Бадамша селолық округі әкімінің 2016 жылдың 12 айы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2017 жылға алынған міндеттер туралы есеб І



Дата16.07.2017
өлшемі169.1 Kb.
Бадамша селолық округі әкімінің 2016 жылдың 12 айы бойынша

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және

2017 жылға алынған міндеттер туралы

Е С Е Б І
Бадамша ауылы 27 қаңтар 2016 жыл
Құрметті ауыл тұрғындары!

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 санды «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, ауылдық округ әкімдері жыл сайын халық алдында есеп беретін болады.

Бүгін мінекей, жоғарыда көрсетілген жарлықты орындау мақсатында, Сіз бен Біз Бадамша ауылының 2016 жылдың 12 айы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2017 жылға арналған міндеттері туралы есепті тыңдауға жиналып отырмыз.

Бүгінгі кездесуге:

Аудан әкімі Сыдықов Рахат Мәжитұлы, аудан әкімінің орынбасары Блиев Ерлан Асқарұлы аудандық мәслихат депутаттары, бөлім және мекеме басшылары, кәсіпкерлер қауымы мен ауыл тұрғындары қатысып отыр.

Ендігі кезекте, Сіздердің алдарыңызда өткенге есеп беріп, келешекте орындалар шараларға тоқталуға рұқсат етіңіздер.


Әлеуметтік-экономикалық мәселелер
2016 жылдың қорытындысы негізінде Бадамша ауылы бойынша

Мемлекеттің қолдауысыз әр түрлі саладағы ұйымдар мен мемлекетік мекемелерге барлығы 109 адам жұмысқа орналасты.

Сонымен қатар, жастар практикасы арқылы 33 адам жұмысқа бағытталды.

Селолық округтегі экономикалық белсенді тұрғындардың саны 2866 адамды құрайды. Жыл басынан бері 57 адам қоғамдық жұмысқа және 75 адам әр түрлі әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды.

Мүгедектерді оңалту бағдарламасын іске асыруда атқарылып жатқан іс-шаралар да бір шама. Бадамша ауылында жалпы мүгедектердің саны 234 адамды құрайды. Оның ішінде 1 топтағы мүгедектер саны 18 адам, 2 топтағы 72 адам, 3 топтағы 64 адам, 16 жасқа дейінгі мүгедектер 14 адам және басқа топтағы мүгедектер 50 адам. Осы аталған мүгедектерді медициналық оңалту бойынша санаториялық курорттық сауықтыру орталығына 10 адам жіберілді. Емделу үшін жұмсалған қаражат көлемі 850,0 мың теңгені құрады.

Сондай-ақ, мүгедектерді көмекші құралдармен, протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етіліп отырады. Атап айтсақ, 8 мүгедек кресло-арбамен қамтамасыз етілсе, 1 мүгедек сурдотехникалық құралдармен (соқырларға арналған сағат, компьютер жиынтығы, дауыс аппараттары, телефон аппараты) қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, 5 мүгедекке тифлотехникалық құралдар және 25 мүгедекке міндетті гигиеналық құралдар (памперстер мен нәжі қабылдағыштар) сатып алынды.

Көліктік және рекрециялық объектілерге қол жеткізу үшін, мүгедектерге арналып 4 пандус 400,0 мың теңгеге салынды.

Мүгедектерді жұмыспен қамту деңгейін арттыруға да ден қойылуда. Мысалға алатын болсақ 3 пайыз квотамен 12 мүгедек жұмысқа орналастырылды. 1 мүгедек кәсібі бойынша қайта даярлауға оқуға жіберілді.

Үйден тәрбиелеу және оқыту үшін 2 мүгедек балаға 16,9 мың теңге көлемінде қаражат жұмсалды.

Және де, 32 жеке кәсіпкелер мен ұйымдардың қаражаты есебінен 727,6 мың теңгеге 61 мүгедектерге қайырымдылық көмектер көрсетілді.

Сондай-ақ, Бадамша ауылдық округі аппаратында жұмыс істейтін 6 әлеуметтік жұмысшылар бар. Олардың біреуі 1-ден 18 жас аралығындағы 4 мүгедек балаларға әлеуметтік қызмет көрсетсе, қалған 5 әлеуметтік жұмысшылар 43 адамды құрайтын зейнеткер жасындағы тұлғалар мен мүгедектерге қызмет көрсетіп отырады.
2017 жылға арналған міндеттер:


  • Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының қаражаттары есебінен орта және шағын бизнес субъектілері көрсететін қызмет түрін көбейту;

  • Орта және шағын бизнес субъектілерін дамыту арқылы жұмыс орындарын құру.


Кәсіпкерлік, салық, ауыл шаруашылығы мәселесі!
Мемлекетіміздің саясатының басым бағытының бірі орта және шағын бизнесті дамыту болып табылады. Өйткені, кәсіпкерлік саласы бәсекелестік ортаны құруға және қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. 2016 жылдың қорытындысы бойынша Бадамша ауылдық округіндегі орта және шағын бизнес субъектілерінің саны 340 бірлік, соның ішінде кәсіпкерлік салада 1247 адам жұмыс жасайды. Округте 47 дүкен, 8 кафе, 1 базар, 64 такси, 1 монша, 2 тігін тігу қызметі, 2 сурет салоны, 2 жихаз жасау салоны, 6 шаштараз, 3 дәріхана, 1 жанар-жағар май стансасы, 1 аяқ киім жөндеу пункті, 3 автокөлік доғалағын жөндеу сервисі, 2 нотариус, 1 халыққа салт туралы қызмет (ритуальные услуги),

1 СТО және басқада 60 қызметтер бар.

2016 жылы Бадамша ауылдық округінде 23 адам 47 млн 800 мың теңгеге несие алды. Аталған 23 адам жеке шаруашылықты дамытуға, халыққа қызмет көрсету бағытында несие рәсімдеді. Олар мынадай бағдарламалар: «Кәсіпкер» ,«Жұмыспен қамту-2020»,«Занятость -2020»

Жыл басынан бері 1 әлеуметтік дүкен, 1 жаңа бизнес субъектілері ашылғандығын айта кетуге болады.

Бадамша ауылындағы салық төлеушілердің саны 2624 адам. Есепті кезеңдегі жерге және мүлік бойынша есептелінген 26 250 745,5 млн теңге салықтың барлығы жинақталды. Яғни, салықтарды жинау көрсеткіші 100% орындалды.

Бадамша ауылдық округінің аумағындажалпы саны 11 шаруа қожалық тіркелген. Аталған шаруа қожалықтарының 5-і жалпы көлемі 748 гектарға бидай егіп, 443 тонна өнім жинады. Сонымен қатар, «Көктем» шаруа қожалығы 144 гектарға арпа егіп, 91 тонна өнім жинады Бүгінгі таңға егін ору науқаны округ бойынша толықтай аяқталып, тыс қалғандар болған жоқ.

Округте барлығы 805 бас ірі қара, 662 қой-ешкі, 53 бас жылқы, 156 бас шошқа және 4853жуық құс тіркелген.

Есепті кезеңде жер мәселесі бойынша 101 жеке және 10 заңды тұлғалардан барлығы 111 өтініш келіп түсті.

Келіп түскен өтініштердің 70 өтініші – жер телімдеріне жеке меншік құқықтарын бекіту және жалға берілген болса, 20 өтініші – тұрғын үй салу, гараж құрылыстарын салу мен қосалқы шаруашылық жүргізу және 11 өтініші – тұрғын үй салуға алған жер телімдерінен бас тарту туралы болды. Түскен өтініштердің 84 қанағаттандырылды.
2017 жылға арналған міндеттер:


  • Осы күнге дейінгі берілген жер телімдерінің тағайындалуы бойынша қолданылмағандарын заңға сәйкес қайтару;


Құрылыс шаруашылығы:
Қарғалы ауданы Бадамша ауылында 2016 жылы сыртқы инженерлік – коммуникациялық желісі қосылған 2 қабатты 8 пәтерлі жалдамалы коммуналдық тұрғын үйі пайдалануға берілді.Сонымен қатар, бос тұрған жер учаскелеріне ауыл тұрғындары жеке тұрғын-үйлерді салуда. Жыл басынан бері Бадамша ауылдық округінде жалпы көлемі 1000 кв.м құрайтын 13 жеке тұрғын-үйлер салынды.

Сонымен қатар, мердігер мекемелермен Бадамша ауылында обьектілер салу үшін жобалық-сметалық құжаттар жасалуда. Олар мынадай обьектілер: Бадамша ауылындағы саябақта спорттық-сауықтыру кешенінің, балалар өнер мектебінің құрылысы. Конкурсты облыстық сәулет-құрылыс, архитектура басқармасы жариялады. Нәтижесінде конкурстың жеңімпазы «Актюбгражданпроект»ЖШС болды.



2017 жылға міндеттер:

  • Мемлекеттік-жеке серіктестік бағдарламасы аясында Бадамша ауылында 50 орынды бала-бақшаның құрылысы жоспарлануда. Құрылыс Бадамша ауылындағы Пацаев көшесінің №15 тұрғын-үйінің аумағында орындалады. Бүгінгі таңда барлық келісімдер алынып, болашақ бала-бақшаның жобасы дайындалуда. Құрылыс 2017 жылға жоспарланды.


Қарғалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бойынша:

-

Бадамша ауылының 5 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 80,6 млн. тенге игерілді. Сонымен қатар Бадамша селосының 8 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын 2016-2017 жылдары жүргізуге «АССАНА-Дорстрой» ЖШС мердігер мекемесімен 2 жыл мерзімге келісім-шарт жасалды. Аудандық бюджеттен бөлінген 32,0 млн. теңгеге Пацаев көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жобаның жалпы құны 288,0 млн. теңге. 2016-2017 жылдары жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы есебінен Бадамша ауылы көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына ЖШС «РегионСтройПроект» мекемесімен ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Бадамша ауылының Пацаев, Әйтеке би, Әбілқайыр хан көшелерін жарықтандыру және Әлімбет ауылының Қазақстан көшесін замануи, энергияүнемді жарықшамдарды орнату арқылы жарықтандыруға жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде. «Бадамша ауылындағы қолданыстағы жылу желісінің айналымын тұйықтап қосу құрылысы» жобасына ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті. Жобаға қаржы сұранысы ҚР Ұлттық экономика министрлігіне тапсырылды. Тұрғындарға үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында Бадамша ауылданында орналасқан тозығы жеткен 4 трансформатор қондырғылары толықтай ауыстырылды.



2017 жылға арналған міндеттер:

  • Бадамша ауылындағы қолданыстағы жылу желісінің айналымын тұйықтап қосу құрылысы жобасын 2017 жылы іске асыру мүмкіндігін қарастыру;


Жер қатынастары бойынша:
Бадамша ауылдық округінде-көлемі 4096 гектарды құрайтын 11 шаруа қожалығы мен жер аумағының жалпы көлемі 245932 гектарды құрайтын 22 заңды тұлға тіркеуде тұр.

Жеке тұрғын үй құрылысын салуға Бадамша ауылдық округінде -17 жер телімі бөлінді.

Ағымдағы жылы 11 жер пайдаланушыдан ауыл шаруашылығы маңызындағы жерді қайтару туралы өтініш келіп түсті.
2017 жылға арналған міндеттер:

-жер заңнамасының сақталуын қадағалау

-пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы маңызындағы және жеке тұрғын үй салу үшін жер телімдерін анықтау және оны мемлекет меншігіне қайтару.

Ауылды жарықтандыру, санитарлық тазалау, абаттандыру мен көгалдандыру және автомобиль жолын жөндеу.
2016 жылға көшелерді жарықтандыру үшін пайдаланылған электр қуатына 934300 мың теңге көлемінде қаражат жұмсалды.

Электр желілерінде қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу нәтижесінде, Сатпаев көшесіне жарықтандыру жұмыстарын жаңғырту мақсаты қойылып отыр.

Қоғамдық және стихиялық қоқыс тастайтын орынның санитарлық жағдайын ретке келтіру үшін 3033,1 мың теңге көлемінде қаражат жұмсалды. Сонымен қатар, қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған арнайы орынды және оған іргелес жатқан аумақты ұстауға 800,9 мың теңге жұмсалып, жеке кәсіпкер «Горбань Т.В.» тарапынан аталған қызметтер толық көлемде жүзеге асырылды.

2016 жылдың 01 сәуірінен бастап екі айлық сенбілік өткізіліп, барлығы 700 адам қатысты. Ауыл ішіндегі көшелерден 28 тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, ауыл ішіндегі иесіз нысандардың орнында жиналған қоқыстардың 80 тоннасы сыртқа шығарылды.

2016 жылдың 09 қыркүйегінен бастап екі айлық күзгі сенбілік өткізіліп, ауыл ішіндегі 28 көшеден 40 тонна қоқыс шығарылды.

Сонымен қатар, күн сайын қоғамдық жұмысқа келген жұмысшылармен орталық көшелер қоқыстардан тазартылып отырады. Селолық округ тарапынан жеке тұрғын үй секторындағы іргелес жатқан аймақтарды қоқыстардан тазарту қажет екендігі туралы барлығы хабарламалар мен ескертулер беріліп отырады.

Көшедегі қанғыбас иттерді жою мақсатында 166,1 мың теңгеге 83 бас ит арнайы дәрімен атылды.

Ауыл ішіндегі көшелерде 200-ге жуық қураған ағаштар кесілді.

Ауылды көгалдандыру үшін 117,6 мың теңгеге 1000 дана петунья гүлі сатып алынып, аудан әкімшілігі ғимараты алдындағы скверге отырғызылды. Сондай-ақ, 200 мың теңгеге 1086 дана қарағай, жиде, шие, алма, пирамидалды терек тал көшеттері отырғызылды.

Ауылда жалпы саны 47 көше бар. Олардың жалпы ұзындығы 30,13 км құрайды. Оның ішінде: қатты жабындымен жабылған жол ұзындығы 23,32 км. Жағдайына келер болсақ: 2,68 км жағдайы жақсы, 9,24 жағдайы қанағаттанарлық, 11,4 жағдайы нашар.

2016 жылда 5 көшеге (Жәнгелді, Қонаева, Молдағұлова, Пацаев, Цыбульчик) автомобиль жолдарына 80,6 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді Келешекте көп қабатты үйлердің аула жолдарын және көп қабатты үйлерге қатынау жолдарын жазғы, қысқы мезгілде қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Есепті жылы ауыл ішіндегі автомобиль жолдарын қыс мезгілінде ұстау және қардан тазарту үшін 799,0мың теңге бөлініп, ауылдағы барлық көшелер қардан тазарту жұмыстары жалғасуда.


2017 жылға арналған міндеттер:

  • Абаттандыру, көгалдандыру және санитариялық жұмыстарды жүргізу;

  • көп қабатты үйлердің аула жолдарын және көп қабатты үйлерге қатынау жолдарын жазғы, қысқы мезгілде қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу;


Білім беру
Білім беру бойынша біз үшін басымдылық ол мектеп және мектепке дейінгі білім беру жүйесін қолдау мен оны әрі қарай дамыту болып табылады. Ауылдық округте жаңа оқу жылында 828 оқушылар оқитын 2 орта мектеп қызмет атқарады. 2 мектеп бойынша балаларға білім беретін 192 ұстаз жұмыс жасайды. Мектептерде жаңа модификацияланған физика, химия, биология, интерактивті тақтасы бар және лингафонды мультимедиалық кабинеттермен жабдықталған. Оқушылардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында, ауылымыздағы 2 мектепте бейнебақылаумен жабдықталған.

Мектептерде бастауыш сыныптардағы оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, автобус көлігімен Бадамша-2 және Кемпірсай станциясындағы оқушыларды мектепке жеткізу және кейін алып кету мақсатында оқушыларды тасымалдауды. Білім беру жүйесінің алдында қойылған міндеттердің бірі ұлттық біріңғай тестілеудің нәтижесін жақсарту. 2016 жылы 2 мектеп бойынша 42 оқушы орта білімін аяқтап, оның ішінде 40 оқушы ұлттық біріңғай тестілеу тапсыруға тілек білдірген. ҰБТ қорытындысы нәтижесінде Бадамша ауылындағы № 2 орта мектеп орташа бал бойынша 84,2 %, № 1 орта мектеп орташа бал бойынша 85,4 %, жинап, аудандағы мектептер арасынан бірінші орыннан көрінді. 2016 жылы 42 оқушының 25 грант арқылы жоғары оқуға түсті.

Екі мектепке дейінгі жұмыс істейтін бала бақшалар «Айгөлек» 143 баланы қамтыса, санаторлық типтегі «Балапан» бала бақшасында 100 бала болса, оның ішінде күндіз түні қадағаланатын 15 бала бар. Бадамша ауылы бойынша жалпы 1-ден 7 жасқа дейінгі балалардың саны 946 бала. Оның 61% мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Сондай-ақ, білім беру нысаны болып табылмайтын 520 қатысушыны қамтитын өнер мектебі жұмыс істейді.

Ауылшаруашылық өндірісі үшін мамандарды даярлайтын Бадамша агротехникалық колледжінің 2016-2017 жылдардағы оқу жылына 139 студент білім алуға тілек білдірді. Олардың ішінде аспазшылар, электрогаздық дәнекерлеушілер және тракторист-машинисттер кәсіптік білімін алуда. Білім беретін 26 инженерлік педагогикалық құрамы бар. 2016 жылы 43 түлек оқуды аяқтап, олардың ішінде 38 түлек (23 тракторист, 15 аспазшы) ауылшаруашылық саласындағы әр түрлі қызметтерге орналастырылды.



2017 жылға арналған міндеттер:

  • Мектеп түлектерінің ұлттық біріңғай тестілеуге дайындығын жақсартып, жақсы нәтижелерге қол жеткізу;

  • Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу.

Денсаулық сақтау саласы бойынша:
Ауылдық округте 78 керуеттен тұратын аудандық орталық аурухана ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетуде. Тұрғындарға 34 дәрігерлер мен 70 орта буындағы жұмысшылар дәрігерлік көмек көрсетеді. Стационар ауыстыратын технология дамуда. Күндізгі стационардық керуеттері саны 20-дан 30-ға дейін. Есепті жылда ауданда 40 дәрігер қызмет етеді, оның 7-і жалпы тәжіриебе дәрігері. Дәрігерлермен қамтылу 100%. Есептік мерзімде 26 дәрігер мен 18 орта буындағы медицина қызметкерлері аурухананың бюджеттік қаражат есебінен облыстық және республикалық емханаларда біліктіліктерін арттырады. Орта буын медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етуі-100%.

Скринингтік тексерулер аурулардың алдына алу шараларына байланысты, жүрек қан-тамыр ауруларынан, қатерлі ісік және жарақат пен улану себептерінен қайтыс болған адамдар саны төмендеп отыр.

Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында 9 көп таралған ауру түрлерін ерте анықтау үшін ересек тұрғындарды профилактикалық скринингтік қарау жүргізілуде. Аталмыш мақсатта 4 мыңнан артық тұрғындар қаралды. 0 ден 18 жасқа дейінгі балалардың барлығы медициналық тексерістен өтті. Қаралғаны-4010 бала (100%). Анықталған-217(5,41%), сауықтырылғаны- 217 (100%). Балалардағы анықталған аурулардың ішінде көз және қосымша аурулары 1 орында, қан және қан айналым мүшелері аурулары (анемия) 2 орында, үшінші орында нерв жүйесінің аурулары.

Туберкулездің алдын-алуға басты назар аударылуда. Жыл сайын жылжымалы «Флюкар»автокөлігі арқылы аудан тұрғындары флюрографиялық тексерулерден өткізіледі.

«Жылжымалы емхана» медициналық кешені округ тұрғындарын сауықтырып, кеңес беріледі. Дәрігерлердің қабылдауынан бөлек, лабороториялық тексерулер, УДЗ мен ЭКГ жүргізіледі.

Жыл сайын аудан ауруханасының материалдық-техникалық жағдайы жақсарып келеді. Соңғы жылдары аурухана сандық рентген, диагностикалық кешен, сандық флюороаппарат, қан банкі үшін салқындатқыш, пациент мониторы, фетальды монитор, лапороскоп, электрокардиограф және т.б. заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толықты. Ауруханада лапороскопиялық операциялық барлық түрі жасалады. Осы жылы жаңа ультрадыбыстық зерттеу аппараты және наркоздық аппараттар алынды.

Округтің медициналық мекемесі санитарлық автокөлікпен, телефон байланысы, компьютермен және ғаламторға шығу мүмкіндігімен қамтылған.

Кепілдендірілген тегін медициналық көмек толық ауқымда көрсетілуде. ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына, оларға теңестірілген жандар медициналық көмекті тегін алуда. Қажетті дәрі-дәрмектер «Ардагер» дәріханасы және емхана арқылы тегін беріледі.

2016 жылдың 12 айында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында медицина қызметкерлерімен-982 лекция, 12030 әңгімелесу болса, 20 санбюллетень әзірленіп, 25 дөңгелек үстел өткізілген. «Қарғалы» жергілікті газетіне 24 мақала шығарылып, 42 семинар сабақтар ұйымдастырылған.

Қарғалы ауданының денсаулық саласы бойынша

2017 жылға міндеттер:


  • Ана мен баланың денсаулығын сақтау сұрақтары, балалар өлімі мен әлеуметтік ауруларды төмендету және жүрек қан-тамыр аурулары салдарына болатын өлімді төмендету;

  • Профилактикалық тексеруді жүргізу; ұлттық скрининг бағдарламасын орындау.

  • Амбулаторлық жағдайда 18 жасқа дейінгі баларды, ересектер тұрғындардың ішінде дәрігердің диспансерлік бақылауында тұратын науқастарды және әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын науқастарды тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді жалғастыру.


Дене шынықтыру мәселелері мен спорттағы жетістіктер және мәдениет.
Мемлекетіміз бұқаралық спортты дамыту бағдарламасын қабылдады 2016 жылдың 6айында мынадай спорттық- бұқаралық шаралар өтті. Ересектер арасында шаңғыдан жарыс, волейбол мен үстел тенисінен Халықаралық әйелдер күні құрметіне , Наурыз мерекесіне орай барлық селолық округтарда ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізілді. 2016 жылдың наурыз-сәуір айында бастау алған «Қазақстан барысы» турнирі екі кезеңде өткізілді. 9 мамыр айында аудандаҰлы Отан соғысының Женіс Күні -71 жылдығына орай нақты жұмыстар атқарылды . Мамыр айында2000-2001-2002-2003-2004 ерлер арасында аудан орталығында «Жас қыран » атты футбол өтті . Осы жарыстардың барлығы аудандық «Қарғалы» газетіне жарияланып тұрады.

Округтағы мәдениет саласын атқарып жатқан мекемелердің құрамы 3 нысан. Олар: мәдениет үйі, аудандық кітапхана және тарихи өлкетану мұражайы.

Ауданда 11 клуб, 17 кітапхана, 1 мұражай аудан тұрғындарына мәдени дамуы мен бос уақыттарын тиімді пайдалануын ұйымдастырып, қызмет көрсетеді.

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, тіл мәдениетінің деңгейін арттыру негізінде 2016 жылы «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» іс-шаралар жоспары бекітіліп, қызметкерлер, оқушылар, мектепке дейінгі балалар арасында барлығы 11 шара өткізілді.

Аудан көлеміндегі кіріс-шығыс құжаттарының мемлекеттік тілдегі үлесі бойынша 2016 жылдың барлық мекемелерде құжат айналымы - 100% құрайды. Өткен жылдарымен салыстырғанда құжат айналымының мемлекеттік тілдегі үлесі көтерілген.

«Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ жанындағы «Тілдерді оқыту орталығының» Қарғалы аудандық өкілдігі 2011 жылдан бастап Бадамша аулының тұрғандарына тіл үйрету курсы сабақтарын бастады. Қазіргі таңда өкілдікте 1 штаттан тыс маман-оқытушы жұмыс жасайды. Өкілдікте тіл  үйренушілердің  оқуына  барлық жағдай жасалған. Оқу кабинеті компьютерлік құралдармен жабдықталған, компьютерлерге 13 мемлекеттік тілді үйретуші, 5 ағылшын тілін үйретуші электрондық бағдарламалар орнатылған. 2 тыңдаушыға 1 компьютерде жұмыс істеуіне жағдай жасалынған. 2016 жылдың 2 қараша айында аудан бойынша барлық қызметкерлердің арасында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында ҚАЗТЕСТ жүйесінің диагностикалық тестілеу сынағы өткізілді. Барлық қатысушылар саны – 450.



«Қарғалы аудандық мәдениет үйі» МКҚК-ны және оған қарасты 10 ауылдық клуб бар. Мәдениет үйінде «Қазақ саңыраулар қоғамы» жұмыс жасайды. Жалпы 2016 жылы аудандық мәдениет үйі және оған қарасты барлық ауылдық клубтарда 1312 іс-шара өткізілді. 2015 жылы бұл көрсеткіш 1310-ды құраған болатын, былтырғы жылмен салыстырғанда 0,1 пайызға артық. Оған келген адамдар саны 2015 жылы 67993-ті құраса, 2016 жылы 68600-ді құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда 9 пайызға артық. Үйірмелер саны – 61 бірлік, оған қатысушылар саны – 560.

2016 жылы«Қарғалы аудандық мәдениет үйі» МКҚК-ны және оған қарасты ауылдық клубтардың қызметкерлерінің және тұрғындардың халықаралық,республикалық,облыстық және аудандық байқауларға қатысу көрсеткіші, жүлделі орын алған адамдар саны 2015 жылмен салыстырғанда 25 пайызға көбейген.

«Жұмыспен қамту жол қартасы-2020» бағдарламасы бойынша 2016 жылдың төртінші тоқсанында Жосалы ауылындағы клуб ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджеттен 34 719,7 млн. теңге, өңірлерді Дамыту бағдарламасы бойынша Степное ауылындағы клуб ғимаратының ішіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 425,0 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді.

2017 жылға арналған міндеттер:


  • Аудандық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;

  • Аудандық мәдениет үйін және ауылдық клубтарды материалдық-техникалық базамен толықтыру (музыкалық аппаратура, компьютер, LED экран, жиһаз, видео бақылау жүйесі )

Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі 17 кітапхананы қамтиды: соның ішінде 1 аудандық орталық, 1 аудандық балалар кітапханасы және 15 ауылдық кітапхана бар.

2015 жылы 4 модельді кітапхана болса, 2016 жылы Степной модельді кітапханасы ашылып, қазіргі таңда 5 модельді кітапхананы құрады.

2015 жылы кітап қорында 231385 кітап болса, 2016 жылы 233243 кітапты құрады.

Оқырман саны 2015 жылы 10297 оқырман болса, 2016 жылы 10350 оқырманға артты.

Келушілер саны 2015 жылы 113384 адам болса, 2016 жылы 122057 адам болды.

2015 жылы 4151 дана кітап түссе, 2016 жылы 2038 дана кітаппен толықты.



2017 жылға жоспар:

  • Жосалы ауылында модельді кітапхана ашу.

  • Кітап қорын балалар әдебиетімен, анықтамалық әдебиетпен толықтыру.

  • Ауылдық кітапханаларды материалдық-техникалық базамен толықтыру (компьютер, үстелдер, темір кітап сөрелері)


Аудан орталығында Қарғалы аудандық тарихи-өлкетану музейі жұмыс жасайды.Бүгінгі күнге дейін жинақталған музей қоры оның ең басты негізгі көрсеткіші мен мақтанышы - 4400 экспонат. Оның ішінде: негізгі қорда – 1522, қосымша қорда -2878, экспонат бар. 2016 жылы Қарғалы аудандық тарихи-өлкетану музейінде: Экскурсия-232, лекция – 36, көрме - 40, шаралар -31 өткізілді. Жалпы келушілер саны -3480 адам.
2017 жылға міндеттер:

  • Жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысатын балалармен жасөспірімдердің үлесін арттыру;

  • Мәдениет саласындағы қызметтер сапалылығын ауыл тұрғындарына қанағаттанарлық деңгейде жеткізу.


Е.Е.Дабилдин


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет