99
МӘЖНҮНТАЛ
Ұшқан құстан сұратып дерегіңді,
Хат күтумен өлтірдім, төре – күнді...
Сары қызды күздей боп сағынамын,
Сағынышқа тоғытып өлеңімді...
Ербол БЕЙІЛХАН
100
ӨКПЕ
Көбелек – гүлге өкпелі,
Гүл – күнге өкпелі,
Періштем пері болып,
Жүректен мұң кетпеді.
Жаңбырға жер өкпелі,
Орманға жел өкпелі,
Өмірде зарықтырған,
Тағдырға біз өкпелі...
Көктемге мұз өкпелі,
Қарғаға құз өкпелі,
Сертінде тұрмады деп,
Жігітке қыз өкпелі.
Айдынға қаз өкпелі,
Аққуға саз өкпелі.
Бақшасын сарғайтатын,
Ал күзге, жаз өкпелі.
Жастыққа шал өкпелі,
Наданға дана өкпелі.
Патшаға қара өкпелі,
Халыққа хан өкпелі...
Иеге – ит өкпелі,
Сабынға бит өкпелі.
101
МӘЖНҮНТАЛ
Мезгілсіз тартылдың деп,
Теңізге кит өкпелі...
Есекке ат өкпелі,
Алтынға тас өкпелі.
Досына дос өкпелі,
Бауырға жат өкпелі...
...Сен мені – нарға бала,
Болмасың арман ада!
Жалғанда не болмайды,
Өкпесіз – Алла ғана!
Ербол БЕЙІЛХАН
102
АҚ ҚАЙЫҢ – ҚЫЗ
Мамыр соңы, сен келдің, Мамыражай,
Көл бетіне төгіліп жамырады Ай.
Сарыала қаз сезімім шөлдегенде,
Аралаттың еркіммен бағына жай...
Өңде солай мас болдым жұпарыңа,
Өлең болып төгілдім құшағыңа.
Жаңа туған маусымды жырлау үшін,
Бұлбұл қонды ағаштың бұтағына.
Сая көріп қайыңның жапырағын,
Сен секілді жантайды қасыма мұң.
Түн екеуміз сырласпыз содан бері,
Содан бері түнменен ашынамын.
Қызғанушы ең, ал түннен қызған мені,
Білесің ғой түн емес бұзған мені?!.
Ақ қайың-ау сөйлеші ақтарылып,
Неменеге шақырдың құздан мені?
Сезім бассың дедің бе, өрлігімді,
Аңсадың ба, сағынып мендік үнді.
Меңдеріне ғашықпын Ақ қайың – қыз,
Сен тұрғанда сағынам енді кімді?!.
103
МӘЖНҮНТАЛ
***
Бір жаным бар еді – өзгенің жанында,
Бір бағым бар еді – өзгенің бағында,
Бір әнім бар еді – өзгенің аузында,
Бір сырым бар еді – көздегі мұңымда?!..
Дәрменсіз дәруішпін, бәрі сол өзгеде,
Іске де ығым аз, ебім жоқ сөзге де...
Көрмей-ақ, қойғаным жақсы еді көркіңді-
Өкпелеп қоямын қырағы көзге де...
Өкпелеп қаламын, өлеңге, Өзіңе,
Биіктеп кетемін бір жылы сөзіңе!
Жырыңды ұнатып жүруші ем жай ғана,
Ғашықпын бұл күндер ой толы көзіңе.
Тағдыр ма кінәлі, жоқ әлде өлең бе,
Сен жайлы жыр жаздым қайыңға, еменге.
Ақ жаңбыр құшақтап аспаннан құладым,
Кешірші, бұдан соң түспеймін төменге!
Ербол БЕЙІЛХАН
104
***
Жетім – жан, жетім – жүрек!
күрсін кеудем,
Көздерім ауырады мұң сіңгеннен.
Жалғыз-ақ, Жаратушы өзгермейді,
Ағызып көздің жасын құл сүйгеннен.
Жаратқан, Сізді сүйдім! Қызды сүйдім –
қырандай көкті сүйдім, құзды сүйдім!
Жалғыз ұлын жоқтаған жетім кемпір –
жапырақ жауып жатқан күзді сүйдім!
Ауыр бұл, іштен тынып егілгенім,
Ақылым сеуіп жатыр сезімге емін.
Сен менің – жүрегіме қонып алдың,
Мен сенің – жасқа толы көзіңдемін.
Не пайда, жылы сөзбен жұбатқаннан,
Арманым ат байлатпай жырақ қалған?
Бозторғай жалқы жаным шырылдайды,
Іздеймін көктен, жерден, бұлақтардан...
...Мендегі өмір басқа, басқа ғалам,
Бұл күнде жолаушымын бақ қараған.
Кей сәтте жібін үзіп тағдырымның,
Қашып кеткім келеді Астанадан?
105
МӘЖНҮНТАЛ
МЕНІ ОЙЛА
Бозарып таң атқанда,
Боздала бусап жатқанда,
Ерке самал жел келіп,
Терезеңді қаққанда,
Мені ойла!
Даланы қар жапқанда,
Боран соққан ақпанда,
Қара жолға телміріп,
Автобусты тосқанда
Мені ойла!
Көгілдір көк көктемде,
Жыл құстары жеткенде,
Қара жерді бусатып,
Жаңбыр жауып өткенде,
Мені ойла!
Сағым тамған жаздарда,
Баққа оңаша барғанда,
Бұлбұл әнін қия алмай,
Жалғыз өзің қалғанда
Мені ойла!
Қоңыр салқын күздерде,
Тырналар сап түзгенде,
Сағынышың арман боп,
Түске жиі кіргенде
Мені ойла!
Ербол БЕЙІЛХАН
106
БІ
ТІРМЕГЕН
МЕКТЕБІМ
!
Жанарыңды-ай,
жалт-жұлт еткен алқадай,
әрi таза! Сыйқырлы?!
Арманы Айда, жолы қылдай қалқам-ай,
Мiнезi де бiртүрлi...
Қылығыңды-ай, ертек қыздай елiткен,
Хордын қызы – ханшайым!
Үркектiгің аумайды екен елiктен,
Оқылмашы!.. Аңсайын!
Дауысыңды-ай, сары сағыныш бүрлеген,
Күзде жеткен Көктемiм!
Көңiлде нұр, жүрегiмде гүлдеген,
Бiтiрмеген мектебiм!..
107
МӘЖНҮНТАЛ
СҰЛБАСЫЗ ЖОЛ...
Сұлбасы жоқ жолымнан өтпе, қарғам,
Өте алмассың малтығып оппа қардан.
Саналының барлығы жетім көңіл,
Қол жеткізбей барады көктегі арман.
Бұлт қонады қыранның қанатына,
Ұшқыр сезім кетті ме аласұра,
Төзім деген тұяғы арғымақтың,
Таға қағып кетемін тағатына.
Көз саламын ескі жұрт сүрлеуіне,
Шер толқытып, көңілді күй керуде.
Сен кінәлі емес ең сүйгеніңе,
Қысқа ғұмыр келмей тұр күрмеуіме!?
Шаңырақ тұр уықтың қаламында,
Желбау көңіл желпілдеп таралуда.
Сағынысып күнменен көрісетін,
Күлдіреуіш күліп тұр қарадың ба?!
Керегем тұр байланып көгеніме,
Ырысым бар сиятын көнегіме.
Сұлбасы жоқ жолымнан күтпе қарғам,
Өмір заңы көнбейді дегеніңе...
Ербол БЕЙІЛХАН
108
НЕ ДЕР ЕКЕНСІҢ, ҚАРАҒЫМ!
Не дер екенсің мұныма тағы, қарағым,
Теңізге келіп, көз сүріндіріп қарадым.
Қарашық қадап, көре алмай қалқа,
көркіңді,
Мұңайлы өлкеден мұңайып кетіп
барамын.
Дидарлы аспан, төгіліп жатыр теңізге,
«Теңіз анам–ау», бөтенге емшек
еміз бе?!
Іздерім қалды сабылып жүрген жағада,
Көгілдірім–ау, Каспиге келсең,
мені ізде?!
Ақжал толқындар, еркелеп келіп,
асылған,
Құпиям едің, теңіздей терең жасырған.
Тербетіп толқын, ескегің болып есіліп,
Тебіреніп тұрып иіскейтін едім
шашыңнан.
Шағала көңіл, шарқ ұрып жүрді жағада,
Тулайды теңіз, еседі ескек самала.
Кемеге мініп, әсем Ақтауға тамсанып,
«Қараңыз, дер ең, қараңыз дер ең,
Жан аға!»
109
МӘЖНҮНТАЛ
Не дер екенсің, мұныма тағы, қарағым,
Мұң бізге ортақ, мұңайып қалма,
жамалым.
Қоңыраулатып, күз әнін шертіп
құс қайтты,
Құс жолыменен сапарлап менде
барамын...
Не дер екенсің, қарағым?!
Ербол БЕЙІЛХАН
110
СЕНІҢ ДЕМІҢ...
Жұпар аңқып айналам,
Көкке ұшты, сетерлі ой.
Қазығына байлаған,
Сенің ауаң екен ғой!
Қуанышым көздегі,
Сағынышым мұңдағы...
Тіл жетпесім сөздегі,
Ашылмасым сырдағы...
Көңіл әппақ шағала,
Аспан түпсіз жеткен бе?
Жете алмасам бағаңа,
Жетім көңіл кектен бе?!
Өрнек салған ой шебер,
...Алдамшы бұл бақыт та.
Секунттармен өлшенер,
Бағынайық уақытқа!
Нәрестедей жүрегім,
Тәтті сезім аршыған.
Мына әлемді сүйемін,
Сенің демің аңқыған.
111
МӘЖНҮНТАЛ
КҮЗГІ ӨЛЕҢ
Қыркүйек жеп отыз бір жас тамызды,
(Сөзге келмей тамыз бірден жан үзді..)
Өткен ай, жыл...сарғайған хат сағыныш,
Көшкен күннен - күткен күндер маңызды!
...Маған көктен сәуле шашып тұратын,
Аспанымда бір Айым бар жаны ізгі!
Қош бол, тамыз! Бәрі-бәрі есімде,
Астанада, сенің барқыт кешінде,
Қанатынан Өлең – сезім сауылдап,
Бір ерке құс қонған еді, Есілге!
Су бетіне қауырсынмен жаздым хат,
Бақ құсы деп: «Бақыт» болған есімге!..
Күздің түні! Найзағайлы, жасынды,
Жарқ-жұрқ еткен от шашулар шашылды.
Сен сыр айттың маған сүйеп басыңды,
Керіп қойып қос қарлығаш қасыңды,
Мұңға толы жанарыңды аймалап,
Иіскеп тұрдым күзбен өңдес шашыңды!
Күндер – бақыт, түндер – сырлы, Сырғалы,
Сағым – уақыт сені қайта ұрлады...
Бір кеудеде екі жүрек қол бұлғап,
Шығарып сап тұрам көкте тырнаны...
Сағындың ба, дегендейін көз қысып,
Күн батады күп-күрең боп қырдағы!..
Ербол БЕЙІЛХАН
112
МЕҢДІ ҚЫЗ
Өң мен түстен шықпай қойдың,
Меңді қыз,
«Жолықпайық, сағынбайық, енді Біз!..»
Қайтқан қаздың қанатынан хат оқып,
Мұң кешпесін күрең торғын – өңді Күз!
Екеуміз де – ой қамаған шерліміз,
Екеуміз де – сөз ұғатын сорлымыз...
Енді көрсек ыстық құшақ айқаспай,
Бейтаныстай жыбырласын ерніміз.
Мен дегенде желбіремей кекілін,
Күзет қалқам, адалдықтың есігін!
Бұраң жолда мың қатемді кешіріп,
«Жаным сол», – деп жасай салма кешірім!..
Қойшы солай! Жүрегіңді тыңдамай,
Маған түнде гүл сезімін бұлдады Ай...
Қоштасу деп өлең жазып отырып,
Меңді қызды, сағынамын бұл қалай?..
113
МӘЖНҮНТАЛ
БІЗ ЖОЛЫҚҚАН МЕЗГІЛДІҢ
БӘРІ – КӨКТЕМ!
Қамшы ғұмыр – жүргізбес сабына өктем,
Қараша ауыл бойыма қазына еккен.
Сары қызым қайда жүр сағына өбкен,
Біз жолыққан мезгілдің бәрі – Көктем!
Күз жанымды жайқалтып көктем етіп,
Жаз жаңбыры тұр биыл төкпелетіп.
Алам ылғи сар(ы) қызды өкпелетіп,
Сағындырып қояиын көпке кетіп...
Мені күтіп жүр екен қараша ауыл,
Дүлдүл байлап қойыпты қара сауыр.
Көкпар тартып қайтайын таласа бір,
Көктем ару – жолыма бал аша жүр?..
Бес асқардың мен ұштым қиясынан,
Туған жердің тау-тасы, миясы да ән!
Үш Ойғырдың жусанын иіскеп қойып,
Көз ұшында жастықты қыр асырам.
Күз шертеді жалғасын көктемгі ойдың,
Ізін қуып келемін көшкен жолдың...
Қоңыр аңдай қашып ем, қоңыр мұңнан,
Сар(ы) сағыныш бәрібір кетпей қойдың!..
Ербол БЕЙІЛХАН
114
АЙ – ДАРА!..
Сен – Айсың, есімі – Дара,
Мен – Таумын, бесігі – нала!..
Түн болса көлге құлайсың,
Ал менде кешігу ғана...
Тауларға тас атса тағдыр,
Тауларда кешіру қана!
Бұлт шөксе басын шалады,
Тек қыран асыр салады.
Қою түн ұйықтай алмаймын,
Сынық Ай, жасын тамады...
Мас болып масайратады,
Гүлдердің жасыл шарабы...
Сен – Айсың! Қаумалар жұлдыз!
Мен – Таумын! Күндесер шың-құз.
Мезгілдер менменсігенмен,
Мұңдаспыз, екеуміз Бірміз!
Ғазалды қазан келеді,
Ай - дара, қалайсыз, бұл Күз?..
115
МӘЖНҮНТАЛ
КЕЙІПКЕР – КҮЗ
Құс жолы...
әуен толы аспан мынау,
Шөптерге қонақтапты ұшқан қырау.
Жалыңның бір тал қылын үзіп қалдым,
Кісінеп кербестідей қашқан жыл-ау!
Құс жайы...
жиі-жиі жауады аспан,
Айғыр бұлт – үйір бұлтты ала қашқан.
Сен маған сенесің бе, Кейіпкер – Күз,
Мен саған ғашық едім бала жастан.
Құс әні...
елең-елең құлақ түрем,
Күлкісің тоқтатыпты бұлақ кілең.
Жапырақ сағынышқа тоғытылып,
Мені тағы сені ойлап жылап келем.
Ербол БЕЙІЛХАН
116
МЕН СЫЙЛАҒАН, КҮЗ!
Мен саған сыйға тартқан, Күз еді бұл,
Қарасудың бетінде жүзеді жыл.
Ұшырып қоңыр үнді қоңыр қазын,
Біз барған қызғалдақты жүдеді қыр.
Көктем жүр, сен сыйлаған жүрегімде,
Өлеңім қара тасқа қына егуде.
Көк көйлек көктеміңді маған қиып,
Сен қалай жүрсің қалқам, мұң елінде?..
Жабырқап жүрсің білем, тырна қайтып,
Сырыңды жапыраққа ұрлана айтып.
Қаздардың қаңқылына ән қосамын,
Жүректегі атыңды ырғала айтып.
Ол Көктем, сен(і)мен бірге тырна келген,
Дариға-ай, дәурен еді сырға ерген.
Кешір сен, Көктем емес, Күз сыйладым,
Тәп-тәтті, қоңыр ойлы мұңға көмген...
117
МӘЖНҮНТАЛ
ТҮСТЕГІ ӨЛЕҢ
Нар атағы болса да, тар дүние,
Елітеді еліктей Сал дүние...
Қыз қылығың қалмаған келіншек ару,
Сені ғана жүрегім сүйді неге?
Жүргенімде өртеніп ой отына,
Хат жазыпсың құстардың қанатына.
Шырға тартып, қиқулап шақырып ем,
Ұшып жеттің көктемде аласұра.
Бақыт па бұл, бақыттың бағы кімде?
Көбелектің өртенген назы гүлде...
Жан ұшырған айналдым жүрегіңнен,
Ғашықтардың қашанда жаны бірге.
Ақындардың түспейді мидан жүгі,
Сен өлесің мен сені қиған күні?!
Мына әлемнің өзіңсіз қызығы жоқ,
Дүниеге мен өлем сиған күні.
Алай-дүлей, сезім бұл ішімдегі,
Түріңді-ай, қияли пішіндегі!..
Алматыда аяулым түске кірдің,
Бұл өлең, сенің жырың түсімдегі...
Алматы, 10.06. 2013 ж.
Ербол БЕЙІЛХАН
118
ЖАССЫЗ ЖЫЛАУ
Өр едің, ішінде жататын бөрі ұлып,
Асыл ең, жататын көрінбей көміліп.
Сол кеште сен ұзақ жыладың егіліп,
Жұбатпай мен үнсіз отырдым езіліп...
Сырт көзге, такаппар, иілмес жасын қыз,
Өтінем жылама, кірпіктен жасыңды үз.
Тек жүрек дір етіп, мұң бағып отырмыз,
Адамдар, адамға неге осы тосынбыз!?
Тағы да таң қылдың, татқандай таңқурай,
Ішіңнен тұрса да, сүйгенді жан қимай...
Ерніңді тістеумен, шарпыңды алдыңда,
«Қош дедің»
қайтадан артыңа қайырылмай...
Содан мен көп күттім, бір күні келер деп,
Сен жоқта сырласым боп кетті өлең тек.
Білемін, сен-дағы сағынған шығарсың,
Жасыңды шығармай көзіңе көгендеп.
Қайтеміз, өмір бұл күзі көп қыраулы,
Кешір сен, ұмытсам қәліңді сұрауды!
Ең соңғы жасыңды сол кеште мен көрдім,
Сосын сен үйрендің,
тек жассыз жылауды...
119
МӘЖНҮНТАЛ
СЫР САНДЫҚ
Жанымның таба алмас емін,
Ғашықтық ұрттаған құсам.
Мен сені сүйе алмас едім,
Сен жұртқа ұқсаған болсаң.
Жан едің, жамалың бөлек,
Шуағын төкті... қаладым.
Жаралған ақылың ерек,
Ешкімге ұқсата алмадым.
Жүректің көзі... жарық етіп,
Сыр – сандық ашылды қоймам.
Бойыңда бір мін жоқ етіп,
Жаратты шебер қол – Аллам!
Кербезім, нұр алау, керім,
Сағынып, құс болып ұшам.
Сен мені сүйе алар ма едің,
Мен жұртқа ұқсаған болсам?
Ербол БЕЙІЛХАН
120
***
Сені сағынғым келді, Үнсіз.
Хабарсыз. Хатсыз. Тілсіз.
Сәулелі сағындым Айды,
...қалай жүрсің, Күнсіз?
Сені сағынғым келді, Үнсіз.
Жырсыз. Шерсіз. Мұңсыз!..
Басыма кіріп кеткен,
...айтыңыз Кімсіз?..
Бәрі, жауапсыз сұрақ?!
Сезім мөп-мөлдір бұлақ.
Қалжың, сағындым шыны –
Қалдың ба, жылап!..
121
МӘЖНҮНТАЛ
ҚЫЗҒАНШАҒЫМ...
Қызғаншағым!
Ұнайды бұл қылығың,
Көктемге ұқсап барады күз – ғұмырым.
Күз күніндей аяулым, жүз құбылдың,
Жұпары аңқып деміңнен түз гүлінің.
Түсіне алмай, жүрмін көп қылығыңды,
Мойыныңа салғанмен құрығымды.
Бала болам, біресе дана болам,
Тамашалап тауса алмай қызығыңды.
Түсінгім де келмейді, түсінбеймін!
Аппақ қанат өзіңсің құсым менің.
Мен сенің жүрегіңнің ішіндемін,
Ал жүрекке көлеңке түсірмеймін!
...Қызғаншағым!
Бітпейтін бір әлегі,
Егіз сезім – өмірімнің мәйегі.
Ғашық жанды қызғанғанның несі айып,
Тек Бақытты қызғанбайсың, әдемі!
Ербол БЕЙІЛХАН
122
***
Сенде, менде ортаярмыз толған Ай.
Көңіл семіп, көзім талды жол қарай.
Терең-терең сайға сіңіп кететін,
Тарам-тарам қосылмайтын жолдар- ай!..
Сенде, менде кетілерміз толған Ай.
Шешімі жоқ, күрмеуі көп Ой қамай.
Бір бағытта келе жатып жалт етіп,
Қосылмайтын жыланбауыр жолдар- ай!..
123
МӘЖНҮНТАЛ
***
Шілде салқын, шіліңгір жазым қайда?
Иір жол, оқтау салсаң жазылмайды ә!..
Арқаның сыбызғы үн ақ самалы,
Қамыстың өзегінен саз ұрлайды ә?!..
Сол бір саз, жібек жүрек дір етеді,
Аспан бұлт, қара жердің гүл етегі.
Бір мезгіл жер менен көк үндесе алмай,
Көңілдің көкдөненін мұң етеді...
Биыл жаз жаз емес-ау, күз секілді,
Кінәлап, мен жылатқан қыз секілді.
Бүркелген, бағдаршамды қала суық,
Жоталы таутеке ойнар құз секілді.
Бүгінде қала суық, дала суық,
Шілдеде қалтырайды бала шыбық.
Пышақ кеспес тәніңді сөз кескенде,
Есілді жағалаймын жар асылып...
Ой – ағыс, сыймай солай арнасына,
Арманның шегі бар ма самғасын да.
Сірке жаңбыр, тәнімді малмандай ғып,
Жанымды ойлап тұрмын жар басында.
Ербол БЕЙІЛХАН
124
***
Қазір, білем, сөз шығын, ой тұман-ды,
Сезім едің аяулы, Ай тұмарлы.
Сүмбіленің жаңбыры сүю деген,
Сүю деген – сый ету жарты жанды.
Қазір мүлдем хат жазу сиректеді,
Мейірімін төкпейді күн көктегі.
Елі көшкен жайлаудай бұл көңілді
Жұбатады өзіңсіз кім кеп мені?
Бұл күндердің бәрі де өтер дейсің,
Хабарлассам қоңырау көтермейсің?
Сағынышпен емініп “жаным” десем,
“Сізден көрген азабым жетер” дейсің!
Бір түрліміз, білмеймін, осы күні,
Өзің едің көңілдің хошы, гүлі.
Жүрегіңнің алдына келіп тұрмын,
Қаға алмаймын құлып бар есігіңді...
Біздің бақта сап-сары гүл өседі,
Со гүл жайлы баршаның кіл өсегі.
Мынау жұрттың көзінен сақтай алмай,
Менің нәзік жүрегім дір етеді...
125
МӘЖНҮНТАЛ
ЖӨТЕЛ…
Түн ішінде жөтел қысып ояндым:
Сосын сені ойладым!
Ғаламторды қосып едім болмадың.
Бір суретте жанарыңда жас бар-ау,
Сол жасыңды сүртіп жатты қолдарым.
Түн бойы қайта кірпік айқаспай,
Өткен күндер зулады-ай кеп ойқастай.
Атыңды айтып айғай салдым бөлмеде,
Ішкі үнім қайталады жартастай.
Үнімді естіп, терезеден жылады Ай,
Ай мен Айқыз үндеседі бұ қалай?
Жел жөтелден көк жөтелге айналған,
Сезімім-ай, сағыныш-ай, құмар-ай!..
...Түн ішінде жөтел қысып ояндым!
Ербол БЕЙІЛХАН
126
***
...Келмейтін жазды көп күтпе,
Шер кеуде толып өксікке.
Құлындай жүрек кісінеп,
сағынады екен өстіп те.
Оранып от пен жалынға,
Жүземін қарсы ағынға.
Нәзік жандым-ау, ойсоқты,
Сен мені, мендей сағын ба!?
Сағынба мендей, дамылсыз,
Ақ жаңбыр болып жау үнсіз.
Орманның сәні келер ме,
Бұралған аппақ қайыңсыз.
Күзімде көрген, бұраңбел,
Сананы сен деп қиял жер.
Тұнжырап ойда отырмын,
Алдымда жолсыз тұман бел...
127
МӘЖНҮНТАЛ
ЖАССЫЗ ЖЫЛАУ
Өр едің, ішінде жататын бөрі ұлып,
Асыл ең, жататын көрінбей көміліп.
Сол кеште сен ұзақ жыладың егіліп,
Жұбатпай мен үнсіз отырдым езіліп...
Сырт көзге, такаппар, иілмес жасын қыз,
Өтінем жылама, кірпіктен жасыңды үз.
Тек жүрек дір етіп, мұң бағып отырмыз,
Адамдар, адамға неге осы тосынбыз!?
Тағы да таң қылдың, татқандай таңқурай,
Ішіңнен тұрса да, сүйгенді жан қимай...
Ерніңді тістеумен, шарпыңды алдыңда,
«Қош дедің» қайтадан артыңа қайырылмай...
... Содан мен көп күттім, бір күні келер деп,
Сен жоқта сырласым боп кетті өлең тек.
Білемін, сендағы сағынған шығарсың,
Жасыңды шығармай көзіңе көгендеп.
Қайтеміз, өмір бұл күзі көп қыраулы,
Кешір сен, ұмытсам қәліңді сұрауды!
Ең соңғы жасыңды сол кеште мен көрдім,
Сосын сен үйрендің, тек жассыз жылауды...
Ербол БЕЙІЛХАН
128
АҚ ҚАЙЫҢ – ҚЫЗ
Мамыр соңы, сен келдің, Мамыражай,
Көл бетіне төгіліп жамырады Ай.
Сарыала қаз сезімім шөлдегенде,
Аралаттың еркіммен бағына жай...
Өңде солай мас болдым жұпарыңа,
Өлең болып төгілдім құшағыңа.
Жаңа туған маусымды жырлау үшін,
Бұлбұл қонды ағаштың бұтағына.
Сая көріп қайыңның жапырағын,
Сен секілді жантайды қасыма мұң.
Түн екеуміз сырласпыз содан бері,
Содан бері түнменен ашынамын.
Қызғанушы ең, ал түннен қызған мені,
Білесің ғой түн емес бұзған мені?..
Ақ қайың-ау сөйлеші ақтарылып,
Неменеге шақырдың құздан мені?
Сезім бассың дедің бе, өрлігімді,
Аңсадың ба, сағынып мендік үнді.
Меңдеріне ғашықпын Ақ қайың - қыз,
Сен тұрғанда сағынам енді кімді?!..
129
МӘЖНҮНТАЛ
КЕЙІПКЕР
Қалықтап «Гүлдариға»,
Үстінде қия белдің…
Өмірге сыйғаныңда,
Өлеңге сияр едің…
Сағыныш еселенді,
Салмағын жүрек білер…
Сары күз төсенеді,
Жапырақ… жүдеп күлер.
Бұлт көшті бұлаң қағып,
Құс қайтты келмейсің бе?
Бұралып, сылаңданып,
Жыр оқып бермейсің бе!?
Кісінер, кербесті-өмір,
Жауапсыз сұрағыма.
Алданыш, сері-көңіл,
Дауысың құлағымда…
Мұң бүрлеп алақанда,
Маңырап, елік-сезім.
Хат жаздым ала таңға,
Оқышы, кейіпкерім…
Ербол БЕЙІЛХАН
130
БИСМИЛЛА,
АЛЛА СӨЗІ ҰНАТҚАН
Аллаһ сені жаратыпты сынды ғып,
Жүзіңе нұр, жанарыңды мұңды ғып.
Ай бетіне атыңды айтып хат жаздым,
Бура бұлтқа мінгізіп...
Бұлттар, бұлттар сәлемімді апарар,
Сағыныштан жанарлары жас алар.
Мұзбалақ жыр асқарларда қалықтап,
Сағынады мен боп сені жоталар.
Сағынады жасыл желек қыраттар,
Сағынады сылдыр күлкі бұлақтар.
Аппақ қанат періштедей қалпыңмен,
Пенделіктен жырақ қал!
Бисмилла, Аллаһ сөзі ұнатқан,
Әлһамдуллаһ, менде сені ұнатқам.
Тағдыры бір, жанары мұң сәулемді,
Ла иләһа, бақытты ет жаратқан!
Әмин!
|