БАҒдарламасы 6D050300 психология докторантура СҰРАҚтар тізімі «Психологияның теориялық-әдіснамалық негіздері»\ пән



Дата24.10.2018
өлшемі115.17 Kb.
түріБағдарламасы


Мамандық бойынша қабылдау емтиханының

БАҒДАРЛАМАСЫ
6D050300 – ПСИХОЛОГИЯ
Докторантура
СҰРАҚТАР ТІЗІМІ
«Психологияның теориялық-әдіснамалық негіздері»\ пән
Психологиядағы әдістемелер, әдістер, әдіснама

Ғылыми танымның әдіснамасы. Психологиялық ғылымның пәнін анықтаудағы қиындықтар. Психологиялық феноменология. Психологиялық феноменология. Психологиялық ғылымдағы «іс-әрекет» категориясы.

Ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны. Психология және жаратылыстану. Психология және қоғамдық ғылымдар. Психология және техникалық ғылымдар. Психологияның негізгі және басқа да салалары. Психологияның салалары жүйе ретінде.

Психологияның түсіндірмелік принциптері. Өзара әрекеттесу, детерминизм, тұтастық, белсенділік, субъектілік, реконструкция принциптері. Психология ғылымы әлеуметтік институт ретінде. Психологиядағы ғылыми-жаратылыстану және гуманитарлық стратегиялары. Психологиялық зерттеулердің екі стратегиясын біріктіру мүмкіндігі.

Психологияның әдістері. Психологиялық зерттеудің пәнін анықтау. Эксперименттік-реконструктивтік әдіс және психологиялық зерттеудің әдістемелері. Психология әдісінің жалпы-ғылыми сипаты тжәне оның пәнінің ерекшеліктері. Нақты психологиялық әдістердің мүмкін болатын жіктеулері. Бақылаудың түрлері, психологиялық эксперимент, психология ғылымы мен практикасындағы басқа да әдістер және оларды өлшеу.

Психологиядағы әдіснамалық парадигмалардың даму тарихы

Ғылыми-психологиялық білімдердің даму кезеңдері. Басқа ғылыми пәндердің аясында психологиялық білімдердің қалыптасу кезеңі. Діни жүйе мен ритуалдар арасындағы жан туралы түсініктердің дамуы. Жан туралы ілім. «Жан» түсінігі философия мен психологиядағы ғылыми жалпылау ретінде. Демокрит пен Платонныың психологиясындағы жан туралы ілімдері. Аристотель шығармаларындағы жан мәселелері. Тәжірибе мен сана туралы ілім. Сана туралы ғылым ретінде психологияның көрінуінің алғышарттары. Р.Декарттың сананы түсіндіру жолы. Дж. Локк бойынша рефлекция сананы зертету әдісі ретінде. Парадигмалық кезеңге дейінгі психологиялық білімдердің қалыптасуының жалпы сипаттамасы.

Психология жеке ғылыми пән ретінде (ХІХ ғ. 66 жж. – қазіргі уақыт). Алғашқы парадигмалардың қалыптасу сатылары. Психологияның дағдарыстары. Психологияның қазіргі жағдайы. Психология ғылымдарының дамуындағы негізгі бағытар.

Структурализм

Сананың эмпирикалық психологиясының пәні мен әдісі. В.Вундттың психологияны жеке ғылым ретінде құру бағдарламасы. Ассоциаиция сананың жұмыс жасау механизмі ретінде. Апперцепция түсінігі. Титченердің структурализмі интроспективті психологияның нұсқасы ретінде. «Аналитикалық интроспекция» және «стимулдың қателігі» әдістері. Вюрцбург мектебіндегі «жүйелік интроспекция» әдісі және ойлау процестерін зерттеу.



Функционализм

Ф.Брентаноның психологияны жеке ғылым ретінде құру бағдарламасы. Брентано Вундтқа қарсы: психологияны жеке ғылым ретінде құрудағы альтернативті бағдарламасы. Ф.Брентано бойынша сананың «интенция» түсінігі.

Функционализм и структурализм. Еуропалық және американдық психологиядағы функционализмнің пайда болуы. К.Штумпф – сананың интеллектік және эмотивті функциялары. У.Джемс – сананың ағынын зерттеуі. Д.Дьюи, Д.Энджелл – функционалды психология. В.К.Шабельников – психика функционалды жүйе ретінде

Сананың классикалық эмпирикалық психологиясының жоғалу себептері. Психологиядағы дағдарыс мәселесі.



Гештальт–психологиядағы парадигма

Психологиядағы элементаризм принципін сынау және тұтастық мәселесі. Гештальпсихологиядағы тұтастық бағыт. «Гештальт» түсінігі. Гештальпсихологиядағы «феноменологиялық өзіндік бақылау» әдісі. Германиядағы басқа психологиялық мектептердегі тұтастық бағыты. М.Вертгеймер еңбектеріндегі шығармашылық ойлауды зерттеу. Гештальпсихологиядағы объективтілікті түсінудің классикалық емес мәселесі. К.Левин мектебіндегі тұтастық мәселесінің жасалуы. «Зейгарник эффективтісі» және квази-қажеттіліктер мәселесі. Т.Дембоның фрустрацияны зерттеуі және «өрістік» мінез-құлқы» мәселесі.



Психоанализдегі парадигма

Психоанализдің пайда болуы. З.Фрейд бойынша бейсаналықты зерттеу әдістері. З.Фрейд бойынша психикалық өмірдің құрылымы. Психоанализдегі әуестену түсінігі. К.Юнгтің аналитикалық психологиясы. А.Адлердің даралық психологиясы. К.Хорни жұмыстарындағы «Мен» бейнесі. Э.Фром бойынша «бостандықтан қашу». Г.Салливен еңбектеріндегі тұлғааралық қатынастар. Э.Эриксонның Эго-психологиясы.

Д.Н.Узнадзенің психологиялық мектебіндегі ішкі бағдар және бейсаналық. Психологиядағы бейсаналық құбылыстардың мүмкін боларлық жіктелуі.

Қазіргі заманғы психологиядағы жүйелік бағыттың өзектілігі

Қазіргі психологиядағы жүйелік бағыт. Психологиядағы жүйелік бағыттың ерекшеліктері. Психиканың жүйелік сипаты. Қазіргі психологиядағы негізгі тенденциялар, көпжақтылық және жүйелік бағыт. Психологиялық зерттеудің қазіргі әдіснамалардың ерекшеліктері және оның жүйелік бағытпен байланысы. Жүйелік бағыттың қазіргі жағдайларындағы негізгі мүмкнідіктері мен келешегі. Психологиялық ғылымның қазіргі технологияларының арсеналы. Жүйелердің маңызды жіктеулері. Жүйелік бағыттың әртүрлілігі: кешенділік, құрылымдық, бүтіндік. Жүйелік бағыттың мәні мен мүмкіндіктері.



Отандық және шетелдік психологиядағы жүйелік бағыттың дамуы.

Отандық психологиядағы жүйелік бағыттың дамуы. Жүйелік бағыттың әдістемелік негіздері. Жүйелік бағыттың мәні. Психологиядағы жүйелік бағыттың мәні. Психологиядағы жүйелік бағыттың мақсаты. Жүйелік бағыттың деңгейлері.

Психологиядағы жүйелік бағытты қолданудағы әдіснамалық негіздер (Б.Г.Ананьев, Б.Ф.Ломов, А.В.Петровский, М.Г.Ярошевский). Психологиядағы жүйелік бағыт (В.А.Ганзен):

Шетелдік психологиядағы жүйелік бағыттың дамуы. Отандық және шетелдіу психологиядағы жүйелік бағыттың даму тарихы. Психологиядағы жүйелік принциптердің жаңа нұсқалары.



Жүйелік базис түсінігі

Жүйелік базис түсінігі. Психологиядағы жүйелік принцип. Ғылыми білімдегі жүйелік түсінігі. Психологиядағы жүйелік принциптің пайда болуы мен дамуы, психологиялық ғылым үшін бұл принциптің мәнін анықтау. Психология ғылымының пәнін жүйелік принцип негізінде құру. Психикалық құбылыстарды танудың жүйелік әдістерін жасау принциптері. Жүйе ретінде психикалықтың өмір сүру тәсілі. Жүйелік бағыттың абстрактілі-аналитикалық саласы. Жүйелік бағыттың деңгейлері. Жүйелік суреттеу функциялары. Жүйелік әдіснама.



Индивид және тұлға ретіндегі адамның кіші құрылымы

Адам индивид ретінде. Нейродинамикалық, конституциялық, жас ерекшелік және жыныстық сипаттамалар. Индивид – уақыт бойынша ақпарат беруді сақтайтын түрдің жүйесіндегі аз бірлік ретінде. Түр жүйесіндегі адамның негізгі қатынастары – ата-ана мен бала арасындағы қатынас, ата-бабасы мен ұрпақтардың қатынасы.

Жеке даралық және тұлға адами сипаттамалар ретінде. Тұлға қоғам жүйесіндегі аз бірлік ретінде. Адам тұлға ретінде және әр түрлі әлеуметтік бірліктер мен басқа адамдармен өзекті қатынастары. Физикалық және әлеуметтік кеңістіктің әр түрлі аймақтарындағы тұлғаны оқшаулау. Екі компонентті бөлу: төменгі және жоғарғы психикалық функциялар, интеллектінің мінез-құлықтық және гностикалық компоненттері, тұлғаның әр түрлі жақтары, тенденциялар мен потенциалар. MMPI тұлғалық сұрақнамасын жүйелік талдау. А.Ф.Лазурскийдің тұлғаны зерттеу бағдарламасы. К.К.Платоновтың тұлға картасы, Кеттелдің стандартты сауалнамалары, MMPI және т.б. Адамды тұлға және жеке даралық ретінде жүйелі бейнелеу.

Іс-әреет субъектісі ретіндегі адамның кіші құрылымы

Субъект – әрекет етуші және әсерді басынан кешіруші ретінде, танушы және танылатын адам, белсенді таным иесі. Психология объектісі – көптеген субъектілер, психология пәні – көрсетілген қатынастар. Әлеуметтік индивид және субъект жеке даралық ретінде. Психиканы «адам-орта» жүйесінің кіші жүйесі ретінде қарастыру. Жеке кіші жүйелер немесе психиканың сипаттамалары. Психиканың жүйелік сипаты. Психиканы зерттеудегі субъективтілік бағыт. (Б.Г.Ананьев, С.Л.Рубинштейн, К.А.Абульханова-Славская, а.В.Брушлинский).



Индивидуалдылық ретіндегі адамның ішкі құрылымы

Жеке-даралықты жүйелік бейнелеу. «Жеке-даралық» түсінігінің мазмұны: жалпы, ерекше, жалқы. Жеке-даралықтағы жалпылық және оның негізгі макросипаттамалары: өмірлік жол, әлеуметтік тәжірибе, дара ерекшеліктер және іс-әрекет нәтижелілігі. Қайталанбау – біріктіру факторы ретінде: өмірлік жол, әлеуметтік тәжірибе, жеке-дара ерекшелік және іс-әрекет нәтижесі. Жеке-даралық түсінігі және тұлға түсінігі. Адам жеке даралық ретінде, жеке-дара тарих, жеке дара тәжірибе.



Қазіргі теориялық әдіснамалдық бағыттарды ғылыми-зерттеу әрекетінде қолдану

Жүйелік зерттеулердің міндеттері. Жүйелік зерттеу: объектіні таңдау және жүйелік бағыт терминдерінде міндеттерді тұжырымдау. Нақты зерттеу объектісін таңдап алу, адамды оқшауланған кіші жүйе ретінде ұйымдастыру. Объектіні жүйелік суреттеу үшін алынатын қажетті шарттар.



Жүйелендіру объектілері: бір адамды немесе адамдардың кейбір таңдауларына жататаны мәліметтердің көптігі. «Адам-орта» реалды динамикалық жүйелері. Адамның тәні және оның кіші жүйелері, топтар мен ұжымдардағы психикалық процестер мен адамның күйі, іс-әрекеті, динамикалық жүйелері. Динамикалық жүйелерді суреттеру әдістері. Тұтастық идеясын психологиялық зерттеулердің әртүрлі аспектіде қолдану. Тұтастық және гармониялық түсініктері. Әртүрлі типтерде ақпараттық модельдердің үйлесуі: локальды және жаһандық модельді тиімді басқару ретінде.

Емтихан сұрақтары


  1. Психология ғылымының пәні, салалары мен міндеттері. Психологиялық білімнің ерекшелігі.

  2. Психологияның пәнаралық байланысы. Психологияның теориялық және қолданбалы міндеттерінің өзара байланысы.

  3. Психологиялық феноменология (түрлі мектептерде психологтар үйрететін феномендер).

  4. Психология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері.

  5. Қазіргі психология ғылымының негізгі мектептері мен бағыттарына сипаттама.

  6. Психологиядағы әдіснамалық парадигмалардың даму тарихы.

  7. Психология әдістері. Психология әдістерінің жіктелуі. Сапалық және сандық әдістер.

  8. Психология әдістерінің жалпы ғылыми сипаттамасы және пәнінің ерекшелігі.

  9. Ғылыми-психологиялық даму кезеңдері. Психологиялық білімнің басқа ғылыми пәндер шеңберінде қалыптасу кезеңі.

  10. Практикалық психологияның негізгі бағыттары. Психологиялық білімді практикалық қабылдану сферасы.

  11. Ғылымдағы әдіснамалық парадигмалар түсінігі.

  12. Психологиядағы әдіснамалық парадигмалар түсінігі.

  13. Структурализм парадигмасы және қазіргі психологиялық практика.

  14. Индивид – уақыт бойынша ақпарат беруді сақтайтын түрдің жүйесіндегі аз бірлік ретінде.

  15. Тұлғаны зерттеудегі жүйелік бағыт.

  16. Іс-әрекет субъектісі ретінде адамды зерттеудегі жүйелік бағыт.

  17. «Адам-орта» - шынайы және динамикалық жүйелер.

  18. Психологиядағы жүйелік бағыт (В.А.Ганзен).

  19. Әлеуметтік кеңістіктегі адам тұлға ретінде.

  20. Сананың классикалық эмпирикалық психологиясының жоғалу себептері.

  21. Германия психологиялық мектептеріндегі тұтастық бағыты.

  22. Гештальтпсихологиядағы объективтілікті түсінудің классикалық емес мәселесі.

  23. Психологиялық зерттеудегі қазіргі әдіснамалардың ерекшеліктері және оның жүйелік бағытпен байланысы.

  24. Отандық және шетелдік психологиядағы жүйелік бағыттың даму келешегі.

  25. Психологиядағы жүйелік ұстанымның жаңа нұсқалары.

  26. Психологиядағы жүйелік принциптің пайда болуы мен дамуы, психологиялық ғылым үшін бұл принциптің мәнін анықтау.

  27. Психикалық құбылыстарды танудың жүйелік әдістерін жасау принциптері.

  28. Физикалық және әлеуметтік кеңістіктің әр түрлі аймақтарындағы тұлғаны оқшаулау.

  29. Жеке-даралықтағы жалпылық және оның негізгі макросипаттамалары: өмірлік жол, әлеуметтік тәжірибе, дара ерекшеліктер және іс-әрекет нәтижелілігі.

  30. Объектіні жүйелік суреттеу үшін алынатын қажетті шарттар.

  31. Тұтастық идеясын психологиялық зерттеулердің әртүрлі аспектіде қолдану.

  32. Әлеуметтік индивид және субъект жеке даралық ретінде.

  33. Адам жеке даралық ретінде, жеке-дара тарих, жеке дара тәжірибе.

  34. Жүйелік бағыт және экзистенциальды психология.

  35. Жеке-даралықтың жүйелік сипатталуы.

  36. Қазіргі теориялық-әдіснамалық бағыттарды ғылыми-зерттеу әрекетінде қолданылуы.

  37. Қазақстандық педагогикалық психологияның дамуындағы әдіснамалық бағыттар.

  38. Индивидуалдылық ретіндегі адамның ішкі құрылымы.

  39. Сананың эмпирикалық психологиясының пәні мен әдісі. В.Вундттың психологияны жеке ғылым ретінде құру бағдарламасы. Ассоциаиция сананың жұмыс жасау механизмі ретінде. Апперцепция түсінігі.

  40. Титченердің структурализмі интроспективті психологияның нұсқасы ретінде.

  41. Вюрцбург мектебіндегі «жүйелік интроспекция» әдісі және ойлау процестерін зерттеу.

  42. Брентано Вундтқа қарсы: психологияны жеке ғылым ретінде құрудағы альтернативті бағдарламасы. Ф.Брентано бойынша сананың «интенция» түсінігі.

  43. Еуропалық және американдық психологиядағы функционализмнің пайда болуы.

  44. К.Штумпф – сананың интеллектік және эмотивті функциялары.

  45. У.Джемс – сананың ағынын зерттеуі.

  46. Гештальт–психологиядағы парадигма.

  47. М.Вертгеймер еңбектеріндегі шығармашылық ойлауды зерттеу

  48. К.Левин мектебіндегі тұтастық мәселесінің жасалуы. «Зейгарник эффективтісі» және квази-қажеттіліктер мәселесі.

  49. Т.Дембоның фрустрацияны зерттеуі және «өрістік» мінез-құлқы» мәселесі.

  50. З.Фрейд бойынша психикалық өмірдің құрылымы. Психоанализдегі әуестену түсінігі.

  51. К.Юнгтің аналитикалық психологиясы.

  52. А.Адлердің даралық психологиясы.

  53. К.Хорни жұмыстарындағы «Мен» бейнесі.

  54. Э.Фром бойынша «бостандықтан қашу».

  55. Г.Салливен еңбектеріндегі тұлғааралық қатынастар.

  56. Э.Эриксонның Эго-психологиясы.

  57. Д.Н.Узнадзенің психологиялық мектебіндегі ішкі бағдар және бейсаналық.

  58. Қазіргі заманғы психологиядағы жүйелік бағыттың өзектілігі. Жүйелік бағыттың әртүрлілігі: кешенділік, құрылымдық, бүтіндік. Жүйелік бағыттың мәні мен мүмкіндіктері.

  59. Отандық және шетелдік психологиядағы жүйелік бағыттың дамуы.

  60. Отандық психологиядағы жүйелік бағыттың дамуы. Жүйелік бағыттың әдістемелік негіздері. Жүйелік бағыттың мәні. Психологиядағы жүйелік бағыттың мәні. Психологиядағы жүйелік бағыттың мақсаты. Жүйелік бағыттың деңгейлері.

  61. Психологиядағы жүйелік бағытты қолданудағы әдіснамалық негіздер (Б.Г.Ананьев, Б.Ф.Ломов, А.В.Петровский, М.Г.Ярошевский).

  62. Психологиядағы жүйелік бағыт (В.А.Ганзен).

  63. Адам индивид ретінде. Нейродинамикалық, конституциялық, жас ерекшелік және жыныстық сипаттамалар.

  64. MMPI тұлғалық сұрақнамасын жүйелік талдау. А.Ф.Лазурскийдің тұлғаны зерттеу бағдарламасы. К.К.Платоновтың тұлға картасы, Кеттелдің стандартты сауалнамалары, MMPI және т.б.

  65. Қайталанбау – біріктіру факторы ретінде: өмірлік жол, әлеуметтік тәжірибе, жеке-дара ерекшелік және іс-әрекет нәтижесі.

  66. Қазіргі теориялық әдіснамалдық бағыттарды ғылыми-зерттеу әрекетінде қолдану

  67. Жүйелік зерттеулердің міндеттері.

  68. Қазіргі практикалық психологиядағы теориялық-әдіснамалық бағытты қолдану (профилактика, диагностика, кеңес беру, экспертиза, т.б.)

  69. Жүйелендіру объектілері: бір адамды немесе адамдардың кейбір таңдауларына жататаны мәліметтердің көптігі.

  70. Әртүрлі типтерде ақпараттық модельдердің үйлесуі: локальды және жаһандық модельді тиімді басқару ретінде.



Әдебиеттер


  1. Ананьев Б.Г. О проблемах современного человекознания. – СПб.: Питер, 2000. – 360 с.

  2. Жарикбаев К.Б. Психологическая наука Казахстана в ХХ веке.- Алматы: Эверо, 2006. 425 с.

  3. Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности. – Алматы: Изд.-во КазНУ, 2008. – 198с.

  4. Ким А.М. Системный подход в современной психологии // Методологические проблемы общей психологии.Учебное пособие. – Алматы: изд-во КазНУ, 2003. – С.3 – 22.

  5. Шабельников В.К. Функциональная психология. Формирование психологических систем. – М.: Академический проект, 2013. – 590с.

  6. Материалы 31-го международного конгресса психологов. Йокогама, Япония, 2016. Эл.Издание. (на англ.яз.)

  7. Бердібаева С.Қ. Таным субъектісі: танымдық процестер психологиясы. – А.: Қазақ университеті, 2008. – 77 б.

  8. Материалы 30-го межд.психол.конгресса, Кейптаун, 2013 (на англ.яз.). Эл.книга

  9. Солсо Р., Маклин К. Экспериментальная психология. Планирование, проведение. Анализ 75 уникальных экспериментов. 8-е доп., перер.издание. – СПб.: Прайм-Еврознак, 2006. – 480 с.

Әзірленген




«Психология» кафедрасының меңгерушісі

________

психол.ғ.к., доцент

Касымжанова А.А.



Келісілген










Гуманитарлы-заң факультетінің деканы

_________


з.ғ.д., профессор



Сулейменова С.Ж.





Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет