Бағдарламасы бойынша жарық көрді бейілхан е. МӘЖНҮнтал. өлеңдер, әңгімелер/ Е. Бейілхан



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата18.12.2018
өлшемі7.2 Kb.
#97405
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
165
МӘЖНҮНТАЛ
Арқар мен құлжа, тәуешкі толған 
                                                                         құз далаң,
Шыңдарың қандай такаппар қыздай 
                                                                        сыздаған.
Бабадан қалған қазақы дәстүр бір сенде,
Заманның сеңі бұзбаған.
Сағыныш кернеп жүректі талай айырды,
Үш Ойғыр өзің туғансың мендей шайырды.
Төрт ұрпақ түлеп, біздерден қалған Бесбоғда,
Сіздерге болсын қайырлы...
Сіздерге болсын қайырлы...
                                                                     

Ербол БЕЙІЛХАН
166
ҚАРАША
Қарашадан қар жауып тұр паң күліп,
Бал аша алман, даусым бітіп қарлығып,
Өткен ай, жыл бәрі-дағы өкініш,
Келер күннің барлығының алды үміт.
Қарашадан жел еседі ызғырық,
Қара суық табанымды сыз қылып.
Өткенімнің тиіп басқа қамшысы,
Келер күннен күтіп жүрмін ізгілік.
Қарашадан бақыт күтем көптеген,
Айлар, жылдар өте бермес өкпемен.
“Қараш-қараш” оқиғасын оқумен,
Қараша үйден болашаққа беттегем.
Қарашада түссе жерге қар қалың,
Аппақ қарлар, аппақ менің арманым.
Сол арманға қарашада аттанғам,
Жеткен жоқпын, бірақ қазір жолдамын.
01.11.2000 жыл

167
МӘЖНҮНТАЛ
БІР КҮН
Боз торғай шырылынан,
Боз дала оянады.
Жер беті ұлы думан,
Бастайды баяғы әнді.
Құмырсқа шығып үйден,
Құм тірлік басталады.
Тағы сол күнде күйбең,
Жанардан жас тамады.
Қарғаның даусын естіп,
Бұлбұл құс ұялады.
Сауысқан сақ басқаннан,
Бүркіттен сый алады.
Сұңқардың бағын сынап,
Бақалар бақырады.
Өсекші қалың құлақ,
Құтыңды қашырады.
Осының бәрін көріп,
Ұялып күн батады.
Тұнжырап ойға төніп,
Мазасыз түн жатады.

Ербол БЕЙІЛХАН
168
Басқаша жол салатын,
Қолданар бар ма күш, ем.
Сауапты іс мол болатын,
Шуақты таңды күтем.
15.04.2005 жыл
                      

169
МӘЖНҮНТАЛ
БІР ТҮН
Ақ қанат арманға мініп,
Айқайлап айға тіл қаттым.
Өлеңді өмірдей сүйіп,
Күлімкөз жұлдызға тыңдаттым.
Ақ мамық бұлтқа жастанып,
Ақ торғын сезімдер жатыр.
Бір сұлу, жанары жастанып,
Ұзақ түн көз ілмей жатыр.
Қиялдар қырға шығып ап,
Қырмызы гүлге сыр айтты.
Түн ғашық тілекті құп алып,
Жағалап барады бұлақты.
Тобылғы желге тербеліп,
Таңшолпан жерге телмірді.
Батырдай ұйқыдан оянған
Шыңдардың сілемі көрінді.
Көкжиек көз ұшындағы -
Шымылдық айқара ашылды.
Ал үкі ұйқыға құшынып ,
Байғыздың даусы басылды.

Ербол БЕЙІЛХАН
170
Шығыстан күн қызарады,
Ай ғашық ұялып қашқан.
Адамдар өз сиын алады,
Әр таңнан нұрланып атқан.
10.02.2005 жыл
                                                                    

171
МӘЖНҮНТАЛ
КҮЗ КӨҢІЛ...
Сарғайған жапырақ сағынышымды,
Сары күз, неге ұзарттың.
Жүрегім құстай алып ұшулы,
Тағы да неге, құмарттың!?
Мазасыз мына, күз көңілдегі,
Ойлардың бұлты көшпелі.
Арғымық мінез, іздедің нені,
Арманға ғұмыр жетпейді!?
Ғаламды шарлап дүлдүл қиялым,
Қара жер саған келемін.
Жаза бер, енді жырды миялы,
Қаламұштағы өлеңім...

Ербол БЕЙІЛХАН
172
ЖАЛҒЫЗДЫҚ 
немесе
 
АЛЛАҺТЫ ІЗДЕУ
Жалғызсың ба!?  
Менде ойда жалқымын.
Мұңым да көп, сырым бөлек жартымын.
Жалғыз-жалғыз келіп едік жалғанға,
Жалғыз-жалғыз аттармыз арманда,
Жалғызсырап отырамын қара түн,
Төңірекке қара тілін салғанда.
Маңайымда адамдар жүр қаптаған,
Олардан да сырлас біреу таппағам.
Жалғыздықтың жаяу кешіп аралын,
Тағы міне, жалғыз кетіп барамын.
Бала күннен түскем жалғыз соқпаққа,
Ей, жолаушым енді мені тоқтат па?
Осы жолда тоқтағанша жүрегім,
Ең ақырғы сәттке дейін жүремін...
Бір анадан қатар өсіп туғанмен,
Кіндігіңді егіз етіп буғанмен,
Барлығымыз қатарласып жүргенмен,
Бір шаңырақ астына кеп тұрғанмен,
Ғашық болып, өліп-өшіп сүйгенмен,
Оттай лаулап, шоқтай болып жанғанмен,
Айырылмастай дүние мал жиғанмен,
Тату-тәтті бір төсекке сыйғанмен,
Бір нанды бөліп жарып жегенмен,
Бір анаға жамырасып көгеннен...

173
МӘЖНҮНТАЛ
...Жалқы-жалқы ой жүреді жетектеп,
Ана жаққа жалғыз дара кетед деп.
Атағымыз көкті тіреп тұрғанмен,
Беттеріміз жабылады құмдармен.
Білесің бе? 
Жалғыздықтан жалықтым!
Жол таба алмай, 
                        жөн таба алмай қамықтым!?
Кімге керек малым-мүлкім жиғаным,
Керек екен адалдығым иманым.
Жалғыз-жалғыз аттанамыз бақиға,
Ажал деген қарамайды жақынға!
Өлім деген бір Аллаһтың қақпаны, 
Құтқара алмас, ағайын да, досың да!?
Бұл фәниде сүрсеңде өмір ғаламат,
Шыбын жаның бір Аллаһқа аманат.
Өлгеннен соң азық болар сауап жи,
Құран оқы, намазға ұйы жамағат!
...Іздеп-іздеп таптым оның дерегін,
Құранда екен менің барлық керегім.
Жалғыздықтан құтқаратын ҚҰДІРЕТ,
Аллаһты іздеп келемін!

Ербол БЕЙІЛХАН
174
БОНН ТҮНІ
Бонның түні, неткен тыныш мүлгіген,
Ай аспанда тербетеді қаланы.
Рейне ағар арнасымен кілгіген,
Гейне жатыр жырға бөлеп даланы.
Жамылып ап, түнгі қала желекті,
Жасырады сыр алдырмай өсегін.
Неміс халқы тым еңбекқор бөлекті,
Альфа тауда жырын оқыр Гетенің.
Тереземнен гүлдің иісі аңқыған,
Гүл жырыма недер екен ынтық ел.
Еврей мен орыстарды шарпыған, 
Мен өзіңді жек көре алман Гитлер.
Европа! Тым жайдары, аждаһа,
Арман болған пенделерге ғарыштай.
Алаш пенен Түркістанды ойлаумен,
Бұл жерлерде Мұстафа өткен арыстай.
Бонның түні, жел еседі самалды,
Саф ауаңа кеуде керіп қанбаймын.
Сарыарқама жылқы көңіл алаңды,
Сағынышпен құстар үнін тыңдаймын.
                                     Германия, Бонн қаласы.
                               18 cәуір. 2010 ж.

175
МӘЖНҮНТАЛ
КЕЛЬН КЕШІ
Кельн  кеші, салқын тартты қоңыржай,
Бетховеннің сазды әуені қоңырлай.
Көктем айы, белгісі жоқ сәуірдің,
Шілде айындай иісін-ай, жауынның.
«Лорелай қыз»  айналғанда аңызға,
Ертең сәуір айналмай ма тамызға.
Европа ғашық бәлкім Шиллерге,
Менің жаным құмар жастан күйлерге.
Көне қала. Кельн неткен ғұмырлы,
Біздің тамыр отарлаудан жұлынды.
Майн сенің ұртасам да суыңды,
Жуа алмаймын батпан-батпан 
                                                                мұңымды.
Қайыршы қыз тартып отыр гитара,
Шерлі әуен, шер боп тиді құйқама.
Негр жігіт өріп апты тұлымын,
Күллі ұрғашы сорып отыр шылымын.
Байлық көрсе, иіс сезер алыстан,
Европа, киімі жұтаң данышпан.
Жақтырмаймын жайсаң жандай 
                                                                күлкіңді,
Ей, Азия азайтсаңшы ұйқыңды.

Ербол БЕЙІЛХАН
176
Европа-ай, евродай өмірлі,
Алдау қиын, біздің жершіл көңілді.
Кеші думан қимасамда Кельнді,
Желге қарап, аңсап тұрмын белімді.
                        Германия, Кельн қаласы, 
19-сәуір. 2010 ж.

177
МӘЖНҮНТАЛ
БЕТТЕ ӘЖІМ ЖОҚ, ЖҮРЕК НЕГЕ 
ҚАРТАЙДЫҢ..
.
Төбесінде хан сарайы күңгейдің,
Ортасында парон жүзген Рейннің.
Ит тұмсығы кірмес орман тау қаптап,
Өмір сырғып бара жатыр тайғақтап.
Тау етегі толған тәтті жүзімге,
Қайран өмір келер сары күзіңде.
Неміс қызы ақшыл сары реңді,
Табиғатты-ай, түрлі-түсті кілемді.
Кәрі түрік, сатып отыр кофесін,
Кофе ішкен поляк сүртті шекесін.
Қазақ мынау: өңі барда қаны жоқ,
Былдырлаған сөзі бар да, әні жоқ.
Көңіл сынды, сәулесіндей жарты Айдың,
Бетте әжім жоқ, жүрек неге қартайдың.
Шайырлығым, ұстады да шалқайдым,
Арландары-ай, қынсыламас Алтайдың.
Гүлді-ай, көркем, жақұт алқа тағынған,
Кейбір қазақ, рухы өліп шағылған.
Тағдыр-қайық, бұра алмас желкенін,
Кельнде жүр бір аруы Меркенің...

Ербол БЕЙІЛХАН
178
Жазыла ма, уақыттың жарасы,
Қазақ қызы көзін сатқан даяшы.
Өзге тілді тез меңгерген қаракөз,
Ана тілін ұмытып қапты қарашы.
Өкініштен өртенеді өзегім.
Бар еді ғой туын тіккен өз елім.
Бақыт деген-қазақ құрған Отаным,
Соны сүйем, сұрамаңдар себебін.
Жүрегімді торлаған-ай, ерте мұң,
Үмітімді тастай алмай ертемін.
Жеті тауға қараймын да жетілген,
Монтабаурда домбырамды шертемін.
                        Германия. Монтабаур қаласы, 
20-сәуір, 2010 ж

179
МӘЖНҮНТАЛ
ЛАРЬ ТАҢЫ
Тау ұлымын, етін жеген ұлардың,
Жапырағы көгеріпті шынардың.
Белін буып белден асты сыңар күн,
Өлді бір күн, өкініштен жылармын.
Қоңыр кеште, түнге аударды иығын,
Екінті өтті, Ақшам келді ұйыдым.
Лайланса не істеймін тұнығым,
Аласарса не қылмақпын биігім!?
Жер бауырлап қараңғылық жүгірді,
Тау құшынып, үкі оянып үңілді.
Гүл тонады ұяң тартып тым үнсіз,
Тек жарғанат суылдайды тынымсыз.
Өмір-өзен, ажал салған қармағын,
Бір шыбықтың мерт қылған-ай, арманын.
Жанарына жас алған-ау, Айдағы,
Біздің ұлттың қырылғанда қаймағы.
Кәрі еменнің дірілдейді жүрегі,
Иманы ұшып, ажал барын біледі.
Неміс жері, жасыл орман ішінен,
Сыбырлайды аруақтар сүйегі.
Соғыс дерті кетпесе де жүректен,
Қанға бөккен сол далаға гүл еккен.

Ербол БЕЙІЛХАН
180
Осынау бір қайсар ұлтты сыйлаймын,
Өр рухын баса алмаған қандай мұң.
Мұрын жарған, иісін-ай, сереннің,
Сөзге келсем, түзу атқан беренмін.
Түн тыңдады көзі соқыр жырымды,
Таң бозарды қараңғылық түрілді.
Барыс едім, тағысындай даланың,
Құл екенмін, құбылаға қарадым.
Әсем үнін мен сағындым ұлардың,
Тағы міне, бір таңы атты Лардың.
                           Германия, Лар қаласы,
 22-сәуір. 2010 ж.

181
МӘЖНҮНТАЛ
ИЛЬДІҢ БОЙЫН ЖАҒАЛАП...
Германия – Франция арасын,
Бөлесіңде Рейне өзен ағасын.
Немістер мен француздың қабағын, 
Сыр білдірмей бағасың.
Көрдім міне, француздың қаласын,
Жалт-жұлт етіп, көздің жауын аласың.
Сұңғақ бойлы француздың «мадамы»,
Аяғыңды әзер басып барасың.
Ильдің бойы саяхатшы қаптаған,
Страсбург, қалам едің баспаған.
Тарихыңды білу үшін тамырлы,
Кеме мініп, Иль бойымен аттанам.
Анау үйлер, кароль салған сарайы,
Гүл жиектеп, бауға оранған маңайы.
Сумка асынып, сауда сатқан негрдің,
Неге-неге, мұңға толы жанары?
Қоңырауы соғылады шіркеудің,
(Бісміллаһ, шіркеу көрсем үркермін.)
Саяхаттап келген шығар көп қазақ,
Ең бірінші ақын мен боп тіркелдім.
Моцарт сазы, ауада тұр тербеліп,
Грек отыр, кофе сатып сенделіп.

Ербол БЕЙІЛХАН
182
Бабам сенің мақалыңнан айналдым,
«Атын барда, жүр деген ең ел көріп.»
Страсбург. Көрдім көркем кешіңді,
Европа, кере берме төсіңді.
Кеме мініп, Ильдің бойын жағалап,
Ойлап тұрмын, ерке өзен Есілді.
                                      Франция, Страсбург қаласы. 
22-сәуір. 2010 ж.

183
МӘЖНҮНТАЛ
МӘЖНҮН – ЖҮРЕК!
Ахметжан Қайбарұлына
Шаруам түгіл, шатағым жоқ тексізде,
Енжар өлең арнамаппын ессізге!
Аулаңызда қос мәжнүн тал бой түзеп,
Мәжнүн – Жүрек гүлденіпті тек сізде.
Үкілі – үміт төгілгенде таң нұрдан,
Ей, Мәжнүн тал, сен қуат күт жаңбырдан.
Ләйліні аңсаттырған тірлікте,
Таяқ жедім: сағыныш пен тағдырдан.
Атажұртқа бұрғанымда көшімді,
Алтай сенің қияалмағам төсіңді.
Саған шексіз ғашық болып Жаратқан,
Мәжнүн – Жүрек Сізге бұрды бетімді.
Сен шеберсің, Сен ұлысың бәрінен,
Бес уақыт айтылатын әнім ең.
Мәжнүн талдай ғазиз мынау жүрегім,
Гүлге оранды аят, хадис нәрінен.
Мәжнүн –Жүрек! Сізден тауып ынтығын,
Кеудем менің – Өлең толы тылсым үн.
Құбылаға қол жаямын үнемі,
Уақыттың айналдырып ұршығын...
Алматы,  08.06. 2013 ж. 

Ербол БЕЙІЛХАН
184
***
Түйеқоңыз. Түйеқұс. Түйе жантақ.
Үш мағына, үш ұғым жүйеге алшақ.
Ақыл тістен нұр емес, жын аңқиды,
Ойсыз баспен ақсиып күле қалсақ.
Түйеқоңыз мекені қи түбінде,
Қи түбінде немесе ши түбінде.
Томағасын сыпырса қалықтайтын,
Бір өлеңім бар менің ми түбінде.
Қанаты бар ұшпайды түйеқұстар,
Желген түйе жете алмас аяғы ыспар.
Әділетсіз қоғаммен ой мүжіген,
Шын ақынның өлер де жүрегі ұстар?!
Шөл даланы мекендер Түйе жантақ,
Тікені бар гүлдерін сүйе қалсақ?!..
Мекіреніп, мейірлі сөз айтамыз,
Көз мейірсіз, рухтан жүрек алшақ.
Үш тіршілік, үш ағза үйлеспейді,
Ит тірлігін берген соң кім кешпейді...
Жорға ой мініп келіп ем дарияға,
Бала шопан артыма мінгеспейді ?!..

185
МӘЖНҮНТАЛ
ҚЫС
Желтоқсан. Желді көрік - қыстың басы,
Жез қырау кеше сары – Мыстың басы.
Жұп боп келіп, топ болып көкті тілген, 
Қарашада қап қойды құстың жасы.
Желтоқсан – айдарынан  жел еседі,
Күз – жігіт  қалды үнсіз, Жеңешелі.
Кешегі ақ балтырлы қыз қайындар,
Бүрсеңдеп, аппақ шалмен кеңеседі...
Дойыр шал – ысқырады, айқайлайды,
Назарын енді көктен Ай салмайды.
Балтырын шал сипаған қыз қайындар,
“Етімді құрт жесін” деп айта алмайды...
Күтпейсің дойыр шалдан әділдікті,
Айдахардай ысқырған шалың мықты.
Күпінген пенделерің күпі киіп,
Шал қуалап келеді қалың жұртты...
...Дойыр шал – төніп-төніп ентігеді,
Қашан да бір жылылық ел тілегі.
Қыз қайыңдар елітіп ертегі айтып,
Мең-зең ғып шал байқұсты өлтіреді...

Ербол БЕЙІЛХАН
186
ӘКЕ
(поэма)
(пролог)
        
1980 жылдың жазы.   Бәрі көз алдымда...   
   Жадымда қалған суреттер бұл.  Маусымның 
басы.  Жаз ерте келді. Мезгілге қарай мекенін 
ауыстырар қазақы  ауыл. Жазда - жайлау, күзде 
- күзеу, қыста – қыстау. Көшпелі тірлік. 
   Сол күні бәрі қарбалас болды. Ауыл әйелдері 
түгел киіз үйдің ішкі жабдығын дайындау 
үстінде болатын. Әжемнің қасында ойнап 
жүргем. Тайпалған торыжорға атпен Бимұрат 
көкем келді де, ат үстінен мені іліп алып,  ердің 
алдына отырғыза салды. Басымнан иіскеді...
   Сосын әжеме  күліп: 
      –  «Балаңызды маған беріңізші, тәте, жайлауға 
алып кетейін!» деді. 
  – «Басқа балаларын да жетер, менің балама 
тиме!» - деген әжем.
   Мен немеренің тұңғышы, атам мен әжемнің 
«сүт кенжесі» едім ол кезде...
  Кейін білдім, сол жылы әкеме озат шопан 
болғаны үшін, мемлекет сегіз қанат ақ 
орда сыйлапты. ӘКЕ, дей берейін қәзір, 
кешірерсіздер!  Асығып елден бұрын жайлауға 
көшкен әкем, сол үйге үш-ақ қоныпты. Жиырма 
сегіз-ақ жасында дүниеден озған аяулы әкеме 
арнаймын! 
Әкеге деген сағынышым бұл!

187
МӘЖНҮНТАЛ
Көш жолы
Жыла жүрек!.. қайтемін сізді уатып,
Сурет жазды сарғайтты күз құлатып.
Тағдыр желі соқты да жапырақтай,
Шашып-шашып жіберді бізді уақыт.
Қиыр шыңға – бұраңбел  жол асылып,
Күн қуалап барады,  Ай асығып...
Көк аспаннан қап-қара бұлт төнгенде,
Қарашада қалтырар бала шыбық.
Бала шыбық – біз едік, дауыл көрген,
Майыспауға Тәңірім, сабыр берген!
Бимұраттан қалған бұл тұяқтар деп,
Жетімшілік көрмедік қауымды елден.
Біреуге жат, тірлігі қойлы ауылдың,
Қой бақпаған балаға ой бағу мұң!
Елесі бар санамда әкем жайлы,
Әңгіме айтып берейін, кел, бауырым!..
Сол бір жылы келіпті көктем күліп,
Көк аспаннан үкілі ескенде үміт.
Маусым туа... жүк тиеп атандарға,
Есіл әкем, кетіпті көшпен жүріп...
Көш түзепті қазақтың ғұрпыменен,
Жаз жайлауда күтіпті жұртың – ермен.

Ербол БЕЙІЛХАН
188
Ер үстінде бесікте бала тербеп,
Құлаш шашын, анамыз мың күн өрген.
Көріскенде қос аққу айдынымен,
Сыйлық тарту етіпті – тау гүлімен.
Ердің алды сәбиді шаршатқанда,
Түйе қомы тербепті әлдиіменен.
Сарсірігі жеткенде теріскейдің,
Аққу-қазы келіпті тегіс көлдің.
Жонға жалғыз қашыпты арқар құсап,
Көшін бастап ауылдың өрістей мың...
Бүр ашқанда жусаны күңгей беттің,
Еңлікгүл, жайқалып гүлдей кеттің!
Бәбісек – алтын айдар сұлу құсым,
Сол жылы мені неге сүймей кеттің!?..
Жұлдыз – мұңдас, құз – қиял айда қалған,
Қол бұлғап шақырыпты арманы алдан.
«Көш көлікті болсын, деп!» – сылаң қағып,
Жеңгелері шығыпты айран алған.
Жайлауда жұрт емес ек, әнін үзген,
Таң арайлап ататын таңымызбен...
Әкеміз ат үстінен жеңгесіне,
«Соңғы рет таттым депті дәміңізден!..»
Жол бастапты тор атын жорғалатып,
Анам байғұс, шошыпты ойға батып...
Балалық аңғалдықпен мен ойлаппын,
Шіркін, өлең жазса деп Айда жатып...

189
МӘЖНҮНТАЛ
Жорғаның шалғын шалып көбесінен,
Мойнақтың құр ұшыпты белесінен.
Тораңбел тобылғылар гүлдегенде,
Сарыала қаз ұшыпты төбесінен.
Сар(ы) көлден қаз ұшқанда мамырлатып,
Уақытпен ойнапты сағым жатып...
Межелі мекеніне көш жетіпті,
Бесінде түйелерін дамылдатып...
Көтеріп, шаңырағын бақанымен,
Керіпті керегесін жасауымен.
Гүл басқан көк жасанға көрік болып,
Он атан, тең түсіпті, отау үйден!
Ақсайдың қонақ етіп дегелегін,
Қуыпты қарындасым көбелегін.
Ақсайға ақшағала үй тіккенде,
Ақжаңбыр неге сонша себеледің?
Сырты – аппақ, ою-өрнек іші гүлден,
Киіз үй...түскиізін тұсына ілген.
Жалғыз үй көк жайлауға сән беріпті,
Секемсіз көкке ұшқан түтінімен...
Жайлауда 
Ай есінеп, жұлдыз көлге тамшылар,
Үркек мезгіл, қос құлағын қайшылар.
Үркер ауып, таң шолпаны батқанда,
Кербез келін, шұғылалы таң шығар.

Ербол БЕЙІЛХАН
190
Күлімкөз таң – көк көйлекті кербезім,
Асқар шыңдар жасырады күн көзін.
Бозбеткейдің бозторғайы шырылдап,
Оятушы ең, жасыл белді таңда өзің.
Ерке гүлдер оянғанда жамырап,
Қызыл торғын, оранады таңым ақ.
Пысқырынып қой өргенде қотаннан,
Күңгейтаста құлжа тұрар маңырап.
Шаңбақкөлдің талғап ішіп бұлағын,
Ортасайдың шуылдатып ұларын.
Көк жайлаудың қызығына елітіп,
Тәуешкі тұр, тасқа ойнатып лағын.
Сауын қодас...өзен бойлап қорсылдап,
Бесбоғдадан кеткен емес қар сыздап!
Улы сайда ақырып ед,  қарт аю,
Бұғы үрікті қос мүйізі жарқылдап...
Үйір арқар мекен етіп биігін,
Табиғаттың әр тасынан күй ұғын.
Жирен айғыр керқұнанды сауырлап,
Қайта-қайта иіреді үйірін...
Жалы күлте, құйылғанда күрең күн,
Жер – Анаға төгіледі рең мың!
Қыр мен белдің қызғалдағы құлпырып,
Текемет пен түріне ұқсар кілемнің.
Жазғы жайлау – арман қандай, ән қандай,
Жібек таңы керіледі – аймаңдай!

191
МӘЖНҮНТАЛ
Сегіз қанат түндік түрді ақбоз үй,
Шүкір тілеп, көңіліне қайғы алмай...
...«Тұйғын» атты қыранына жем беріп,
Әкем сол таң, жүріпті ұзақ сенделіп...
Қоңырлатып бір әуендер тартыпты,
Шай үстінде ұзақ оймен, үйге еніп...
Содан кейін қолына алып шақшасын,
Аралапты терең ойдың бақшасын...
Бөлтірікті қасқыр маза бермес деп,
Тоғызкөлге бұрған екен ат басын.
Атқа қонып, мойынға асып мылтығын,
Бала жастан алмайды екен бір тыным!..
Қоңыр белдің қойжуасын жеп өсіп,
Бал арадай ұққан екен гүл сырын.
Шыңға шығып дүрбі сапты қырандай,
Қыр қазағы: болжам анық, қиял бай.
Көз жетпейтін Тоғызкөлдің шатында,
Қасқырлар жүр апанына сия алмай...
Түз тағысы асырмайды айла түк,
Көкжал арлан, тың-тыңдайды 
                                                             жай жатып...
Қаншық қасқыр мейіріммен баулиды,
Өсіп қалған бөлтірігін ойнатып.
«Қап, бәлем!» деп киіп әкем мұйығын,
Бес күшіктің еске алыпты қылығын.

Ербол БЕЙІЛХАН
192
Ертең елге бұлар дамыл бермес деп,
Жетеуінің құртпақ бопты ғұмырын...
Қашан-дағы ауыспалы бақ-талап,
Желсіз жақтан жақындапты баспалап!
Көкжалына бес жүз метр қалғанда,
Шүріппені басқан екен қасқалап...
Жалғыз-ақ оқ, гуілдепті көк керіп,
Ақсұр қаншық зу етіпті от көріп.
Көкжалының сыпырып ап, терісін,
Бес күшікті тірі әкепті бөктеріп...
Әке өлімі
Маусым түні. Қалғиды үкі қияда,
Күп-күрең боп, қан жүгірер қынаға.
Емшек іздеп бір-біріне тығылып,
Бес бөлтірік қыңсылайды ұрада...
Бөлтіріктер – ертең көкжал бөрілер,
Айласы алпыс, бөрілердің төзімі өр!
Үйірінде өлтіретін әлсізін,
Бөрі ғұмыр, бізге қызық көрінер...
Бай Ақсайдың қия беті – Жалбызды,
Ала жаздай мекен етер қар құзды.
Қаншық қасқыр қайта-қайта ұлиды,
Жартастағы серік етіп байғызды...

193
МӘЖНҮНТАЛ
Жаңғырады-жаңғырады түн үнге,
Суыр, қарсақ қашып кірген бәрі інге.
Зарын айтып шақырады сұр қаншық,
Тұқымдасын қасқырлардың тілінде.
Бөлтіріксіз – ана қасқыр қиналды,
Кек алуға төртеу болып жиналды.
Көк жайлауда шабуылдап жылқыға,
Бастап кетті «өшпенділік думанды».
Сұр қаншықтың – адам құртты арманын,
Оққа ұшырды «көкжал» серік ардағын.
Саяқ жүрген жабағыны талады,
Жирен айғыр жегізбеді қалғанын...
Тағылық-ай, жүрегінде кек кетті,
Бөлтіріктер...көріскенше деп кетті.
Таңға жақын бозылдатып інгенді,
Айдай ару ақ ботасын жеп кетті...
...Анам сол күн, көлге барды таң алды,
Таң келді деп, бозторғайлар ән алды.
Сыңарынан айырылып қалма деп,
Қос аққулар қайта-қайта таранды!?
Әкем көріп, сайда жүрген құзғынды,
Атын ерттеп, қолына алды тізгінді.
Жайрап жатқан ақ ботаны көргенде,
Жаз көңілін жабырқатып күз қылды...

Ербол БЕЙІЛХАН
194
Өзен бойы өрлей біткен гүл еді,
Гүл нәрімен көбелектер түледі...
Тор жорғасы, жол жорғаға салғанмен,
Неге бүгін ауырып тұр жүрегі?..
Жас еді ол – көңілінде көктем бар,
Әлі талай тартылады көкпарлар...
Неге суық деп ойлады сол күні,
Тауешкі мен арқар жайлар асқарлар...
Уақыт бұл, иірер деп ұршығын,
Ғұмыр болса түзерміз деп қисығын...
Саулықтардан қозы бөліп алды да,
Босағаға сүйей салды мылтығын...
Бүгін мұңлы сары көлде қаз үні,
Ақ інгеннің ащы шықты боз үні...
Қой қырқымы, қосақ-қосақ сауын бар,
Сол үшін де бөліп алды қозыны.
Төл даусымен шуылдатып боз ішін,
Теріскейге айдаттырды қозысын.
Сұр қаншықтың кек аларын білді де,
Тоғыз көлге салып қойды көз ұшын...
Ертең бірақ, мына сайға ел келер,
Бәйге ат байлап, көк серкені өңгерер.
Желі-желі шұрқырасып құлын-тай,
Жаз қызығы жылдағыдай дөңгелер...
Біздің елдің асау мінер ұланы,
Той көбейіп, қалықтайды қыр әні.

195
МӘЖНҮНТАЛ
Аңшылардың ермегіне айналар,
Қасқыр, аю, жирені мен бұланы.
Дегенінше, ашық аспан түнерді,
Қою-қою бұлттар келді құз өңді.
Қара аспан найзағайын ойнатып,
Нөсер желмен салып берді түленді...
Жас төлдердің есі шықты маңырап,
Қозышы ұл қалған сәтте аңырап...
Шабуылға көшті кекшіл сұр қаншық,
Қастарына жолдас еткен тағыны ап...
Ашулы да, айлалы екен, жүректі,
Иірілген атар қозы дүр етті.
Қапияда шықпай қалып дауысы,
Тай үстінде бала шопан дір етті!
Бөрілердің қанға толып от көзі,
Кекті қаншық жайпап салды көпті өзі.
Үріккен бойы жан сауғалап қабақтан,
Сары көлге секіреді топ қозы...
Бала шопан, кейін салды айғай-ды,
Тыста жүрген естіді әкем ойбай-ды!
Босағадан мылтық алып қолына,
Торжорғаға мініп, құстай заулайды.
Адам көрген кекті қасқыр қашады,
Үрей буған қозы сайға босады.
Қашқан қаншық жеткен кезде қыратқа,
Көздеп әкем, шүріппені басады.

Ербол БЕЙІЛХАН
196
Он жасынан мылтық атқан мерген-ді,
Кекті қасқыр, оқ тиді де өлген-ді.
Сары көлдің беті толған қозылар,
Құтқармақ боп торжорғамен көлге енді.
Терең көлде қозылар жүр қалықтай,
Торжорға ат жүзіп барад(ы) балықтай!
Қанша төлді аман алып шықты әкем,
Қайта-қайта көлге түсіп жалықпай...
Шүберекке түйіп анам жүрегін,
Жаратқанға жолдап жатыр тілегін!
«Енді қайта түспе деді сол көлге,
Ортасында қазандық бар білемін!?»
«Қорық па» – депті, қайсар әкем паң күліп,
«Қорық па»- депті, таудың іші жаңғырып...
Сары көлдің қимады ма айдыны, 
Бұл жолы әкем қайтпай қапты мәңгілік!
Эпилог
...Жыла жүрек!.. қайтемін сізді уатып,
Сурет жазды сарғайтты күз құлатып.
Тағдыр желі соқты да жапырақтай,
Шашып-шашып жіберді бізді уақыт.
Күзгі дауыл,  жыладық елемеген,
Әке күттік...келмеді кемелерден...
Желге ұшқан қауызсыз дән секілді,
Сенен үміт күтпеді, менен өлең!

197
МӘЖНҮНТАЛ
Әке! Әке! Біздерді өсірді арман,
Ақсай қайда? Сен қайда? Көшін барған?
Саған деген сезіммен әлі жалғыз,
Жиырма бесте анамыз жесір қалған.
Шүкір! Тәуба! Мал, басты жетегіміз,
Ақсай емес, Астана мекеніміз.
Сағынышпен жолдаймыз «Құлһуалла»
Жұмақ болсын, мәңгілік мекеніңіз!!!

Ербол БЕЙІЛХАН
198
КӨРІПКЕЛ 
 
(әңгіме)
–  Дәкей  мына  жақтан  келеді.  Ол  тірі,  –  деп 
Аманбай ақсақал оң қолымен теріскей бетті нұсқады. 
«Ол өлген!..» деп Расул күлді...
*** 
Терісінен  соққан  қызыл  бет  қаратпайды. 
Өңмеңіңнен  өтеді.  Сеңсең  түлкі  тымақтың  бау-
ын  қатты  байлаған  Расул  қыратқа  шауып  шықты. 
Жалдың  үстіндегі  жел  еңселі  жігітті  аттан  жұлып 
ала жаздады. Қатты қызылға шыдамаған бурыл ат 
жалт беріп, теріс айналды.
«Құдайдың  аспанының  түбі  тесіліп  қалған  ба?» 
– деп дүңк етті.
Бұлттар  асығып  көшіп  жатқан  аспанға  қарады. 
Қою-қою қара бұлттар, қанын ішіне тартқан ашулы 
сұры бұлттар әлдеқайда асығыс жөңкіліп барады.
Көз алдына келелі түйелер келді. Аузынан көбігі 
ағып, жын шашып, інген біткенді қайытып, басқа бу-
ыршындарды қуып бара жатқан қара бура елестеді. 
Осы  бұлттар  кейде  түйелерге,  кейде  көшпелі 
қазақтарға ұқсайды деп ойлады Расул.
Аттан  түсті.  Тізгінді  ердің  қасына  ілді.  Жел 
өтіне  бұрылды  да,  сығырайып  ауылға  қарады. 
Мұржалардан шыққан қою қара түтіндерді жұлып 
алған қатты жел бұлттарға қосып жатқан секілді... 
Құман  алып  үйден  шығып,  дөңге  беттеген  әкесін 

199
МӘЖНҮНТАЛ
анық  көрді.  Есіне,  әкесі  айта  беретін  ай  амалда-
ры  оралды.  «Саратан-Зауза»,  «Құстың  жайы», 
«Суырдың жайы», «От амалы»... Мынау суықтың 
қай амал екені дәл есінде жоқ, ойлағысы да келмеді. 
Аспанға көз тікті. Күн құлақтанып кетіпті... 
Маңыраған  қой  дауысы  жігіттің  ойын  бөліп 
жіберді.  Қытымыр  қысқа  қабырға  майын  бер-
ген қойлар да мына суыққа төзбей ықтасын іздеп 
безілдеп келеді. Жабағы жүндері үрпиген, көздерінен 
су аққан саулықтардың көбі буаз. Мал төлдеп жа-
тыр. Көбінде қозы еметін сүт жоқ. Ақсыз.
«Жұт  –  жеті  ағайынды»  деген  осы.  Расул 
қотанды еріксіз ауылға айдады.             Аманбай – 
көріпкел адам. Болжамы тура, айтқаны дәл келеді. 
Мәймөңкелеп сөйлеу әдетінде жоқ. Ойына келгенін 
бет-жүзіңе  қарамай  айта  салады.  Мінезі  ашық. 
Қалжыңбас.  Кейде  ойыны  қайсы,  шыны  қайсы 
белгісіз. Қашан көрсең бір көзін сығырайтып жұмып, 
ыңылдап  әндетіп,  не  жынданған  адамдай  іштей 
күбірлеп  біреумен  сөйлесіп  отырады.  Құрдастары 
мен  балдыздары  жынымен  сөйлесіп  отыр  деп 
қалжыңдайды. Бойшаң. Етжеңді. Ақсақалды анау-
мынау  ат  көтермейді.  Атпен  жүргені  де  қызық. 
Аяңдап жүру әдетінде жоқ, үнемі ыңылдап желіп 
жүреді.  Бейғам  желіп  келе  жатқан  атты  ердің 
үстіндегі ауыр денесімен итеріп кеп қалатын әдеті 
бар.  Осы  қылығынан  талай  ат  сүрініп  жығылған. 
Мініске атты таңдап мінеді. 
Алыс-жуықтағы  ақсақалды  танитындар  бұл  ау-
ылды аттап өткен емес. Ақсақалға сәлемдесіп кетуді 
өздеріне парыз санайды. Тіпті шежіре қарттың үйіне 
түстене кеп, қонып қайтатындар да көп. 

Ербол БЕЙІЛХАН
200
Елдегі, ел емес-ау, тіпті әлемдегі жаңалықтарды 
қария  ешкім  айтпай-ақ,  көзбен  көргендей  болжап 
отырады.  Сол  қылығынан  да  көп  ел  жасқанады, 
көріпкелдігін қадір-қасиет тұтады. 
Дүние – қолдың кірі. Есті адам «барға тасымай-
ды, жоққа жасымайды». Абай мен Ақытты жатқа 
соғатын абыз кеуде соңғы күндері малсақ боп кетті. 
Бұрын мал шетіне шығып, қотан маңына жоламайтын 
көріпкелдің  бұл  қылығына  көрші-қолаң  ғана  емес, 
балалары  да  таң  қалысты.  Төл  салым  уақытында 
күніне қорадағы малды бір аралап шығуды әдетке 
айналдырды. Көзін күргейлеп әлдебірдеңе іздейтін 
секілді... 
Сәуірдің  басы.  Кереғаптап  таситын  төлдің 
азайған  шағы.  Қыстың  ызғары  әлі  қайта  қоймаған 
кез. Әр жерге бозбаланың мұртындай қылтиып көк 
шыққанмен, жердің тоңы сіресіп тұр. Күпісін жел-
бегей қаусырынып Аманбай көріпкел бүгін тағы да 
қораға  келді.  Үнемі  жартылай  жұмып  отыратын 
өткір  шегір  көзін  толық  ашып,  малды  бір  шолып 
шықты. Іздегенін тапты. 
«Әй,  Рассул!»,  –  деді.  Төлінен  жеріген  қойға 
қозысын  теліп  отырған  Расул:  «Ау,  әке?»  – 
деді.  «Мұнда  кел!».  Келді.  Кебеже  қарын  қоңыр 
саулықты нұсқады да «Желіні жетіп тұр, бүгін ту-
ады, оңаша үйшікке қама»- деп кері айналып кетті. 
Расул  неге  екенін  сұрамады.  Қоңыр  саулықтың 
басқа  қойлардан  қай  жері  артық  деп  ойлады  да, 
сүйреп  апарып  оңашалап  қамап  тастады.  Расул 
әкесінің  ұйықтамай  далаға  жиі  -жиі  шығуын  сезіп 
жатты.  Қоңыр  саулықтың  қозысы  тұншығып  өліп 
қалмасын деп аңдып жүргенін де білді. 

201
МӘЖНҮНТАЛ
Таңғы  шайға  шал  бет  сипады.  Әкесінің  жүзіне 
ұрланып қарап еді, ақсақалдың жүзінен күнделікті 
кірбіңді  байқай  алмады,  көңілді  секілді.  Малды 
өріске шығарар да көрді. Қоңыр қой өзінен аумай-
тын  артқы  оң  аяғында  ақ  сырғасы  бар  сүйкімді, 
қоңыр еркек қозы туыпты... 
Қоңыр  қозы  оқиғасынан  кейін  де  бақандай  бес 
жыл өтіпті. 
Ақпанның  соңы  болатын.  Аспан  шайдай  ашық. 
Шағыл тастың ең биігінде таутеке мүлгіп тұр. Басқа 
төрт  аяқтының  аяғы  жете  бермейтін  қияның  ұзын 
сірісін  тауешкілер  сүйсіне  жұлып  жатыр.  Айна-
ла  тыныштық  бесігінде.  Тыныштықты  анда-санда 
ысқырған қиядағы ұларлар бұзуда. 
Ұлар құс осы шыңның қожасы. 
Күңгейге  қойын  қаптатып  жіберген  Расул  атын 
сипай  қамшылап,  айнала  тегіс  көрінетін  тақтадағы 
биік шоқыға шығып бір-ақ тоқтады. Аттың ерін ап, 
тұсап жіберді. Ертоқымды астына төсеп, қойнынан 
дүрбісін алып, төңіректі бір шолып өтті. Шағылдағы 
маңғаз  текені,  бейғам  ешкілерді  көрді.  Ұлардың 
шуын  естіді.  Бұлтсыз  көкті  тіліп  ұшып  жүрген 
ақиыққа  сүйсінді.  Үйдегі  жас  келіншегін  ойлады, 
былдырлап тілі шыға бастаған екі сәбиін сағынды. 
Адам деген туған жерсіз қалай өмір сүреді? Мен 
туған жерде отырып, туған жерді сағынам деді. Өз 
ойынан өзі секем алып, шалқалап жата кетті.
Тыныштық бұзылды. Дүние лезде дүр етті. Ешкі 
бақырды, қой үрікті, ат пысқырды. Қас-қағымда не 
болғанын еш тірі жан түсінбей қалды. Қырандардың 
қимылы қас пен көздің арасында екен. Түйіліп кел-
ген  таудың  ақиығы  шағылдағы  кішірек  тауешкіні 

Ербол БЕЙІЛХАН
202
сирақтан  көтеріп,  сәл  биіктеп  барып  құзға  тастап 
жіберді.  Тасыр-тұсыр  тас  домалады.  Ешкінің  үні 
өшті.  Өз  тірлігіне  риза  болған  қыран,  сеңгір  көкті 
тіліп  біраз  биледі  де,  құздағы  сайға  сіңіп,  ғайып 
болды. Аспан мен жердің арасындағы шудан кейін 
қойшыдан маза кетті. Қыранның тірлігіне риза бол-
са  да,  ешкінің  дауысы  құлағынан  кетпей  қойды. 
Кеуде тұсы шымырлады. Атын ертеп мініп алды. 
Сәлден  соң  аспан  қыранның  жемтігіне  үймелеп 
айнала  ұшқан  қарақұс,  қуқарақ,  тоғысай,  құзғын-
қарғаға толып кетті. 
Таң  намазынан  кейін  ақсақал  мүлде  жатпады. 
Кешегі ұлының көргендері әсер етті ме, Алтайдың 
ақиықтарын  ойлады.  Тағдыр  желі  қуып,  арлы-
берлі  үркіп  көшкен  ауыр  жылдарды  есіне  алды. 
Тағдырдың  жазуымен  шекараның  арғы  бетінде 
қалған  құрбы-құрдастарын,  туыстарын  сағынды. 
Хобда бетінен Алтайға үш рет үркіп асып, үш рет 
Хобдаға үркіп қайта кепті. Көз алдына ауған түйе, 
жылаған бала, шулаған қатын-қалаш елестеді. Оққа 
ұшып, көмусіз қалған ерлер келді. Таңғы салқынға 
денесі  тоңази  бастаған  қария  ауыр  күрсініп,  сүрі 
қарды  кітірлетіп  басып  қораға  жаққа  жүріп  кетті. 
Жүріп келе жатып: «Ол келеді...» деп сенімді айт-
ты. 
Көлеңке  ұзарды.  Күн  қызарып  биік  таудан 
асып барады. Теріскей жақ қыраттан екі салт атты 
көрінді.  Дүрбі  салғандар  жыға  танымады.  Бұл 
жақтың адамдары емес секілді десті. Аттары тың, 
шұлғып  басады.  Аттың  үстіндегі  біреуі  еңгезердей 
екен. Екі тізесі иретіліп, жуан аттың үстінде тайға 

203
МӘЖНҮНТАЛ
мінгендей көрініп келеді. Жұрт шулап жүргенде жо-
лаушылар ауылға жақындап қалды.
Расул  үйдің  артындағы  жалпақ  таста  отырған 
әкесіне келсе, қария жылап отыр екен. «Әке, қонақ 
келе жатыр» – деп еді, «Білем!» деді. «Қонақтарды 
аттан  түсіріп  ал,  құрмет  көрсет»-  деп  тапсырды. 
Расул  ат  ағашқа  бұрылған  қонақтардың  алдынан 
шықты.  Аққұба  жүзді,  қыр  мұрын,  қысық  көзді, 
жанары өткір, екі иығына екі кісі мінгендей, еңселі, 
үстінде  сусар  жағалы  қара  пальто,  басында  сусар 
тымақ киген бейтаныс адамға жақындап, кеудесіне 
қолын қойып: «Ассалаумағалейкум!» – деді. 
«Уағалейкумассалам, Расулсың ба?». «Иә, аға». 
Қасындағы  атқосшысы  Көккөз  деген  жамағайын 
ағасы  екен.  Қонақтың  атының  басын  ұстап, 
қолтығынан  демеп,  аттан  түсіріп  алды.  Жүрісі 
ширақ  екен.  Үйге  беттеді.  Қонақтар  үйге  кіргенде 
үйдің іші алакөлеңке еді. Аласа есіктен екі бүктетіліп 
кірген қонақтың көзі төрде малдас құрып отырған 
Аманбайға түсті бірден. Іздеп келген көріпкелі осы... 
Әншейінде  жер  таянып  әзер  тұратын  ақсақал 
жеңіл  атып  тұрды.  Кең  құшақтарын  ашып,  бір-
біріне  қарама  қарсы  жүрді.  Құшақ  айқасты.  Екеуі 
ұзақ көрісті. «Тірі екеніңді білгем, өлгеніңе сенгем 
жоқ»- деді шал. Қонақ ауыр күрсінді... 
«Қоңыр  еркек  қойды  алып  келіңдер»  деді 
ақсақал. Екі жігіт лезде алып келді. «Дәкей, бата 
жаса!».  Дәкей  бата  жасады  да,  түрегеп  барып 
жүнінен  ұстады.  «Қойды  шегіндіріп  шығарып  бо-
сатып  жіберіп,  басқа  қой  сойыңдар»  деді  қария. 
Жігіттер үнсіз келісті. 

Ербол БЕЙІЛХАН
204
Ақсақал қонағына бұрылды да: «Дәкей, түсініп 
отырсың ғой, иә?» – деді. «Түсініп отырмын, аға». 
Қой сойылды, ет желінді. Он шақты жылдан кейін 
көріскен  ағалы-бауыр  таң  атқанша  күбір-күбір  етіп 
оңаша әңгімелесумен болды. Олардың әңгімелерінің 
не туралы болғанын, не айтқанын ешкім  естіген де, 
тыңдай алған да жоқ. Таң сәріде туған жеріне он 
шақты жылдан соң оралған Дәлелхан Сүгірбайұлы 
асығыс аттанып кетті... 
***  
Ала  аяқ  еркек  қой  қораның  дәл  ортасында 
деңкиіп арам қатып қапты...                    

205
МӘЖНҮНТАЛ
ОЛАР  ДОС ЕДІ...
(әңгіме)
                             ...Кеше ғана көктем еді... 
Қазан  өтпей,  қар  жауды.  Қараша  келмей,  қаз 
қайтты.  Орай  да  борай  соғып  жауған  қар  аралас 
жаңбыр  үш  күнде  сары  алтындай  жапырақтарды 
тонап, ағаштарды жалаңаштап тастады. Қабағынан 
қар жауған күз, қаһарлы қысқа ұласты. 
Жұлдыз  сөнбей  атқа  қонған  Ермек  бірден 
Cармантайдағы  жылқышылардың  қосына  тартты. 
Тізгінді қымқыра ұстаған жігіт тақым қысқаны сол 
еді,  жемде  тұрған  күрең  сар  желді.  Таң  ағармай 
жолды өндіріп алғысы келді. Жылы тамнан шығып 
байқамапты, күн желсіз, ашық болғанмен, аяз екен. 
Күреңнің  жұмыр  тұяғы  тиген  қар  сықыр-сықыр 
етеді.  Жіпсіп  тер  шыға  бастаған  аттың  танауы, 
құлақшыны, омырауы қыраулана бастапты. Ештеңе 
ұмытқан  жоқпын  ба  деп  ойлаған  жігіт:  қолғабын 
шешіп,  қойнына  қол  салды.  Ақша  орнында  екен. 
Сипап қойды. Ердің артқы қанжығасындағы шағын 
қоржынын  ұстады.  Ұстады  да  сенбей,  бұрылып 
көрді.  Артына  бұрылғанда  бір-ақ  көрді,  иті  ілесіп 
келе жатқанын. «Мына күнде бұған не жоқ?» деп 
ойлады. Күшігінен асыраған, қайда барса да соңынан 
қалмайтын Ақтөске іші жылып қалды. Бұл келгенде 
жылқышы екі жігіт енді тұрып жатыр екен.    

Ербол БЕЙІЛХАН
206
–  Таң  атпай  астыңнан  су  шықты  ма?  –  деді 
құрдасы Ақыш.
–  Соғым  кезінде  асауға  бұғалық  салғаннан 
сендерді ұстау қиын” деді Ермек.
  –  Құрдасың,  қатырды,  –  деп  мәз  болды 
Шүкір. 
Кең,  екі  бөлмелі  вагон  қосқа  от  жағылды. 
Жігіттер  шай  қойды.  Шағын  дастарханға  түннен 
қалған  жылқының  жылы-жұмсағы  тартылды.  Ет 
турап  отырған  Ақыш  Ермекке  қулана  қарап:  – 
“бірдеңең жоқ па?” деді. 
– Саған еттен басқа не керек? – деп күлді Ер-
мек. Сөзге араласқан Шүкір: – Жөн білетін жігіттер 
дәстүрді  бұзбайды,  –  деп  қағытты.  Бұдан  артық 
күттіруге  болмайтынын  білген  Ермек  қолын  сүртті 
де,  ердің  қанжағасындағы  шағын  қоржынын  алып 
келді.
– Бәсе, – деп екі жылқышы бір-біріне көз қысты. 
Мал мен бастың амандығын, соғымның шүйгін бо-
луын тілеп, үшеуі екі бөтелкенің басына су құйды. 
Сармантайдың  қалың  ағашын  айнала  жайылған 
жылқыны  үшеуі  тез  жиды.  Үйір-үйір  шұрқыраған 
жылқы жігіттерге қанат бітірді.
– Қазақтың рухын оятам десең, жылқы баққыз, 
–  деді  жирен  қасқа  айғырдың  үстінде  шіреніп 
тұрған Шүкір. 
– Қазақтың рухын жоям десең, доңыздың етін 
жегіз,  –  деп  шешенсіді  Ақыш.  Қарап  қалуды  ар 
санаған  Ермек:  –  Ер  қанаты  –  ат!  –  деп  айқай 
салды.
– Философиясын қара, – деп күлді Ақыш.    

207
МӘЖНҮНТАЛ
–  Даланың  академиясынан  мықты  академия 
жоқ, – деді, Ермек. 
–  Бір  аяқ  қымыздың  екі  аяқ  желігі  бар,  оның 
үстіне жылқының желігін қос, кеттік, – деді Шүкір. 
–  Ал,  соғымыңды  таңда,  қолыңды  қақпайық 
құрдас, көрсет! – деді Ақыш. Ермектің көзі жыра 
тартып  тұрған  көкала  дөненге  түсті.  Жылқы  жи-
нап  жүргенде  көрген.  Кемінде  үш  елі.  Жемге 
байланбаған,  Арқаның  ақ  желеуі  мен  ақ  жусанын 
таңдап жеген, судың тұнығын ішкен жылқының еті 
дәрі. «Соғым сойсаң, осындайын сой, аузыңнан май 
кетпейді» деп ойлаған.
– Ендеше, жомарт құрдасым, а -н -а -у көкала 
дөнен, - деп қамшысымен нұсқады.
– Қайсы? – деді Ақыш. Тағы көрсетті. Шүкір, 
іш  тартып  қалды.  Ат  болатын  жылқы.  Көкала 
айғырдың  тұқымы.  Ақша  да  керек!  Қасқыр  жеп 
кететін бір тай.  Ауылдас, сыйлас осы бір аңқылдақ 
жігітті жақсы көреді. Қолын қағуға ұялды. “Ұста!” 
-  деп  Ақышқа  қарады.  Өрмелі  қайыс  арқанын 
ердің  астынан,  құрығын  сүйретіп  жанынан  таста-
майтын Ақыш алты жүз жылқыдан таңдап мінген 
кер төбелді тебініп қалды. Шалт қимылды жүйрік 
пен шапшаң жігіт көкаланың қыл тамағына арқанды 
салып  тақымдай  қойды.  Құрық  тимеген  көкала 
тік  шапшып,  тулап  барып,  шегіншектей  тартты. 
Қарулы  жігіт  тақымына  үйренген  кәнігі  ат  асауды 
тырп еткізбеді. Аттан секіріп түскен екеу көкаланы 
құлақтап, ноқталап, арқанмен езулеп, матап таста-
ды, үш жігіт қатарласып, қара қосқа бет алды...
Қыстың қысқа күні еңкейгенде соғым жылқыны 
қосарға алған Ермек Азнабай ауылына жүріп кетті. 

Ербол БЕЙІЛХАН
208
Аяз күшейіп, ақ жорға боран соға бастады. Жетек 
білмейтін шу асау көкала қосарға жүрмей қинады. 
Соғымға  соятын  малды  өзі  де  қатты  қинамады. 
Қызылмай  боп  кетсе,  етінде  дәм  болмайды. 
Сығырайып ай туғанда, боран үдеп кетті. Жол әлі 
алыс. Соғымға семіз жылқы алып, тоқ көңіл қайтқан 
жігіт құбылып бара жатқан ауа райына мән бермеді. 
Батысты  бағдарлап,  көкаланы  сауырдан  қағытып 
тарта  берді.  Ымырт  түнге  ауысты.  Күшейген  бо-
раннан  бағытты  болжау  қиындай  түсті.  Жігіт  енді 
ғана қобалжи бастады. Сасқанда иттің өзі ес екен. 
Ақтөстің ергеніне қуанды. Бір шоқ ағаштың түбінен 
өте  бергені  сол  еді,  баран  еткен  бірдеңе  зу  етті. 
Ақтөс арс етіп тұра ұмтылды. Көкала үркіп секіріп, 
бейқам келе жатқан жігітті ат бауырына түсіріп кетті. 
Күрең ат қосыла үрікті. Күреңнің бауырына түскен 
Ермек  көкаланың  арқанынан  айырылмай  қойды. 
Үркіп шауып келе жатқан екі ат одан сайын үрікті. 
Екі ат қосарлана бергенде көкала теуіп өтті. Аяғы 
Ермектің жамбасына тиді. Есі ауған жігіт домалап 
жерге түсіп қалды. Күрең мен көкала қосарланып, 
беті ауған жаққа шауып, қараңғыға сіңіп кетті. 
Ермек  есін  жиғанда  иен  далада  жатыр  екен. 
Тұрмақ боп қанша ұмтылса да, тұра алмады. Тіпті 
бар күшін сап көріп еді, басы айналып, көзі қарауытты. 
Оң  жақ  жамбасы  көтертпейді.  Жамбасының 
сынғанын білді. Көзіне жас үйірілді. Түбіме жеттің 
ғой, Қу талақ, қу тамақ!-деп айқай салды. Иесінің 
ащы дауысын естіген Ақтөс қыңсылап атып тұрып, 
жүгіріп  келді.  Келді  де  Ермекті  айнала  иіскеп, 
қыңсылап  беті-аузын  жалады.  Жігіт  тоңғанын 
сезді. Қалайда өлмеуім керек деп ойлады... Сынған 

209
МӘЖНҮНТАЛ
жамбасын  сүйретіп,  боран  мен  аязға  қарамай  алға 
ұмтылды.  Ақтөс  қыңсылап  шыр  айналып  жүгіріп 
ілесіп  отырды.  Жүрісі  түк  өнбеді.  Қайдан  өнсін! 
Денесі  мұздап  барады.  Сүйретіліп,  бір  жамбастап 
жүре берді. Сыңған аяғы басында қақсап жан тап-
тырмап еді, енді күп боп ісіп, мұздап жансыздан-
ды. Еңбектей-еңбектей қолдың қары талды. Тоңған 
қолы  қоқиып,  енді  тіреп  жүруге  жарамады.  Ұйқы 
да қысып барады. Қас қылғандай боран бәсеңдеп, 
аяз күшейіп кетті. Бір жамбаспен шалқалай жатқан 
Ермек аспанға қарады. Көзіне берекесі кеткен ел-
дей  әр  жерде  селдіреген  жұлдыздар  көрінді.  Ай 
бүгін секпілденіп туыпты. Өткен күндері көз алды-
на экрандағы кинодай бірінен кейін бірі келе берді, 
келе берді... 
Ісік  пен  үсік  шалған  денесі  қозғалуға  көнбеді. 
Қанша жатқаны белгісіз, мұздап жатқан денесі енді 
ыси бастады. Аспанға тесіліп жатып тәтті күй кешті. 
Ұйқы  қысты.  Қанша  ұйықтамайын  десе  де,  көзі 
жұмыла  берді.  Көзін  күшпен  ашып,  «Ақтөс»  деп 
ыңырсыды. Ақтөс қасында жатыр екен, қыңсылап 
белгі берді. Мойнын бұрып Ақтөске қарап еді: ба-
сын екі аяғының үстіне қойып, иесіне қарап жатыр 
екен. Жанарына жанары түйісіп қалды. Иттің көзіне 
жас  толып  кетіпті.  Ермек  көзін  тайдырып  әкетті. 
Соңғы рет аспанға қарады.
Бір жұлдыз ағып түсті... 
«Есі  кіресілі-шығасылы  боп  жатып  Ермек: 
“Ақтөс, бәріміз де сен секілді иемізге, досымызға, 
елімізге адал болсақ қой” - деп ыңырсыды. Ұйқы 
жеңді.  Ол  ұйықтап  кетті.  Қайтіп  ешқашан  оянған 
жоқ. Ақтөс ұзақ ұлыды...    Қимылсыз 
жатқан 

Ербол БЕЙІЛХАН
210
иесін күзетіп, құзғын-қарғаны қуып Ақтөс бес күн 
жатты.  Күре  жолға  да  қарай-қарай  көзі  талды. 
Арқаның  аязы  сынбады.  Аш  ит  суық  өтіп  әбден 
әлсіреді. Алтыншы күні Ермектің суық денесіне ба-
сын қойып, Ақтөс те мәңгілік ұйқыға кетті. 
Олар дос еді...
1   2   3   4   5   6   7




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет