Бағдарламасы 6М070100 «Биотехнология»



Дата14.10.2018
өлшемі148.66 Kb.
түріБағдарламасы

Қабылдау емтихан бағдарламасы 6М070100 «Биотехнология» мамандығы бойынша мынадай пәндердің (биотехнология объектілері, биотехнология негіздері, биохимия, молекулалық биология, микробиология және вирусология) типтік оқу бағдарламаларының негізінде құрастырылған.

Қабылдау емтихан бағдарламасы кафедра отырысында талқыланды



« » 20___ж., № ___ хаттама
Кафедра меңгерушісі ___________________________Омаров Р.Т.

(қолы, ғылыми атақ, тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)

Қабылдау емтихан бағдарламасы жаратылыстану ғылымдар факультетінің әдістемелік комиссиясымен қабылданды « » 20___ж.,

№ ___хаттама

Төраға __________________ ...

(қолы, тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)



1. 6М070100 - Биотехнология мамандығы бойынша қабылдау емтиханының мақсаты мен тапсырмалары:

Қабылдау емтиханының мақсаты — дайындық деңгейін және конкурс негізінде әрі қарай магистратурада оқуын жалғастыруға қабілетті ықтимал үміткерлерді анықтау.

Кешенді қабылдау емтиханының тапсырмалары — магистратураға үміткерлердің биотехнология саласындағы кешенді білімін, болашақ магистранттардың ақпаратты іздеу, сұрыптау және айқындау қабілетін анықтау. Магистратураға үміткерлер қабылдау емтиханы кезінде интегративті жауап беруі, әртүрлі пәндерді оқу барысында алған білімін өзектендіруі қажет.

Емтихан нысаны – жазбаша.

2. Магистратураға түсушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Магистратураға түсушілер биотехнология негізгі объектілерін, мақсатты өнім алуда биотехнология объектілері негізінде өндірістік микробиологиялық синтезді, биотехнологияда қолданылатын гендік және жасушалық инженерияның заманауи әдістерін білуі тиіс; заманауи биотехнологияның әртүрлі саласындағы жаңа мәселелерді зерттеу және тұжырымдай білу; өсімдік, микроағзалар және жануар биотехнологиясы саласында зерттеу жұмыстарын өз бетінше жоспарлай және ұйымдастыра алу, өсімдік, жануар және микробтық жасушаларын культивирлеу техникасын меңгерген; жоғары өнімді өндірістік продуценттер штамдарын алу әдістерін, культиверлеу және сақтау амалдарын игерген; ғылыми негізде еңбек қызметін ұйымдастыра алу, алған білімін лабораториялық және өндірістік жағдайда пайдалана алу.



3. Білім мен құзыреттілікті бағалау критериялары

«Өте жақсы» бағасы - материалдың мазмұны толық ашылған, , анықтамалар және ұғымдардың мазмұны дұрыс және толық берілген, терминологияның дұрыс пайдаланылуы; дәлелдеу үшін әр түрлі білік, қорытындылар, бақылаулар мен тәжірибелер пайдаланылуы; жауабы дербес және үміткердің ой-өрісінің жан-жақтылығын көрсетеді.

«Жақсы» бағасы - материал мазмұны ашылған, анықтамалар дұрыс берілген, ұғымдар мен ғылыми терминдер пайдаланылған, жауап негізінен дербес, бірақ анықтамалар толық болмауы, терминология пайдалану кезінде аздаған дәлсіздіктер.

«Қанағаттанарлық» бағасы - негізгі оқу материалының мазмұны меңгергені көрінеді, бірақ жүйелі емес, ұғымдарды анықтау айқын емес, қорытындылар мен тұжырымдамалар пайдаланылмайды, ұғымдар мен терминологиядан елеулі қателіктер жіберіледі.
«Қанағаттанарлықсыз» бағасы - негізгі оқу материалының мазмұны ашылмайды, көмекші сұрақтарға жауаптар берілмейді, ұғымдар анықтамасында және терминологияда улкен қателіктер жасалады.

4. Білім беретін бағдарлама пререквизиттері

«Биотехнология объектілері»- 3 кредит

«Биотехнология негіздері» – 4 кредит

«Биохимия» – 3 кредит

«Молекулалық биология» – 3 кредит

«Жалпы және молекулалық генетика» – 3 кредит

«Микробиология» – 3 кредит

5. Емтихан тақырыптарының тізімі

Бағдарлама 6М070100-Биотехнология мамандығы бойынша қабылдау емтиханын тапсыру үшін дайындығына арналған.

Емтихан билеттеріндегі сұрақтар тұжырымдамасы бағдарламада көрсетілген тақырыптардан ерекшеленуі мүмкін.
Бағдарламаның негізгі бөлімдері


  1. Биотехнология объектілері.

Биотехнологияның негізгі объектілері: Микроағзалар — биотехнологиялық өндірістің негізі. Микробтық жасушалардың метаболиттік қабілеттері. Спирттік, сүтқышқылды, пропионқышқылды, май қышқылды ашытуды жүзеге асыратын микроағзалардың сипаттамасы.

Сүтқышқылды бактериялардың негізгі өкілдеріне молекулалық биологиялық сипаттама. Сүтқышқылды бактериялардың қолданылу аясы (тағам өндірісінде, силос алу барысында және т.б). Ашытқыларды өндірісте пайдалану. Ашытқылардың өндірістік штамдарын жақсарту жолдары.

Биотехнологиялық объектілерді іріктеп алу принциптері. Модельді, базалық және өндірістік объектілер. Өндірістік штамдарға қойылатын талаптар. Өндірістік микроағзалардың шолуының жалпы сызбасы. Продуценттерді бөліп алу. Өндірістік объектілердің өнімділігін жоғарылату әдістері: Способы повышения продуктивности промышленных объектов: тосын мутанттардың сатылы іріктелуі, индуцирленген мутанттардың сатылы іріктелуі, мақсатты өнімнің құрылымдық аналогтарына тұрақтылығына қарай продуцент штамдарының іріктелуі және т.б.

Мицелиальды саңырауқұлақтар: мециальды саңырауқұлақтардың негізгі өкілдерінің сипаттамасы. Мециальды саңырауқұлақтардың пайдалану аясы(антибиотиктерді, ферменттерді, органикалық қышқылдар және т.б.алу).Вирустар: жануарлар вирусының негізінде векторлық жүйелер. Рекомбинантты вакциналарды алу.

Өсімдік және жануарлар жасушаларының культурасы биотехнология объектілері ретінде: өсімдік продуценттер жасушаларын культиверлеу әдістері. Екіншілік метаболиттерді алу мақсатында өсімдік жасушаларының культурасын пайдалану. Өсімдік жасушаларының протоплатарын алу және культиверлеу әдістері. Өсімдік протопластарын пайдаланудағы перспективасы. Жануарлар жасушаларын культиверлеу әдісі. Сүтқоректілердің жасушасына бөгде ДНҚ енгізу әдістері. Биологиялық активті заттардың суперпродукциясы үшін жасушалар линиясын алу. Моноклональды антиденелерді алу. Моноклональды антиденелерді қолдану аясы.


  1. Биотехнология негіздері.

Микроорганизмдер, жануарлар және өсімдік жасушасын культиверлеудегі ерекшеліктер. Көміртек, азот, фосфор, микроэлементтердің негізгі көздері. Қоректі ортаны оптимизациялау тәсілдері. Мерзімді, жартылай мерзімді, үздіксіз культиверлеу процестері. Биообъектердің иммобилизациясын алудағы ерекшеліктер және олардың биотехнологияда пайдаланылуы.

Биотехнологиялық өндірістің шикізаттық базасы: Шикізат көзі. Шикізат түрлері. Қоректік орталардың классификациясы.

Мерзімді культиверлеу. Мерзімді культиверлеу барысындағы микроорганизмдердің өсу ерекшелігі. Қисық өсу сипаттамасы. Беттік әдіс. Тереңдік әдіс.

Үздіксіз культивирлеу. Үздіксіз культверлеу барысында микроорганизмдердің өсу ерекшелігі. Хемостат, турбидостат, оксистат. Салыстырмалы сипаттамасы.

Биотехнологиялық өндірістің соңғы өнімдерін бөліп алу және тазарту әдістері. Сепарация. Флотация. Фильтрация. Центрифугирлеу.

Биотехнология әдістері: Продуценттерді құрастыру әдістер: селекция, рекомбинантты ДНҚ әдісі, гибридомдық технология. Өсімдік жасушасын трансформациясы үшін векторлық жүйенің классификациясы және сипаттамасы. Жасушалардың тікілей трансформациясы үшін векторлар Космидті векторлар, TAC-векторлар атауын алған (transformationcompetent bacterial artificial chromosomes) жасанды бактериялар хромосома негізінде векторлар (BAC). Ti-плазмида негізіндегі векторлар. Рекомбинантты гендерді жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің хлоропластына тасымалдайтын векторлар . Іріктелмелі маркерлер және ген-репортерлер. Антибиотиктерге, гербицидтерге төзімді гендер, метаболикалық маркерлер, флуоресценті ақуыздар гендер, РНК-интерференция.

Бөлек жасуша және ағзалық деңгейде генетикалық трансформация. Микроорганизмдер, өсімдік және жануарлар жасушасына бөгде ДНҚ енгізу әдістері. Генетикалық трансформацияланған жасушалардың клондарын бөліп алу мақсатында пайдалынатын маркерлер мен селективті жүйелер, Өсімдік және жануарлардың жасушалық және ұлпалық инженериясы. Өсімдіктердің жаңа формалар мен сорттарын, сондайақ жануарлардың жаңа сорттарын жасушалық инженерия мен жасушалық реконструкция көмегімен алу.Жануарларды клондау әдістері. Репродуктивті клондау. Ұрықтарды клондау, монозиготалық егіздерді алу әдістері. Эмбриональды клондау. Трансплантация және эмбриондардың түраралық трансплантациясы. Жануарлардың жасанды ұрықтандыру әдісі. Жасанды ұрақтандырудың жалпы әдістері.

Жануарлар ағзаларының трансгенезі. Культиверленетін жануар жасушасына ДНҚ енгізу кезеңдері. Вирустар көмегімен гендердің тасымалдануы. Электропорация. Лазер көмегімен жасушалық мембранада микротесіктердің алынуы. Микроинъекциялар. Баллистикалық (biolistic) инъекция. Жануарлар трансгенезіндегі негізгі әдістер.

Биомассаларды, аминқышқылдарды ферменттерді, антибиотиктерді, бакпрепараттарды алу процесінің типтік сызбасы,органикалық қалдықтарды қайтаөңдеу, ағынды суларды тазарту. Органикалық қышқыл өндірісі. Сүт өнімдерінің биотехнологиялық ерекшеліктері. Микроорганизмдер көмегімен аминқышқылдар өндірісі. Ферменттер көмегімен аминқышқылдар синтезі. Ферменттер өндірісі. Химиотерапевтикалық заттар және микроб және өсімдіктекті биопрепараттар, рекомбинантты вакциналар, микроорганизмдер және өсімдіктер ұлпасының/иммобилденген ферменттер негізінде биосенсорлар. Иммуностимуляторлар және иммуномодуляторлар. Адаптогенді өнімдердер биотехнологиясы.

Ферменттер. Реакцияны катализдейтін ферменттер классы және түрлері. Ферменттер көзі. Ферменттерді пайдалануда заманауи көзқарас. Ферменттер иммобилденуі. Иммобилизация тасымалдағыштары. Органикалық тасымалдағыштар. Органикалық емес тасымалдығыштар. Иммобилизация әдістері. Физикалық әдістер. Химиялық әдістер. Иммобилденген ферменттердің артықшылығы. биотехнологиялық өндірістегі ферменттер. Биосенсорлар, қолданысы. Биосенсор түрлері.

Асептикалық жағдайды қамтамасыз ету әдістері: термикалық стерилизация режимдері. Сұйықтықтарды, ауаны, құрылғыларды стерилизациялау әдістері.

Ағынды суларды тазартудың биологиялық әдістерінің сипаттамасы. Артықшылығы, кемшілігі. Органикалық калдықтарды биотехнологиялық қайта өңдеу, биокатализаторлар мен микробтық жасушаларды пайдалану арқылы биотазартудың жаңа технологиялары. Метантенктер, ашу процесінің сипаттамасы, протекающих в метантенках. Химиялық элементтерді бактериалық сілтісіздендіру, ерітінділерден металдардың биосорбциясы. Ағынды суларды аэробты және анаэробты тазарту тәсілдері. Биоремедиация және табиғи орталарды биологиялық тазарту.



  1. Биохимия

Аминқышқылдар. Ққұрамы, қасиеті, түрлері. Полипептидті тізбек. Пептидті байланыс, пайда болуы, қасиеті.

Ақуыздар. Жай және күрделі ақуыздар, құрылымы, мысалдары. Ақуыздардың кеңістік құрылымы, біріншілік, екіншілік, үшіншілік, төртіншілік құрылымы. Ферменттер, классификациясы, қасиеті.

Көмірсулар. Классификациясы, құрылымы, қасиеті, стереоизомерлер, қызметі. Моносахаридтер, олигосахаридтер, полисахаридтер, құрылымы, қасиеті, қызметі.

Липидтер. Классификациясы, құрылымы, қасиеті, триацилглицерлер, фосфолипидтер, қызметі.

Витаминдер. Түрлері, классификациясы, қызметі. Майда ерігіш және суда ерігіш витаминдер.

Нуклеин қышқылдары. ДНҚ, РНҚ. Құрылымы, қасиеті, қызметі. Нуклеотидтер, нуклеозидтер, азоттық негіздер. Репликация ДНҚ.




  1. Молекулалық биология

Ақуыздар. Ақуыздар компоненттері және химиялық байланысын байланыстырушылар. Ақуыз өлшемі мен пішіні. Ақуыз құрылымындағы домендер және олардың функционалдық ролі. Глобулярлық және фибриллярлық ақуыздар. Ақуыздарды бөліп алі және құрылымын зерттеу әдістері.

Нуклеин қышқылы: ДНҚ, РНҚ және олардың жалпы сипаттамасы. Нуклеин қышқылдарының құрылымы. Пуриндік және пиримидиндік негіздер. Көмірсу компоненттері. Нуклеозидтер. Нуклеотидтер. ДНҚ біріншілік құрылымы. Нуклеотидті құрылым, әртүрлі ағзалардағы ДНҚ спецификасының коэффициенті ДНҚның макромолекулалық (екіншілік) құрылымы.

РНҚ. Ақпараттық, рибосомалық және транспорттық РНҚ құрылымы және қасиеті. Нуклеин қышқылдарының химиялық деградациясы. РНҚның сілтілік гидролизі. Нуклеин қышқылының қышқылдық гидролиз. Нуклеин қышқылдарының сандық анықтаудың принциптері мен әдістері. Экзо- и эндонуклеазы. Рибозимдер. Нуклеотидтік құрылымның анықталуы.

ДНҚ секвенирлеуәдістері. Максама-Гильберта әдісі, Сэнгер әдісі. Химико-ферментативті ДНҚ синтезі.

Гендердің дифференциалды активтілігі жөнінде көрінісі. Біріншілік транскриптердің поцессингі. тРНҚ мен рРНҚ процессингі. Процессинг және эукариоттардағы МРНК жетілуі (кэпирование, полиаденилирование, сплайсинг). МРНҚ құрылымы. Экзондар мен интрондар. РНК-тәуелді ДНК-полимераза.

Ақуыз биосинтезі. Генетикалық ақпараттың трансляциясы. Прокариоттар мен эукариоттарда РНҚ құрылымының ерекшелігі. Ферменттер. Трансляцияға қатысатын ферменттер. Ақуыз биосинтезінің негізгі кезеңдері. активация, инициация, элонгация және терминация. Трансляция ингибиторлары. Генетический код.

Геном туралы жалпы сипаттама. Хромосомдық карталар. Эукариот геномдарының өлшемдері. Псевдогендер. Палиндромалар. Олардың ДНҚ құрылымында рөлі. ДНҚ компактизациясы. Хроматин құрылымы.Нуклеосома құрылымы. Хроматин ақуызының модификациясы (фосфорилеу, ацетилирлеу поли-АДФ-риболизирлеу және т.б.) олардың ДНҚ транскрипцияға және репликацияға әсері.


  1. «Общая и молекулярная генетика»

Тұқымқуалаушылықтың және дамудың цитологиялық негізі. Тұқымқуалауда ядро мен цитоплазманың алатын рөлі. Туқымқуалаушылықтың жасушалық механизмі.

Г. Мендель экспериментальды әдісінің ерекшелігі. Аллельді емес гендердің заңы. Дигибридті айқасу. Аллельді емес гендердің әрекеттесуі. Кооперация, комплементарлық, эпистаз, полимерия. Мутациялық өзгергіштік. Мутацияның негізгі түрлері және принциптері.

Генотиптік өзгергіштік. Фенотиптік өзгергіштік. Мутациялық өзгергіштік. Хромосомдық мутациялардың сипаттамасы. Геномдық мутациялар. Пайда болу себебі. Анеуплоидия.

Прокариот геномы. Прокариоттарда ДНҚ репликациясының молекулалық механизмы. Генетикалық рекомбинацияның түрлері. Жалпы (гомологичная) рекомбинация. Холлидей құрылымы. IS-элементі және бактериялар транспозондары.

Эукариот геномы. Эукариоттарда ДНҚ метилдену және оның биологиялық маңыздылығы. Транскрипция және механизмі . РНҚ процессингі.

Ақуыз биосинтезі. Трансляция процесінің жалпы заңдылығы. Трансляция аппаратының компоненттері, және олардың құрылымы мен қасиеті.



  1. «Микробиология»

Микроорганизмдер номенклатурасы; бактерия классификациясы кезіндегі негізгі принциптері. Иерархия және негізгі таксономикалық микроорганизмдер бірлігі.

Вирустар: құрылымы, морфологиясы, көбеюі және даму циклы; фитопатогенді вирустар, ажануарлар мен адам вирустары. Вирустардың микроорганизмдердің негізгі айырмашылығы. Вирустар классификациясы мен құрылымы. Вирион, құрылысы, рөлі. Жай және күрделі вирустар, құрылысы. Бактериофагтар, актинофагтар, микофагтар, цианофагтар; олардың құрылысы. Вирустың клеткамен әрекеттесуі.

Бактериялардың морфологиялық әртектілігі. Клетка пішіне қарай төрт топқа бөлінуі. Жгутиктер: құрылысы, орналасуы және маңыздылығы. Ішкі және сыртқы құрылымы.

Бактерия көбеюі. Спора түзуі. Өсуі және культивирленуі.

Бактерияның даму циклы.

Микроорганизмдер қоректенуі. Микроорганизмдер метаболизмі. Микроорганизмдер өміріндегі метаболитикалық реакцияларының алатын орны. Метаболизмнің негізгі кезеңдері және аэробты және анаэробты бактериялардың биохимиялық аппараты.

Микроорганизмдердің тынысалуы. Аэробты және анаэробты тынысалу: құрылымы, ферменттер, белгілі бір кезеңдерінде орын алатын. Микроорганизмдердің биогеохимиялық циклға қатысуы.

Микроорганизмердің негізгі ашу процесі.

Фотосинтез. Хемосинтез. Таксис және биолюминесценция. Фотосинтез негізгі түрі, бактерияның фотосинтетикалық аппаратының құрылысы. Хемосинтездейтін бактериялар.

Микроорганизмдер генетикасы. Микроағзалардың генетикалық аппараты, құрылымы, қызметі. Бактериялар мутациясы.Трансформация, конъюгация және трансдукция. Жыныстық фактор F және Hf жасушалары. Плазмидалар және құрылымы. Транспозондар.


Микроорганизмдер және қоршаған орта. Микроорганизмдердің тіршілік ортасы. Абиотикалық факторлар.Биотикалық факторлар немесе микроорганизмдер өзара әрекеттестігі.



Әдебиеттер тізімі


  1. Шлегель Г. Общая микробиология. М., 1987 . 567 с.

  2. Мишустин Е.М., Емцев Е.Т. Микробиология. М., 1987, 391 с.

  3. Гусев М. В. Микробиология. М. МГУ. 1992. 448 с.

  4. Стейниер Р., Эдельберг Э., Ингрем Д. Мир микробов. М. Мир . 1979.

  5. Мукашева Т.Д. Практические занятия по микробиологии. Алматы: Изд-во КазГУ, 1991.

6.Бекер М. Е. Введение в биотехнологию. М., 1987, 231 с.

7. Лурия С. и др. Общая вирусология. М., 1981, 680 с.



  1. Лениннжер А. Основы биохимии. Москва «Мир», 1985

  2. Мецлер Д. Биохимия. Москва «Мир», 1980

  3. Николаев А.Я. Биологическая химия. Москва, Высшая школа, 1989

  4. Сеитов З.С. Биохимия. Алматы «Гылым», 2000

  5. Тютавкина Н.А., Бауков Ш.И. Биоорганическая химия. -М: Медицина, 1985

  6. Березов Т.Т., Коровкина Б.Ф. Биологическая химия. -М: Медицина, 1982

  7. Зенгбуш П. Молекулярная и клеточная биология в 3-х томах. Москва «Мир», 1982

  8. Остерман Л.А. Хроматографические методы исследования белков и нуклеиновых кислот. М. 1986г.

  9. Спирин А.С. Структура и биосинтез нуклеиновых кислот.- М.: Высшая школа. 1999.

  10. Спирин А.С. Структура рибосом и биосинтез белка.- М.: Высшая школа. 1996.

  11. Уотсон Дж. Молекулярная биология гена. М.: Мир, 1978.

  12. Степанов В.М. Молекулярная биология. Структура и функции белков.- М.: Высшая школа. 1996.

  13. Айала Ф., Кайгер Дж. Современная генетика: В 3-х т. Пер. с англ.: – М.: Мир, 1988.

  14. Глик А., Пастернак Е. Молекулярная биотехнология. М. Из-во Мир. 2003.

  15. Методы анализа белков и нуклеиновых кислот. Методические разработки / Под редакцией Ю.Б. Филипповича, Г.А. Себастьяновой – ч.1, М.: Мир, 1980.

  16. Бейли Дж., Оллис Д. Основы биохимической инженерии. Пер. с англ. в 2-х частях - М., Мир, 1989.

  17. Биотехнология: Учебное пособие для вузов в 8-ми кн. - М.: Высшая школа, 1987.

  18. Кузнецов А.Е., Градова Н.Б. Научные основы экологической биотехнологии. - М. Мир, 2003.

  19. Промышленная микробиология / Под ред. Н.С. Егорова - М.: Высшая школа, 1989. –688 с.

  20. Экологическая биотехнология: пер. с англ./ Под ред. К.Ф.Форстера, Д.А.Дж. Вейза.- Л.: 1990.- 384 с

  21. Бутенко Р.Г. Культура клеток растений и биотехнология. М. : 1986, 127 с.

  22. Шевелуха В.С. Сельскохозяйственная биотехнология. - М., Высш. шк. - 2003 г. - 472 с. 5. Муромцев Г.С., Бутенко Р.Г., Тихоненко Т.И., Прокофьев М.И. Основы сельскохозяйственной биотехнологии.- М. - Наука,1999. -384с.

  23. Бутенко Р.Г., Гусев М.В., Киркин А.Ф. Биотехнология. Клеточная инженерия. М.: 1987г.

  24. Эрнст Л.К. Трансплантация эмбрионов сельско-хозяйственных животных. М., 1989.

  25. Завертяев Б.П.. Биотехнология в воспроизводстве и селекции крупного рогатого скота. Л., Агропромиздат,1989, с. 1-255.

  26. Джамалова Г.А. Практикум по биотехнологии животных, Алматы, 2004.

  27. Лесова Ж.Т.Микробиологические основы пищевых и биотехнологических производств (учебное пособие), Алматы, 2009, 83

Бағдарламаны өңдеген:

Турпанова Р.М., к.б.н., доцент

Бағдарлама «Биотехнология и микробиология» кафедрасының отырысында талқыланды және ұсынылды

«­­­___» маусым 2016 ж. № ____хаттама
Кафедра меңгерушісі, б.ғ.к.,PhD ______________Р.Т. Омаров

Мемлекеттік (кешенді) емтихан бағдарламасына

өзгерістер мен толықтырулар парағы
_________________________________________ мамандығы бойынша

шифры және мамандықтың толық атауы

20__ - 20__ оқу жылына арналған

Бағдарламаға келесі өзгерістер енгізіледі*:

1 ___________________________________________________________

2 ___________________________________________________________

3 ___________________________________________________________


Бағдарлама кафедра отырысында қаралды және мақұлданды ______________________________________________________________.

(кафедра атауы)


« ____» ______________ 20___ж., хаттама № ______________
Кафедра меңгерушісі ___________ ____________ «____» ________20__ж.

(қолы) (Т.А.Ә.)





Келісілді:

Кафедра

Кафедра меңгерушісінің Т.А.Ә.

Қолы

Келісілген күні

























Факультет деканы ______________ ___________ «____» ________20__ж.

(қолы) (Т.А.Ә.)



* - Өзгеріс енгізілетін бағдарлама бөлімінің атауын (құрылымдық элемент) және нөмірін көрсету керек. Егер өзерістер мен толықтырулар енгізілмесе, «Бағдарлама кафедра отырысында қаралып еш өзгеріссіз мақұлданды» деген жазба болу керек.

ЕҰУ Ф 703-11-15. Мемлекеттік емтихан бағдарламасы. Екінші басылым.




Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет