БАҚ ЖӘне экология оқу құралы Алматы 2013



бет1/5
Дата10.03.2017
өлшемі0.76 Mb.
#5837
  1   2   3   4   5
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Ғалия Майкотова

БАҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ

Оқу құралы

Алматы 2013

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Пікір жазғандар:

Жақып Б.Ө. – «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нің Бас директоры, ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор

Ошанова О.Ж. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының доценті

Майкотова Ғ.Т. БАҚ және экология.

Оқу құралы. Алматы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Қазақ университеті» баспасы, 2013. -200 б.

Оқу құралында Қазақ баспасөзі беттеріндегі экологиялық проблемалар туралы жазылған материалдар талданады. Автор оқырманға экология жайында беймәлім деректер мен мәліметтерді ұсынады. Сондай-ақ, «Атамекен» экологиялық газетінің айдарларында жарияланған мақалалар, «Егемен Қазақстан» газетінің «Талбесік» бөліміндегі мақалалар, Семей, Арал, Балқаш, Сорбұлақ, Возрождение» - ажал аралы, Байқоңыр туралы тың деректер және ауыз су, таза ауа мәселесі де назардан тыс қалмайды.

Бұл пән студенттерге Қазақстандағы экологиялық проблемалардың жазылу ерекшеліктері туралы толыққанды мәліметтер алуға жол ашады.



I-ТАРАУ. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы Арал теңізінің экологиялық проблемалары

1 ДӘРІС. «Возрождение Аралы» Кімнің құзырында?



немесе «Сібір жарасының» құпиясы

3 қараша,2001 жыл. Түркістан газеті

Жалпы, Мойнақтан (Қара-қалпақстан) Возрождение аралына дейін 200 шақырымдай, ал Құланды елді мекенінен (Қазақстан)70 шақырымдай екен. Екі аралықтан да теңіз едіуәр деңгейі қашып кеткен болашақта бұл жерлердің аралымен қосылып кетер қаупі де жоқ емес. Демек, мұндайда атпен де, жаяу жүріп те қызықтап барып көршілер болмай қалмас. Сондай көрушінің әңгімесін де тыңдағаным бар еді. Бірақ неге екенін білмедім, оның сол шеберханалар, қосалқы бөлшектер қоймасы сол күйінде тұр екен. Лабораториялық корпус пен оған жақын орналасқан барақтар да өзгеше жіне құпия сақталған. Олардағы жазулармен белгілердің жақсы сақталуына қарағанда мұнда негізінен әйелдердің тұрғанын сезесің.Оларды ұстаудағы жағдайға қарағанда мұнда негізінен сотталғандар қамалған іспетті. Лабораториялық корпуста тексеру бөлмелерінде ұқсас бірнеше үйлер бар олар журналист. Ол- одан әрі өзі көргендерін жаза келе – «Осыдан бірнеше жүз шақырым жердегі Үстіртте» тағы бір полигонның орналасқанын жазады –«1992 жылы күзде дейді ол – маған әріптестерімен бірге сол ерекше құпия нысанда болуға тура келеді. Алайда, онда ешкім тұрмайтын көп қабатты үйлерден басқа айырыұша ештеңе көрмедік. Мүмкін, сол көп қабаттыерекше құпия нысандар болар» - дейді. Иә қазіргі таңда АҚШ қорғаныс министрлігі мен арнайы келісім жасап, «Возрождение аралындағы» бактериологиялық көмбелерді алдын алып құрту үшін 6 миллион доллар қаржы бөліпті.

Қазір белгілі болып отырғандай, үстіміздегі жылғы тамыз айында АҚШ-тың мамандары ««Возрождение аралындағы» тағы да болып, аралда дүниежүзіндегі ірі көмбенің бар екендіктенріне көздерін жеткізіпті. Міне, осыдан келіп американдықтар алда болатын бактериологиялық қауыптің боларын күн – ілгері қалай білген деген ой туады.Қалай десек те, АҚШ аралды қандай да бір тексеру жүргізу үшін Қазақстан жағыныда мүддесін ұмытпауы тиіс Жоғарғы да айтып кеткен, сан соқтырып кету «теориясы» да осыдан шығып еді.

Егер шынтуайтына келсек «Возрождение аралы» Қазақстан территориясына оның Арал, Қазалы аудандарына жаұын орналасқан. Жоғарғыда айтып кеткеніміздей «Возрождение Арал» ауданының Құланды елді мекенінен -70 шақырым болса,Қазалы ауданының Кәукей елді мекенінен 100 шақырымдай ғана.Бұл жерлерде қалың ел әлі тығыз отыр. Ал Өзбекстан жағындағы Мойнақтан – Арал 200 шақырымдай Енді екі аралықтың қашықтығын есептей беріңіз. Қазір Мойнақтан ел тұрғындары республиканың ішкі аудандарына үдере кқшуге мәжбүр болған. Ал, Қазақстан жағынан халқы жер астысуларын пайдалану арқылы шаруашылықтарын кеңейте түсуде. Екіншіден жоғарғыдағы 7 елді мекен жабылып, бір ғана Арал ауданының халқын құрамайды.

Демек, АҚШ бұл мақсатта талибандарға үрке қарап оған жақын орналасқан Өзбекстанның ғана мүддесімен санаспауы тиіс.

Санасу дегеннен шығады. Батыс және Қытай сарапшылары «аймақтық державаға айналу үміті бар» деп бағалайтын Өзбекстанда өзіндік «ерекше» көзқарастардың да бар екендігін әстеестен шығармағанымыз жөн.

Жалпы «сібір жарасы» АҚШ-қа қаншалықты қауіп тигізіпотыр? Бұл жөнінде Ресей Федерациясының «химиялық қауіпсіздік үшін» одағының президенті, химия ғылымының докторыЛ. Федоровтың түсініктемесіне тоқтала кетейік



- Қорқыныш үрей бірнеше рет үлкейтіліп көрсетілген. АҚШ-та «сібір күйдіргісімен» 9 адам ауырған екен, ол ұлттық қайғы- қасрет болып отыр.

Қазірдің өзінде белгілі болғандай, АҚШ-та әскери бактериологиялық қару кез- келген штатының санитарлық қызметтерінде міндетті түрде сібір күйдіргісінтудыратын жағдайдың эталондық үлгілері болады. Олармен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу және бір- бірімен салыстыру үшін ұстайды. Оларды дайындайтын және Федералдық тергеу бюросы мен Орталық барлау басқармасының қатаң бақылауыменсататын бірнеше фирмаларда бар. Асылы, осындай бір шаранықарсы барлаушылар назардан тыс қалдырып, әлгі үлгілер террористердің қолдарына түскен сыңайлы»-дейді.

Жорамал қисынға соғатын сияқты. Дегенмен ресми Вашингтон әлі өз шешімін жариялаған жоқ. Хатпен келетін ауру болса, оның да бәр амалын айта кетелік. Мұны ойлап тапқан сол «сібір күйдіргісін» ғылыми түрде ойлап шығаратын автордың өзі.

Ол Кеңес армиясының офицері –Кен Әлібеков. Тұған жері, болмысы, ұлты әзірше белгісізболып отырған бұл ғалым 1992 жылы АҚШ-қа қашқан көрінеді. Ол қазір АҚШ-та «Эдванс биосистем» деген фирмада биологиялық қарудан қорғану жөніндегі құрал дайындауда екен. Бір кездегі оның басшылығымен КСРО-ның құпия лабораторияларында биологиялық қарудан қорғану жөніндегі құрал дайындауда екен. Бір кездегі оның басшылығымен КСРО-ның құпия лабораторияларында биологиялық қарулардың түрлері сыналыпты.Оның АҚШ-та жарық көрген «Биоугроза»- деген кітабы өте танымал екен. Егер саған күдікті хат келе қалса, дейді автор: «Конвертті үтікбасатын тақтайға қойып»

2 ДӘРІС. Аралдың тартылуы

Әлемдегі әйгілі апат

Газеттің «Әлемге әйгілі ....» атты жаңа айдарының айасында біздің елімізге қатысты материалдар да ауық-ауық беріліетінін айтуға болады. Мысалы, дүние жүзіне мәлім табиғат ғажайыптары қатарында қазақтың Сарыарқасының алқабына ғайыптан орнай қалғандай әсер қалдыратын Көкешетау, әлемге әйгілі қазыналар қатарында Алматының маңындағы Есік қорғанынан табылған «Алтын адам», барша жұртшылық білуге тиіс кереметтердің ішінде бір де біршегесіз тұрғызылып,10 балл зілзалаға шыдас берген Алматыдағы кафедральды сбор сияқты елдің еңсесін көтеріп ұлттың рухын биіктететін ғажайыптар әлемдік ауқымда танымал екендігін жан сүйсінсе, дүние дидарындағы аса ауқымды апаттардың қатарында айдынды Аралдың тартылуы енгені,әрине, қөңілді құлазытады. Арал апаты- теңізді тартылуына байланысты Орталық Азияның алып аймағындағы адамдарға, табиғатқа өсімдіктермен жан-жануарлар дүниесіне келген экологиялық, әлеуметтік-экономикалық үлкен апа. Әлгі айтылған кітапта Жер жарылып, су аққалыбергі ең ерекше жүз апат табиғи апаттар және техногенді апаттар деп екіге бөлінген. Олардың алғашқысында Тәуіратқатүскен әлемдітопан су қаптауынан бастап 1998 жылғы тамыз да Оңтүстік және Шығыс Каролина штаттарын жайпап өткен «Бони» дауылына дейінгі аралықтағы табиғи апаттар еңгізілсе, екінші түріне техногенді яғни адам қолымен жасалған апаттар жатқызылған. Бір замандарда гүл жайнаған Сахараның құм суырған шөл далаға айналуынан Чернобль сұмдығына дейінгі аралықта адамзат баласы куәболған апаттардыңбел ортасында Аралдың тартылуы атты қасірет тұр.

Айдың күннің аманында,айналасы қырықшықты жылда бүтінбір теңіздің жер бетінен жойыла жаздауғажақын тұрғаны – кешегі коммунистік жүйенің планетада қалдырып кеткен ең кесірлі қолтаңбасы.

1713 жылы Маңғыстау түркімендердің елшісі Қожа Непес Петербургке «ақ патшаның» алдына жетіп, өзінің адам таңғаларлық ұсынысын айтты: Ресей бары-жоғынан да хабары шамалы алыстағы бір елде шөл даланы көктей өтіп Әмудария деген қуатты өзен ағып жатыр екен. Әлгі өзен бұрын Каспийге құйған, енді Арал теңізіне құяды. Егер өзеннің арнасы қайтадан Каспийге құйатындай етер болса, онда орыстар Еділден шығып, Каспийге өтіп, әрі қарай Әмударияны бойлап Индия өзенініңбастауына жете алар еді...

Қарап тұрса шынында да елеңдетерлік-ақ ұсыныс. Ұлы Петр Индиядағы су жолымен жетудің түйінін тарқата аламай-ақ жүрген болатын, оның үстіне Әмударияның жағасына жақын жердегі алтын шығатын мекендер туралы әңгімелер де патшаны әбден желіктіріп-ақ жіберді.

Ақыры мұсылмандар Дәулет-Керей деп атап кеткен кавказдық князь А.Бекович-Черкасский басқаратын ірі экспидиция жасақталып Хиуаға аттандырылды 1975 жылы арнайы кемелермен Астаханнан шыққан экспидиция Каспийдің шығыс жағалауын зерттеді де, Қарабұғазды қоса қамтыған тұнғыш профессионалды картаны сызып шықты. Сол экспедиция Арал бойын Каспиймен байланыстырған Үзбой өзенінің сағасында тапты. Содан бері осынау романтикаға толы хикая геграфтар мен көне тарихқа қызығатындардың мазасын алумен келеді.

I Петр А.Бекович-Черкасскийсзып шыққан картаны Еуропаның көрнекі географыДелильге көрсетіп, Окс өзені Птолемей айтқандай Каспийге емес, бұрын соңды ешкім білмей келген Арал деген теңізге құятынын анықтап, ғылым әлемін аң-таң қалдырды. I ПетрПариж Ғылым академиясының академигі құрметті атағын осы жаңалығы үшін алған. Оның бұл хабарламасы Арал теңізі туралы тұнғыш мәлімет екендігіне XVIII ғасырдың географы Карл Бэрдың: «Адам айтса нанғысыз жай,бірақ Петрге дейін ғылым әлемі жер бетінде Арал теңізінің бар екенін де білмегені анық», деген сөз дәлел.

Алайда Еділден шығып су бойымен Үндістанға жете саламыз деген деме жүзеге асқан жоқ, сонан кейін Ресей тағы бір жүз жылдан астам уақытқа Аралды ұмыт қалдырды. XIX ғасырдың орта шеңінде ғана А.И: Бутаков экспидициясынан кейін теңізге қызығыушылық қайта басталды. Миллиондаған жылдар бұрын бүгінге Арал мен Каспий маңайындағы ел жайлаған кең алқапта ежелгі Тетис мұхитының су шүпілдеп жатқан болатын. Мың-мыңдаған жылдар өтіп, аса қуатты тектоникалық жарылымдар дүниенің дидарын бірте- бірте өзгерте берді, сондай бір катаклизмдердің тұсына ақыры Тетис мұхиты жоғалып тынды. Оның орнында екі тұзды көл – Арал-және Каспийкөлдері пайда болды. Бұл көлдердің үлкендігі соншалық олардың теңіз деп атау баяғыдан –ақ орнығып кеткен. Арал көл-теңіз Азау теңізінен екі есе үлкен, Аралдың айдынына Бельгия мен Голландия қоса-қбат сыиып кетер еді. Өзінің айдынының аумағы жағынан Арал әлемге төртінші орнында, оның алдында Каспий Солтүстік Америкадағы Жоғарғы көл және Африкадағы Виктория көлі ғана түсе алады.Лейтенант А.И. Бутаковпен бірге экспидицияда сол тұста айдауда жүрген ақын Т.Г: Шевченко да болып сапар кезінде Арал өңірінің өмірінен көптеген сүреттер салған.А.И. Бутаков Арал теңізі туралы алғашқығылыми мәліметтерді жеткізісімен –ақ адамдардың оны өзгерте қоюға қолдары қыши кетті. 1871 жылы Киевте жарық көргенжұқалтаң ғана жинақтың авторы Я. Демченко «прорыть мнгосотникиломметорвые каналы, по которым нужен направить в Среднюю Азию врды сибирских рек» деп тұрып бір-ақ тартқан.Сол-ақ екен адам Аралдың тынышын алуды бастап жіберді. Тіпті Әмудария мен Сырдарияны теңізге жеткізбей бұрайық, сөйтіп теіңздің айдынын азайтайықдегенлер де,тіпті жойып жіберейік деушілер де шыққан!

Жыл сайын Аралдың көгілдір айлынынан қалындығы бір метрдей су бұға айналып ұшып кетеді. Әмудария мен Сырдарияның теңіздің жоғалтқанының орнын толтыруға асыға ағатыны да сондықтан. Үш мың жылдан астам уақытан берісолай болып келе жатқан-ды. Табиғатқа адам қол салуы мұң екен, теңіз тартылып жүре берді. Адам деген сол –қашанда өзіне пайда келетін жағына ғана бұрады.

Су балансы 1950-ші жылдардың аяғына дейін сақталып келеді: жыл сайын Аралға 64 текше километрсу құйылып, 63 текше километр су буланып кететін.Алайда,1965 жылдан бастап өзен ағындысының азаюына байланысты теңіздің деңгейі күрт төмендей бастады. Сырдария мен Әмудария суын1960-шы жылдарда қазылған Ферғана, Бетпақдала және басқа да арналар мен су тораптарына қарай тартұылайтын болды. Әрине, мақтаны суару да енді Аралға артылды.

Орта Азияда су баратын жердің бәріне мақта еге береді. Кйде мақта үйдің терезесіне төніп тұратында болады. Жердің әр гектарына жүздеген килограмм минералды тыңайтқыш, ондаған килограмм улыхимикаттар төгіледі.Әр гектардан 23 центнермақта алу үшін мөлшердегіден екі есе артық су жұмсалады.Әлемдік өлшемдермен алғанда бұл тіпті жоғарғы өнім емес.

Талайға дейін елге қанша мақта керек екенін де ешкім жөндеп білмей келген Тоғыз миллион тонна ма әлде бес милиион тонна ма? Мүмкін тоғыз миллион шығар. Онда неге екі миллион мақта техникалық мақсаттарға жұмсалып үшінші сортты өнімге айналып кетеін? Ысырапқорлық дегенніңшет-шегі болмайтын, экономика бейне бір құтырынып алғандай әсер қалдыратын.

Дабыл қағарлық әңгімелер талайдан естіліп жүргенімен, 1970-ші жылдардың аяқ шеңінде күшейіп алды. Ана жақтан да, мына жақтан да көңіл құлазытар хабарлар жетіп жатты. Аралдың табаны жалаңаштанабастады... Жоғалу теңіз портынан оншақты шақырымға ұзап кетті... Ауа райы өзгерген жан- жануарлар дуниесі құрып бітуге айналған: 178 түрлі жануарлардың арасында қалғаны 38... Тоғайлар төзып барады. Судың жетіспеуінен адамдардың тыныс- тіршілігінің де тамыры тартылып,семіп барады...

Сутартқылардың бей-берекет іске қосылуы, су өлшегіш құралдардың жоқтығы,суарунормаларының тым көтеріңкілігі (оның үстіне жылдар бойы ғылыми тұрғыда дәлелденіп, түзетілмеген) суды оның-солдыысырап етуге әкеліп соқтырады. Ақыр аяғында су жерді күнарландырудың орнына төздыруға айландырады. Мысалы Ферғана алқабына жүз мыңдаған гектар егістіктер бірнеше метірлік судың астында қалып қойады. Айналасы жирмажылдың ішінде Арал теңізі 640 текше километр суынан айырылды. Теңіз өз көлемінің де, аумағының да үштен екі бөлігін жоғалтты, заманында ол ұшы қиырына көз жетпейтін көгілдір алып айдын болатын. Мойнақтан Аралға дейін кемелер ерсілі-қарсылы жүзіп жататын.Енді болса теіңз деңгейі он үш метрге төмен түсіп кетті. Аралдың айтақырланған табаны (бұл дегеніңіз 2,6 миллион гектарлықжер) қолдан жасалған шөлге айланып шыға келеді, оған Аралқұм деген ат та беріліп үлгерді. Аралқұмда улы тұздың миллиардтаған тонналары шөгіп жатыр. Теңіздің шөлейтке айналған табанынан аспанға тұзды -улы шаң- тозаңның миллиондаған тонналары көтеріліп, оны дала желі алыс аймақтарға алып кетуде. Теіңз тартылған соң шаң бораны жиілей түсті. Шанды бұлттар Памирдің, Алтайдың, Тянь-Шаньның мұздақтарына барып түсіп, бастауың сол жақтан алатын өзендердің режимін бүлдіретін болды.

Орта Азияның егіс далаларында көптеген жылдар бойы мақтаның солыма (вилт) деген ауруына қарсы ДТТхимикаты қолданылатын. Оның құрандысы адам үшін өте қауіпті, өзі табиғат аясында ыдырау дегенді білмейтін бір бәле. Сол ДДТ және басқа да улы химикаттар көптеген жылдар бойы егіс алқаптарынан ақаба күйінде ағып шығып, теңізге келіп тоғыиыла берген. Қазір содан улы бұлттар аспанға көтеріледі.

Кейінгі жылдарда Арал өңірінің малға, балыққа,көрек болып, адамдарды асырап келген жүздеген табиғи көлдері тартылп тынды. Осыдан жиырма жылдай ғана бұрын өтіп бара жатқан пойыздарға жұрт жапа- тармағай ұмытылып, жолаушыларға майлы табан мен үп-үлкен қаяздарды ұсынып жататын, диқандар қауынын,қарбызын, қызанақ, қиярын әкелетін вокзалдарға. Сырдың қамысы жайқалған жағалаулар жалаңаштануға айналған соң Қызылорда целлюлоза комбинаты да өлместің күнін зорға көруде. Бурын Қарақалпақстанның, Хорезм жіне Ташауыз облыстарының территориясы Арал теңізінен ескен қоңырсалқын леппен тыныстап тқратыненді ол жақта да ауа құрғап кетті. Аяз болмайтын кезеңжиырма күнге қысқарды.

Бір кезде Арал өңірінде жаңа елді мекендер салынып, ес кілері жаңартылып, үлейтіліп жататын. Тіпті халықаралық курорт ашу жөнінде де әңгіме қозғалған, өйткені көгілдір теңіздің жағалауында жанынане керкетің бәрі табылатын, сәуірден сонау қарашаға дейін судан шықпай шомыла берсең де өз еркің.

Қазір Арал маңайы қаңырап қалған өңірдің халқы да азайып барады.Үшсай деген балықшылар поселкісінде бұрын он мың адам қмір сүрсе, сексенінші жылдардың аяғына қарай мың шамалы ғана адам ұалған болатын. Бір кездежайнап тұрған Арал қаласында бүгінде жұмыссызсенделген адамдарды көресіз. Қаланың өзінің де құты қашып барады:тұз жеп тастағандай сұрқай үйлер, судың жетімсіздігінен құрап кете жаздап тұрған талө терек...Өлі теңіздің жанындағы бұрынғы қалалық портта қансып қирағанбалықшылар кемелері. Арал маіайында 29 сасықкөлпайда болды. Ауыл-аймақтардың малы солардан су ішеді.

Сексенінші жылдардың аяғында «Новый мир» және «Памир» журналдарының тілшілері «Арал-88» атты экспедиция ұйымдастырған болатын. Екі аптаның ішінде экспедицияға қатысушылар Арал теңізі, Сырдария мен Әмудария бассейінінде13 мың шақырым жер жүріп өтті. Теңіз өз порттарынан алпыс-жетпіс шақырым шегініп кеткенінөз көздерімен көрді. Балықшы траулерлері, шхуналар, катерлер, моторлы қайықтар мен барқастар қу медиен далаға айналған теңіз табанында суырылған құмға жонын тосып, тот басып, шіріп жатыр. Сол жерде өткізілген «дөңгелек үстел» мәжілістерінің бірінде «Ноый мир» журналының бас редакторы, жазушы С.П. Залыгинкүйініптұрып былай деген еді: «Біз дәлдүрішсіндер тұмсықтарыңды сұқпайтын жерге сұғасыңдар деп жиі жазғырады. Онда неге бірде- бір министірлік, бірде- бір ведомство осы біздің экспедициямызды бірде-бір рет ұйымдастырмай келген? Ұйымдастырмайтыны – ол ведомстволар өздерінің мүдделерінен басқа ештеңені білгілері де келмейді. Ұйымдастырмайтыны- мұндай іс сапарларға тек өздерінің мамандары ғана шыққанын қалайды».

Расында да, Аралдың ауыр ахуалын ең жоғарғы лауазымды мемлекет және партия қайраткерлері білетін, ғалымдар мен мамандар да білетін... Біле тұра тақап келе жатқан апаттуралы ащы ақиқатты халықтан әдейі жасырады. 1988 жылдың мамыр айында бұрынғы Көкарал аралы оңтүстікпен құрылықпен қосылып кетті (солтүстік жағында 1977 жылдың өзінде қосылған болатын), сөйтіп Арал Үлкен және Кіші теңізге бөлінді Суы тайыз, тартылуы да қарқынды. Кіші теңіз Қазақстан жағында Үлкен теңіз Өзбекстан жағында қалды. Сол кезде-ақ әр республика өздерінің бөгеттерін тұрғызып, «өз Аралың сумен толтыру қамына кірісті».

Енді Ресей үшін Арал проблемасы таяу көршілердің бас ауыртар мәселесәне айналды. Қазақстанның, Өзбекстан мен Түркіменстанның билік орындарының Аралдан ьасқа айланысар мәселесі де бастан асады. Аралға бөлінер уақыи та,бөлер қаражат та жетпей жатыр. Теңіздің деңгейі жыл сайын жарты метрге төмендеп барады, яғни енді бес - алты жылда Арал теңізіретінде жойылп, әр жер-әржерде бөлек-бөлек қалған, әблен ластанғанбірнеше су қоймаларына айналып кетуі де мүмкін.

P.S. «Сто великих котостроф» жинағындағы «Исчезающий Арал» атты мақаланың авторлары Н. Ионина мен М.Кубеев аяқ жағында тым қара бұлтты төндіріп жібергендей де көрінер. Ылайым, болжамдары келмесін. Дегенмен, Арал апатының ауқымын азайтып көрсетудің де жөні жоқ. Бір үміт еткізерлік жай – тәуелсіздік жылдарында Орталық Азияның діні бір, тілі ұқсас, бауырлас мемлекеттері Аралдан түпкілікті айырылып қалмаудың қамына кірісіп халықаралық көлемде бірах мәселелерді шешуге қол жеткізді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтыңұсынысымен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 1993жылдың қаңтарында Ташкентте қабылданған шешімі бойынша сол жылғы 26 наурызда Қызылордада өткен бірінші конференцияда Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық Кеңес құрылды.1993 жылдың 24-26 қаңтарында Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта бағдарламасының (ЮНЕП) ұсынысмен Арал теңізінен сақтау жөніндегі халықаралық шаралар туралы келісім жасалда. Бұл тарапта қолға алынған7 бағларлама 18 жобаның қандайлықнақты нәтиже беретінін уақыт көрсетеді

3 ДӘРІС. Қазақстандағы қупия нүктелер



«Возрождение аралының құпиясы»

Атамекен

Адамға табиғат берген байлықтардың бірі – ауа. Ауасыз тірлік жоқ. Сондықтан өзге де табиғи байлықтармен бірге ауаның тазалығын сақтау өте маңызды іс. Қазіргі кезеңде шаруашылық тардың теріс әрекеттерә мен өндіріс құрал – жабдықтарытабиғатқа күн сайын әсер етіп, ықпалы барған сайын ұлғайып отыр. Оның қолайсыз әсері ауаны, су көздерін, топырақты, жер ресурстарынолармен тығыз байланысты өсімдіктер мен жануарлар дүниесін білдіруде Бұл түптен келгенде адамның өмірі мен денсаулығынаелеулі кауып төндіріп отыр. Демек шаруашылық әрекеерін ең алдымен ластанып, зардап шегетін - жер, су, ауа. Міне осған орай кешегі тоқырау кезінде суармалы егістік жерлердің шамадан тыс ұлғайтылуы Әмудария мен Сырдария өзендері суының 70-*80 процент су қорын, әсіресе, мақта мен күріш егістіктерін суғаруға, яғни бір сөзбен айтқанда , құмға сіңіп жойылып кетті.

Сондай-ақ, осының әсерінен соңғы 20-30жылдың шамасында халықты асырап, қатардан қалдырмаған яңни өмірдің көзі болған Арал теңізінің деңгейі 17 метрге түсіп, су көлемі жартылай жойылып кетті. Мақта өсірі технологиясындағы басқа егіншіліктерде де көптеген улар -әрқилы пестицидтер, гербицидтер, бұдан басқа түрлі химиялық тыңайтқыштар қолданылады. Олар сол қолданылған жерлеріне жерге сіңіп қалып қоймады, қайтадан Әмудария мен Сырдарияға құйылды. Міне, осындай өзен суының тұздануы мен улануынан оның суы мен суғарылып жатқан егіншілік алқап уланды. Сөйтіп, топырақтағы улы нәрсе шөпке өтеді. Шөп арқылы мал иен аңның етіне сіңеді. Жалпы өзен суында тек егістіктен шыққан улар ғана емес, сонымен бірге өндірістік қалдықтар – мұнай өнімдері, фенолдар таты, басқалар да бар. Бұған бір ғана мысал,обылыс егіс алқаптарында өздігінен су шықпайтын жерлер бар. Міне,жаз шыға обылыста Сырдария бойына мыңға тарта насос қондырғылары орнатылып, олар күріштіктерге, басшылықтарға және шабындықтарға су айдайды. Бұл орнатылған насостардың жанында қалдық жұмыс атқарғанмайларды құйатын арнуалы ыдыстары болмағандыұтан әлгі мұнай қалдықтары араласқансу двигательдің астымен ағып, қайтадан дәрияға кетіп жатады.

Ал насос орнатылған жерлерге май сіңіп, ол тұрған жердің беті қара күрең майлы топыраққа айналады тіпті қылғаланып қайтадан дарияға ағады. Сөйтіп дария суындағы пестицидтер мен нитраттарға әлгі мұнай қалдықтары қосылып, оның өттегілік режимін бұзады. Яғни, бір сөзбен айтқанда ең уланатын да ол малдың етін, егістің өнімдерін улы судағы балықты жейтін адам болып шығады.

Сонымен бірге біздің өңірдің ауасы да зиянды. Өйткені іргедегі жатқан теіңз ұлтанынан шаң, тұз желдің ісерімен көтеріліп, тұған қаламыздың атмосфералық ауасын ластап, төңіректегі егістіктерді, маңайдағы жерден өсіп шығатын шөптерді басып тастап отырады.Сөйтіп әлгі жерден өсіп шығатын кейбір өсімдік түрлерін жер бетіне шығариайды, ал шыққаны болса қурап ұшып кетеді. Міне, осының әсерінен күні бүгін ауадан көлемінде аурутүрлері көбейген үстін – де көбейіп отыр. Мысалы, ббүйрек, жүрек, қан қысымы, қуық, өтте тас пайда болуы, анемия тағы басқа ауру түрлері өте көп Әсіресе, соңғы кездері есі кеміс, психика ауруы көбейіп, яғнм өзін-өзі асып өлтіру тіпті етек алып бара жатыр. Соңғы бір-екі жылда ауруы түрін емдейтін аурухананың ашылуы бұл айтқан сөзімізге толық дәлел бола алады.

Сонымен бірге бұл қңірдегі кейбір малдардың күніне жетпей, әш тастайтыныда көбейіп барады. Мұның өзі 1946 жылдан бастап химиялық және экологиялықбомба жасау жөніндегі қупия әскери мекемелердің лаңы екен. Олардың осы бағытта сынақ жүргізгенін бүгінгі күні ақпарат құралдары –газеттер мен телерадио арқылы оқып булуп отырмыз. Сол кезде біздің Қазақстан Республикасы территориясында осындай химиялық бактериологиялыққару жасайтын құпия сынақ орталыға болған.Бқл Арал теңізінің ортасындағы «Возрождение» аралы еді. Онда биологиялық, химиялық қару эасайтын сынақ болыпты. Негізінен мұнда бруцеллез, оба,шешек және безгек ауруларын қоздырғыш бактериялар сыналған екен.

Мысалы соңғы 4-5 жыл тұсында теңіздің батыс беткейінде орналасқан осы жердегі «Ауан»деп аталатын еді мекенде оба ауруы бұрық түсті. Бұдан кейбір үйдің жанұлары түгелдей қайтыс болды. Сол кезде Мәскуеде атағы бар күшті дәрігерлер келіп оба ауырумен ауырған адамдарды емдей бастағанның арқасында ғана көптеген жан ұялар ажалдан аман қалды. Сол жылдардан бастап обаға қарсы күресу станасы аудан орталығы Арал қаласында да ашылды.

Ал оба ауруының негізгі шығу себебін сол келген дірігерлер үй және дала тышқандарынан таоалған деген қортындыға келді . Осыдан бері кей жылдары аудан көлеміндегі елді мекенге жақын учаскілерде оба аурумен ауратын жәндіктер көбейе бастады. Аудандағы обаға қарсы күресу стансасы оны болдырмау жөнінде күресіп те келеді.

1970-75жылдарда Арал теңізінің оңтүстігінде Қарақалпақ Республикасының Мойнақ қаласына жұмыс жөніндегі іс- сапапрмен моторлы кеме қайығы арқылы жүзіп бара жатқан кездерімізде сол «возрождение» аралының жақын тұстарынан өлген балықтардың да бірнеше түрлерін мен қз көзіммен көрдім. Олар сол тұстағы теңіз суыныңбетінде қалқып жүретін. Демек, ол кезде бұл балықтардың неден өліп, су бетінде қалқып жүргенін білмейтін едік. Ал қазір мұның сол кезде «Возрождение» аралында химиялық, бактериологиялық соғыс қаруын сынаудан екенін біліп отырмыз. Менің пікірімше, бұл өңірдегі ауаның ластануы ауырып өлген балықтардың, болмаса басқа да су жәндіктердің қаңөасынан ауаға ұшқан жағымсыз микробтардың әсерінен болуы мүмкін. Сонымен бірге соңғы бір-екі жылда аудан көлеміндегі адамдардың денесіне сары жара – шиқан түрлері қаптап кетті. Бұрынғы кезде адамдарға шыққан мұндай жаралар түрі бір жетіге жетпей- ақ өзінен-өзі жазылып кететін.Ал бүгінгі кезде бұл өнердегі адамдардыңденесінен шыққан осындай жаралар тіпті 2-3 айға созылып, тек қана дәрігерлердің көмегі арқасында әрең дегенде жазылады.Ал тіпті кейбір түрлері адам бойында жылдап жылдап жүре берді. Өйткені мұндай жара түрі әуелгі кезде дененің бір жеріне шығып жазала бергенде тағы дененің екінші,үшінші жеріне шығып қайталай береді. Қазір бұл жара тек қана операция жасау жолы арқылы жазылады. Ал кейбір түрлері тіпті жазылмайды. Сонда мен ойлаймын, бұл төңіректегі тіршілік етіп жатқан қазіргі адамдардың денесіндегі қанның құрамында әртүлі улардың түрлері бар – аудеп. Сондықиан да адамдардың түрлері кеселді ауруларға ұшыраудың негізгі түйіні осыдан деп білемін.

Жалпы «Возрождение» аралында көп жал бойы химиялық батериологиялық қаруды сынаудың құпия, жасырын түрінде жасалуы бұл өңірдің, жер, су, ауа, құрамын радиациямен уланған.

Сонымен бірге бізге жақын «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы көп жылдан бері ұшып жатқан зымырандар атмосфералық ауаның радиактивтілігін көбейтіп отыр. Осының әсері болуы керек, бұл өңірде республика бойынша балалар өлімі аса жоғары.Ал адамның орташа өмір жасы тым қысқа. Сондықтан «Арал өңіріндегі экологиялық қасрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» қабылданған заңды тез жүзеге аыру кезек күттірмейтін міндет. Онсыз бұл өңірдегі адамдар ауырып, өле беретін болды.

Қорта айтқанда, аянышты Арал тағдыры үкімет дәрежесінде тез әрі шұғыл шара алуды керек етеді





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет