ережесiн бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы»
docs -> Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық
Obshest.slush -> «Монтажспецстрой» АҚ Компаниясының қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижесінің қоғамдық тыңдау бойынша Хаттамасы Өтетін уақыты: 10 қаңтар 2014ж. Өтетін орны: БҚО, Бөрлі ауданы, Қызылтал елді-мекені. «Монтажспецстрой»


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет