Қазіргі таңДАҒЫ Қазақ ҚОҒамындағы эстетикалық ТӘрбие берудің педагогикалық маңыздылығЫ



Дата18.11.2017
өлшемі54.81 Kb.
ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Сейдахметов Е.Е. - профессор,

Еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылу бағытындағы үлкен мәселелердің бірі – келешек ұрпақтың рухани дамуы. Бұл бағытта Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың ұлтты рухани дамытудың кең көлемді мәселелерін екшей келе, «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ мегзеп тұрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» дегеніне сүйенсек, қазақ жастарын эстетикалық талғамы жоғары, мәдениетті, ізгілікті, сезімтал, өнер сүйгіш етіп қалыптастырудың маңызы ерекше [1]. Адам баласы қай кезде болсын өнерді, оның түрлерін өзінің қабілетіне қарай қабылдап, оған бейімделе білген.



Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Жоғары білім  берудің мақсаты – жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру әрбір адамға оқытудың мазмұнын таңдауға кеңінен мүмкіндік  беру» делінген [2]. Осыған орай болашақ маманға  кәсіби білім беру арқылы рухани-эстетикалық  дамуындағы рөлін терең зерттеу қажет. Сондай қажеттілік жеткіншек шақтағы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру маңызды. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы басты мәселелердің бірі – эстетикалық тәрбиеге жүйелі және терең мән беру, жастарды әдебиет пен өнерден, қоршаған ортаның сұлулығынан өнеге, тәрбие, рухани азық алуға ықпал ету. Сұлулық пен тазалықты, көркемдік пен әсемдікті, үйлесімді жаратылысты ұғыну, сезіну жеке тұлғаның сапалық дамуының белгісі ғана емес, сонымен қатар оның шығармашылық икемділігін қалыптастыру болып табылады. Адам өміріндегі танымдық қызмет екі  бағытта жүреді. Оның біріншісі – дүниені ғылыми тұрғыдан тану, ал екіншісі өнер туындылары арқылы тану бағыттары. Ғалымдар фактілерімен, силлогизмдермен, ұғымдармен сөйлесе, жазушылар мен өнер адамдары образдармен, өнер туындыларымен сөйлейді, сол  арқылы жалпы танудағы білімді, көзқарасты туындатады. Ол өз кезегінде  рухани мәдениетті қалыптастырады. Рухани мәдениет эстетикалық тәрбиенің қайнар көзі, негізі. Бұл тәрбие адамның рухани дамуының түп қазығы болып, оның бүкіл  өмірін қамтиды. Таным процесінде рухани нәр алу, адамның жастық шағында, әсіресе 16-21 жас аралығында қарқынды жүреді. Осыған орай білім алушылардың  эстетикалық мәдениетін қалыптастыру процесін жандандыру қажеттілігі мен мүмкіндіктері  туралы мәселе туындайды. Білім алушылардың  қоғамы әлеуметтік жағынан әркелкі. Олардың жасы, отбасылық жағдайы, шығу тегі, экономикалық-әлеуметтік жағдайы  сан  түрлі. Біреулеріне  осы  оқу орнындағы  орта, біреулеріне бұқаралық  ақпарат құралдары, ал енді біреулеріне  отбасындағы тәрбие көбірек ықпал етеді. Осындай әркелкілікте білім алушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға мына жағдайлар арқылы ықпал ету керек: мемлекеттік стандартқа кіретін барлық пәндерді оқыту барысында  эстетика мәнінің  маңызын  ұмытпай  ескеріп  отыру; білім алушылардың  эстетикалық  мәдениеті  тек  оқу  процесінде ғана емес, тұрмыстық, яғни, өзі тұратын ортада игеруіне жағдай жасау, киім киюі, еңбек ететін ортасы, көшеде жүру т.б. жерлерде әсемдікке  сәйкес өзін-өзі ұстай білуі; күнделікті өмір ағымындағы жаңалықтар, өзгерістер, атап айтсақ сән, субмәдениет ағымдарының  тек өзіне жарасымдысын ғана таңдай білуі; өзін-өзі қалыптастыру барысында  ұлттық ерекшеліктерді, өз халқының тарихи, мәдени мұрасын, салт-дәстүрін бүгінгі  өмірге сай бейімдеп ала  білуі. Педагогикалық тәжірибе көрсеткеніндей, білім алушыға ғылым, өнер, табиғат, қоғамдағы өмір туралы қандай шамада түсіндірілсе, соғұрлым олардың кәсіби шеберлігі, шығармашылық қабілеті шыңдала түседі. Сондықтан да болашақ  мамандар эстетикалық  мәдениетті қалыптастырудың теориясы мен тәжірибесін талдай білуі, қазақ  халқының ұлттық эстетикалық тәлім-тәрбие беру дәстүрін сараптап, оның қазіргі  жағдайдағы тиімді жақтарын пайдалана  білуі керек. Осыған орай ұстаз  өз алдына мына міндеттерді шешуді мақсат етіп қоюы керек: эстетикалық мәдениетті қалыптастыру мазмұнын теориялық негіздеу; болашақ мамандардың эстетикалық мәдениетін жүйелеп қалыптастырудың әдістемесін  жасау және оның тиімділігін педагогикалық тәжрибе арқылы анықтау; білім беру жүйесінде білім алушы жастардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың мүмкіншіліктерін дамыту.

Эстетикалық тәрбие дегеніміз - балалардың бойында өз өмірін сұлулық заңдарына сай кұра алу кажеттіліктері мен дағдыларын қалыптастыру және, енбекте, коғамдық іс-әрекетте адамдармен қатынас жасауды сұлулық идеалдарын негіздеу. Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру процессінде оқушылар бойында өнердегі, өмірдегі, табиғаттағы, тұрмыстағы, еңбектегі, мінез-құлық және іс-әрекеттегі әсемдік пен әдемілікке деген әсерлі сезімталдық дамиды. Осыған орай М.Оразбековтың: «Адам бойында бәрі де әдемі болуы керек: денесі де, киімі де, жаны да, ойлары да» деген сөздерін еске сақтау абзал [2]. Әлемді эстетика тұрғысынан танудың субъективті қыры ретінде эстетикалық сезімдер, әсемдікке деген көзқарас, бағалау, ой-толғаныстар, идеялар, яғни адамның эстетикалық саналылығы қарастырылады. Әр баланың өз қолымен әсемдікті тудыруға катысуы бейнелеу өнері, ән-күй, хореография сабақтары, шығармашылық бірлестіктер мен студияларда жұмыс істеуі арқылы іске асады. Жоғарыда аталған тәрбиенің барлық бағыттары тұтас педагогикалық процессте орын алып, өзара тығыз байланыста болады. Тәрбиенің әр бір түрі басқа түрлерімен қатар жүргізіліл, бірін бірі толықтырады, педагогикалық процесс барысында өзара тәуелді болады. Мысалы, ақыл-ой мен дене шынықтыру тәрбиесінің байланысы денсаулық пен оқытудың өзара тәуелді ұғымдар екенін көрсетеді. Өйткені оқушының денсаулығы неғұрлым мықты болса, соғұрлым оның оқуы мен дамуы тиімді сапалы болады. Жеке тұлғаның тұтас қалыптасуында тәрбиенің бағыттарының барлығы жеке процесстердің қосындысы ретінде емес, бірлескен, өзара байланыскан, тұтас процесс ретінде қарастырылады, себебі баладағы үйлесімділікті тек қана үйлесімді әсер етумен қалыптастыруға болады. Эстетикалық тәрбие адамның рухани бейнесін қалыптастырудың соншама ауқымды саласын қамтиды. Кейде эстетикалық тәрбие деген ұғымды "көркемдік тәрбиелеу" деген ұғыммен пара - пар алып жүрміз. Көркемдікке тәрбиелеу дегеніміз - өнер құралдарымен тәрбиелеу деген сөз [3]. 



Қорыта айтқанда, адамзаттың ежелгі арманы - бақытты өмір сүру. Ол үшін тұрмыс байлығымен бірге адамның рухани өмірі де көркем болуы шарт. Ал бұл жолда адамдарға эстетикалық ләззат беретін – өнер. Өнер әсемдікпен тығыз байланысты. Ал өнерден ләззат алу үшін тұлға ең алдымен эстетикалық жағынан мәдениетті, білімдар болуы керек. Сондықтан да, бүгінгі күні оқу орындарындарының басты мақсаты – білім алушылардың ішкі рухани әсемдіктерін байытумен бірге, олардың бойына ізгілік, адамгершілік қасиеттерді дамыту, мәдени мұраларға өзіндік қызығушылығын ояту.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан- 2050» бағдарламасы. Елорда. Астана, 2013.

  2. Наурыз. Жаңарған салт-дәстүрлер//Құрастырған. М.Оразбеков.- Алматы, 1991.

  3. Қожахметова К.Ж. «Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық, мәселелері» Алматы, 1993.


ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ ЗНАЧИМОСТЬ СОВРЕМЕННОГО ЭСТЕТИЧЕСКОГО ВОСПИТАНИЯ В КАЗАХСКОМ ОБЩЕСТВЕ

Ақназаров С., Сейдахметов E.E., Анарбаев А.К.,

Международный казахско-турецкий университет им.Х.А.Ясави
В этой статье рассматриваются актуальные проблемы эстетического и духовного воспитания будущего поколения. Духовная культура является источником и основой эстетического воспитания. Это воспитание является ядром духовного развития на всю жизнь. В процессе познания, духовное обогащение особенно интенсивно развивается у молодежи в 16-21 год. В связи с этим возникает вопрос о необходимости активизировать процесс формирования эстетической культуры студентов. Общество студентов социально разнообразное. Их возраст, семейное положение, происхождение, а также социально-экономическое положение разное. На некоторых воздействует учебная среда, средства массовой информации, а на некоторых больше воздействует семейное воспитание. Таким образом, основная цель учебных заведений- обогащение студентов внутренней духовной красотой, моральными и человеческими качествами, пробуждение интереса к культурному наследию.

Ключевые слова: эстетика, духовное воспитание, искусство, знание, актуальность.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет