БАҒдарламасы бүкіл әлем тарихы дайындық бөлімі тыңдаушыларына арналған



Дата23.02.2018
өлшемі200.83 Kb.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Республикалық оқу-әдістемелік кеңес
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


БҮКІЛ ӘЛЕМ ТАРИХЫ
Дайындық бөлімі тыңдаушыларына арналған


6 несие (270 сағат)

Қарағанды 2015



АЛҒЫ СӨЗ


  1. Дайындық бөлімі тыңдаушылары бойынша ҚР БҒМ оқу-әдістемелік секциясында өңделген және енгізілген.

  2. Дайындық бөлімінің тыңдаушыларын Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуге «Бүкіл әлем тарихы» пәні бойынша кешенді тестілеуге дайындауды мақсат ететін осы үлгілік оқу бағдарламасы ҚР МЖМБС 1.4.002-2012 «Қазақстан Республикасында жалпыға орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының» «Бүкіл әлем тарихы» бойынша дайындалған оқу бағдарламалары негізге алынып жасалды.

  3. Дайындық бөлімінің тыңдаушыларын Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуге «Бүкіл әлем тарихы» пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы ҚР БҒМ Республикалық оқу-әдістемелік секциясының мәжілісінде қаралып, «7» шілде 2015 ж., №2 хаттамасымен ұсынылған.



ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ
Ұсынылып отырған бағдарлама дайындық бөлімінің тыңдаушыларына арналған. ҚР «Білім туралы заңы», ҚР Мемлекеттік білім стандартының талаптарын ескере отырып құрастырылды.

Бағдарламаның мақсаты: Дайындық бөлімінің тыңдаушыларын Бүкіл әлем тарихындағы ежелгі дүниеден бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихи, саяси, әлеуметтік, экономикалық, этникалық және мәдени үрдістермен таныстыру: Бүкіл әлем тарихының адамзат тарихындағы алатын орнын баса көрсете отырып, тыңдаушыларға терең білім беру: Бүкіл әлем тарихын үйрету барысында азаматтық, патриоттық сенімді қалыптастыру.

Негізгі міндеттер: Тыңдаушылар бүкіл әлем тарихын оқу барысында оның мектептік курсының толық мазмұнын игереді, тарихи деректерді қорытындылайды, алған білімін тыңдаушысына жеткізе алады және сонымен қоса оқу-анықтамасын, арнайы ұсынылған әдебиеттерді қолдана білуі керек.

Мемлекеттік білім стандартының мазмұны мен көлемі ескеріле отырып, бүкіл әлем тарихының аса маңызды кезеңдерімен басты-басты ғылыми мәселелері іріктеліп алынған.



Күтілетін нәтиже: Тыңдаушылардың Бүкіл әлем тарихы бойынша білімдерін толықтыруға, ынтасы мен қабілетін жетілдіруге мүмкіндік тудырады және алған білімдерін әр түрлі деңгейлік тарихи тапсырмаларды орындауда қолдану дағдыларын қалыптастырады, сонымен қатар кешенді тестілеуден жоғары балл алуға жағдай жасайды.

Пәнаралық байланыс:

«Бүкіл әлем тарихы» пәнін оқу және түсіну үшін қажет білім салалары - пәнаралық байланыстар бағыттары:

«Жалпы тарих»: Азия, Орталық Азия, Қиыр Шығыс, Орта Шығыс, Таяу Шығыс, мұсылмандық Шығыс, Африка елдерінің тарихы, мәдениеті;

физикалық, экономикалық әлеуметтік география;

биологияның флора, фауна, анатомия, физиология, генетика салалары;

қазақ тілі мен әдебиеті, орыс және шет тілдері;

ғылыми - техникалық даму тарихына байланысты математика, физика, химия.

Тыңдаушылардың міндеттері. Тыңдаушылар сабаққа әрдайым қатысуы керек. Дәріс және семинар сабақтарында оқытушының ұйғарған әдебиеттерімен жұмыс icтeyi қажет. Білімін берілген тақырыптарды талдау кезінде көрсете алу қабілетін танытуы тиіс.

Курсты игеру барысында тыңдаушылар:

білуі тиіс:



  • тарихи даму заңдылықтарын түсіну;

  • - тарихи өткенімізді сараптай алу;

дағдысына ие болуы тиіс:

  • сабаққа дайындалу барысында хронологиялық реттілікке, себеп-салдарлық байланыстарға талдау жасай білуі;

  • тарихи анықтамалық материалдарды игеру және қолдану дағдысына ие болу.

Құзыретіне ие болуы тиіс:

- Отан тарихы бойынша қазақ халықының өткені мен бүгінін салыстыра отырып, бағалап, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білуі.




ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
«Бүкіл әлем тарихы» оқу пәні болашақ мамандармен меңгерілетін басқа пәндермен тығыз байланысты базалық курс болып табылады, ғылым мен кәсіптегі, қоғамдық өмірдегі орын алып жатқан жайттарды теориялық түсіну шеңберінде тыңдаушылардың білімін қалыптастыруға бағытталған. Ол басқа пәндердің қатарында бастапқы орында тұрады және барлық оқу циклінің жүйесінде адамзат тарихы мен мәдениетіне қатысты білім алуды қамтамасыз етеді. Курстың мазмұны ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі әлем елдерінің даму тарихын қамтиды. Қазіргі уақытта білім беру үдерісінде білім процесінде тарихи фактілер мен құбылыстарды түсіндіру, бағалау кезінде тарихи білімді қолдану мен қазіргі қоғам дамуындағы түрлі мәселелерді (саяси, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық) талдау дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл тыңдаушыларда адамзаттың ғаламдық мәселелерін саналы түсінуіне білім–білік негізін, дағдысын қалыптастырады.

Курстың мақсаты мен міндеттері

«Бүкіл әлем тарихы» курсы басқа да қоғамдық пәндермен қатар дайындық бөлімінде оқылатын пәндердің бірі болып табылады.

«Бүкіл әлем тарихы» курсының ғылыми және саяси мәні зор, курста ежелгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықты қамтыған әлем елдерінің даму тарихы қарастырылады.

Оқу-әдістемелік кешен батыстық қоғамдардың адамзат тарихы барысында өндірістік өркениеттің тууы мен қалыптасуының кезеңдеріне қатысты манызды тарихи оқиғаларды игеруге негізделген.

Пәнді оқу арқылы тыңдаушылар Еуропа және Америка елдерінің саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуындағы ерекшеліктері, тұтастықты айқындаушы факторлар, кешенді түсініктері және негізгі саяси оқиғаларды білуі мен аймақтың саяси географиясын білуі қарастырылады. Тыңдаушылар пәнді оқу барысында курстың жалпы мазмұнын менгеруге тиіс, тарихи құжаттарға талдау сараптау жасай білуі қажет, алған білімдерін ісжүзінде қолдана білуі тиіс.

Бүкіл әлем тарихын оқу барысында тыңдаушы орта мектептік курстың мазмұнын меңгеруі тиіс. Тарихи деректемелерге ой жүгіртіп алған білімін сұрыптайды, оларды бір арнаға құяды. Оқу – түсініктемелер мен арнайы анықтамалық әдебиеттерді пайдалануға үйренеді.


Курстың құрылымы

ҚР МЖМБС сәйкес дайындық бөлімінің тыңдаушыларына арналған «Бүкәл әлем тарихы» курсының құрылымы дәрісханалық сабақ, семинар сабақтарын оқытуды қарастырады.







Бүкіл әлем тарихы пәні бойынша тақырыптық жоспар

1

Ежелгі тарих. Өте ертедегі адамдардың тіршілігі.

2

Ежелгі Египет. Тұрғындары, мемлекеті, діні, тұрмысы.

3

Ежелгі Шығыс мемлекеттері: Вавилон, Финикия, Ассирия, Мидия, Урарту, Кушан, Парфия, Парсы, Үндістан, Қытай.

4

Ежелгі Грекия. Крит-Микен аңыздары. Афины мен Спарта. Грек-парсы соғыстары. Олимпиядалық ойындар. Діні мен өнері. А. Македонскийдің жаулап алушылық жорықтары.

5

Ежелгі Рим мемлекетінің құрылуы. Рим республикасы. Пуни соғыстары. Спартак бастаған құлдар көтерілісі. Рим империясы. Римнің құлауы.

6

ХІ ғ. дейінгі Батыс және Орталық Еурапа халықтары. Феодалдық бытыраңқылық.

7

VI-XI ғғ. Византия империясы мен Таяу Шығыс. Араб халифатының құрылуы.

8

Киев Русінде феодалдық дәуірдің басталуы.

9

ХІ-ХV ғғ. Батыс және Орталық Еуропадағы мемлекеттер. Қалалардың пайда болуы. Католик шіркеуі. Инквизиция. Крест жорықтары.

10

ХІІІ-ХІV гг. Басындағы Франция. Жанна д Арк, Уот Тейлор көтерілісітері. ХІ-ХV ғғ. Орталық Еуропа мемлекетерінің тарихы мен мәдениеті.

11

Орта ғасырлардағы Шығыс халықтары. Қытай мен Үндістан.

12

ХІ-ХV ғғ. Русьтің дамуы. Тәуелсіз орыс князьдіктері, түркі-моңғол шапқыншылықтары.

13

Кейінгі ортағасырлардағы Еуропа мемлекеттері. ХV- ХVІІ ғғ.

14

Ортағасырлардағы Осман империясы.

15

Орта ғасырлардағы реформалар. Орта ғасырлар мәдениеті.

16

ХV- ХVІ ғғ. Русь. Қаһарлы Иван. Русь мәдениеті мен тұрмысы.

17

ХV- ХVІІ ғғ. Литва, Украина, Белоруссия, Закавказье және Орта Азия халықтары.

18

ХVІІ- ХVІІІ ғғ. Ресей және оның отарлау саясаты

19

Жаңа кезеңдегі капиталистік қатынастардың қалыптасуы мен дамуы. АҚШ-тың құрылуы.

20

Ағылшын буржуазиялық революциясы.

21

ХVІІІ-ХІХ ғғ. Еуропа. АҚШ, Англия, Франция, Германия, Ресей. Саяси-экономикалық жағдай.

22

ХІХ ғ. 40-60 жж. Халықаралық жұмысшы және ұлт-азаттық қозғалыс.

23

ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы АҚШ, Англия, Франция, Германия, Италия, Ресей, Жапония. Саяси-экономикалық жағдай.

24

ХІХ ғ. басы мен ХХ ғ. басындағы Азия, Африка және Латын Америкасы

25

1914-1939 жж. әлем халықтары. Ақпан, Қазан төңкерістері. Азамат соғысы. Версаль-Вашингтон жүйесі (1919-1923). Фашизмнің құрылуы.

26

Екінші дүниежүзілік соғыс (1939-1945 жж).

27

1945-2015 жж. Еуропа және Солтүстік Америка халықтары.

28

1945-2015 жж. Азия және Африка мемлекеттері.

29

1945-2015 жж. Латын Америкасы мемлекеттері.

30

ХХ ғ. аяғы мен ХХІ ғ. басындағы халықаралық қатынастар.



НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Ұсынылатын дәріс сабақтарының қысқаша мазмұны

Ежелгі тарих. Өте ертедегі адамдардың тіршілігі.

Алғашқы қауымдық құрылыстың тарихы. Ру мен тайпа. Ежелгі егіншілер мен малшылар. Көршілес қауым. Өнер мен діннің пайда болуы. Бүкіл әлем тарихы тарихының кезеңдері. Бүкіл әлем тарихындағы жаңа көзқарастар мен ғылыми бағыттар. Бүкіл әлем тарих ғылымындағы теориялық мәселелер.



Ежелгі Египет. Тұрғындары, мемлекеті, діні, тұрмысы.

Б.з.д. 3000 мыңыншы жылдықтағы ежелгі Египеттегі біртұтас патшалықтың құрылуы. Египет перғауындарының билік құруы. Қоғамдық ұйымдары. Діні. Өнері. Археологиялық ескерткіштері.



Ежелгі Шығыс мемлекеттері: Вавилон, Финикия, Ассирия, Мидия, Урарту, Кушан, Парфия, Парсы, Үндістан, Қытай.

Ежелгі Қосөзен. Вавилон патшасы Хаммурапи және оның заңдары. Құдіретті Ассирия патшалығы. Ашурбанапалдың қыш кітаптары. Парсылардың жаулап алу жорықтары. ІІ Қатпыз патшаның кезіндегі Кушан мемлекеті. Ежелгі Үнді елінің патшасы Ашоктың тұсындағы Үндістан. Ежелгі Қытай елі. Цинь Ши Хуанди император тұсындағы біртұтас Қытай.

Саяси тарихы мен мәдениеті. Қоғамдық құрылысы. Шаруашылығы.

Ежелгі Грекия. Крит-Микен аңыздары. Афины мен Спарта. Грек-парсы соғыстары. Олимпиядалық ойындар. Діні мен өнері. А. Македонскийдің жаулап алушылық жорықтары.

Б.з.д. ІІ мыңыншы жылдықтағы ежелгі Грециядағы таптық қоғамның пайда болуы. Б.з.д. ХVғ. Крит патшалығының күйреуі. Қала-мемлекеттер. Полистер. Афины мен Спарта. Б.з.д. 490 ж. Грек-Парсы соғыстары. Олимпиядалық ойындар. Діні мен өнері. Александар Македонский.



Ежелгі Рим мемлекетінің құрылуы. Рим республикасы. Пуни соғыстары. Спартак бастаған құлдар көтерілісі. Рим империясы. Римнің құлауы.

Б.з.д. VІІIғ. Рим қаласының пайда болуы. Римнің Италияны жаулап алу. Рим республикасы. Пуни соғыстары. Б.з.д. 74-71 жж.Спартак көтерілісі. Рим империясының құрылуы. Батыс Рим империясының құлауы. Римнің өнері. Мәдениеті. Діні.



ХІ ғ. дейінгі Батыс және Орталық Еурапа халықтары. Феодалдық бытыраңқылық.

Франктер, олардың королі Хлодвиг. Салий ақиқаты. Ұлы Карл империясы. Англия. Неміс королдігінің пайда болуы. Еуропадағы феодалдық бытыраңқушылық.



VI-XI ғғ. Византия империясы мен Таяу Шығыс. Араб халифатының құрылуы.

Византияның Алтын ғасыры. Арабиядағы Ислам дінінің пайда болуы. 633ж. Арабтартардың дін үшін соғысының басталуы. Араб халифаты.



Киев Русьінде феодалдық дәуірдің басталуы.

Славян тайпалары. 862 жылғы Киев Русьінің пайда болуы. Ежелгі орыс княздіктерінің құрылуы. Қоғамдық құрлысы. Ежелгі славяндардың Мәдениеті. Христиан діні.



ХІ-ХV ғғ. Батыс және Орталық Еуропадағы мемлекеттер. Қалалардың пайда болуы. Католик шіркеуі. Инквизиция. Крест жорықтары.

Батыс Еуропадағы орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуы. Францияның бірігуінің басталуы. ХІ-ХІІ ғғ. Англиядағы король үкіметінің күшейуі. 1095ж. Клермон қаласындағы Рим папасы Урбанның Крест жоығына шақыруы. Таяу Шығыстағы крест тағушылардың мемлекеттері. Кейінгі крест жорықтары және олардың салдары. 1291ж. Крестшілердің шығыстағы соңғы тірегі Акра қамалының құлауы. ХІ-ХІІІ ғғ. Католик шіркеуі. Инквизиция жазалауылары.



ХІІІ-ХІV гг. Басындағы Франция. Жанна д Арк, Уот Тейлор көтерілісітері. ХІ-ХV ғғ. Орталық Еуропа мемлекетерінің тарихы мен мәдениеті.

Жүз жылдық соғыстары. Жакирия.

Жүзжылдық соғыстың басталуы. (1337-1453жж.) Соғыстың басталуы, себептері. 1358 ж. Жакерия көтерілісі. Гильом Кальдың тұтқынға түсуі. Англиядағы Уот Тайлердің көтерілісі. Француз халқының басқыншыларға қарсы күресі. Халық батыры Жанна Д Арк. Жүзжылдық соғыстың аяқталуы. Орта ғасырлардағы Шығыс халықтары. Қытай мен Үндістан.

Сун империясы. Чжурчжэндермен күрес. Моңғолдардың солтүстік Қытайды жаулап алуы. Ортағасырлық Қытайдың мәдениеті. Үнді князьдіктері. Мұсылмандардың Дели сұлтандығы. Ұлы Моғолдардың империясының құрылуы. Үндістан мәдениетінің дамуы.

ХІ-ХV ғғ. Русьтің дамуы. Тәуелсіз орыс князьдіктері, түркі-моңғол шапқыншылықтары.

ХІ-ХV ғғ. орыс княздіктері. 1236-1242 жж. Батыйдың орыс княздіктерін Алтын Ордаға бағындыруы. Мәскеу княздігінің күшейуі. Орыс жерлерін біріктірудегі Мәскеу княздігінің ролі.



Кейінгі ортағасырлардағы Еуропа мемлекеттері. ХV- ХVІІ ғғ.

Англия. Франция. Германия. Испания. Италия. Әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлары. Географиялық ашулар. Италиядағы Қайта Өрлеу.



Ортағасырлардағы Осман империясы.

Осман империясының әкімшілік және әскери-саяси, аграрлық құрылысы. Қала. Қолөнер және сауда. Осман империясының мәдениеті.



Орта ғасырлардағы реформалар. Орта ғасырлар мәдениеті.

Батыс Еуропадағы қалалардың өсуі, орталықтандырылғын мемлекеттердің құрылуы мәдениеттің өркендеуіне жол ашты. Өндіріс техникасы, ғылым, білім және өнер дамыды. Иоганн Гутенберг кітап басуды тапты. Серілік әдебиет. Сәулет, Мүсін, және Сурет өнері. Қайта өрлеу дәуіріндегі Италия мәдениеті.



ХV- ХVІ ғғ. Русь. Қаһарлы Иван. Русь мәдениеті мен тұрмысы.

ХVІ ғ. ортасындағы Ресей.Қаһарлы Иванның Қазан, Астрахан хандықтарын жаулап алуы. Ресейдің батыс сібір жерлерін отарлауы. Ливон соғысы және опричнина. Ресейдегі сәулет өнері. Кітап басып шығару. Ресейдің қару-жарақ өнеркәсібі.



ХV-ХVІІ ғғ. Литва, Украина, Белоруссия, Закавказье және Орта Азия халықтары.

Ұлы Литва князьдігінің қалыптасуы. Вильнюс, Каунас, тракай қалаларының дамуы. 1410 ж. Грюнвальд шайқасы. ХVІ ғ. Речь Посполита мемлекеті. Украина мен Белоруссия халықтарының қалыптасуы. Запорожье Сечі. Богдан Хмельницкий бастаған азаттық күрес. Украина мен Ресей арасындағы одақтың құрылуы.



ХVІІ- ХVІІІ ғғ. Ресей және оның отарлау саясаты.

Ресей патшаларының Шығысқа қарай отарлау саясаты. Орыс-Түрік, Орыс-Швед соғыстары. І Петрдің реформалары. Еуропаға терезе. 1721 ж. Ресейдің империяға айналуы. ІІ Екатерина патшайым тұсындағы Ресей империясы.



Жаңа кезеңдегі капиталистік қатынастардың қалыптасуы мен дамуы. АҚШ-тың құрылуы.

ХVІІІ ғ. Англиядағы өнеркәсіп төңкерісінің басталуы. Америкадағы ағылшын отарлары. Тәуелсіздік жолындағы соғыстың себептері. АҚШ-тың құрылуы.



Ағылшын буржуазиялық революциясы.

Буржуазиялық революциялардың себептері, сипаты мен қозғаушы күштері және алғышарттары. 1640 жж. Ағылшын революциясы. Ағылшын республикасы және Кромвельдің протектораты. Стюарттарды қалпына келтіру және «даңқты революция».



ХVІІІ-ХІХ ғғ. Еуропа. АҚШ, Англия, Франция, Германия, Ресей. Саяси-экономикалық жағдай.

АҚШ-тағы Азамат соғысы. АҚШ-тағы өнеркәсіп төңкерісінің аяқталуы. Англияның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Ұлы Француз революциясы. Наполеон. Германияны біріктіру. Отто фон Бисмарк. І Александр патшаның тұсындағы Ресей империясы. Декабристер қозғалысы. І Николай патша билігі тұсындағы ресей. (1825-1855жж.)



ХІХ ғ. 40-60 жж. Халықаралық жұмысшы және ұлт-азаттық қозғалыс.

ХVІІІ-ХІХғғ. ағылшын жұмысшылары таптық қозғалысы. Жұмысшылардың халықаралық ұйымының құрылуы. Сайлау реформасының мәні. Чартистар қозғалысы. Кезеңдері. Отаршыл империяларға қарсы ұлт-азаттық көтерілістердің басталуы.



ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы АҚШ, Англия, Франция, Германия, Италия, Ресей, Жапония. Саяси-экономикалық жағдай.

АҚШ-тың саяси нығайуы. АҚШ-тың аумақтық экспансиясы. Үндістерді қырып, олардың жерін басып алуы. АҚШ-тың ХVІІІғ. Аяғы мен ХІХғ. Басындағы экономикалық дамуы. Азамат соғысының алғышарттары, себептері. ХХ ғ. 50-ші ж. Саяси дағдарыс. АҚШ-тағы 1861-1865 жж. Азамат соғысы. ХХғ. соңындағы қос партиялық саяси жүйенің қалыптасуы. Виктория дәуірінің соңындағы Ұлыбритания. Демократиялық реформалар. Ұлыбританияның дүниежүзілік шеберхана атағынан айырылуы. ХХғ. 70-90 жж. Буржуазиялық-демократиялық өзгерістер. Ирландия мәселесі. ХХғ. басындағы әлеуметтік және саяси қайшылықтар. Париждегі 1870 ж. 4 қыркүйек революциясы. Франция-Пруссия соғысы. 1871 ж. Париж Коммунасы. Германияны біріктірудің аяқталуы. Екінші империяның саяси құрылысы мен экономикалық дамуы. Отто фон Бисмарк. ХІХ ғ. аяғындағы Германияның ішкі және сыртқы саясаты. ХХғ басындағы Германияның жағдайы. Соғысқа дайындық. Ресейдің ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. бас. Экономикалық дамуы. Орыс-Жапон соғысы. Самодержавиенің дағдарысы. 1905-1907 жж. Революция. Столыпин ревормасы.



ХІХ ғ. басы мен ХХ ғ. басындағы Азия, Африка және Латын Америкасы.

Дүниежүзілік отарлау жүйесінің құрылуы. Отарлар мен жартылай отарларды қанаудың әдістері. Тәуелді елдердің әлеуметтік-таптық құрылысындағы өзгерістер мен езілген халықтардың азаттық күрестері. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы Иранның жағдайы. 1905-1907 жж. Иран революциясы. ХХғ басындағы Қытай. 1911-1913 жж. Қытайдағы Синьхай революциясы. Сунь Ятсен. Осман империясының жартылай отарға айналуы. Жас Түріктер қозғалысы. ХІХ ғ. аяғы мен ХХғ. басындағы Үндістандағы отарлық қанаудың күшейуі. Үнді Ұлттық Конгресі партиясының құрылуы. ХІХ ғ. соңындағы Африка халықтарының отаршылдыққа қарсы күресі. Африканы тонау және бөліске салудың аяқталуы. ХХғ. басындағы Африка халықтарының Ұлт-азаттық қозғалыстары.



1914-1939 жж. әлем халықтары. Ақпан, Қазан төңкерістері. Азамат соғысы. Версаль-Вашингтон жүйесі (1919-1923). Фашизмнің құрылуы.

Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық жағдай. Сараеводағы Австрия-Венгрия мұрагеріне жасалған қастандық. Үштік Одақ елдерінің соғысты бастауы. Англия мен Францияның соғысқа араласуы. Ресейдің Шығыс Пруссияға басып кіруі. 1915 ж. Батыс майдан мен Шығыс майдандағы ұрыс қимылдыр оқиғасы. Марна шайқасы. Брусилов шабуылы. АҚШ-тың соғысқа кіруі. 1918 ж. 11 қараша бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы. Германияның тізе бүгуі. Ақпан, Қазан төңкерістері. Азамат соғысы. Версаль-Вашингтон жүйесі (1919-1923). Фашизмнің құрылуы.



Екінші дүниежүзілік соғыс (1939-1945 жж).

Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық жағдай. 1939 ж. 1 қырқүйек Германияның польшаға шабуылы. Соғыстың басталуы. Англия мен Францияның Германияға қарсы ұрысқа кіруі. Батыстағы «Оғаш соғыс». Молотов-Риббентроп келісімі. Германияның КСРО-ға шабуылы. Жапонияның Перл-Харборға шабуылы. Тынық Мұхит соғысы. Сталинград, Курск шайқастары. 1944 ж. Екінші майданның ашылуы. Оверлорд операциясы. Кеңес армиясының Берлинді алуы. 1945 ж. Германияның тізе бүгуі. 1945 ж. 2 қыркүйек Жапонияның тізе бүгуі.



1945-2015 жж. Еуропа және Солтүстік Америка халықтары.

Батыс елдерінің экономикасын қалпына келтіру және жаңғырту. Индустриялық қоғам дәуірінің аяқталуы. Жаңа халықаралық жағайлар. 1957 ж. Еуропалық экономикалық қоғамдастықтың құрылуы. Жаппай өндіру. Ауыл шаруашылығын механикаландыру. Экономикалық және құрылымдық дағдарыстар. Ғылыми-техникалық революцияның жаңа кезеңі. Ақпараттық қоғам және экономика. 1975 ж. Еуропадаға қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Ұйым. 1945-2012 ж. АҚШ. 1945-2012 ж. Англия, Франция, Германия, Италия, Испания.



1945-2015 жж. Азия және Африка мемлекеттері.

Отарсыздандыру және даму жолдарын таңдау. Отарлық жүйенің ыдырауы, күйреуі.1947ж. Үндістан мен Пакистанның тәуелсіздігі. Африканың отарсыздандыруы. Жаңару жолдарын таңдау және мәдени-өркениеттік одақтар. «Үшінші дүние елдерінің» даму қорытындылары. 1949 ж. КХР құрылуы. 1945-2012 ж. Жапония. 1945-2012 ж. Түркия. 1945-2012 ж. Иран.



1945-2015 жж. Латын Америкасы мемлекеттері.

Латын америкасы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін. Ұлтшыл-реформизм. Революциялық процестер. Куба және Чили. АҚШ президенті Джон Кеннедидің Латын Америка елдеріне ұсынған «Прогресс жолындағы одақ» бағдарламасы. 1970-1980 жж. Латын Америкасы елдеріндегі әскери режимдердің жаңарту саясаты. Диктатуралардан конституциялық режимдерге өту. Латын Америкасының жаңғырту саясатының жалғасуы. 1945-2012 жж. Аймақтағы жағдай. Экономика және сауда салаларындағы ынтымақтастық.



ХХ ғ. аяғы мен ХХІ ғ. басындағы халықаралық қатынастар.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар. Қырғи-қабақ соғыс: 1950-60 жж. ерекшеліктері. Қақтығыстар мен сыртқы саясаттағы авантюризм. Таяу Шығыс дағдарысы. Египетке қарсы үштік басқыншылық. Кариб дағдарысы. 1975 ж. Хельсинки- дегі Еуропадағы бейбітшілік пен қауіпсіздік жөніндегі Кеңестің ашылуы. 1980 жж. халықаралық қатынастардың шиеленісуі. БҰҰ-ның халықаралық қатынастардағы рөлі. Батысеуропалық бірігу. 1970-2012жж. Аймақтық қақтығыстар. ХХ-ХХІ ғғ. жалпы халықаралық жағдай. Қырғи қабақ соғыстың аяқталуы. Варшава шарты елдерінің ыдырауы. АҚШ бастаған НАТО әскери-саяси блогінің әрекеті. 2001 ж. 11 қыркүйек лаңкестердің АҚШ-қа шабуылы. Ауғаныстан, Ирак мәселесі.




ҰСЫНЫЛАТЫН СЕМИНАР ТАҚЫРЫПТАРЫ

  1. Ежелгі тарих. Өте ертедегі адамдардың тіршілігі.

  2. Ежелгі Египет. Тұрғындары, мемлекеті, діні, тұрмысы.

  3. Ежелгі Шығыс мемлекеттері: Вавилон, Финикия, Ассирия, Мидия, Урарту, Кушан, Парфия, Парсы, Үндістан, Қытай.

  4. Ежелгі Грекия. Крит-Микен аңыздары. Афины мен Спарта. Грек-парсы соғыстары. Олимпиядалық ойындар. Діні мен өнері. А. Македонскийдің жаулап алушылық жорықтары.

  5. Ежелгі Рим мемлекетінің құрылуы. Рим республикасы. Пуни соғыстары. Спартак бастаған құлдар көтерілісі. Рим империясы. Римнің құлауы.

  6. ХІ ғ. дейінгі Батыс және Орталық Еурапа халықтары. Феодалдық бытыраңқылық.

  7. VI-XI ғғ. Византия империясы мен Таяу Шығыс. Араб халифатының құрылуы.

  8. Киев Русінде феодалдық дәуірдің басталуы.

  9. ХІ-ХV ғғ. Батыс және Орталық Еуропадағы мемлекеттер. Қалалардың пайда болуы. Католик шіркеуі. Инквизиция. Крест жорықтары.

  10. ХІІІ-ХІV гг. Басындағы Франция. Жанна д Арк, Уот Тейлор көтерілісітері. ХІ-ХV ғғ. Орталық Еуропа мемлекетерінің тарихы мен мәдениеті.

  11. Орта ғасырлардағы Шығыс халықтары. Қытай мен Үндістан.

  12. ХІ-ХV ғғ. Русьтің дамуы. Тәуелсіз орыс князьдіктері, түркі-моңғол шапқыншылықтары.

  13. Кейінгі ортағасырлардағы Еуропа мемлекеттері. ХV- ХVІІ ғғ.

  14. Ортағасырлардағы Осман империясы.

  15. Орта ғасырлардағы реформалар. Орта ғасырлар мәдениеті.

  16. ХV- ХVІ ғғ. Русь. Қаһарлы Иван. Русь мәдениеті мен тұрмысы.

  17. ХV- ХVІІ ғғ. Литва, Украина, Белоруссия, Закавказье және Орта Азия халықтары.

  18. ХVІІ- ХVІІІ ғғ. Ресей және оның отарлау саясаты.

  19. Жаңа кезеңдегі капиталистік қатынастардың қалыптасуы мен дамуы. АҚШ-тың құрылуы.

  20. Ағылшын буржуазиялық революциясы.

  21. ХVІІІ-ХІХ ғғ. Еуропа. АҚШ, Англия, Франция, Германия, Ресей. Саяси-экономикалық жағдай.

  22. ХІХ ғ. 40-60 жж. Халықаралық жұмысшы және ұлт-азаттық қозғалыс.

  23. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы АҚШ, Англия, Франция, Германия, Италия, Ресей, Жапония. Саяси-экономикалық жағдай.

  24. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы Азия, Африка және Латын Америкасы.

  25. 1914-1939 жж. әлем халықтары. Ақпан, Қазан төңкерістері. Азамат соғысы. Версаль-Вашингтон жүйесі (1919-1923). Фашизмнің құрылуы.

  26. Екінші дүниежүзілік соғыс (1939-1945 жж).

  27. 1945-2015 жж. Еуропа және Солтүстік Америка халықтары.

  28. 1945-2015 жж. Азия және Африка мемлекеттері.

  29. 1945-2015 жж. Латын Америкасы мемлекеттері.

  30. ХХ ғ. аяғы мен ХХІ ғ. басындағы халықаралық қатынастар.

ҰСЫНЫЛАТЫН ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ОРЫНДАЛАТЫН ТЫҢДАУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ӨТКІЗІЛЕТІН САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ (ТОӨЖ)


  1. Ежелгі тарих. Өте ертедегі адамдардың тіршілігі.

  2. Ежелгі Египет. Тұрғындары, мемлекеті, діні, тұрмысы.

  3. Ежелгі Шығыс мемлекеттері: Вавилон, Финикия, Ассирия, Мидия, Урарту, Кушан, Парфия, Парсы, Үндістан, Қытай.

  4. Ежелгі Грекия. Крит-Микен аңыздары. Афины мен Спарта. Грек-парсы соғыстары. Олимпиядалық ойындар. Діні мен өнері. А. Македонскийдің жаулап алушылық жорықтары.

  5. Ежелгі Рим мемлекетінің құрылуы. Рим республикасы. Пуни соғыстары. Спартак бастаған құлдар көтерілісі. Рим империясы. Римнің құлауы.

  6. ХІ ғ. дейінгі Батыс және Орталық Еурапа халықтары. Феодалдық бытыраңқылық.

  7. VI-XI ғғ. Византия империясы мен Таяу Шығыс. Араб халифатының құрылуы.

  8. Киев Русінде феодалдық дәуірдің басталуы.

  9. ХІ-ХV ғғ. Батыс және Орталық Еуропадағы мемлекеттер. Қалалардың пайда болуы. Католик шіркеуі. Инквизиция. Крест жорықтары.

  10. ХІІІ-ХІV гг. Басындағы Франция. Жанна д Арк, Уот Тейлор көтерілісітері. ХІ-ХV ғғ. Орталық Еуропа мемлекетерінің тарихы мен мәдениеті.

  11. Орта ғасырлардағы Шығыс халықтары. Қытай мен Үндістан.

  12. ХІ-ХV ғғ. Русьтің дамуы. Тәуелсіз орыс князьдіктері, түркі-моңғол шапқыншылықтары.

  13. Кейінгі ортағасырлардағы Еуропа мемлекеттері. ХV- ХVІІ ғғ.

  14. Ортағасырлардағы Осман империясы.

  15. Орта ғасырлардағы реформалар. Орта ғасырлар мәдениеті.

  16. ХV- ХVІ ғғ. Русь. Қаһарлы Иван. Русь мәдениеті мен тұрмысы.

  17. ХV- ХVІІ ғғ. Литва, Украина, Белоруссия, Закавказье және Орта Азия халықтары.

  18. ХVІІ- ХVІІІ ғғ. Ресей және оның отарлау саясаты.

  19. Жаңа кезеңдегі капиталистік қатынастардың қалыптасуы мен дамуы. АҚШ-тың құрылуы.

  20. Ағылшын буржуазиялық революциясы.

  21. ХVІІІ-ХІХ ғғ. Еуропа. АҚШ, Англия, Франция, Германия, Ресей. Саяси-экономикалық жағдай.

  22. ХІХ ғ. 40-60 жж. Халықаралық жұмысшы және ұлт-азаттық қозғалыс.

  23. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы АҚШ, Англия, Франция, Германия, Италия, Ресей, Жапония. Саяси-экономикалық жағдай.

  24. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы Азия, Африка және Латын Америкасы.

  25. 1914-1939 жж. әлем халықтары. Ақпан, Қазан төңкерістері. Азамат соғысы. Версаль-Вашингтон жүйесі (1919-1923). Фашизмнің құрылуы.

  26. Екінші дүниежүзілік соғыс (1939-1945 жж).

  27. 1945-2015 жж. Еуропа және Солтүстік Америка халықтары.

  28. 1945-2015 жж. Азия және Африка мемлекеттері.

  29. 1945-2015 жж. Латын Америкасы мемлекеттері.

  30. ХХ ғ. аяғы мен ХХІ ғ. басындағы халықаралық қатынастар.




ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Ежелгі дүние тарихы. Алматы. Мектеп. 2001.

  2. Ежелгі дүние тарихы. Алматы. Атамұра. 2002.

  3. Төлкеев С.Қ., Смағұлова Г.М. Ертедегі Шығыс тарихы. Қарағанды. ҚарМУ баспасы. 2001.

  4. Ертедегі Грекия тарихы. Оқу құралы. 2004.

  5. Дүние жүзі тарихы пәні бойынша оқу-әдістемелік құрал. Астана: „Ұлттық тестілеу орталығы“ РМКК, 2012 – 112 б.

  6. Төлкеев С.Қ., Смағұлова Г.М. Ертедегі Шығыс тарихы. Қарағанды. ҚарМУ баспасы, 1999. Ежелгі дүние тарихы. Алматы. Мектеп. 2001.

  7. Орта ғасырлар тарихы. Алматы. Мектеп. 2001.

  8. Аяғанов Б. Қ. Ізтілеуова Орта ғасырлар тарихы. Алматы. 1998.

  9. Жаңа заман тарихы. Алматы. 2004.

  10. М. Хасен., Л. Батурина. Жаңа тарихы. Алматы. 2001.

  11. ХХ ғасырдағы Дүние жүзі тарихы. Алматы. Кітап баспасы. 2004.


Авторлары: Қарсыбаева Ж.А. – т.ғ.к., Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті; Жұманова А.З.– PhD докторы, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы; Сақабай Т.Қ. – тарих магистрі, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының аға оқытушысы.



Каталог: file -> univer -> umo -> tupr
tupr -> БАҒдарламасы биология дайындық бөлімінің тыңдаушыларына арналған
tupr -> БАҒдарламасы психология және адам дамуы 5В010400 Бастапқы әскери дайындық
tupr -> БАҒдарламасы кәсіби қазақ тілі 5В010400- бастапқы әскери дайындық
tupr -> БАҒдарламасы кәсіби қазақ тілі 5В090500 Әлеуметтік жұмыс
tupr -> БАҒдарламасы география дайындық бөлімінің тыңдаушыларына арналған
tupr -> БАҒдарламасы әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиялары 5В090500 Әлеуметтік жұмыс
tupr -> БАҒдарламасы әлеуметтік жұмыс теориясы 5В090500 Әлеуметтік жұмыс
tupr -> БАҒдарламасы дәрілердің өндірістік технологиясы 5В074800
tupr -> Типтік оқу бағдарламасы биология


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет