«Б» корпусы жоғары бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру Ішкі конкурс қатысушыларына қойылатын ортақ біліктілік талаптар: с-о-5 санаты үшін



Дата17.07.2017
өлшемі98.9 Kb.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялау туралы.



«Б» корпусы жоғары бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Ішкі конкурс қатысушыларына қойылатын ортақ біліктілік талаптар:

С-О-5*** санаты үшін:

жоғары білімі, келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;


      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
      3) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;*

  5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.*




Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты




min


max

С-О-5


83282

112431


      * Ескерту: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін, сондай-ақ конкурстан тыс негізде мемлекеттік органдардың бірінші басшылары көмекшілерінің, кеңесшілерінің, баспасөз хатшыларының лауазымдарына тағайындалатын адамдарға қойылады.

      ** Ескерту: осы талап сот жүйесінің лауазымдарына ғана белгіленген.



     *** Ескерту: мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болған жағдайда, онда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі - Департамент), 140000, Павлодар қаласы, Ленина көшесі, 57, анықтама телефоны: 53-54-37, e-mail: jankina@taxpavlodar.mgd.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1.Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Адам ресурстары басқармасы қызметтік тергеу бөлімінің бас маманы (санаты С-О-5), 1 бірлік (06-2-3).

Функционалдық міндеттері: Тапсырылған құжаттарды дер кезінде және сапалы орындауды бақылауды жүзеге асыру. Керекті ақпаратарды өңдеп және жинақтап бақылау жүргізуді ұйымдастырып, ұсынылған есептер мен мәліметтер негізінде аналитикалық жұмыс жүргізу. Кешенді тексеріс құрамына енетін сұрақтар бойынша тақырыптық текрсерулердің жоспарын жасау. Басқарма құзыретіне енетін сұрақтар бойынша мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен қарым-қатынас қимылын жасау. Басқарма құзыретіне енетін сұрақтар бойынша әдестемелік ұсыныстар жасауға қатысу. Хаттарды, өтініштерді арыздарды қарастырып оларға ұсыныстар мен жауаптар дайындау. Мем.кірістер органдарының лауазымдық қызметкерлерімен жіберілген құқық бұзушылық фактілері бойынша белгіленген тәртіппен тексерулер мен қызметтік тергеулер жүргізу. Қазақстан Республикасының нормативті және құқықтық актілері, салықтар, бюджет бойынша, сондай-ақ ҚР ҚМ СК-нің ішкі нормативтік құқықтық актілерін бойынша заңдылықтарды сақтауды бақылауды қамтамасыз ету және өздеріне жүктелген міндеттерді тиісілі орындауды бақылау мақсатында құрылымдық бөлімшелер қызметін инспекциялауды жүзеге асыру, кешенді тексерулерге қатысу. Мем. кірістер органдарының қызметкерлері жағынан лауазымдық және жемқорлық құқық бұзушылытар мен қылмыстарды болдырмау жұмысының жағдайын тексеруді жүзеге асыру. Сенім телефонына келіп түскен мәліметтерді бақылау, №УВР-6 үлгідегі – сенім телефоны бойынша есептерді жасау, аналитикалық жұмыс. Департамент, басқарма қызметкерлерінің қызметтік және еңбек тәртібін , Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексін сақтау. Басқарма мамандары арасында құқықтық бұзушылықтар және жемқорлық қылмыстарды болдырмау фактілерін ескерту және алдын-ала сақтандыру жұмыстарын жүргізу. Департамент басшылығының, Басқарма басшысының басқа да тапсырмаларын өз құзыреті деңгейінде орындау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша; саласында құқықтану құқық, халықаралық құқық, кеден ісі мамандықтары бойынша

2.Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Борыштармен жұмыс басқармасы мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің бас маманы (санаты С-О-5), 1 бірлік, негізгі қызметкердің 19.12.2018ж. дейін бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне (13-1-6).

Функционалдық міндеттері:Департамент басшылығының, Басқарма басшының, бөлім басшының тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындалуын жүзеге асыруға; Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (әрі қарай – ҚР ҚМ МКК) тапсырмаларын, кеңейтілген жиналыстардың тапсырмаларының, Департаменттің аппараттық, өндірістік жиналыстарының, акиматтың тапсырмаларының орындалуын бақылауға; ҚР Салық кодексінің және ҚР заңнамалық актілердің нормаларына сәйкес мәжбүрлеп өндіріп алу әдістері және шараларымен салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша бересіні мен берешекті, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы төлемдерін (бұдан әрі – МЗТ) және әлеуметтік сақтандыру Мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдарын (бұдан әрі – ӘС) төмендету бойынша жұмысты ұйымдастыруға және бақылауға; БКК бойынша салық берешегі, МЗТ және ӘА бойынша берешегін, соның ішінде берешектері бар салық төлеушілер (салықтық агенттер) қимасында мәліметтер талдау жүргізуге; аумақтық құрылымдық бөлімшелермен, жетекшілік ететін басқарманы есепке ала отырып, салықтық берешекті, МЗТ және ӘА бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларының уақытылы және толық қолдануына бақылау жасауға; банкроттық процедуралардың жүргізілуіне бақылауды күшейту мақсатында, Павлодар облысы бойынша Салық департаментінің 2013 жылғы 22 қарашадағы №201 бұйрығымен бекітілген салық төлеушілерді-борышкерлерді банкрот деп тану туралы талап қою арыздарын келісу Регламентін бақылауды іске асыру; мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттемелерді және салықтық берешекті, МЗТ және ӘА бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын орындауды қамтамасыз ету әдістерін қолдануға қатысты жұмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша аумақтық салық басқармаларын тексеруге қатысуға; Салық берешегін төмендету бойынша жұргізілген жұмыс жөніндегі және салық берешегінің жай-күйі туралы есептерді ҚР ҚМ МКК белгіленген мерзімде ұсынуға; салықтық берешекті өндіріп алу мәселелері бойынша белгіленген тәртіпте Департаментінің және оның аумақтық органдарының мүдделерін сотта, сондай-ақ басқа органдарда өкілі болады; салықтық берешектің, МЗТ және ӘА бойынша берешектерің өсу (төмендеу) себептерін талдауға; қызметтік және еңбек тәртіптерін сақтауға; сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзу және қылмыс жасаудың алдын алу және оған жол бермеу жұмыстарын жүргізуге.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша; саласында құқықтану құқық, халықаралық құқық мамандықтары бойынша.

3.Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Павлодар -кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің бас маманы (санаты С-О-5), 1 бірлік, негізгі қызметкердің 02.08.2019ж. дейін бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне (26-20).

Функционалдық міндеттері: Жоғары тұрған кеден органдарының, басшының және бекеттің жұмысын ұйымдастыру үшін жауапты бас маманның бұйрықтарын, нұсқауларын және өкімдерін орындау. Қазақстан Республикасының қолданыстағы кеден заңнамасында, белгіленген тәртіппен тауарларды кедендік ресімделуін және кедендік бақылауын жүргізу (соның ішінде кедендік тексеріп қарау, қарау, кедендік сараптама және т.б.);ҚР ҚМ МКК және Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне есеп беру нысандарын уақтылы ұсыну.. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу мақсатында СЭҚ қатысушылардың дербес шоттарында ақшалай қаражаттың бар болуын есепке алу және тексеру.К едендік тазарту кезінде ТББЖ компонентін қолдануды жүзеге асыру.КБТҚ сақталуын қамтамасыз ету. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттаманы жасау құқығымен кеден ісі саласындағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесуді жүзеге асыру. Бекеттің жеке құрамымен жұмыста басшылыққа алу үшін нормативтік-құқықтық актілерді, келіп түсетін құжаттаманы зерделеу бойынша жұмыс жүргізу;СЭҚ қатысушылардың сұрау салуларына, арыздарына жауаптарды ұсыну.Мүліктің, техникалық құрал-сайманның, кеден атрибуттарының сақталуы, сондай-ақ жұмыс орнындағы тәртіп үшін жауап беру. Кеден ісі мәселелері бойынша СЭҚ қатысушылармен түсіндіру жұмысын жүргізу.Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес тауарлар шығарылғанға дейін және шығарылғаннан кейін кедендік құнды түзетуді және тауарға арналған декларацияларды түзетуді ресімдеуді жүргізу; Тауарлардың сынымалары мен үлгілерін іріктеуді жүзеге асыру және кедендік сараптамаға жіберу;СЭҚ ТН сәйкес тауарларды сыныптау бойынша шешім қабылдау.Негізгі бағыттар бойынша кеден бекетінің қызметін талдауды жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша; саласында құқықтану құқық, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі мамандықтары бойынша

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

  1. нысандағы өтініш;

  2. тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не  «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен  кешіктірілмей береді.Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар- оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді.

 Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде келесі мекенжай бойынша өтеді:



«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» РММ, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 57, анықтау телефоны 8(7182) 53-54-37;

      Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.     Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

      Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялықұйымдардың және саяси партиялардыңөкілдері, уәкілетті органныңқызметкерлері қатыса алады.

      Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

      Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурс комиссиясы қабылданған шешiм туралы, ол қабылданған күннен бастап он жұмыс күн ішiнде, уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне және шағым берген конкурс қатысушысына немесе кандидатқа хабарлайды.







Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет