Бағдарламасы арқылы, болмаса басқа да механизм арқылы сату жүзеге асырылады



Pdf көрінісі
Дата22.02.2019
өлшемі69.46 Kb.
#98520

 

202 


сату  үшін  қосымша  шаралар  ұйымдастырылады,  немесе  халықтық  ІРО  бағдарламасы 

арқылы, болмаса басқа да механизм арқылы сату жүзеге асырылады. 

Аталып  отырған  активтер  жеке  қолға  өткенімен  олардың  ары  қарай  қызметтік 

құрылымын  өзгертпей  қызмет  атқаруы  қиынға  соғады.  Себебі,  бұл  объектілердің 

атқарып  отырған  қызметтерімен  тек  мемлекет  толық  айналыса  алады  және  де  бұл 

қызметтер  ұзақ  мерзімді  қаржылық  салымдарды  қажет  ететіндіктен  бизнеске  де  аса 

қатты  тиімді  емес.  Дегенмен  үкіметтің  бұл  объектілерді  сату  себебі  оларды  басқару 

тиімсіздігі және осы мәслелені жеке қолға өту арқылы шешуге тырыспақ. 

Ал,  ТҰҚЖБ  туралы  айтатын  болсақ  бұл  объектінің  толық  сатылатыны  нақты 

емес,  сондықтан  оның  25-50%  акцияларын  сату  туралы  сөз  қозғалып  отыруы  әбден 

мүмкін. «ҚазАгро» ҰБХ негізгі 4 объектімен қоса құрамына кіретін 28 ұйымды ұсынып 

отыр.  Қазіргі  таңда  «ҚазАгро»  құрамына  кіретін  4  компания  белгілі.  Бұл 

«ҚазАгроФинанс»,  «Продовольственная  контрактная  корпорация»,  «ҚазАгроӨнім» 

және «Қазагромаркетинг» [4].  

Холдинг  басшылығының  айтуы  бойынша  «ҚазАгроФинанс»  көпсалалы 

қаржылық  институттан  лизингтік  компания  саласына  ауыстырылып,  нәтижесінде 

бәсекелестік  ортаға  беріледі.  «ҚазАгроӨнім»  АҚ  және  «Қазагромаркетинг»  АҚ  жеке 

қолға  өтуі  мемлекеттің  ақпараттық-консультациялық  және  мал  шаруашылығы 

өнімдерін  өткізу  нарығындағы  үлесін  азайтады.  Холдингтің  негізгі  сату  объектілеріне 

Микро-кредиттік ұйымдарды жатқызуға болады.  



 

 

 

Әдебиет: 

1.

 



Инвестицияны  қаржыландыру  және  несиелеу  оқу  құралы  //  Кадерова  Н.Н.  -  Алматы: 

Экономика, 2012. – 361 б.  

2.

 

«Самұрық-Қазына» АҚ ақпараттық-талдамалық порталы sk.kz 



3.

 

Kontorosha.net 



4.

 

ҚР  Индустриялды  –  инновациялық  дамуының  2003-2015  ж.  арналған  стратегиясы.  –  Астана, 



2003  

 

 



 

УДК 338.43 (574) 

 

АГРАРЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ДАМУЫ 



 

Ахметжанова Б.Қ. 

(А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

 экономика кафедрасының аға оқытушысы) 

 

 



 

Түйін: Мақалада аграрлық қатынастардың түсініктері қарастырылған, оның даму 

тенденциясы зерттелген. 

 

Кілттік 

сөздер: 

ауыл 


шаруашылығы 

азық-түлік, 

аграрлық 

сектор, 


интенсификациялау, мамандандыру, шикізат, таза өнім. 

 

Бүгінгі  таңдағы  өркениетті  даму  үрдісіне  бет  бұрған  қазақ  қоғамының  өткен 



тарихын  саралау  үрдісі  әр  қилы.  Тарих  тағлымының  саясатпен  аралас  қабаттасқан 

 

203 


беттерінің  бірі  –  бұрынғы  Кеңес  Одағына  қараған  кезеңіндегі  білім  беру  жүйесінің 

қалыптасу тарихын өзіндік бағамда зерделеу және оған қазіргі көзқараста баға берудің 

сұранысы ерекше. Өйткені қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығын және жердің 

құнарлылығын  зерттеу  мен  оны  дамытуға  арналған  аграрлық  білім  беру  жүйесінің 

тарихы таптық және партиялық көзқарас арқылы тануға, сондай-ақ осы ұстаным қоғам 

экономикасы  мен  әлеуметтік  құрылымының  бұлжытпас  бірыңғайлы  қағидаларына 

үстем болып жатты.  

Дегенмен, әрқашанда ұлттық азық-түлік түрлерін өндірудің жаңа технологиясын, 

емдік-сауықтыру  мен  жаппай  пайдалануға  арналған  экологиялық  таза  өнімдерді 

әзірлеу, табиғат өнімдерін ұдайы пайдалану және қоршаған ортаны қорғауда аграрлық 

жоғары  оқу  орындарындағы  орман  және  балық  шаруашылығын  жүргізу,  топырақ 

құнарлылығын  сақтау  және  пайдалану  сияқты  көптеген  аграрлық  ғылымның 

салаларымен тікелей байланысты. 

Қазіргі  таңда  күн  тәртібінде  экономиканың  аграрлық  секторын  неғұрлым 

заманауи  ету  және  экономиканың  индустриялық  секторын  қатар  дамыту  міндеті  тұр. 

Бұл  тұрғыдан  жергілікті  әкімдік  ауылшаруашылық  өнімдерін  өсіру,  дайындау,  сақтау 

және қайта өңдеу және жаңа агротехнологияларды, тамшылата суаруды, жылыжайлар 

салу және т.б. пайдалану бойынша көптеген жобаларын ендіре отырып, жақсы бағдарға 

ие болуда. 

Жаңа  білім  алу,  технологияларды  әзірлеу  және  трансферттеу,  кадрларды  даярлау 

аясында аграрлық ғылымның қазіргі заманғы жүйесін құру ел экономикасының аграрлық 

секторын  жедел  дамытуға  және  оның  бәсекелестік  қабілетін  арттыруға  жәрдем 

көрсетудің негізі болып табылады. 

Тәуелсіз  Қазақстан  өзінің  аңсаумен  алған  азаттығымен  қоса  тіршілігін  біліммен 

байытып,  ғылыммен  жетілдіруді  мақсат  етуі  қажет.  Егеменді  елдің  болашақ 

ұрпақтарын  тәрбиелеудегі  аграрлық  білім  берудің  мақсаты  нарықтық  қатынастарды 

тиімді  жолға қоюды көздеген экономикалық  өркендеуден де, орасан  өзінің қиындығы 

мен  маңызының  тұлғаланып  тұрғанын  түсінуіміз  керек.  Осы  аграрлық  білім  беру 

саласында  дербестігімізді  алған  алғашқы  азаттық  жылдарында,  республикамызда 

көптеген жұмыстар жасалынды. Күні бүгінге дейін Қазақстанда жоғары аграрлық білім 

берудің  өткені  мен  бүгінгісін  және  болашағына  кешенді  түрде  жан-жақты  талдау 

жасалған еңбектердің болмауы, бүгінгі таңда осы салада ғылыми-зерттеу жұмыстарын 

қажет етеді. 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына 2005 

жылғы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты 

жолдауында:  «Осы  заманғы  білім  беру  жүйесінсіз  әрі  алысты  барлап,  кең  ауқымда 

ойлай  білетін  осы  заманғы  басқарушыларсыз  біз  инновациялық  экономика  құра 

алмаймыз. Демек, барлық  деңгейдегі техникалық  және кәсіптік білім беруді  дамытуға 

бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт» - деп, атап көрсетті [1, 16б.].   

Аграрлық  білім  беру  жүйесін  ұйымдастыруда  және  жетілдіруде  өткендегі 

қателіктерді  қайталамау  қажет.  Қай  кезеңде  болмасын  аграрлық  білім  беру  жүйесі 

басқа салаларға қарағанда жоғары қарқынмен дамыды, білікті мамандар даярлауда мол 

тәжірибе  жинақталды.  Бұл  тәжірибе  қазіргі  күннің  өзінде  де  көптеген  жағдайда  ауыл 

шаруашылығының  түпкілікті  жұмыс  қорытындысы  мамандар  мен  олардың 

басшыларының  ұйымдастыру,  саяси  және  іскерлік  қасиеттеріне  байланысты  екендігін 

мойындатады.  Демек,  ауыл  шаруашылық  кадрларының  өндірісті  дамытудағы,  жаңа 

технологияны  игерудегі  белсенділік  үлгілерін,  өндіріс  басшыларының  жарқын  өмір 

жолдарын  көрсетудің  тәуелсіз  Қазақстанның  ауыл  шаруашылық  мамандарын 

тәрбиелеуде  айтарлықтай  маңызы  бар.  Ауыл  шаруашылық  мамандары  мен 

басшыларының  қызметі  өз  кәсіпкерліктерімен  ғана  шектеліп  қоймай,  міндетті  түрде 



 

204 


мәдени-тәрбиешілік ісімен де жалғасты. Қоғам олардан ұжыммен жұмыс істей білетін, 

жоғары мәдениетті және аса білімдар болуларын талап етті. 

Халықаралық  қауымдастықтың  бағалауы  бойынша,  Қазақстан  өзінің  дағдарысқа 

қарсы  бағдарламасын  табысты  іске  асырып  қана  қоймай,  ел  экономикасының 

дағдарыстан  кейінгі  серпінді  дамуының  ғылыми  негізделген  моделін  алғаш 

қалыптастырған  елдер  қатарындағы  бірден-бір  мемлекет  болып  табылатыны  біз  үшін 

үлкен  мәртебе.  Модельдің  негізіне  үдемелі  индустриялық-инновациялық  даму  идеясы 

қаланған. Бұл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың айқындағанындай: “Өткен 

ғасырдың  басында  барлық  мемлекеттерде  болған  индустрияландыру  емес, 

инновациялық  индустрияландыру”,  яғни  инновациялық  көзқарас  басымдыққа  ие,  ал 

ғылым  мен  алдыңғы  қатарлы  технология  –  инновациялық  дамудың  басты  ұстанымы 

деген  сөз.  Осы  орайда  еліміздің  қарыштап  дамуын  қамтамасыз  ететін  түбегейлі 

индустриялық-технологиялық  модернизациялаудағы  қазіргі  ғылымның  рөлін  қайта 

пайымдау мен зерделеу өзекті проблемаға айналып отырғанын айту парыз. 

Өміршеңдігін  уақыт  дәлелдеген  «Қазақстан-2030»  –  бағдарламасы  еліміздің  ұзақ 

мерзімді  даму  стратегиясы.  Ал  еліміздің  2020  жылға  дейінгі  үдемелі  индустриялық-

инновациялық  даму  бағдарламасына  келсек,  ол  осы  стратегияның  құрамдас  бөлігі  – 

екінші  кезеңі  болып  табылады.  Қазір  алдыңғы  қатарға  еліміздің  2014  жылға  дейінгі 

индустриялық-инновациялық  даму  бағдарламасы  шығарылып  отыр.  Жалпы 

«Қазақстан-2030»  бағдарламасы  түгелдей  жүзеге  асса,  еліміздің  экономикалық  дамуы 

әлем  елдерінің  алдыңғы  қатарына  шығатыны  күні  бүгіннің  өзінде  белгілі.  Қазіргі 

Қазақстанның  дамуы  «Қазақстан-2030»  бағдарламасының  еліміздің  болашағы  үшін 

асқан даналықпен жасалған құжат болғанын дәлелдеді [2, 45б.]. 

Жолдауда  еліміздің  тұрақты  және  теңгермелі  дамуын  қамтамасыз  ететін 

факторлар  атап  көрсетілді.  Олар:  экономиканың  жеделдетіліп  әртараптандырылуы 

және  оның  бәсекелестік  қабілетінің  арттырылуы.  Бұларға  инновациялар  арқылы,  яғни 

тың  идеяларды,  ғылым  жетістіктері  мен  жаңалықтарын  ел  экономикасының 

салаларында пайдалану немесе қолданысқа енгізу жолымен ғана қол жеткізілуі мүмкін. 

Индустриялық-инновациялық  даму  бағдарламасы  жобаларының  басым  көпшілігі 

елдің  өнеркәсіптік  аймақтарында  шоғырланған.  Еліміздің  экономикасын  көтеруде  

аграрлық  сала  мамандарын  даярлау  ісі  қазіргі  уақытта  жақсы  жолға  қойылып  келеді. 

Дегенмен  жастарымыздың  көпшілігі    қазіргі  заманға  сай    мамандықтарды  таңдап 

аргарлық сектор мамандықтарын кейінге шегеріп қоюы өзекті мәселеге айналып отыр. 

Ауыл  шаруашылығын  дамытуда    әсіресе  мал  шаруашылығы  мамандары    қажеттілік 

туындатып  келеді.  Ел  экономикасын    өркендету  үшін  мал  шаруашылығы    өнімдерін  

өндіруде  аграрлық сектор мамандары жетіспеушілік  тудырып  отырады.  

Аталмыш  Жолдау  аграрлық  сектор  мамандарын  көбірек  даярлау  мақсатында  

әлемдік  дағдарысқа  тойтарыс    беріп,  халықтың  әлеуметтік  жағдайын  жақсартып,  ел 

экономикасының    алға  жылжуына  серпін  беруде.  1997  жылы  Н.Ә.Назарбаев  «2030 

жылы  біздің  ұрпағымыз    бұдан  былай  әлемдік    оқиғалардың  қалтарысында  қалып 

қоймайтын  елде  өмір  сүретін  болады»  деп  алғашқы  Жолдауында  келтірген  болатын. 

Содан  бергі  аз  ғана  уақыттың  ішінде  тәуелсіз  Қазақстан    елі  экономикасы  дамыған 

елдермен    терезесі  теңесті.  Әлемдік  деңгейде  болып  жатқан  көптеген  процестерге  ат 

салысып, өз мүмкіндіктерін паш етті. 

Ауыл  шаруашылығы  материалдық  өндірістің  негізгі  саласы  ретінде  қоғам 

өмірінде    маңызды  орын  алады.  Ол  тұрғындарға  тағамдық  азықтар  мен  өнеркәсіптің 

көптеген салаларына шикізаттың негізгі массасын беруші сала. Ауыл шаруашылығы, ел 

экономикасында тек азық түлік пен қамтамасыз етуші ғана емес, сонымен қатар барлық 

еңбекке  жарамды  тұрғындарды  еңбекпен  қамсыздандыру  сферасы  ретінде  де  өмірлік 

маңызы  бар  сала  болып  табылады.  Оның  сәтті  дамытылуынан  көптеген  жағдайларда 



 

205 


жалпы экономикамыздың көтерілуімен қатар, қарапайым халық жағдайының жақсаруы 

да тәуелді.  

Қазақстан  агроөнеркәсібі  кешені  ғасырлар  тоғысының  соңғы  онжылдығында 

қолайсыз,  әрі  қиын  әлеуметтік-  экономикалық  және  саяси  жағдайлар  мен 

макроэкономикалық  тоқырау  кезеңінде  басқа  салалар  секілді  өзінің  басынан  да 

қиыншылықтарды кешіруде. Бұны салада жүргізілген реформалар нәтижесін өте ауыр 

сезінумен  көреміз.  Экономикалық  қатерлер  мен  нарық  жағдайында  кешендегі 

экономикалық  реформаларды  жүргізумен  байланысты  мәселелер  мен  комплексті 

сұрақтарды негізге ала отырып келесідей шараларды ескерген жөн.  

Біріншіден, жалпы аграрлық сектор - бұл халық шаруашылығын төмендегідей үш 

элементтің  экологиялық    ұтымдылық,  экономикалық  мақсаттылық  және  әлеуметтік 

тиімділігін қажет ететін сферасы.  

Екіншіден,  агроөнеркәсіп  кешеніндей  реформаларды  жүргізуде  қалыптасқан  

мәселелер  мен  сұрақтар  комплексі  нарық  жағдайында  бір  уақыттылық  сипатты 

иемденбей  және  олар  дамытылушы  тенденциялармен  тікелей  байланысты  ғана 

шешіледі.  Бұл  келтірілген  немесе  қалыптасқан  мәселелерге  толығырақ  тоқталу  үшін 

жалпы  агроөнеркәсіп  кешенінің  атауының  пайда  болып  экономикалық  мәні  мен 

құрылымына тоқталамын.  

Ауыл  шаруашылығын  аралас  салалармен  бір  кешенде  зерттеу  отандық  ғылымда 

Агроөнеркәсіптік кешені (АӨК) атауының пайда болып, ғылыми және практикалық сөз 

қолданысына  енуіне  түрткі  болды.  Бізге  оның  үш  тармағы  белгілі.  Бірінші  тармағы 

өндіріс  қорларын  өндіру,  бұған  ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  өңдеуге  арналған 

техник-технология  жасау,  қолданысқа  беру  жатады.  Екіншісіне  тікелей  ауыл 

шаруашылығының  өзі,  ал  үшінші  тармағы  ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  өңдеу, 

тасымалдау, сақтау және өткізумен айналысатын салалар жиынтығы екені белгілі. 

 Бәсекеге  қабілетті  және  экономикалық  жағынан  пайдалы  шаруашылықты  құру 

ауыл  шаруашылығы  кәсіпорындарының  көлеміне  айрықша  талаптар  қояды.,  оның  өзі 

сол жергілікті аграрлық сектордың дамуына сәйкес болып келуі жөн. 

Ауыл  шаруашылық  кәсіпорындары  көлемдерінде,  жер  аумағы  бойынша  үлкен 

айырмашылықтар  байқалады,  бір  облыс  ішіндегі  өлкелерде  ұтымды  өндіріс 

ұйымдастыру  барлық  уақытта  да  дәлелденген  болып  саналмайды.  Көп  кездесе 

бермейтін ірі кәсіпорындармен қатар, онша көп болмаса да, өте шағын көлемдегілер де 

жиі  кездеседі.  Шағын  кәсіпорындарға  қарағанда  ірі  шаруашылықтардың  басымдығы 

байқалады  онда  барлық  өндіріс  факторлары  тиімді  сәйкестік  тапқан  және  көп 

пайдаланылады,  және  соның  негізінде  жақсы  қорытындыларға  жетуге  мүмкіндік  мол 

[3, 32б.]. 

Орташа  және  ірі  тауарлы  өндірістік  қуаттары  мен  инфрақұрылымдары  дамыған 

кәсіпорында  қызмет  етіп  жатыр,  ауыл  шаруашылық  өндірістік  технологиясы  жер 

көлемдері  орташа  және  ірі  және  материалдық  техникалық  базалары  ұтымды 

пайдалануға мүмкіндігі бар мал шаруашылығы объектілеріне ыңғайланған. Атап өтетін 

нәрсе,  жақын  болашақта  орташа  және  ірі  тауарлы  өндірісі  бар  табиғи-экономикалық 

жағдайларға сәйкестілер тұрақты дами алады деуге болады. 

Орташа  және  ірі  шаруашылықтардың  басымдылықтары,  жоғары  деңгейлі 

мамандандыру, өндірісті шоғырландыру, рынок бойынша интеграциялау мүмкіндіктері 

сияқты  факторлармен  анықталды.  Ірі  және  орташа  кәсіпорын,  әсіресе  өсімдік 

шаруашылығы  салаларында,  шағынмен  салыстырғанда  басымдықты  иеленеді.  Оларда 

күрделі  қаржыны  тиімді  пайдалануға  мүмкіндік  бар,  олар  ғылыми-  техникалық 

прогресске  барынша  икемді.  Астық  өндіруші  кәсіпорын,  егер  жыртылған  жері  15-18 

мың га шамасында иеленген жағдайда өте жоғары пайдалылық деңгейін көрсетеді. 


 

206 


Шаруашылық  қызметінен  алынатын  таза  табыстың  негізгі  массасын  шағын 

кәсіпорындар тобы алады, мәселен ірінің үлесіне барлық кәсіпорынның 15,4% құрайды, 

барлық ауыл шаруашылық кәсіпорындарынан алынған таза кірістің 72%-не келеді. 

Интенсификациялау  деңгейінің  көтерілу  жағдайында  ауыл  шаруашылық 

кәсіпорындарының  көлемі,  өндіріс  күштерінің  өсуі  өзгермейтіндей  болып  қалмайды. 

Олар өздерінің өндіріс күштерінің әрбір нақты деңгейі шаруашылықтың интенсифтілік 

деңгейі  және  оны  мамандандыру  жағдайы  үшін  өздерінің  оңтайлы  шекараларын 

иеленеді. 

Әртүрлі  ауыл  шаруашылық  салалары  үшін,  өндірістің  түрлі  экономикалық 

жағдайларының  қызмет  етуі  жағдайында  оңтайлы  көлемдер  шамалары  бірдей  емес. 

Сондықтан  ауыл  шаруашылық  кәсіпорындарының  көлемдері  жалпылама  емес,  белгілі 

бір  мамандандырылған  өндіріске  ыңғайластырылады.  Мамандандыру  өндірісті 

интенсификациялаумен  тығыз  байланысты,  оның  өзі  бір  тектес  өнімдер  өндірісінің 

оңтайлы шоғырлануын қамтамасыз етеді.  

Кәсіпорынның оңтайлы көлемдері белгілі бір шаруашылықтың мамандандырылуы 

және  интенсифтілік  жағдайында  еңбек  ресурстары  саны  бар  болса,  барлық  негізгі 

өндіріс факторларын пайдалану жэне ең бір тиімді сәйкестікті қамтамасыз етеді. Ауыл 

шаруашылық  кәсіпорындарының  оңтайлы  көлемдерінің  критериі-бұл  барлығынан 

бұрын  жоғарғы  өндірістің  нәтижелері,  жоғарғы  еңбек  өнімділігі  және  өндірістің 

рентабельдігін қамтамасыз етеді. 

Болашақтағы  ең  бір  маңызды  мәселелердің  бірі  құрылымдық  өзгерістер  жасау 

болып  табылады,  яғни  мал  шаруашылығын  қалпына  келтіріп  және  оны  одан  әрі 

дамыту,  ол  азық-түлікпен  қамтамасыздық  талаптарымен  анықталады,  жэне  ауыл 

шаруашылығын  жүргізу  жүйесіндегі  мал  шаруашылығының  өз  ролін  қамтамасыз  ету, 

сонымен  қатар  етті  мал  шаруашылығы,  қой  шаруашылығы  жылқы  шаруашылығын 

қайта дамытуды қарастырады. 



 

 

 

Әдебиет: 

1.

 



Назарбаевтың Н.Ә. Қазақстан халқына 2005 жылғы жолдауы 

2.

 



Назарбаев Н.Ә. Қазахстан – 2030. - Алматы, 1998.  

3.

 



«Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 

Қазақстан Республикасының Заңы. 

 

 

 



УДК 664-027.45(574) 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ 

 

Байзакова Г.Г. 



(А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, 

 экономика кафедрасының оқытушысы) 

 

 

 

Түйін:  мақалада  аграрлық  қатынастардың  түсініктері  қарастырылған,  оның  даму 

тенденциясы зерттелген. 



Кілттік сөздер: азық-түлік, аграрлық сектор, инвестициялау, шикізат, таза өнім 

 



Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет