Азия дүние бөлігіндегі ормандардың азаюы, ШӨлейттену, ҚҰРҒАҚшылық МӘселелері



Дата30.06.2017
өлшемі102.46 Kb.
#17531
АЗИЯ ДҮНИЕ БӨЛІГІНДЕГІ ОРМАНДАРДЫҢ АЗАЮЫ, ШӨЛЕЙТТЕНУ, ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті,

доцент, п. ғ. к. Тлеубергенова Кенжекей Ахметвалиевна,

Әбдрайым М., Әділ А.



Түйін сөздер:антропогендік факторлар, орманның азаюы, құрғақ, шөлейттену, ұлғайту, тропикалық ағаштар.

Ормансыздану – табиғи әсердің немесе антропогендік факторлардың салдарынан белгілі бір аумақта орманның жойылуы болып табылады. Бір кезде құрғақ құрлық бетінің көпшілік бөлігін ормандар алып жатқан. Алайда өркениеттің дамуына байланысты қазір құрлықтың құрғақ бөлігінің үштен бірін ғана орман алқабы алып жатыр. Егіншілікпен алғаш айналысқан адамдар егін егетін жерлерін тазарту, ұлғайту үшін ормандардың ауқымды бөлігін өртеп отырған. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпті дамытуға сәйкес ормандар тез, әрі жедел жойыла бастады. Жыртылатын және жайылымдық жердің көлемін көбейтумен қатар,құрылысқа және отынға ағаш көбірек қажет болады. Тропикалық ағаштардың арасында берік және көрікті ағаштар ерекше сұранысқа ие болды. ХХ ғ. бұл ағаштың қоры таусылмастай саналатын орасан зор алқапты алып жатқан дамушы елдерде өндірілді.

Қазіргі кезде тропикалық ормандар құрғақ жердің бар болғаны 7%-ын алып жатыр,яғни бұл осыдан 100-200 жыл бұрынғы көлемінің екі еседен астам кемігендігін көрсетеді. Бұл ормандардың көлемі өте апатты жылдамдықпен, нақтырақ айтқанда, жыл сайын 1,25 % көлемде жойылып келеді. Әсіресе Индонезия,Орта Азия, Иран, Ауғанстан елдерінде орман қарқынды жойылуда

Дамушы елдердегі ормансызданудың себебі,дәлірек айтқанда, ағашты отыр ретінде пайдалануға келіп тіреледі. Осы аймақтағы халықтың 70%-ға жуығы әлі күнге дейін тамақ пісіру және тұрғылықты үйлерін жылыту үшін ағашты және ағаш көмірін пайдаланады. Ормандарды жоюдың салдарынан дүние жүзінде 3 млрд-қа жуық адам ағаш отынының жетіспеушілігін сезінуде. Оның бағасы жыл өткен сайын өсуде,ғалымдардың есебі бойынша тіпті,отбасылық қаражаттың 40%-ға жуығы отын сатып алуға жұмсалады екен. Ал өз кезегінде адамдардың отынға деген сұранысының артуы, тағы да ормандағы ағаштарды кесуге апатып соғады. Ормандардың азуы-ағаштардың көріктілігінің бұзылуына септігін тигізеді,қырқылған ағаштардың орнына егіншілікті түрдегі ағаштар өсіп шығады. Егіншілікті ағаштар, әрине әдеттегідей биологиялық әртүрлілік қасиетін сақтай алмайды. Ағаштарды ішінара кесу ормандарды сиретеді, сөйтіп олар селдір тоғайға айналады. Яғни басқа экожүйені құрайды. Бұзылған ормандар көп жағдайда өртке душар болып, зиянды жәндіктердің шабуылына тап келеді.

1996 ж. Монғолияда өрт 3 млн. га орманды жойды,1998 ж. Ресейдің Қиыр Шығыстағы 2 млн. га орманын тып-типыл етті. Ал ауаны химиялық жолмен ластаудың салдарынан, қышқыл жаңбырдың жаууынан ауқымды орман алқаптарының жойылып кететіні және бар.

Ормансызданудың тағы бір көзі сол аймақтың шөлденуі мен топырақтың эрозияға ұшырауы болып табылады. Орман өсімдіктері топырақтың құнарлылығын сақтап қана қоймайды, оның құнарлылығын арттыра түседі. Егер орманды жоятын болсақ, топырақтың құнарлылығын жаңбыр суы жуып, бұл жер көп ұзамастан шөлге айналады. Орман алқабының азаюы,құрлықтағы биомассаның кемуіне әкеліп, биосфераның көмірқышқыл газын сіңіруін тежейді. Ең соңында бүкіл жер шары ауа райының өзгеруіне ықпал етеді[1].

Ағаш сүрегі біздің күнделікті тұтынуымызға пайдаланылып келе жатқан қағаз, жасанды жібек,нитроклетчатка, оқ-дәрі,целлулоид, фото-кинопленка, нитролактар, бояулар, жасанды тері, пластмасса,этил және метил спирті,ағаш сүрегі сіркесі, сірке қышқылы,жүзім қанты,жасанды каучук, т.б алуан түрлі заттарды беруде. Орман құрылыс материалы, канифоль, саңырауқұлақ және автомобиль шинасы,жеміс-жидек,фанера,әсем мебель,глюкоза,дәрі-дәрмектік шикізат, техникалық майлар т.с.с халық шаруашылығы мен тұрмысқа керек заттар болып табылады. Тұрмыста және халық шаруашылығы мен өнеркәсіпте ағаш сүрегінен көп пайдаланатын материал жоқ. Өңделуі жеңіл,өзі әсем де берік,бұл шикізат қазіргі кезде өмірден берік орын алып отыр. Тіпті ғылымның сан алуан жетістіктеріне ие болып отырған, осы заманғы адамдар үшін бүгінде көмір,газ,мұнай сияқты отын көздері мен ағаш сүрегі өзінің бәсекелестігін еш жойған жоқ. Планета ормандары биосфераның құрамды бөлігі, ол – тіршіліктің қалыптасуы мен дамуына,жер бетіндегі тепе- тендіктіңсақталуына айтарлықтай әсер етіп отыратын басты факторлардың бірі.

Құрлық бетінің үштен бірін алып жатқан бұл жасыл мұхит орасан мөлшердегі күн энергиясын сіңіреді. Бұл энергия «жасыл лаборотория» үшін пайдаланылады. Орман қоршаған ортаны оттегімен байытып, ондағы жинақталған көмір қышқыл газының кетпеуін «қадағалап» отырады. Өзінің өсу процесінде көптеген мөлшерде оттегін бөліп шығара отырып, орман планетаның ауа құрамын реттеуге қатысады.. Техника барынша қарқынмен дамыған қазіргі кезде проблема-қоршаған ортаның оттегімен қамтамасыз етілуін шешудегі негізгі қайнар көздің бірі орман болады деп айта аламыз.

Биосферадағы оттегінің 60 проценттен астамын құрылық бетінің өсімдіктері, оның басты құрам бөлігі-ормандар бөліп шығарады. Орманның бір гектары жыл бойына шамамен 18 миллион текше метр ауаны тазартып, бір сағатта ғана 8 кг көмір қышқыл газын сіңіреді екен. Бұл 200 адамның бір сағатта бөліп шығаратын көмір қышқыл газы. Ал егер дәлірек есептеп,әр адамды оттегімен қамтамасыз етуді ойласақ онда әрбір адамға жер бетінде 0,1 – 0,3 га жасыл алқап қажет болатындығы есептелген[2].

Бұл мәселе біздің елімізде айтарлықтай шешімін табуда. Егін егу үшін ашық алқап дайындау мақсатында орманды аяусыз кесу, тіпті оны өртеу сияқты зор зиян келтіруден адамдар оның зардабын да тартты. Табиғи жамылғысынан айырылған жер жалаңаштанып, тез арада топырақ эрозиясы басталды,жел эрозиясы күшейді.Сондықтан жасыл байлық – орманға шаруашылық көзбен қараудың,оны қорғаудың қажеттігін білдіреді. Өйткені, жасыл байлықтың пайдаланылуы оның кесілуі әлдеқайда оңай, ал қалпына келтірілуі,керісінше, өте қиын және ол ұзақ мерзімді қажет етеді. Оның үстіне жер бетіндегі ормандардың пайдаланылу қарқыны мен оның қалпына келтірілуі бірін – бірі теңестіре алмайды. Жүргізілген есептеулерге қарағанда 1947-1952 жылдардың арасында ғана планетамызда 25 млн. га орман кесілсе, оның орнына осы мерзімде 2,65 млн.га ғана ағаш отырғызылған екен. Бұл мысалдар жасыл байлықты пайдалану мен оның байлық қорын қалпына келтірудеқарқынды жұмыстар жүргізу қажеттігін көрсетуде. Тек соңғы 300 жылда ғана жер бетіндегі ормандардың ауданы үш есе дерлік кемігендігі анықталып отыр. Ормандар плнетамыздың 27 процентін алып жатыр. Ормандардың жыл өткен сайын азайып бара жатқандығына жол беруге болмайтындығы белгілі. Өйткені орман – планета ландшафтының құрам бөлігінің бірі, ол-табиғи биоценоз, ол-басты байлықтың бірі, орман-жер атмосферасында оттегін өндіруші жасыл лаборатория, ол-климатты реттеуші фактордың бірі, т.т. 

Орман жер бетіндегі тіршіліктің мәңгілік күзетінде тұрып қана қоймастан, ол қоршаған табиғи ортаға да әсер етеді. Өзен, бұлақ суының молдығы орман алып жатқан ауданға да байланысты, ылғалды өз бойына көп жинақтай отырып, орман табиғатта су көздерін сақтаудағы зор рөліне мынадай көңіл аударарлық мысал келтіруге болады. Кавказдағы әлемге белгілі «Есентуки» минералды су көзі бұдан 60 жыл бұрынғыға қарағанда суды тәулігіне жеті есе кем береді. Тексере келгенде мынадай жайт анықталған. Су көзінің айналасындағы тау беткейінің орманы өткен ғасырдың соңы мен үстіміздегі ғасырдың басында көп кесілген. Ал қазіргі кезде тау беткейі ормандары бұл төңіректе біртіндеп қалпына келтіріле бастаған кезде шипалы су мөлшері де көбейе түскен.

Орта Азия мен Ирандағы және Ауғанстандағы орман-тоғайлардың жойылуы осы аймақтың қоршаған ортасына жаппай кері әсер етуде. Бұл проблема, сонымен қатар, жердің азып-тозып, эрозияға ұшырауына, далалардың шөл мен шөйлейтке айналуына және соның салдарынан су тасқынын, лай көшкінін туғызып, жергілікті халықтардың тұрмыс-тіршілігіне де ықпал етпей қоймайды. Дегенмен де, біздің тілшіміздің хабарлауынша, осы проблеманың алдын-алуға қоғамның күш-жігерін жұмылдыру шаралары қолға алынып жатқанға ұқсайды[3].

Қоршаған ортаны қорғаушылар мен басқа да ғалымдардың ортақ пікірінше, орман-тоғайлардың жаппай шабылуын кең ауқымда – оның жергілікті табиғатқа және жан- жануарлар мен өсімдік әлеміне әсер етуі тұрғысынан қарастыру керек. 

Көрші Ирандағы жан-жануарлар мен экология ғылымының профессоры Исмаил Каһром (Esmail Kahrom) орман-тоғайдың жойылуы адамзат баласын қалай апатқа душар еткенін байқататын Солтүстік Иранда орны болған бір тарихи оқиғаны мысалға келтірді.

Иранда негізінен Эльборз өлкесінің ормандары жаппай шабылған. Эльброз тауында, мамандардың пікірі бойынша, Еуропа ормандарының атасы болып табылатын орман болған. Өткен 30 жылдың ішінде орман-тоғайдың тең жартысы жойылды. Біз орманды отынға шабамыз да, жан-жануарға кесір тигіземіз. Орманды жойғанда, топырақтың беті жаңбырдан, күн сәулесінен және желден қорғансыз қалады. Содан кейін топырақ эрозияға ұшырап, одан соң, әрине, шөлге айналады. Нәтижесінде жұрт жұмыс орындарынан, жан-жануардан жұрдай болып, көпшілігі қалаларға ағылған.

Тәжікстан – аграрлық ел. Демек жердің жетіспеуі – орасан зор саяси, әлеуметтік және экономикалық проблемаға айналауда. Міне осы мәселемен шұғылдану үшін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы үстіміздегі жылдың басында Хатлондағы орманның жоғалуына қарсы күреске қоғамды жұмылдыру науқанын қолға алып отыр.

Қырғызстанның оңтүстігіндегі Жалал-Абад облысына қарасты Арыстан-баб ауылының тұрғыны Бұрылай Бұсырманқұлованың айтуынша, кеш болмай тұрғында, ресми билік грек жаңғағының бүкіл әлемде теңдесі жоқ орманын қатаң қорғауына алуға тиіс. Оның айтуынша, бұл орманға отын шабушылар ғана емес, жаңғақ ағашының бұтақтарын сатуға кесіп алатын қылмыскерлер де қауіп төндіреді.“Арыстан-бабтағы грек жаңғағы орманының бүкіл әлемде теңдесі жоқ. Ауасы саф таза, суы тұнық. Бұл табиғат сұлулығы ерекше тартуы болып табылады.Бірақ біздің жұрттың табиғатқа деген көзқарасы онша жақсы емес, оған, бәлкім, тұрмыс-тіршіліктің қиындықтары себеп болар. Кейбіреулер жаңғақ ағаштарын отынға пайдаанады, кейбірі 100, 150-200 жылдық жаңғақ ағаштарының бұталарын кесіп алып сатады. Халық бұл жағдайды мейлінше ертерек қолға алуға тиіс.

Жаңбырлы тропикалық ормандар оттегінің басты көзі және оттегі тепе-теңдігін сақтауда үлкен роль атқарады. Сондықтан тропикалық ормандарды «планетаның жасыл өкпесі» деп те атайды. Соңғы 50 жылда адамның қатысуымен Жер бетіндегі ормандардың 2/3 бөлігі, ал соңғы 100 жылда Жер бетіндегі орман массивтерінің 40% жойылған[4].

Ормандардың азаюының бір себебі Орта Азия мен Ирандағы және Ауғанстандағы орман-тоғайлардың жойылуы осы аймақтың қоршаған ортасына жаппай кері әсер етуде. Бұл проблема, сонымен қатар, жердің азып-тозып, эрозияға ұшырауына, далалардың шөл мен шөлейтке айналынуына және соның салдарынан су тасқынын, лай көшкінін туғызып, жергілікті халықтардың тұрмыс-тіршілігіне де ықпал етпей қоймайды. Дегенмен де, біздің тілшіміздің хабарлауынша, осы проблеманың алдын-алуға қоғамның күш-жігерін жұмылдыру шаралары қолға алынып жатқанға ұқсайды.

Ормандардың жойылуының басты себептері: орман алқаптарының ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін өңделуі, ағаш отындарға сұраныстың артуы, ормандарды өнеркәсіп қажеттігі үшін қырқу және дамудың үлкен масштабты жобаларының іске асуы.1993 жылы Бандунг қаласындағы (Индонезия) кездесуде әлемнің барлық климаттық аймақтарында орман шаруашылығының дамуын қамтамасыз ететін бағдарламалар жасау және оны бақылау туралы халықаралық комитет құру жөнінде ойлар айтылды.

Шөлейттену – адамның шаруашылық әрекетінің ықпалымен өсімдік жамылғысы сиреп, шөлге ұқсас ландшафттардың пайда болуы. Дүниежүз. климаттың өзгеруі мен оның қуаңдануының өсуіне байланысты Шөлейттену процесі қарқынды жүруде. Шөлейттену нәтижесінде биологиялық өнім мен түр саны азайып, топырақ құнарсыздана бастайды. Қазіргі кезде құрлық бетінің 1/3 бөлігінде топырақтың құнарлы қабатының жоғалу қаупі бар, ал оның әсерінен Жер шары халқының 1/5 зардап шегуі мүмкін. Соңғы 50 жыл бойында дүние жүзінде 800 миллион га-дан астам жер Шөлейттенуге ұшыраған. Шөлейттену процесі Орталық Азия елдерінде де дамуда. Түрікменстанда ұзындығы 1000 км.

Қарақұм каналының бойында 100 км-лік аймақта топырақ қайталама сортаңданып, шөлге айналды. Арал теңізінің деңгейі 14 м-ге төмендеп, аумағының азаюы салдарынан 2,5 миллион га-дан астам жер қу тақырға айналды. Бұл өңірден жыл сайын 75 миллион т тұз желмен көтеріліп, 100 км және одан да шалғай өңірлерге жайылуы салдарынан Шөлейттену процесі одан әрі үдей түсіп отыр. Арал түбінің тұзы Тянь-Шань мен Памирдің мұздықтарына жетіп, олардың еруіне ықпалын тигізуде; Арал өңірі тұздарының тіпті Солтүстік мұзды мұхиттан да табылғаны анықталып отыр.

Сондықтан БҰҰ-ның эксперттері Орталық Азия аумағындағы елдер өзара бірлесу арқылы кешенді іс-қимылға (орман-мелиорац., гидро-тех., сексеуіл егу, т.б.) және табиғатты ұтымды пайдалануға (малды жайып бағуды реттеу, жер-су қорларын тиімді қолдану, т.б.) тезірек көшсе ғана бұл мәселе оң шешімін тауып, нәтижесін береді деген тұжырым жасады. Шөлейттену процесінің кең етек алуына байланысты дүние жүзінде 17 маусым –Шөлейттенумен күрес күні деп белгіленіп, 1997 жылы “Шөлейттенуге қарсы күресу” туралы Конвенция қабылданған[4].

Қазіргі уақытта дүние жүзінің эколог-ғалымдары Шөлейттенуді мүмкіндігінше тежеу үшін күш салуда. мысалы , ауыл шаруашығы әдісі, яғни, тақырланып қалған және адам пайдаланбайтын жерлердің көлемін азайту үшін – терраса салу жиі қолданылады, т.б.

Экожүйедегі тепе-теңдіктің бұзылуына және белгілі бір территориядағы органикалық тіршіліктің барлық формаларының деградацияға ұшырауына алып келетін табиғи және антропогендік процестердің жиынтығы, яғни, адамның қатысуынсыз табиғи экожүйенің орнына қайта келмейтіндей өсімдіктер жамылғысын жоғалтуы шөлейттену деп аталады. Шөлейттену негізінен ылғалы тапшы аудандарда табиғи және көбіне антропогендік факторлардың әсерінен (орман ағаштарын Қырқу, жайылымдарды үздіксіз пайдалану, суғару жұмыстары кезінде су ресурстарын үнемсіз пайдалану және т.б. пайда болады.

Орта Азияның таулы аудандарында, Арал және Балқаш төңірегінде, Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанның биік зоналы геожүйелерін қоса (Тянь-Шань, Памир-Алай) шөлейттену процесі қарқынды жүруде. Амудария мен Сырдария өзендерінің суларын ауыл шаруашылығының қажетіне пайдалану Арал теңізінің сусыз жерлерінде сортаң, тақыр жазықтықтардың пайда болуына алып келді. Сондай-ақ Арал төңірегі ландшафтарының деградацияға ұшырауы көлді-батпақты және тоғайлы табиғи кешендердің тұздың жиналуы молая түскен гало-ксерофитті кешендерге алмасуда.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.Әлімбеков. Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері А.,2013

2.Бигалиев А.Б., Жамалбеков Е.Ж. Қазақстанның топырақ экологиясы. Алматы, 2012.-120б.

3.Глобальные проблемы человечества: Коллектив авторов.Москва,2006

4. Предупреждение человечеству. Декларация ученых по глобальным проблемам // Человек. – 1993. - №5.



Резюме

В статье рассматривается проблемы сокращения лесов, опустынивание и засухи частей света Азии.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет