БАҒдарламасы бойынша жадынама мазмұНЫ



бет1/4
Дата02.07.2017
өлшемі0.81 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
БЕКІТІЛГЕН:

«Қансонар» қауымдастығының

2013 жылғы «18» маусымдағы

5 П бұйрығымен



АҢШЫЛЫҚ МИНИМУМЫ

БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ЖАДЫНАМА

МАЗМҰНЫ
1-бөлім. «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

Жануарлар дүниесiне және жануарлар дүниесi объектiлерiне меншiк

Жануарлар дүниесiн пайдалану

Жануарлар дүниесiн пайдаланудың түрлерi

Жануарлар дүниесiн пайдалануға беру

Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы

Аң аулау ұғымы және түрлерi

Аң аулау құқығы



2-бөлім. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы жануарлар түрлерін аңшылық мақсатында алуға қатысты нормативтік-құқықтық актілер

Қазақстан Республикасында аң аулау ережесі мен мерзімі.

«Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы» Салық кодексі

Рұқсат беру ережесі

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы бақылау

Аңшылық және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесі

Өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесi

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы



3-бөлім. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзғаны үшiн әкімшілік жауаптылық

Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзғаны үшiн қылмыстық жауаптылық

4-бөлім. Аңшы этикасы

5-бөлім. Аң аулау тәсілдері

Аңшылықтың негізгі тәсілдері

Аңшылықты ит шаруашылығы

Аң аулайтын құстар



6-бөлім. Рұқсат беру жүйесі

Аң аулайтын қару, оқ-дәрі және қару-жарақ

Қаруды сақтау және аңшылық кезіндегі қауіпсіздік техникасы

Зардап шеккенге алғашқы жәрдем көрсету


1-бөлім.

«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Заңы жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және қазiргi және келешек ұрпақтың мүдделерiн ескере отырып, адамның экологиялық, экономикалық, эстетикалық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында жануарлар дүниесiн, оның биологиялық сан алуандығын сақтау, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану шарттарын қамтамасыз етуге бағытталған.
Жануарлар дүниесiне және жануарлар дүниесi
              объектiлерiне меншiк

Жануарлар дүниесi мемлекеттiк меншiкте болады. Мекендейтiн ортадан осы Заңда белгiленген тәртiппен алынған, сондай-ақ ерiксiз және (немесе) жартылай ерiктi жағдайларда өсiрiлiп, ұсталатын жануарлар дүниесiнiң объектiлерi оларды аулаған, өсiретiн және ұстайтын жеке және заңды тұлғалардың меншiгi болып табылады (2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабы).



Жануарлар дүниесiн пайдалану

      Жануарлар дүниесiн пайдалану жалпы және арнайы пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылады. Жануарлар дүниесiнiң объектiлерi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалануға берiледi.


Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға жануарлар дүниесi объектiлерiн және олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн мекендейтiн ортасынан алу арқылы пайдалану жатады. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалануға жануарлар дүниесi объектiлерiн, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттерiн мекендейтiн ортасынан алмай пайдалану жатады. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк орман қорының аумағында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда пайдалану Қазақстан Республикасының орман заңнамасы мен Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласы заңнамасының талаптары ескерiле отырып жүзеге асырылады (Заңның 23-бабы).

Жануарлар дүниесiн пайдаланудың түрлерi

      Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар дүниесiн пайдаланудың мынадай түрлерiне жол берiледi:


      1) аң аулау;
      2) судағы омыртқасыз жануарлар мен теңiз сүтқоректiлерiн алып қоюды қоса алғанда, балық аулау;
      3) аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалану;
      4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда пайдалану;
      5) жануарлардың пайдалы қасиеттерiн және тiршiлiк ету өнiмдерiн пайдалану;
      6) жануарлар түрлерінің өсімін молайту мақсаттарында пайдалану. 

Жануарлар дүниесiн пайдалануға беру

Жануарлар дүниесi арнайы пайдалануға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлетiн жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсаттар негiзiнде берiледi

Жануарлар дүниесін жалпы пайдалану қандай да бір рұқсатсыз жүзеге асыралады (Заңның 26-бабы).
Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы
Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану ақысыз жүзеге асырылады. Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес ақылы негiзде жүзеге асырылады (Заңның 28-бабы).

Аң аулау ұғымы және түрлерi

      Аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн мекендейтiн ортасынан алуды жүзеге асыру арқылы жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану түрi.


      Жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау мақсатында iздеу, iзiн кесу және iзiне түсу, аулауға әрекет жасау, аңшылық алқаптарда қабынан шығарылған аңшылық қаруы және басқа да аң аулау құралдары немесе аң аулаудан алған өнiмдерi бар, қарғыбауы алынған аң аулайтын иттерi мен аушы жыртқыш құстары бар адамдардың жүруi аң аулауға теңестiрiледi.

Аң аулау:

1) кәсiпшiлiк аң аулау;

2) әуесқойлық (спорттық) аң аулау, оның ішінде ұлттық аң аулау болып бөлiнедi.


      Кәсiпшiлiк аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн кәсiпкерлiк қызмет мақсатында аулау.

Әуесқойлық (спорттық) аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн спорттық, эстетикалық қажеттiктерiн қанағаттандыру мақсатында және ауланған өнiмдi жеке тұтыну үшiн аулау.

Ұлттық аң аулау - аушы жыртқыш құстар мен аңшылық иттердің ұлттық тұқымдарын пайдалана отырып, әуесқойлық (спорттық) аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін аулау.

Егер уәкiлеттi орган өзгеше белгiлемесе, аң аулау бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарда жүргiзiледi (Заңның 32-бабы).


Аң аулау құқығы

Аң аулау құқығы жеке тұлғаларға:

1) егер аң аулау атыс қаруы қолданыла отырып жүргiзiлетiн болса, он сегiз жасқа толған;

2) егер аң аулау аңшылық ережелерiнде рұқсат етiлген басқа да аңшылық құралдарының түрлерi, аңшылық иттер мен аушы жыртқыш құстар қолданыла отырып жүргiзiлетiн болса, он төрт жасқа толған;

3) аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгiсi бар аңшы куәлігі болған және аң аулау құқығына рұқсат беру үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген мемлекеттiк бажды төлеген;

4) жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алған жағдайда берiледi.


Шетелдiктер үшiн Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау құқығы аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасасқан аң аулауды ұйымдастыру шартының және оның аң аулау құқығын куәландыратын тұратын елінде берiлген құжаттың және жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алуының, сондай-ақ ішкі істер органдарынан аңшылық атыс қаруын және оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсатының негiзiнде туындайды (Заңның 33-бабы).


2-бөлім.

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы жануарлар түрлерін аңшылық мақсатында алуға қатысты нормативтік-құқықтық актілер
Қазақстан Республикасында аң аулау ережесі мен мерзімі
Осы Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесі (бұдан әрi – Ереже) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында аң аулауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейдi.

Аңшылық алқаптар – бұл аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргiзу жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылуы мүмкiн аң аулау объектiсiн бiлдiретiн жануарлар түрлерiнiң тiршiлiк ортасы болып табылатын аумақтар мен акваториялар.

Аңшылық алқаптар:

1) аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға бекiтілiп берiлген;

2) аңшылық алқаптардың резервтiк қорындағы аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға бекітілiп берiлмеген;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен аңшылық шаруашылығын жүргізуге және аң аулауға жол берiлетiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан жерлер болып бөлiнедi.

Егер жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) өзгеше белгiлемесе, аң аулау бекітіліп берiлген аңшылық алқаптарда жүргiзіледi.

Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағында бекітіп берілген аңшылық алқаптарда ғана аң аулауға, осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасасқан аң аулауды ұйымдастыру шартының болған кезде және тұрғылықты елінде берілген олардың аң аулау құқығын куәландыратын құжаты және рұқсаты, сондай-ақ аңшылық атыс қаруы мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге ішкі істер органдарының рұқсаты болған жағдайда құқығы болады.

   Шетелдіктердің қатысуымен әуесқойлық (спорттық) аңшылық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

Жануарларды олжалау құралдары аңшылық атыс қаруы, аушы жыртқыш құстар, аң аулайтын иттер және аң аулаудың түрiне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған барлық техникалық құралдарды қолдана отырып жануарлар олжаланатын құралдар болып танылады.

Аң аулау өнiмдерi болып жануарлардың терiлерi (мамық жүнді тері, тері шикiзаты, құстардың терісі), олардың еті, майы, қауырсыны мен мамығы, бұғы мүйiзi, жұпары, өтi, бас сүйектерi, мүйiздерi (табиғи жолмен тасталған немесе мерт болған жануарлардан басқа), азу тiстерi және жануарлар денесiнiң басқа да бөлiктерi, құстар мен бауырымен жорғалаушылардың жұмыртқалары, сондай-ақ ауланған жануарлардың өздерi танылады.


Аң аулау тәртібі

      Аң аулау уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлімшелері беретін аң аулауға тиiстi рұқсаттың негiзiнде жүргiзіледi (бұдан әрі –рұқсат).

Кәсiпшiлiк аң аулауға аңшыда мынадай құжаттар:

1) аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап бойынша емтихан тапсырғаны және аң

аулау құқығына рұқсат беру үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасы белгiлеген мемлекеттiк бажды төлегені туралы белгiсi бар аңшы куәлігі;

2) рұқсат;


      3) аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде – аңшылық атыс қаруын сақтау және алып жүру құқығына берген Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының рұқсаты;
      4) аушы жыртқыш құстармен аң аулаған кезде – белгiленген тәртiппен берiлген оларды тіркеу туралы құжаттар;

5) аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасалған шарттар;

6) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамалары;

7) кәсiпшiлiк журналы болған кезде жол беріледі.


      Кәсiпшiлiк аң аулаудың ұжымдық (топтық) нысаны кезiнде аңшылық шаруашылығы субъектісі рұқсатты пайдалану үшiн жауапты тұлға тағайындайды.

Әуесқойлық (спорттық) аң аулауға аңшыда мынадай құжаттар:


      1) аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап бойынша емтихан тапсырғаны және аң аулау құқығына рұқсат беру үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасы белгiлеген мемлекеттiк бажды төлегені туралы белгiсi бар аңшы куәлігі;

2) рұқсат;

3) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамалары;

4) аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде – аңшылық атыс қаруын сақтау және алып жүру құқығына берген Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының рұқсаты;

5) аушы жыртқыш құстармен аң аулаған кезде – белгiленген тәртiппен берiлген оларды тіркеу туралы құжаттар болған кезде жол берiледi.

Тұяқты жануарлар мен аюды әуесқойлық (спорттық) мақсатта аулаудың ұжымдық (топтық) нысаны кезiнде рұқсатты пайдалануға жауапты аңшының деректерi рұқсаттың бет жағына, ал қалған қатысушылардың деректері олардың аңшы куәлiктерiнiң нөмiрлерi көрсетіліп, сырт жағына енгiзіледi.

Тұяқты жануарлар мен қоңыр аюды олжалау қорықшының немесе жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспектордың қатысуымен жүргізіледі (17-т.).

Тұяқты жануарлар мен қоңыр аю олжаланғаны туралы белгіні осы Ереженің 17-тармағында көрсетілген адамдар атып алғаннан кейін, жануарлардың басқа түрлері олжаланғаны туралы белгіні аң аулау аяқталғаннан кейiн күн сайын не келесі аң аулау орнына ауысқан кезде сол күні қорықшы немесе ол болмаған кезде аңшының өзi рұқсатқа, егер бұл рұқсат нысанында көзделген болса, жолдамаға, ал кәсiпшiлiк аң аулау кезiнде – кәсiпшiлiк журналына белгi жасайды.


Қасқырларды, шибөрiлердi және сұр қарғаларды олжалауға:
      1) жануарлар дүниесiн қорғауды уәкiлеттi органның және оның мамандандырылған ұйымдарының лауазымды тұлғалары, сондай-ақ аңшылық шаруашылығы субъектісінің қорықшылық қызметi қызметтік қаруды пайдаланып және авиа, автомото, көлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы пайдаланып жүзеге асырған;
      2) жануарлардың басқа түрлерiн аулауды аң аулауға берілген рұқсат қолданылатын аңшылық шаруашылығы субъектісінің аумағында жүргізілген (авиа, автомото, көлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы пайдаланбай) кезде рұқсат талап етiлмейдi.
     Аң аулау:

1) тегiс ұңғылы аңшылық атыс қаруын;

2) ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруын (құстардан басқа);

3) қолдан жасалған құралдарды (қапқандарды, тұзақтарды, салмақты қысқышты, қаусырманы);

4) аң аулайтын иттер мен аушы жыртқыш құстарды қолданып жүргiзiледi.

Iрi жыртқыш жануарларды және саны реттелуге жататын жануарларды аң аулау мерзiмiнен тыс кезде олжалау Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының негiзiнде жүргiзiледi.

Жолдаманың қолданылу аумағынан тыс жерде аң аулайтын иттердi iздеп, шақыру кезінде аңшы аңшылық атыс қаруының оғын алып, бөлшектейді.

Жолдаманың қолданылу аймағынан тыс жерде жараланған тұяқты жануарлардың, аю мен қасқырлардың iзiне түсуге және оларды жинап алуға жараланған жануар аңшылық алқаптарында жүрген аңшылық шаруашылығы субъектісінің уәкiлеттi тұлғасының келісімiмен жол берiледi.

Аң аулау аяқталғаннан кейiн, аң аулау аралығындағы үзiлiстерде, бiр жерден екiншi жерге көшкен кезде, сондай-ақ уәкiлеттi тұлғалар аңшының аң аулауының заңдылығын тексеруi кезiнде аңшылық атыс қаруы оғы алынған күйге келтiріледi.
      Мылтық қарудың оқ ұясында және оқшантайында оқ болмаған кезде оғы алынып тасталған болып есептеледi.

Ен салынған (сақина, микрочип салынған) құстарды немесе сүтқоректiлердi олжалау кезiнде олжалаудың күнi мен орны көрсетiлген ақпарат, сақина, микрочип және басқа да белгiлер кейіннен ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органға одан әрі беру үшiн аңшылық шаруашылығы субъектісінің уәкiлеттi тұлғасына немесе уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшесіне беріледі.

Мына жағдайларда:

1) аңшы куәлігінсіз;

2) аңшы куәлігінде тиісті жылға аң аулау құқығына рұқсат беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгілеген мемлекеттік баждың төленгені туралы белгісіз;

3) iшкi iстер органдарының аңшылық атыс қаруын сақтау және алып жүру құқығына берген рұқсатынсыз, ал шетелдiк азаматтарға - iшкi істер органдарының Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге аңшылық атыс қаруын әкелуге және әкетуге берген рұқсатынсыз;


      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркеуден өткiзiлмеген аушы жыртқыш құстармен;

5) егер уәкілетті орган өзгеше белгілемесе, аңшылық алқаптардың резервтiк қорында;

6) аңшылық шаруашылығы субъектісімен шарт жасаспай кәсiпшiлiк мақсатта;

7) қолданылуы осы Ережеде көзделмеген олжалау құралдарымен;

8) тегiс ұңғылы аңшылық қаруын қолданып, елдi мекендердiң жерлерiнде, сондай-ақ олармен іргелес аумақтарда, олардың айналасында екі шақырым және ойық ұңғылы аңшылық қаруын қолданып үш шақырым радиуста;

9) уәкілетті органның рұқсатынсыз өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерлерiнде;

10) өнiм жинау аяқталғанға дейiн ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жерлерде;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен табиғатты пайдаланудың жекелеген түрлеріне жол берiлетiн аумақтарды қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда;

12) қозғағышын iске қосып, авиа-, авто-, мотокөлiк құралдарын, қарда жүретiн техниканы (қасқыр аулауды қоспағанда), шағын көлемдi кемелердi, әуесқойлық (спорттық) мақсаттарда;

13) алкогольмен немесе есірткі заттармен масаю немесе өзге де түрдегі интоксикация жағдайындағы адамның;

14) мүшкiл және дәрменсіз күйге ұшыраған (дауылдан, су тасқынынан, өрттен бас сауғалаған, су айдындары арқылы жүзіп өту кезінде, көктайғақта, аштықтан тұралаған, жылым суларды паналаған суда жүзетiн құстарға) жануарларға;

15) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупі төнген түрлеріне (оларды Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес олжалау жағдайларынан басқа);

16) өзен құндызына, кәмшатқа, күзенге, су тышқанына аңшылық қаруды қолданып;

17) кейiннен қалпына келтiре отырып, аң аулайтын иттердi құтқару үшiн iндердi қазуды қоспағанда, жануарлардың тұрағын бұзып және зақымдап;

18) өзен құндызы тұрғызған бөгеттерді бұзып;

19) түнгi көздеуіштерді және дыбыссыз атуға арналған құрылғыларды, лазерлiк нысана көрсеткiштерді қолданып;

20) жарықтандыру аспаптарын қолданып;

21) дыбыс шығарғыш электрондық құрылғыларды қолданып;

22) пневматикалық, лақтыратын қаруды қолданып (жануарлар дүниесi объектiлерiн иммобилизациялауға және егуге байланысты ғылыми-зерттеу және алдын алу жұмыстарын жүргiзу үшiн садақтар мен арбалеттерді пайдаланудан басқа);

23) сауыт бұзатын, өртегіш немесе жарғыш қуаты, ауыртпалық орталығы ауыстырылған оқтары бар патрондарды қолданып;

24) тегiс ұңғылы аңшылық мылтығына қолдан жасалған иір ойықты салмалы (қосалқы) ұңғыны қолданып;

25) бос жерлерді, су бетiндегі өсiмдiктердi жағумен, басқа да өсімдiктерді түбiрiмен қопарып және жойып;

26) өздiгiнен атылатын қаруды, қысқышты, қаусырманы, қапсырманы, кескiштi қолданып, құлама, аулау орларын құрып, адам байқамайтын айқындаушы белгілерінсіз ірі қақпандарды, шатырларды, бастырмаларды, iлмектердi, найзаларды, сүңгі құс желiмін орнату жолымен, түтін салып, жылтыр мұзға, қатқыл мұзға, терең қарға және топырағы жабысқақ сортаңға, шабылған қамысқа айдап шығарып, аюды, тұяқты жануарларды және құстарды аулау кезiнде қақпанды қолданып, қоршауға алып, тағамен аулап;

27) торларды қолданып; су құю арқылы iнінен шығарып (уәкiлеттi органмен келісiм бойынша жабайы жануарларды мекенiн ауыстыру немесе оларды қолда ұстау үшін оларды аулауды қоспағанда);


      28) жарылғыш құрылғыларды, химиялық және улы заттарды қолданып, уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келiсім бойынша тышқан тектес кемiргiштердi (саршұнақтарды, сұр егеу құйрықтарды, аламандарды) жойған кезде, сондай-ақ жануарлардың құтыру эпизоотиясы және басқа аурулары жағдайында улы химикаттарды қолдануды қоспағанда;

29) жануарлар түрлерін рұқсатта көрсетілген мөлшерден тыс және рұқсатта көрсетiлмеген жануарлардың басқа түрлерiн олжалау жолымен;

30) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасынсыз;

31) басқа елдерден әкелінген аушы жыртқыш құстарды пайдалана отырып аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлеріне;

32) бүйірден (сақинадан) от алатын оққа арналған бес бүтін оннан алты миллиметр калибрлі иір ойықты қаруды қолданып, әуесқойлық (спорттық) мақсатта суырға;

33) қорықшының немесе жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспектор бастап жүрмей тұяқты жануарлар мен қоңыр аюға;

34) көктемгі аң аулау кезінде аталық үйректі алдамшы үйрексіз немесе тұлыпсыз аулау;

35) тыныштық аймақтары мен өсімін молайту учаскелерінде аң аулауға тыйым салынады.


Аң аулауды жүргiзу мерзiмдерi

      Жануарлардың таралымдарын сақтау, олардың өсiмiн молайтуға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету және шаруашылық пайда табу мақсатында Қазақстан Республикасында осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес аң аулау мерзiмдерi белгiленедi



Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері аң аулауды ашу туралы және өңiрдiң табиғи-климаттық жағдайларына байланысты осы Ережеде белгiленген мерзiм шегiнде көктемгі аң аулаудың басталуын күнтiзбелiк 15 күнге дейiн неғұрлым кеш мерзiмге ауыстыру туралы да шешiм қабылдайды.

Қазақстан Республикасының аумағында жануарларды аулауды өткізу мерзiмдерi


Жануарлар түрлері

Аң аулау мерзiмдерi

Су тышқан (ондатра)

1 қазан - 15 ақпан

Кәдiмгi тиiн

20 қазан - 15 ақпан

Жанат тектес ит, қарсақ, түлкi, бұлғын, құну, сарғыш күзен, ақ қалақ, ақкiс, сары күзен, сасық күзен, американ су күзенi, кәмшат (ортаазиялықтан басқасы),
Сiлеусiн (түркістандықтан басқасы), жанат, қоян (құм қоян, ақ қоян, ор қоян)

1 қараша - 15 ақпан (аң аулайтын ит түрлерімен және аушы жыртқыш құстармен қарсақ, түлкі және қоян аулау солтүстiк аймақта** 
15 қазаннан бастап аулау)

Зорман (сары тышқан)

ұйқыдан шыққаннан бастап - 30 сәуiрге дейін

Суырлар*

15 маусымнан бастап ұйқыға жатқанға дейін

Шалшықшылар, жылқышы

1 шілдеден бастап 30 қарашаға дейін (аталық жылқышыны көктемгі аулауға 1 наурыз-30 сәуір кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі)

Бөдене, кептер, түркептер

20 тамыздан бастап 30 қарашаға дейін (аң аулайтын иттермен және қыран құстармен 15 шілдеден бастап ұшып кеткенге дейін бөдене аулау)

Маймаққаз, қаз*, қарашақаз, үйрек*, қасқалдақ

қыркүйектің алғашқы сенбісінен бастап 30 қарашаға солтүстік өңірлер бойынша**, 15 желтоқсанға дейін оңтүстік өңірлер бойынша *** (аталық үйректерді көктемгі аулауға
1 наурыз - 15 мамыр кезеңінде
15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі)

Шiл (аққұр, тундралық, сұр, дала шiлi, сақалды шiл), шіл

қыркүйектің алғашқы сенбісінен - 15 қарашаға дейін (аулайтын иттермен және аушы құстармен 15 тамыздан бастап)

Құр

қыркүйектің алғашқы сенбісінен - 30 қарашаға дейін солтүстік аймақтар бойынша**, 15 желтоқсанға дейін оңтүстік аймақтар бойынша *** (аталық құрларды көктемгі аулауға 
1 наурыз - 5 мамыр кезеңінде
15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі)

Қоңыр аю (тянь-шань аюынан басқа)

қыркүйектің алғашқы сенбісінен -  30 қараша аталықтары мен қысыр қалған аналықтарын көктемгi аулауға 15 сәуір - 15 мамыр кезеңiнде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етiледi

Борсық

қыркүйектің алғашқы сенбісінен - 31 желтоқсан

Марал, аскания бұғысы, қабан, құдыр, бұлан

1 қыркүйек - 31 желтоқсан

Сібір елігі

20 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін (аталығына 1 тамыздан бастап)

Сібір тау ешкісі

1 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін (аталығына 1 тамыздан бастап)

Саңырау құр

1 қазан - 30 қараша аталықтарын көктемгi аулауға 1 наурыз - 15 мамыр кезеңiнде 15 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етіледi

Гималай ұлары, кекiлiк

1 қазан - 15 желтоқсан

Құндыз

15 қазан - 31 желтоқсан

Қырғауыл

15 қазан - 31 желтоқсан (аң аулайтын иттермен және аушы құстармен 1 қазаннан бастап)

      Ескертпе:
      *   - Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген
            түрлерден басқа.
      **  - Солтүстік аймақ: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан,
            Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары,
            Қарағанды облысының Осакаровка, Бұқар жырау, Нұра,
            Қарқаралы, Абай аудандары, Шығыс Қазақстан облысының
            Күршім, Көкпекті, Катонқарағай, Жарма, Ұлан, Абай, Зырян,
            Глубокое, Шемонаиха, Бородулиха, Бесқарағай аудандары,
            сондай-ақ Семей және Риддер қалаларының әкімшіліктеріне
            бағыныстағы жерлері.
      *** - Оңтүстік аймақ: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау,
            Оңтүстік Қазақстан облыстары, Қарағанды облысының
            Жаңаарқа, Шет, Ақтоғай, Ұлытау аудандары, Шығыс Қазақстан
            облысының Аягөз, Тарбағатай, Зайсан, Үржар аудандары.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы

Қазақстан Республикасының Кодексі

(Салық кодексі)



Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы (72-тарау).

1. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі – төлемақы) жануарлар дүниесін арнайы пайдалану тәртібімен жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін алынады.

2. Жануарлар дүниесін арнайы пайдалану жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган беретін жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың (бұдан әрі – рұқсат) негізінде жүзеге асырылады.

3. Жануарлар дүниесін пайдалану түрлері Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленеді.

4. Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін пайдалану үшін төлемақыны әрбір жекелеген жағдайда осы жануарларды табиғи ортадан аулауға рұқсат беру кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Мынадай жағдайларда:

- жануарларды табиғи ортадан ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарында ен салу, сақина салу, көшіру, жерсіндіру, жасанды көбейту және будандастыру мақсаттары үшін ұстап алып, кейіннен табиғи ортаға жіберген кезде;

- жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын, жасанды жолмен өсірілген әрі қамауда және (немесе) жартылай қамауда ұсталатын жануарлар дүниесінің объектілерін пайдаланған кезде;

- жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган балық ресурстарын және су жануарларының басқа да түрлерін пайдалануға арналған биологиялық негіздеу мақсатында балықтар мен басқа да су жануарларын бақылау үшін аулауды жүзеге асырған кезде;

- халық денсаулығын қорғау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан қорғау, қоршаған ортаға зиянды болғызбау, ауыл шаруашылығы қызметіне айтарлықтай залал келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттелуге тиіс жануарлар түрлерін алған кезде төлемақы алынбайды.

- Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтерді тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей табыс етеді.


Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1469 қаулысы
Осы Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде шетелдіктер мен шетелдік заңды тұлғаларға жануарлар дүниесін арнайы пайдалануға арналған рұқсат берудің тәртібін айқындайды.

Жануарлар дүниесін пайдалануға арнайы рұқсаттар (бұдан әрі - рұқсаттар) жануарлар дүниесін пайдаланудың мынадай түрлеріне:



1) аң аулауға;

2) теңіз сүт қоректілері мен судағы омыртқасыз жануарларды аулауды қоса алғанда, балық аулауға;

3) аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалануға;

4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға;

5) жануарлардың пайдалы қасиеттерін және тіршілік ету өнімдерін пайдалануға беріледі.

Рұқсаттар жануарлар дүниесін пайдалану үшін төлемдер енгізу шарттарына және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жануарларды алып қоюдың белгіленген көлеміне (мөлшеріне) беріледі.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет